القصص

Al-Qasas

The Stories · Surah 28 · Ayahs: 88 · Meccan

Translation: Kazakh - Khalifah Altai Charity Foundation · Open the surah

بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

  1. طسٓمٓ

    Open ayah 28:1

    Та. Син. Мим.

  2. تِلۡكَ ءَايَٰتُ ٱلۡكِتَٰبِ ٱلۡمُبِينِ

    Open ayah 28:2

    Бұл - анық Кітаптың аяттары.

  3. نَتۡلُواْ عَلَيۡكَ مِن نَّبَإِ مُوسَىٰ وَفِرۡعَوۡنَ بِٱلۡحَقِّ لِقَوۡمٖ يُؤۡمِنُونَ

    Open ayah 28:3

    / Ей, Мұхаммед! / Біз сенетін адамдар үшін саған Мұса мен Фиръаунның хабарынан ақиқат бойынша оқып береміз.

  4. إِنَّ فِرۡعَوۡنَ عَلَا فِي ٱلۡأَرۡضِ وَجَعَلَ أَهۡلَهَا شِيَعٗا يَسۡتَضۡعِفُ طَآئِفَةٗ مِّنۡهُمۡ يُذَبِّحُ أَبۡنَآءَهُمۡ وَيَسۡتَحۡيِۦ نِسَآءَهُمۡۚ إِنَّهُۥ كَانَ مِنَ ٱلۡمُفۡسِدِينَ

    Open ayah 28:4

    Негізінде, Фиръаун жер бетінде / өз елінде / өзін жоғары қойып, оның халқын бөлді. Ол / Фиръаун / олардың бір тобын езгіге салып, ұлдарын бауыздап, ал әйелдерін тірі қалдыратын еді. Ақиқатында, ол бұзушы-бүлдірушілерден болды.

  5. وَنُرِيدُ أَن نَّمُنَّ عَلَى ٱلَّذِينَ ٱسۡتُضۡعِفُواْ فِي ٱلۡأَرۡضِ وَنَجۡعَلَهُمۡ أَئِمَّةٗ وَنَجۡعَلَهُمُ ٱلۡوَٰرِثِينَ

    Open ayah 28:5

    Ал, Біз ол жерде / Мысырда / әлсіз болғандарға игілік көрсетуді, оларды жетекші етуді әрі мұрагерлер етуді қалаймыз,

  6. وَنُمَكِّنَ لَهُمۡ فِي ٱلۡأَرۡضِ وَنُرِيَ فِرۡعَوۡنَ وَهَٰمَٰنَ وَجُنُودَهُمَا مِنۡهُم مَّا كَانُواْ يَحۡذَرُونَ

    Open ayah 28:6

    сондай-ақ оларға ол жерде билік беруді әрі Фиръаун мен Һаманға және екеуінің әскеріне олардың қорқып, сақтанған / қауіптенген / нәрселерін көрсетуді.

  7. وَأَوۡحَيۡنَآ إِلَىٰٓ أُمِّ مُوسَىٰٓ أَنۡ أَرۡضِعِيهِۖ فَإِذَا خِفۡتِ عَلَيۡهِ فَأَلۡقِيهِ فِي ٱلۡيَمِّ وَلَا تَخَافِي وَلَا تَحۡزَنِيٓۖ إِنَّا رَآدُّوهُ إِلَيۡكِ وَجَاعِلُوهُ مِنَ ٱلۡمُرۡسَلِينَ

    Open ayah 28:7

    Әрі Біз Мұсаның анасына: «Оны еміз. Егер ол үшін / оны өлтіреді деп / қорықсаң, оны / сандыққа салып / өзенге таста. Қорықпа және қайғырма. Біз оны өзіңе, әлбетте қайтарамыз және оны елшілерден етеміз», - деп көкейіне салдық.

