الشعراء
Ash-Shu'araa
Translation: Kazakh - Khalifah Altai Charity Foundation · Open the surah
بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
طسٓمٓ
Open ayah 26:1Та. Син. Мим.
تِلۡكَ ءَايَٰتُ ٱلۡكِتَٰبِ ٱلۡمُبِينِ
Open ayah 26:2Бұл - анық Кітаптың аяттары.
لَعَلَّكَ بَٰخِعٞ نَّفۡسَكَ أَلَّا يَكُونُواْ مُؤۡمِنِينَ
Open ayah 26:3/ Ей, Мұхаммед! / Олардың иманға келмегеніне / қайғырып / , өзіңді жойып жібере жаздайсың.
إِن نَّشَأۡ نُنَزِّلۡ عَلَيۡهِم مِّنَ ٱلسَّمَآءِ ءَايَةٗ فَظَلَّتۡ أَعۡنَٰقُهُمۡ لَهَا خَٰضِعِينَ
Open ayah 26:4Егер қалағанымызда, оларға аспаннан бір белгі түсірер едік те олардың мойыны оған иілген болар еді.
وَمَا يَأۡتِيهِم مِّن ذِكۡرٖ مِّنَ ٱلرَّحۡمَٰنِ مُحۡدَثٍ إِلَّا كَانُواْ عَنۡهُ مُعۡرِضِينَ
Open ayah 26:5Ал, оларға әр-Рахманнан жаңа бір еске салу, / ескерту / келген сайын, олар одан теріс бұрылды.
فَقَدۡ كَذَّبُواْ فَسَيَأۡتِيهِمۡ أَنۢبَٰٓؤُاْ مَا كَانُواْ بِهِۦ يَسۡتَهۡزِءُونَ
Open ayah 26:6Әрі олар оны жалғанға шығарды. Таяуда оларға келеке еткен нәрселерінің хабары келеді.
أَوَلَمۡ يَرَوۡاْ إِلَى ٱلۡأَرۡضِ كَمۡ أَنۢبَتۡنَا فِيهَا مِن كُلِّ زَوۡجٖ كَرِيمٍ
Open ayah 26:7Олар жерге қарамай ма, Біз онда / жер бетінде / қаншама керемет түрлерді өсірдік.
إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَةٗۖ وَمَا كَانَ أَكۡثَرُهُم مُّؤۡمِنِينَ
Open ayah 26:8Әлбетте мұнда белгі-дәлел бар. Бірақ олардың көпшілігі иманды / мүмін / болмады.
وَإِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلرَّحِيمُ
Open ayah 26:9/ Ей, Мұхаммед! / Шын мәнінде сенің Раббың аса Үстем, ерекше Мейірімді .
وَإِذۡ نَادَىٰ رَبُّكَ مُوسَىٰٓ أَنِ ٱئۡتِ ٱلۡقَوۡمَ ٱلظَّٰلِمِينَ
Open ayah 26:10Кезінде Раббың Мұсаға: «Әділетсіз елге бар
قَوۡمَ فِرۡعَوۡنَۚ أَلَا يَتَّقُونَ
Open ayah 26:11Фиръаунның еліне. Олар / Раббысынан / қорқып, сақтанбай ма?» деді.
قَالَ رَبِّ إِنِّيٓ أَخَافُ أَن يُكَذِّبُونِ
Open ayah 26:12Ол: «Раббым! Мен олардың өзімді өтірікшіге шығаруларынан қорқамын
وَيَضِيقُ صَدۡرِي وَلَا يَنطَلِقُ لِسَانِي فَأَرۡسِلۡ إِلَىٰ هَٰرُونَ
Open ayah 26:13әрі кеудемнің тарылып, тілімнің күрмеліп қалуынан. Сондықтан Һарұнға да жібер.
وَلَهُمۡ عَلَيَّ ذَنۢبٞ فَأَخَافُ أَن يَقۡتُلُونِ
Open ayah 26:14Әрі менің мойнымда оларға қатысты істелген күнә бар. Олардың мені өлтіруінен қорқамын», -деді.
قَالَ كَلَّاۖ فَٱذۡهَبَا بِـَٔايَٰتِنَآۖ إِنَّا مَعَكُم مُّسۡتَمِعُونَ
Open ayah 26:15/ Аллаһ / : «Жоқ, олай болмайды. Екеуің Біздің белгілерімізбен барыңдар. Ақиқатында Біз сендермен біргеміз, естіп тұрамыз.
فَأۡتِيَا فِرۡعَوۡنَ فَقُولَآ إِنَّا رَسُولُ رَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ
Open ayah 26:16Фиръаунға барып: «Біз - әлемдер Раббысының Елшісіміз.
أَنۡ أَرۡسِلۡ مَعَنَا بَنِيٓ إِسۡرَٰٓءِيلَ
Open ayah 26:17Исраил ұрпақтарын бізбен бірге жібер», - деп айтыңдар», - деді.
قَالَ أَلَمۡ نُرَبِّكَ فِينَا وَلِيدٗا وَلَبِثۡتَ فِينَا مِنۡ عُمُرِكَ سِنِينَ
Open ayah 26:18/ Фиръаун / : «Біз сені сәби кезіңнен арамызда бағып өсірмедік пе? Сен өміріңнің талай жылын арамызда өткізіп едің ғой.
وَفَعَلۡتَ فَعۡلَتَكَ ٱلَّتِي فَعَلۡتَ وَأَنتَ مِنَ ٱلۡكَٰفِرِينَ
Open ayah 26:19Кейін сол бір жасаған ісінді жасадың / адам өлтірдің /.Әрі сен жақсылықты мойындамаушылардансың», - деді.
قَالَ فَعَلۡتُهَآ إِذٗا وَأَنَا۠ مِنَ ٱلضَّآلِّينَ
Open ayah 26:20/ Мұса / : «Мен оны адасушылардан болған кезімде істедім.
فَفَرَرۡتُ مِنكُمۡ لَمَّا خِفۡتُكُمۡ فَوَهَبَ لِي رَبِّي حُكۡمٗا وَجَعَلَنِي مِنَ ٱلۡمُرۡسَلِينَ
Open ayah 26:21Сендерден қорыққан соң қашып кеттім. Кейін Раббым маған үкім берді әрі мені елшілерден етті.
وَتِلۡكَ نِعۡمَةٞ تَمُنُّهَا عَلَيَّ أَنۡ عَبَّدتَّ بَنِيٓ إِسۡرَٰٓءِيلَ
Open ayah 26:22Ал, сенің маған міндетсініп отырған игілігің, бұл - Исраил ұрпақтарын құл етуің», - деді.
قَالَ فِرۡعَوۡنُ وَمَا رَبُّ ٱلۡعَٰلَمِينَ
Open ayah 26:23Фиръаун: «Әлемдердің Раббысы деген не?» деді.
قَالَ رَبُّ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ وَمَا بَيۡنَهُمَآۖ إِن كُنتُم مُّوقِنِينَ
Open ayah 26:24/ Мұса / : «Ол - аспандар мен жердің және екеуінің арасындағылардың Раббысы / Иесі / , егер көз жеткізетін болсаңдар», - деді.
