الفرقان
Al-Furqaan
Translation: Kazakh - Khalifah Altai Charity Foundation · Open the surah
بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
تَبَارَكَ ٱلَّذِي نَزَّلَ ٱلۡفُرۡقَانَ عَلَىٰ عَبۡدِهِۦ لِيَكُونَ لِلۡعَٰلَمِينَ نَذِيرًا
Open ayah 25:1Әлемдерге / насихат етіп / ескертуші болуы үшін Өз құлына Фұрқанды / Құранды / түсірген Ол -аса Берекелі.
ٱلَّذِي لَهُۥ مُلۡكُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ وَلَمۡ يَتَّخِذۡ وَلَدٗا وَلَمۡ يَكُن لَّهُۥ شَرِيكٞ فِي ٱلۡمُلۡكِ وَخَلَقَ كُلَّ شَيۡءٖ فَقَدَّرَهُۥ تَقۡدِيرٗا
Open ayah 25:2Аспандардың және жердің билігі - Онікі әрі Ол ешбір бала иемденбеді және билікте Оның ешбір серігі болмады. Әрі ол әрбір нәрсені жаратып, оны өлшеп белгіледі.
وَٱتَّخَذُواْ مِن دُونِهِۦٓ ءَالِهَةٗ لَّا يَخۡلُقُونَ شَيۡـٔٗا وَهُمۡ يُخۡلَقُونَ وَلَا يَمۡلِكُونَ لِأَنفُسِهِمۡ ضَرّٗا وَلَا نَفۡعٗا وَلَا يَمۡلِكُونَ مَوۡتٗا وَلَا حَيَوٰةٗ وَلَا نُشُورٗا
Open ayah 25:3Ал олар / мүшріктер / ешнәрсе жарата алмайтын, / керісінше / өздері - жаратылған, әрі өздеріне зиян не пайда келтіру билігіне ие емес және өлтіруге, өмір беруге әрі қайта тірілтуге де иелік ете алмайтын өзгелерді Оның орнына құдайлар етіп алды.
وَقَالَ ٱلَّذِينَ كَفَرُوٓاْ إِنۡ هَٰذَآ إِلَّآ إِفۡكٌ ٱفۡتَرَىٰهُ وَأَعَانَهُۥ عَلَيۡهِ قَوۡمٌ ءَاخَرُونَۖ فَقَدۡ جَآءُو ظُلۡمٗا وَزُورٗا
Open ayah 25:4Әрі күпірлік етушілер / Құранды мойындамаушылар / : «бұл / Құран / - бар болғаны, ойдан шығарған өтірік қана. Әрі бұл істе оған басқа адамдар көмектескен»,- деді. Сөйтіп, олар әділетсіздік жасады және өтірік айтты.
وَقَالُوٓاْ أَسَٰطِيرُ ٱلۡأَوَّلِينَ ٱكۡتَتَبَهَا فَهِيَ تُمۡلَىٰ عَلَيۡهِ بُكۡرَةٗ وَأَصِيلٗا
Open ayah 25:5Сондай-ақ олар: « / Бұл / - бұрынғылардың ертегілері. Ол мұны жазғызып алған әрі бұл оған таңертең және кешке оқылып тұрады», - деді.
قُلۡ أَنزَلَهُ ٱلَّذِي يَعۡلَمُ ٱلسِّرَّ فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِۚ إِنَّهُۥ كَانَ غَفُورٗا رَّحِيمٗا
Open ayah 25:6/ Ей, Мұхаммед! / Айт: «Мұны / Құранды / аспандар мен жердегі құпияны білетін түсірді. Күмәнсіз, Ол - кешірімді, мейірімді», - деп.
وَقَالُواْ مَالِ هَٰذَا ٱلرَّسُولِ يَأۡكُلُ ٱلطَّعَامَ وَيَمۡشِي فِي ٱلۡأَسۡوَاقِ لَوۡلَآ أُنزِلَ إِلَيۡهِ مَلَكٞ فَيَكُونَ مَعَهُۥ نَذِيرًا
Open ayah 25:7Әрі олар: «Тамақ жейтін және базарларда жүретін бұл неғылған Елші? Оған бір періште түсіріліп әрі ол онымен бірге ескертуші болса еді?
أَوۡ يُلۡقَىٰٓ إِلَيۡهِ كَنزٌ أَوۡ تَكُونُ لَهُۥ جَنَّةٞ يَأۡكُلُ مِنۡهَاۚ وَقَالَ ٱلظَّٰلِمُونَ إِن تَتَّبِعُونَ إِلَّا رَجُلٗا مَّسۡحُورًا
Open ayah 25:8Немесе оған бір қазына тасталмай ма? Не оның бір бағы болып, ол одан өзі жесе еді?» -деді. Әрі әділетсіздер: «Сендер сиқырланған бір адамға ғана еріп жүрсіңдер», - деді.
