طه
Taa-Haa
Translation: Kazakh - Khalifah Altai Charity Foundation · Open the surah
بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
Та, Ха.
مَآ أَنزَلۡنَا عَلَيۡكَ ٱلۡقُرۡءَانَ لِتَشۡقَىٰٓ
Open ayah 20:2Біз саған Құранды ауыртпашылық салу / бақытсыз болуың / үшін түсірген жоқпыз,
إِلَّا تَذۡكِرَةٗ لِّمَن يَخۡشَىٰ
Open ayah 20:3тек / Аллаһтан / қорқатындар үшін еске салу / ескерту, насихат / етіп,
تَنزِيلٗا مِّمَّنۡ خَلَقَ ٱلۡأَرۡضَ وَٱلسَّمَٰوَٰتِ ٱلۡعُلَى
Open ayah 20:4жерді және биік аспандарды Жаратқанның түсіргені.
ٱلرَّحۡمَٰنُ عَلَى ٱلۡعَرۡشِ ٱسۡتَوَىٰ
Open ayah 20:5Әр-Рахман / аса Қайырымды / Аршыға көтерілді.
لَهُۥ مَا فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَمَا فِي ٱلۡأَرۡضِ وَمَا بَيۡنَهُمَا وَمَا تَحۡتَ ٱلثَّرَىٰ
Open ayah 20:6Аспандардағы және жердегілер әрі ол екеуінің арасындағылар және жердің астындағылардың барлығы - Онікі.
وَإِن تَجۡهَرۡ بِٱلۡقَوۡلِ فَإِنَّهُۥ يَعۡلَمُ ٱلسِّرَّ وَأَخۡفَى
Open ayah 20:7Егер сен қатты сөйлесең де, анығында, Ол жасырын нәрсені әрі одан да арғы құпияны біледі.
ٱللَّهُ لَآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَۖ لَهُ ٱلۡأَسۡمَآءُ ٱلۡحُسۡنَىٰ
Open ayah 20:8Аллаһ - Одан басқа ешбір құдай жоқ. Ең көркем есімдер - Онікі.
وَهَلۡ أَتَىٰكَ حَدِيثُ مُوسَىٰٓ
Open ayah 20:9/ Ей, Мұхаммед! / Саған Мұса жайлы хабар келді ме?
إِذۡ رَءَا نَارٗا فَقَالَ لِأَهۡلِهِ ٱمۡكُثُوٓاْ إِنِّيٓ ءَانَسۡتُ نَارٗا لَّعَلِّيٓ ءَاتِيكُم مِّنۡهَا بِقَبَسٍ أَوۡ أَجِدُ عَلَى ٱلنَّارِ هُدٗى
Open ayah 20:10Кезінде ол бір от көргенде, үй ішіне: «тұра тұрындар. Мен бір от көрдім. Мүмкін сендерге одан бір тамызыққа от әкелермін немесе оттың қасында, бір жол көрсетуші табармын»,- деді.
فَلَمَّآ أَتَىٰهَا نُودِيَ يَٰمُوسَىٰٓ
Open ayah 20:11Ол оған барған кезде, үн қатылды: «Ей, Мұса!
إِنِّيٓ أَنَا۠ رَبُّكَ فَٱخۡلَعۡ نَعۡلَيۡكَ إِنَّكَ بِٱلۡوَادِ ٱلۡمُقَدَّسِ طُوٗى
Open ayah 20:12Ақиқатында, Мен - сенің Раббыңмын. Аяқ киіміңді шеш. Анығында, сен қасиетті Туа алқабындасың.
وَأَنَا ٱخۡتَرۡتُكَ فَٱسۡتَمِعۡ لِمَا يُوحَىٰٓ
Open ayah 20:13Мен сені тандап алдым. Енді / өзіңе / уахи етілетінді тыңда.
إِنَّنِيٓ أَنَا ٱللَّهُ لَآ إِلَٰهَ إِلَّآ أَنَا۠ فَٱعۡبُدۡنِي وَأَقِمِ ٱلصَّلَوٰةَ لِذِكۡرِيٓ
Open ayah 20:14Анығында, Мен - Аллаһпын. Менен басқа ешбір құдай жоқ. Сондықтан Маған құлшылық ет және Мені еске алу үшін намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орында.
إِنَّ ٱلسَّاعَةَ ءَاتِيَةٌ أَكَادُ أُخۡفِيهَا لِتُجۡزَىٰ كُلُّ نَفۡسِۭ بِمَا تَسۡعَىٰ
Open ayah 20:15Әрбір жанға, әрекет-ұмтылыстарына лайықты қайтарым сыйы не жазасы берілу үшін Мен құпия еткен Сағат / қайта тірілу күні / анық келеді.
فَلَا يَصُدَّنَّكَ عَنۡهَا مَن لَّا يُؤۡمِنُ بِهَا وَٱتَّبَعَ هَوَىٰهُ فَتَرۡدَىٰ
Open ayah 20:16Оған / қайта тірілуге / сенбей, көңілқұмарлығына ергендер, сені одан қайтармасын. Онда сен құрисың.
وَمَا تِلۡكَ بِيَمِينِكَ يَٰمُوسَىٰ
Open ayah 20:17Ей, Мұса! Оң қолыңдағы не нәрсе?» - деді.
قَالَ هِيَ عَصَايَ أَتَوَكَّؤُاْ عَلَيۡهَا وَأَهُشُّ بِهَا عَلَىٰ غَنَمِي وَلِيَ فِيهَا مَـَٔارِبُ أُخۡرَىٰ
Open ayah 20:18/ Мұса / : «Бұл менің таяғым. Оған сүйенемін және онымен қойларыма талдан жапырақ қағып беремін. Әрі онда басқа да қажеттерім бар», - деді.
قَالَ أَلۡقِهَا يَٰمُوسَىٰ
Open ayah 20:19/ Аллаһ / : «Ей, Мұса! Оны таста!»- деді.
فَأَلۡقَىٰهَا فَإِذَا هِيَ حَيَّةٞ تَسۡعَىٰ
Open ayah 20:20Ол оны тастады. Сонда ол ирелеңдеген жыланға айналды.
قَالَ خُذۡهَا وَلَا تَخَفۡۖ سَنُعِيدُهَا سِيرَتَهَا ٱلۡأُولَىٰ
Open ayah 20:21/ Аллаһ / '. «Оны ұста, қорықпа! Оны әуелгі қалпына қайтарамыз.
وَٱضۡمُمۡ يَدَكَ إِلَىٰ جَنَاحِكَ تَخۡرُجۡ بَيۡضَآءَ مِنۡ غَيۡرِ سُوٓءٍ ءَايَةً أُخۡرَىٰ
Open ayah 20:22Әрі қолыңды қолтығыңа қыс. Ол, зиянсыз аппақ / нұрлы / болып шығады. Бұл - тағы бір белгі,
لِنُرِيَكَ مِنۡ ءَايَٰتِنَا ٱلۡكُبۡرَى
Open ayah 20:23ұлы белгілеріміздің кейбірін саған көрсетуіміз үшін.
