يس
Yaseen
Translation: Kazakh - Khalifah Altai Charity Foundation · Open the surah
بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
يسٓ
Open ayah 36:1Йа, Син.
وَٱلۡقُرۡءَانِ ٱلۡحَكِيمِ
Open ayah 36:2Хикметті Құранмен ант етемін!
إِنَّكَ لَمِنَ ٱلۡمُرۡسَلِينَ
Open ayah 36:3/ Ей, Мұхаммед! / Шын мәнінде, сен елшілерденсің,
عَلَىٰ صِرَٰطٖ مُّسۡتَقِيمٖ
Open ayah 36:4тура жолдағы.
تَنزِيلَ ٱلۡعَزِيزِ ٱلرَّحِيمِ
Open ayah 36:5Бұл бәрінен Үстем, ерекше Рақымдының түсіргені,
لِتُنذِرَ قَوۡمٗا مَّآ أُنذِرَ ءَابَآؤُهُمۡ فَهُمۡ غَٰفِلُونَ
Open ayah 36:6аталары ескертілмей, өздері қаперсіз жүрген елге ескертуің үшін.
لَقَدۡ حَقَّ ٱلۡقَوۡلُ عَلَىٰٓ أَكۡثَرِهِمۡ فَهُمۡ لَا يُؤۡمِنُونَ
Open ayah 36:7Олардың көпшілігіне қатысты Сөз шындыққа айналды, енді олар сенбейді.
إِنَّا جَعَلۡنَا فِيٓ أَعۡنَٰقِهِمۡ أَغۡلَٰلٗا فَهِيَ إِلَى ٱلۡأَذۡقَانِ فَهُم مُّقۡمَحُونَ
Open ayah 36:8Біз олардың / кәпірлердің / мойындарын иектеріне дейін жететін бұғаулармен құрсаулап қаптадық. Содан олардың бастары кекшиіп қалады.
وَجَعَلۡنَا مِنۢ بَيۡنِ أَيۡدِيهِمۡ سَدّٗا وَمِنۡ خَلۡفِهِمۡ سَدّٗا فَأَغۡشَيۡنَٰهُمۡ فَهُمۡ لَا يُبۡصِرُونَ
Open ayah 36:9Әрі Біз олардың алдарынан да тосқауыл және арттарынан да тосқауыл қойып, оларды бүркедік, сондықтан олар көрмейді.
وَسَوَآءٌ عَلَيۡهِمۡ ءَأَنذَرۡتَهُمۡ أَمۡ لَمۡ تُنذِرۡهُمۡ لَا يُؤۡمِنُونَ
Open ayah 36:10/ Ей, Мұхаммед! / Ескертсең де, ескертпесең де оларға бәрібір, олар иманға келмейді.
إِنَّمَا تُنذِرُ مَنِ ٱتَّبَعَ ٱلذِّكۡرَ وَخَشِيَ ٱلرَّحۡمَٰنَ بِٱلۡغَيۡبِۖ فَبَشِّرۡهُ بِمَغۡفِرَةٖ وَأَجۡرٖ كَرِيمٍ
Open ayah 36:11Негізінде, сен Ескертуге / Құранға / ерген және әр-Рахманнан / аса Қайырымдыдан / , Оны көрмей-ақ қорыққанға ескерте аласың. Оны кешірім әрі көркем сыймен сүйіншіле.
إِنَّا نَحۡنُ نُحۡيِ ٱلۡمَوۡتَىٰ وَنَكۡتُبُ مَا قَدَّمُواْ وَءَاثَٰرَهُمۡۚ وَكُلَّ شَيۡءٍ أَحۡصَيۡنَٰهُ فِيٓ إِمَامٖ مُّبِينٖ
Open ayah 36:12Ақиқатында, Біз өлілерді қайта тірілтеміз және олардың бұрын әзірлегендерін / істеген амалдарын / және артында қалдырған іздерін жазып қоямыз. Біз әрбірнәрсені анық Түпнұсқада / Ләухул-Махфузда / 2Ш есептеп қойдық.