ٱنظُرۡ كَيۡفَ ضَرَبُواْ لَكَ ٱلۡأَمۡثَٰلَ فَضَلُّواْ فَلَا يَسۡتَطِيعُونَ سَبِيلٗا
Open ayah 25:9/ Ей, Мұхаммед! / Қара! Олар саған мысалдарды қалай келтіреді. Олар осылай адасты, енді олар жол таба алмайды.
تَبَارَكَ ٱلَّذِيٓ إِن شَآءَ جَعَلَ لَكَ خَيۡرٗا مِّن ذَٰلِكَ جَنَّٰتٖ تَجۡرِي مِن تَحۡتِهَا ٱلۡأَنۡهَٰرُ وَيَجۡعَل لَّكَ قُصُورَۢا
Open ayah 25:10Ол / Аллаһ / аса Берекелі, егер қаласа, саған бұдан / олардың айтқанынан / жақсысын -астынан өзендер ағып жататын бақтарды және сарайлар жасап береді.
بَلۡ كَذَّبُواْ بِٱلسَّاعَةِۖ وَأَعۡتَدۡنَا لِمَن كَذَّبَ بِٱلسَّاعَةِ سَعِيرًا
Open ayah 25:11Жоқ! / Негізінде / олар Сағатты / Қияметті / жалған санады. Ал Біз, Сағатты жалған деушілер үшін Саъирді әзірледік.
إِذَا رَأَتۡهُم مِّن مَّكَانِۭ بَعِيدٖ سَمِعُواْ لَهَا تَغَيُّظٗا وَزَفِيرٗا
Open ayah 25:12Қашан ол / тозақ / оларды алыс жердей көргеннен, олар оның / ашу-ызамен / бұрқылдағанын әрі өкірік үнін естиді.
وَإِذَآ أُلۡقُواْ مِنۡهَا مَكَانٗا ضَيِّقٗا مُّقَرَّنِينَ دَعَوۡاْ هُنَالِكَ ثُبُورٗا
Open ayah 25:13Ал, олардың қолдары мойындарына байланып, / тозақтағы / тар орынға тасталған кезде, ол жерде олар өздерінің жойылып кетуін тілейді.
لَّا تَدۡعُواْ ٱلۡيَوۡمَ ثُبُورٗا وَٰحِدٗا وَٱدۡعُواْ ثُبُورٗا كَثِيرٗا
Open ayah 25:14/ Оларға / : «Сендер бүгін жойылуды бір рет қанатілемеңдер, коп жойылуды тілеңдер», -делінеді.
قُلۡ أَذَٰلِكَ خَيۡرٌ أَمۡ جَنَّةُ ٱلۡخُلۡدِ ٱلَّتِي وُعِدَ ٱلۡمُتَّقُونَۚ كَانَتۡ لَهُمۡ جَزَآءٗ وَمَصِيرٗا
Open ayah 25:15/ Ей, Мұхаммед! / Айт: «Осы жақсы ма, әлде тақуаларға / Аллаһқа бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанатындарға / уәде етілген мәңгілік жәннат жақсы ма? Бұл олар үшін / істегендерінің / қайтарымы әрі қайтар орны», - деп.
لَّهُمۡ فِيهَا مَا يَشَآءُونَ خَٰلِدِينَۚ كَانَ عَلَىٰ رَبِّكَ وَعۡدٗا مَّسۡـُٔولٗا
Open ayah 25:16Олар онда / жәннатта / мәңгі қалып, оларға онда қалаған нәрселері бар. Бұл - Раббың міндетіне алған, ол туралы / құлдары / тілейтін уәде.
وَيَوۡمَ يَحۡشُرُهُمۡ وَمَا يَعۡبُدُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِ فَيَقُولُ ءَأَنتُمۡ أَضۡلَلۡتُمۡ عِبَادِي هَٰٓؤُلَآءِ أَمۡ هُمۡ ضَلُّواْ ٱلسَّبِيلَ
Open ayah 25:17Әрі ол күні оларды / мүшріктерді / және олардың Аллаһпен қатар табынғандарын жинап оларға: «Мына құлдарымды сендер адастырдыңдар ма, әлде жолдан өздері адасты ма?» - дейді.
قَالُواْ سُبۡحَٰنَكَ مَا كَانَ يَنۢبَغِي لَنَآ أَن نَّتَّخِذَ مِن دُونِكَ مِنۡ أَوۡلِيَآءَ وَلَٰكِن مَّتَّعۡتَهُمۡ وَءَابَآءَهُمۡ حَتَّىٰ نَسُواْ ٱلذِّكۡرَ وَكَانُواْ قَوۡمَۢا بُورٗا
Open ayah 25:18Олар / олардыңтабынғандары / : «Сен - / барлық кемшіліктен / пәксің. Бізге сенен басқаларды Ие етіп алуға болмайды. Алайда Сен оларды және ата-бабаларын қамтамасыз еттің / пайдаландырдың / , олар тіпті еске алуды / ескертуді / ұмытты. Олар құритын ел еді», - дейді.
