الصافات
As-Saaffaat
Translation: Kazakh - Khalifah Altai Charity Foundation · Open the surah
بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
وَٱلصَّٰٓفَّٰتِ صَفّٗا
Open ayah 37:1Ант етемін! Сап түзеп тұратындармен,
فَٱلزَّٰجِرَٰتِ زَجۡرٗا
Open ayah 37:2және айдаған айдаушылармен,
فَٱلتَّٰلِيَٰتِ ذِكۡرًا
Open ayah 37:3және Еске салушыны / Құранды / оқитындармен.
إِنَّ إِلَٰهَكُمۡ لَوَٰحِدٞ
Open ayah 37:4Ақиқатында, сендердің құдайларың әл-Уахид / Бір, жалғыз / .
رَّبُّ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ وَمَا بَيۡنَهُمَا وَرَبُّ ٱلۡمَشَٰرِقِ
Open ayah 37:5Ол - аспандар мен жердің және екеуінің арасында болғандардың Раббысы, әрі шығыстардың Раббысы.
إِنَّا زَيَّنَّا ٱلسَّمَآءَ ٱلدُّنۡيَا بِزِينَةٍ ٱلۡكَوَاكِبِ
Open ayah 37:6Біз төменгі аспанды аспан денелерімен / жұлдыз, ғаламшарлармен / көріктендірдік,
وَحِفۡظٗا مِّن كُلِّ شَيۡطَٰنٖ مَّارِدٖ
Open ayah 37:7және оны барлық бойсұнбаушы шайтаннан сақтадық.
لَّا يَسَّمَّعُونَ إِلَى ٱلۡمَلَإِ ٱلۡأَعۡلَىٰ وَيُقۡذَفُونَ مِن كُلِّ جَانِبٖ
Open ayah 37:8Олар жоғарыдағы топты тыңдай алмайды, сөйтіп олар жан-жақтан атқыланып,
دُحُورٗاۖ وَلَهُمۡ عَذَابٞ وَاصِبٌ
Open ayah 37:9қуылады. Әрі оларға тұрақты азап бар.
إِلَّا مَنۡ خَطِفَ ٱلۡخَطۡفَةَ فَأَتۡبَعَهُۥ شِهَابٞ ثَاقِبٞ
Open ayah 37:10Ал, кім / тыңдап / іліп алса, оның соңына отты ұшқын түседі.
فَٱسۡتَفۡتِهِمۡ أَهُمۡ أَشَدُّ خَلۡقًا أَم مَّنۡ خَلَقۡنَآۚ إِنَّا خَلَقۡنَٰهُم مِّن طِينٖ لَّازِبِۭ
Open ayah 37:11/ Ей, Мұхаммед! / Олардан сұра, оларды жарату қиын ба, әлде Біздің жаратқандарымызды ма? Анығында, Біз оларды жабысқақ лайдан жараттық.
بَلۡ عَجِبۡتَ وَيَسۡخَرُونَ
Open ayah 37:12Негізінде, сен таңғалдың, ал олар / айтқандарыңды / келеке етеді.
وَإِذَا ذُكِّرُواْ لَا يَذۡكُرُونَ
Open ayah 37:13Әрі қашан естеріне салынса, олар естеріне алмайды,
وَإِذَا رَأَوۡاْ ءَايَةٗ يَسۡتَسۡخِرُونَ
Open ayah 37:14ал, егер бір белгіні көрсе, мазақ етеді.
وَقَالُوٓاْ إِنۡ هَٰذَآ إِلَّا سِحۡرٞ مُّبِينٌ
Open ayah 37:15Олар: «Бұл ап-анық сиқыр ғана.
أَءِذَا مِتۡنَا وَكُنَّا تُرَابٗا وَعِظَٰمًا أَءِنَّا لَمَبۡعُوثُونَ
Open ayah 37:16Біз өліп, топырақ пен сүйектерге айналған кезімізде қайтадан тірілтілеміз бе?
أَوَءَابَآؤُنَا ٱلۡأَوَّلُونَ
Open ayah 37:17Әрі біздің алдыңғы бабаларымыз да ма?» - дейді.
قُلۡ نَعَمۡ وَأَنتُمۡ دَٰخِرُونَ
Open ayah 37:18/ Ей, Мұхаммед! / Айт: «Иә. Әрі сендер де қор болған күйлеріңде», - деп.
فَإِنَّمَا هِيَ زَجۡرَةٞ وَٰحِدَةٞ فَإِذَا هُمۡ يَنظُرُونَ
Open ayah 37:19Шын мәнінде, ол - бір дыбыс қана. Сонда олар / қайта тіріліп / қарап тұрады.
وَقَالُواْ يَٰوَيۡلَنَا هَٰذَا يَوۡمُ ٱلدِّينِ
Open ayah 37:20Олар: «Қап! Сорымыз құрысын! Бұл - Есеп күні»,- дейді.
هَٰذَا يَوۡمُ ٱلۡفَصۡلِ ٱلَّذِي كُنتُم بِهِۦ تُكَذِّبُونَ
Open ayah 37:21/ Оларға!: «Міне, өздерің өтірік санап келген Айыру күні - осы», - делінеді.