وَٱضۡرِبۡ لَهُم مَّثَلًا أَصۡحَٰبَ ٱلۡقَرۡيَةِ إِذۡ جَآءَهَا ٱلۡمُرۡسَلُونَ
Open ayah 36:13/ Ей, Мұхаммед! / Оларға бір кент халқының мысалын келтір. Кезінде ол кентке елшілер келген еді.
إِذۡ أَرۡسَلۡنَآ إِلَيۡهِمُ ٱثۡنَيۡنِ فَكَذَّبُوهُمَا فَعَزَّزۡنَا بِثَالِثٖ فَقَالُوٓاْ إِنَّآ إِلَيۡكُم مُّرۡسَلُونَ
Open ayah 36:14Біз оларға / елшінің / екеуін жібергенімізде, олар / кент халқы / екеуін өтірікшіге шығарды. Сонда Біз / ол екеуін / үшіншімен күшейттік те, олар: «Біз - сендерге жіберілген елшілерміз», - деді.
قَالُواْ مَآ أَنتُمۡ إِلَّا بَشَرٞ مِّثۡلُنَا وَمَآ أَنزَلَ ٱلرَّحۡمَٰنُ مِن شَيۡءٍ إِنۡ أَنتُمۡ إِلَّا تَكۡذِبُونَ
Open ayah 36:15/ Кент халқы / : «Сендер бар болғаны біз сияқты ғана адамсыңдар. Әр-Рахман / аса Қайырымды / ешнәрсе түсірмеді, сендер өтірік айтып тұрсыңдар», - деді.
قَالُواْ رَبُّنَا يَعۡلَمُ إِنَّآ إِلَيۡكُمۡ لَمُرۡسَلُونَ
Open ayah 36:16/ Елшілер / : «Раббымыз біледі. Ақиқатында, біз сендерге жіберілген елшілерміз.
وَمَا عَلَيۡنَآ إِلَّا ٱلۡبَلَٰغُ ٱلۡمُبِينُ
Open ayah 36:17Әрі Бізге жүктелгені анық - түрде жеткізу ғана»,-деді.
قَالُوٓاْ إِنَّا تَطَيَّرۡنَا بِكُمۡۖ لَئِن لَّمۡ تَنتَهُواْ لَنَرۡجُمَنَّكُمۡ وَلَيَمَسَّنَّكُم مِّنَّا عَذَابٌ أَلِيمٞ
Open ayah 36:18/ Кент халқы / : «Біз сендерден жамандықтың нышанын байқап тұрмыз. Егер тыйылмасаңдар, сендерді таспен ұрамыз. Әрі біздің тарапымыздан болған азапқа ұшырайсыңдар», - деді.
قَالُواْ طَٰٓئِرُكُم مَّعَكُمۡ أَئِن ذُكِّرۡتُمۚ بَلۡ أَنتُمۡ قَوۡمٞ مُّسۡرِفُونَ
Open ayah 36:19/ Елшілер / : «Жаман ырымдарың өздеріңмен бірге. Естеріңе салса да ма / ескертсе де ме / ? Олай емес, сендер шектен шыққан елсіңдер», - деді.
وَجَآءَ مِنۡ أَقۡصَا ٱلۡمَدِينَةِ رَجُلٞ يَسۡعَىٰ قَالَ يَٰقَوۡمِ ٱتَّبِعُواْ ٱلۡمُرۡسَلِينَ
Open ayah 36:20Сонда қаланың шетінен бір кісі жүгіріп келіп: «Әй, адамдар! Елшілерге еріңдер.
ٱتَّبِعُواْ مَن لَّا يَسۡـَٔلُكُمۡ أَجۡرٗا وَهُم مُّهۡتَدُونَ
Open ayah 36:21Өздеріңнен ақы сұрамайтындарға және тура жолда болғандарға еріндер.