ٱذۡهَبۡ إِلَىٰ فِرۡعَوۡنَ إِنَّهُۥ طَغَىٰ
Open ayah 20:24Фиръаунға бар. Ол, шектен шықты», деді.
قَالَ رَبِّ ٱشۡرَحۡ لِي صَدۡرِي
Open ayah 20:25Ол: «Раббым! Көкірегімді кеңіте гөр,
وَيَسِّرۡ لِيٓ أَمۡرِي
Open ayah 20:26әрі маған ісімді жеңілдет,
وَٱحۡلُلۡ عُقۡدَةٗ مِّن لِّسَانِي
Open ayah 20:27және тілімнің түйінін шеш,
يَفۡقَهُواْ قَوۡلِي
Open ayah 20:28олар сөзімді түсінуі үшін.
وَٱجۡعَل لِّي وَزِيرٗا مِّنۡ أَهۡلِي
Open ayah 20:29Әрі әулетімнен маған бір көмекші бер,
هَٰرُونَ أَخِي
Open ayah 20:30Һарұн бауырымды.
ٱشۡدُدۡ بِهِۦٓ أَزۡرِي
Open ayah 20:31Онымен мені қуаттап,
وَأَشۡرِكۡهُ فِيٓ أَمۡرِي
Open ayah 20:32осы істерімде / пайғамбарлық міндетімде / оны маған қоса гөр,
كَيۡ نُسَبِّحَكَ كَثِيرٗا
Open ayah 20:33Сені / кемшіліктен / пәк деп көп дәріптеуіміз
وَنَذۡكُرَكَ كَثِيرًا
Open ayah 20:34әрі Өзіңді көп еске алуымыз үшін.
إِنَّكَ كُنتَ بِنَا بَصِيرٗا
Open ayah 20:35Анығында, Сен - бізді көрушісің», - деді.
قَالَ قَدۡ أُوتِيتَ سُؤۡلَكَ يَٰمُوسَىٰ
Open ayah 20:36/ Аллаһ / : «Ей, Мұса! Саған сұрағандарың берілді.
وَلَقَدۡ مَنَنَّا عَلَيۡكَ مَرَّةً أُخۡرَىٰٓ
Open ayah 20:37Біз / ілгеріде / саған бұдан басқа да игілік жасаған едік.
إِذۡ أَوۡحَيۡنَآ إِلَىٰٓ أُمِّكَ مَا يُوحَىٰٓ
Open ayah 20:38Сол кезде анаңның көкейіне білдірілуі тиісті нәрсені салған едік:
أَنِ ٱقۡذِفِيهِ فِي ٱلتَّابُوتِ فَٱقۡذِفِيهِ فِي ٱلۡيَمِّ فَلۡيُلۡقِهِ ٱلۡيَمُّ بِٱلسَّاحِلِ يَأۡخُذۡهُ عَدُوّٞ لِّي وَعَدُوّٞ لَّهُۥۚ وَأَلۡقَيۡتُ عَلَيۡكَ مَحَبَّةٗ مِّنِّي وَلِتُصۡنَعَ عَلَىٰ عَيۡنِيٓ
Open ayah 20:39«Оны сандыққа салып, өзенге қоя бер. Өзен жағаға шығарып, оны Маған дұшпан болған әрі оған да дұшпан болған біреу / тауып / алсын», - деп. Әрі көз алдымда өсуің үшін Мен саған Өз тарапымнан сүйіспеншілік салдым.
إِذۡ تَمۡشِيٓ أُخۡتُكَ فَتَقُولُ هَلۡ أَدُلُّكُمۡ عَلَىٰ مَن يَكۡفُلُهُۥۖ فَرَجَعۡنَٰكَ إِلَىٰٓ أُمِّكَ كَيۡ تَقَرَّ عَيۡنُهَا وَلَا تَحۡزَنَۚ وَقَتَلۡتَ نَفۡسٗا فَنَجَّيۡنَٰكَ مِنَ ٱلۡغَمِّ وَفَتَنَّٰكَ فُتُونٗاۚ فَلَبِثۡتَ سِنِينَ فِيٓ أَهۡلِ مَدۡيَنَ ثُمَّ جِئۡتَ عَلَىٰ قَدَرٖ يَٰمُوسَىٰ
Open ayah 20:40Сол кезде әпкең / артыңнан / еріп жүріп: «Сендерге оған қамқорлық ететін / емізетін / біреуді көрсетейін бе?» - деді. Сөйтіп анаңның көзайым болуы әрі қайғырмауы үшін сені оған қайтардық. Кейін сен бір адамды өлтірдің. Сонда сені уайымнан құтқардық және түрлі сынаққа салдық. Ей, Мұса, содан кейін Мәдиян елінде бірнеше жыл болып, белгіленген мерзімде / қайтып / келдің.
وَٱصۡطَنَعۡتُكَ لِنَفۡسِي
Open ayah 20:41Мен сені Өзім үшін таңдадым.
ٱذۡهَبۡ أَنتَ وَأَخُوكَ بِـَٔايَٰتِي وَلَا تَنِيَا فِي ذِكۡرِي
Open ayah 20:42Сен және бауырың белгілеріммен барыңдар, әрі Мені еске алуда әлсіздік танытпаңдар.
ٱذۡهَبَآ إِلَىٰ فِرۡعَوۡنَ إِنَّهُۥ طَغَىٰ
Open ayah 20:43Фиръаунға барыңдар, өйткені ол шектен шықты.
فَقُولَا لَهُۥ قَوۡلٗا لَّيِّنٗا لَّعَلَّهُۥ يَتَذَكَّرُ أَوۡ يَخۡشَىٰ
Open ayah 20:44Оған жұмсақ сөз сөйлеңдер, мүмкін ол еске алар, не қорқар», - деді.
قَالَا رَبَّنَآ إِنَّنَا نَخَافُ أَن يَفۡرُطَ عَلَيۡنَآ أَوۡ أَن يَطۡغَىٰ
Open ayah 20:45Олар: «Раббымыз! Біз оның бізді дереу жазаға тартуынан не шектен шығуынан қорқамыз», - деді.
قَالَ لَا تَخَافَآۖ إِنَّنِي مَعَكُمَآ أَسۡمَعُ وَأَرَىٰ
Open ayah 20:46/ Аллаһ / : «Қорықпаңдар! Мен сен екеуіңмен біргемін, естимін және көремін.
فَأۡتِيَاهُ فَقُولَآ إِنَّا رَسُولَا رَبِّكَ فَأَرۡسِلۡ مَعَنَا بَنِيٓ إِسۡرَٰٓءِيلَ وَلَا تُعَذِّبۡهُمۡۖ قَدۡ جِئۡنَٰكَ بِـَٔايَةٖ مِّن رَّبِّكَۖ وَٱلسَّلَٰمُ عَلَىٰ مَنِ ٱتَّبَعَ ٱلۡهُدَىٰٓ
Open ayah 20:47Оған барып: «Біз - Раббыңның елшілеріміз. Исраил ұрпақтарын бізбен бірге жібер әрі оларды қинама. Біз саған Раббыңнан белгі алып келдік. Тура жолға ергенге амандық болады,
إِنَّا قَدۡ أُوحِيَ إِلَيۡنَآ أَنَّ ٱلۡعَذَابَ عَلَىٰ مَن كَذَّبَ وَتَوَلَّىٰ
Open ayah 20:48Анығында, өтірікке шығарғандар және теріс бұрылғандар азапқа тартылатыны жайлы Бізге уахи етілді» - деп айтыңдар», - деді.
