النحل

An-Nahl

The Bee · Surah 16 · Ayahs: 128 · Meccan

Translation: Kazakh - Khalifah Altai Charity Foundation · Open the surah

بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

  1. أَتَىٰٓ أَمۡرُ ٱللَّهِ فَلَا تَسۡتَعۡجِلُوهُۚ سُبۡحَٰنَهُۥ وَتَعَٰلَىٰ عَمَّا يُشۡرِكُونَ

    Open ayah 16:1

    Аллаһтың әмірі келді. Сондықтан оның тез болуын сұрамаңдар. Ол - пәк әрі олардың Оған қосқан серіктерінен жоғары.

  2. يُنَزِّلُ ٱلۡمَلَٰٓئِكَةَ بِٱلرُّوحِ مِنۡ أَمۡرِهِۦ عَلَىٰ مَن يَشَآءُ مِنۡ عِبَادِهِۦٓ أَنۡ أَنذِرُوٓاْ أَنَّهُۥ لَآ إِلَٰهَ إِلَّآ أَنَا۠ فَٱتَّقُونِ

    Open ayah 16:2

    Ол періштелерді рухпен / уахимен / Өз әмірімен, құлдарынан қалағандарына / пайғамбарларға / : «Менен басқа ешбір құдай жоқ екенін ескертіңдер. Әрі Менен қорқып, сақтаныңдар / тақуалық етіңдер / »,- деп түсіреді.

  3. خَلَقَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضَ بِٱلۡحَقِّۚ تَعَٰلَىٰ عَمَّا يُشۡرِكُونَ

    Open ayah 16:3

    Ол аспандарды және жерді ақиқатпен жаратты. Ол - олардың Оған қосқан серіктерінен жоғары.

  4. خَلَقَ ٱلۡإِنسَٰنَ مِن نُّطۡفَةٖ فَإِذَا هُوَ خَصِيمٞ مُّبِينٞ

    Open ayah 16:4

    Ол адам баласын бір тамшы / ұрық / судан жаратты. Міне, / енді /ол - анық қарсыласушы.

  5. وَٱلۡأَنۡعَٰمَ خَلَقَهَاۖ لَكُمۡ فِيهَا دِفۡءٞ وَمَنَٰفِعُ وَمِنۡهَا تَأۡكُلُونَ

    Open ayah 16:5

    Әрі Ол малдарды жаратты. Оларда сендерге жылу / беретін / және өзге пайдалар бар. Әрі олардан азықтанасыңдар.

  6. وَلَكُمۡ فِيهَا جَمَالٌ حِينَ تُرِيحُونَ وَحِينَ تَسۡرَحُونَ

    Open ayah 16:6

    Сендер үшін оларда - кешке / өрістен алып / қайтқан кездеріңде және ертемен шығарған кездеріңде бір ұнамды көрік бар.

  7. وَتَحۡمِلُ أَثۡقَالَكُمۡ إِلَىٰ بَلَدٖ لَّمۡ تَكُونُواْ بَٰلِغِيهِ إِلَّا بِشِقِّ ٱلۡأَنفُسِۚ إِنَّ رَبَّكُمۡ لَرَءُوفٞ رَّحِيمٞ

    Open ayah 16:7

    Әрі олар жүктеріңді артып, сендер жандарыңды қинап, әрең жететін өлкелерге жеткізеді. Ақиқатында, сендердің Раббың аса Мейірбан, ерекше Мейірімді.

  8. وَٱلۡخَيۡلَ وَٱلۡبِغَالَ وَٱلۡحَمِيرَ لِتَرۡكَبُوهَا وَزِينَةٗۚ وَيَخۡلُقُ مَا لَا تَعۡلَمُونَ

    Open ayah 16:8

    Әрі жылқыларды, қашырларды және есектерді мінулерің үшін, сонымен бірге зейнет ретінде де / жаратты / . Сондай-ақ Ол сендер білмейтін нәрселерді де жаратады.

  9. وَعَلَى ٱللَّهِ قَصۡدُ ٱلسَّبِيلِ وَمِنۡهَا جَآئِرٞۚ وَلَوۡ شَآءَ لَهَدَىٰكُمۡ أَجۡمَعِينَ

    Open ayah 16:9

    Тура жолды - / жолдың мақсатын / түсіндіру Аллаһқа тән. Әрі ол жолдан ауытқитын / жолдар / бар. Егер де Ол қалағанда сендердің барлығыңды да тура жолмен жүргізер еді.

  10. هُوَ ٱلَّذِيٓ أَنزَلَ مِنَ ٱلسَّمَآءِ مَآءٗۖ لَّكُم مِّنۡهُ شَرَابٞ وَمِنۡهُ شَجَرٞ فِيهِ تُسِيمُونَ 

    Open ayah 16:10

    Ол, / Аллаһ / аспаннан су түсірді. Сендер үшін одан сусын бар және одан мал жаятын өсімдіктер өседі.

  11. يُنۢبِتُ لَكُم بِهِ ٱلزَّرۡعَ وَٱلزَّيۡتُونَ وَٱلنَّخِيلَ وَٱلۡأَعۡنَٰبَ وَمِن كُلِّ ٱلثَّمَرَٰتِۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَةٗ لِّقَوۡمٖ يَتَفَكَّرُونَ

    Open ayah 16:11

    Онымен / сумен / сендерге егін, зәйтүн, құрма ағаштарын, жүзім және барлық жемістерді өсіреді. Ақиқатында, осыларда ойланып қарайтын адамдар үшін белгі-ғибраттар бар.

  12. وَسَخَّرَ لَكُمُ ٱلَّيۡلَ وَٱلنَّهَارَ وَٱلشَّمۡسَ وَٱلۡقَمَرَۖ وَٱلنُّجُومُ مُسَخَّرَٰتُۢ بِأَمۡرِهِۦٓۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَٰتٖ لِّقَوۡمٖ يَعۡقِلُونَ

    Open ayah 16:12

    Әрі Ол сендерге түн мен күндізді, күн мен айды бағындырды. Жұлдыздар да Оның әміріне бағынышты. Ақиқатында, Мұнда ақылдарын істететін адамдар үшін белгі-ғибраттар бар.

  13. وَمَا ذَرَأَ لَكُمۡ فِي ٱلۡأَرۡضِ مُخۡتَلِفًا أَلۡوَٰنُهُۥٓۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَةٗ لِّقَوۡمٖ يَذَّكَّرُونَ

    Open ayah 16:13

    Сондай-ақ, Ол сендерге жерде алуан түсті етіп жаратқан нәрселерін де бағындырды. Міне, осы нәрседе еске алатын / ғибраттанатын / адамдар үшін белгі-дәлел бар.

  14. وَهُوَ ٱلَّذِي سَخَّرَ ٱلۡبَحۡرَ لِتَأۡكُلُواْ مِنۡهُ لَحۡمٗا طَرِيّٗا وَتَسۡتَخۡرِجُواْ مِنۡهُ حِلۡيَةٗ تَلۡبَسُونَهَاۖ وَتَرَى ٱلۡفُلۡكَ مَوَاخِرَ فِيهِ وَلِتَبۡتَغُواْ مِن فَضۡلِهِۦ وَلَعَلَّكُمۡ تَشۡكُرُونَ

    Open ayah 16:14

    Әрі Ол / Аллаһ / сондай жас ет жеулерің үшін және одан / теңізден / өздерің тағынатын әшекейлер шығарып алуларың үшін теңізді / пайдалануларыңа / бағындырды. Оның кеңшілігін / игіліктерін / іздеулерің және шүкір етулерің / бергендеріне алғыс білдірулерің / үшін кемелердің суды жарып бара жатқанын көресің.

  15. وَأَلۡقَىٰ فِي ٱلۡأَرۡضِ رَوَٰسِيَ أَن تَمِيدَ بِكُمۡ وَأَنۡهَٰرٗا وَسُبُلٗا لَّعَلَّكُمۡ تَهۡتَدُونَ

    Open ayah 16:15

    Әрі Ол жерде, оның сендерді шайқалтпауы үшін берік тұрғандарды / тауларды / тастады / орнатты / және бағыт-бағдар / жол / табуларың үшін өзендерді және жолдарды.

  16. وَعَلَٰمَٰتٖۚ وَبِٱلنَّجۡمِ هُمۡ يَهۡتَدُونَ

    Open ayah 16:16

    Сондай-ақ, / басқа да! белгілерді жасады. Әрі олар жұлдыздар арқылы да бағыт-бағдар / жол / табады.

  17. أَفَمَن يَخۡلُقُ كَمَن لَّا يَخۡلُقُۚ أَفَلَا تَذَكَّرُونَ

    Open ayah 16:17

    Жаратушы жарата алмайтын біреу сияқты ма? Неге еске алмайсыңдар / ғибрат алмайсыңдар /?

  18. وَإِن تَعُدُّواْ نِعۡمَةَ ٱللَّهِ لَا تُحۡصُوهَآۗ إِنَّ ٱللَّهَ لَغَفُورٞ رَّحِيمٞ

    Open ayah 16:18

    Аллаһтың игіліктерін санасаңдар, оның есебіне жете алмайсыңдар. Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді.

  19. وَٱللَّهُ يَعۡلَمُ مَا تُسِرُّونَ وَمَا تُعۡلِنُونَ

    Open ayah 16:19

    Әрі Аллаһ сендердің нені жасырғандарыңды және нені жария еткендеріңді біледі.

  20. وَٱلَّذِينَ يَدۡعُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِ لَا يَخۡلُقُونَ شَيۡـٔٗا وَهُمۡ يُخۡلَقُونَ 

    Open ayah 16:20

    Ал олардың Аллаһтан өзге шақыратындары / табынатындары / еш нәрсе жарата алмайды, керісінше, олардың өздері жаратылған.