۞ٱحۡشُرُواْ ٱلَّذِينَ ظَلَمُواْ وَأَزۡوَٰجَهُمۡ وَمَا كَانُواْ يَعۡبُدُونَ
Open ayah 37:22/ Аса ұлы Аллаһ періштелерге / °: «Әділетсіз болғандарды және оларға ұқсағандарды және олардың табынғандарын жинаңдар,
مِن دُونِ ٱللَّهِ فَٱهۡدُوهُمۡ إِلَىٰ صِرَٰطِ ٱلۡجَحِيمِ
Open ayah 37:23Аллаһтан өзге / жалған құдайларын / . Сөйтіп оларды Жахимның / тозақтың / жолына салыңдар.
وَقِفُوهُمۡۖ إِنَّهُم مَّسۡـُٔولُونَ
Open ayah 37:24Әрі оларды тоқтатыңдар, өйткені олар сұраққа тартылады.
مَا لَكُمۡ لَا تَنَاصَرُونَ
Open ayah 37:25/ Оларға / : «Сендерге не болды, неге бір-біріңе көмектеспейсіңдер?» - делінеді.
بَلۡ هُمُ ٱلۡيَوۡمَ مُسۡتَسۡلِمُونَ
Open ayah 37:26Әрине, олар бүгін бойсұнушы.
وَأَقۡبَلَ بَعۡضُهُمۡ عَلَىٰ بَعۡضٖ يَتَسَآءَلُونَ
Open ayah 37:27Әрі олар бір-біріне қарап, сұрақ қояды.
قَالُوٓاْ إِنَّكُمۡ كُنتُمۡ تَأۡتُونَنَا عَنِ ٱلۡيَمِينِ
Open ayah 37:28/ Ерушілер / : «Сендер бізге оң жағымыздан келуші едіңдер», -дейді.
قَالُواْ بَل لَّمۡ تَكُونُواْ مُؤۡمِنِينَ
Open ayah 37:29/ Бастаушылары / : «Жоқ! Сендер өздерің иманға келмедіңдер.
وَمَا كَانَ لَنَا عَلَيۡكُم مِّن سُلۡطَٰنِۭۖ بَلۡ كُنتُمۡ قَوۡمٗا طَٰغِينَ
Open ayah 37:30Әрі сендерге біздің билігіміз болған жоқ. Негізінде, сендер шектен шыққан адамдар едіңдер.
فَحَقَّ عَلَيۡنَا قَوۡلُ رَبِّنَآۖ إِنَّا لَذَآئِقُونَ
Open ayah 37:31Енді Раббымыздың бізге қатысты Сөзі орындалды. Күмәнісіз, / жазаны / татамыз.
فَأَغۡوَيۡنَٰكُمۡ إِنَّا كُنَّا غَٰوِينَ
Open ayah 37:32Иә, Біз сендерді адастырдық, өйткені өзіміз де адасуда едік», - дейді.
فَإِنَّهُمۡ يَوۡمَئِذٖ فِي ٱلۡعَذَابِ مُشۡتَرِكُونَ
Open ayah 37:33Әрі сол күні олар азапта бірге болады.
إِنَّا كَذَٰلِكَ نَفۡعَلُ بِٱلۡمُجۡرِمِينَ
Open ayah 37:34Ақиқатында, Біз қылмыскерлерге осылай істейміз.
إِنَّهُمۡ كَانُوٓاْ إِذَا قِيلَ لَهُمۡ لَآ إِلَٰهَ إِلَّا ٱللَّهُ يَسۡتَكۡبِرُونَ
Open ayah 37:35Өйткені оларға: «Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ», - деп айтылған кезде, олар менменсіп, өздерін жоғары қоятын,
وَيَقُولُونَ أَئِنَّا لَتَارِكُوٓاْ ءَالِهَتِنَا لِشَاعِرٖ مَّجۡنُونِۭ
Open ayah 37:36әрі олар: «Біз жын соққан бір ақынға бола құдайларымызды тастайық па?» -дейтін.
بَلۡ جَآءَ بِٱلۡحَقِّ وَصَدَّقَ ٱلۡمُرۡسَلِينَ
Open ayah 37:37Жоқ, олай емес! Ол ақиқатпен келді және / алдыңғы / елшілердің хақтығын растады.
إِنَّكُمۡ لَذَآئِقُواْ ٱلۡعَذَابِ ٱلۡأَلِيمِ
Open ayah 37:38Сендер міндетті түрде қинаушы азапты татасыңдар.
وَمَا تُجۡزَوۡنَ إِلَّا مَا كُنتُمۡ تَعۡمَلُونَ
Open ayah 37:39Әрі сендерге тек, істеп өткен амалдарыңның қайтарымы беріледі.
إِلَّا عِبَادَ ٱللَّهِ ٱلۡمُخۡلَصِينَ
Open ayah 37:40Ал, Аллаһтың тазартылған құлдары басқа.
أُوْلَٰٓئِكَ لَهُمۡ رِزۡقٞ مَّعۡلُومٞ
Open ayah 37:41Міне, соларға белгілі ризық бар,
فَوَٰكِهُ وَهُم مُّكۡرَمُونَ
Open ayah 37:42/ сан түрлі / жемістер, әрі олар құрметке бөленеді.
فِي جَنَّٰتِ ٱلنَّعِيمِ
Open ayah 37:43Наъим (Жәннаттың аты. Мағрасы - көптеген нығмет, игілік) бақтарында,
عَلَىٰ سُرُرٖ مُّتَقَٰبِلِينَ
Open ayah 37:44көтеріңкі орындарда бір-біріне қарама-қарсы отырады.