قَالَ لِمَنۡ حَوۡلَهُۥٓ أَلَا تَسۡتَمِعُونَ
Open ayah 26:25/ Фиръаун / айналасындағыларға: «Сендер естіп тұрсыңдар ма?» - деді.
قَالَ رَبُّكُمۡ وَرَبُّ ءَابَآئِكُمُ ٱلۡأَوَّلِينَ
Open ayah 26:26/ Мұса / : «Ол сендердің Раббың әрі бұрынғы ата-бабаларыңның Раббысы», -деді.
قَالَ إِنَّ رَسُولَكُمُ ٱلَّذِيٓ أُرۡسِلَ إِلَيۡكُمۡ لَمَجۡنُونٞ
Open ayah 26:27/ Фиръаун / : «Шындығында сендерге жіберілген Елші жын соққан біреу», - деді.
قَالَ رَبُّ ٱلۡمَشۡرِقِ وَٱلۡمَغۡرِبِ وَمَا بَيۡنَهُمَآۖ إِن كُنتُمۡ تَعۡقِلُونَ
Open ayah 26:28/ Мұса / : «Егер ақылдарыңды істететін болсаңдар, Ол шығыс пен батыстың әрі екеуінің арасындағылардың Раббысы», - деді.
قَالَ لَئِنِ ٱتَّخَذۡتَ إِلَٰهًا غَيۡرِي لَأَجۡعَلَنَّكَ مِنَ ٱلۡمَسۡجُونِينَ
Open ayah 26:29/ Фиръаун / : «Егер сен менен басқаны құдай етіп алсаң, сені зынданғатасталғандардан етемін»,- деді.
قَالَ أَوَلَوۡ جِئۡتُكَ بِشَيۡءٖ مُّبِينٖ
Open ayah 26:30/ Мұса / : «Мен саған айқын бірнәрсе келтірсем де ме?» - деді.
قَالَ فَأۡتِ بِهِۦٓ إِن كُنتَ مِنَ ٱلصَّٰدِقِينَ
Open ayah 26:31/ Фиръаун / : «Егер шын сөзділерден болсаң, оны әкел», - деді.
فَأَلۡقَىٰ عَصَاهُ فَإِذَا هِيَ ثُعۡبَانٞ مُّبِينٞ
Open ayah 26:32Сонда ол асасын тастады да, сол уақытта ол нағызжыланға айналды.
وَنَزَعَ يَدَهُۥ فَإِذَا هِيَ بَيۡضَآءُ لِلنَّٰظِرِينَ
Open ayah 26:33Әрі қолын шығарғанда ол қарап тұрғандарға аппақ / нұрлы / болды.
قَالَ لِلۡمَلَإِ حَوۡلَهُۥٓ إِنَّ هَٰذَا لَسَٰحِرٌ عَلِيمٞ
Open ayah 26:34/ Фиръаун / айналасындағы уәзірлеріне: «Негізінде бұл - білгір сиқыршы.
يُرِيدُ أَن يُخۡرِجَكُم مِّنۡ أَرۡضِكُم بِسِحۡرِهِۦ فَمَاذَا تَأۡمُرُونَ
Open ayah 26:35Ол сендерді сиқыры арқылы жерлеріңнен шығарып жіберуді қалайды, енді не кеңес бересіңдер?» - деді.
قَالُوٓاْ أَرۡجِهۡ وَأَخَاهُ وَٱبۡعَثۡ فِي ٱلۡمَدَآئِنِ حَٰشِرِينَ
Open ayah 26:36Олар: «Оны және оның бауырын қоя тұр да қалаларға / сиқыршыларды / жинап келушілерді жібер.
يَأۡتُوكَ بِكُلِّ سَحَّارٍ عَلِيمٖ
Open ayah 26:37Олар саған әрбір білгір сиқыршыны алып келсін», - деді.
فَجُمِعَ ٱلسَّحَرَةُ لِمِيقَٰتِ يَوۡمٖ مَّعۡلُومٖ
Open ayah 26:38Сөйтіп сиқыршылар белгілі күннің белгіленген уақытына жиналды.
وَقِيلَ لِلنَّاسِ هَلۡ أَنتُم مُّجۡتَمِعُونَ
Open ayah 26:39Әрі адамдарға: «Сендер жиналып болдыңдар ма?
لَعَلَّنَا نَتَّبِعُ ٱلسَّحَرَةَ إِن كَانُواْ هُمُ ٱلۡغَٰلِبِينَ
Open ayah 26:40Егер сиқыршылар жеңетін болса, біз соларға еретін шығармыз», - делінді.
فَلَمَّا جَآءَ ٱلسَّحَرَةُ قَالُواْ لِفِرۡعَوۡنَ أَئِنَّ لَنَا لَأَجۡرًا إِن كُنَّا نَحۡنُ ٱلۡغَٰلِبِينَ
Open ayah 26:41Сиқыршылар келген соң, олар Фиръаунға: «Егер жеңіске жетсек, бізге сый бар ма?» -деді.
قَالَ نَعَمۡ وَإِنَّكُمۡ إِذٗا لَّمِنَ ٱلۡمُقَرَّبِينَ
Open ayah 26:42Ол: «Иә. Ол жағдайда сендер / маған / жақындатылғандардан боласыңдар», - деді.
قَالَ لَهُم مُّوسَىٰٓ أَلۡقُواْ مَآ أَنتُم مُّلۡقُونَ
Open ayah 26:43Мұса Оларға: «Тастайтын нәрселеріңді тастаңдар», - деді
فَأَلۡقَوۡاْ حِبَالَهُمۡ وَعِصِيَّهُمۡ وَقَالُواْ بِعِزَّةِ فِرۡعَوۡنَ إِنَّا لَنَحۡنُ ٱلۡغَٰلِبُونَ
Open ayah 26:44Олар жіптері мен асаларын / таяқтарын / тастап: «Фиръаунның құдіретімен ант етеміз! Әлбетте біз жеңеміз»,- деді.
فَأَلۡقَىٰ مُوسَىٰ عَصَاهُ فَإِذَا هِيَ تَلۡقَفُ مَا يَأۡفِكُونَ
Open ayah 26:45Мұса да асасын тастады, сол кезде ол олардың жасаған жалған / елес етіп көрсеткен / нәрселерін жұта бастады.
فَأُلۡقِيَ ٱلسَّحَرَةُ سَٰجِدِينَ
Open ayah 26:46Сонда сиқыршылар сәждеге жығылды.
قَالُوٓاْ ءَامَنَّا بِرَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ
Open ayah 26:47Олар: «Біз әлемдердің Раббысына сендік -
رَبِّ مُوسَىٰ وَهَٰرُونَ
Open ayah 26:48Мұса мен Һарұнның Раббысына», - деді.