قَالَ فَمَن رَّبُّكُمَا يَٰمُوسَىٰ
Open ayah 20:49/ Фиръаун / : «Ей, Мұса, сендердің Раббың кім?» - деді.
قَالَ رَبُّنَا ٱلَّذِيٓ أَعۡطَىٰ كُلَّ شَيۡءٍ خَلۡقَهُۥ ثُمَّ هَدَىٰ
Open ayah 20:50/ Мұса / : «Біздің Раббымыз сондай, әрбір нәрсеге жаратылысын / бейне-бітімін / берген, кейін жолдарын белгілеп көрсеткен», -деді.
قَالَ فَمَا بَالُ ٱلۡقُرُونِ ٱلۡأُولَىٰ
Open ayah 20:51/ Фиръаун / : «Өтіп кеткен ұрпақтардың жағдайы қандай болмақ?» - деді.
قَالَ عِلۡمُهَا عِندَ رَبِّي فِي كِتَٰبٖۖ لَّا يَضِلُّ رَبِّي وَلَا يَنسَى
Open ayah 20:52/ Мұса / : «Олар жайлы білім Раббымдағы Кітапта / Ләухул-Махфузда / . Раббым жаңылмайды әрі ұмытпайды.
ٱلَّذِي جَعَلَ لَكُمُ ٱلۡأَرۡضَ مَهۡدٗا وَسَلَكَ لَكُمۡ فِيهَا سُبُلٗا وَأَنزَلَ مِنَ ٱلسَّمَآءِ مَآءٗ فَأَخۡرَجۡنَا بِهِۦٓ أَزۡوَٰجٗا مِّن نَّبَاتٖ شَتَّىٰ
Open ayah 20:53Ол сендер үшін жерді жазық етті және онда сендер үшін жолдар жасады. Әрі аспаннан су түсірді», - деді. Сөйтіп онымен түрлі өсімдіктерді жұбымен шығардық.
كُلُواْ وَٱرۡعَوۡاْ أَنۡعَٰمَكُمۡۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَٰتٖ لِّأُوْلِي ٱلنُّهَىٰ
Open ayah 20:54/ Олардан / жеңдер әрі малдарыңды жайыңдар. Ақиқатында, мұнда - ақыл иелері үшін белгілер бар.
۞مِنۡهَا خَلَقۡنَٰكُمۡ وَفِيهَا نُعِيدُكُمۡ وَمِنۡهَا نُخۡرِجُكُمۡ تَارَةً أُخۡرَىٰ
Open ayah 20:55Одан / топырақтан / сендерді жараттық және / өлгендеріңнен кейін / оған қайтарамыз әрі / қайта тірілу күні / одан қайта шығарамыз.
وَلَقَدۡ أَرَيۡنَٰهُ ءَايَٰتِنَا كُلَّهَا فَكَذَّبَ وَأَبَىٰ
Open ayah 20:56Ақиқатында, Біз оған / Фиръаунға / белгілеріміздің барлығын көрсеттік. Бірақ ол өтірік санап, бас тартты.
قَالَ أَجِئۡتَنَا لِتُخۡرِجَنَا مِنۡ أَرۡضِنَا بِسِحۡرِكَ يَٰمُوسَىٰ
Open ayah 20:57/ Фиръаун / : «Ей, Мұса! Сен бізді сиқырың арқылы жерімізден шығаруға келдің бе?
فَلَنَأۡتِيَنَّكَ بِسِحۡرٖ مِّثۡلِهِۦ فَٱجۡعَلۡ بَيۡنَنَا وَبَيۡنَكَ مَوۡعِدٗا لَّا نُخۡلِفُهُۥ نَحۡنُ وَلَآ أَنتَ مَكَانٗا سُوٗى
Open ayah 20:58Біз де саған, міндетті түрде осы секілді сиқыр әкелеміз. Бізбен өзіңнің аранда бір уәделі мерзім белгіле. Одан біз де, сен де айнымайтын болайық. Ол ашық бір жер болсын», -деді.
قَالَ مَوۡعِدُكُمۡ يَوۡمُ ٱلزِّينَةِ وَأَن يُحۡشَرَ ٱلنَّاسُ ضُحٗى
Open ayah 20:5949. / Мұса / : «Сендермен уәделі мерзім мереке күні / болсын / . Әрі адамдар сәске мезгілінде жиналсын»,- деді.
فَتَوَلَّىٰ فِرۡعَوۡنُ فَجَمَعَ كَيۡدَهُۥ ثُمَّ أَتَىٰ
Open ayah 20:60Сөйтіп, Фиръаун қайтып кетті де, кейін өзінің қулық-сұмдығын / сиқыршыларын / жиып келді.
قَالَ لَهُم مُّوسَىٰ وَيۡلَكُمۡ لَا تَفۡتَرُواْ عَلَى ٱللَّهِ كَذِبٗا فَيُسۡحِتَكُم بِعَذَابٖۖ وَقَدۡ خَابَ مَنِ ٱفۡتَرَىٰ
Open ayah 20:61Мұса оларға: «Ей, сорың құрғырлар! Аллаһқа қатысты өтірікті құрастырмаңдар. Әйтпесе Ол сендерді азаппен жойып жібереді. Кім ойдан өтірікті құрастырса, ол зиянға ұшырайды», - деді.
فَتَنَٰزَعُوٓاْ أَمۡرَهُم بَيۡنَهُمۡ وَأَسَرُّواْ ٱلنَّجۡوَىٰ
Open ayah 20:62Сонда олар / сиқыршылар / бұл іс жайлы тартысып, сөздерін құпия қалдырды.
قَالُوٓاْ إِنۡ هَٰذَٰنِ لَسَٰحِرَٰنِ يُرِيدَانِ أَن يُخۡرِجَاكُم مِّنۡ أَرۡضِكُم بِسِحۡرِهِمَا وَيَذۡهَبَا بِطَرِيقَتِكُمُ ٱلۡمُثۡلَىٰ
Open ayah 20:63Олар: «Анығында, бұл екеуі сиқыршы. Сендерді сиқырлары арқылы жерлеріңнен шығаруды және үлгілі жолдарыңды жоюды қалайды.
فَأَجۡمِعُواْ كَيۡدَكُمۡ ثُمَّ ٱئۡتُواْ صَفّٗاۚ وَقَدۡ أَفۡلَحَ ٱلۡيَوۡمَ مَنِ ٱسۡتَعۡلَىٰ
Open ayah 20:64Айла-тәсілдеріңді жиып, қатарланып келіңдер. Әлбетте, бүгін үстем болғандар мұратына жетеді»,- деді.