  21. أَمۡوَٰتٌ غَيۡرُ أَحۡيَآءٖۖ وَمَا يَشۡعُرُونَ أَيَّانَ يُبۡعَثُونَ

    Open ayah 16:21

    / Олар! тірі емес, өлілер. Олар қашан қайта тірілетіндерін де білмейді.

  22. إِلَٰهُكُمۡ إِلَٰهٞ وَٰحِدٞۚ فَٱلَّذِينَ لَا يُؤۡمِنُونَ بِٱلۡأٓخِرَةِ قُلُوبُهُم مُّنكِرَةٞ وَهُم مُّسۡتَكۡبِرُونَ

    Open ayah 16:22

    Сендердің құдайларың - жалғыз құдай. Ал, соңғы мәңгілік өмірге / ақиретке / сенбейтіндердің жүректері / мұны / теріске шығарады әрі олар өздерін жоғары санайтын тәкаппарлар.

  23. لَا جَرَمَ أَنَّ ٱللَّهَ يَعۡلَمُ مَا يُسِرُّونَ وَمَا يُعۡلِنُونَۚ إِنَّهُۥ لَا يُحِبُّ ٱلۡمُسۡتَكۡبِرِينَ

    Open ayah 16:23

    Ақиқатында, Аллаһ олардың жасыратындары мен жария істейтіндерін біледі. Ол өздерін жоғары қоятындарды жақсы көрмейді.

  24. وَإِذَا قِيلَ لَهُم مَّاذَآ أَنزَلَ رَبُّكُمۡ قَالُوٓاْ أَسَٰطِيرُ ٱلۡأَوَّلِينَ

    Open ayah 16:24

    Ал Оларға: «Сендердің Раббың не түсірді?» - делінсе, олар: «Бұрынғылардың аңыз-ертегілері»,- дейді.

  25. لِيَحۡمِلُوٓاْ أَوۡزَارَهُمۡ كَامِلَةٗ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ وَمِنۡ أَوۡزَارِ ٱلَّذِينَ يُضِلُّونَهُم بِغَيۡرِ عِلۡمٍۗ أَلَا سَآءَ مَا يَزِرُونَ

    Open ayah 16:25

    Сондықтан Қайта тірілу күні олар өз күнәләрін толығымен әрі өздері білімсіз адастырғандардың күнәларынан арқалайды. Біліңдер! Олардың арқалайтындары қандай жаман!

  26. قَدۡ مَكَرَ ٱلَّذِينَ مِن قَبۡلِهِمۡ فَأَتَى ٱللَّهُ بُنۡيَٰنَهُم مِّنَ ٱلۡقَوَاعِدِ فَخَرَّ عَلَيۡهِمُ ٱلسَّقۡفُ مِن فَوۡقِهِمۡ وَأَتَىٰهُمُ ٱلۡعَذَابُ مِنۡ حَيۡثُ لَا يَشۡعُرُونَ

    Open ayah 16:26

    Олардан бұрынғылар да айла-шарғы жасаған еді. Сонда Аллаһ олардың ғимараттарын іргетасынан опырып, төбесі олардың үстіне құлады. Әрі оларға азап өздері күтпеген жақтан келді.

  27. ثُمَّ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ يُخۡزِيهِمۡ وَيَقُولُ أَيۡنَ شُرَكَآءِيَ ٱلَّذِينَ كُنتُمۡ تُشَٰٓقُّونَ فِيهِمۡۚ قَالَ ٱلَّذِينَ أُوتُواْ ٱلۡعِلۡمَ إِنَّ ٱلۡخِزۡيَ ٱلۡيَوۡمَ وَٱلسُّوٓءَ عَلَى ٱلۡكَٰفِرِينَ

    Open ayah 16:27

    Содан кейін, Қайта тірілу күні Ол / Аллаһ / оларды қор етеді және: «Маған қосқан серіктерің қайда?! Сендер соларға бола қарсыласқан едіндер», дейді. Өздеріне білім берілгендер: «Ақиқатында, бүгін қорлық пен азап кәпірлердің үстіне / түседі / / » - деп айтады.

  28. ٱلَّذِينَ تَتَوَفَّىٰهُمُ ٱلۡمَلَٰٓئِكَةُ ظَالِمِيٓ أَنفُسِهِمۡۖ فَأَلۡقَوُاْ ٱلسَّلَمَ مَا كُنَّا نَعۡمَلُ مِن سُوٓءِۭۚ بَلَىٰٓۚ إِنَّ ٱللَّهَ عَلِيمُۢ بِمَا كُنتُمۡ تَعۡمَلُونَ

    Open ayah 16:28

    Солар, өздеріне әділетсіздік еткен күйде жандарын періштелер алатындар. / Олар сонда!: «Біз ешқандай жамандық істеген жоқпыз»,- деп, бойсұна қалады. / Оларға / :«Олай емес! Ақиқатында, Аллаһ - сендердің не істегендеріңді жақсы Білуші.

  29. فَٱدۡخُلُوٓاْ أَبۡوَٰبَ جَهَنَّمَ خَٰلِدِينَ فِيهَاۖ فَلَبِئۡسَ مَثۡوَى ٱلۡمُتَكَبِّرِينَ

    Open ayah 16:29

    Енді Жаһаннамның қақпаларынан кіріңдер, ол жерде мәңгі қаласыңдар!»- делінеді. Өздерін жоғары санағандардың / тәкаппарлардың / орны қандай жаман.

  30. ۞وَقِيلَ لِلَّذِينَ ٱتَّقَوۡاْ مَاذَآ أَنزَلَ رَبُّكُمۡۚ قَالُواْ خَيۡرٗاۗ لِّلَّذِينَ أَحۡسَنُواْ فِي هَٰذِهِ ٱلدُّنۡيَا حَسَنَةٞۚ وَلَدَارُ ٱلۡأٓخِرَةِ خَيۡرٞۚ وَلَنِعۡمَ دَارُ ٱلۡمُتَّقِينَ 

    Open ayah 16:30

    Ал, тақуаларға / Аллаһқа бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанатындарға / : «Сендердің Раббың не түсірді?»- делінеді. Олар: «Жақсылық»,- дейді. Жақсылықты ықыласпен істегендерге осы өмірде жақсылық бар. Ал, соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / мекені одан да қайырлы. Тақуалық еткендердің / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандардың / соңғы тұрағы қандай жақсы!

  31. جَنَّٰتُ عَدۡنٖ يَدۡخُلُونَهَا تَجۡرِي مِن تَحۡتِهَا ٱلۡأَنۡهَٰرُۖ لَهُمۡ فِيهَا مَا يَشَآءُونَۚ كَذَٰلِكَ يَجۡزِي ٱللَّهُ ٱلۡمُتَّقِينَ

    Open ayah 16:31

    Олар астынан өзендер ағып жататын ’Адн жәннатының бақтарына кіреді. Ол жерде оларға қалағандары бар. Аллаһ тақуалық еткендердің / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандардың/ қайтарым сыйын осылай береді.

  32. ٱلَّذِينَ تَتَوَفَّىٰهُمُ ٱلۡمَلَٰٓئِكَةُ طَيِّبِينَ يَقُولُونَ سَلَٰمٌ عَلَيۡكُمُ ٱدۡخُلُواْ ٱلۡجَنَّةَ بِمَا كُنتُمۡ تَعۡمَلُونَ

    Open ayah 16:32

    Періштелер олардың жандарын таза күйлерінде алып: «Сәләмун алейкум! / Сен­дерге амандық болсын! / Істеген амалдарың үшін жәннатқа кіріңдер», -дейді.

  33. هَلۡ يَنظُرُونَ إِلَّآ أَن تَأۡتِيَهُمُ ٱلۡمَلَٰٓئِكَةُ أَوۡ يَأۡتِيَ أَمۡرُ رَبِّكَۚ كَذَٰلِكَ فَعَلَ ٱلَّذِينَ مِن قَبۡلِهِمۡۚ وَمَا ظَلَمَهُمُ ٱللَّهُ وَلَٰكِن كَانُوٓاْ أَنفُسَهُمۡ يَظۡلِمُونَ

    Open ayah 16:33

    Олар / мүшріктер / өздеріне періштелердің келуін немесе Раббыңның әмірі келуін күте ме? Олардан бұрынғылар да осылай жасаған еді. Аллаһ оларға әділетсіздік етпеді, керісінше олар өздеріне өздері әділетсіздік етті.

  34. فَأَصَابَهُمۡ سَيِّـَٔاتُ مَا عَمِلُواْ وَحَاقَ بِهِم مَّا كَانُواْ بِهِۦ يَسۡتَهۡزِءُونَ

    Open ayah 16:34

    Сөйтіп, оларға істеген амалдарының жамандығы жетті. Әрі олардың келеке етіп күлген нәрселері өздеріне тиді.

  35. وَقَالَ ٱلَّذِينَ أَشۡرَكُواْ لَوۡ شَآءَ ٱللَّهُ مَا عَبَدۡنَا مِن دُونِهِۦ مِن شَيۡءٖ نَّحۡنُ وَلَآ ءَابَآؤُنَا وَلَا حَرَّمۡنَا مِن دُونِهِۦ مِن شَيۡءٖۚ كَذَٰلِكَ فَعَلَ ٱلَّذِينَ مِن قَبۡلِهِمۡۚ فَهَلۡ عَلَى ٱلرُّسُلِ إِلَّا ٱلۡبَلَٰغُ ٱلۡمُبِينُ

    Open ayah 16:35

    Сондай-ақ, Аллаһпен қатар өзгеге табынғандар / серік қосушылар / : «Егер де Аллаһ қалағанда біз де, әкелеріміз де Одан өзге ешбір нәрсеге табынбас едік әрі Онсыз / Оның рұқсатынсыз / еш нәрсеге тыйым салмас едік»,- деді. Олардан бұрынғылар / серік қатушылар / да осылай жасаған еді. Елшілерге анық түрде жеткізуден басқа міндет жүктелген бе?