قَالَ ءَامَنتُمۡ لَهُۥ قَبۡلَ أَنۡ ءَاذَنَ لَكُمۡۖ إِنَّهُۥ لَكَبِيرُكُمُ ٱلَّذِي عَلَّمَكُمُ ٱلسِّحۡرَ فَلَسَوۡفَ تَعۡلَمُونَۚ لَأُقَطِّعَنَّ أَيۡدِيَكُمۡ وَأَرۡجُلَكُم مِّنۡ خِلَٰفٖ وَلَأُصَلِّبَنَّكُمۡ أَجۡمَعِينَ
Open ayah 26:49/ Фиръаун / : «Сендер мен рұқсат берместен бұрын оған сендіңдер ме? Негізінде ол сендерге сиқыр үйреткен үлкендерің екен. Жақында білесіңдер. Мен сендердің қол-аяқтарыңды айқыштап / оң қол - сол аяқ, сол қол - оң аяқтарыңды / кесемін жәнебарлығыңды керіп тастаймын»,- деді.
قَالُواْ لَا ضَيۡرَۖ إِنَّآ إِلَىٰ رَبِّنَا مُنقَلِبُونَ
Open ayah 26:50Олар: «Бізге оның зияны жоқ! Өйткені біз -Раббымызға қайтушымыз.
إِنَّا نَطۡمَعُ أَن يَغۡفِرَ لَنَا رَبُّنَا خَطَٰيَٰنَآ أَن كُنَّآ أَوَّلَ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ
Open ayah 26:51Біз иманға келушілердің ең алдыңғылары болғанымыз үшін Раббымыздың күнәларымызды кешіруін қатты үміт етеміз», - деді.
۞وَأَوۡحَيۡنَآ إِلَىٰ مُوسَىٰٓ أَنۡ أَسۡرِ بِعِبَادِيٓ إِنَّكُم مُّتَّبَعُونَ
Open ayah 26:52Біз Мұсаға: «Құлдарымды түн ішінде жолға алып шық, өйткені олар сендердің соңдарыңнан түседі», - деп уахи еттік.
فَأَرۡسَلَ فِرۡعَوۡنُ فِي ٱلۡمَدَآئِنِ حَٰشِرِينَ
Open ayah 26:53Сонда Фиръаун қалаларға / әскер / жинаушыларды жіберді.
إِنَّ هَٰٓؤُلَآءِ لَشِرۡذِمَةٞ قَلِيلُونَ
Open ayah 26:54/ Ол / : «Негізінде олар аз ғана топ.
وَإِنَّهُمۡ لَنَا لَغَآئِظُونَ
Open ayah 26:55Әрі олар біздің ашу-ызамызды келтірді,
وَإِنَّا لَجَمِيعٌ حَٰذِرُونَ
Open ayah 26:56және шын мәнінде біз барлығымыз да сақ болуымыз керек», - деді.
فَأَخۡرَجۡنَٰهُم مِّن جَنَّٰتٖ وَعُيُونٖ
Open ayah 26:57Біз оларды бақтары мен бұлақтарынан / осылай / шығардық
وَكُنُوزٖ وَمَقَامٖ كَرِيمٖ
Open ayah 26:58әрі қазыналары мен сәулетті тұрақ жайларынан.
كَذَٰلِكَۖ وَأَوۡرَثۡنَٰهَا بَنِيٓ إِسۡرَٰٓءِيلَ
Open ayah 26:59Осылай. Әрі Біз оны / ол жерді / Исраил ұрпақтарына мура етіп бердік.
فَأَتۡبَعُوهُم مُّشۡرِقِينَ
Open ayah 26:60Олар / Мұсаның / артынан таңертең түскен еді.
فَلَمَّا تَرَٰٓءَا ٱلۡجَمۡعَانِ قَالَ أَصۡحَٰبُ مُوسَىٰٓ إِنَّا لَمُدۡرَكُونَ
Open ayah 26:61Екі топ бірін-бірі көрген кезде, Мұсаның жанындағылар: «Анығында, бізге қуып жететін болды», - деді.
قَالَ كَلَّآۖ إِنَّ مَعِيَ رَبِّي سَيَهۡدِينِ
Open ayah 26:62/ Мұса / : «Жоқ, олай емес! Ақиқатында, Раббым менімен. Ол маған жол көрсетеді», -деді.
فَأَوۡحَيۡنَآ إِلَىٰ مُوسَىٰٓ أَنِ ٱضۡرِب بِّعَصَاكَ ٱلۡبَحۡرَۖ فَٱنفَلَقَ فَكَانَ كُلُّ فِرۡقٖ كَٱلطَّوۡدِ ٱلۡعَظِيمِ
Open ayah 26:63Сонда Біз Мұсаға: «Таяғыңмен теңізді ұр», - деп уахи еттік. Сол кезде ол / теңіз / екіге жарылып, әр бөлігі үлкен таудай болды.
وَأَزۡلَفۡنَا ثَمَّ ٱلۡأٓخَرِينَ
Open ayah 26:64Әрі Біз / ол жерге / басқаларды / фиръаундықтарды / жақындаттық.
وَأَنجَيۡنَا مُوسَىٰ وَمَن مَّعَهُۥٓ أَجۡمَعِينَ
Open ayah 26:65Әрі Біз Мұсаны және онымен бірге болғандарды - барлығын құтқардық.
ثُمَّ أَغۡرَقۡنَا ٱلۡأٓخَرِينَ
Open ayah 26:66Содан кейін басқаларды суға батырдық.
إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَةٗۖ وَمَا كَانَ أَكۡثَرُهُم مُّؤۡمِنِينَ
Open ayah 26:67Шын мәнінде мұнда белгі-ғибрат бар. Бірақ олардың көбі иманға келушілерден болмады.
وَإِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلرَّحِيمُ
Open ayah 26:68Ақиқатында, Раббың аса Үстем , ерекше Мейірімді.
وَٱتۡلُ عَلَيۡهِمۡ نَبَأَ إِبۡرَٰهِيمَ
Open ayah 26:69Оларға Ибраһим жайлы хабарды оқы.
إِذۡ قَالَ لِأَبِيهِ وَقَوۡمِهِۦ مَا تَعۡبُدُونَ
Open ayah 26:70Кезінде ол әкесіне және еліне: «Сендер не нәрсеге құлшылық етесіңдер?» - деді.
قَالُواْ نَعۡبُدُ أَصۡنَامٗا فَنَظَلُّ لَهَا عَٰكِفِينَ
Open ayah 26:71Олар: «Біз пұттарға табынамыз әрі олармен әрқашан біргеміз», - деді.
قَالَ هَلۡ يَسۡمَعُونَكُمۡ إِذۡ تَدۡعُونَ
Open ayah 26:72Ол: «Сұрап, жалбарынған кездерінде, олар сендерді ести ме?
أَوۡ يَنفَعُونَكُمۡ أَوۡ يَضُرُّونَ
Open ayah 26:73Әлде олар сендерге пайда келтіре ала ма, не зиян жеткізе ала ма?» - деді.
قَالُواْ بَلۡ وَجَدۡنَآ ءَابَآءَنَا كَذَٰلِكَ يَفۡعَلُونَ
Open ayah 26:74Олар: «Жоқ. Біз аталарымыздың / құлшылықтарын / осылай жасайтынын көрдік», -деді.