وَمَا لِيَ لَآ أَعۡبُدُ ٱلَّذِي فَطَرَنِي وَإِلَيۡهِ تُرۡجَعُونَ
Open ayah 36:22Әрі мен өзімді жаратқанға және өздерің Оған қайтарылатынға / Аллаһқа / қалайша құлшылық етпеймін?
ءَأَتَّخِذُ مِن دُونِهِۦٓ ءَالِهَةً إِن يُرِدۡنِ ٱلرَّحۡمَٰنُ بِضُرّٖ لَّا تُغۡنِ عَنِّي شَفَٰعَتُهُمۡ شَيۡـٔٗا وَلَا يُنقِذُونِ
Open ayah 36:23Мен Одан өзгелерді құдайлар етіп аламын ба? Егер әр-Рахман / аса Қайырымды / маған бір зиян тигізуді қаласа, олардың ара түсулері / шапағаты / маған еш пайда бермейді әрі олар мені құтқара да алмайды.
إِنِّيٓ إِذٗا لَّفِي ضَلَٰلٖ مُّبِينٍ
Open ayah 36:24Онда мен сөзсіз анық адасуда болған боламын.
إِنِّيٓ ءَامَنتُ بِرَبِّكُمۡ فَٱسۡمَعُونِ
Open ayah 36:25Ақиқатында, мен сендердің Раббыңа сендім. Мені тыңдаңдар.»,- деді.
قِيلَ ٱدۡخُلِ ٱلۡجَنَّةَۖ قَالَ يَٰلَيۡتَ قَوۡمِي يَعۡلَمُونَ
Open ayah 36:26Оған: «Жәннатқа кір»,- делінді. Ол: «Егер елім білгенде еді,
بِمَا غَفَرَ لِي رَبِّي وَجَعَلَنِي مِنَ ٱلۡمُكۡرَمِينَ
Open ayah 36:2719Раббымның мені не үшін кешіргенін әрі мені қадірлілер қатарынан еткенін», - деді.
۞وَمَآ أَنزَلۡنَا عَلَىٰ قَوۡمِهِۦ مِنۢ بَعۡدِهِۦ مِن جُندٖ مِّنَ ٱلسَّمَآءِ وَمَا كُنَّا مُنزِلِينَ
Open ayah 36:28Біз оның еліне одан кейін аспаннан ешқандай әскер түсірмедік және түсіруші де емеспіз.
إِن كَانَتۡ إِلَّا صَيۡحَةٗ وَٰحِدَةٗ فَإِذَا هُمۡ خَٰمِدُونَ
Open ayah 36:29Бар болғаны бір ғана сайха болды да, олар сол сәтте өшті.
يَٰحَسۡرَةً عَلَى ٱلۡعِبَادِۚ مَا يَأۡتِيهِم مِّن رَّسُولٍ إِلَّا كَانُواْ بِهِۦ يَسۡتَهۡزِءُونَ
Open ayah 36:30Өздеріне келген әрбір Елшіні келеке еткен құлдарға қасірет бар\
أَلَمۡ يَرَوۡاْ كَمۡ أَهۡلَكۡنَا قَبۡلَهُم مِّنَ ٱلۡقُرُونِ أَنَّهُمۡ إِلَيۡهِمۡ لَا يَرۡجِعُونَ
Open ayah 36:31Олар өздерінен бұрын қанша ұрпақтарды жойып жібергенімізді көрмеді ме? Әрі олардың өздеріне қайта келмейтіндіктерін.
وَإِن كُلّٞ لَّمَّا جَمِيعٞ لَّدَيۡنَا مُحۡضَرُونَ
Open ayah 36:32Әрі күмәнсіз, барлығы бірге алдымызға жиналады.
وَءَايَةٞ لَّهُمُ ٱلۡأَرۡضُ ٱلۡمَيۡتَةُ أَحۡيَيۡنَٰهَا وَأَخۡرَجۡنَا مِنۡهَا حَبّٗا فَمِنۡهُ يَأۡكُلُونَ
Open ayah 36:33Әрі тіршіліксіз / өлі / жер - олар үшін бір белгі. Біз оны жандандырып / тіршілік бітіріп / , одан олар азық ететін дән шығардық.