قَالُواْ يَٰمُوسَىٰٓ إِمَّآ أَن تُلۡقِيَ وَإِمَّآ أَن نَّكُونَ أَوَّلَ مَنۡ أَلۡقَىٰ
Open ayah 20:65Олар: «Ей, Мұса! Сен тастайсың ба, әлде алғашқы тастаушы біз болайық па?» - деді.
قَالَ بَلۡ أَلۡقُواْۖ فَإِذَا حِبَالُهُمۡ وَعِصِيُّهُمۡ يُخَيَّلُ إِلَيۡهِ مِن سِحۡرِهِمۡ أَنَّهَا تَسۡعَىٰ
Open ayah 20:66/ Мұса!: «Жоқ, сендер тастаңдар», - деді.Сол кезде оған олардың жіптері мен таяқтары сиқырларының әсерінен ирелеңдеп жүрген секілді көрінді.
فَأَوۡجَسَ فِي نَفۡسِهِۦ خِيفَةٗ مُّوسَىٰ
Open ayah 20:67Мұса іштей бір қорқыныш сезді.
قُلۡنَا لَا تَخَفۡ إِنَّكَ أَنتَ ٱلۡأَعۡلَىٰ
Open ayah 20:68Біз: «Қорықпа! Сен әлбетте үстем боласың.
وَأَلۡقِ مَا فِي يَمِينِكَ تَلۡقَفۡ مَا صَنَعُوٓاْۖ إِنَّمَا صَنَعُواْ كَيۡدُ سَٰحِرٖۖ وَلَا يُفۡلِحُ ٱلسَّاحِرُ حَيۡثُ أَتَىٰ
Open ayah 20:69Оң қолыңдағыны таста! Ол олардың жасағандарын жұтады. Негізінде, олардың жасағандары -сиқыршының айласы ғана. Сиқыршы қайда барса да мақсатына жетпейді», - дедік.
فَأُلۡقِيَ ٱلسَّحَرَةُ سُجَّدٗا قَالُوٓاْ ءَامَنَّا بِرَبِّ هَٰرُونَ وَمُوسَىٰ
Open ayah 20:70Сонда сиқыршылар, сәждеге жығылып: «Біз Һарұн мен Мұсаның Раббысына сендік»,- деді.
قَالَ ءَامَنتُمۡ لَهُۥ قَبۡلَ أَنۡ ءَاذَنَ لَكُمۡۖ إِنَّهُۥ لَكَبِيرُكُمُ ٱلَّذِي عَلَّمَكُمُ ٱلسِّحۡرَۖ فَلَأُقَطِّعَنَّ أَيۡدِيَكُمۡ وَأَرۡجُلَكُم مِّنۡ خِلَٰفٖ وَلَأُصَلِّبَنَّكُمۡ فِي جُذُوعِ ٱلنَّخۡلِ وَلَتَعۡلَمُنَّ أَيُّنَآ أَشَدُّ عَذَابٗا وَأَبۡقَىٰ
Open ayah 20:71/ Фиръаун / : «Мен сендерге рұқсат бермей тұрып сендіңдер ме? Әлбетте ол сендерге сиқыр үйреткен өздеріңнің үлкендерің екен. Енді, сендердің қол-аяқтарыңды қарама-қарсы / оң қол сол аяқ, сол қол оң аяқ / етіп кесемін және сендерді құрма ағаштарына керіп тастаймын. Сонда сендер біздің қайсымыздың азабымыз қатты және тұрақты екенін білетін боларсыңдар»,- деді.
قَالُواْ لَن نُّؤۡثِرَكَ عَلَىٰ مَا جَآءَنَا مِنَ ٱلۡبَيِّنَٰتِ وَٱلَّذِي فَطَرَنَاۖ فَٱقۡضِ مَآ أَنتَ قَاضٍۖ إِنَّمَا تَقۡضِي هَٰذِهِ ٱلۡحَيَوٰةَ ٱلدُّنۡيَآ
Open ayah 20:72Олар: «Біз өзімізге келген анық дәлелдерден және бізді Жаратқаннан сені ешқашан жоғары қоймаймыз. Шығаратын үкіміңді шығар. Сен бар болғаны осы өмірде ғана үкім шығарасың.
إِنَّآ ءَامَنَّا بِرَبِّنَا لِيَغۡفِرَ لَنَا خَطَٰيَٰنَا وَمَآ أَكۡرَهۡتَنَا عَلَيۡهِ مِنَ ٱلسِّحۡرِۗ وَٱللَّهُ خَيۡرٞ وَأَبۡقَىٰٓ
Open ayah 20:73Ақиқатында,біз Раббымызға сендік, Оның қателерімізді әрі сен мәжбүр еткен сиқырымызды кешіруі үшін. Әрі Аллаһ қайырлы және мәңгілік.
إِنَّهُۥ مَن يَأۡتِ رَبَّهُۥ مُجۡرِمٗا فَإِنَّ لَهُۥ جَهَنَّمَ لَا يَمُوتُ فِيهَا وَلَا يَحۡيَىٰ
Open ayah 20:74Кім Раббысына қылмыскер / күнәһар / болған күйде келсе, оғанкүмәнсіз, Жаһаннам бар. Ол онда не өлмейді, не өмір де сүрмейді.
وَمَن يَأۡتِهِۦ مُؤۡمِنٗا قَدۡ عَمِلَ ٱلصَّٰلِحَٰتِ فَأُوْلَٰٓئِكَ لَهُمُ ٱلدَّرَجَٰتُ ٱلۡعُلَىٰ
Open ayah 20:75Ал, кім Оған иманды / мүмін / болып, ізгі амал істеген күйде келсе, міне соларға ең биік дәрежелер -
جَنَّٰتُ عَدۡنٖ تَجۡرِي مِن تَحۡتِهَا ٱلۡأَنۡهَٰرُ خَٰلِدِينَ فِيهَاۚ وَذَٰلِكَ جَزَآءُ مَن تَزَكَّىٰ
Open ayah 20:76астынан өзендер ағып жататын және олар онда мәңгі қалатын ’Адн / жәннатының / бақтары бар. Тазарғандардың қайтарым сыйы -осы.
وَلَقَدۡ أَوۡحَيۡنَآ إِلَىٰ مُوسَىٰٓ أَنۡ أَسۡرِ بِعِبَادِي فَٱضۡرِبۡ لَهُمۡ طَرِيقٗا فِي ٱلۡبَحۡرِ يَبَسٗا لَّا تَخَٰفُ دَرَكٗا وَلَا تَخۡشَىٰ
Open ayah 20:77Әрі біз Мұсаға: «Түнде құлдарымды алып жүр де оларға теңізде құрғақ жол аш. Қуып жетуінен қауіптенбе және қорықпа», - деп уахи еттік.