فَقَدۡ كَذَّبُوكُم بِمَا تَقُولُونَ فَمَا تَسۡتَطِيعُونَ صَرۡفٗا وَلَا نَصۡرٗاۚ وَمَن يَظۡلِم مِّنكُمۡ نُذِقۡهُ عَذَابٗا كَبِيرٗا
Open ayah 25:19/ Серік қосушыларға / : «Олар / табынған заттарың / сендердің айтқандарыңды өтірікке шығарды. Енді сендер / жазаны / бұрып жіберуге де әрі / өздеріңе / көмек беруге де әлдерің келмейді. Сендерден кім әділетсіздік істесе, оған үлкен азапты таттырамыз», - делінеді?
وَمَآ أَرۡسَلۡنَا قَبۡلَكَ مِنَ ٱلۡمُرۡسَلِينَ إِلَّآ إِنَّهُمۡ لَيَأۡكُلُونَ ٱلطَّعَامَ وَيَمۡشُونَ فِي ٱلۡأَسۡوَاقِۗ وَجَعَلۡنَا بَعۡضَكُمۡ لِبَعۡضٖ فِتۡنَةً أَتَصۡبِرُونَۗ وَكَانَ رَبُّكَ بَصِيرٗا
Open ayah 25:20/ Ей, Мұхаммед! / Сенен бұрын Біз жіберген елшілер де тамақ жейтін және базарларда да жүретін еді. Біз кейбіріңді кейбіріңе сынақ еттік, / осыған / сабырлық танытасыңдар ма? Раббың барлық нәрсені Көруші.
۞وَقَالَ ٱلَّذِينَ لَا يَرۡجُونَ لِقَآءَنَا لَوۡلَآ أُنزِلَ عَلَيۡنَا ٱلۡمَلَٰٓئِكَةُ أَوۡ نَرَىٰ رَبَّنَاۗ لَقَدِ ٱسۡتَكۡبَرُواْ فِيٓ أَنفُسِهِمۡ وَعَتَوۡ عُتُوّٗا كَبِيرٗا
Open ayah 25:21Бізге жолығуды үміт етпегендер: «Бізге періштелер түсірілгенде немесе біз Раббымызды көрсек еді?» - дейді. Олар менменсіп, өздерін жоғары санады және үлкен қарсылықпен шектен шықты.
يَوۡمَ يَرَوۡنَ ٱلۡمَلَٰٓئِكَةَ لَا بُشۡرَىٰ يَوۡمَئِذٖ لِّلۡمُجۡرِمِينَ وَيَقُولُونَ حِجۡرٗا مَّحۡجُورٗا
Open ayah 25:22Олар періштелерді көретін / қайтатірілу / күні сол күні - күнәһарлар үшін ешқандай қуанышты хабар болмайды. Сонда / періштелер / оларға: «Тыйым салынды», -дейді.
وَقَدِمۡنَآ إِلَىٰ مَا عَمِلُواْ مِنۡ عَمَلٖ فَجَعَلۡنَٰهُ هَبَآءٗ مَّنثُورًا
Open ayah 25:23Біз олар істеген әрбір амалға келеміз де оны шашылған тозаңға айналдырамыз.
أَصۡحَٰبُ ٱلۡجَنَّةِ يَوۡمَئِذٍ خَيۡرٞ مُّسۡتَقَرّٗا وَأَحۡسَنُ مَقِيلٗا
Open ayah 25:24Бұл күні жәннаттықтар ең жақсы тұрақ жайларда әрі ең көркем тынығатын орындарда болады.
وَيَوۡمَ تَشَقَّقُ ٱلسَّمَآءُ بِٱلۡغَمَٰمِ وَنُزِّلَ ٱلۡمَلَٰٓئِكَةُ تَنزِيلًا
Open ayah 25:25Ол Күні аспан сетінеп бұлттармен айрылады және періштелер түсіріледі.
ٱلۡمُلۡكُ يَوۡمَئِذٍ ٱلۡحَقُّ لِلرَّحۡمَٰنِۚ وَكَانَ يَوۡمًا عَلَى ٱلۡكَٰفِرِينَ عَسِيرٗا
Open ayah 25:26Сол күні хақ билік - әр-Рахманда / аса Қайырымдыда / . Кәпірлер үшін ол ауыр күн болады.