قَالَ أَفَرَءَيۡتُم مَّا كُنتُمۡ تَعۡبُدُونَ
Open ayah 26:75Ол: «Не нәрсеге табынып жатқандарыңа байқап қарадыңдар ма,
أَنتُمۡ وَءَابَآؤُكُمُ ٱلۡأَقۡدَمُونَ
Open ayah 26:76өздеріңнің және бұрынғы өткен аталарыңның.
فَإِنَّهُمۡ عَدُوّٞ لِّيٓ إِلَّا رَبَّ ٱلۡعَٰلَمِينَ
Open ayah 26:77Ақиқатында, тек әлемдердің Раббысынан басқа олардың / пұттардың / бәрі - менің жауым.
ٱلَّذِي خَلَقَنِي فَهُوَ يَهۡدِينِ
Open ayah 26:78Ол мені жаратты әрі Ол мені тура жолмен жүргізеді,
وَٱلَّذِي هُوَ يُطۡعِمُنِي وَيَسۡقِينِ
Open ayah 26:79және Ол мені тамақтандырады әрі сусындатады.
وَإِذَا مَرِضۡتُ فَهُوَ يَشۡفِينِ
Open ayah 26:80Ал, ауырған кезімде, Ол маған шипа береді.
وَٱلَّذِي يُمِيتُنِي ثُمَّ يُحۡيِينِ
Open ayah 26:81Әрі Ол мені өлтіреді, содан кейін тірілтеді.
وَٱلَّذِيٓ أَطۡمَعُ أَن يَغۡفِرَ لِي خَطِيٓـَٔتِي يَوۡمَ ٱلدِّينِ
Open ayah 26:82Ал Есеп күні мен Оның қателерімді кешіруін үміт етемін.
رَبِّ هَبۡ لِي حُكۡمٗا وَأَلۡحِقۡنِي بِٱلصَّٰلِحِينَ
Open ayah 26:83Раббым! Маған даналық / білім / бер және мені ізгілермен бірге ет,
وَٱجۡعَل لِّي لِسَانَ صِدۡقٖ فِي ٱلۡأٓخِرِينَ
Open ayah 26:84Және кейінгілердің ішінде мені тура сөз / турашылдықтың тілі / ет,
وَٱجۡعَلۡنِي مِن وَرَثَةِ جَنَّةِ ٱلنَّعِيمِ
Open ayah 26:85және мені Наъим жәннатының мұрагерлерінен ете гөр!
وَٱغۡفِرۡ لِأَبِيٓ إِنَّهُۥ كَانَ مِنَ ٱلضَّآلِّينَ
Open ayah 26:86Әрі әкемді кешір, өйткені ол адасушылардан болды.
وَلَا تُخۡزِنِي يَوۡمَ يُبۡعَثُونَ
Open ayah 26:87және олар қайта тірілтілетін күні мені қор ете көрме», - деді.
يَوۡمَ لَا يَنفَعُ مَالٞ وَلَا بَنُونَ
Open ayah 26:88Ол күні байлық та, балалар да пайда бермейді,
إِلَّا مَنۡ أَتَى ٱللَّهَ بِقَلۡبٖ سَلِيمٖ
Open ayah 26:89тек Аллаһқа cay жүрекпен келгендер ғана басқа.
وَأُزۡلِفَتِ ٱلۡجَنَّةُ لِلۡمُتَّقِينَ
Open ayah 26:90Әрі тақуаларға / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанатындарға / Жәннат жақындатылады.
وَبُرِّزَتِ ٱلۡجَحِيمُ لِلۡغَاوِينَ
Open ayah 26:91Ал, адасқандарға Жаһим / тозағы / көрсетіледі.
وَقِيلَ لَهُمۡ أَيۡنَ مَا كُنتُمۡ تَعۡبُدُونَ
Open ayah 26:92Оларға: «Сендердің табынғандарың қайда,
مِن دُونِ ٱللَّهِ هَلۡ يَنصُرُونَكُمۡ أَوۡ يَنتَصِرُونَ
Open ayah 26:93Аллаһтан өзге? Олар сендерге жәрдем бере ала ма, әлде өздеріне көмек бере ала ма?» - делінеді.
فَكُبۡكِبُواْ فِيهَا هُمۡ وَٱلۡغَاوُۥنَ
Open ayah 26:94Сөйтіп олар және адасқандар оның ішіне лақтырылады,
وَجُنُودُ إِبۡلِيسَ أَجۡمَعُونَ
Open ayah 26:95әрі Ібілістің / жын мен адамнан болган2Ш / әскерлерінің барлығы да.
قَالُواْ وَهُمۡ فِيهَا يَخۡتَصِمُونَ
Open ayah 26:96Олар онда тартысқан күйлерінде:
تَٱللَّهِ إِن كُنَّا لَفِي ضَلَٰلٖ مُّبِينٍ
Open ayah 26:97«Аллаһпен ант етейік, шын мәнінде біз анық адасуда болыппыз,
إِذۡ نُسَوِّيكُم بِرَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ
Open ayah 26:98сендерді әлемдердің Раббысына теңеген кезімізде.
وَمَآ أَضَلَّنَآ إِلَّا ٱلۡمُجۡرِمُونَ
Open ayah 26:99Бізді тек қылмыскерлер / күнәһарлар / адастырды.
فَمَا لَنَا مِن شَٰفِعِينَ
Open ayah 26:100Енді бізге ара түсушілер жоқ,
وَلَا صَدِيقٍ حَمِيمٖ
Open ayah 26:101жанашыр дос та жоқ.
فَلَوۡ أَنَّ لَنَا كَرَّةٗ فَنَكُونَ مِنَ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ
Open ayah 26:102Егер де бізге қайту мүмкіндігі болғанда, онда біз имандылардан / мүміндерден / болар едік», - дейді.
إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَةٗۖ وَمَا كَانَ أَكۡثَرُهُم مُّؤۡمِنِينَ
Open ayah 26:103Әлбетте Мұнда / осы оқиғада / 2080 белгі-ғибрат бар. Бірақ олардың көпшілігі иманға келмейді.
وَإِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلرَّحِيمُ
Open ayah 26:104Ақиқатында, Раббың бәрінен Үстем , ерекше Мейірімді.
كَذَّبَتۡ قَوۡمُ نُوحٍ ٱلۡمُرۡسَلِينَ
Open ayah 26:105Нұхтың елі елшілерді өтірікшіге шығарды.
إِذۡ قَالَ لَهُمۡ أَخُوهُمۡ نُوحٌ أَلَا تَتَّقُونَ
Open ayah 26:106Кезінде оларға ағайыны Нұх: «Сендер қорықпайсыңдар ма?
إِنِّي لَكُمۡ رَسُولٌ أَمِينٞ
Open ayah 26:107Ақиқатында, мен - сендерге сенімді бір Елшімін,
فَٱتَّقُواْ ٱللَّهَ وَأَطِيعُونِ
Open ayah 26:108енді Аллаһтан / Оның тыйымдарынан / қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар.