وَجَعَلۡنَا فِيهَا جَنَّٰتٖ مِّن نَّخِيلٖ وَأَعۡنَٰبٖ وَفَجَّرۡنَا فِيهَا مِنَ ٱلۡعُيُونِ
Open ayah 36:34Әрі онда құрма бақтары және жүзімдіктер жасадық және онда бастаулар ағыздық,
لِيَأۡكُلُواْ مِن ثَمَرِهِۦ وَمَا عَمِلَتۡهُ أَيۡدِيهِمۡۚ أَفَلَا يَشۡكُرُونَ
Open ayah 36:35оның жемістерінен жеулері үшін. бұл олардың қолдарының істегендері емес. Сонда олар шүкір етпей ме / Раббысының берген игіліктеріне алғыс білдірмей ме / ?
سُبۡحَٰنَ ٱلَّذِي خَلَقَ ٱلۡأَزۡوَٰجَ كُلَّهَا مِمَّا تُنۢبِتُ ٱلۡأَرۡضُ وَمِنۡ أَنفُسِهِمۡ وَمِمَّا لَا يَعۡلَمُونَ
Open ayah 36:36Жердің өсірген нәрселерін, олардың / адамдардың / өздерін және олар білмейтін нәрселердің барлығын жұп етіп жаратқан Ол / Аллаһ / / барлық кемшіліктен / пәк.
وَءَايَةٞ لَّهُمُ ٱلَّيۡلُ نَسۡلَخُ مِنۡهُ ٱلنَّهَارَ فَإِذَا هُم مُّظۡلِمُونَ
Open ayah 36:37Әрі олар үшін түн - бір белгі. Біз одан күндізді ажыратып аламыз, сол кезде олар қараңғылықта қалады.
وَٱلشَّمۡسُ تَجۡرِي لِمُسۡتَقَرّٖ لَّهَاۚ ذَٰلِكَ تَقۡدِيرُ ٱلۡعَزِيزِ ٱلۡعَلِيمِ
Open ayah 36:38Сондай-ақ, күн өзінің белгіленген уақытына жүзеді. бұл - бәрінен Үстем, бәрін Білушінің белгілеуі / тағдыр еткені / .
وَٱلۡقَمَرَ قَدَّرۡنَٰهُ مَنَازِلَ حَتَّىٰ عَادَ كَٱلۡعُرۡجُونِ ٱلۡقَدِيمِ
Open ayah 36:39Әрі айдың да құрманыңқурағанбұтағындай болғанына дейінгі орындарын белгілеп қойдық.
لَا ٱلشَّمۡسُ يَنۢبَغِي لَهَآ أَن تُدۡرِكَ ٱلۡقَمَرَ وَلَا ٱلَّيۡلُ سَابِقُ ٱلنَّهَارِۚ وَكُلّٞ فِي فَلَكٖ يَسۡبَحُونَ
Open ayah 36:40Күннің айға жетуі мүмкін емес әрі түн де күндізден озбайды. Барлығы өз орбиталарында / кеңістіктегі белгіленген айналу жолында / жүзеді.
وَءَايَةٞ لَّهُمۡ أَنَّا حَمَلۡنَا ذُرِّيَّتَهُمۡ فِي ٱلۡفُلۡكِ ٱلۡمَشۡحُونِ
Open ayah 36:41Әрі олардың / адамдардың / ұрпақтарын толған кемеде алып жүруіміз - олар үшін бір белгі.
وَخَلَقۡنَا لَهُم مِّن مِّثۡلِهِۦ مَا يَرۡكَبُونَ
Open ayah 36:42Біз олар үшін соған / кемеге / ұқсастан өздері мінетін нәрселерді / түрлі көлік түрлерін / жаратып бердік.