وَيَوۡمَ يَعَضُّ ٱلظَّالِمُ عَلَىٰ يَدَيۡهِ يَقُولُ يَٰلَيۡتَنِي ٱتَّخَذۡتُ مَعَ ٱلرَّسُولِ سَبِيلٗا
Open ayah 25:27Ол күні әділетсіз / адам / қолдарын тістеп: «Қап, әттең! Елшімен бірге / оған еріп / , бір жолды ұстанған болсам еді!
يَٰوَيۡلَتَىٰ لَيۡتَنِي لَمۡ أَتَّخِذۡ فُلَانًا خَلِيلٗا
Open ayah 25:28Қап, сорым құрысын! Пәленшені өзіме жақын дос етіп алмағанымда еді!
لَّقَدۡ أَضَلَّنِي عَنِ ٱلذِّكۡرِ بَعۡدَ إِذۡ جَآءَنِيۗ وَكَانَ ٱلشَّيۡطَٰنُ لِلۡإِنسَٰنِ خَذُولٗا
Open ayah 25:29Маған Еске салу / Құран / келгеннен кейін, ол / имансыз досым / мені / Құраннан / бұрып адастырды», - дейді. Ақиқатында, шайтан, адамды көмексіз тастап кетеді.
وَقَالَ ٱلرَّسُولُ يَٰرَبِّ إِنَّ قَوۡمِي ٱتَّخَذُواْ هَٰذَا ٱلۡقُرۡءَانَ مَهۡجُورٗا
Open ayah 25:30Әрі Елші: «Раббым! Қауымым бұл Құранды шет қалдырды»,- деді.
وَكَذَٰلِكَ جَعَلۡنَا لِكُلِّ نَبِيٍّ عَدُوّٗا مِّنَ ٱلۡمُجۡرِمِينَۗ وَكَفَىٰ بِرَبِّكَ هَادِيٗا وَنَصِيرٗا
Open ayah 25:31Осылай әрбір пайғамбарға Біз, бұзықтардан жау шығарғанбыз. Сенің Раббың тура жолмен жүргізуде және көмек беруде жеткілікті.
وَقَالَ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ لَوۡلَا نُزِّلَ عَلَيۡهِ ٱلۡقُرۡءَانُ جُمۡلَةٗ وَٰحِدَةٗۚ كَذَٰلِكَ لِنُثَبِّتَ بِهِۦ فُؤَادَكَۖ وَرَتَّلۡنَٰهُ تَرۡتِيلٗا
Open ayah 25:32Ал, күпірлік етушілер / Аллаһқа серік қосушылар / : «Оған Құран бірден түсірілсе еді?» - деді. Біз, жүрегіңді онымен орнықтыру үшін оны осылай түсірдік және оны бөліп, ретімен / анық етіп / оқып бердік.
وَلَا يَأۡتُونَكَ بِمَثَلٍ إِلَّا جِئۡنَٰكَ بِٱلۡحَقِّ وَأَحۡسَنَ تَفۡسِيرًا
Open ayah 25:33/ Ей, Мұхаммед! / Олар саған қандай да бір мысал келтірсе, Біз саған ақиқатты әрі ең жақсы / мән-мағынасын ашатын / түсіндірмені келтіреміз.
ٱلَّذِينَ يُحۡشَرُونَ عَلَىٰ وُجُوهِهِمۡ إِلَىٰ جَهَنَّمَ أُوْلَٰٓئِكَ شَرّٞ مَّكَانٗا وَأَضَلُّ سَبِيلٗا
Open ayah 25:34Сондай, Жаһаннамға беттерімен сүйретіліп жиналатындар, олар ең жаман орындағылар және жолдан қатты адасқандар.
وَلَقَدۡ ءَاتَيۡنَا مُوسَى ٱلۡكِتَٰبَ وَجَعَلۡنَا مَعَهُۥٓ أَخَاهُ هَٰرُونَ وَزِيرٗا
Open ayah 25:35Әрі Біз Мұсаға Кітапты бердік, онымен бірге, бауыры Һарұнды көмекші еттік.
فَقُلۡنَا ٱذۡهَبَآ إِلَى ٱلۡقَوۡمِ ٱلَّذِينَ كَذَّبُواْ بِـَٔايَٰتِنَا فَدَمَّرۡنَٰهُمۡ تَدۡمِيرٗا
Open ayah 25:36Әрі / Оларға / : «Екеуің Біздің белгілерімізді өтірік санаған елге барыңдар»,-дедік. Кейін оларды / фиръаундықтарды / жойып, жоқ еттік.
وَقَوۡمَ نُوحٖ لَّمَّا كَذَّبُواْ ٱلرُّسُلَ أَغۡرَقۡنَٰهُمۡ وَجَعَلۡنَٰهُمۡ لِلنَّاسِ ءَايَةٗۖ وَأَعۡتَدۡنَا لِلظَّٰلِمِينَ عَذَابًا أَلِيمٗا
Open ayah 25:37Нұхтың елін де, олар елшілерді өтірікші санаған кездерінде суға батырдық және оларды адамдарға бір белгі-ғибрат еттік. Әділетсіздер үшін Біз күйзелтуші азап әзірледік.