وَمَآ أَسۡـَٔلُكُمۡ عَلَيۡهِ مِنۡ أَجۡرٍۖ إِنۡ أَجۡرِيَ إِلَّا عَلَىٰ رَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ
Open ayah 26:109Мен сендерден бұл үшін сыйақы сұрамаймын. Менің сыйым - әлемдердің Раббысында.
فَٱتَّقُواْ ٱللَّهَ وَأَطِيعُونِ
Open ayah 26:110Енді Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар»,- деді.
۞قَالُوٓاْ أَنُؤۡمِنُ لَكَ وَٱتَّبَعَكَ ٱلۡأَرۡذَلُونَ
Open ayah 26:111Олар: «Саған ілескендер ең төмен / бейшара / адамдар болса, біз саған сенеміз бе?» - деді.
قَالَ وَمَا عِلۡمِي بِمَا كَانُواْ يَعۡمَلُونَ
Open ayah 26:112Ол: «Менде олардың не істегендері туралы білім жоқ.
إِنۡ حِسَابُهُمۡ إِلَّا عَلَىٰ رَبِّيۖ لَوۡ تَشۡعُرُونَ
Open ayah 26:113Егер де сезетін / аңғаратын / болсаңдар, олардың есебі Раббымда.
وَمَآ أَنَا۠ بِطَارِدِ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ
Open ayah 26:114Әрі мен иманға келгендерді қумаймын.
إِنۡ أَنَا۠ إِلَّا نَذِيرٞ مُّبِينٞ
Open ayah 26:115Мен тек анық ескертуші ғанамын»,- деді.
قَالُواْ لَئِن لَّمۡ تَنتَهِ يَٰنُوحُ لَتَكُونَنَّ مِنَ ٱلۡمَرۡجُومِينَ
Open ayah 26:116Олар: «Ей, Нұх! Егер / насихатыңды / тоқтатпасаң, таспен атқыланғандардан боласың», - деді.
قَالَ رَبِّ إِنَّ قَوۡمِي كَذَّبُونِ
Open ayah 26:117Ол: «Раббым! Елім мені өтірікші санады.
فَٱفۡتَحۡ بَيۡنِي وَبَيۡنَهُمۡ فَتۡحٗا وَنَجِّنِي وَمَن مَّعِيَ مِنَ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ
Open ayah 26:118Енді мені мен олардың арасына нақ үкім бер және мені әрі менімен бірге болған имандыларды құтқар», - деді.
فَأَنجَيۡنَٰهُ وَمَن مَّعَهُۥ فِي ٱلۡفُلۡكِ ٱلۡمَشۡحُونِ
Open ayah 26:119Сонда, Біз оны және онымен бірге болғандарды лық толы кемеде құтқардық.
ثُمَّ أَغۡرَقۡنَا بَعۡدُ ٱلۡبَاقِينَ
Open ayah 26:120Содан кейін қалғандарды суға батырдық.
إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَةٗۖ وَمَا كَانَ أَكۡثَرُهُم مُّؤۡمِنِينَ
Open ayah 26:121Әлбетте, мұнда белгі-ғибрат бар. Бірақ олардың көпшілігі иманға келмейді.
وَإِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلرَّحِيمُ
Open ayah 26:122/ Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, Раббың бәрінен Үстем, ерекше Мейірімді.
كَذَّبَتۡ عَادٌ ٱلۡمُرۡسَلِينَ
Open ayah 26:123Ад елі елшілерді өтірікшігешығарды.
إِذۡ قَالَ لَهُمۡ أَخُوهُمۡ هُودٌ أَلَا تَتَّقُونَ
Open ayah 26:124Сонда оларға ағайыны Һұд: «Сендер қорықпайсыңдар ма?
إِنِّي لَكُمۡ رَسُولٌ أَمِينٞ
Open ayah 26:125Ақиқатында мен - сендерге сенімді бір Елшімін,
فَٱتَّقُواْ ٱللَّهَ وَأَطِيعُونِ
Open ayah 26:126енді Аллаһтан / Оның тыйымдарынан / қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар.
وَمَآ أَسۡـَٔلُكُمۡ عَلَيۡهِ مِنۡ أَجۡرٍۖ إِنۡ أَجۡرِيَ إِلَّا عَلَىٰ رَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ
Open ayah 26:127Мен сендерден бұл үшін сыйақы сұрамаймын. Менің сыйым - әлемдердің Раббысында.
أَتَبۡنُونَ بِكُلِّ رِيعٍ ءَايَةٗ تَعۡبَثُونَ
Open ayah 26:128Сендер әр төбеге қажетсіз бір белгі / ескерткіш / тұрғызасыңдар ма?
وَتَتَّخِذُونَ مَصَانِعَ لَعَلَّكُمۡ تَخۡلُدُونَ
Open ayah 26:129Әрі мәңгі өмір сүретіндей сарайлар саласыңдар.
وَإِذَا بَطَشۡتُم بَطَشۡتُمۡ جَبَّارِينَ
Open ayah 26:130Ал, / біреуді / ұстасаңдар, қатыгездікпен ұстадыңдар / жазаладыңдар / .
فَٱتَّقُواْ ٱللَّهَ وَأَطِيعُونِ
Open ayah 26:131Енді Аллаһтан / Оның тыйымдарынан / қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар.
وَٱتَّقُواْ ٱلَّذِيٓ أَمَدَّكُم بِمَا تَعۡلَمُونَ
Open ayah 26:132Сендерді өздерің білетін нәрселермен қамтамасыз еткеннен қорқыңдар:
أَمَدَّكُم بِأَنۡعَٰمٖ وَبَنِينَ
Open ayah 26:133Ол сендерге малдарды және ұлдарды берді,
وَجَنَّٰتٖ وَعُيُونٍ
Open ayah 26:134бақтар мен бұлақтарды.
إِنِّيٓ أَخَافُ عَلَيۡكُمۡ عَذَابَ يَوۡمٍ عَظِيمٖ
Open ayah 26:135Ақиқатында, мен сендерге ұлы Күннің азабы түсуінен қорқамын», - деді.
قَالُواْ سَوَآءٌ عَلَيۡنَآ أَوَعَظۡتَ أَمۡ لَمۡ تَكُن مِّنَ ٱلۡوَٰعِظِينَ
Open ayah 26:136Олар: «Сен үгіттесең де, үгіттеушілерден болмасаң да - біз үшін бәрібір.
إِنۡ هَٰذَآ إِلَّا خُلُقُ ٱلۡأَوَّلِينَ
Open ayah 26:137Бұл - бар болғаны бұрынғылардың салты ғана,
وَمَا نَحۡنُ بِمُعَذَّبِينَ
Open ayah 26:138әрі біз азапталмаймыз», - деді.
فَكَذَّبُوهُ فَأَهۡلَكۡنَٰهُمۡۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَةٗۖ وَمَا كَانَ أَكۡثَرُهُم مُّؤۡمِنِينَ
Open ayah 26:139Сөйтіп олар оны өтірікшіге шығарды, сонда Біз оларды жойдық. Әлбетте Мұнда / осы оқиғада / дәлел бар. Бірақ олардың көпшілігі иманға келмейді.
وَإِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلرَّحِيمُ
Open ayah 26:140/ Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, Раббың бәрінен Үстем, ерекше Мейірімді.
كَذَّبَتۡ ثَمُودُ ٱلۡمُرۡسَلِينَ
Open ayah 26:141Сәмұд елі елшілерді өтірікшіге шығарды.
إِذۡ قَالَ لَهُمۡ أَخُوهُمۡ صَٰلِحٌ أَلَا تَتَّقُونَ
Open ayah 26:142Сонда оларға ағайыны Салих: «Сендер қорықпайсыңдар ма?
إِنِّي لَكُمۡ رَسُولٌ أَمِينٞ
Open ayah 26:143Анығында, мен - сендерге сенімді бір Елшімін,
فَٱتَّقُواْ ٱللَّهَ وَأَطِيعُونِ
Open ayah 26:144енді Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар.
وَمَآ أَسۡـَٔلُكُمۡ عَلَيۡهِ مِنۡ أَجۡرٍۖ إِنۡ أَجۡرِيَ إِلَّا عَلَىٰ رَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ
Open ayah 26:145Мен сендерден бұл үшін сыйақы сұрамаймын. Менің сыйым - әлемдердің Раббысында.
أَتُتۡرَكُونَ فِي مَا هَٰهُنَآ ءَامِنِينَ
Open ayah 26:146Сендер осындағы бар нәрселердің арасында қауіпсіз күйде қалдырыласыңдар ма,
فِي جَنَّٰتٖ وَعُيُونٖ
Open ayah 26:147бақтар мен бұлақтардың,
وَزُرُوعٖ وَنَخۡلٖ طَلۡعُهَا هَضِيمٞ
Open ayah 26:148және егіндіктер мен жемісі жұмсақ құрма ағаштары арасында?
وَتَنۡحِتُونَ مِنَ ٱلۡجِبَالِ بُيُوتٗا فَٰرِهِينَ
Open ayah 26:149Әрі сендер менмендік танытып, тауларда үйлер қашап аласыңдар.
فَٱتَّقُواْ ٱللَّهَ وَأَطِيعُونِ
Open ayah 26:150Енді Аллаһтан / Оның тыйымдарынан / қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар.
وَلَا تُطِيعُوٓاْ أَمۡرَ ٱلۡمُسۡرِفِينَ
Open ayah 26:151Әрі шектен шығушылардың бұйрығына бағынбаңдар,
ٱلَّذِينَ يُفۡسِدُونَ فِي ٱلۡأَرۡضِ وَلَا يُصۡلِحُونَ
Open ayah 26:152сондай, жер бетінде бұзу-бүлдірушілік жасап, ешбір нәрсе түзетпейтіндердің», деді.
قَالُوٓاْ إِنَّمَآ أَنتَ مِنَ ٱلۡمُسَحَّرِينَ
Open ayah 26:153Олар: «Шын мәнінде сен сиқырланғанның бірісің.
مَآ أَنتَ إِلَّا بَشَرٞ مِّثۡلُنَا فَأۡتِ بِـَٔايَةٍ إِن كُنتَ مِنَ ٱلصَّٰدِقِينَ
Open ayah 26:154Сен бар болғаны біз секілді бір адамсың. Егер шын сөзділерден болсаң, онда бір белгі келтір»,- деді.
قَالَ هَٰذِهِۦ نَاقَةٞ لَّهَا شِرۡبٞ وَلَكُمۡ شِرۡبُ يَوۡمٖ مَّعۡلُومٖ
Open ayah 26:155Ол / Салих / : «Міне, мынау - түйе. Оның су ішетін кезегі әрі сендердің де су ішетін кезектерің белгіленген күндер бойынша / бөлінеді / .
وَلَا تَمَسُّوهَا بِسُوٓءٖ فَيَأۡخُذَكُمۡ عَذَابُ يَوۡمٍ عَظِيمٖ
Open ayah 26:156Оған жамандықпен тиіспеңдер, болмаса сендерге ұлы Күннің азабы тиеді», - деді.
فَعَقَرُوهَا فَأَصۡبَحُواْ نَٰدِمِينَ
Open ayah 26:157Алайда олар оның тірсегін кесіп / өлтіріп / , кейін өкінушілерге айналды.
فَأَخَذَهُمُ ٱلۡعَذَابُۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَةٗۖ وَمَا كَانَ أَكۡثَرُهُم مُّؤۡمِنِينَ
Open ayah 26:158Сонда оларға азап түсті. Әлбетте мұнда / осы оқиғада / дәлел-ғибрат бар. Алайда олардың көпшілігі иманға келмейді.
وَإِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلرَّحِيمُ
Open ayah 26:159/ Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, Раббың бәрінен Үстем, ерекше Мейірімді.
كَذَّبَتۡ قَوۡمُ لُوطٍ ٱلۡمُرۡسَلِينَ
Open ayah 26:160Лұттың елі елшілерді өтірікшіге шығарды.
إِذۡ قَالَ لَهُمۡ أَخُوهُمۡ لُوطٌ أَلَا تَتَّقُونَ
Open ayah 26:161Оларға ағайыны Лұт: «Сендер / Аллаһтың жазасынан / қорқып,сақтанбайсыңдарма?
إِنِّي لَكُمۡ رَسُولٌ أَمِينٞ
Open ayah 26:162Ақиқатында мен сендерге сенімді бір Елшімін,
فَٱتَّقُواْ ٱللَّهَ وَأَطِيعُونِ
Open ayah 26:163енді Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар.
وَمَآ أَسۡـَٔلُكُمۡ عَلَيۡهِ مِنۡ أَجۡرٍۖ إِنۡ أَجۡرِيَ إِلَّا عَلَىٰ رَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ
Open ayah 26:164Мен сендерден бүл үшін сыйақы сұрамаймын. Менің сыйым – әлемдердің Раббысында.
أَتَأۡتُونَ ٱلذُّكۡرَانَ مِنَ ٱلۡعَٰلَمِينَ
Open ayah 26:165Бүкіл әлемдердің ішінде сендер еркектермен жақындасып,
وَتَذَرُونَ مَا خَلَقَ لَكُمۡ رَبُّكُم مِّنۡ أَزۡوَٰجِكُمۚ بَلۡ أَنتُمۡ قَوۡمٌ عَادُونَ
Open ayah 26:166өздеріңнің Раббың, сендер үшін жаратқан жұбайларыңды тастайсыңдар ма? Күмәнсіз, сендер шектен шыққан елсіңдер», - деді.
قَالُواْ لَئِن لَّمۡ تَنتَهِ يَٰلُوطُ لَتَكُونَنَّ مِنَ ٱلۡمُخۡرَجِينَ
Open ayah 26:167Олар: «Ей, Лұт! Егер сен тоқтатпасаң, әлбетте, / елден қуып / шығарылғандардан боласың», - деді.
قَالَ إِنِّي لِعَمَلِكُم مِّنَ ٱلۡقَالِينَ
Open ayah 26:168Ол: «Әрине, мен сендердің істеріңнен жиіркенемін.