  36. وَلَقَدۡ بَعَثۡنَا فِي كُلِّ أُمَّةٖ رَّسُولًا أَنِ ٱعۡبُدُواْ ٱللَّهَ وَٱجۡتَنِبُواْ ٱلطَّٰغُوتَۖ فَمِنۡهُم مَّنۡ هَدَى ٱللَّهُ وَمِنۡهُم مَّنۡ حَقَّتۡ عَلَيۡهِ ٱلضَّلَٰلَةُۚ فَسِيرُواْ فِي ٱلۡأَرۡضِ فَٱنظُرُواْ كَيۡفَ كَانَ عَٰقِبَةُ ٱلۡمُكَذِّبِينَ

    Open ayah 16:36

    Ақиқатында, Біз әрбір үмметке: «Аллаһқа құлшылық етіңдер, тағуттан (шайтан) аулақ болыңдар», -деген Елші жібердік. Сонда Аллаһ олардың кейбірін тура жолмен жүргізді, ал кейбірі адасуға лайық болды. Сендер жер жүзін аралап, өтірікке шығарушылардың соңы қандай болғанына назар салыңдар.

  37. إِن تَحۡرِصۡ عَلَىٰ هُدَىٰهُمۡ فَإِنَّ ٱللَّهَ لَا يَهۡدِي مَن يُضِلُّۖ وَمَا لَهُم مِّن نَّٰصِرِينَ

    Open ayah 16:37

    / Ей, Мұхаммед / / Оларды тура жолға салуға қанша ұмтылсаң да, анығында Аллаһ Өзі адастыратын құлын тура жолға салмайды. Әрі оларға ешбір жәрдем беруші жоқ.

  38. وَأَقۡسَمُواْ بِٱللَّهِ جَهۡدَ أَيۡمَٰنِهِمۡ لَا يَبۡعَثُ ٱللَّهُ مَن يَمُوتُۚ بَلَىٰ وَعۡدًا عَلَيۡهِ حَقّٗا وَلَٰكِنَّ أَكۡثَرَ ٱلنَّاسِ لَا يَعۡلَمُونَ

    Open ayah 16:38

    Әрі олар: «Аллаһ өлгенді қайта тірілтпейді», -деп, анттарының күштісі -Аллаһпен ант ішті. Жоқ! бұл, Оның хақ уәдесі. Бірақ, адамдардың көбі білмейді.

  39. لِيُبَيِّنَ لَهُمُ ٱلَّذِي يَخۡتَلِفُونَ فِيهِ وَلِيَعۡلَمَ ٱلَّذِينَ كَفَرُوٓاْ أَنَّهُمۡ كَانُواْ كَٰذِبِينَ

    Open ayah 16:39

    / Аллаһ / оларға қайшылыққа түскендерін түсіндіру және сондай күпірлік еткендер / Ақиретті теріске шығарғандар / өздерінің өтірікші болғандарын білулері үшін / қайта тірілтіледі / .

  40. إِنَّمَا قَوۡلُنَا لِشَيۡءٍ إِذَآ أَرَدۡنَٰهُ أَن نَّقُولَ لَهُۥ كُن فَيَكُونُ 

    Open ayah 16:40

    Біз бір нәрсенің болуын қалағанымызда оған тек «Бол» дейміз, сонда ол бола қалады.

  41. وَٱلَّذِينَ هَاجَرُواْ فِي ٱللَّهِ مِنۢ بَعۡدِ مَا ظُلِمُواْ لَنُبَوِّئَنَّهُمۡ فِي ٱلدُّنۡيَا حَسَنَةٗۖ وَلَأَجۡرُ ٱلۡأٓخِرَةِ أَكۡبَرُۚ لَوۡ كَانُواْ يَعۡلَمُونَ

    Open ayah 16:41

    Ал, өздеріне әділетсіздік жасалғаннан кейін, Аллаһ үшін қоныс аударғандарды осы дүниеде жақсылыққа / жайлы қонысқа / жайғастырамыз әрі соңғы, мәңгілік өмірдің / ақиреттің / сыйы одан да үлкен, егер білетін болса.

  42. ٱلَّذِينَ صَبَرُواْ وَعَلَىٰ رَبِّهِمۡ يَتَوَكَّلُونَ

    Open ayah 16:42

    Солар / қоныс аударғандар / сабыр қылған әрі өздерінің Раббысына жүгініп, істерін тапсыратындар / тәуекел ететіндер / .

  43. وَمَآ أَرۡسَلۡنَا مِن قَبۡلِكَ إِلَّا رِجَالٗا نُّوحِيٓ إِلَيۡهِمۡۖ فَسۡـَٔلُوٓاْ أَهۡلَ ٱلذِّكۡرِ إِن كُنتُمۡ لَا تَعۡلَمُونَ

    Open ayah 16:43

    / Ей, Мұхаммед! / Біз сенен бұрын да тек ер адамдарды ғана уахимен жібердік. Білмейтін болсаңдар, Еске салатын / Тәурат, Інжіл / түсірілгендерден сұраңдар.

  44. بِٱلۡبَيِّنَٰتِ وَٱلزُّبُرِۗ وَأَنزَلۡنَآ إِلَيۡكَ ٱلذِّكۡرَ لِتُبَيِّنَ لِلنَّاسِ مَا نُزِّلَ إِلَيۡهِمۡ وَلَعَلَّهُمۡ يَتَفَكَّرُونَ

    Open ayah 16:44

    / Елшілерді / анық белгі-дәлелдермен және Кітаптармен / жібердік / . Әрі адамдарға өздеріне не түсірілгенін түсіндіруің үшін және олардың ойланып қараулары үшін саған да Еске салатынды / Құранды / түсірдік.

  45. أَفَأَمِنَ ٱلَّذِينَ مَكَرُواْ ٱلسَّيِّـَٔاتِ أَن يَخۡسِفَ ٱللَّهُ بِهِمُ ٱلۡأَرۡضَ أَوۡ يَأۡتِيَهُمُ ٱلۡعَذَابُ مِنۡ حَيۡثُ لَا يَشۡعُرُونَ

    Open ayah 16:45

    Айлакерлікпен жамандықты ойластырғандар өздерін Аллаһтың жерге жұттырып жіберуінен немесе өздеріне азаптың сезбеген жақтан келуінен қауіпсіз болды ма?

  46. أَوۡ يَأۡخُذَهُمۡ فِي تَقَلُّبِهِمۡ فَمَا هُم بِمُعۡجِزِينَ

    Open ayah 16:46

    Немесе ол / азап / өздерін тіршілік әрекеті үстінде ұстап, Одан қашып құтыла алмай қалуларынан,

  47. أَوۡ يَأۡخُذَهُمۡ عَلَىٰ تَخَوُّفٖ فَإِنَّ رَبَّكُمۡ لَرَءُوفٞ رَّحِيمٌ

    Open ayah 16:47

    немесе оларды қауіптеніп тұрғанда тұтуынан / қауіпсіз болды ма / ? Ақиқатында, сендердің Раббың өте Мейірбан, ерекше Мейірімді.

  48. أَوَلَمۡ يَرَوۡاْ إِلَىٰ مَا خَلَقَ ٱللَّهُ مِن شَيۡءٖ يَتَفَيَّؤُاْ ظِلَٰلُهُۥ عَنِ ٱلۡيَمِينِ وَٱلشَّمَآئِلِ سُجَّدٗا لِّلَّهِ وَهُمۡ دَٰخِرُونَ

    Open ayah 16:48

    Әрі олар / қарсы келушілер / Аллаһ жаратқан әрбір нәрсенің көлеңкелері оңға және солға ауып, Аллаһқа сәжде етіп иілетіндерін көрмеді ме?

  49. وَلِلَّهِۤ يَسۡجُدُۤ مَا فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَمَا فِي ٱلۡأَرۡضِ مِن دَآبَّةٖ وَٱلۡمَلَٰٓئِكَةُ وَهُمۡ لَا يَسۡتَكۡبِرُونَ

    Open ayah 16:49

    Әрі аспандардағы және жердегі барлық жаны бар және періштелер Аллаһқа сәжде етеді. Және олар / періштелер / өздерін жоғары санап, менменсімейді.

  50. يَخَافُونَ رَبَّهُم مِّن فَوۡقِهِمۡ وَيَفۡعَلُونَ مَا يُؤۡمَرُونَ۩ 

    Open ayah 16:50

    Олар өздерінен жоғарыдағы / үстеріндегі / Раббысынан қорқады және өздеріне бұйырылғанды орындайды.

  51. ۞وَقَالَ ٱللَّهُ لَا تَتَّخِذُوٓاْ إِلَٰهَيۡنِ ٱثۡنَيۡنِۖ إِنَّمَا هُوَ إِلَٰهٞ وَٰحِدٞ فَإِيَّٰيَ فَٱرۡهَبُونِ

    Open ayah 16:51

    Әрі Аллаһ: «Екі құдай жасап алмаңдар. Шын мәнінде, Ол жалғыз құдай! Тек Менен ғана қорқыңдар!» деді.

  52. وَلَهُۥ مَا فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ وَلَهُ ٱلدِّينُ وَاصِبًاۚ أَفَغَيۡرَ ٱللَّهِ تَتَّقُونَ

    Open ayah 16:52

    Аспандардағы және жердегі нәрселер - Онікі. құлшылық та әрдайым Оған арналып жасалынады. Сонда Аллаһтан өзгеден қорқып, сақтанасыңдар ма?