يُطَافُ عَلَيۡهِم بِكَأۡسٖ مِّن مَّعِينِۭ
Open ayah 37:45Оларды бұлақтан толтырылған кеселермен айналып жүреді,
بَيۡضَآءَ لَذَّةٖ لِّلشَّٰرِبِينَ
Open ayah 37:46аппақ әрі ішушілер үшін ләззатты.
لَا فِيهَا غَوۡلٞ وَلَا هُمۡ عَنۡهَا يُنزَفُونَ
Open ayah 37:47Одан іш ауырмайды әрі одан олар ақыл-естерін жоғалтпайды.
وَعِندَهُمۡ قَٰصِرَٰتُ ٱلطَّرۡفِ عِينٞ
Open ayah 37:48Әрі олардың жанында көздерін қорғайтын, жанарлары үлкен / қыздар / бар.
كَأَنَّهُنَّ بَيۡضٞ مَّكۡنُونٞ
Open ayah 37:49Әрі олар бейне бір / аялап / қорғалған жұмыртқадай.
فَأَقۡبَلَ بَعۡضُهُمۡ عَلَىٰ بَعۡضٖ يَتَسَآءَلُونَ
Open ayah 37:50Олар / жәннаттықтар / бір-біріне қарап сұрасады.
قَالَ قَآئِلٞ مِّنۡهُمۡ إِنِّي كَانَ لِي قَرِينٞ
Open ayah 37:51Олардың біреуі: «Менің бір жолдасым бар еді.
يَقُولُ أَءِنَّكَ لَمِنَ ٱلۡمُصَدِّقِينَ
Open ayah 37:52Ол маған: «Сен / қайта тірілуді! шын деп сенушілерденсің бе?
أَءِذَا مِتۡنَا وَكُنَّا تُرَابٗا وَعِظَٰمًا أَءِنَّا لَمَدِينُونَ
Open ayah 37:53Біз өліп топырақ пен сүйектерге айналған кезімізде есеп беріп жазаға тартыламыз ба?» - дейтін.
قَالَ هَلۡ أَنتُم مُّطَّلِعُونَ
Open ayah 37:54Сендер оны көріп тұрған жоқсындар ма?»- / деп жанындағылардан сұрайды. /
فَٱطَّلَعَ فَرَءَاهُ فِي سَوَآءِ ٱلۡجَحِيمِ
Open ayah 37:55Сонда өзі қарап, оны Жахимның ортасында көреді.
قَالَ تَٱللَّهِ إِن كِدتَّ لَتُرۡدِينِ
Open ayah 37:56Ол: «Аллаһпен ант етейін, сәл болмағанда сен мені құрта жаздадың.
وَلَوۡلَا نِعۡمَةُ رَبِّي لَكُنتُ مِنَ ٱلۡمُحۡضَرِينَ
Open ayah 37:57Раббымның игілігі болмағанда, мен / тозаққа / келтірілгендерден болар едім», -дейді.
أَفَمَا نَحۡنُ بِمَيِّتِينَ
Open ayah 37:58/ Жәннаттықтар / : «Біз өлмейміз бе,
إِلَّا مَوۡتَتَنَا ٱلۡأُولَىٰ وَمَا نَحۡنُ بِمُعَذَّبِينَ
Open ayah 37:59/ дүниедегі / бірінші өлімімізден басқа. Әрі біз жазаға тартылмаймыз ба?» - дейді.
إِنَّ هَٰذَا لَهُوَ ٱلۡفَوۡزُ ٱلۡعَظِيمُ
Open ayah 37:60Шын мәнінде, бұл - ұлы табыс / жетістік, игілік / .
لِمِثۡلِ هَٰذَا فَلۡيَعۡمَلِ ٱلۡعَٰمِلُونَ
Open ayah 37:61Амал етушілер, міне, осы секілді / ұлы игілік / үшін амал етсін.
أَذَٰلِكَ خَيۡرٞ نُّزُلًا أَمۡ شَجَرَةُ ٱلزَّقُّومِ
Open ayah 37:62Сый-сияпат ретінде осы / Жәннат / жақсы ма, әлде / тозақтағы / заққұм ағашы ма?
إِنَّا جَعَلۡنَٰهَا فِتۡنَةٗ لِّلظَّٰلِمِينَ
Open ayah 37:63Анығында, Біз оны / заққұмды / әділетсіздер үшін сынақ еттік.
إِنَّهَا شَجَرَةٞ تَخۡرُجُ فِيٓ أَصۡلِ ٱلۡجَحِيمِ
Open ayah 37:64Ол - Жахим / тозағының / түбінен өсетін бір ағаш.
طَلۡعُهَا كَأَنَّهُۥ رُءُوسُ ٱلشَّيَٰطِينِ
Open ayah 37:65Оның жемістері шайтандардың бастары секілді / өте ұсқынсыз / .
فَإِنَّهُمۡ لَأٓكِلُونَ مِنۡهَا فَمَالِـُٔونَ مِنۡهَا ٱلۡبُطُونَ
Open ayah 37:66Ал, олар одан жейді әрі онымен қарындарын толтырады.