فَأَتۡبَعَهُمۡ فِرۡعَوۡنُ بِجُنُودِهِۦ فَغَشِيَهُم مِّنَ ٱلۡيَمِّ مَا غَشِيَهُمۡ
Open ayah 20:78Сонда Фиръаун әскерімен олардың соңына түсті. Сөйтіп оларды теңізден жабатын нәрсе / су / жапты.
وَأَضَلَّ فِرۡعَوۡنُ قَوۡمَهُۥ وَمَا هَدَىٰ
Open ayah 20:79Фиръаун елін адастырды әрі тура жолға бастамады.
يَٰبَنِيٓ إِسۡرَٰٓءِيلَ قَدۡ أَنجَيۡنَٰكُم مِّنۡ عَدُوِّكُمۡ وَوَٰعَدۡنَٰكُمۡ جَانِبَ ٱلطُّورِ ٱلۡأَيۡمَنَ وَنَزَّلۡنَا عَلَيۡكُمُ ٱلۡمَنَّ وَٱلسَّلۡوَىٰ
Open ayah 20:80Ей, Исраил ұрпақтары! Біз сендерді жауларыңнан құтқардық және сендермен таудың оң жақ баурайында уәделестік. Әрі сендерге мәнн мен сәлуаны түсірдік.
كُلُواْ مِن طَيِّبَٰتِ مَا رَزَقۡنَٰكُمۡ وَلَا تَطۡغَوۡاْ فِيهِ فَيَحِلَّ عَلَيۡكُمۡ غَضَبِيۖ وَمَن يَحۡلِلۡ عَلَيۡهِ غَضَبِي فَقَدۡ هَوَىٰ
Open ayah 20:81Біз сендерге ризық етіп бергеннің жақсыларынан жеңдер. Әрі онда шектен шықпаңдар. Әйтпесе, сендерге қаһарым түседі. Ал, кімге Менің ашуым түссе, ол сөзсіз құрыды.
وَإِنِّي لَغَفَّارٞ لِّمَن تَابَ وَءَامَنَ وَعَمِلَ صَٰلِحٗا ثُمَّ ٱهۡتَدَىٰ
Open ayah 20:82Күмәнсіз, Мен, істеген күнәсіне шынайы өкініп, Мағанбойсұнуға қайтқанды / тәубеге келгенді / әрі иманға келген және ізгі амал істеген, кейін тура жүргендерді көп Кешірушімін / Ғаффар / .
۞وَمَآ أَعۡجَلَكَ عَن قَوۡمِكَ يَٰمُوسَىٰ
Open ayah 20:83/ Аллаһ / айтты: «Ей, Мұса! Сені қауымыңды / қалдыруға / не асықтырды?»
قَالَ هُمۡ أُوْلَآءِ عَلَىٰٓ أَثَرِي وَعَجِلۡتُ إِلَيۡكَ رَبِّ لِتَرۡضَىٰ
Open ayah 20:84Ол: «Олар менің соңымда жақын жерде келе жатыр. Ал мен, Раббым, разы болуың үшін саған асықтым», -деді.
قَالَ فَإِنَّا قَدۡ فَتَنَّا قَوۡمَكَ مِنۢ بَعۡدِكَ وَأَضَلَّهُمُ ٱلسَّامِرِيُّ
Open ayah 20:85/ Аллаһ / айтты: «Біз, сенен кейін еліңді сынаққа салдық. Оларды, сәмірилік адастырды», - деп.
فَرَجَعَ مُوسَىٰٓ إِلَىٰ قَوۡمِهِۦ غَضۡبَٰنَ أَسِفٗاۚ قَالَ يَٰقَوۡمِ أَلَمۡ يَعِدۡكُمۡ رَبُّكُمۡ وَعۡدًا حَسَنًاۚ أَفَطَالَ عَلَيۡكُمُ ٱلۡعَهۡدُ أَمۡ أَرَدتُّمۡ أَن يَحِلَّ عَلَيۡكُمۡ غَضَبٞ مِّن رَّبِّكُمۡ فَأَخۡلَفۡتُم مَّوۡعِدِي
Open ayah 20:86Сонда Мұса ашуланған, қайғырған түрде, еліне қайтты. Ол: «Әй, елім! Сендердің Раббың сендерге жақсы уәде бермеп пе еді? Сендерге белгіленген мерзім ұзақ келді ме? Немесе өздеріңнің Раббыңның сендерге қаһары түсуін қалап, маған берген уәделеріңненайныдыңдар ма?»- деді.
قَالُواْ مَآ أَخۡلَفۡنَا مَوۡعِدَكَ بِمَلۡكِنَا وَلَٰكِنَّا حُمِّلۡنَآ أَوۡزَارٗا مِّن زِينَةِ ٱلۡقَوۡمِ فَقَذَفۡنَٰهَا فَكَذَٰلِكَ أَلۡقَى ٱلسَّامِرِيُّ
Open ayah 20:87Олар: «Біз саған берген уәдемізді өздігімізше бұзған жоқпыз. Бірақ бізде, ол елдің / Мысырдың / әшекей бұйымдарынан едәуір жүк бар еді. Сонда оларды тастадық. Осылайша сәмірилік те тастады», - деді.
فَأَخۡرَجَ لَهُمۡ عِجۡلٗا جَسَدٗا لَّهُۥ خُوَارٞ فَقَالُواْ هَٰذَآ إِلَٰهُكُمۡ وَإِلَٰهُ مُوسَىٰ فَنَسِيَ
Open ayah 20:88Сонда ол / сәмірилік / оларға мөңірейтін үні бар бұзау мүсінін / жасап / шығарды. Олар / оған ергендер / : «Міне, мынау сендердің құдайларың әрі Мұсаның кұдайы. Бірақ ол оны ұмытты»,- деді.
أَفَلَا يَرَوۡنَ أَلَّا يَرۡجِعُ إِلَيۡهِمۡ قَوۡلٗا وَلَا يَمۡلِكُ لَهُمۡ ضَرّٗا وَلَا نَفۡعٗا
Open ayah 20:89Олар шынымен-ақ, оның / мүсіннің / өздеріне сөз қайтара алмайтынын әрі не зиян, не пайда тигізуге жарамсыз екенін көрмей ме?!
وَلَقَدۡ قَالَ لَهُمۡ هَٰرُونُ مِن قَبۡلُ يَٰقَوۡمِ إِنَّمَا فُتِنتُم بِهِۦۖ وَإِنَّ رَبَّكُمُ ٱلرَّحۡمَٰنُ فَٱتَّبِعُونِي وَأَطِيعُوٓاْ أَمۡرِي
Open ayah 20:90Һарұн оларға бұған дейін: «Әй, елім! Шын мәнінде сендер осы / жасалған мүсін / арқылы сыналудасыңдар. Ақиқатында сендердің Раббың әр-Рахман / аса Қайырымды / . Сондықтан сендер маған еріңдер әрі бұйрығыма бағыныңдар»,- деді.