وَعَادٗا وَثَمُودَاْ وَأَصۡحَٰبَ ٱلرَّسِّ وَقُرُونَۢا بَيۡنَ ذَٰلِكَ كَثِيرٗا
Open ayah 25:38Сондай-ақ Ад және Сәмүд елдерін, әр-Расс тұрғындарын әрі олардың арасындағы көп ұрпақтарды да / жойдық / .
وَكُلّٗا ضَرَبۡنَا لَهُ ٱلۡأَمۡثَٰلَۖ وَكُلّٗا تَبَّرۡنَا تَتۡبِيرٗا
Open ayah 25:39Әрі Біз олардың әрбіріне тәмсіл, мысалдар келтірдік және / сенбегендердің / барлығын құртып, жойып жібердік.
وَلَقَدۡ أَتَوۡاْ عَلَى ٱلۡقَرۡيَةِ ٱلَّتِيٓ أُمۡطِرَتۡ مَطَرَ ٱلسَّوۡءِۚ أَفَلَمۡ يَكُونُواْ يَرَوۡنَهَاۚ بَلۡ كَانُواْ لَا يَرۡجُونَ نُشُورٗا
Open ayah 25:40Әрі олар / мүшріктер / пәлекет жаңбыры жаудырылған мекеннің қасынан өтетін еді. Сонда олар көрмеді ме оны? Жоқ! Олар қайта тірілуді үміт етпеді.
وَإِذَا رَأَوۡكَ إِن يَتَّخِذُونَكَ إِلَّا هُزُوًا أَهَٰذَا ٱلَّذِي بَعَثَ ٱللَّهُ رَسُولًا
Open ayah 25:41/ Ей, Мұхаммед! / Олар сені көрген кездерінде келеке етіп: «Аллаһтың Елші етіп жібергені мынау ма?
إِن كَادَ لَيُضِلُّنَا عَنۡ ءَالِهَتِنَا لَوۡلَآ أَن صَبَرۡنَا عَلَيۡهَاۚ وَسَوۡفَ يَعۡلَمُونَ حِينَ يَرَوۡنَ ٱلۡعَذَابَ مَنۡ أَضَلُّ سَبِيلًا
Open ayah 25:42Егер біз құдайларымызға байланысты табандылық танытпағанымызда, ол бізді олардан тайдыруға жақын қалған еді», дейді. Азапты көрген кездерінде, олар жолдан кімнің адасқанын біледі.
أَرَءَيۡتَ مَنِ ٱتَّخَذَ إِلَٰهَهُۥ هَوَىٰهُ أَفَأَنتَ تَكُونُ عَلَيۡهِ وَكِيلًا
Open ayah 25:43/ Ей, Мұхаммед! / Өзінің құмарлығын өзіне құдай етіп алғанды көрдің бе? Сен ол үшін жауапкер боласың ба?
أَمۡ تَحۡسَبُ أَنَّ أَكۡثَرَهُمۡ يَسۡمَعُونَ أَوۡ يَعۡقِلُونَۚ إِنۡ هُمۡ إِلَّا كَٱلۡأَنۡعَٰمِ بَلۡ هُمۡ أَضَلُّ سَبِيلًا
Open ayah 25:44Әлде сен олардың көпшілігі тыңдай алады, не ақылдарын істетіп ұғына алады деп ойлайсың ба? Негізінде олар, бар болғаны малдар тәрізді. Жоқ! Олар - жолдан қатты адасушы.
أَلَمۡ تَرَ إِلَىٰ رَبِّكَ كَيۡفَ مَدَّ ٱلظِّلَّ وَلَوۡ شَآءَ لَجَعَلَهُۥ سَاكِنٗا ثُمَّ جَعَلۡنَا ٱلشَّمۡسَ عَلَيۡهِ دَلِيلٗا
Open ayah 25:45Раббыңның көлеңкені қалай созғанын көрмедің бе? Егер Ол қалағанда, оны / көлеңкені / тұрақты етер еді. Сөйтіп күнді оған белгі-дәлел еттік.
ثُمَّ قَبَضۡنَٰهُ إِلَيۡنَا قَبۡضٗا يَسِيرٗا
Open ayah 25:46Кейін оны Өзімізге қарай біртіндеп жинаймыз.