ثُمَّ إِنَّ لَهُمۡ عَلَيۡهَا لَشَوۡبٗا مِّنۡ حَمِيمٖ
Open ayah 37:67Содан кейін оларға оның үстінен қайнап тұрған су араластырылып беріледі.
ثُمَّ إِنَّ مَرۡجِعَهُمۡ لَإِلَى ٱلۡجَحِيمِ
Open ayah 37:68Кейін олардың / әділетсіздердің / қайтар жерлері - Жахим.
إِنَّهُمۡ أَلۡفَوۡاْ ءَابَآءَهُمۡ ضَآلِّينَ
Open ayah 37:69Ақиқатында, олар аталарын адасқан күйлерінде тапты,
فَهُمۡ عَلَىٰٓ ءَاثَٰرِهِمۡ يُهۡرَعُونَ
Open ayah 37:70әрі өздері де олардың / аталарының / іздерінен асығыс жүгіруде.
وَلَقَدۡ ضَلَّ قَبۡلَهُمۡ أَكۡثَرُ ٱلۡأَوَّلِينَ
Open ayah 37:71Негізінде оларға дейін де алдыңғылардың көбі адасқан еді.
وَلَقَدۡ أَرۡسَلۡنَا فِيهِم مُّنذِرِينَ
Open ayah 37:72Біз оларға ескертетін ескертушілерді / пайғамбарлар / жібердік.
فَٱنظُرۡ كَيۡفَ كَانَ عَٰقِبَةُ ٱلۡمُنذَرِينَ
Open ayah 37:73/ Ей, Мұхаммед! / Ал, енді ескертілгендердің соңы / қалай / болғанына назар сал,
إِلَّا عِبَادَ ٱللَّهِ ٱلۡمُخۡلَصِينَ
Open ayah 37:74тек Аллаһтың тазартқан құлдарынан басқаларының.
وَلَقَدۡ نَادَىٰنَا نُوحٞ فَلَنِعۡمَ ٱلۡمُجِيبُونَ
Open ayah 37:75Ақиқатында, Нұх Бізге жалбарына үн қатты, Біз қандай жақсы жауап қайтарушымыз.
وَنَجَّيۡنَٰهُ وَأَهۡلَهُۥ مِنَ ٱلۡكَرۡبِ ٱلۡعَظِيمِ
Open ayah 37:76Әрі Біз оны және оның үй ішін өте үлкен қайғыдан құтқардық.
وَجَعَلۡنَا ذُرِّيَّتَهُۥ هُمُ ٱلۡبَاقِينَ
Open ayah 37:77Әрі оның ұрпағын қалушылар еттік / қалдырдық / .
وَتَرَكۡنَا عَلَيۡهِ فِي ٱلۡأٓخِرِينَ
Open ayah 37:78Ол жайлы кейінгілердің арасында / ізгі сөз / қалдырдық.
سَلَٰمٌ عَلَىٰ نُوحٖ فِي ٱلۡعَٰلَمِينَ
Open ayah 37:79Әлемдердің ішінде Нұхқа сәлем !
إِنَّا كَذَٰلِكَ نَجۡزِي ٱلۡمُحۡسِنِينَ
Open ayah 37:80Күмәнсіз, Біз жақсылықты ықыласпен істеушілерге сыйын осылай береміз.
إِنَّهُۥ مِنۡ عِبَادِنَا ٱلۡمُؤۡمِنِينَ
Open ayah 37:81Шын мәнінде, ол - Біздің иманды / мүмін / құлдарымыздан.
ثُمَّ أَغۡرَقۡنَا ٱلۡأٓخَرِينَ
Open ayah 37:82Кейін басқаларды суға батырдық.
۞وَإِنَّ مِن شِيعَتِهِۦ لَإِبۡرَٰهِيمَ
Open ayah 37:83Әрі шын мәнінде, Ибраһим де оның жолындағылардан еді.
إِذۡ جَآءَ رَبَّهُۥ بِقَلۡبٖ سَلِيمٍ
Open ayah 37:84Ол Раббысына сау жүрекпен келді.
إِذۡ قَالَ لِأَبِيهِ وَقَوۡمِهِۦ مَاذَا تَعۡبُدُونَ
Open ayah 37:85Ол әкесіне әрі еліне: «Сендер не нәрсеге табынасыңдар?
أَئِفۡكًا ءَالِهَةٗ دُونَ ٱللَّهِ تُرِيدُونَ
Open ayah 37:86Сендер Аллаһтан өзге, ойдан құрастырылған құдайларды қалайсыңдар ма?
فَمَا ظَنُّكُم بِرَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ
Open ayah 37:87Әлемдердің Раббысы жайында не ойлайсыңдар?» - деді.
فَنَظَرَ نَظۡرَةٗ فِي ٱلنُّجُومِ
Open ayah 37:88Сөйтіп, ол жұлдыздарға бір қарап көз тастады да:
فَقَالَ إِنِّي سَقِيمٞ
Open ayah 37:89«Мен ауырып тұрмын», - деді.
فَتَوَلَّوۡاْ عَنۡهُ مُدۡبِرِينَ
Open ayah 37:90Сонда олар одан бұрылып кетті.
فَرَاغَ إِلَىٰٓ ءَالِهَتِهِمۡ فَقَالَ أَلَا تَأۡكُلُونَ
Open ayah 37:91Ал, ол олардың құдайларына / пұттарына / жасырына келіп: «Сендер жемейсіңдер ме?
