الإسراء
Al-Israa
Translation: Kazakh - Khalifah Altai Charity Foundation · Open the surah
بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
سُبۡحَٰنَ ٱلَّذِيٓ أَسۡرَىٰ بِعَبۡدِهِۦ لَيۡلٗا مِّنَ ٱلۡمَسۡجِدِ ٱلۡحَرَامِ إِلَى ٱلۡمَسۡجِدِ ٱلۡأَقۡصَا ٱلَّذِي بَٰرَكۡنَا حَوۡلَهُۥ لِنُرِيَهُۥ مِنۡ ءَايَٰتِنَآۚ إِنَّهُۥ هُوَ ٱلسَّمِيعُ ٱلۡبَصِيرُ
Open ayah 17:1Құлын бір түнде әл-Харам мешітінен белгілеріміздің кейбірін көрсетуіміз үшін, Біз төңірегін берекелі еткен әл-Ақса мешітіне алып барған Ол / барлық кемшіліктен / пәк. Күмәнсіз, Ол бәрін Естуші, әрбір нәрсені.
وَءَاتَيۡنَا مُوسَى ٱلۡكِتَٰبَ وَجَعَلۡنَٰهُ هُدٗى لِّبَنِيٓ إِسۡرَٰٓءِيلَ أَلَّا تَتَّخِذُواْ مِن دُونِي وَكِيلٗا
Open ayah 17:2Біз Мұсаға Кітапты бердік әрі оны / Кітапты / Исраил ұрпақтарына / тура жолды ұстануға / басшылық етіп: «Сендер Менен басқаны өздеріңді сеніп тапсыратын Ие / Уакил / етіп алмаңдар!» - дедік.
ذُرِّيَّةَ مَنۡ حَمَلۡنَا مَعَ نُوحٍۚ إِنَّهُۥ كَانَ عَبۡدٗا شَكُورٗا
Open ayah 17:3Ей, Нұхпен бірге / кемеде / алып жүргендеріміздің ұрпағы! Негізінде, ол / Нұх / шүкір етуші / Раббысының берген игіліктеріне алғыс білдіруші / құл еді.
وَقَضَيۡنَآ إِلَىٰ بَنِيٓ إِسۡرَٰٓءِيلَ فِي ٱلۡكِتَٰبِ لَتُفۡسِدُنَّ فِي ٱلۡأَرۡضِ مَرَّتَيۡنِ وَلَتَعۡلُنَّ عُلُوّٗا كَبِيرٗا
Open ayah 17:4Біз Исраил ұрпақтарына Кітапта: «Сендер бұл жерде екі рет бұзғыншылық істейсіңдер және тым өрескел астамшылық етесіңдер», -деп алдын ала жаздық / белгіледік / .
فَإِذَا جَآءَ وَعۡدُ أُولَىٰهُمَا بَعَثۡنَا عَلَيۡكُمۡ عِبَادٗا لَّنَآ أُوْلِي بَأۡسٖ شَدِيدٖ فَجَاسُواْ خِلَٰلَ ٱلدِّيَارِۚ وَكَانَ وَعۡدٗا مَّفۡعُولٗا
Open ayah 17:5Бұл екеуінің алғашқысының уәдесі келген кезде Біз сендерге қарсы өте қуатты құлдарымызды жібердік те олар үйлердің арасын шарлады. Сөйтіп ол орындалған бір уәде болды.
ثُمَّ رَدَدۡنَا لَكُمُ ٱلۡكَرَّةَ عَلَيۡهِمۡ وَأَمۡدَدۡنَٰكُم بِأَمۡوَٰلٖ وَبَنِينَ وَجَعَلۡنَٰكُمۡ أَكۡثَرَ نَفِيرًا
Open ayah 17:6Содан кейін сендер үшін оларға қарсы қайта жеңіс беріп әрі сендерді байлық және ұлдармен қолдап, жасақтарыңды көбейттік.
إِنۡ أَحۡسَنتُمۡ أَحۡسَنتُمۡ لِأَنفُسِكُمۡۖ وَإِنۡ أَسَأۡتُمۡ فَلَهَاۚ فَإِذَا جَآءَ وَعۡدُ ٱلۡأٓخِرَةِ لِيَسُـُٔواْ وُجُوهَكُمۡ وَلِيَدۡخُلُواْ ٱلۡمَسۡجِدَ كَمَا دَخَلُوهُ أَوَّلَ مَرَّةٖ وَلِيُتَبِّرُواْ مَا عَلَوۡاْ تَتۡبِيرًا
Open ayah 17:7Жақсылық жасасаңдар, өздерің үшін жасадыңдар. Ал жамандық жасасандар, ол да өздеріңе. Соңғы уәде келген кезде, жүздеріңе қайғы орнату үшін / жауларың / мешітке алдын кіргендей кіреді де, өздері басып алғанды қиратады.
عَسَىٰ رَبُّكُمۡ أَن يَرۡحَمَكُمۡۚ وَإِنۡ عُدتُّمۡ عُدۡنَاۚ وَجَعَلۡنَا جَهَنَّمَ لِلۡكَٰفِرِينَ حَصِيرًا
Open ayah 17:8Сендерге Раббыңыз рақым етер. Ал, егер қайталасаңдар, Біз де қайталаймыз. Біз Жаһаннамды кәпірлерге қамалатын орын етеміз.
إِنَّ هَٰذَا ٱلۡقُرۡءَانَ يَهۡدِي لِلَّتِي هِيَ أَقۡوَمُ وَيُبَشِّرُ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ ٱلَّذِينَ يَعۡمَلُونَ ٱلصَّٰلِحَٰتِ أَنَّ لَهُمۡ أَجۡرٗا كَبِيرٗا
Open ayah 17:9Анығында, бұл Құран ең тура / дұрыс / болғанға бастайды әрі ізгі амал істейтін имандыларға - оларға үлкен сый болатыны жайлы қуанышты хабар жеткізеді.
وَأَنَّ ٱلَّذِينَ لَا يُؤۡمِنُونَ بِٱلۡأٓخِرَةِ أَعۡتَدۡنَا لَهُمۡ عَذَابًا أَلِيمٗا
Open ayah 17:10Әрі соңғы мәңгілік өмірге / ақиретке / сенбейтіндер үшін қинаушы азап әзірледік.
وَيَدۡعُ ٱلۡإِنسَٰنُ بِٱلشَّرِّ دُعَآءَهُۥ بِٱلۡخَيۡرِۖ وَكَانَ ٱلۡإِنسَٰنُ عَجُولٗا
Open ayah 17:11Ал, адам жамандықты жақсылықты тілейтіндей тілейді. Әрі адам баласы асыққыш.
وَجَعَلۡنَا ٱلَّيۡلَ وَٱلنَّهَارَ ءَايَتَيۡنِۖ فَمَحَوۡنَآ ءَايَةَ ٱلَّيۡلِ وَجَعَلۡنَآ ءَايَةَ ٱلنَّهَارِ مُبۡصِرَةٗ لِّتَبۡتَغُواْ فَضۡلٗا مِّن رَّبِّكُمۡ وَلِتَعۡلَمُواْ عَدَدَ ٱلسِّنِينَ وَٱلۡحِسَابَۚ وَكُلَّ شَيۡءٖ فَصَّلۡنَٰهُ تَفۡصِيلٗا
Open ayah 17:12Әрі түн мен күндізді екі белгі еттік. Өздеріңнің Раббыңның кеңшілігін іздеулерің және жылдардың саны мен есепті білулерің үшін Біз түннің белгісін кетіріп, күндіздің белгісін жарық етеміз. Әрі Біз барлық нәрсені анықтап түсіндірдік.
وَكُلَّ إِنسَٰنٍ أَلۡزَمۡنَٰهُ طَٰٓئِرَهُۥ فِي عُنُقِهِۦۖ وَنُخۡرِجُ لَهُۥ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ كِتَٰبٗا يَلۡقَىٰهُ مَنشُورًا
Open ayah 17:13Әрі Біз әрбір адамның мойнына оның амалдарын ажырамайтындай етіп бекіттік және Қайта тірілу күні оған бір кітап шығарамыз, ол оны ашылған түрде көреді.