  8. فَٱلۡتَقَطَهُۥٓ ءَالُ فِرۡعَوۡنَ لِيَكُونَ لَهُمۡ عَدُوّٗا وَحَزَنًاۗ إِنَّ فِرۡعَوۡنَ وَهَٰمَٰنَ وَجُنُودَهُمَا كَانُواْ خَٰطِـِٔينَ

    Open ayah 28:8

    Сонда оны Фиръаунның әулеті өздеріне жау әрі қайғы болуы үшін тауып алды. Өйткені Фиръаун мен Һаман әрі екеуінің әскері біле-тұра қателесушілерден еді.

  9. وَقَالَتِ ٱمۡرَأَتُ فِرۡعَوۡنَ قُرَّتُ عَيۡنٖ لِّي وَلَكَۖ لَا تَقۡتُلُوهُ عَسَىٰٓ أَن يَنفَعَنَآ أَوۡ نَتَّخِذَهُۥ وَلَدٗا وَهُمۡ لَا يَشۡعُرُونَ

    Open ayah 28:9

    Әрі Фиръаунның әйелі: « / Бұл / менің де, сенің де көз қуанышымыз болсын. Оны өлтірмеңдер. Мүмкін ол бізге пайдасын тигізер немесе оны бала етіп алармыз», - деді. Сөйтіп, олар сезбеді.

  10. وَأَصۡبَحَ فُؤَادُ أُمِّ مُوسَىٰ فَٰرِغًاۖ إِن كَادَتۡ لَتُبۡدِي بِهِۦ لَوۡلَآ أَن رَّبَطۡنَا عَلَىٰ قَلۡبِهَا لِتَكُونَ مِنَ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ 

    Open ayah 28:10

    Ал, Мұсаның анасының жүрегі / қайғыға батып / боп-бос болып қалды. Егер Біз оның жүрегін имандылардан болуы үшін бекітпегенімізде, ол білдіріп қоятын еді.

  11. وَقَالَتۡ لِأُخۡتِهِۦ قُصِّيهِۖ فَبَصُرَتۡ بِهِۦ عَن جُنُبٖ وَهُمۡ لَا يَشۡعُرُونَ

    Open ayah 28:11

    Әрі ол / Мұсаның анасы / оның әпкесіне: «Оның артынан жүр»,- деді. Сонда ол оларға байқатпай, сырттай бақылады.

  12. ۞وَحَرَّمۡنَا عَلَيۡهِ ٱلۡمَرَاضِعَ مِن قَبۡلُ فَقَالَتۡ هَلۡ أَدُلُّكُمۡ عَلَىٰٓ أَهۡلِ بَيۡتٖ يَكۡفُلُونَهُۥ لَكُمۡ وَهُمۡ لَهُۥ نَٰصِحُونَ

    Open ayah 28:12

    Әрі Біз оған алғашында емізуші әйелдерді / емуден / тыйдық. Сонда / оның әпкесі / : «Сендерге, оны сендер үшін қамқорлығына алып әрі оған жақсы қарайтын бір үйді көрсетейін бе?» - деді.

  13. فَرَدَدۡنَٰهُ إِلَىٰٓ أُمِّهِۦ كَيۡ تَقَرَّ عَيۡنُهَا وَلَا تَحۡزَنَ وَلِتَعۡلَمَ أَنَّ وَعۡدَ ٱللَّهِ حَقّٞ وَلَٰكِنَّ أَكۡثَرَهُمۡ لَا يَعۡلَمُونَ

    Open ayah 28:13

    Сөйтіп оны анасына оның көзайым болуы әрі қайғырмауы және Аллаһтың уәдесі шын екендігін білуі үшін қайтардық. Бірақ олардың көбі білмейді.

  14. وَلَمَّا بَلَغَ أَشُدَّهُۥ وَٱسۡتَوَىٰٓ ءَاتَيۡنَٰهُ حُكۡمٗا وَعِلۡمٗاۚ وَكَذَٰلِكَ نَجۡزِي ٱلۡمُحۡسِنِينَ

    Open ayah 28:14

    Әрі ол ержетіп, жетілген кезде, оған үкім / даналық / және білім бердік. Біз жақсылықты ықыласпен істеушілердің қайтарым сыйын осылай береміз.