مَا لَكُمۡ لَا تَنطِقُونَ
Open ayah 37:92Сендерге не болды, неге сөйлемейсіңдер?» - деді.
فَرَاغَ عَلَيۡهِمۡ ضَرۡبَۢا بِٱلۡيَمِينِ
Open ayah 37:93Сөйтіп, ол оларды оң қолымен ұруға кірісті.
فَأَقۡبَلُوٓاْ إِلَيۡهِ يَزِفُّونَ
Open ayah 37:94Сонда олар / қауымы / оған асығып келді.
قَالَ أَتَعۡبُدُونَ مَا تَنۡحِتُونَ
Open ayah 37:95Ол / Ибраһим / : «Сендер, өздерің қашап жасағандарыңа табынасыңдар ма?
وَٱللَّهُ خَلَقَكُمۡ وَمَا تَعۡمَلُونَ
Open ayah 37:96Ал Аллаһ сендерді де, сендердің жасап жатқандарыңды да жаратқан», - деді.
قَالُواْ ٱبۡنُواْ لَهُۥ بُنۡيَٰنٗا فَأَلۡقُوهُ فِي ٱلۡجَحِيمِ
Open ayah 37:97Олар: «Оған бір құрылыс құрып, оны отқа лақтырыңдар», - деді.
فَأَرَادُواْ بِهِۦ كَيۡدٗا فَجَعَلۡنَٰهُمُ ٱلۡأَسۡفَلِينَ
Open ayah 37:98Әрі олар оған бір айла жасағылары келді, бірақ Біз оларды ең төменгілерден еттік.
وَقَالَ إِنِّي ذَاهِبٌ إِلَىٰ رَبِّي سَيَهۡدِينِ
Open ayah 37:99/ Оттан аман шыққан соң Ибраһим / : «Мен өзімнің Раббыма барамын, Ол мені тура жолмен жүргізеді.
رَبِّ هَبۡ لِي مِنَ ٱلصَّٰلِحِينَ
Open ayah 37:100Раббым! Маған ізгілерден тарту ет», - деді.
فَبَشَّرۡنَٰهُ بِغُلَٰمٍ حَلِيمٖ
Open ayah 37:101Сонда Біз оны өте ұстамды бір ұлмен сүйіншіледік.
فَلَمَّا بَلَغَ مَعَهُ ٱلسَّعۡيَ قَالَ يَٰبُنَيَّ إِنِّيٓ أَرَىٰ فِي ٱلۡمَنَامِ أَنِّيٓ أَذۡبَحُكَ فَٱنظُرۡ مَاذَا تَرَىٰۚ قَالَ يَٰٓأَبَتِ ٱفۡعَلۡ مَا تُؤۡمَرُۖ سَتَجِدُنِيٓ إِن شَآءَ ٱللَّهُ مِنَ ٱلصَّٰبِرِينَ
Open ayah 37:102Ол / ұлы / оның өзімен бірге жүріп, әрекет етуге жеткен кезде, ол: «Әй, балам! Мен түсімде сені / құрбандыққа / шалып жатқанымды көремін. Байқап қарашы, сен не ойлайсың?» - деді. Ол: «Әкешім! Өзіңе бұйырылғанды орында. Аллаһ қаласа, мені сабырлылардан табасың», - деді.
فَلَمَّآ أَسۡلَمَا وَتَلَّهُۥ لِلۡجَبِينِ
Open ayah 37:103Сөйтіп, екеуі де бойсұнып, ол оны маңдайын жерге тигізіп жатқызған кезде,
وَنَٰدَيۡنَٰهُ أَن يَٰٓإِبۡرَٰهِيمُ
Open ayah 37:104Біз үн қатып: «Ей, Ибраһим!
قَدۡ صَدَّقۡتَ ٱلرُّءۡيَآۚ إِنَّا كَذَٰلِكَ نَجۡزِي ٱلۡمُحۡسِنِينَ
Open ayah 37:105Сен түсіңде көргеніңді растап, орындадың»,-дедік. жақсылықты ықыласпен істеушілерге қайтарым сыйын Біз осылай береміз.
إِنَّ هَٰذَا لَهُوَ ٱلۡبَلَٰٓؤُاْ ٱلۡمُبِينُ
Open ayah 37:106Ақиқатында, бұл - анық сынақ.
وَفَدَيۡنَٰهُ بِذِبۡحٍ عَظِيمٖ
Open ayah 37:107Әрі Біз оның орнына ұлы құрбандық бердік.
وَتَرَكۡنَا عَلَيۡهِ فِي ٱلۡأٓخِرِينَ
Open ayah 37:108Әрі кейінгілердің арасында ол жайлы / игі дұға-салауат / қалдырдық.
سَلَٰمٌ عَلَىٰٓ إِبۡرَٰهِيمَ
Open ayah 37:109Ибраһимге сәлем / амандық / болсын!
كَذَٰلِكَ نَجۡزِي ٱلۡمُحۡسِنِينَ
Open ayah 37:110Біз жақсылықты ықыласпен істеушілердің сыйын осылай береміз.
إِنَّهُۥ مِنۡ عِبَادِنَا ٱلۡمُؤۡمِنِينَ
Open ayah 37:111Шын мәнінде, ол - Біздің иманды / мүмін / құлдарымыздан.