وَإِن نَّشَأۡ نُغۡرِقۡهُمۡ فَلَا صَرِيخَ لَهُمۡ وَلَا هُمۡ يُنقَذُونَ
Open ayah 36:43Егер қаласақ, оларды суға батырамыз. Сонда оларға көмекші болмайды әрі өздерін құтқара алмайды,
إِلَّا رَحۡمَةٗ مِّنَّا وَمَتَٰعًا إِلَىٰ حِينٖ
Open ayah 36:44тек Бізден бір мейірім болып және белгіленген уақытқа дейінгі пайдаландыруымыз болмаса.
وَإِذَا قِيلَ لَهُمُ ٱتَّقُواْ مَا بَيۡنَ أَيۡدِيكُمۡ وَمَا خَلۡفَكُمۡ لَعَلَّكُمۡ تُرۡحَمُونَ
Open ayah 36:45Қашан оларға / имансыздарға / : «Сендер мейірімге бөленулерің үшін алдарыңдағы және өздеріңнен кейінгі нәрседен қорқып, сақтаныңдар», - деп айтылса,
وَمَا تَأۡتِيهِم مِّنۡ ءَايَةٖ مِّنۡ ءَايَٰتِ رَبِّهِمۡ إِلَّا كَانُواْ عَنۡهَا مُعۡرِضِينَ
Open ayah 36:46әрі олардың Раббысының белгілерінен оларға бір белгі келсе, олар одан теріс бұрылды.
وَإِذَا قِيلَ لَهُمۡ أَنفِقُواْ مِمَّا رَزَقَكُمُ ٱللَّهُ قَالَ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ لِلَّذِينَ ءَامَنُوٓاْ أَنُطۡعِمُ مَن لَّوۡ يَشَآءُ ٱللَّهُ أَطۡعَمَهُۥٓ إِنۡ أَنتُمۡ إِلَّا فِي ضَلَٰلٖ مُّبِينٖ
Open ayah 36:47Қашан оларға: «Аллаһтың өздеріңе ризық етіп бергенінен жұмсаңдар», делінсе, күпірлік етушілер / Аллаһқа шүкірсіздікетушілер / иманға келгендерге: «Егер қаласа Аллаһтың Өзі тамақтандыратын біреуді тамақтандырамыз ба? Негізінде сендер анық адасудасыңдар», - деді.
وَيَقُولُونَ مَتَىٰ هَٰذَا ٱلۡوَعۡدُ إِن كُنتُمۡ صَٰدِقِينَ
Open ayah 36:48Әрі олар: «Шын сөзді болсаңдар, бүл уәде қашан?» - дейді.
مَا يَنظُرُونَ إِلَّا صَيۡحَةٗ وَٰحِدَةٗ تَأۡخُذُهُمۡ وَهُمۡ يَخِصِّمُونَ
Open ayah 36:49Олар / дүние істерімен / таласып-тартысып жатқандарында өздерін ұстайтын сайхадан басқаны күтпейді.
فَلَا يَسۡتَطِيعُونَ تَوۡصِيَةٗ وَلَآ إِلَىٰٓ أَهۡلِهِمۡ يَرۡجِعُونَ
Open ayah 36:50Сонда олар өсиет қалдыруға шамасы келмейді не үй іштеріне қайта алмайды.
وَنُفِخَ فِي ٱلصُّورِ فَإِذَا هُم مِّنَ ٱلۡأَجۡدَاثِ إِلَىٰ رَبِّهِمۡ يَنسِلُونَ
Open ayah 36:51Әрі Сүр үрілген кезде олар қабірлерден / шығып / , өздерінің Раббысына қарай тез жүреді.
قَالُواْ يَٰوَيۡلَنَا مَنۢ بَعَثَنَا مِن مَّرۡقَدِنَاۜۗ هَٰذَا مَا وَعَدَ ٱلرَّحۡمَٰنُ وَصَدَقَ ٱلۡمُرۡسَلُونَ
Open ayah 36:52Олар: «Қап! Сорымыз құрысын! Бізді жатқан жерімізден кім тұрғызды?» - дейді. / Оларға / : «Бүл әр-Рахманның / аса Қайырымдының / уәде еткені және елшілердің айтқан шындығы», - делінеді.