وَهُوَ ٱلَّذِي جَعَلَ لَكُمُ ٱلَّيۡلَ لِبَاسٗا وَٱلنَّوۡمَ سُبَاتٗا وَجَعَلَ ٱلنَّهَارَ نُشُورٗا
Open ayah 25:47Әрі Ол / Аллаһ / сендерге түнді - жамылғы, ұйқыны - тынығу етті және күндізді - / жан-жаққа / таралу еткен.
وَهُوَ ٱلَّذِيٓ أَرۡسَلَ ٱلرِّيَٰحَ بُشۡرَۢا بَيۡنَ يَدَيۡ رَحۡمَتِهِۦۚ وَأَنزَلۡنَا مِنَ ٱلسَّمَآءِ مَآءٗ طَهُورٗا
Open ayah 25:48Және Ол / Аллаһ / Өз мейірімінің / жаңбырдың / алдында желдерді қуанышты хабар ретінде жіберді. Әрі аспаннан таза су түсірдік,
لِّنُحۡـِۧيَ بِهِۦ بَلۡدَةٗ مَّيۡتٗا وَنُسۡقِيَهُۥ مِمَّا خَلَقۡنَآ أَنۡعَٰمٗا وَأَنَاسِيَّ كَثِيرٗا
Open ayah 25:49онымен өлі аймақтарды тірілтіп және Өзіміз жаратқандардан көптеген малдар мен көптеген адамдарды сумен қамтамасыз етуіміз үшін.
وَلَقَدۡ صَرَّفۡنَٰهُ بَيۡنَهُمۡ لِيَذَّكَّرُواْ فَأَبَىٰٓ أَكۡثَرُ ٱلنَّاسِ إِلَّا كُفُورٗا
Open ayah 25:50Әрі олар еске алулары үшін, Біз оны / жаңбыр суын / араларына бөлдік. Бірақ адамдардың көпшілігі күпірліктен / игіліктерді теріске шығарудан / басқасын қаламайды.
وَلَوۡ شِئۡنَا لَبَعَثۡنَا فِي كُلِّ قَرۡيَةٖ نَّذِيرٗا
Open ayah 25:51Егер де қаласақ, әрбір елді мекенге ескертуші жіберетін едік.
فَلَا تُطِعِ ٱلۡكَٰفِرِينَ وَجَٰهِدۡهُم بِهِۦ جِهَادٗا كَبِيرٗا
Open ayah 25:52/ Ей, Мұхаммед! / Сен кәпірлерге бағынба және олармен ол / Құран / арқылы үлкен күрес жүргіз.
۞وَهُوَ ٱلَّذِي مَرَجَ ٱلۡبَحۡرَيۡنِ هَٰذَا عَذۡبٞ فُرَاتٞ وَهَٰذَا مِلۡحٌ أُجَاجٞ وَجَعَلَ بَيۡنَهُمَا بَرۡزَخٗا وَحِجۡرٗا مَّحۡجُورٗا
Open ayah 25:53Әрі Ол / Аллаһ / бірі сүйкімді - тұщы, ал бірі тұзды - ащы екі теңізді қосты және екеуінің арасына бөгет пен өте алмайтын тосқауыл орнатты.
وَهُوَ ٱلَّذِي خَلَقَ مِنَ ٱلۡمَآءِ بَشَرٗا فَجَعَلَهُۥ نَسَبٗا وَصِهۡرٗاۗ وَكَانَ رَبُّكَ قَدِيرٗا
Open ayah 25:54Әрі Ол адамзатты судан / ұрық суынан / жаратып, оны / әке жағынан / туыстар және / неке жағынан /жекжатетті. Сенің Раббың - барлық нәрсеніЖасай алушы.
وَيَعۡبُدُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِ مَا لَا يَنفَعُهُمۡ وَلَا يَضُرُّهُمۡۗ وَكَانَ ٱلۡكَافِرُ عَلَىٰ رَبِّهِۦ ظَهِيرٗا
Open ayah 25:55Ал, олар Аллаһтан өзге, өздеріне пайда да келтіре алмайтын, зиян да жеткізе алмайтын нәрселерге табынады. Анығында, кәпір - өзінің Раббысына қарсы көмектесуші.
وَمَآ أَرۡسَلۡنَٰكَ إِلَّا مُبَشِّرٗا وَنَذِيرٗا
Open ayah 25:56/ Ей, Мұхаммед! / Біз сені жақсы хабар жеткізуші әрі ескертуші етіп қана жібердік.
قُلۡ مَآ أَسۡـَٔلُكُمۡ عَلَيۡهِ مِنۡ أَجۡرٍ إِلَّا مَن شَآءَ أَن يَتَّخِذَ إِلَىٰ رَبِّهِۦ سَبِيلٗا
Open ayah 25:57Айт: «Мен сендерден бұл үшін ақы сұрамаймын, тек кім қаласа Раббысына апаратын жол ұстансын» - деп.