  15. وَدَخَلَ ٱلۡمَدِينَةَ عَلَىٰ حِينِ غَفۡلَةٖ مِّنۡ أَهۡلِهَا فَوَجَدَ فِيهَا رَجُلَيۡنِ يَقۡتَتِلَانِ هَٰذَا مِن شِيعَتِهِۦ وَهَٰذَا مِنۡ عَدُوِّهِۦۖ فَٱسۡتَغَٰثَهُ ٱلَّذِي مِن شِيعَتِهِۦ عَلَى ٱلَّذِي مِنۡ عَدُوِّهِۦ فَوَكَزَهُۥ مُوسَىٰ فَقَضَىٰ عَلَيۡهِۖ قَالَ هَٰذَا مِنۡ عَمَلِ ٱلشَّيۡطَٰنِۖ إِنَّهُۥ عَدُوّٞ مُّضِلّٞ مُّبِينٞ

    Open ayah 28:15

    Ал ол қалаға, оның тұрғындары жайбарақат, қаперсіз болған / түскі демалыс / уақытта кірді. Ол жерде төбелесіп жатқан екі кісіні көрді. Бірі өз жағынан, ал өзгесі оған дұшпан жақтан еді. Өз жағынан болғаны, одан дұшпан жағынан болғанға қарсы көмек сұрады. Сонда Мұса оны жұдырығымен бір ұрып, өлтіріп қойды. Ол: «Бұл - шайтанның ісінен. Өйткені - ол жау, анық адастырушы», -деді.

  16. قَالَ رَبِّ إِنِّي ظَلَمۡتُ نَفۡسِي فَٱغۡفِرۡ لِي فَغَفَرَ لَهُۥٓۚ إِنَّهُۥ هُوَ ٱلۡغَفُورُ ٱلرَّحِيمُ

    Open ayah 28:16

    Ол: «Раббым! Мен өзіме-өзім әділетсіздік істедім. Мені кешір», - деді. Сонда Ол оны кешірді. Өйткені Ол өте Кешірімді, ерекше Мейірімді .

  17. قَالَ رَبِّ بِمَآ أَنۡعَمۡتَ عَلَيَّ فَلَنۡ أَكُونَ ظَهِيرٗا لِّلۡمُجۡرِمِينَ

    Open ayah 28:17

    Ол: «Раббым! Маған берген игілігің үшін енді қылмыскерлерге ешқашан жақтасушы болмаймын», - деді.

  18. فَأَصۡبَحَ فِي ٱلۡمَدِينَةِ خَآئِفٗا يَتَرَقَّبُ فَإِذَا ٱلَّذِي ٱسۡتَنصَرَهُۥ بِٱلۡأَمۡسِ يَسۡتَصۡرِخُهُۥۚ قَالَ لَهُۥ مُوسَىٰٓ إِنَّكَ لَغَوِيّٞ مُّبِينٞ

    Open ayah 28:18

    Ал, таңертең ол қалаға қорқып, алаңдай кірді. Сонда кеше өзінен көмек сұраған адам, оны тағы да көмекке шақырды. Мұса оған: «Негізінде, сен анық адасқан екенсің»,- деді.

  19. فَلَمَّآ أَنۡ أَرَادَ أَن يَبۡطِشَ بِٱلَّذِي هُوَ عَدُوّٞ لَّهُمَا قَالَ يَٰمُوسَىٰٓ أَتُرِيدُ أَن تَقۡتُلَنِي كَمَا قَتَلۡتَ نَفۡسَۢا بِٱلۡأَمۡسِۖ إِن تُرِيدُ إِلَّآ أَن تَكُونَ جَبَّارٗا فِي ٱلۡأَرۡضِ وَمَا تُرِيدُ أَن تَكُونَ مِنَ ٱلۡمُصۡلِحِينَ

    Open ayah 28:19

    Сөйтіп ол екеуіне жау болғанды ұстағысы келгенде, / исраилдық оны түсінбей / : «Ей, Мұса! Кеше біреуді өлтіргеніңдей, мені де өлтіргің келе ме? Негізінде, сен бұл жерде өктем болуды ғана қалап, түзетушілерден / жарастырушылардан / болғың келмейді», - деді.