قَالُواْ لَن نَّبۡرَحَ عَلَيۡهِ عَٰكِفِينَ حَتَّىٰ يَرۡجِعَ إِلَيۡنَا مُوسَىٰ
Open ayah 20:91/ Қауымы / : «Мұса қайтып келгенше, біз оған / мүсінге / табынуды тоқтатпаймыз», -деді.
قَالَ يَٰهَٰرُونُ مَا مَنَعَكَ إِذۡ رَأَيۡتَهُمۡ ضَلُّوٓاْ
Open ayah 20:92/ Мұса келіп / : «Ей, Һарұн! Олардың адасқанын көрген кезіңде, саған не кедергі болды,
أَلَّا تَتَّبِعَنِۖ أَفَعَصَيۡتَ أَمۡرِي
Open ayah 20:93соңымнан маған келуіңе. Әлде бұйрығыма бағынбадың ба?»- деді.
قَالَ يَبۡنَؤُمَّ لَا تَأۡخُذۡ بِلِحۡيَتِي وَلَا بِرَأۡسِيٓۖ إِنِّي خَشِيتُ أَن تَقُولَ فَرَّقۡتَ بَيۡنَ بَنِيٓ إِسۡرَٰٓءِيلَ وَلَمۡ تَرۡقُبۡ قَوۡلِي
Open ayah 20:94/ Һарун / : «Ей, анамның ұлы! Менің сақалым мен басымнан жармаспа. Негізінде, мен сенің: «Исраил ұрпақтарының арасын бөлдің және сөзімді ескермедің», - деп айтуыңнан қорықтым»,- деді.
قَالَ فَمَا خَطۡبُكَ يَٰسَٰمِرِيُّ
Open ayah 20:95/ Мұса / : «Ей, сәмірилік! Бұл не істегенің?» - деді.
قَالَ بَصُرۡتُ بِمَا لَمۡ يَبۡصُرُواْ بِهِۦ فَقَبَضۡتُ قَبۡضَةٗ مِّنۡ أَثَرِ ٱلرَّسُولِ فَنَبَذۡتُهَا وَكَذَٰلِكَ سَوَّلَتۡ لِي نَفۡسِي
Open ayah 20:96Ол / сәмірилік / : «Мен олардың көрмегенін көрдім және елшінің ізінен бір уыс алып, оны / мүсінге / тастадым. Көңілім маған осылай істеуді әдемі көрсетті»,- деді.
قَالَ فَٱذۡهَبۡ فَإِنَّ لَكَ فِي ٱلۡحَيَوٰةِ أَن تَقُولَ لَا مِسَاسَۖ وَإِنَّ لَكَ مَوۡعِدٗا لَّن تُخۡلَفَهُۥۖ وَٱنظُرۡ إِلَىٰٓ إِلَٰهِكَ ٱلَّذِي ظَلۡتَ عَلَيۡهِ عَاكِفٗاۖ لَّنُحَرِّقَنَّهُۥ ثُمَّ لَنَنسِفَنَّهُۥ فِي ٱلۡيَمِّ نَسۡفًا
Open ayah 20:97/ Мұса / : «Бар, кет! Енді сен бұл өмірде: «Жақындамаңдар»,- деп айтатын боласың. Әрі саған, сен өзгерте алмайтын белгіленген мерзім бар. Енді беріліп табынған құдайыңа қара, біз оны өртеп, кейін теңізге шашып жібереміз.
إِنَّمَآ إِلَٰهُكُمُ ٱللَّهُ ٱلَّذِي لَآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَۚ وَسِعَ كُلَّ شَيۡءٍ عِلۡمٗا
Open ayah 20:98Ақиқатында, сендердің құдайларың - Аллаһ, одан басқа ешбір құдай жоқ. Оның білімі барлық нәрсені қамтыған», - деді.
كَذَٰلِكَ نَقُصُّ عَلَيۡكَ مِنۡ أَنۢبَآءِ مَا قَدۡ سَبَقَۚ وَقَدۡ ءَاتَيۡنَٰكَ مِن لَّدُنَّا ذِكۡرٗا
Open ayah 20:99/ Ей, Мұхаммед! / Біз саған осылай, бұрын болып өткен хабарларды айтып береміз. Әрі саған Өз тарапымыздан Еске салатынды / Құранды / бердік.
مَّنۡ أَعۡرَضَ عَنۡهُ فَإِنَّهُۥ يَحۡمِلُ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ وِزۡرًا
Open ayah 20:100Кім одан / Құраннан / бет бұрса, әлбетте, Қайта тірілу күні ол ауыр жүк / күнә / арқалайды.
خَٰلِدِينَ فِيهِۖ وَسَآءَ لَهُمۡ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ حِمۡلٗا
Open ayah 20:101Олар онда мәңгі қалады. Қайта тірілу күні олардың жүгі неткен жаман еді.
يَوۡمَ يُنفَخُ فِي ٱلصُّورِۚ وَنَحۡشُرُ ٱلۡمُجۡرِمِينَ يَوۡمَئِذٖ زُرۡقٗا
Open ayah 20:102Ол күні сүр үрленеді. Әрі сол күні қылмыскерлерді көгерген халде жинаймыз.
يَتَخَٰفَتُونَ بَيۡنَهُمۡ إِن لَّبِثۡتُمۡ إِلَّا عَشۡرٗا
Open ayah 20:103Олар өзара сыбырласып: «Сендер небары он болдыңдар», - дейді.
نَّحۡنُ أَعۡلَمُ بِمَا يَقُولُونَ إِذۡ يَقُولُ أَمۡثَلُهُمۡ طَرِيقَةً إِن لَّبِثۡتُمۡ إِلَّا يَوۡمٗا
Open ayah 20:104Біз олардың не айтатындарын жақсы білеміз. Сол кезде олардың ішінен жол тұрғысынан дұрыс болғандары: «Сендер небары бір күн болдыңдар»,- дейді.
وَيَسۡـَٔلُونَكَ عَنِ ٱلۡجِبَالِ فَقُلۡ يَنسِفُهَا رَبِّي نَسۡفٗا
Open ayah 20:105/ Ей, Мұхаммед! / Олар сенен таулар жайлы сұрайды. Айт: «Раббым оларды / түбінен жұлып / , шашып жібереді.
فَيَذَرُهَا قَاعٗا صَفۡصَفٗا
Open ayah 20:106Сөйтіп оны теп-тегіс жазық етіп қалдырады.
لَّا تَرَىٰ فِيهَا عِوَجٗا وَلَآ أَمۡتٗا
Open ayah 20:107Онда ешбір ойпаң да, дөңес те көрмейсің», - деп.
يَوۡمَئِذٖ يَتَّبِعُونَ ٱلدَّاعِيَ لَا عِوَجَ لَهُۥۖ وَخَشَعَتِ ٱلۡأَصۡوَاتُ لِلرَّحۡمَٰنِ فَلَا تَسۡمَعُ إِلَّا هَمۡسٗا
Open ayah 20:108Сол күні олар шақырушыға ереді. Одан жалтарып қалуға мүмкіндік жоқ. Әр-Рахманның / аса Қайырымдының / алдында дауыстар тынып, сыбдырдан басқаны естімейсің.