ٱقۡرَأۡ كِتَٰبَكَ كَفَىٰ بِنَفۡسِكَ ٱلۡيَوۡمَ عَلَيۡكَ حَسِيبٗا
Open ayah 17:14/ Оған / : «Өз кітабыңды оқы, бүгін сен өз есебіңді есептеуде жеткіліктісің»,-делінеді.
مَّنِ ٱهۡتَدَىٰ فَإِنَّمَا يَهۡتَدِي لِنَفۡسِهِۦۖ وَمَن ضَلَّ فَإِنَّمَا يَضِلُّ عَلَيۡهَاۚ وَلَا تَزِرُ وَازِرَةٞ وِزۡرَ أُخۡرَىٰۗ وَمَا كُنَّا مُعَذِّبِينَ حَتَّىٰ نَبۡعَثَ رَسُولٗا
Open ayah 17:15Кім тура жолмен жүрсе, тек өзі үшін / өз пайдасына / жүреді. Ал, кім адасса, өз зиянына адасады. Ешбір жан басқа біреудің жүгін / күнәсін / көтермейді. Әрі Елші жібермей тұрып, Біз ешкімді де азаптаушы емеспіз.
وَإِذَآ أَرَدۡنَآ أَن نُّهۡلِكَ قَرۡيَةً أَمَرۡنَا مُتۡرَفِيهَا فَفَسَقُواْ فِيهَا فَحَقَّ عَلَيۡهَا ٱلۡقَوۡلُ فَدَمَّرۡنَٰهَا تَدۡمِيرٗا
Open ayah 17:16Ал, бір елді мекенді / күнәлары үшін / жоюды қаласақ, ондағы сән-салтанатта, рахатта шалқып / дәулетте мастанып / жүргендерін көбейтеміз, сонда олар бұзық істер таратып, оларға қатысты / жазылған / сөз жүзеге асады. Сөйтіп оны / күнәғабатқан елді мекенді / біржола күйретеміз.
وَكَمۡ أَهۡلَكۡنَا مِنَ ٱلۡقُرُونِ مِنۢ بَعۡدِ نُوحٖۗ وَكَفَىٰ بِرَبِّكَ بِذُنُوبِ عِبَادِهِۦ خَبِيرَۢا بَصِيرٗا
Open ayah 17:17Біз Нұхтан кейін де қаншама халықтарды жойдық. / Ей, Мұхаммед! / Раббың, құлдарының күнәларынан Хабардар болуда, оны көруде жеткілікті.
مَّن كَانَ يُرِيدُ ٱلۡعَاجِلَةَ عَجَّلۡنَا لَهُۥ فِيهَا مَا نَشَآءُ لِمَن نُّرِيدُ ثُمَّ جَعَلۡنَا لَهُۥ جَهَنَّمَ يَصۡلَىٰهَا مَذۡمُومٗا مَّدۡحُورٗا
Open ayah 17:18Кім тез өте шығатынды / осы өмірді / қаласа, Біз Өзіміз бергіміз келгенге қалаған нәрсемізді осы өмірде жедел береміз. Кейін Біз оған Жаһаннамды әзірледік. Ол оған айыпталған, / Аллаһтың мейірімінен / алыстатылған түрде түседі.
وَمَنۡ أَرَادَ ٱلۡأٓخِرَةَ وَسَعَىٰ لَهَا سَعۡيَهَا وَهُوَ مُؤۡمِنٞ فَأُوْلَٰٓئِكَ كَانَ سَعۡيُهُم مَّشۡكُورٗا
Open ayah 17:19Ал, кім соңғы мәңгілік өмірді / ақиретті / қаласа және иманды болған күйде оған лайықты түрде ұмтылса, міне, солардың талпынысы / Аллаһтың алдында / алғысқа бөленеді.
كُلّٗا نُّمِدُّ هَٰٓؤُلَآءِ وَهَٰٓؤُلَآءِ مِنۡ عَطَآءِ رَبِّكَۚ وَمَا كَانَ عَطَآءُ رَبِّكَ مَحۡظُورًا
Open ayah 17:20/ Ей, Мұхаммед! / Біз Раббыңның сыйынан барлығына - аналарға да / осы өмірді көксегендерге / , мыналарға да / мәңгілік өмірді қалағандарға / береміз. Әрі Раббыңның сыйына шектеу қойылмайды.
ٱنظُرۡ كَيۡفَ فَضَّلۡنَا بَعۡضَهُمۡ عَلَىٰ بَعۡضٖۚ وَلَلۡأٓخِرَةُ أَكۡبَرُ دَرَجَٰتٖ وَأَكۡبَرُ تَفۡضِيلٗا
Open ayah 17:21Біз оларды / бұл дүниеде / бір-бірінен қалай артық еткенімізді қара. Ал, соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / , күдіксіз, дәрежелер тұрғысынан да өте үлкен әрі артықшылықта да ең үлкен.
لَّا تَجۡعَلۡ مَعَ ٱللَّهِ إِلَٰهًا ءَاخَرَ فَتَقۡعُدَ مَذۡمُومٗا مَّخۡذُولٗا
Open ayah 17:22Аллаһпен бірге басқаны құдай етіп алма. Онда айыпталып, көмексіз қалдырылған боласың.
۞وَقَضَىٰ رَبُّكَ أَلَّا تَعۡبُدُوٓاْ إِلَّآ إِيَّاهُ وَبِٱلۡوَٰلِدَيۡنِ إِحۡسَٰنًاۚ إِمَّا يَبۡلُغَنَّ عِندَكَ ٱلۡكِبَرَ أَحَدُهُمَآ أَوۡ كِلَاهُمَا فَلَا تَقُل لَّهُمَآ أُفّٖ وَلَا تَنۡهَرۡهُمَا وَقُل لَّهُمَا قَوۡلٗا كَرِيمٗا
Open ayah 17:23Әрі Раббың Өзінен басқа ешкімге құлшылық етпеулеріңді және ата-анаға жақсылықты ықыласпен жасауларыңды бұйырды. Егер сенің қасында олардың біреуіне не екеуіне де кәрілік жетсе, оларға «уһ», - деме / көңіл толмаушылық білдірме / , әрі оларға зекіме және оларға жылы сөз сөйле.
وَٱخۡفِضۡ لَهُمَا جَنَاحَ ٱلذُّلِّ مِنَ ٱلرَّحۡمَةِ وَقُل رَّبِّ ٱرۡحَمۡهُمَا كَمَا رَبَّيَانِي صَغِيرٗا
Open ayah 17:24Әрі оларға, мейіріммен кішірейе қанатыңды иіп: «Раббым! Мені' кішкентайдан бағып, тәрбиелеп өсіргендеріндей оларға мейірім ет», - де.
رَّبُّكُمۡ أَعۡلَمُ بِمَا فِي نُفُوسِكُمۡۚ إِن تَكُونُواْ صَٰلِحِينَ فَإِنَّهُۥ كَانَ لِلۡأَوَّٰبِينَ غَفُورٗا
Open ayah 17:25Сендердің Раббың жан-дүниелеріңдегіні жақсы біледі. Егер түзу болатын болсаңдар, күмәнсіз, Ол - күнәсынан қайтатындарға өте Кешірімді.
وَءَاتِ ذَا ٱلۡقُرۡبَىٰ حَقَّهُۥ وَٱلۡمِسۡكِينَ وَٱبۡنَ ٱلسَّبِيلِ وَلَا تُبَذِّرۡ تَبۡذِيرًا
Open ayah 17:26Сондай-ақ жақындарға, кедейлерге және / жолда қалған / жолаушыға хақысын бер, бірақ тым шашылма,
إِنَّ ٱلۡمُبَذِّرِينَ كَانُوٓاْ إِخۡوَٰنَ ٱلشَّيَٰطِينِۖ وَكَانَ ٱلشَّيۡطَٰنُ لِرَبِّهِۦ كَفُورٗا
Open ayah 17:27негізінде, ысырапшылар - шайтанның ағайындары. Ал, шайтан Раббысының игіліктерін мүлдем мойындамайды.