وَتَوَكَّلۡ عَلَى ٱلۡحَيِّ ٱلَّذِي لَا يَمُوتُ وَسَبِّحۡ بِحَمۡدِهِۦۚ وَكَفَىٰ بِهِۦ بِذُنُوبِ عِبَادِهِۦ خَبِيرًا
Open ayah 25:58Ешқашан өлмейтін, мәңгі Тіріге / әл-Хаййға / жүгініп, Оған ісіңді тапсыр / тәуекел ет / және Оған мақтаулар айтып, / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріпте. Ал құлдарының күнәларын білуде Ол / Оның Өзі / жеткілікті.
ٱلَّذِي خَلَقَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضَ وَمَا بَيۡنَهُمَا فِي سِتَّةِ أَيَّامٖ ثُمَّ ٱسۡتَوَىٰ عَلَى ٱلۡعَرۡشِۖ ٱلرَّحۡمَٰنُ فَسۡـَٔلۡ بِهِۦ خَبِيرٗا
Open ayah 25:59Ол аспандар мен жерді әрі екеуінің арасындағыларын алты күнде жаратты, кейін Аршыға көтерілді. Ол әр-Рахман / аса Қайырымды / . Ол туралы бәрінен Хабардардан / Хабирден / сұра.
وَإِذَا قِيلَ لَهُمُ ٱسۡجُدُواْۤ لِلرَّحۡمَٰنِ قَالُواْ وَمَا ٱلرَّحۡمَٰنُ أَنَسۡجُدُ لِمَا تَأۡمُرُنَا وَزَادَهُمۡ نُفُورٗا۩
Open ayah 25:60Ал, қашан оларға: «Әр-Рахманға сәжде етіңдер» -делінсе, олар: «Әр-Рахман деген не? Біз сен бұйырғанға сәжде ете береміз бе?» - дейді әрі бұл олардың безінуін арттырады.
تَبَارَكَ ٱلَّذِي جَعَلَ فِي ٱلسَّمَآءِ بُرُوجٗا وَجَعَلَ فِيهَا سِرَٰجٗا وَقَمَرٗا مُّنِيرٗا
Open ayah 25:61Аса Берекелі Ол, аспанда шоқжұлдыздарды орнатты, әрі онда шырақ / күн / және сәулеленген айды жасады.
وَهُوَ ٱلَّذِي جَعَلَ ٱلَّيۡلَ وَٱلنَّهَارَ خِلۡفَةٗ لِّمَنۡ أَرَادَ أَن يَذَّكَّرَ أَوۡ أَرَادَ شُكُورٗا
Open ayah 25:62Әрі Ол / Аллаһ / еске алуды және шүкір етуді / Өзінің берген игіліктеріне алғыс білдіруді / қалағандар үшін түн мен күндізді бір-бірінің артынан келетін етіп жасады.
وَعِبَادُ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلَّذِينَ يَمۡشُونَ عَلَى ٱلۡأَرۡضِ هَوۡنٗا وَإِذَا خَاطَبَهُمُ ٱلۡجَٰهِلُونَ قَالُواْ سَلَٰمٗا
Open ayah 25:63Әрі әр-Рахманның құлдары жер бетінде кішіпейілдікпен сыпайы жүріп, оларға надандар тіл тигізсе: «Сәләм / Тыныштық болсын / !» - деп айтатындар,
وَٱلَّذِينَ يَبِيتُونَ لِرَبِّهِمۡ سُجَّدٗا وَقِيَٰمٗا
Open ayah 25:64және түндерін өздерінің Раббысына / намазда / сәжде жасап және тік тұрып / қиямда / өткізетіндер,
وَٱلَّذِينَ يَقُولُونَ رَبَّنَا ٱصۡرِفۡ عَنَّا عَذَابَ جَهَنَّمَۖ إِنَّ عَذَابَهَا كَانَ غَرَامًا
Open ayah 25:65және: «Раббымыз! Жаһаннам азабын бізден бұр. Ақиқатында оның азабы тұрақты.
إِنَّهَا سَآءَتۡ مُسۡتَقَرّٗا وَمُقَامٗا
Open ayah 25:66Шын мәнінде, ол - тұрақтың және орынның ең жаманы!» - дейтіндер.
وَٱلَّذِينَ إِذَآ أَنفَقُواْ لَمۡ يُسۡرِفُواْ وَلَمۡ يَقۡتُرُواْ وَكَانَ بَيۡنَ ذَٰلِكَ قَوَامٗا
Open ayah 25:67Әрі олар / дүниелерін / жұмсағандарында ысырап та қылмай және сараңдық та етпей, осының арасында тура болатындар.