إِن كَانَتۡ إِلَّا صَيۡحَةٗ وَٰحِدَةٗ فَإِذَا هُمۡ جَمِيعٞ لَّدَيۡنَا مُحۡضَرُونَ
Open ayah 36:53Ол тек бір сайха ғана, міне сонда олардың барлығы Біздің алдымызға жиналады.
فَٱلۡيَوۡمَ لَا تُظۡلَمُ نَفۡسٞ شَيۡـٔٗا وَلَا تُجۡزَوۡنَ إِلَّا مَا كُنتُمۡ تَعۡمَلُونَ
Open ayah 36:54Сол күні ешбір жанға ешқандай әділетсіздік жасалмайды әрі сендерге тек істеген амалдарыңа сай қайтарым беріледі.
إِنَّ أَصۡحَٰبَ ٱلۡجَنَّةِ ٱلۡيَوۡمَ فِي شُغُلٖ فَٰكِهُونَ
Open ayah 36:55Ақиқатында, жәннаттықтар ол күні қуаныш пен рахаттан босамайды.
هُمۡ وَأَزۡوَٰجُهُمۡ فِي ظِلَٰلٍ عَلَى ٱلۡأَرَآئِكِ مُتَّكِـُٔونَ
Open ayah 36:56Олар және олардың жұбайлары көлеңкелердегі перделермен сәнденген жұмсақ сәкілерде сүйеніп отырады.
لَهُمۡ فِيهَا فَٰكِهَةٞ وَلَهُم مَّا يَدَّعُونَ
Open ayah 36:57Олар үшін онда жемістер бар әрі қалаған нәрселері бар.
سَلَٰمٞ قَوۡلٗا مِّن رَّبّٖ رَّحِيمٖ
Open ayah 36:58Ерекше Мейірімді / әр-Рахим / Раббысынан оларға амандасу сөзі - «Сәләм!» болады.
وَٱمۡتَٰزُواْ ٱلۡيَوۡمَ أَيُّهَا ٱلۡمُجۡرِمُونَ
Open ayah 36:59/ Қиямет күні кәпірлерге / : «Ей, қылмыскерлер! Сендер бүгін бөлек тұрыңдар.
۞أَلَمۡ أَعۡهَدۡ إِلَيۡكُمۡ يَٰبَنِيٓ ءَادَمَ أَن لَّا تَعۡبُدُواْ ٱلشَّيۡطَٰنَۖ إِنَّهُۥ لَكُمۡ عَدُوّٞ مُّبِينٞ
Open ayah 36:60Ей, Адам ұрпақтары! Мен сендерге: «Шайтанға Құлшылық қылмаңдар, өйткені ол -сендерге анық дұшпан»,- деп өсиет етіп, тапсырмадым ба?
وَأَنِ ٱعۡبُدُونِيۚ هَٰذَا صِرَٰطٞ مُّسۡتَقِيمٞ
Open ayah 36:61Әрі« Маған ғана Құлшылық етіңдер, тура жол - осы», - деп.
وَلَقَدۡ أَضَلَّ مِنكُمۡ جِبِلّٗا كَثِيرًاۖ أَفَلَمۡ تَكُونُواْ تَعۡقِلُونَ
Open ayah 36:62Ол сендерден көптеген топтарды / адамдарды, халықтарды үмметтерді / адастырды. Ақылдарыңды істетуші болмадыңдар ма?
هَٰذِهِۦ جَهَنَّمُ ٱلَّتِي كُنتُمۡ تُوعَدُونَ
Open ayah 36:63Сендерге уәде етіліп келген Жаһаннам (Тозақ) міне - осы.
ٱصۡلَوۡهَا ٱلۡيَوۡمَ بِمَا كُنتُمۡ تَكۡفُرُونَ
Open ayah 36:64Күпірлік еткендерің / имансыздықтарың / үшін бүгін онда жаныңдар.