  20. وَجَآءَ رَجُلٞ مِّنۡ أَقۡصَا ٱلۡمَدِينَةِ يَسۡعَىٰ قَالَ يَٰمُوسَىٰٓ إِنَّ ٱلۡمَلَأَ يَأۡتَمِرُونَ بِكَ لِيَقۡتُلُوكَ فَٱخۡرُجۡ إِنِّي لَكَ مِنَ ٱلنَّٰصِحِينَ 

    Open ayah 28:20

    Қаланың шет жағынан бір адам жүгіріп келіп: «Ей, Мұса! Уәзірлер саған қатысты, сені өлтіру үшін кеңесіп жатыр. / бұл жерден / кет! Ақиқатында, мен -саған адал кеңес берушілерденмін», - деді.

  21. فَخَرَجَ مِنۡهَا خَآئِفٗا يَتَرَقَّبُۖ قَالَ رَبِّ نَجِّنِي مِنَ ٱلۡقَوۡمِ ٱلظَّٰلِمِينَ

    Open ayah 28:21

    Сонда ол / Мұса / қорқып, жан-жағын байқаған күйде ол жерден шықты. Әрі ол: «Раббым! Мені әділетсіз адамдардан құтқар», - деді.

  22. وَلَمَّا تَوَجَّهَ تِلۡقَآءَ مَدۡيَنَ قَالَ عَسَىٰ رَبِّيٓ أَن يَهۡدِيَنِي سَوَآءَ ٱلسَّبِيلِ

    Open ayah 28:22

    Әрі Мәдиянға қарай бет алған кезде, ол: «Раббымның маған тура жол көрсетуін үміт етемін», - деді.

  23. وَلَمَّا وَرَدَ مَآءَ مَدۡيَنَ وَجَدَ عَلَيۡهِ أُمَّةٗ مِّنَ ٱلنَّاسِ يَسۡقُونَ وَوَجَدَ مِن دُونِهِمُ ٱمۡرَأَتَيۡنِ تَذُودَانِۖ قَالَ مَا خَطۡبُكُمَاۖ قَالَتَا لَا نَسۡقِي حَتَّىٰ يُصۡدِرَ ٱلرِّعَآءُۖ وَأَبُونَا شَيۡخٞ كَبِيرٞ

    Open ayah 28:23

    Ол мәдияндықтардың суатына келген кезде, оның басында / мал / суғарып жүрген бір топ адамдарды кездестірді. Әрі олардан басқа, / қойларын / қайырып, оқшауланып тұрған екі әйелді көрді. Ол: «Сендер не істеп тұрсыңдар?» - деді. Ол екеуі: «Біз бақташылар суғарып болғанға дейін су ала алмаймыз. Ал, әкеміз жасы үлкен қария», - деді.

  24. فَسَقَىٰ لَهُمَا ثُمَّ تَوَلَّىٰٓ إِلَى ٱلظِّلِّ فَقَالَ رَبِّ إِنِّي لِمَآ أَنزَلۡتَ إِلَيَّ مِنۡ خَيۡرٖ فَقِيرٞ

    Open ayah 28:24

    Сонда ол екеуіне / қойларын / суғарып берді. Кейін көлеңкеге қайтты да: «Раббым! Ақиқатында мен Өзің маған түсірген кез келген жақсылыққа мұқтажбын»,- деді.