وَبَشَّرۡنَٰهُ بِإِسۡحَٰقَ نَبِيّٗا مِّنَ ٱلصَّٰلِحِينَ
Open ayah 37:112Әрі Біз оны Исхақпен - ізгілердің қатарындағы пайғамбармен сүйіншіледік.
وَبَٰرَكۡنَا عَلَيۡهِ وَعَلَىٰٓ إِسۡحَٰقَۚ وَمِن ذُرِّيَّتِهِمَا مُحۡسِنٞ وَظَالِمٞ لِّنَفۡسِهِۦ مُبِينٞ
Open ayah 37:113Әрі Біз оған және Исхаққа береке дарыттық. Ол екеуінің ұрпақтарының ішінде игілік істеушілер бар, сондай-ақ, өзіне-өзі анық әділетсіздік етуші де бар.
وَلَقَدۡ مَنَنَّا عَلَىٰ مُوسَىٰ وَهَٰرُونَ
Open ayah 37:114Әрі Біз Мұса мен Һарұнға да игілік жасадық.
وَنَجَّيۡنَٰهُمَا وَقَوۡمَهُمَا مِنَ ٱلۡكَرۡبِ ٱلۡعَظِيمِ
Open ayah 37:115Әрі ол екеуін және олардың елін үлкен қайғы-қасіреттен құтқардық,
وَنَصَرۡنَٰهُمۡ فَكَانُواْ هُمُ ٱلۡغَٰلِبِينَ
Open ayah 37:116және Біз оларға көмек беріп, олар жеңіске жетті.
وَءَاتَيۡنَٰهُمَا ٱلۡكِتَٰبَ ٱلۡمُسۡتَبِينَ
Open ayah 37:117Әрі Біз екеуіне анық Кітапты / Тәуратты / бердік,
وَهَدَيۡنَٰهُمَا ٱلصِّرَٰطَ ٱلۡمُسۡتَقِيمَ
Open ayah 37:118және екеуін тура жолмен жүргіздік.
وَتَرَكۡنَا عَلَيۡهِمَا فِي ٱلۡأٓخِرِينَ
Open ayah 37:119Әрі Біз ол екеуі жайлы кейінгілердің арасында / жақсы сөз / қалдырдық.
سَلَٰمٌ عَلَىٰ مُوسَىٰ وَهَٰرُونَ
Open ayah 37:120Мұса мен Һарұнға сәлем / амандық / !
إِنَّا كَذَٰلِكَ نَجۡزِي ٱلۡمُحۡسِنِينَ
Open ayah 37:121Ақиқатында, Біз жақсылықты ықыласпен істеушілердің сыйын осылай береміз.
إِنَّهُمَا مِنۡ عِبَادِنَا ٱلۡمُؤۡمِنِينَ
Open ayah 37:122Күмәнсіз, ол екеуі - Біздің иманды / мүмін / құлдарымыздан.
وَإِنَّ إِلۡيَاسَ لَمِنَ ٱلۡمُرۡسَلِينَ
Open ayah 37:123Әрі шын мәнінде, Ілияс та жіберілгендерден.
إِذۡ قَالَ لِقَوۡمِهِۦٓ أَلَا تَتَّقُونَ
Open ayah 37:124Кезінде ол еліне: « / Аллаһтан / қорқып, сақтанбайсыңдар ма?
أَتَدۡعُونَ بَعۡلٗا وَتَذَرُونَ أَحۡسَنَ ٱلۡخَٰلِقِينَ
Open ayah 37:125Сендер Бәълға / пұтқа / жалбарынып, ең жақсы Жаратушыларыңды тастайсыңдар ма-
ٱللَّهَ رَبَّكُمۡ وَرَبَّ ءَابَآئِكُمُ ٱلۡأَوَّلِينَ
Open ayah 37:126өздеріңнің Раббың әрі бұрынғы ата-бабаларыңның Раббысы болған Аллаһты?» - деді.
فَكَذَّبُوهُ فَإِنَّهُمۡ لَمُحۡضَرُونَ
Open ayah 37:127Сонда олар оны өтірікшіге шығарды, енді олар міндетті түрде / тозаққа / келтіріледі,
إِلَّا عِبَادَ ٱللَّهِ ٱلۡمُخۡلَصِينَ
Open ayah 37:128тек Аллаһтың тазартқан құлдарынан басқалары.
وَتَرَكۡنَا عَلَيۡهِ فِي ٱلۡأٓخِرِينَ
Open ayah 37:129Әрі Біз ол жайлы кейінгілердің арасында / жақсы сөз / қалдырдық.
سَلَٰمٌ عَلَىٰٓ إِلۡ يَاسِينَ
Open ayah 37:130Ілиясинге сәлем!
إِنَّا كَذَٰلِكَ نَجۡزِي ٱلۡمُحۡسِنِينَ
Open ayah 37:131Күмәнсіз, Біз жақсылықты ықыласпен істеушілердің сыйын осылай береміз.
إِنَّهُۥ مِنۡ عِبَادِنَا ٱلۡمُؤۡمِنِينَ
Open ayah 37:132Шын мәнінде, ол Біздің иманды / мүмін / құлдарымыздан.
وَإِنَّ لُوطٗا لَّمِنَ ٱلۡمُرۡسَلِينَ
Open ayah 37:133Сөзсіз, Лұт та жіберілгендерден.