  53. وَمَا بِكُم مِّن نِّعۡمَةٖ فَمِنَ ٱللَّهِۖ ثُمَّ إِذَا مَسَّكُمُ ٱلضُّرُّ فَإِلَيۡهِ تَجۡـَٔرُونَ

    Open ayah 16:53

    Әрі сендердегі кез келген / барлық / игілік - Аллаһтан. Кейін өздеріңе бір зиян келсе, Оған ғана жалбарынасыңдар.

  54. ثُمَّ إِذَا كَشَفَ ٱلضُّرَّ عَنكُمۡ إِذَا فَرِيقٞ مِّنكُم بِرَبِّهِمۡ يُشۡرِكُونَ

    Open ayah 16:54

    Ал, ол сендерден зиянды айықтырған кезде, араларыңнан бір бөлік өздерінің Раббысына серік қосады, -

  55. لِيَكۡفُرُواْ بِمَآ ءَاتَيۡنَٰهُمۡۚ فَتَمَتَّعُواْ فَسَوۡفَ تَعۡلَمُونَ

    Open ayah 16:55

    сөйтіп, өздеріне бергенімізді мойындамау үшін. Пайдалана тұрыңдар, жақында білесіңдер.

  56. وَيَجۡعَلُونَ لِمَا لَا يَعۡلَمُونَ نَصِيبٗا مِّمَّا رَزَقۡنَٰهُمۡۗ تَٱللَّهِ لَتُسۡـَٔلُنَّ عَمَّا كُنتُمۡ تَفۡتَرُونَ

    Open ayah 16:56

    Әрі олар Біздің ризық етіп бергенімізден өздері білмейтін нәрселерге үлес белгілейді. Аллаһпен ант, сендер сөзсіз ойдан шығарған өтіріктерің жайлы сұраққа тартыласындар.

  57. وَيَجۡعَلُونَ لِلَّهِ ٱلۡبَنَٰتِ سُبۡحَٰنَهُۥ وَلَهُم مَّا يَشۡتَهُونَ

    Open ayah 16:57

    Сондай-ақ, олар «қыздары бар» деп Аллаһқа өтірікті телиді. Ол / бұдан / пәк. Ал, өздеріне қалағандарын қалдырады.

  58. وَإِذَا بُشِّرَ أَحَدُهُم بِٱلۡأُنثَىٰ ظَلَّ وَجۡهُهُۥ مُسۡوَدّٗا وَهُوَ كَظِيمٞ

    Open ayah 16:58

    Ал, олардың біреуі қыз перзентпен сүйіншіленген кезде, жүзі қарайып, ашу-ызасын ішінде сақтайды.

  59. يَتَوَٰرَىٰ مِنَ ٱلۡقَوۡمِ مِن سُوٓءِ مَا بُشِّرَ بِهِۦٓۚ أَيُمۡسِكُهُۥ عَلَىٰ هُونٍ أَمۡ يَدُسُّهُۥ فِي ٱلتُّرَابِۗ أَلَا سَآءَ مَا يَحۡكُمُونَ

    Open ayah 16:59

    Ол өзіне жеткізілген хабардың салдарынан елден жасырынады. Ол оны / қызын / қорлыққа шыдап қалдыра ма, әлде жерге көміп тастай ма? Біліңдер! Олардың берген үкімдері қандай жаман.

  60. لِلَّذِينَ لَا يُؤۡمِنُونَ بِٱلۡأٓخِرَةِ مَثَلُ ٱلسَّوۡءِۖ وَلِلَّهِ ٱلۡمَثَلُ ٱلۡأَعۡلَىٰۚ وَهُوَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلۡحَكِيمُ 

    Open ayah 16:60

    Соңғы мәңгілік өмірге / ақиретке / сенбейтіндердің сипаты өте нашар, ал Аллаһ ең жоғарғы сипатқа ие. Ол өте Үстем, аса Дана.

  61. وَلَوۡ يُؤَاخِذُ ٱللَّهُ ٱلنَّاسَ بِظُلۡمِهِم مَّا تَرَكَ عَلَيۡهَا مِن دَآبَّةٖ وَلَٰكِن يُؤَخِّرُهُمۡ إِلَىٰٓ أَجَلٖ مُّسَمّٗىۖ فَإِذَا جَآءَ أَجَلُهُمۡ لَا يَسۡتَـٔۡخِرُونَ سَاعَةٗ وَلَا يَسۡتَقۡدِمُونَ

    Open ayah 16:61

    Аллаһ адамдарды әділетсіздіктері үшін жазалайтын болғанда, жер бетінде ешбір жандыны / жаны барды / қалдырмас еді. Алайда, оларға белгіленген мерзімге дейін мұрсат береді. Ал, қашан мерзімдері келсе, олар оны бір сәтке артқа да, ілгері де жылжыта алмайды.

  62. وَيَجۡعَلُونَ لِلَّهِ مَا يَكۡرَهُونَۚ وَتَصِفُ أَلۡسِنَتُهُمُ ٱلۡكَذِبَ أَنَّ لَهُمُ ٱلۡحُسۡنَىٰۚ لَا جَرَمَ أَنَّ لَهُمُ ٱلنَّارَ وَأَنَّهُم مُّفۡرَطُونَ

    Open ayah 16:62

    Олар / мүшріктер / Аллаһқа өздері ұнатпайтынды таңады. Ал, олардың тілдері болса өздеріне жақсылық болады деп өтірікті айтады. Ақиқатында, оларға От / тозақ / болады әрі олар онда тасталып, ұмытылады.

  63. تَٱللَّهِ لَقَدۡ أَرۡسَلۡنَآ إِلَىٰٓ أُمَمٖ مِّن قَبۡلِكَ فَزَيَّنَ لَهُمُ ٱلشَّيۡطَٰنُ أَعۡمَٰلَهُمۡ فَهُوَ وَلِيُّهُمُ ٱلۡيَوۡمَ وَلَهُمۡ عَذَابٌ أَلِيمٞ

    Open ayah 16:63

    Аллаһпен ант етемін! / Ей, Мұхаммед! / Біз сенен бұрын да үмметтерге / елшілер / жібердік. Сонда шайтан оларға істерін әдемі етіп көрсетті. Ол / шайтан / бүгін / осы өмірде / олардың жақыны, досы әрі олар үшін / ақиретте / қинаушы азап бар.

  64. وَمَآ أَنزَلۡنَا عَلَيۡكَ ٱلۡكِتَٰبَ إِلَّا لِتُبَيِّنَ لَهُمُ ٱلَّذِي ٱخۡتَلَفُواْ فِيهِ وَهُدٗى وَرَحۡمَةٗ لِّقَوۡمٖ يُؤۡمِنُونَ

    Open ayah 16:64

    Біз саған Кітапты оларға қайшылыққа түскендерін түсіндіруің және имандылар / мүміндер / үшін / тура жолды ұстануға / басшылық әрі мейірім етіп түсірдік.

  65. وَٱللَّهُ أَنزَلَ مِنَ ٱلسَّمَآءِ مَآءٗ فَأَحۡيَا بِهِ ٱلۡأَرۡضَ بَعۡدَ مَوۡتِهَآۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَةٗ لِّقَوۡمٖ يَسۡمَعُونَ

    Open ayah 16:65

    Аллаһ аспаннан су түсіріп, онымен жер тіршіліксіз қалғаннан кейін оған жан бітірді. Міне, мұнда құлақ асатын адамдар үшін белгі-ғибрат бар.

  66. وَإِنَّ لَكُمۡ فِي ٱلۡأَنۡعَٰمِ لَعِبۡرَةٗۖ نُّسۡقِيكُم مِّمَّا فِي بُطُونِهِۦ مِنۢ بَيۡنِ فَرۡثٖ وَدَمٖ لَّبَنًا خَالِصٗا سَآئِغٗا لِّلشَّٰرِبِينَ

    Open ayah 16:66

    Ақиқатында, сендер үшін малдарда да ғибрат бар. Сендерге олардың қарнындағы қорытылып жатқан мен қанның арасынан ішушілерге сіңімді болған таза сүтті ішкіземіз.

  67. وَمِن ثَمَرَٰتِ ٱلنَّخِيلِ وَٱلۡأَعۡنَٰبِ تَتَّخِذُونَ مِنۡهُ سَكَرٗا وَرِزۡقًا حَسَنًاۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَةٗ لِّقَوۡمٖ يَعۡقِلُونَ

    Open ayah 16:67

    Сондай-ақ, сендер құрма және жүзім жемістерінен де мас қылушы ішімдік және жақсы азық аласыңдар. Міне, Мұнда ақылдарын істетіп, ұғынатын адамдар үшін белгі-ғибрат бар.

  68. وَأَوۡحَىٰ رَبُّكَ إِلَى ٱلنَّحۡلِ أَنِ ٱتَّخِذِي مِنَ ٱلۡجِبَالِ بُيُوتٗا وَمِنَ ٱلشَّجَرِ وَمِمَّا يَعۡرِشُونَ

    Open ayah 16:68

    Әрі Раббың бал арасына білдіріп: «Таулардан, ағаштардан және олардың / адамдардың / тұрғызғандарынан ұя жасап ал.

  69. ثُمَّ كُلِي مِن كُلِّ ٱلثَّمَرَٰتِ فَٱسۡلُكِي سُبُلَ رَبِّكِ ذُلُلٗاۚ يَخۡرُجُ مِنۢ بُطُونِهَا شَرَابٞ مُّخۡتَلِفٌ أَلۡوَٰنُهُۥ فِيهِ شِفَآءٞ لِّلنَّاسِۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَةٗ لِّقَوۡمٖ يَتَفَكَّرُونَ

    Open ayah 16:69

    Содан кейін әрбір жемістерден жеп, Раббыңның бағындырған жолдарымен жүр», деді. Олардың іштерінен алуан түсті ішетін зат шығады. Онда адамдар үшін шипа бар.Міне, мұнда ойланып қарайтын адамдар үшін белгі-ғибрат бар.