وَإِمَّا تُعۡرِضَنَّ عَنۡهُمُ ٱبۡتِغَآءَ رَحۡمَةٖ مِّن رَّبِّكَ تَرۡجُوهَا فَقُل لَّهُمۡ قَوۡلٗا مَّيۡسُورٗا
Open ayah 17:28Ал, егер олардан Раббыңның мейірімін үміт еткен халде бет бұратын болсаң / бір нәрсе бере алмасаң / , оларға жұмсақ сөз сөйле.
وَلَا تَجۡعَلۡ يَدَكَ مَغۡلُولَةً إِلَىٰ عُنُقِكَ وَلَا تَبۡسُطۡهَا كُلَّ ٱلۡبَسۡطِ فَتَقۡعُدَ مَلُومٗا مَّحۡسُورًا
Open ayah 17:29Әрі қолыңды мойныңа байлаулы етпе және оны барынша жайып та жіберме. Онда жазғырылып, тарыққан хәлде қаласың.
إِنَّ رَبَّكَ يَبۡسُطُ ٱلرِّزۡقَ لِمَن يَشَآءُ وَيَقۡدِرُۚ إِنَّهُۥ كَانَ بِعِبَادِهِۦ خَبِيرَۢا بَصِيرٗا
Open ayah 17:30Ақиқатында, Раббың ризықты кімге қаласа кеңітеді не шектеп қояды / тарылтады / . Ол - құлдарынан Хабардар және Көріп тұрушы.
وَلَا تَقۡتُلُوٓاْ أَوۡلَٰدَكُمۡ خَشۡيَةَ إِمۡلَٰقٖۖ نَّحۡنُ نَرۡزُقُهُمۡ وَإِيَّاكُمۡۚ إِنَّ قَتۡلَهُمۡ كَانَ خِطۡـٔٗا كَبِيرٗا
Open ayah 17:31Әрі балаларыңды жоқшылықтан қорқып өлтірмеңдер. Оларға да, сендерге де ризықты Біз береміз. Ақиқатында, оларды өлтіру үлкен - күнә.
وَلَا تَقۡرَبُواْ ٱلزِّنَىٰٓۖ إِنَّهُۥ كَانَ فَٰحِشَةٗ وَسَآءَ سَبِيلٗا
Open ayah 17:32Әрі зинаға жақындамаңдар, өйткені ол жиіркенішті іс және жаман жол.
وَلَا تَقۡتُلُواْ ٱلنَّفۡسَ ٱلَّتِي حَرَّمَ ٱللَّهُ إِلَّا بِٱلۡحَقِّۗ وَمَن قُتِلَ مَظۡلُومٗا فَقَدۡ جَعَلۡنَا لِوَلِيِّهِۦ سُلۡطَٰنٗا فَلَا يُسۡرِف فِّي ٱلۡقَتۡلِۖ إِنَّهُۥ كَانَ مَنصُورٗا
Open ayah 17:33Әрі құқықты / заңды / түрде болмаса, Аллаһ / өлтіруге / тыйым салған жанды өлтірмеңдер. Кім әділетсіздікпен өлтірілсе, Біз оның / өлгеннің / ең жақын туысына билік бердік. Бірақ ол өлтіруде / кек алуда / шектен шықпасын. Негізінде, оған жәрдем беріледі.
وَلَا تَقۡرَبُواْ مَالَ ٱلۡيَتِيمِ إِلَّا بِٱلَّتِي هِيَ أَحۡسَنُ حَتَّىٰ يَبۡلُغَ أَشُدَّهُۥۚ وَأَوۡفُواْ بِٱلۡعَهۡدِۖ إِنَّ ٱلۡعَهۡدَ كَانَ مَسۡـُٔولٗا
Open ayah 17:34Және жетімнің дүниесіне ең жақсы жолмен болмаса, ол балиғатқа толғанша жоламаңдар. Келісімді орындаңдар. Өйткені уәдесұралады.
وَأَوۡفُواْ ٱلۡكَيۡلَ إِذَا كِلۡتُمۡ وَزِنُواْ بِٱلۡقِسۡطَاسِ ٱلۡمُسۡتَقِيمِۚ ذَٰلِكَ خَيۡرٞ وَأَحۡسَنُ تَأۡوِيلٗا
Open ayah 17:35Сондай-ақ, өлшеген кездеріңде өлшемді толық орындаңдар және тура таразылармен тартыңдар. Бұл қайырлы әрі нәтиже тұрғысында да жақсы.
وَلَا تَقۡفُ مَا لَيۡسَ لَكَ بِهِۦ عِلۡمٌۚ إِنَّ ٱلسَّمۡعَ وَٱلۡبَصَرَ وَٱلۡفُؤَادَ كُلُّ أُوْلَٰٓئِكَ كَانَ عَنۡهُ مَسۡـُٔولٗا
Open ayah 17:36Әрі өзіңде білімі болмаған нәрсеге ерме. Анығында, есту, көру және жүрек - бұлардың әрқайсысысұраққа тартылады.
وَلَا تَمۡشِ فِي ٱلۡأَرۡضِ مَرَحًاۖ إِنَّكَ لَن تَخۡرِقَ ٱلۡأَرۡضَ وَلَن تَبۡلُغَ ٱلۡجِبَالَ طُولٗا
Open ayah 17:37Әрі жер бетінде өзіңді жоғары санап, кердеңдеп жүрме, өйткені сен жерді тесіп жібере алмайсың және биіктікте де тауларға жете алмайсың.
كُلُّ ذَٰلِكَ كَانَ سَيِّئُهُۥ عِندَ رَبِّكَ مَكۡرُوهٗا
Open ayah 17:38Осылардың / қайтарылған амалдардың / барлығы жаман, Раббыңның алдында жеккөрінішті.
ذَٰلِكَ مِمَّآ أَوۡحَىٰٓ إِلَيۡكَ رَبُّكَ مِنَ ٱلۡحِكۡمَةِۗ وَلَا تَجۡعَلۡ مَعَ ٱللَّهِ إِلَٰهًا ءَاخَرَ فَتُلۡقَىٰ فِي جَهَنَّمَ مَلُومٗا مَّدۡحُورًا
Open ayah 17:39/ Ей, Мұхаммед! / Бұл - Раббың саған уахи еткен даналықтан. Аллаһпен қатар басқаны құдай етіп алма, онда жазғырылып,ь / Аллаһтың мейірімінен / алыстатылған түрде Жаһаннамға тасталасың.
أَفَأَصۡفَىٰكُمۡ رَبُّكُم بِٱلۡبَنِينَ وَٱتَّخَذَ مِنَ ٱلۡمَلَٰٓئِكَةِ إِنَٰثًاۚ إِنَّكُمۡ لَتَقُولُونَ قَوۡلًا عَظِيمٗا
Open ayah 17:40Сендердің Раббың ұл балаларды тек сендерге беріп, ал Өзіне періштелерден қыздар алды ма? Негізінде, сендер өте үлкен / ауыр / сөз айтудасыңдар.
وَلَقَدۡ صَرَّفۡنَا فِي هَٰذَا ٱلۡقُرۡءَانِ لِيَذَّكَّرُواْ وَمَا يَزِيدُهُمۡ إِلَّا نُفُورٗا
Open ayah 17:41Ақиқатында, Біз осы Құранда / үкімдер мен насихаттарды / олар еске алулары үшін түсіндірдік. Бірақ бұл олардың безінуін ғана арттырды.
قُل لَّوۡ كَانَ مَعَهُۥٓ ءَالِهَةٞ كَمَا يَقُولُونَ إِذٗا لَّٱبۡتَغَوۡاْ إِلَىٰ ذِي ٱلۡعَرۡشِ سَبِيلٗا
Open ayah 17:42Айт: «Егер де олар айтып жүргендей, Онымен / Аллаһпен / бірге басқа құдайлар болғанда, ол құдайлар Аршының иесіне қарай бір жолды / табуды / қалар еді.
سُبۡحَٰنَهُۥ وَتَعَٰلَىٰ عَمَّا يَقُولُونَ عُلُوّٗا كَبِيرٗا
Open ayah 17:43Ол / Аллаһ / - олардың айтып жатқандарынан пәк әрі өте жоғары.