يَوۡمَئِذٖ لَّا تَنفَعُ ٱلشَّفَٰعَةُ إِلَّا مَنۡ أَذِنَ لَهُ ٱلرَّحۡمَٰنُ وَرَضِيَ لَهُۥ قَوۡلٗا
Open ayah 20:109Сол күні ешбір араға түсушілік / шапағат ету / пайда бермейді, тек әр-Рахман рұқсат еткеннің және сөзінен разы болғанның ара түсуі пайда береді.
يَعۡلَمُ مَا بَيۡنَ أَيۡدِيهِمۡ وَمَا خَلۡفَهُمۡ وَلَا يُحِيطُونَ بِهِۦ عِلۡمٗا
Open ayah 20:110Ол / Аллаһ / олардың алдындағысын әрі артындағысын біледі. Ал олар мұны біліммен қамти алмайды.
۞وَعَنَتِ ٱلۡوُجُوهُ لِلۡحَيِّ ٱلۡقَيُّومِۖ وَقَدۡ خَابَ مَنۡ حَمَلَ ظُلۡمٗا
Open ayah 20:111Әрі жүздер әл-Хайй / мәңгі Тірі / және әл-Қаййумға / бәріне тіршілік беріп Басқарушыға / бағынып, төмен қарайды. Әділетсіздікті арқалап келген үмітсіздікке ұшырайды.
وَمَن يَعۡمَلۡ مِنَ ٱلصَّٰلِحَٰتِ وَهُوَ مُؤۡمِنٞ فَلَا يَخَافُ ظُلۡمٗا وَلَا هَضۡمٗا
Open ayah 20:112Ал, кім иманды болған күйде ізгі амал істесе, ол әділетсіздіктен де, / жақсылықтарының / кемітілуінен де қорықпайды.
وَكَذَٰلِكَ أَنزَلۡنَٰهُ قُرۡءَانًا عَرَبِيّٗا وَصَرَّفۡنَا فِيهِ مِنَ ٱلۡوَعِيدِ لَعَلَّهُمۡ يَتَّقُونَ أَوۡ يُحۡدِثُ لَهُمۡ ذِكۡرٗا
Open ayah 20:113Міне, Біз осылай, оны / еске салатынды / арабша Құран етіп түсірдік. Әрі олардың тақуалық етуін / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтануын / не еске алуларын ояту / пайда ету / үшін онда түрлі ескерту-қорқытуларды келтірдік.
فَتَعَٰلَى ٱللَّهُ ٱلۡمَلِكُ ٱلۡحَقُّۗ وَلَا تَعۡجَلۡ بِٱلۡقُرۡءَانِ مِن قَبۡلِ أَن يُقۡضَىٰٓ إِلَيۡكَ وَحۡيُهُۥۖ وَقُل رَّبِّ زِدۡنِي عِلۡمٗا
Open ayah 20:114әл-Мәлик / барлық нәрсенің шын Билеушісі / әрі әл-Хақ / кемел Хақ / Аллаһ өте жоғары. / Ей, Мұхаммед! / Саған уахи етілуі аяқталмай тұрып, Құранмен / оны қайталауға / асықпа. Әрі айт: «Раббым! Менің білімімді арттыр»,- деп.
وَلَقَدۡ عَهِدۡنَآ إِلَىٰٓ ءَادَمَ مِن قَبۡلُ فَنَسِيَ وَلَمۡ نَجِدۡ لَهُۥ عَزۡمٗا
Open ayah 20:115Біз бұрын Адамнан серт алған едік, бірақ ол ұмытты. Одан беріктік таппадық.
وَإِذۡ قُلۡنَا لِلۡمَلَٰٓئِكَةِ ٱسۡجُدُواْ لِأٓدَمَ فَسَجَدُوٓاْ إِلَّآ إِبۡلِيسَ أَبَىٰ
Open ayah 20:116Әрі кезінде Біз періштелерге: «Адамға сәжде жасаңдар», - дедік. Сонда олар сәждеетті. Ал, Ібіліс бас тартты.
فَقُلۡنَا يَٰٓـَٔادَمُ إِنَّ هَٰذَا عَدُوّٞ لَّكَ وَلِزَوۡجِكَ فَلَا يُخۡرِجَنَّكُمَا مِنَ ٱلۡجَنَّةِ فَتَشۡقَىٰٓ
Open ayah 20:117Сонда Біз: «Ей, Адам! Шын мәнінде бүл / Ібіліс / саған және сенің жұбайыңа жау. Ол екеуіңді Жәннаттан шығарып жібермесін. Онда бақытсыз боласың.
إِنَّ لَكَ أَلَّا تَجُوعَ فِيهَا وَلَا تَعۡرَىٰ
Open ayah 20:118Сен онда / жәннатта / аш болмайсың әрі жалаңаш та болмайсың.
وَأَنَّكَ لَا تَظۡمَؤُاْ فِيهَا وَلَا تَضۡحَىٰ
Open ayah 20:119Сен онда шөлдемейсің және ыстықтан да қиналмайсың», - дедік.
فَوَسۡوَسَ إِلَيۡهِ ٱلشَّيۡطَٰنُ قَالَ يَٰٓـَٔادَمُ هَلۡ أَدُلُّكَ عَلَىٰ شَجَرَةِ ٱلۡخُلۡدِ وَمُلۡكٖ لَّا يَبۡلَىٰ
Open ayah 20:120Сонда шайтан оны азғырып: «Ей, Адам! Саған мәңгілік ағашын және бітіп таусылмас билікті көрсетейін бе?» - деді.
فَأَكَلَا مِنۡهَا فَبَدَتۡ لَهُمَا سَوۡءَٰتُهُمَا وَطَفِقَا يَخۡصِفَانِ عَلَيۡهِمَا مِن وَرَقِ ٱلۡجَنَّةِۚ وَعَصَىٰٓ ءَادَمُ رَبَّهُۥ فَغَوَىٰ
Open ayah 20:121Екеуі одан жеді. Сонда оларға ұятты жерлері көрініп, олар өздеріне жәннаттың жапырақтарын жапсыра бастады. Адам Раббысына бойсұнбай адасты.
ثُمَّ ٱجۡتَبَٰهُ رَبُّهُۥ فَتَابَ عَلَيۡهِ وَهَدَىٰ
Open ayah 20:122Кейін Раббысы оны таңдап, істеген күнәсіне шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтуын / тәубесін / қабыл етті әрі тура жолға түсірді.
قَالَ ٱهۡبِطَا مِنۡهَا جَمِيعَۢاۖ بَعۡضُكُمۡ لِبَعۡضٍ عَدُوّٞۖ فَإِمَّا يَأۡتِيَنَّكُم مِّنِّي هُدٗى فَمَنِ ٱتَّبَعَ هُدَايَ فَلَا يَضِلُّ وَلَا يَشۡقَىٰ
Open ayah 20:123/ Аллаһ / айтты: «Екеуің / Адам менХауа / одан / жәннаттан / бірге түсіңдер, сендер бір-бірлеріңе жаусыңдар. Ал, енді Менен сендерге тура жол келіп, кім Менің басшылығыма / тура жолыма / ерсе, онда ол адаспайды әрі бақытсыз болмайды», - деді.