إِذۡ نَجَّيۡنَٰهُ وَأَهۡلَهُۥٓ أَجۡمَعِينَ
Open ayah 37:134Біз оны және оның үй ішінің барлығын құтқардық,
إِلَّا عَجُوزٗا فِي ٱلۡغَٰبِرِينَ
Open ayah 37:135тек қалушылардан болған бір кемпірден басқа.
ثُمَّ دَمَّرۡنَا ٱلۡأٓخَرِينَ
Open ayah 37:136Содан кейін басқаларын жойып жібердік.
وَإِنَّكُمۡ لَتَمُرُّونَ عَلَيۡهِم مُّصۡبِحِينَ
Open ayah 37:137Әрі сендер олардың жанынан таңертең өтесіңдер,
وَبِٱلَّيۡلِۚ أَفَلَا تَعۡقِلُونَ
Open ayah 37:138және түнде де. Ақылдарыңды істетіп, ұғынбайсыңдар ма?
وَإِنَّ يُونُسَ لَمِنَ ٱلۡمُرۡسَلِينَ
Open ayah 37:139Йунус та жіберілгендерден.
إِذۡ أَبَقَ إِلَى ٱلۡفُلۡكِ ٱلۡمَشۡحُونِ
Open ayah 37:140Кезінде ол лық толы болған кемеге қашқан еді.
فَسَاهَمَ فَكَانَ مِنَ ٱلۡمُدۡحَضِينَ
Open ayah 37:141Содан жеребе тартып, жеңілгендерден болды.
فَٱلۡتَقَمَهُ ٱلۡحُوتُ وَهُوَ مُلِيمٞ
Open ayah 37:142Сөйтіп оны жазғырылуға лайық болған күйінде кит жұтты.
فَلَوۡلَآ أَنَّهُۥ كَانَ مِنَ ٱلۡمُسَبِّحِينَ
Open ayah 37:143Егер де ол / Аллаһты кемшіліктен / пәк деп дәріптеушілерден болмағанда,
لَلَبِثَ فِي بَطۡنِهِۦٓ إِلَىٰ يَوۡمِ يُبۡعَثُونَ
Open ayah 37:144оның / киттің / ішінде қайта тірілтілетін күнге дейін қалған болар еді.
۞فَنَبَذۡنَٰهُ بِٱلۡعَرَآءِ وَهُوَ سَقِيمٞ
Open ayah 37:145Сонда Біз оны ашық жерге шығарып тастадық.Ал, ол әлсіз еді.
وَأَنۢبَتۡنَا عَلَيۡهِ شَجَرَةٗ مِّن يَقۡطِينٖ
Open ayah 37:146Әрі Біз оның үстіне / оған / иақтийн өсімдігін өсірдік.
وَأَرۡسَلۡنَٰهُ إِلَىٰ مِاْئَةِ أَلۡفٍ أَوۡ يَزِيدُونَ
Open ayah 37:147Әрі Біз оны жүз мың немесе одан да көпке жібердік.
فَـَٔامَنُواْ فَمَتَّعۡنَٰهُمۡ إِلَىٰ حِينٖ
Open ayah 37:148Олар иманға келді. Сонда Біз оларды бір мерзімге дейін пайдаландырдық.
فَٱسۡتَفۡتِهِمۡ أَلِرَبِّكَ ٱلۡبَنَاتُ وَلَهُمُ ٱلۡبَنُونَ
Open ayah 37:149Олардан / мүшріктерден / сұра, шынымен-ақ сенің Раббыңа қыздар, ал оларға ұлдар ма?
أَمۡ خَلَقۡنَا ٱلۡمَلَٰٓئِكَةَ إِنَٰثٗا وَهُمۡ شَٰهِدُونَ
Open ayah 37:150Әлде Біз періштелерді әйел етіп жаратып, олар оны / көріп / куә болды ма?
أَلَآ إِنَّهُم مِّنۡ إِفۡكِهِمۡ لَيَقُولُونَ
Open ayah 37:151Біліңдер! Олар ойларынан шығарған жаласын айтады:
وَلَدَ ٱللَّهُ وَإِنَّهُمۡ لَكَٰذِبُونَ
Open ayah 37:152«Аллаһ туды», - деп. Олар - сөзсіз, өтірік айтушылар.
أَصۡطَفَى ٱلۡبَنَاتِ عَلَى ٱلۡبَنِينَ
Open ayah 37:153Ол ұлдарға қарағанда қыздарды таңдады ма?
مَا لَكُمۡ كَيۡفَ تَحۡكُمُونَ
Open ayah 37:154Сендерге не болды, қалай шешім шығарасыңдар?
أَفَلَا تَذَكَّرُونَ
Open ayah 37:155Естеріңе түсірмейсіңдер ме?
أَمۡ لَكُمۡ سُلۡطَٰنٞ مُّبِينٞ
Open ayah 37:156Әлде сендерде анық дәлел бар ма?
فَأۡتُواْ بِكِتَٰبِكُمۡ إِن كُنتُمۡ صَٰدِقِينَ
Open ayah 37:157Егер шын сөзді болсаңдар, кітаптарыңды әкеліңдер.