تُسَبِّحُ لَهُ ٱلسَّمَٰوَٰتُ ٱلسَّبۡعُ وَٱلۡأَرۡضُ وَمَن فِيهِنَّۚ وَإِن مِّن شَيۡءٍ إِلَّا يُسَبِّحُ بِحَمۡدِهِۦ وَلَٰكِن لَّا تَفۡقَهُونَ تَسۡبِيحَهُمۡۚ إِنَّهُۥ كَانَ حَلِيمًا غَفُورٗا
Open ayah 17:44Жеті аспан мен жер және онда болғандар Оны / барлық кемшіліктерден / пәк деп дәріптейді. Оны мақтап, / барлық кемшіліктерден / пәк деп дәріптемейтін ешбір нәрсе жоқ. Бірақ сендер олардың дәріптеулерін түсінбейсіңдер. Ақиқатында, Ол аса Ұстамды, өте Кешірімді.
وَإِذَا قَرَأۡتَ ٱلۡقُرۡءَانَ جَعَلۡنَا بَيۡنَكَ وَبَيۡنَ ٱلَّذِينَ لَا يُؤۡمِنُونَ بِٱلۡأٓخِرَةِ حِجَابٗا مَّسۡتُورٗا
Open ayah 17:45/ Ей, Мұхаммед! / Сен Құранды оқыған кезіңде сені мен соңғы мәңгілік өмірге / ақиретке / сенбейтіндер арасында көрінбейтін бір шымылдық жасадық.
وَجَعَلۡنَا عَلَىٰ قُلُوبِهِمۡ أَكِنَّةً أَن يَفۡقَهُوهُ وَفِيٓ ءَاذَانِهِمۡ وَقۡرٗاۚ وَإِذَا ذَكَرۡتَ رَبَّكَ فِي ٱلۡقُرۡءَانِ وَحۡدَهُۥ وَلَّوۡاْ عَلَىٰٓ أَدۡبَٰرِهِمۡ نُفُورٗا
Open ayah 17:46Біз олардың ұқпаулары үшін жүректеріне перде және құлақтарына кереңдік салдық. Сен Құранда Раббыңның жалғыз екенін еске алған кезіңде, олар жиренген күйі арттарына бұрылады.
نَّحۡنُ أَعۡلَمُ بِمَا يَسۡتَمِعُونَ بِهِۦٓ إِذۡ يَسۡتَمِعُونَ إِلَيۡكَ وَإِذۡ هُمۡ نَجۡوَىٰٓ إِذۡ يَقُولُ ٱلظَّٰلِمُونَ إِن تَتَّبِعُونَ إِلَّا رَجُلٗا مَّسۡحُورًا
Open ayah 17:47Біз, олардың сені тыңдаған кездерінде нені тыңдайтындарын жақсы білеміз. Олар құпия сөйлескендерінде, әділетсіздер: «Сендер сиқырланған кісіге еріп жүрсіңдер», -дейді.
ٱنظُرۡ كَيۡفَ ضَرَبُواْ لَكَ ٱلۡأَمۡثَالَ فَضَلُّواْ فَلَا يَسۡتَطِيعُونَ سَبِيلٗا
Open ayah 17:48Олардың саған қалай мысалдар келтіргенін назар сал. Олар сөйтіп адасты, енді жол таба алмайды.
وَقَالُوٓاْ أَءِذَا كُنَّا عِظَٰمٗا وَرُفَٰتًا أَءِنَّا لَمَبۡعُوثُونَ خَلۡقٗا جَدِيدٗا
Open ayah 17:49Әрі олар: «Біз сүйек және күйреп қоқым болып кеткен кезімізде, жаңадан жаратылып, қайта тірілтілеміз бе?» - деді.
۞قُلۡ كُونُواْ حِجَارَةً أَوۡ حَدِيدًا
Open ayah 17:50/ Ей, Мұхаммед! / Оларға: «Тас не темір болыңдар,
أَوۡ خَلۡقٗا مِّمَّا يَكۡبُرُ فِي صُدُورِكُمۡۚ فَسَيَقُولُونَ مَن يُعِيدُنَاۖ قُلِ ٱلَّذِي فَطَرَكُمۡ أَوَّلَ مَرَّةٖۚ فَسَيُنۡغِضُونَ إِلَيۡكَ رُءُوسَهُمۡ وَيَقُولُونَ مَتَىٰ هُوَۖ قُلۡ عَسَىٰٓ أَن يَكُونَ قَرِيبٗا
Open ayah 17:51не көңілдеріңде үлкен көрінген бір жаратылыс болыңдар / бәрібір тірілтілесіңдер / », -де. Олар: «Бізді кім қайта тірілтеді?» дейді. Айт: «Өздеріңді алғашқы ретте жаратқан», - деп. Олар саған бастарын шайқап: «Ол қашан?» - дейді. Айт: «Ол жақында болады », -деп.
يَوۡمَ يَدۡعُوكُمۡ فَتَسۡتَجِيبُونَ بِحَمۡدِهِۦ وَتَظُنُّونَ إِن لَّبِثۡتُمۡ إِلَّا قَلِيلٗا
Open ayah 17:52Ол сендерді шақырған / Есеп / күні, сендер Оған мақтау айтып жауап бересіңдер әрі / дүниеде / аз ғана болдық деп ойлайсыңдар.
وَقُل لِّعِبَادِي يَقُولُواْ ٱلَّتِي هِيَ أَحۡسَنُۚ إِنَّ ٱلشَّيۡطَٰنَ يَنزَغُ بَيۡنَهُمۡۚ إِنَّ ٱلشَّيۡطَٰنَ كَانَ لِلۡإِنسَٰنِ عَدُوّٗا مُّبِينٗا
Open ayah 17:53Құлдарыма айт, олар ең жақсыны сөйлесін. Шын мәнінде, шайтан олардың арасына наз'ғ қылады / іріткі салып, бұзады / .Анығында, шайтан адам баласына анық дұшпан.
رَّبُّكُمۡ أَعۡلَمُ بِكُمۡۖ إِن يَشَأۡ يَرۡحَمۡكُمۡ أَوۡ إِن يَشَأۡ يُعَذِّبۡكُمۡۚ وَمَآ أَرۡسَلۡنَٰكَ عَلَيۡهِمۡ وَكِيلٗا
Open ayah 17:54Сендерді Раббың жақсы біледі. Қаласа, сендерге мейірім етеді, қаласа азаптайды. Біз сені олар үшін жауапты етіп жібермедік.
وَرَبُّكَ أَعۡلَمُ بِمَن فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِۗ وَلَقَدۡ فَضَّلۡنَا بَعۡضَ ٱلنَّبِيِّـۧنَ عَلَىٰ بَعۡضٖۖ وَءَاتَيۡنَا دَاوُۥدَ زَبُورٗا
Open ayah 17:55Сондай-ақ, сенің Раббың аспандардағы және жердегілерді жақсы біледі. Біз пайғамбарлардың кейбіріне өзгелерінен артықшылық бердік. Әрі Дәуітке Забурды бердік.
قُلِ ٱدۡعُواْ ٱلَّذِينَ زَعَمۡتُم مِّن دُونِهِۦ فَلَا يَمۡلِكُونَ كَشۡفَ ٱلضُّرِّ عَنكُمۡ وَلَا تَحۡوِيلًا
Open ayah 17:56/ Ей, Мұхаммед / / Оларға: «Одан өзге / құдай деп / ойлағандарыңды шақырыңдар. Олардың сендерден зиянды кетіруге, бұрып жіберуге шамасы жоқ», - деп айт.
أُوْلَٰٓئِكَ ٱلَّذِينَ يَدۡعُونَ يَبۡتَغُونَ إِلَىٰ رَبِّهِمُ ٱلۡوَسِيلَةَ أَيُّهُمۡ أَقۡرَبُ وَيَرۡجُونَ رَحۡمَتَهُۥ وَيَخَافُونَ عَذَابَهُۥٓۚ إِنَّ عَذَابَ رَبِّكَ كَانَ مَحۡذُورٗا
Open ayah 17:57Олардың табынғандарының өздері Раббысына қарай жақындататын жол іздеп, Оған жақынырақ болуға ұмтылады. Олар Оның мейірімін үміт етеді әрі азабынан қорқады. Ақиқатында, Раббыңның азабы - қорғанып, сақтануға тиіс / қажетті / болған нәрсе.