  25. فَجَآءَتۡهُ إِحۡدَىٰهُمَا تَمۡشِي عَلَى ٱسۡتِحۡيَآءٖ قَالَتۡ إِنَّ أَبِي يَدۡعُوكَ لِيَجۡزِيَكَ أَجۡرَ مَا سَقَيۡتَ لَنَاۚ فَلَمَّا جَآءَهُۥ وَقَصَّ عَلَيۡهِ ٱلۡقَصَصَ قَالَ لَا تَخَفۡۖ نَجَوۡتَ مِنَ ٱلۡقَوۡمِ ٱلظَّٰلِمِينَ

    Open ayah 28:25

    Сонда оған екі әйелдің бірі ұялған халде келіп: «Бізге / қойларды / суғарып бергенің үшін әкем сені ақы беруге шақырып жатыр», деді. Ол оған келген соң, болған оқиғаны баяндап берді. Ол / қыздардың әкесі / : «Қорықпа! Сен әділетсіз адамдардан құтылдың»,- деді.

  26. قَالَتۡ إِحۡدَىٰهُمَا يَٰٓأَبَتِ ٱسۡتَـٔۡجِرۡهُۖ إِنَّ خَيۡرَ مَنِ ٱسۡتَـٔۡجَرۡتَ ٱلۡقَوِيُّ ٱلۡأَمِينُ

    Open ayah 28:26

    Екі әйелдің бірі: «Уа, әкетайым! Оны жалдап / жұмысқа / ал. Өйткені жалдап алғандарыңның ең қайырлысы - күшті әрі сенімді болғаны»,- деді.

  27. قَالَ إِنِّيٓ أُرِيدُ أَنۡ أُنكِحَكَ إِحۡدَى ٱبۡنَتَيَّ هَٰتَيۡنِ عَلَىٰٓ أَن تَأۡجُرَنِي ثَمَٰنِيَ حِجَجٖۖ فَإِنۡ أَتۡمَمۡتَ عَشۡرٗا فَمِنۡ عِندِكَۖ وَمَآ أُرِيدُ أَنۡ أَشُقَّ عَلَيۡكَۚ سَتَجِدُنِيٓ إِن شَآءَ ٱللَّهُ مِنَ ٱلصَّٰلِحِينَ

    Open ayah 28:27

    Ол / әкесі / : «Сен маған сегіз жыл жұмыс істеп беретін болсаң, мына екі қызымның біріне сені үйлендіргім келеді. Егер он жылға толтырсаң, онда ол өзіңнен / бір қайыр / . саған бір ауыртпашылық түсіруді қаламаймын. Инша Аллаһ / Аллаһ қаласа / , менің түзулерден екенімді көресің», - деді.

  28. قَالَ ذَٰلِكَ بَيۡنِي وَبَيۡنَكَۖ أَيَّمَا ٱلۡأَجَلَيۡنِ قَضَيۡتُ فَلَا عُدۡوَٰنَ عَلَيَّۖ وَٱللَّهُ عَلَىٰ مَا نَقُولُ وَكِيلٞ

    Open ayah 28:28

    / Мұса / : «Бұл - мені мен сенің арамыздағы / келісім / . Екі мерзімнің қайсысын өтесем де маған қарсылық болмасын. Айтқанымызға / келісімімізге / Аллаһ кепіл», - деді.

  29. ۞فَلَمَّا قَضَىٰ مُوسَى ٱلۡأَجَلَ وَسَارَ بِأَهۡلِهِۦٓ ءَانَسَ مِن جَانِبِ ٱلطُّورِ نَارٗاۖ قَالَ لِأَهۡلِهِ ٱمۡكُثُوٓاْ إِنِّيٓ ءَانَسۡتُ نَارٗا لَّعَلِّيٓ ءَاتِيكُم مِّنۡهَا بِخَبَرٍ أَوۡ جَذۡوَةٖ مِّنَ ٱلنَّارِ لَعَلَّكُمۡ تَصۡطَلُونَ

    Open ayah 28:29

    Мұса / келісілген / мерзімді аяқтап, үй-ішімен / еліне қарай / жолға шыққанда, тау жақтан бір от көрді. Ол үй-ішіне: «Тұра тұрыңдар. Мен бір от көрдім. Мүмкін ол жерден бір хабар немесе жылынуларың үшін оттан бір тамызық әкелермін»,- деді.