ٱلۡيَوۡمَ نَخۡتِمُ عَلَىٰٓ أَفۡوَٰهِهِمۡ وَتُكَلِّمُنَآ أَيۡدِيهِمۡ وَتَشۡهَدُ أَرۡجُلُهُم بِمَا كَانُواْ يَكۡسِبُونَ
Open ayah 36:65Бүгін олардың ауыздарын мөрлейміз де Бізге олардың жасаған істері / күнәлары / туралы қолдары айтып, аяқтары куәлік береді.
وَلَوۡ نَشَآءُ لَطَمَسۡنَا عَلَىٰٓ أَعۡيُنِهِمۡ فَٱسۡتَبَقُواْ ٱلصِّرَٰطَ فَأَنَّىٰ يُبۡصِرُونَ
Open ayah 36:66Ал, егер де қалағанымызда, олардың көздерін алып қояр едік, сонда олар жолға ұмтылар еді. Бірақ олар / жолды / қалай көреді?
وَلَوۡ نَشَآءُ لَمَسَخۡنَٰهُمۡ عَلَىٰ مَكَانَتِهِمۡ فَمَا ٱسۡتَطَٰعُواْ مُضِيّٗا وَلَا يَرۡجِعُونَ
Open ayah 36:67Әрі егер де қалағанымызда, олардың түрлерін / басқа түрге / тұрған орындарында өзгертіп жіберер едік. Сонда олар алға да жүре алмай, артқа да қайта алмай қалар еді.
وَمَن نُّعَمِّرۡهُ نُنَكِّسۡهُ فِي ٱلۡخَلۡقِۚ أَفَلَا يَعۡقِلُونَ
Open ayah 36:68Біз кімге ұзақ өмір берсек, оны бастапқы жаратылысына кері қайтарамыз. Олар ақылдарын істетпей ме?
وَمَا عَلَّمۡنَٰهُ ٱلشِّعۡرَ وَمَا يَنۢبَغِي لَهُۥٓۚ إِنۡ هُوَ إِلَّا ذِكۡرٞ وَقُرۡءَانٞ مُّبِينٞ
Open ayah 36:69Біз оған / елшіге / өлең құрастыруды үйреткен жоқпыз, бұл оған лайықты нәрсе емес. Шын мәнінде, ол - тек еске салу әрі анық Кітап,
لِّيُنذِرَ مَن كَانَ حَيّٗا وَيَحِقَّ ٱلۡقَوۡلُ عَلَى ٱلۡكَٰفِرِينَ
Open ayah 36:70оның / Құранның / тірілерді ескертуі және кәпірлерге қатысты Сөздің орындалуы үшін.
أَوَلَمۡ يَرَوۡاْ أَنَّا خَلَقۡنَا لَهُم مِّمَّا عَمِلَتۡ أَيۡدِينَآ أَنۡعَٰمٗا فَهُمۡ لَهَا مَٰلِكُونَ
Open ayah 36:71Біз олар үшін Өз қолдарымызбен жасағаннан шаруа малдарын жаратып бергенімізді көрмей ме?Әрі олар оған иелік етеді.
وَذَلَّلۡنَٰهَا لَهُمۡ فَمِنۡهَا رَكُوبُهُمۡ وَمِنۡهَا يَأۡكُلُونَ
Open ayah 36:72Сондай-ақ Біз оны / малдарды / оларға бағынышты етіп бердік. Олар оның кейбірін мінеді, ал кейбірін жеп, азық етеді,
وَلَهُمۡ فِيهَا مَنَٰفِعُ وَمَشَارِبُۚ أَفَلَا يَشۡكُرُونَ
Open ayah 36:73және олар үшін бұларда пайдалар және ішетін нәрсе / сүт / бар. Олар шүкір етпей ме / Раббысының берген игіліктеріне алғыс білдірмей ме / ?