وَإِن مِّن قَرۡيَةٍ إِلَّا نَحۡنُ مُهۡلِكُوهَا قَبۡلَ يَوۡمِ ٱلۡقِيَٰمَةِ أَوۡ مُعَذِّبُوهَا عَذَابٗا شَدِيدٗاۚ كَانَ ذَٰلِكَ فِي ٱلۡكِتَٰبِ مَسۡطُورٗا
Open ayah 17:58Біз Қайта тірілу күніне дейін / күнәларының себебінен / жойып жібермейтін немесе қатты азапқа ұшыратпайтын бірде-бір елді мекен жоқ. Бұл - Кітапта / Ләухул-Махфузда / жазылып қойылған.
وَمَا مَنَعَنَآ أَن نُّرۡسِلَ بِٱلۡأٓيَٰتِ إِلَّآ أَن كَذَّبَ بِهَا ٱلۡأَوَّلُونَۚ وَءَاتَيۡنَا ثَمُودَ ٱلنَّاقَةَ مُبۡصِرَةٗ فَظَلَمُواْ بِهَاۚ وَمَا نُرۡسِلُ بِٱلۡأٓيَٰتِ إِلَّا تَخۡوِيفٗا
Open ayah 17:59Әрі Біз мұғжизаларды алдыңғы өткендердің оны / мұғжизаны / өтірікке шығарғандығы үшін жібермедік. Біз Сәмүд еліне анық көрінетін / мұғжиза ретінде / түйе бердік, бірақ олар оған әділетсіздік жасады. Әрі Біз мұғжизаларды / кереметтерді / тек қорқыту үшін ғана жібереміз.
وَإِذۡ قُلۡنَا لَكَ إِنَّ رَبَّكَ أَحَاطَ بِٱلنَّاسِۚ وَمَا جَعَلۡنَا ٱلرُّءۡيَا ٱلَّتِيٓ أَرَيۡنَٰكَ إِلَّا فِتۡنَةٗ لِّلنَّاسِ وَٱلشَّجَرَةَ ٱلۡمَلۡعُونَةَ فِي ٱلۡقُرۡءَانِۚ وَنُخَوِّفُهُمۡ فَمَا يَزِيدُهُمۡ إِلَّا طُغۡيَٰنٗا كَبِيرٗا
Open ayah 17:60/ Ей, Мұхаммед!! Кезінде саған: «Ақиқатында, Раббың адамдарды барлық жағынан қамтыған», -дедік. Әрі саған / Исра кешінде! көрсеткенімізді адамдар үшін сынақ еттік. Сондай-ақ, Құрандағы лағнеттелген ағашты да. Біз оларды қорқытамыз, бірақ бұл олардың қатты шектен шығуларын ғана арттырады.
وَإِذۡ قُلۡنَا لِلۡمَلَٰٓئِكَةِ ٱسۡجُدُواْ لِأٓدَمَ فَسَجَدُوٓاْ إِلَّآ إِبۡلِيسَ قَالَ ءَأَسۡجُدُ لِمَنۡ خَلَقۡتَ طِينٗا
Open ayah 17:61Әрі кезінде періштелерге: «Адамға сәжде етіңдер!» - дедік. Сонда олар сәжде етті. Тек Ібіліс / сәжде етпей / : «Сен лайдан жаратқан біреуге сәжде жасаймын ба?» - деді.
قَالَ أَرَءَيۡتَكَ هَٰذَا ٱلَّذِي كَرَّمۡتَ عَلَيَّ لَئِنۡ أَخَّرۡتَنِ إِلَىٰ يَوۡمِ ٱلۡقِيَٰمَةِ لَأَحۡتَنِكَنَّ ذُرِّيَّتَهُۥٓ إِلَّا قَلِيلٗا
Open ayah 17:62/ Ібіліс / : «Маған хабар берші, Өзің менен құрметті еткенің мынау ма? Егер маған Қайта тірілу күніне дейін уақыт берсең / кешіктірсен / , мен оның ұрпағының азынан басқасын жүгендеп аламын», - деді.
قَالَ ٱذۡهَبۡ فَمَن تَبِعَكَ مِنۡهُمۡ فَإِنَّ جَهَنَّمَ جَزَآؤُكُمۡ جَزَآءٗ مَّوۡفُورٗا
Open ayah 17:63Аллаһ: «Кет! Олардан кім саған ерсе, сендердің қайтарым жазаларың - Жаһаннам, ол - / іс-амалдардың / қайтарымы ретіндегі толық жаза.
وَٱسۡتَفۡزِزۡ مَنِ ٱسۡتَطَعۡتَ مِنۡهُم بِصَوۡتِكَ وَأَجۡلِبۡ عَلَيۡهِم بِخَيۡلِكَ وَرَجِلِكَ وَشَارِكۡهُمۡ فِي ٱلۡأَمۡوَٰلِ وَٱلۡأَوۡلَٰدِ وَعِدۡهُمۡۚ وَمَا يَعِدُهُمُ ٱلشَّيۡطَٰنُ إِلَّا غُرُورًا
Open ayah 17:64Олардан әлің келгенді дауысыңмен еліктіріп қозғау сал. Оларға қарсы атты және жаяу әскеріңді сал. Әрі олардың мал-дүниелері және перзенттеріне араласып, ортақ бол. Әрі оларға уәде бер», - деді. Негізінде, шайтан оларға жалған нәрсеге үміттендіруден / алдаудан / басқа нәрсені уәде ете алмайды.
إِنَّ عِبَادِي لَيۡسَ لَكَ عَلَيۡهِمۡ سُلۡطَٰنٞۚ وَكَفَىٰ بِرَبِّكَ وَكِيلٗا
Open ayah 17:65Ақиқатында, құлдарыма / Маған шынайы құл болғандарға /- олардың үстінен сенде билік жоқ. Әрі Раббың - қорғап, сақтаушы ретінде жеткілікті.
رَّبُّكُمُ ٱلَّذِي يُزۡجِي لَكُمُ ٱلۡفُلۡكَ فِي ٱلۡبَحۡرِ لِتَبۡتَغُواْ مِن فَضۡلِهِۦٓۚ إِنَّهُۥ كَانَ بِكُمۡ رَحِيمٗا
Open ayah 17:66Сендердің Раббың, Өзінің кеңшілігін іздеулерің үшін кемелерді теңізде жүргізеді. Шын мәнінде, Ол сендерге Мейірімді.
وَإِذَا مَسَّكُمُ ٱلضُّرُّ فِي ٱلۡبَحۡرِ ضَلَّ مَن تَدۡعُونَ إِلَّآ إِيَّاهُۖ فَلَمَّا نَجَّىٰكُمۡ إِلَى ٱلۡبَرِّ أَعۡرَضۡتُمۡۚ وَكَانَ ٱلۡإِنسَٰنُ كَفُورًا
Open ayah 17:67Сендерге теңізде бір зиян келген кезде, Одан / Аллаһтан / өзге жалбарынғандарың жоқ болып кетеді. Ал, Ол өздеріңді құрлыққашығарып құтқарған кезде, сендер теріс бұрыласыңдар. Сондай-ақ, адам баласы / өзіне / берілген игіліктерді мойындамаушы.
أَفَأَمِنتُمۡ أَن يَخۡسِفَ بِكُمۡ جَانِبَ ٱلۡبَرِّ أَوۡ يُرۡسِلَ عَلَيۡكُمۡ حَاصِبٗا ثُمَّ لَا تَجِدُواْ لَكُمۡ وَكِيلًا
Open ayah 17:68Оның сендерді құрлықта жерге жұттыруынан немесе сендерге тасты дауыл жіберуінен қауіпсіз бе едіңдер? Кейін өздерің үшін қорғаушы таба алмайсыңдар.