وَجَعَلُواْ بَيۡنَهُۥ وَبَيۡنَ ٱلۡجِنَّةِ نَسَبٗاۚ وَلَقَدۡ عَلِمَتِ ٱلۡجِنَّةُ إِنَّهُمۡ لَمُحۡضَرُونَ
Open ayah 37:158Олар / серік қосушылар / Онымен / Аллаһпен / жындардың арасында туыстық байланыс бар деп ұйғарды. Ал жындар болса өздерінің / есеп беруге / келтірілетінін білді.
سُبۡحَٰنَ ٱللَّهِ عَمَّا يَصِفُونَ
Open ayah 37:159Аллаһ - олардың таңған сипаттарынан / жапқан жалаларынан / пәк,
إِلَّا عِبَادَ ٱللَّهِ ٱلۡمُخۡلَصِينَ
Open ayah 37:160тек Аллаһтың тазартқан құлдары ғана басқа / ондайдан аулақ / .
فَإِنَّكُمۡ وَمَا تَعۡبُدُونَ
Open ayah 37:161Ал, сендер және сендердің табынғандарың,
مَآ أَنتُمۡ عَلَيۡهِ بِفَٰتِنِينَ
Open ayah 37:162Оған / Аллаһқа / қатысты ешкімді де бүлікке сала алмайсыңдар,
إِلَّا مَنۡ هُوَ صَالِ ٱلۡجَحِيمِ
Open ayah 37:163тек Жахимда (Тозақта) жанатындарды ғана / бүлікке түсіре аласыңдар / .
وَمَا مِنَّآ إِلَّا لَهُۥ مَقَامٞ مَّعۡلُومٞ
Open ayah 37:164/ Періштелер / : «Бізден орны белгілі болмаған ешкім жоқ.
وَإِنَّا لَنَحۡنُ ٱلصَّآفُّونَ
Open ayah 37:165Ақиқатында, біз қатарланып тұрушымыз.
وَإِنَّا لَنَحۡنُ ٱلۡمُسَبِّحُونَ
Open ayah 37:166Әрі біз - / Аллаһты кемшіліктерден / пәк деп дәріптеушіміз», - дейді.
وَإِن كَانُواْ لَيَقُولُونَ
Open ayah 37:167Ал, олар / Мекке мүшріктері / кезінде:
لَوۡ أَنَّ عِندَنَا ذِكۡرٗا مِّنَ ٱلۡأَوَّلِينَ
Open ayah 37:168«Егер де бізде әуелгілерден бір «Еске салу» болғанда,
لَكُنَّا عِبَادَ ٱللَّهِ ٱلۡمُخۡلَصِينَ
Open ayah 37:169онда біз де Аллаһтың таңдалған құлдарынан болар едік», - деп айтатын еді.
فَكَفَرُواْ بِهِۦۖ فَسَوۡفَ يَعۡلَمُونَ
Open ayah 37:170Алайда, олар оған / Елшіге / күпірлік етті / сенбеді / . Енді олар жақын арада біледі.
وَلَقَدۡ سَبَقَتۡ كَلِمَتُنَا لِعِبَادِنَا ٱلۡمُرۡسَلِينَ
Open ayah 37:171Әрі Біздің Сөзіміз Елші етіп жіберілген құлдарымызға алдын ала бекітіліп қойылған:
إِنَّهُمۡ لَهُمُ ٱلۡمَنصُورُونَ
Open ayah 37:172Оларға сөзсіз көмек берілетіні,
وَإِنَّ جُندَنَا لَهُمُ ٱلۡغَٰلِبُونَ
Open ayah 37:173және Біздің әскеріміздің жеңетіні туралы.
فَتَوَلَّ عَنۡهُمۡ حَتَّىٰ حِينٖ
Open ayah 37:174Ей, Мұхаммед! / Олардан / мүшріктерден / бір уақытқа дейін жүзіңді бүр,
وَأَبۡصِرۡهُمۡ فَسَوۡفَ يُبۡصِرُونَ
Open ayah 37:175әрі Оларға қара, жақында олар / азапты / көреді.
أَفَبِعَذَابِنَا يَسۡتَعۡجِلُونَ
Open ayah 37:176Олар Біздің азабымыздың тез болуын талап ете ме?
فَإِذَا نَزَلَ بِسَاحَتِهِمۡ فَسَآءَ صَبَاحُ ٱلۡمُنذَرِينَ
Open ayah 37:177Ал, ол / азап / олардың есіктерінің алдына түскен кезде, ескертілгендердің таңы қандай жаман болады.
وَتَوَلَّ عَنۡهُمۡ حَتَّىٰ حِينٖ
Open ayah 37:178/ Ей, Мұхаммед! / Олардан / мүшріктерден / бір уақытқа дейін жүзіңді бүр,
وَأَبۡصِرۡ فَسَوۡفَ يُبۡصِرُونَ
Open ayah 37:179және қара, жақында олар / азапты / көреді.
سُبۡحَٰنَ رَبِّكَ رَبِّ ٱلۡعِزَّةِ عَمَّا يَصِفُونَ
Open ayah 37:180Сенің Раббың - үстемдік Раббысы / Иесі / олардың сипаттағандарынан пәк.
وَسَلَٰمٌ عَلَى ٱلۡمُرۡسَلِينَ
Open ayah 37:181Әрі елшілерге сәлем / амандық / .
وَٱلۡحَمۡدُ لِلَّهِ رَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ
Open ayah 37:182Барлық мақтау - Әлемдердің Раббысы Аллаһқа.