  70. وَٱللَّهُ خَلَقَكُمۡ ثُمَّ يَتَوَفَّىٰكُمۡۚ وَمِنكُم مَّن يُرَدُّ إِلَىٰٓ أَرۡذَلِ ٱلۡعُمُرِ لِكَيۡ لَا يَعۡلَمَ بَعۡدَ عِلۡمٖ شَيۡـًٔاۚ إِنَّ ٱللَّهَ عَلِيمٞ قَدِيرٞ 

    Open ayah 16:70

    Аллаһ сендерді жаратты. Кейін жандарыңды алады. Сендерден кейбіреулер білгеннен кейін өмірдің ең нашарына / кәрілікке / , ешнәрсе білмей қалатын / кезеңіне / қайтарылады. Анығында, Аллаһ бәрін Білуші, аса Құдіретті , Оның «Бол!» дегенінің бәрі болады / .

  71. وَٱللَّهُ فَضَّلَ بَعۡضَكُمۡ عَلَىٰ بَعۡضٖ فِي ٱلرِّزۡقِۚ فَمَا ٱلَّذِينَ فُضِّلُواْ بِرَآدِّي رِزۡقِهِمۡ عَلَىٰ مَا مَلَكَتۡ أَيۡمَٰنُهُمۡ فَهُمۡ فِيهِ سَوَآءٌۚ أَفَبِنِعۡمَةِ ٱللَّهِ يَجۡحَدُونَ

    Open ayah 16:71

    Аллаһ ризық-несібеде біріңді біріңнен артық етті. Бірақ / ризықта / артықшылық берілгендер қол астындағыларын өздерімен тең ету үшін оларға өз үлестерінен бермейді. Сонда олар Аллаһтың берген игілігін жоққа шығара ма?

  72. وَٱللَّهُ جَعَلَ لَكُم مِّنۡ أَنفُسِكُمۡ أَزۡوَٰجٗا وَجَعَلَ لَكُم مِّنۡ أَزۡوَٰجِكُم بَنِينَ وَحَفَدَةٗ وَرَزَقَكُم مِّنَ ٱلطَّيِّبَٰتِۚ أَفَبِٱلۡبَٰطِلِ يُؤۡمِنُونَ وَبِنِعۡمَتِ ٱللَّهِ هُمۡ يَكۡفُرُونَ

    Open ayah 16:72

    Аллаһ сендерге өздеріңнен жұбайлар жасады әрі жұбайларыңнан сен­дерге балалар мен немерелер беріп, сондай-ақ сендерді жақсы нәрселерінен ризықтандырды. Сонда олар жалғанға сеніп, Аллаһтың игілігіне күпірлік ете ме / теріске шығара ма? /

  73. وَيَعۡبُدُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِ مَا لَا يَمۡلِكُ لَهُمۡ رِزۡقٗا مِّنَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ شَيۡـٔٗا وَلَا يَسۡتَطِيعُونَ

    Open ayah 16:73

    Әрі олар / мүшріктер / Аллаһтан өзге өздері үшін аспандардан және жерден ешқандай ризыққа ие емес әрі бұған шамалары да келмейтін - біреулерге табынады.

  74. فَلَا تَضۡرِبُواْ لِلَّهِ ٱلۡأَمۡثَالَۚ إِنَّ ٱللَّهَ يَعۡلَمُ وَأَنتُمۡ لَا تَعۡلَمُونَ

    Open ayah 16:74

    Аллаһқа ұқсастар келтірмеңдер / Аса ұлы Аллаһқа ешкімді ұқсатпаңдар / .Анығында, Аллаһ біледі, - сендер білмейсіңдер.

  75. ۞ضَرَبَ ٱللَّهُ مَثَلًا عَبۡدٗا مَّمۡلُوكٗا لَّا يَقۡدِرُ عَلَىٰ شَيۡءٖ وَمَن رَّزَقۡنَٰهُ مِنَّا رِزۡقًا حَسَنٗا فَهُوَ يُنفِقُ مِنۡهُ سِرّٗا وَجَهۡرًاۖ هَلۡ يَسۡتَوُۥنَۚ ٱلۡحَمۡدُ لِلَّهِۚ بَلۡ أَكۡثَرُهُمۡ لَا يَعۡلَمُونَ

    Open ayah 16:75

    Аллаһ, біреудің иелігінде болып, еш нәрсеге шамасы келмейтін бір құлды және Біз жақсы ризық беріп, ол одан жасырын әрі ашық түрде жұмсайтын бір адамды мысалға келтірді. Бұлар тең бола ма? Барлық мақтау - Аллаһқа! Алайда, олардың көбі білмейді.

  76. وَضَرَبَ ٱللَّهُ مَثَلٗا رَّجُلَيۡنِ أَحَدُهُمَآ أَبۡكَمُ لَا يَقۡدِرُ عَلَىٰ شَيۡءٖ وَهُوَ كَلٌّ عَلَىٰ مَوۡلَىٰهُ أَيۡنَمَا يُوَجِّههُّ لَا يَأۡتِ بِخَيۡرٍ هَلۡ يَسۡتَوِي هُوَ وَمَن يَأۡمُرُ بِٱلۡعَدۡلِ وَهُوَ عَلَىٰ صِرَٰطٖ مُّسۡتَقِيمٖ

    Open ayah 16:76

    Аллаһ және екі кісіні мысалға келтірді: олардың біреуі мылқау, сондай еш нәрсеге күші жетпейтін әрі иесіне масыл. Оны қай жаққа жіберсе де одан қайыр жоқ. Сонда ол тура жолда болып, әділдікке бұйырған кісімен тең бола ма?

  77. وَلِلَّهِ غَيۡبُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِۚ وَمَآ أَمۡرُ ٱلسَّاعَةِ إِلَّا كَلَمۡحِ ٱلۡبَصَرِ أَوۡ هُوَ أَقۡرَبُۚ إِنَّ ٱللَّهَ عَلَىٰ كُلِّ شَيۡءٖ قَدِيرٞ

    Open ayah 16:77

    Аспандардың және жердің құпиясы Аллаһта. Ал Сағаттың / қайта тірілу күнінің / келуі бір көз салу сәтіндей ғана немесе одан да жақын. Ақиқатында, Аллаһ – әрбір нәрсені Жасай алушы.

  78. وَٱللَّهُ أَخۡرَجَكُم مِّنۢ بُطُونِ أُمَّهَٰتِكُمۡ لَا تَعۡلَمُونَ شَيۡـٔٗا وَجَعَلَ لَكُمُ ٱلسَّمۡعَ وَٱلۡأَبۡصَٰرَ وَٱلۡأَفۡـِٔدَةَ لَعَلَّكُمۡ تَشۡكُرُونَ

    Open ayah 16:78

    Әрі Аллаһ сендерді аналарыңның қарнынан / құрсағынан / еш нәрсені білмейтін күйлеріңде шығарды және алғыс білдірулерің үшін есту, көруді және жүректерді берді.

  79. أَلَمۡ يَرَوۡاْ إِلَى ٱلطَّيۡرِ مُسَخَّرَٰتٖ فِي جَوِّ ٱلسَّمَآءِ مَا يُمۡسِكُهُنَّ إِلَّا ٱللَّهُۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَٰتٖ لِّقَوۡمٖ يُؤۡمِنُونَ

    Open ayah 16:79

    Олар аспан кеңістігіндегі бағынышты құстарды көрмеді ме? Оларды Аллаһтан басқа ешкім де ұстап тұрған жоқ. Міне, Мұнда иманға келгендер үшін белгі-ғибраттар бар.

  80. وَٱللَّهُ جَعَلَ لَكُم مِّنۢ بُيُوتِكُمۡ سَكَنٗا وَجَعَلَ لَكُم مِّن جُلُودِ ٱلۡأَنۡعَٰمِ بُيُوتٗا تَسۡتَخِفُّونَهَا يَوۡمَ ظَعۡنِكُمۡ وَيَوۡمَ إِقَامَتِكُمۡ وَمِنۡ أَصۡوَافِهَا وَأَوۡبَارِهَا وَأَشۡعَارِهَآ أَثَٰثٗا وَمَتَٰعًا إِلَىٰ حِينٖ 

    Open ayah 16:80

    Аллаһ сендерге үйлеріңді жайлы тұрақ етті. Малдардың терілерінен көшіп-қонғанда жеңіл алып жүретін үйлерді жасады. Әрі сендерге олардың жүнінен, түбітінен және қылынан жабдықтар мен бір уақытқа дейін пайдаланатын бұйымдарды да / пайда етті / .

  81. وَٱللَّهُ جَعَلَ لَكُم مِّمَّا خَلَقَ ظِلَٰلٗا وَجَعَلَ لَكُم مِّنَ ٱلۡجِبَالِ أَكۡنَٰنٗا وَجَعَلَ لَكُمۡ سَرَٰبِيلَ تَقِيكُمُ ٱلۡحَرَّ وَسَرَٰبِيلَ تَقِيكُم بَأۡسَكُمۡۚ كَذَٰلِكَ يُتِمُّ نِعۡمَتَهُۥ عَلَيۡكُمۡ لَعَلَّكُمۡ تُسۡلِمُونَ

    Open ayah 16:81

    Әрі Аллаһ сендерге Өзі жаратқандардан көлеңкелер жасады, сендерге тауларда паналайтын орындар, сендерді ыстықтан қорғайтын киімдер және зияннан қорғайтын киімдер / сауыттар / жасады. Ол сендерге бойсұнуларың үшін игілігін осылай етіп, соңына жеткізеді.