أَمۡ أَمِنتُمۡ أَن يُعِيدَكُمۡ فِيهِ تَارَةً أُخۡرَىٰ فَيُرۡسِلَ عَلَيۡكُمۡ قَاصِفٗا مِّنَ ٱلرِّيحِ فَيُغۡرِقَكُم بِمَا كَفَرۡتُمۡ ثُمَّ لَا تَجِدُواْ لَكُمۡ عَلَيۡنَا بِهِۦ تَبِيعٗا
Open ayah 17:69Әлде Оның сендерді оған / теңізге / тағы да қайтарып әрі қатты дауыл жіберіп, күпірліктерің / қарсы келгендіктерің / үшін суға батыруынан қауіпсіз бе едіңдер? Кейін Бізге қарсы кектеріңді даулаушы таппайсыңдар.
۞وَلَقَدۡ كَرَّمۡنَا بَنِيٓ ءَادَمَ وَحَمَلۡنَٰهُمۡ فِي ٱلۡبَرِّ وَٱلۡبَحۡرِ وَرَزَقۡنَٰهُم مِّنَ ٱلطَّيِّبَٰتِ وَفَضَّلۡنَٰهُمۡ عَلَىٰ كَثِيرٖ مِّمَّنۡ خَلَقۡنَا تَفۡضِيلٗا
Open ayah 17:70Ақиқатында, Біз Адамның ұрпақтарын қадірледік. Оларды құрлықта және теңізде жүргіздік әрі оларға жақсы нәрселерден ризық бердік және оларға жаратқандарымыздың көбінен басым артықшылық бердік.
يَوۡمَ نَدۡعُواْ كُلَّ أُنَاسِۭ بِإِمَٰمِهِمۡۖ فَمَنۡ أُوتِيَ كِتَٰبَهُۥ بِيَمِينِهِۦ فَأُوْلَٰٓئِكَ يَقۡرَءُونَ كِتَٰبَهُمۡ وَلَا يُظۡلَمُونَ فَتِيلٗا
Open ayah 17:71Сол / ақирет / күні барлық адамдарды басшыларымен бірге шақырамыз. Сонда кімнің кітабы оң жағынан берілсе, солар кітаптарын оқиды. Әрі оларға құрма дәнінің қылындай да әділетсіздік жасалмайды.
وَمَن كَانَ فِي هَٰذِهِۦٓ أَعۡمَىٰ فَهُوَ فِي ٱلۡأٓخِرَةِ أَعۡمَىٰ وَأَضَلُّ سَبِيلٗا
Open ayah 17:72Кім / бүл дүниеде / соқыр болса, ол кейінгі мәңгілік өмірде де / ақиретте де / соқыр әрі жолдан ең қатты адасушы болады.
وَإِن كَادُواْ لَيَفۡتِنُونَكَ عَنِ ٱلَّذِيٓ أَوۡحَيۡنَآ إِلَيۡكَ لِتَفۡتَرِيَ عَلَيۡنَا غَيۡرَهُۥۖ وَإِذٗا لَّٱتَّخَذُوكَ خَلِيلٗا
Open ayah 17:73/ Ей, Мұхаммед! / Әрі олар Бізге қатысты басқа нәрсені құрастыруың үшін сені өзіңе уахи еткенімізден бұруға жақын тұрды. Сонда олар сені жақын дос етіп алар еді.
وَلَوۡلَآ أَن ثَبَّتۡنَٰكَ لَقَدۡ كِدتَّ تَرۡكَنُ إِلَيۡهِمۡ شَيۡـٔٗا قَلِيلًا
Open ayah 17:74Егер Біз сені бекітпегенде, оларға аздап болса да келісім танытуға жақын болған едің.
إِذٗا لَّأَذَقۡنَٰكَ ضِعۡفَ ٱلۡحَيَوٰةِ وَضِعۡفَ ٱلۡمَمَاتِ ثُمَّ لَا تَجِدُ لَكَ عَلَيۡنَا نَصِيرٗا
Open ayah 17:75Онда Біз саған өмірдің де, өлімнің де / азабының / екі есесін таттырар едік. Содан кейін өзіңе Бізге қарсы жәрдемші таба алмас едің.
وَإِن كَادُواْ لَيَسۡتَفِزُّونَكَ مِنَ ٱلۡأَرۡضِ لِيُخۡرِجُوكَ مِنۡهَاۖ وَإِذٗا لَّا يَلۡبَثُونَ خِلَٰفَكَ إِلَّا قَلِيلٗا
Open ayah 17:76Әрі олар сені, ол жерден шығарып жіберу үшін орныңнан қозғауға жақын тұрды. Сонда сенен кейін олар аз ғана тұратын еді.
سُنَّةَ مَن قَدۡ أَرۡسَلۡنَا قَبۡلَكَ مِن رُّسُلِنَاۖ وَلَا تَجِدُ لِسُنَّتِنَا تَحۡوِيلًا
Open ayah 17:77Бұл сенен бұрын жіберген елшілеріміздің жолы. Ал, Біздің жолымызға / бекіткендерімізге / өзгерту таба алмайсың.
أَقِمِ ٱلصَّلَوٰةَ لِدُلُوكِ ٱلشَّمۡسِ إِلَىٰ غَسَقِ ٱلَّيۡلِ وَقُرۡءَانَ ٱلۡفَجۡرِۖ إِنَّ قُرۡءَانَ ٱلۡفَجۡرِ كَانَ مَشۡهُودٗا
Open ayah 17:78Күн ауғаннан түннің қараңғылығына дейін / бесін, аср, ақшам, құптан / ' намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / орында. Әрі таңның Құранын / намазын / . Анығында, таңның Құранына қатысады.
وَمِنَ ٱلَّيۡلِ فَتَهَجَّدۡ بِهِۦ نَافِلَةٗ لَّكَ عَسَىٰٓ أَن يَبۡعَثَكَ رَبُّكَ مَقَامٗا مَّحۡمُودٗا
Open ayah 17:79Және түннің бір бөлігін ұйықтамай, өзіңе қосымша намазға тұр, Раббың сені бір мақтаулы орынға жібереді.
وَقُل رَّبِّ أَدۡخِلۡنِي مُدۡخَلَ صِدۡقٖ وَأَخۡرِجۡنِي مُخۡرَجَ صِدۡقٖ وَٱجۡعَل لِّي مِن لَّدُنكَ سُلۡطَٰنٗا نَّصِيرٗا
Open ayah 17:80Әрі айт: «Раббым! Мені кіретін орныма шындықпен кіргізіп және шығатын орнымнан шындықпен шығар. Әрі Өз қасыңнан маған көмек беретін күш бер», - деп.
وَقُلۡ جَآءَ ٱلۡحَقُّ وَزَهَقَ ٱلۡبَٰطِلُۚ إِنَّ ٱلۡبَٰطِلَ كَانَ زَهُوقٗا
Open ayah 17:81Әрі: «Ақиқат келді және жалған / негізсіз нәрселер / жойылды. Анығында, жалған / негізсіз нәрселер / сөзсіз жойылушы», - деп айт.
وَنُنَزِّلُ مِنَ ٱلۡقُرۡءَانِ مَا هُوَ شِفَآءٞ وَرَحۡمَةٞ لِّلۡمُؤۡمِنِينَ وَلَا يَزِيدُ ٱلظَّٰلِمِينَ إِلَّا خَسَارٗا
Open ayah 17:82Біз Құраннан имандылар / мүміндер / үшін шипа және мейірім түсіреміз. Ал әділетсіздер үшін ол / Құран / тек зиянға ұшырауларын ғана арттырады.
وَإِذَآ أَنۡعَمۡنَا عَلَى ٱلۡإِنسَٰنِ أَعۡرَضَ وَنَـَٔا بِجَانِبِهِۦ وَإِذَا مَسَّهُ ٱلشَّرُّ كَانَ يَـُٔوسٗا
Open ayah 17:83Әрі қашан Біз адам баласына игілік берсек, ол теріс бұрылып, менменси түседі. Ал оған жамандық келсе, ол мүлде күдер үзеді.