وَٱتَّخَذُواْ مِن دُونِ ٱللَّهِ ءَالِهَةٗ لَّعَلَّهُمۡ يُنصَرُونَ
Open ayah 36:74Ал олар өздеріне көмектесетін шығар деп Аллаһтан өзгелерді құдайлар етіп алды.
لَا يَسۡتَطِيعُونَ نَصۡرَهُمۡ وَهُمۡ لَهُمۡ جُندٞ مُّحۡضَرُونَ
Open ayah 36:75Өздері олар / жасанды құдайлары / үшін дайын тұрған әскер болса да олар бұларға көмектесуге шамасыз.
فَلَا يَحۡزُنكَ قَوۡلُهُمۡۘ إِنَّا نَعۡلَمُ مَا يُسِرُّونَ وَمَا يُعۡلِنُونَ
Open ayah 36:76/ Ей, Мұхаммед! / Олардың сөздері сені қайғыға салмасын. Біз олардың жасыратындары мен жария етіп жатқандарын білеміз.
أَوَلَمۡ يَرَ ٱلۡإِنسَٰنُ أَنَّا خَلَقۡنَٰهُ مِن نُّطۡفَةٖ فَإِذَا هُوَ خَصِيمٞ مُّبِينٞ
Open ayah 36:77Адам баласы, Біз өзін бір тамшыдан / ұрық суынан / жаратқанымызды көрмеді ме? Міне, енді ол ашықтан-ашық тартысушы.
وَضَرَبَ لَنَا مَثَلٗا وَنَسِيَ خَلۡقَهُۥۖ قَالَ مَن يُحۡيِ ٱلۡعِظَٰمَ وَهِيَ رَمِيمٞ
Open ayah 36:78Әрі ол өзінің жаратылысын / қалай жаратылғанын / ұмытып, Бізге мысал келтірді. Ол: «Шіріген сүйектерді кім тірілтеді?» - деді.
قُلۡ يُحۡيِيهَا ٱلَّذِيٓ أَنشَأَهَآ أَوَّلَ مَرَّةٖۖ وَهُوَ بِكُلِّ خَلۡقٍ عَلِيمٌ
Open ayah 36:79/ Ей, Мұхаммед!! Айт: «Оны сондай, алғашқы рет жоқтан бар еткен тірілтеді. Ол әрбір жаратылғанды жақсы Білуші», -деп.
ٱلَّذِي جَعَلَ لَكُم مِّنَ ٱلشَّجَرِ ٱلۡأَخۡضَرِ نَارٗا فَإِذَآ أَنتُم مِّنۡهُ تُوقِدُونَ
Open ayah 36:80Ол сендерге жасыл ағаштан от пайда етті, сендер одан от жағасыңдар.
أَوَلَيۡسَ ٱلَّذِي خَلَقَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضَ بِقَٰدِرٍ عَلَىٰٓ أَن يَخۡلُقَ مِثۡلَهُمۚ بَلَىٰ وَهُوَ ٱلۡخَلَّٰقُ ٱلۡعَلِيمُ
Open ayah 36:81Аспандарды және жерді жаратушы, олар / адамдар / секілдіні жарата алмай ма? Әрине, / жарата алады / , өйткені Ол барлық нәрсені Жаратушы, бәрін Білуші.
إِنَّمَآ أَمۡرُهُۥٓ إِذَآ أَرَادَ شَيۡـًٔا أَن يَقُولَ لَهُۥ كُن فَيَكُونُ
Open ayah 36:82Ол бір нәрсенің болуын қаласа, Оның әмірі бар болғаны: «Бол!» - деу ғана. Сонда ол болады.
فَسُبۡحَٰنَ ٱلَّذِي بِيَدِهِۦ مَلَكُوتُ كُلِّ شَيۡءٖ وَإِلَيۡهِ تُرۡجَعُونَ
Open ayah 36:83Әрбір нәрсенің билігі Өз қолында болған Ол / барлық кемшіліктен / пәк. Сендер Оған қайтарыласыңдар.