وَمَنۡ أَعۡرَضَ عَن ذِكۡرِي فَإِنَّ لَهُۥ مَعِيشَةٗ ضَنكٗا وَنَحۡشُرُهُۥ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ أَعۡمَىٰ
Open ayah 20:124Ал, кім Менің еске салуымнан / Құраннан / теріс бұрылса, оған тар өмір болады әрі Қайта тірілу күні оны соқыр күйде тірілтеміз.
قَالَ رَبِّ لِمَ حَشَرۡتَنِيٓ أَعۡمَىٰ وَقَدۡ كُنتُ بَصِيرٗا
Open ayah 20:125Ол: «Раббым! Мені не үшін соқыр күйде тірілттің?! Мен көретін едім ғой»,- дейді.
قَالَ كَذَٰلِكَ أَتَتۡكَ ءَايَٰتُنَا فَنَسِيتَهَاۖ وَكَذَٰلِكَ ٱلۡيَوۡمَ تُنسَىٰ
Open ayah 20:126/ Аллаһ / айтты: «Міне, осылай. Саған аяттарымыз келген еді, бірақ сен оларды ұмыттың. Сол секілді бүгін сен де ұмытыласың», - дейді.
وَكَذَٰلِكَ نَجۡزِي مَنۡ أَسۡرَفَ وَلَمۡ يُؤۡمِنۢ بِـَٔايَٰتِ رَبِّهِۦۚ وَلَعَذَابُ ٱلۡأٓخِرَةِ أَشَدُّ وَأَبۡقَىٰٓ
Open ayah 20:127Әрі шектен шыққан және Раббысының аяттарына сенбегендердің де қайтарым жазасын осылай береміз. Ал соңғы, мәңгілік өмірдің / ақиреттің / азабы өте қатты әрі үздіксіз / тұрақты / .
أَفَلَمۡ يَهۡدِ لَهُمۡ كَمۡ أَهۡلَكۡنَا قَبۡلَهُم مِّنَ ٱلۡقُرُونِ يَمۡشُونَ فِي مَسَٰكِنِهِمۡۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَٰتٖ لِّأُوْلِي ٱلنُّهَىٰ
Open ayah 20:128Оларға дейін болған, бүгін өздері жұрттарынан өтіп жүрген, қаншама халықты жойып жіберуіміз, Оларға тура жол көрсетпеді ме? Ақиқатында, Мұнда ақыл иелері үшін белгі-ғибраттар бар.
وَلَوۡلَا كَلِمَةٞ سَبَقَتۡ مِن رَّبِّكَ لَكَانَ لِزَامٗا وَأَجَلٞ مُّسَمّٗى
Open ayah 20:129/ Ей, Мұхаммед! / Раббыңнан алдын-ала Сөз және белгіленген мерзім болмағанда, әлбетте / жазаның бірден болуы / міндетті түрде болар еді.
فَٱصۡبِرۡ عَلَىٰ مَا يَقُولُونَ وَسَبِّحۡ بِحَمۡدِ رَبِّكَ قَبۡلَ طُلُوعِ ٱلشَّمۡسِ وَقَبۡلَ غُرُوبِهَاۖ وَمِنۡ ءَانَآيِٕ ٱلَّيۡلِ فَسَبِّحۡ وَأَطۡرَافَ ٱلنَّهَارِ لَعَلَّكَ تَرۡضَىٰ
Open ayah 20:130Сондықтан олардың айтып жатқандарына сабыр ет. Әрі ризалыққа жету үшін Раббыңды күн шығардан және күн батардан алдын мақтап, дәріпте және түннің бір уақыттары мен күндіздің айналасында дәріпте.
وَلَا تَمُدَّنَّ عَيۡنَيۡكَ إِلَىٰ مَا مَتَّعۡنَا بِهِۦٓ أَزۡوَٰجٗا مِّنۡهُمۡ زَهۡرَةَ ٱلۡحَيَوٰةِ ٱلدُّنۡيَا لِنَفۡتِنَهُمۡ فِيهِۚ وَرِزۡقُ رَبِّكَ خَيۡرٞ وَأَبۡقَىٰ
Open ayah 20:131Біз олардың кейбіреулеріне сынақ үшін берген осы өмірдің сән-салтанаты болған түрлі нәрселерге көзіңді салма. Ал, Раббыңның ризығы қайырлы әрі тұрақты.
وَأۡمُرۡ أَهۡلَكَ بِٱلصَّلَوٰةِ وَٱصۡطَبِرۡ عَلَيۡهَاۖ لَا نَسۡـَٔلُكَ رِزۡقٗاۖ نَّحۡنُ نَرۡزُقُكَۗ وَٱلۡعَٰقِبَةُ لِلتَّقۡوَىٰ
Open ayah 20:132Үй-ішіңді намазға бұйыр әрі өзің де оған сабырлы бол. Біз сенен ризық сұрамаймыз. Саған ризықты Біз береміз. Соңғы нәтиже тақуалардікі / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушылардікі / ,1698
وَقَالُواْ لَوۡلَا يَأۡتِينَا بِـَٔايَةٖ مِّن رَّبِّهِۦٓۚ أَوَلَمۡ تَأۡتِهِم بَيِّنَةُ مَا فِي ٱلصُّحُفِ ٱلۡأُولَىٰ
Open ayah 20:133Олар / кәпірлер / : «Неге ол бізге Раббысынан бір белгі-мұғжизалар келтірмейді?»- деді. Оларға бұрынғы жазбалардағы / сухуфтардағы / анық дәлелдер келген жоқ па?
وَلَوۡ أَنَّآ أَهۡلَكۡنَٰهُم بِعَذَابٖ مِّن قَبۡلِهِۦ لَقَالُواْ رَبَّنَا لَوۡلَآ أَرۡسَلۡتَ إِلَيۡنَا رَسُولٗا فَنَتَّبِعَ ءَايَٰتِكَ مِن قَبۡلِ أَن نَّذِلَّ وَنَخۡزَىٰ
Open ayah 20:134Егер де оларды осыған дейін бір азаппен жойып жібергенімізде, олар: «Раббымыз! Қор болып және қасірет шекпей тұрып, аяттарыңа еруіміз үшін бізге неге бір Елші жібермедің?» - дейтін еді.
قُلۡ كُلّٞ مُّتَرَبِّصٞ فَتَرَبَّصُواْۖ فَسَتَعۡلَمُونَ مَنۡ أَصۡحَٰبُ ٱلصِّرَٰطِ ٱلسَّوِيِّ وَمَنِ ٱهۡتَدَىٰ
Open ayah 20:135/ Ей, Мұхаммед! / Айт: «Барлығы күтуде. Сендер де күтіңдер. Жақында тура жолдың иелері кім екендігін және кімнің тура жолмен жүргенін білесіңдер», - деп.