قُلۡ كُلّٞ يَعۡمَلُ عَلَىٰ شَاكِلَتِهِۦ فَرَبُّكُمۡ أَعۡلَمُ بِمَنۡ هُوَ أَهۡدَىٰ سَبِيلٗا
Open ayah 17:84/ Ей, Мұхаммед! / Айт: «Әркім өзіне лайықты амал істейді. Сендердің Раббың жолда кімнің ең тура екенін жақсы біледі», - деп.
وَيَسۡـَٔلُونَكَ عَنِ ٱلرُّوحِۖ قُلِ ٱلرُّوحُ مِنۡ أَمۡرِ رَبِّي وَمَآ أُوتِيتُم مِّنَ ٱلۡعِلۡمِ إِلَّا قَلِيلٗا
Open ayah 17:85Әрі олар / иудейлер / сенен рух жайында сұрайды. «Рух - Раббымның әмірінен. Ал сендерге білімнен аз ғана берілді», - деп айт.
وَلَئِن شِئۡنَا لَنَذۡهَبَنَّ بِٱلَّذِيٓ أَوۡحَيۡنَآ إِلَيۡكَ ثُمَّ لَا تَجِدُ لَكَ بِهِۦ عَلَيۡنَا وَكِيلًا
Open ayah 17:86Ал, егер қаласақ, саған уахи етіп бергенімізді алып қояр едік. Кейін бұған байланысты Бізге қарсы қорғаушы таба алмас едің.
إِلَّا رَحۡمَةٗ مِّن رَّبِّكَۚ إِنَّ فَضۡلَهُۥ كَانَ عَلَيۡكَ كَبِيرٗا
Open ayah 17:87Бірақ, Раббыңнан бір мейірім ретінде / оны алмады / . / Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, Оның саған деген кеңшілігі үлкен.
قُل لَّئِنِ ٱجۡتَمَعَتِ ٱلۡإِنسُ وَٱلۡجِنُّ عَلَىٰٓ أَن يَأۡتُواْ بِمِثۡلِ هَٰذَا ٱلۡقُرۡءَانِ لَا يَأۡتُونَ بِمِثۡلِهِۦ وَلَوۡ كَانَ بَعۡضُهُمۡ لِبَعۡضٖ ظَهِيرٗا
Open ayah 17:88Егер адамзат пен жын осы Құранға ұқсасты келтіруге жиналып, бір-біріне көмекші болса да оған ұқсас нәрсе әкеле алмайды.
وَلَقَدۡ صَرَّفۡنَا لِلنَّاسِ فِي هَٰذَا ٱلۡقُرۡءَانِ مِن كُلِّ مَثَلٖ فَأَبَىٰٓ أَكۡثَرُ ٱلنَّاسِ إِلَّا كُفُورٗا
Open ayah 17:89Негізінде, Біз адамдарға осы Құранда әрбір мысалды жан-жақты етіп түсіндірдік. Бірақ адамдардың көпшілігі күпірлік етуден / қарсы келуден / басқаның бәрін теріске шығарды.
وَقَالُواْ لَن نُّؤۡمِنَ لَكَ حَتَّىٰ تَفۡجُرَ لَنَا مِنَ ٱلۡأَرۡضِ يَنۢبُوعًا
Open ayah 17:90Олар: «Бізге жерден бір бұлақ жарып шығармағаныңша, саған сенбейміз.
أَوۡ تَكُونَ لَكَ جَنَّةٞ مِّن نَّخِيلٖ وَعِنَبٖ فَتُفَجِّرَ ٱلۡأَنۡهَٰرَ خِلَٰلَهَا تَفۡجِيرًا
Open ayah 17:91Не болмаса сенде құрмадан әрі жүзімнен бір бағың болып, олардың арасынан өзендер ағызып қоймағаныңша,
أَوۡ تُسۡقِطَ ٱلسَّمَآءَ كَمَا زَعَمۡتَ عَلَيۡنَا كِسَفًا أَوۡ تَأۡتِيَ بِٱللَّهِ وَٱلۡمَلَٰٓئِكَةِ قَبِيلًا
Open ayah 17:92не болмаса айтқанындай, аспанды үстімізге бөлшектеп түсірмегеніңше, не Аллаһты және періштелерді қарсы алдымызға әкелмегеніңше;
أَوۡ يَكُونَ لَكَ بَيۡتٞ مِّن زُخۡرُفٍ أَوۡ تَرۡقَىٰ فِي ٱلسَّمَآءِ وَلَن نُّؤۡمِنَ لِرُقِيِّكَ حَتَّىٰ تُنَزِّلَ عَلَيۡنَا كِتَٰبٗا نَّقۡرَؤُهُۥۗ قُلۡ سُبۡحَانَ رَبِّي هَلۡ كُنتُ إِلَّا بَشَرٗا رَّسُولٗا
Open ayah 17:93не болмаса сенде алтынмен әшекейленген бір үй болғанға дейін, не сен аспанға көтерілгеніңше. Алайда, бізге оқитын бір кітап түсірмейінше, көтерілгеніңе де сенбейміз», - деді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Раббым - / барлық кемшіліктерден / пәк! Мен бар болғаны Елші етіп жіберілген адам емеспін бе?»- деп.
وَمَا مَنَعَ ٱلنَّاسَ أَن يُؤۡمِنُوٓاْ إِذۡ جَآءَهُمُ ٱلۡهُدَىٰٓ إِلَّآ أَن قَالُوٓاْ أَبَعَثَ ٱللَّهُ بَشَرٗا رَّسُولٗا
Open ayah 17:94Адамдарға тура жол келген кезде, олардыңиманға келуіне: «Аллаһ Елші етіп адамды жіберді ме?» -деп айтулары кедергі болды.
قُل لَّوۡ كَانَ فِي ٱلۡأَرۡضِ مَلَٰٓئِكَةٞ يَمۡشُونَ مُطۡمَئِنِّينَ لَنَزَّلۡنَا عَلَيۡهِم مِّنَ ٱلسَّمَآءِ مَلَكٗا رَّسُولٗا
Open ayah 17:95/ Ей, Мұхаммед! / Айт: «Егер де жер бетінде жайбарақат жүргендер періштелер болғанда, Оларға аспаннан Елші етіп періште түсіретін едік»,- деп.
قُلۡ كَفَىٰ بِٱللَّهِ شَهِيدَۢا بَيۡنِي وَبَيۡنَكُمۡۚ إِنَّهُۥ كَانَ بِعِبَادِهِۦ خَبِيرَۢا بَصِيرٗا
Open ayah 17:96Айт: «Аллаһ мені мен сендердің араларыңа куә болуда жеткілікті. Ақиқатында, Ол - құлдарынан Хабардар, бәрін Көруші», деп.
وَمَن يَهۡدِ ٱللَّهُ فَهُوَ ٱلۡمُهۡتَدِۖ وَمَن يُضۡلِلۡ فَلَن تَجِدَ لَهُمۡ أَوۡلِيَآءَ مِن دُونِهِۦۖ وَنَحۡشُرُهُمۡ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ عَلَىٰ وُجُوهِهِمۡ عُمۡيٗا وَبُكۡمٗا وَصُمّٗاۖ مَّأۡوَىٰهُمۡ جَهَنَّمُۖ كُلَّمَا خَبَتۡ زِدۡنَٰهُمۡ سَعِيرٗا
Open ayah 17:97Аллаһ кімді тура жолмен жүргізсе, сол тура жолда болады. Ал кімді адастырса, олар үшін Одан өзге қамқоршылар таппайсың. Оларды Қайта тірілу күні жүзімен / етпеттеп / жатқан күйлерінде соқыр, мылқау әрі керең етіп жинаймыз. Олардың орны - Жаһаннам. Ол толастаған сайын, оның жалынын арттыра түсеміз.
ذَٰلِكَ جَزَآؤُهُم بِأَنَّهُمۡ كَفَرُواْ بِـَٔايَٰتِنَا وَقَالُوٓاْ أَءِذَا كُنَّا عِظَٰمٗا وَرُفَٰتًا أَءِنَّا لَمَبۡعُوثُونَ خَلۡقٗا جَدِيدًا
Open ayah 17:98Бұл - олардың аяттарымызға күпірлік еткендері / сенбегені, теріске шығарғандықтары / және: «Біз сүйек әрі уатылған қоқым болған кезімізде, жаңадан жаратылып, тірілтілеміз бе?» - деп айтқандықтары үшін берілген қайтарым жазасы.