رَبِّ نَجِّنِي وَأَهۡلِي مِمَّا يَعۡمَلُونَ
Open ayah 26:169Раббым! Мені және үй-ішімді олардың істеп жатқандарынан құтқар», - деді.
فَنَجَّيۡنَٰهُ وَأَهۡلَهُۥٓ أَجۡمَعِينَ
Open ayah 26:170Сонда Біз оны және оның үй ішінің барлығын құтқардық,
إِلَّا عَجُوزٗا فِي ٱلۡغَٰبِرِينَ
Open ayah 26:171тек, қалатындардың қатарындағы бір кемпірден басқасын.
ثُمَّ دَمَّرۡنَا ٱلۡأٓخَرِينَ
Open ayah 26:172Содан кейін, басқаларын жойып жібердік.
وَأَمۡطَرۡنَا عَلَيۡهِم مَّطَرٗاۖ فَسَآءَ مَطَرُ ٱلۡمُنذَرِينَ
Open ayah 26:173Әрі олардың үстіне жаңбыр жаудырдық. Ескертілгендердің жаңбыры неткен жаман!
إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَةٗۖ وَمَا كَانَ أَكۡثَرُهُم مُّؤۡمِنِينَ
Open ayah 26:174Әлбетте осыда / бұл хабарда / белгі-ғибрат бар. Бірақ олардың көпшілігі иманға келмейді.
وَإِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلرَّحِيمُ
Open ayah 26:175/ Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында Раббың әл-’Азиз / бәрінен Үстем / , әр-Рахим / ерекше Мейірімді / .
كَذَّبَ أَصۡحَٰبُ لۡـَٔيۡكَةِ ٱلۡمُرۡسَلِينَ
Open ayah 26:176Әйке тұрғындары елшілерді өтірікшіге шығарды.
إِذۡ قَالَ لَهُمۡ شُعَيۡبٌ أَلَا تَتَّقُونَ
Open ayah 26:177Сонда оларға Шұғайып: «Сендер қорықпайсыңдар ма?
إِنِّي لَكُمۡ رَسُولٌ أَمِينٞ
Open ayah 26:178Ақиқатында мен сендерге сенімді бір Елшімін,
فَٱتَّقُواْ ٱللَّهَ وَأَطِيعُونِ
Open ayah 26:179енді Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар.
وَمَآ أَسۡـَٔلُكُمۡ عَلَيۡهِ مِنۡ أَجۡرٍۖ إِنۡ أَجۡرِيَ إِلَّا عَلَىٰ رَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ
Open ayah 26:180Мен сендерден бұл үшін сыйақы сұрамаймын. Менің сыйым - әлемдердің Раббысында.
۞أَوۡفُواْ ٱلۡكَيۡلَ وَلَا تَكُونُواْ مِنَ ٱلۡمُخۡسِرِينَ
Open ayah 26:181Өлшеуді толық сақтаңдар, кемітушілерден болмаңдар,
وَزِنُواْ بِٱلۡقِسۡطَاسِ ٱلۡمُسۡتَقِيمِ
Open ayah 26:182әрі тура таразымен тартыңдар,
وَلَا تَبۡخَسُواْ ٱلنَّاسَ أَشۡيَآءَهُمۡ وَلَا تَعۡثَوۡاْ فِي ٱلۡأَرۡضِ مُفۡسِدِينَ
Open ayah 26:183және адамдардың заттарын кемітіп бермеңдер әрі бұзу-бүлдірушілік жасап, жер бетіне таратпаңдар.
وَٱتَّقُواْ ٱلَّذِي خَلَقَكُمۡ وَٱلۡجِبِلَّةَ ٱلۡأَوَّلِينَ
Open ayah 26:184Әрі сендерді және алғашқы ұрпақтарды жаратқаннан қорқыңдар», деді.
قَالُوٓاْ إِنَّمَآ أَنتَ مِنَ ٱلۡمُسَحَّرِينَ
Open ayah 26:185Олар: «Шын мәнінде сен - сиқырланған адамдардың бірісің.
وَمَآ أَنتَ إِلَّا بَشَرٞ مِّثۡلُنَا وَإِن نَّظُنُّكَ لَمِنَ ٱلۡكَٰذِبِينَ
Open ayah 26:186Әрі сен бар болғаны біз сияқты адамсың. Біз сені сөзсіз өтірікшілерден деп ойлаймыз.
فَأَسۡقِطۡ عَلَيۡنَا كِسَفٗا مِّنَ ٱلسَّمَآءِ إِن كُنتَ مِنَ ٱلصَّٰدِقِينَ
Open ayah 26:187Егер шын сөзділерден болсаң, үстімізге аспаннан бір бөлік түсір», - деді.
قَالَ رَبِّيٓ أَعۡلَمُ بِمَا تَعۡمَلُونَ
Open ayah 26:188Ол / Шұғайып / : «Раббым сендердің не істеп жатқандарыңды жақсы біледі»,- деді.
فَكَذَّبُوهُ فَأَخَذَهُمۡ عَذَابُ يَوۡمِ ٱلظُّلَّةِۚ إِنَّهُۥ كَانَ عَذَابَ يَوۡمٍ عَظِيمٍ
Open ayah 26:189Олар оны өтірікші санады. Сондықтан оларға көлеңкелі күннің азабы түсті. Негізінде ол - ұлы Күннің азабы еді.
إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَةٗۖ وَمَا كَانَ أَكۡثَرُهُم مُّؤۡمِنِينَ
Open ayah 26:190Әлбетте мұнда / осы хабарда / белгі-ғибрат бар. Бірақ олардың көпшілігі иманға келмейді.
وَإِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلرَّحِيمُ
Open ayah 26:191/ Ей, Мұхаммед / / Ақиқатында, Раббың бәрінен Үстем, ерекше Мейірімді.
وَإِنَّهُۥ لَتَنزِيلُ رَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ
Open ayah 26:192Шын мәнінде, бұл / Құран / - әлемдердің Раббысының түсіргені.
نَزَلَ بِهِ ٱلرُّوحُ ٱلۡأَمِينُ
Open ayah 26:193Оны сенімді Рух / Жәбірейіл / түсірді,
عَلَىٰ قَلۡبِكَ لِتَكُونَ مِنَ ٱلۡمُنذِرِينَ
Open ayah 26:194ескертушілерден болуың үшін сенің жүрегіңе,
بِلِسَانٍ عَرَبِيّٖ مُّبِينٖ
Open ayah 26:195анық араб тілінде / түсірді / .
وَإِنَّهُۥ لَفِي زُبُرِ ٱلۡأَوَّلِينَ
Open ayah 26:196Әрі ол / жайлы / бұрынғылардың кітаптарында бар.
أَوَلَمۡ يَكُن لَّهُمۡ ءَايَةً أَن يَعۡلَمَهُۥ عُلَمَٰٓؤُاْ بَنِيٓ إِسۡرَٰٓءِيلَ
Open ayah 26:197Оны Исраил ұрпақтарының ғалымдары білуі, олар үшін / жеткілікті / дәлел болмады ма?