وَٱلَّذِينَ لَا يَدۡعُونَ مَعَ ٱللَّهِ إِلَٰهًا ءَاخَرَ وَلَا يَقۡتُلُونَ ٱلنَّفۡسَ ٱلَّتِي حَرَّمَ ٱللَّهُ إِلَّا بِٱلۡحَقِّ وَلَا يَزۡنُونَۚ وَمَن يَفۡعَلۡ ذَٰلِكَ يَلۡقَ أَثَامٗا
Open ayah 25:68Және олар Аллаһпен қатар басқа құдайға жалбарынбайтындар, Аллаһ / өлтіруге / тыйым салған жанды өлтірмейтіндер, тек заңды түрде болмаса. Әрі зина жасамайтындар. Ал мұны істеген, қайтарым жазасын алады.
يُضَٰعَفۡ لَهُ ٱلۡعَذَابُ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ وَيَخۡلُدۡ فِيهِۦ مُهَانًا
Open ayah 25:69Оған Қайта тірілу күні азап бірнеше есе арттырылады әрі ол онда қор болып, мәңгілік қалады,
إِلَّا مَن تَابَ وَءَامَنَ وَعَمِلَ عَمَلٗا صَٰلِحٗا فَأُوْلَٰٓئِكَ يُبَدِّلُ ٱللَّهُ سَيِّـَٔاتِهِمۡ حَسَنَٰتٖۗ وَكَانَ ٱللَّهُ غَفُورٗا رَّحِيمٗا
Open ayah 25:70алайда, кім істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтса / тәубе етсе / әрі иманға келсе және ізгі амал жасаса, олар басқа. Аллаһ олардың жамандықтарын жақсылықтарға ауыстырады. Аллаһ өте Кешірімді , ерекше Мейірімді.
وَمَن تَابَ وَعَمِلَ صَٰلِحٗا فَإِنَّهُۥ يَتُوبُ إِلَى ٱللَّهِ مَتَابٗا
Open ayah 25:71Ал, кім күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтса / тәубеге келсе / және ізгі амал жасаса, міне сол, шын мәнінде Аллаһқа қайтқан болады.
وَٱلَّذِينَ لَا يَشۡهَدُونَ ٱلزُّورَ وَإِذَا مَرُّواْ بِٱللَّغۡوِ مَرُّواْ كِرَامٗا
Open ayah 25:72Әрі олар / әр-Рахманның құлдары -/ өтірік нәрселерге қатыспайды және бос нәрселердің / пайдасыз боссөздермен істердің / жанынан өткенде, өз қадір-абыройын сақтап өтеді,
وَٱلَّذِينَ إِذَا ذُكِّرُواْ بِـَٔايَٰتِ رَبِّهِمۡ لَمۡ يَخِرُّواْ عَلَيۡهَا صُمّٗا وَعُمۡيَانٗا
Open ayah 25:73және солар - өздерінің Раббысының аяттары естеріне салынғанда, оған керең және соқыр күйде жығылмайды,
وَٱلَّذِينَ يَقُولُونَ رَبَّنَا هَبۡ لَنَا مِنۡ أَزۡوَٰجِنَا وَذُرِّيَّٰتِنَا قُرَّةَ أَعۡيُنٖ وَٱجۡعَلۡنَا لِلۡمُتَّقِينَ إِمَامًا
Open ayah 25:74және солар:«Раббымыз! Жұбайларымызды және ұрпақтарымызды көзіміздің қуанышы ет әрі бізді тақуалардың / Өзіңе бойсұнып, жазадан қорқып, сақтанғандардың / алды ете гөр», - дейтіндер.
أُوْلَٰٓئِكَ يُجۡزَوۡنَ ٱلۡغُرۡفَةَ بِمَا صَبَرُواْ وَيُلَقَّوۡنَ فِيهَا تَحِيَّةٗ وَسَلَٰمًا
Open ayah 25:75Оларға сабыр еткендіктері үшін қайтарым сый ретінде Жәннаттағы жоғарғы орындар беріледі. Олар ол жерде сәлеммен және амандықпен қарсы алынады.
خَٰلِدِينَ فِيهَاۚ حَسُنَتۡ مُسۡتَقَرّٗا وَمُقَامٗا
Open ayah 25:76Олар онда мәңгі қалады. Ол мекен әрі тұрақ жай ретінде қандай жақсы.
قُلۡ مَا يَعۡبَؤُاْ بِكُمۡ رَبِّي لَوۡلَا دُعَآؤُكُمۡۖ فَقَدۡ كَذَّبۡتُمۡ فَسَوۡفَ يَكُونُ لِزَامَۢا
Open ayah 25:77/ Ей, Мұхаммед! / Айт / мүшріктерге / : «Егер тілек, сиынуларың / Аллаһқағанаарналғанқұлшылықтарың / болмаса, Раббым сендерге қарамайды. Сендер өтірікке шығардыңдар, енді / сендерге азап / міндетті түрде болады», - деп.