  82. فَإِن تَوَلَّوۡاْ فَإِنَّمَا عَلَيۡكَ ٱلۡبَلَٰغُ ٱلۡمُبِينُ

    Open ayah 16:82

    / Ей, Мұхаммед! / Егер олар / әділетсіз күнәһарлар / теріс бұрылса, шын мәнінде саған анық түрде жеткізу ғана міндет.

  83. يَعۡرِفُونَ نِعۡمَتَ ٱللَّهِ ثُمَّ يُنكِرُونَهَا وَأَكۡثَرُهُمُ ٱلۡكَٰفِرُونَ

    Open ayah 16:83

    Олар Аллаһтың игілігін таниды / мойындайды / , ал кейін оны теріске шығарады. Сондай-ақ олардың / әділетсіз күнәһарлардың / көбі -кәпірлер.

  84. وَيَوۡمَ نَبۡعَثُ مِن كُلِّ أُمَّةٖ شَهِيدٗا ثُمَّ لَا يُؤۡذَنُ لِلَّذِينَ كَفَرُواْ وَلَا هُمۡ يُسۡتَعۡتَبُونَ

    Open ayah 16:84

    Әрі сол / қайта тірілу / күні әрбір үмметтен куә жібереміз. Кейін, сондай, күпірлік еткендерге / иманға келмегендерге / рұқсат берілмейді және талап етілмейді.

  85. وَإِذَا رَءَا ٱلَّذِينَ ظَلَمُواْ ٱلۡعَذَابَ فَلَا يُخَفَّفُ عَنۡهُمۡ وَلَا هُمۡ يُنظَرُونَ

    Open ayah 16:85

    Ал, әділетсіздер азапты көрген кезде оларға жеңілдетілмейді әрі Оларға мұрсат та берілмейді.

  86. وَإِذَا رَءَا ٱلَّذِينَ أَشۡرَكُواْ شُرَكَآءَهُمۡ قَالُواْ رَبَّنَا هَٰٓؤُلَآءِ شُرَكَآؤُنَا ٱلَّذِينَ كُنَّا نَدۡعُواْ مِن دُونِكَۖ فَأَلۡقَوۡاْ إِلَيۡهِمُ ٱلۡقَوۡلَ إِنَّكُمۡ لَكَٰذِبُونَ

    Open ayah 16:86

    Аллаһқа серік қосқандар, сол қосқан серіктерін / қайта тірілу күні / көрген кез­де: «Раббымыз! Біздің Сенен өзге тілеп-табыңғандарымыз осылар», дейді. Сонда олар бұларға: «Шындығында, сендер өтірік айтып тұрсыңдар», -деп тіл қатады.

  87. وَأَلۡقَوۡاْ إِلَى ٱللَّهِ يَوۡمَئِذٍ ٱلسَّلَمَۖ وَضَلَّ عَنۡهُم مَّا كَانُواْ يَفۡتَرُونَ

    Open ayah 16:87

    Әрі ол / қайта тірілу / күні олар Аллаһқа бойсұна қалады. Ал олардың ой­дан шығарған нәрселері жоқ болып кетеді.

  88. ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ وَصَدُّواْ عَن سَبِيلِ ٱللَّهِ زِدۡنَٰهُمۡ عَذَابٗا فَوۡقَ ٱلۡعَذَابِ بِمَا كَانُواْ يُفۡسِدُونَ

    Open ayah 16:88

    Сондай күпірлік еткендерге / Аллаһтың бірлігін мойындамағандарға / әрі Аллаһтың жолынан тосқандарға бұзу-бүлдірушіліктері үшін азап үстіне азап арттырдық.

  89. وَيَوۡمَ نَبۡعَثُ فِي كُلِّ أُمَّةٖ شَهِيدًا عَلَيۡهِم مِّنۡ أَنفُسِهِمۡۖ وَجِئۡنَا بِكَ شَهِيدًا عَلَىٰ هَٰٓؤُلَآءِۚ وَنَزَّلۡنَا عَلَيۡكَ ٱلۡكِتَٰبَ تِبۡيَٰنٗا لِّكُلِّ شَيۡءٖ وَهُدٗى وَرَحۡمَةٗ وَبُشۡرَىٰ لِلۡمُسۡلِمِينَ

    Open ayah 16:89

    Ол күні әрбір үмметтің ішіне, оларға қарсы өз араларынан куә / елшілерді / жібереміз. / Ей, Мұхаммед! / Әрі сені мыналарға қарсы куә етіп келтіреміз. Біз саған Кітапты / Құранды / әрбір нәрсенің түсіндірмесі және Мұсылмандар / бойсұнушылар / үшін жолбасшы / тура жолды ұстануға басшылық / ,мейірім әрі қуанышты хабар етіп түсірдік.

  90. ۞إِنَّ ٱللَّهَ يَأۡمُرُ بِٱلۡعَدۡلِ وَٱلۡإِحۡسَٰنِ وَإِيتَآيِٕ ذِي ٱلۡقُرۡبَىٰ وَيَنۡهَىٰ عَنِ ٱلۡفَحۡشَآءِ وَٱلۡمُنكَرِ وَٱلۡبَغۡيِۚ يَعِظُكُمۡ لَعَلَّكُمۡ تَذَكَّرُونَ 

    Open ayah 16:90

    Ақиқатында, Аллаһ әділдікті, ықыласпен жақсылық етуді және туысқандарға / жақсылық істеуді / пъ1 бұйырады. Әрі Ол жиіркенішті істерден және қайтарылған нәрселерден әрі зиян келтіруден тыяды. Ол сендерге осыларды еске алуларың үшін насихат етеді.

  91. وَأَوۡفُواْ بِعَهۡدِ ٱللَّهِ إِذَا عَٰهَدتُّمۡ وَلَا تَنقُضُواْ ٱلۡأَيۡمَٰنَ بَعۡدَ تَوۡكِيدِهَا وَقَدۡ جَعَلۡتُمُ ٱللَّهَ عَلَيۡكُمۡ كَفِيلًاۚ إِنَّ ٱللَّهَ يَعۡلَمُ مَا تَفۡعَلُونَ

    Open ayah 16:91

    Серт берсеңдер, Аллаһқа берген серттеріңді орындаңдар. Әрі анттарыңды бекіткеннен кейін бұзбаңдар. Сендер Аллаһты өздеріне кепіл еткенсіңдер. Ақиқатында, Аллаһ не істеп жатқандарыңды біледі.

  92. وَلَا تَكُونُواْ كَٱلَّتِي نَقَضَتۡ غَزۡلَهَا مِنۢ بَعۡدِ قُوَّةٍ أَنكَٰثٗا تَتَّخِذُونَ أَيۡمَٰنَكُمۡ دَخَلَۢا بَيۡنَكُمۡ أَن تَكُونَ أُمَّةٌ هِيَ أَرۡبَىٰ مِنۡ أُمَّةٍۚ إِنَّمَا يَبۡلُوكُمُ ٱللَّهُ بِهِۦۚ وَلَيُبَيِّنَنَّ لَكُمۡ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ مَا كُنتُمۡ فِيهِ تَخۡتَلِفُونَ

    Open ayah 16:92

    Сендер жібін мықтап иіргеннен кейін оны тарқатқан бір әйел сияқты болмаңдар. Сол сияқты бір топ басқа топтан көп болғаны үшін анттарыңды өзара алдау етпеңдер. Шын мәнінде, Аллаһ сендерді осы арқылы сынайды әрі Қайта тірілу күні, Ол сендерге қайшылыққа түскендеріңді түсіндіріп береді.

  93. وَلَوۡ شَآءَ ٱللَّهُ لَجَعَلَكُمۡ أُمَّةٗ وَٰحِدَةٗ وَلَٰكِن يُضِلُّ مَن يَشَآءُ وَيَهۡدِي مَن يَشَآءُۚ وَلَتُسۡـَٔلُنَّ عَمَّا كُنتُمۡ تَعۡمَلُونَ

    Open ayah 16:93

    Егер де Аллаһ қалағанда сендерді бір ғана үммет етер еді. Бірақ Ол қалағанын адастырып, қалағанын тура жолға салады. Сендер істеген амалдарың жайлы міндетті түрде сұраққа тартыласыңдар.

  94. وَلَا تَتَّخِذُوٓاْ أَيۡمَٰنَكُمۡ دَخَلَۢا بَيۡنَكُمۡ فَتَزِلَّ قَدَمُۢ بَعۡدَ ثُبُوتِهَا وَتَذُوقُواْ ٱلسُّوٓءَ بِمَا صَدَدتُّمۡ عَن سَبِيلِ ٱللَّهِ وَلَكُمۡ عَذَابٌ عَظِيمٞ

    Open ayah 16:94

    Анттарыңды өзара алдау етпеңдер, әйтпесе, табандарың орныққаннан кейін сүрініп, Аллаһтың жолынан қайтарғандықтарың үшін жамандық татасыңдар әрі сендерге орасан ауыр азап болады.

  95. وَلَا تَشۡتَرُواْ بِعَهۡدِ ٱللَّهِ ثَمَنٗا قَلِيلًاۚ إِنَّمَا عِندَ ٱللَّهِ هُوَ خَيۡرٞ لَّكُمۡ إِن كُنتُمۡ تَعۡلَمُونَ

    Open ayah 16:95

    Аллаһқа берген серттеріңнің орнына болмашы бағаны / дүниелік нәрсені / сатып алмандар. Егер білген болсаңдар, Аллаһтағы нәрсе / қайтарым сый / сендер үшін қайырлы.