وَلَوۡ نَزَّلۡنَٰهُ عَلَىٰ بَعۡضِ ٱلۡأَعۡجَمِينَ
Open ayah 26:198Егер де оны араб емес, өзгелердің біріне түсіріп,
فَقَرَأَهُۥ عَلَيۡهِم مَّا كَانُواْ بِهِۦ مُؤۡمِنِينَ
Open ayah 26:199ол оны оларға оқып берсе де, олар / бәрібір / оған сенуші болмас еді.
كَذَٰلِكَ سَلَكۡنَٰهُ فِي قُلُوبِ ٱلۡمُجۡرِمِينَ
Open ayah 26:200Біз қылмыскерлердің жүректеріне оны / имансыздықты, қарсы келуді / осылай кіргіземіз.
لَا يُؤۡمِنُونَ بِهِۦ حَتَّىٰ يَرَوُاْ ٱلۡعَذَابَ ٱلۡأَلِيمَ
Open ayah 26:201Олар күйзелтуші азапты көрмейінше, оған сенбейді.
فَيَأۡتِيَهُم بَغۡتَةٗ وَهُمۡ لَا يَشۡعُرُونَ
Open ayah 26:202Ол / жаза / кенеттен, олар оны сезбеген күйлерінде келеді.
فَيَقُولُواْ هَلۡ نَحۡنُ مُنظَرُونَ
Open ayah 26:203Сонда олар: «Бізге бір мұрсат беріле ме?» - дейді.
أَفَبِعَذَابِنَا يَسۡتَعۡجِلُونَ
Open ayah 26:204Олар Біздің азабымыздың тез болуын қалай ма?
أَفَرَءَيۡتَ إِن مَّتَّعۡنَٰهُمۡ سِنِينَ
Open ayah 26:205/ Ей, Мұхаммед! / Көрдің бе, егер оларды жылдар бойы пайдаландырсақ,
ثُمَّ جَآءَهُم مَّا كَانُواْ يُوعَدُونَ
Open ayah 26:206содан кейін оларға, уәде етілген нәрсе келгенде,
مَآ أَغۡنَىٰ عَنۡهُم مَّا كَانُواْ يُمَتَّعُونَ
Open ayah 26:207сол пайдаланып келгендері оларды құтқармайды.
وَمَآ أَهۡلَكۡنَا مِن قَرۡيَةٍ إِلَّا لَهَا مُنذِرُونَ
Open ayah 26:208Біз ескертушіні жібермей тұрып, ешбір елді мекенді жойған емеспіз.
ذِكۡرَىٰ وَمَا كُنَّا ظَٰلِمِينَ
Open ayah 26:209/ Оларды / еске салу үшін / жібергенбіз / . Біз әділетсіздік жасаған жоқпыз.
وَمَا تَنَزَّلَتۡ بِهِ ٱلشَّيَٰطِينُ
Open ayah 26:210Әрі оны / Құранды / шайтандар алып түскен жоқ.
وَمَا يَنۢبَغِي لَهُمۡ وَمَا يَسۡتَطِيعُونَ
Open ayah 26:211Олар бұған лайықты емес әрі олар істей алмайды.
إِنَّهُمۡ عَنِ ٱلسَّمۡعِ لَمَعۡزُولُونَ
Open ayah 26:212Анығында, олар оны тыңдаудан шеттетілген.
فَلَا تَدۡعُ مَعَ ٱللَّهِ إِلَٰهًا ءَاخَرَ فَتَكُونَ مِنَ ٱلۡمُعَذَّبِينَ
Open ayah 26:213/ Ей, Мұхаммед! / Аллаһпен қатар өзге құдайды шақырма / басқадан тілеме / , олай етсең, азапқа салынатындардан боласың.
وَأَنذِرۡ عَشِيرَتَكَ ٱلۡأَقۡرَبِينَ
Open ayah 26:214Әрі жақын туыстарыңды сақтандырып, ескерт.
وَٱخۡفِضۡ جَنَاحَكَ لِمَنِ ٱتَّبَعَكَ مِنَ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ
Open ayah 26:215Әрі өзіңе ерген имандыларға қанатыңды игін.
فَإِنۡ عَصَوۡكَ فَقُلۡ إِنِّي بَرِيٓءٞ مِّمَّا تَعۡمَلُونَ
Open ayah 26:216Егер олар сені тыңдамаса: «Сендердің істеп жатқандарыңа менің қатысым жоқ», -де.
وَتَوَكَّلۡ عَلَى ٱلۡعَزِيزِ ٱلرَّحِيمِ
Open ayah 26:217Әрі бәрінен Үстем, ерекше Мейірімдіге жүгініп, Оған ісіңді тапсыр / тәуекел ет / .
ٱلَّذِي يَرَىٰكَ حِينَ تَقُومُ
Open ayah 26:218Ол сені / намазда / тұрғанында көріп тұрады,
وَتَقَلُّبَكَ فِي ٱلسَّٰجِدِينَ
Open ayah 26:219әрі сәжде етушілердің ішінде ауысу қимылдарын істегеніңді.
إِنَّهُۥ هُوَ ٱلسَّمِيعُ ٱلۡعَلِيمُ
Open ayah 26:220Ақиқатында, Ол бәрін Естуші , бәрін Білуші.
هَلۡ أُنَبِّئُكُمۡ عَلَىٰ مَن تَنَزَّلُ ٱلشَّيَٰطِينُ
Open ayah 26:221Шайтандардың кімге түсетіні туралы сендерге хабар берейін бе?
تَنَزَّلُ عَلَىٰ كُلِّ أَفَّاكٍ أَثِيمٖ
Open ayah 26:222Олар әрбір өтірікшіге,күнәһарға түседі.
يُلۡقُونَ ٱلسَّمۡعَ وَأَكۡثَرُهُمۡ كَٰذِبُونَ
Open ayah 26:223Олар естігендерін / адамдарға / тастайды / жеткізеді / , ал олардың көбі өтірікші.
وَٱلشُّعَرَآءُ يَتَّبِعُهُمُ ٱلۡغَاوُۥنَ
Open ayah 26:224Әрі ақындарға адасушылар ереді.
أَلَمۡ تَرَ أَنَّهُمۡ فِي كُلِّ وَادٖ يَهِيمُونَ
Open ayah 26:225Көрмедің бе, олардың барлық алқаптарда беталды лағып жүргенін,
وَأَنَّهُمۡ يَقُولُونَ مَا لَا يَفۡعَلُونَ
Open ayah 26:226әрі өздері істемейтінді айтатындарын.
إِلَّا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّٰلِحَٰتِ وَذَكَرُواْ ٱللَّهَ كَثِيرٗا وَٱنتَصَرُواْ مِنۢ بَعۡدِ مَا ظُلِمُواْۗ وَسَيَعۡلَمُ ٱلَّذِينَ ظَلَمُوٓاْ أَيَّ مُنقَلَبٖ يَنقَلِبُونَ
Open ayah 26:227Алайда иманға келген және ізгі амал істегендер, Аллаһты көп еске алғандар және әділетсіздікке ұшырағаннан кейін өздерін қорғағандар бұдан бөлек. Ал, әділетсіздік істегендер өздерінің қайтып баратын жерлерін жақында біледі.