۞أَوَلَمۡ يَرَوۡاْ أَنَّ ٱللَّهَ ٱلَّذِي خَلَقَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضَ قَادِرٌ عَلَىٰٓ أَن يَخۡلُقَ مِثۡلَهُمۡ وَجَعَلَ لَهُمۡ أَجَلٗا لَّا رَيۡبَ فِيهِ فَأَبَى ٱلظَّٰلِمُونَ إِلَّا كُفُورٗا
Open ayah 17:99Олар аспандарды және жерді жаратқан Аллаһтың, олар сияқтыны да жаратуғақұдіреті жететінін білмей ме? Әрі Ол олар үшін бір мерзім белгіледі. Оның болуында күмән жоқ. Бірақ әділетсіздер күпірліктен / имансыздықтан / басқаны теріске шығарады / қаламайды / .
قُل لَّوۡ أَنتُمۡ تَمۡلِكُونَ خَزَآئِنَ رَحۡمَةِ رَبِّيٓ إِذٗا لَّأَمۡسَكۡتُمۡ خَشۡيَةَ ٱلۡإِنفَاقِۚ وَكَانَ ٱلۡإِنسَٰنُ قَتُورٗا
Open ayah 17:100/ Ей, Мұхаммед! / Айт: «Егер сендер Раббымның мейірімінің қазыналарына ие болғандарыңда да оның жұмсалып кетуінен қорқып, өздерінде ұстап қалатын едіңдер. Адам баласына сараңдық тән»,- деп.
وَلَقَدۡ ءَاتَيۡنَا مُوسَىٰ تِسۡعَ ءَايَٰتِۭ بَيِّنَٰتٖۖ فَسۡـَٔلۡ بَنِيٓ إِسۡرَٰٓءِيلَ إِذۡ جَآءَهُمۡ فَقَالَ لَهُۥ فِرۡعَوۡنُ إِنِّي لَأَظُنُّكَ يَٰمُوسَىٰ مَسۡحُورٗا
Open ayah 17:101Ақиқатында, Біз Мұсаға тоғыз анық белгі-мұғжиза бердік. Исраил ұрпақтарынан сұра, ол / Мұса / оларға келген кезде, Фиръаун: «Ей, Мұса, мен сені сиқырланған деп есептеймін», - деді.
قَالَ لَقَدۡ عَلِمۡتَ مَآ أَنزَلَ هَٰٓؤُلَآءِ إِلَّا رَبُّ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ بَصَآئِرَ وَإِنِّي لَأَظُنُّكَ يَٰفِرۡعَوۡنُ مَثۡبُورٗا
Open ayah 17:102/ Мұса / : «Негізінде, сен бұларды көрнекі белгілер етіп, аспандардың және жердің Раббысы түсіргенін білдің. Анығында, мен сені, ей Фиръаун, құриды деп ойлаймын»,- деді.
فَأَرَادَ أَن يَسۡتَفِزَّهُم مِّنَ ٱلۡأَرۡضِ فَأَغۡرَقۡنَٰهُ وَمَن مَّعَهُۥ جَمِيعٗا
Open ayah 17:103Ол / Фиръаун / оларды ол жерден шығарып / жойып / жіберуді қалады. Сонда Біз оны және онымен бірге болғандардың барлығын суға батырдық.
وَقُلۡنَا مِنۢ بَعۡدِهِۦ لِبَنِيٓ إِسۡرَٰٓءِيلَ ٱسۡكُنُواْ ٱلۡأَرۡضَ فَإِذَا جَآءَ وَعۡدُ ٱلۡأٓخِرَةِ جِئۡنَا بِكُمۡ لَفِيفٗا
Open ayah 17:104Әрі одан кейін Исраил ұрпақтарына: «Осы жерде тұрыңдар. Ал, қашан соңғы, мәңгілік өмірдің / ақиреттің / уәдесі келген кезде, барлығыңды бірге жинаймыз», - дедік.
وَبِٱلۡحَقِّ أَنزَلۡنَٰهُ وَبِٱلۡحَقِّ نَزَلَۗ وَمَآ أَرۡسَلۡنَٰكَ إِلَّا مُبَشِّرٗا وَنَذِيرٗا
Open ayah 17:105Әрі Біз оны / Құранды / ақиқатпен түсірдік және ол ақиқатпен түсті. Ал сені қуанышты хабар жеткізуші әрі ескертуші ғана етіп жібердік.
وَقُرۡءَانٗا فَرَقۡنَٰهُ لِتَقۡرَأَهُۥ عَلَى ٱلنَّاسِ عَلَىٰ مُكۡثٖ وَنَزَّلۡنَٰهُ تَنزِيلٗا
Open ayah 17:106Әрі Құранды адамдарға асықпай, анықтап оқып беруің үшін оны / бұл уаһиларды / бөліктерге бөлдік. Әрі Біз оны біртіндеп / рет-ретімен / түсірдік.
قُلۡ ءَامِنُواْ بِهِۦٓ أَوۡ لَا تُؤۡمِنُوٓاْۚ إِنَّ ٱلَّذِينَ أُوتُواْ ٱلۡعِلۡمَ مِن قَبۡلِهِۦٓ إِذَا يُتۡلَىٰ عَلَيۡهِمۡ يَخِرُّونَۤ لِلۡأَذۡقَانِۤ سُجَّدٗاۤ
Open ayah 17:107/ Ей, Мұхаммед! / Айт: «Оған сеніңдер не сенбеңдер. Ақиқатында, бұданбұрын өздеріне білім / Кітап / берілгендер, оларға ол / Құран / оқылған кезде иектерімен / жүздерімен / сәждеге жығылады», - деп.
وَيَقُولُونَ سُبۡحَٰنَ رَبِّنَآ إِن كَانَ وَعۡدُ رَبِّنَا لَمَفۡعُولٗا
Open ayah 17:108/ Олар!: «Раббымыз / барлық кемшіліктен / пәк. Раббымыздың уәдесі әлбетте орындалды», - дейді.
وَيَخِرُّونَ لِلۡأَذۡقَانِ يَبۡكُونَ وَيَزِيدُهُمۡ خُشُوعٗا۩
Open ayah 17:109Олар жылап, иектерімен / жүздерімен / жығылады және ол / Құран / олардың бойсұна берілуін арттырады.
قُلِ ٱدۡعُواْ ٱللَّهَ أَوِ ٱدۡعُواْ ٱلرَّحۡمَٰنَۖ أَيّٗا مَّا تَدۡعُواْ فَلَهُ ٱلۡأَسۡمَآءُ ٱلۡحُسۡنَىٰۚ وَلَا تَجۡهَرۡ بِصَلَاتِكَ وَلَا تُخَافِتۡ بِهَا وَٱبۡتَغِ بَيۡنَ ذَٰلِكَ سَبِيلٗا
Open ayah 17:110/ Ей, Мұхаммед! / Айт: «Аллаһ деп тілеңдер / шақырыңдар / не әр-Рахман деп тілеңдер, қайсысымен тілесеңдер де ең көркем есімдер - Онікі. Намаз оқығаныңда дауысыңды көтеріп те және сыбырлап та оқыма, осының арасынан бір жол таңда», - деп.
وَقُلِ ٱلۡحَمۡدُ لِلَّهِ ٱلَّذِي لَمۡ يَتَّخِذۡ وَلَدٗا وَلَمۡ يَكُن لَّهُۥ شَرِيكٞ فِي ٱلۡمُلۡكِ وَلَمۡ يَكُن لَّهُۥ وَلِيّٞ مِّنَ ٱلذُّلِّۖ وَكَبِّرۡهُ تَكۡبِيرَۢا
Open ayah 17:111Және айт: «Барлық мақтау ешбір бала иемденбеген және билікте ешбір серігі болмаған әрі әлсіздіктен көмекшіге мұқтаж болмаған - Аллаһқа!» - деп. Әрі Оны дәріптей ұлықта.