  96. مَا عِندَكُمۡ يَنفَدُ وَمَا عِندَ ٱللَّهِ بَاقٖۗ وَلَنَجۡزِيَنَّ ٱلَّذِينَ صَبَرُوٓاْ أَجۡرَهُم بِأَحۡسَنِ مَا كَانُواْ يَعۡمَلُونَ

    Open ayah 16:96

    Сендердегі нәрселер таусылады, ал Аллаһтағы- мәңгілік. Біз сабырлық танытқандардың сыйын олардың істегендерінен артық етіп қайтарамыз.

  97. مَنۡ عَمِلَ صَٰلِحٗا مِّن ذَكَرٍ أَوۡ أُنثَىٰ وَهُوَ مُؤۡمِنٞ فَلَنُحۡيِيَنَّهُۥ حَيَوٰةٗ طَيِّبَةٗۖ وَلَنَجۡزِيَنَّهُمۡ أَجۡرَهُم بِأَحۡسَنِ مَا كَانُواْ يَعۡمَلُونَ

    Open ayah 16:97

    Ер немесе әйелден кім иманды / мүмін / болған күйде ізгі амал істесе, онда оны жақсы өмірмен жандандырамыз / игілікті өмір сүргіземіз / .Әрі олардың сыйын істеген амалдарынан артық етіп қайтарамыз.

  98. فَإِذَا قَرَأۡتَ ٱلۡقُرۡءَانَ فَٱسۡتَعِذۡ بِٱللَّهِ مِنَ ٱلشَّيۡطَٰنِ ٱلرَّجِيمِ

    Open ayah 16:98

    Құранды оқыған кезіңде, қуылған шайтаннан Аллаһқа сиынып, Оның қорғауын сұра.

  99. إِنَّهُۥ لَيۡسَ لَهُۥ سُلۡطَٰنٌ عَلَى ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَلَىٰ رَبِّهِمۡ يَتَوَكَّلُونَ

    Open ayah 16:99

    Анығында, ол / шайтан / иманға келген және Раббысына жүгініп, істерін Оған тапсырғандарға / тәуекел еткендерге / билік жүргізе алмайды.

  100. إِنَّمَا سُلۡطَٰنُهُۥ عَلَى ٱلَّذِينَ يَتَوَلَّوۡنَهُۥ وَٱلَّذِينَ هُم بِهِۦ مُشۡرِكُونَ 

    Open ayah 16:100

    Ақиқатында, оның / шайтанның / билігі оны өзіне дос, қамқоршы тұтатындарға және сондай онымен серік қосатындарға ғана жүреді.

  101. وَإِذَا بَدَّلۡنَآ ءَايَةٗ مَّكَانَ ءَايَةٖ وَٱللَّهُ أَعۡلَمُ بِمَا يُنَزِّلُ قَالُوٓاْ إِنَّمَآ أَنتَ مُفۡتَرِۭۚ بَلۡ أَكۡثَرُهُمۡ لَا يَعۡلَمُونَ 

    Open ayah 16:101

    Ал, қашан Біз бір аятты басқа аятпен алмастырсақ, Аллаһ Өзінің не түсіретінін жақсы Білуші. Олар: «Сен бар болғаны ойдан шығарушысың / өтірікшісің / »,- деді. Олай емес. Олардың көбі білмейді.

  102. قُلۡ نَزَّلَهُۥ رُوحُ ٱلۡقُدُسِ مِن رَّبِّكَ بِٱلۡحَقِّ لِيُثَبِّتَ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَهُدٗى وَبُشۡرَىٰ لِلۡمُسۡلِمِينَ 

    Open ayah 16:102

    / Ей, Мұхаммед!7 Айт: «Оны / Құранды / қасиетті Рух / Жәбірейіл / Раббыңнан ақиқатпен - мүміндері / имандыларды / бекіту үшін және Мұсылмандарға / бойсұнушыларға / жолбасшы әрі қуанышты хабар етіп түсірді», деп.

  103. وَلَقَدۡ نَعۡلَمُ أَنَّهُمۡ يَقُولُونَ إِنَّمَا يُعَلِّمُهُۥ بَشَرٞۗ لِّسَانُ ٱلَّذِي يُلۡحِدُونَ إِلَيۡهِ أَعۡجَمِيّٞ وَهَٰذَا لِسَانٌ عَرَبِيّٞ مُّبِينٌ 

    Open ayah 16:103

    Әрі Біз олардың: «Негізінде, оған оны / Құранды / бір адам үйретеді»,-деп айтатындарын білеміз. Олар меңзеген адамның тілі бөтен, ал бұл- анық араб тілі.

  104. إِنَّ ٱلَّذِينَ لَا يُؤۡمِنُونَ بِـَٔايَٰتِ ٱللَّهِ لَا يَهۡدِيهِمُ ٱللَّهُ وَلَهُمۡ عَذَابٌ أَلِيمٌ 

    Open ayah 16:104

    Ақиқатында, Аллаһтың аяттарына сенбейтіндерді Аллаһ тура жолға салмайды әрі оларға күйзелтуші азап бар.

  105. إِنَّمَا يَفۡتَرِي ٱلۡكَذِبَ ٱلَّذِينَ لَا يُؤۡمِنُونَ بِـَٔايَٰتِ ٱللَّهِۖ وَأُوْلَٰٓئِكَ هُمُ ٱلۡكَٰذِبُونَ 

    Open ayah 16:105

    Өтірікті - Аллаһтың аяттарына сенбейтіндер ғана ойдан шығарады. Міне, солар - нағыз өтірікші, суайттар.

  106. مَن كَفَرَ بِٱللَّهِ مِنۢ بَعۡدِ إِيمَٰنِهِۦٓ إِلَّا مَنۡ أُكۡرِهَ وَقَلۡبُهُۥ مُطۡمَئِنُّۢ بِٱلۡإِيمَٰنِ وَلَٰكِن مَّن شَرَحَ بِٱلۡكُفۡرِ صَدۡرٗا فَعَلَيۡهِمۡ غَضَبٞ مِّنَ ٱللَّهِ وَلَهُمۡ عَذَابٌ عَظِيمٞ 

    Open ayah 16:106

    Кім иманға келгеннен кейін, Аллаһқа күпірлік етсе / қарсы шықса / , - ал, біреудің мәжбүрлеуіне ұшырап / тілімен бас тартып / , бірақ жүрегі иманға орнықты болғандар бұған кірмейді -әрі кім күпірлікке / имансыздыққа / көкірегін ашса, соларға Аллаһтың қаһары әрі үлкен азабы болады.

  107. ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمُ ٱسۡتَحَبُّواْ ٱلۡحَيَوٰةَ ٱلدُّنۡيَا عَلَى ٱلۡأٓخِرَةِ وَأَنَّ ٱللَّهَ لَا يَهۡدِي ٱلۡقَوۡمَ ٱلۡكَٰفِرِينَ 

    Open ayah 16:107

    Мұның себебі - олардың осы өмірді соңғы мәңгілік өмірден / ақиреттен / артық көргендіктерінен. Әрі күмәнсіз, Аллаһ кәпір адамдарды тура жолға салмайды.

  108. أُوْلَٰٓئِكَ ٱلَّذِينَ طَبَعَ ٱللَّهُ عَلَىٰ قُلُوبِهِمۡ وَسَمۡعِهِمۡ وَأَبۡصَٰرِهِمۡۖ وَأُوْلَٰٓئِكَ هُمُ ٱلۡغَٰفِلُونَ 

    Open ayah 16:108

    Міне, солар -Аллаһ жүректерін, естуін және көруін мөрлеп / бітеп / тастағандар. Олар - нағыз қаперсіздер.

  109. لَا جَرَمَ أَنَّهُمۡ فِي ٱلۡأٓخِرَةِ هُمُ ٱلۡخَٰسِرُونَ 

    Open ayah 16:109

    Күмәнсіз, олар соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / нағыз зиян көрушілер болады.

  110. ثُمَّ إِنَّ رَبَّكَ لِلَّذِينَ هَاجَرُواْ مِنۢ بَعۡدِ مَا فُتِنُواْ ثُمَّ جَٰهَدُواْ وَصَبَرُوٓاْ إِنَّ رَبَّكَ مِنۢ بَعۡدِهَا لَغَفُورٞ رَّحِيمٞ 

    Open ayah 16:110

    / Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, Раббың бүлікке ұшырағаннан кейін қоныс аударып, одан соң / Аллаһ жолында! күрескен және сабыр еткендерге - содан / бүліктен / кейін де өте Кешірімді, ерекше Мейірімді.

  111. ۞يَوۡمَ تَأۡتِي كُلُّ نَفۡسٖ تُجَٰدِلُ عَن نَّفۡسِهَا وَتُوَفَّىٰ كُلُّ نَفۡسٖ مَّا عَمِلَتۡ وَهُمۡ لَا يُظۡلَمُونَ

    Open ayah 16:111

    Ол / қайта тірілу / күні әрбір жан өзі үшін дауласады және әркімге істегені толық беріліп, оларға әділетсіздік жасалмайды.

  112. وَضَرَبَ ٱللَّهُ مَثَلٗا قَرۡيَةٗ كَانَتۡ ءَامِنَةٗ مُّطۡمَئِنَّةٗ يَأۡتِيهَا رِزۡقُهَا رَغَدٗا مِّن كُلِّ مَكَانٖ فَكَفَرَتۡ بِأَنۡعُمِ ٱللَّهِ فَأَذَٰقَهَا ٱللَّهُ لِبَاسَ ٱلۡجُوعِ وَٱلۡخَوۡفِ بِمَا كَانُواْ يَصۡنَعُونَ

    Open ayah 16:112

    Аллаһ бір кентті мысалға келтірді. Ол тыныш, жайбарақат жатқан ел еді. Оған ризығы барлық жақтан, молынан келетін. Алайда, олар Аллаһтың игіліктеріне күпірлік етті / Раббысының бергендерін мойындамады / . Сондықтан Аллаһ оларға жасаған істері үшін аштық пен қорқыныштың дәмін таттырды.

  113. وَلَقَدۡ جَآءَهُمۡ رَسُولٞ مِّنۡهُمۡ فَكَذَّبُوهُ فَأَخَذَهُمُ ٱلۡعَذَابُ وَهُمۡ ظَٰلِمُونَ

    Open ayah 16:113

    Анығында, оларға өз іштерінен Елші келген еді. Алайда олар оны өтірікшіге шығарды. Сонда оларға азап тиді әрі олар / өздері-өздеріне / 1315 әділетсіздік етті.

  114. فَكُلُواْ مِمَّا رَزَقَكُمُ ٱللَّهُ حَلَٰلٗا طَيِّبٗا وَٱشۡكُرُواْ نِعۡمَتَ ٱللَّهِ إِن كُنتُمۡ إِيَّاهُ تَعۡبُدُونَ

    Open ayah 16:114

    Аллаһқа құлшылық ететін болсаңдар, Аллаһ сендерге ризық етіп берген халал / рұқсат етілген / , жақсы нәрселерден жендер әрі шүкір етіңдер / Оның игіліктеріне алғыс білдіріңдер / .

  115. إِنَّمَا حَرَّمَ عَلَيۡكُمُ ٱلۡمَيۡتَةَ وَٱلدَّمَ وَلَحۡمَ ٱلۡخِنزِيرِ وَمَآ أُهِلَّ لِغَيۡرِ ٱللَّهِ بِهِۦۖ فَمَنِ ٱضۡطُرَّ غَيۡرَ بَاغٖ وَلَا عَادٖ فَإِنَّ ٱللَّهَ غَفُورٞ رَّحِيمٞ

    Open ayah 16:115

    Анығында, Ол сендерге өлексені, қанды, доңыз етін және Аллаһтан өзгеге арналып бауыздалғанды тыйым салды. Алайда кім қаламаса да жеуге мәжбүр болып, шектен шықпаса, онда Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді.

  116. وَلَا تَقُولُواْ لِمَا تَصِفُ أَلۡسِنَتُكُمُ ٱلۡكَذِبَ هَٰذَا حَلَٰلٞ وَهَٰذَا حَرَامٞ لِّتَفۡتَرُواْ عَلَى ٱللَّهِ ٱلۡكَذِبَۚ إِنَّ ٱلَّذِينَ يَفۡتَرُونَ عَلَى ٱللَّهِ ٱلۡكَذِبَ لَا يُفۡلِحُونَ

    Open ayah 16:116

    Тілдеріңнің «бұл халал / рұқсат етілген / , бұл - харам / тыйым салынған / » -деп, өтірік сипаттағанын айтпаңдар. Онда Аллаһқа жала жапқан боласыңдар. Ақиқатында, Аллаһқа қатысты өтірікті құрастыратындар / жала жабатындар / мұратына жетпейді.

  117. مَتَٰعٞ قَلِيلٞ وَلَهُمۡ عَذَابٌ أَلِيمٞ

    Open ayah 16:117

    / Оларға дүниеде / аз ғана уақытша пайдалану бар. Әрі / ақиретте / оларға күйзелтуші азап болады.

  118. وَعَلَى ٱلَّذِينَ هَادُواْ حَرَّمۡنَا مَا قَصَصۡنَا عَلَيۡكَ مِن قَبۡلُۖ وَمَا ظَلَمۡنَٰهُمۡ وَلَٰكِن كَانُوٓاْ أَنفُسَهُمۡ يَظۡلِمُونَ

    Open ayah 16:118

    / Ей, Мұхаммед! / Ал, иудейлерге, Біз саған бұрын баян еткен нәрселерімізді ғана тыйым салдық. Біз оларға әділетсіздік етпедік, бірақ олар өздеріне-өздері әділетсіздік жасады.

  119. ثُمَّ إِنَّ رَبَّكَ لِلَّذِينَ عَمِلُواْ ٱلسُّوٓءَ بِجَهَٰلَةٖ ثُمَّ تَابُواْ مِنۢ بَعۡدِ ذَٰلِكَ وَأَصۡلَحُوٓاْ إِنَّ رَبَّكَ مِنۢ بَعۡدِهَا لَغَفُورٞ رَّحِيمٌ

    Open ayah 16:119

    Ақиқатында, / ғапылдықпен / білмей жамандық істеп қойып, артынан істеген күнәсіне шынайы өкініп, Раббысына бойсұнуға қайтатын / тәубеге келетін / және түзеткендерге Раббың содан кейін де өте Кешірімді, ерекше Мейірімді.

  120. إِنَّ إِبۡرَٰهِيمَ كَانَ أُمَّةٗ قَانِتٗا لِّلَّهِ حَنِيفٗا وَلَمۡ يَكُ مِنَ ٱلۡمُشۡرِكِينَ 

    Open ayah 16:120

    Ақиқатында, Ибраһим / үлгі тұтатын / жетекші, Аллаһқа беріле бойсұнушы, ханиф еді. Әрі ол серік қосушылардан / Аллаһпен қатар өзгелерге табынушы / болмады.

  121. شَاكِرٗا لِّأَنۡعُمِهِۚ ٱجۡتَبَىٰهُ وَهَدَىٰهُ إِلَىٰ صِرَٰطٖ مُّسۡتَقِيمٖ

    Open ayah 16:121

    Ол / Ибраһим / Оның игіліктеріне шүкір етуші / Раббысының бергендеріне алғыс білдіруші / еді. Ол / Аллаһ / оны таңдады әрі тура жолмен жүргізді.

  122. وَءَاتَيۡنَٰهُ فِي ٱلدُّنۡيَا حَسَنَةٗۖ وَإِنَّهُۥ فِي ٱلۡأٓخِرَةِ لَمِنَ ٱلصَّٰلِحِينَ

    Open ayah 16:122

    Біз оған осы өмірде жақсылық бердік. Әрі әлбетте, соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / ол ізгілерден болады.

  123. ثُمَّ أَوۡحَيۡنَآ إِلَيۡكَ أَنِ ٱتَّبِعۡ مِلَّةَ إِبۡرَٰهِيمَ حَنِيفٗاۖ وَمَا كَانَ مِنَ ٱلۡمُشۡرِكِينَ

    Open ayah 16:123

    / Ей, Мұхаммед! / Кейін саған: «Ханиф (Аллаһты бірлеп, тура жолдан таймай, жалғыз Оған құлшылық етуші) болған әрі серік қосушылардан болмаған / Аллаһпен қатар өзгелерге табынбаған / Ибраһимнің дініне ер», -деп уахи еттік.

  124. إِنَّمَا جُعِلَ ٱلسَّبۡتُ عَلَى ٱلَّذِينَ ٱخۡتَلَفُواْ فِيهِۚ وَإِنَّ رَبَّكَ لَيَحۡكُمُ بَيۡنَهُمۡ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ فِيمَا كَانُواْ فِيهِ يَخۡتَلِفُونَ

    Open ayah 16:124

    Ақиқатында, «сенбі күн» - ол тек оған қатысты қайшылыққа түсушілерге арналды. Ал, Қайта тірілу күні Раббың олардың қайшылыққа түскен нәрселеріне қатысты үкім береді.

  125. ٱدۡعُ إِلَىٰ سَبِيلِ رَبِّكَ بِٱلۡحِكۡمَةِ وَٱلۡمَوۡعِظَةِ ٱلۡحَسَنَةِۖ وَجَٰدِلۡهُم بِٱلَّتِي هِيَ أَحۡسَنُۚ إِنَّ رَبَّكَ هُوَ أَعۡلَمُ بِمَن ضَلَّ عَن سَبِيلِهِۦ وَهُوَ أَعۡلَمُ بِٱلۡمُهۡتَدِينَ

    Open ayah 16:125

    / Ей, Мұхаммед! / Раббыңның жолына даналықпен және көркем үгіт арқылы шақыр әрі олармен ең жақсы нәрселер арқылы пікір бөліс. Ақиқатында, Раббың Өз жолынан адасқанды жақсы біледі және Ол тура жолдағыларды да жақсы біледі.

  126. وَإِنۡ عَاقَبۡتُمۡ فَعَاقِبُواْ بِمِثۡلِ مَا عُوقِبۡتُم بِهِۦۖ وَلَئِن صَبَرۡتُمۡ لَهُوَ خَيۡرٞ لِّلصَّٰبِرِينَ

    Open ayah 16:126

    Сондай-ақ, егер / өздеріңе зиян келтіргенді / жазалайтын болсаңдар, өздеріңе зиян тигізгендей ғана жазалаңдар. Ал, егер сабырлық танытсаңдар, сабыр етушілер үшін бұл қайырлы.

  127. وَٱصۡبِرۡ وَمَا صَبۡرُكَ إِلَّا بِٱللَّهِۚ وَلَا تَحۡزَنۡ عَلَيۡهِمۡ وَلَا تَكُ فِي ضَيۡقٖ مِّمَّا يَمۡكُرُونَ

    Open ayah 16:127

    / Ей, Мұхаммеді / Сабыр ет! Сенің сабыр етуің Аллаһ арқылы / Оның көмегімен / ғана. Оларға бола қайғырма және олардың жасаған қулық-сұмдықтарына қысылма.

  128. إِنَّ ٱللَّهَ مَعَ ٱلَّذِينَ ٱتَّقَواْ وَّٱلَّذِينَ هُم مُّحۡسِنُونَ

    Open ayah 16:128

    Ақиқатында, Аллаһ тақуалармен / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушылармен / және жақсылықты ықыласпен істеушілермен бірге.