  30. فَلَمَّآ أَتَىٰهَا نُودِيَ مِن شَٰطِيِٕ ٱلۡوَادِ ٱلۡأَيۡمَنِ فِي ٱلۡبُقۡعَةِ ٱلۡمُبَٰرَكَةِ مِنَ ٱلشَّجَرَةِ أَن يَٰمُوسَىٰٓ إِنِّيٓ أَنَا ٱللَّهُ رَبُّ ٱلۡعَٰلَمِينَ 

    Open ayah 28:30

    Ол оған / отқа / барған кезде, қасиетті жердегі жазықтың оң жағындағы ағаштан: «Ей, Мұса! Мен әлемдердің Раббысы - Аллаһпын.

  31. وَأَنۡ أَلۡقِ عَصَاكَۚ فَلَمَّا رَءَاهَا تَهۡتَزُّ كَأَنَّهَا جَآنّٞ وَلَّىٰ مُدۡبِرٗا وَلَمۡ يُعَقِّبۡۚ يَٰمُوسَىٰٓ أَقۡبِلۡ وَلَا تَخَفۡۖ إِنَّكَ مِنَ ٱلۡأٓمِنِينَ

    Open ayah 28:31

    Таяғыңды таста», - деп үн қатылды. Ол / таяғын тастағанда / оның жылан тәрізді ирелеңдегенін көріп, теріс бұрылып қашты да, артына қарамады. / Аллаһ: / «Ей, Мұса! Бері кел, қорықпа! Ақиқатында, сен - амандықта болғандар қатарындасың.

  32. ٱسۡلُكۡ يَدَكَ فِي جَيۡبِكَ تَخۡرُجۡ بَيۡضَآءَ مِنۡ غَيۡرِ سُوٓءٖ وَٱضۡمُمۡ إِلَيۡكَ جَنَاحَكَ مِنَ ٱلرَّهۡبِۖ فَذَٰنِكَ بُرۡهَٰنَانِ مِن رَّبِّكَ إِلَىٰ فِرۡعَوۡنَ وَمَلَإِيْهِۦٓۚ إِنَّهُمۡ كَانُواْ قَوۡمٗا فَٰسِقِينَ

    Open ayah 28:32

    Қолыңды қойныңа кіргіз, ол мінсіз, аппақ болып шығады. Қорқудан / арылу үшін / қанатыңды / қолыңды / өзіңе тартып қыс. Бұл / мұғжиза / - Раббыңнан Фиръаунға және оның уәзір, бектеріне / жіберілген / екі дәлел. Анығында, олар жаман істерді істейтін адамдар», - / деді / .

  33. قَالَ رَبِّ إِنِّي قَتَلۡتُ مِنۡهُمۡ نَفۡسٗا فَأَخَافُ أَن يَقۡتُلُونِ

    Open ayah 28:33

    / Мұса / : «Раббым! Менолардыңбіреуін өлтірдім. Енді олардыңмені өлтіруінен қорқамын.

  34. وَأَخِي هَٰرُونُ هُوَ أَفۡصَحُ مِنِّي لِسَانٗا فَأَرۡسِلۡهُ مَعِيَ رِدۡءٗا يُصَدِّقُنِيٓۖ إِنِّيٓ أَخَافُ أَن يُكَذِّبُونِ

    Open ayah 28:34

    Әрі бауырым Һарунның тілі маған қарағанда анық. Сондықтан оны менімен бірге мені растайтын көмекші етіп жібер. Мен олардың өзімді өтірікшіге шығаруларынан қорқамын», -деді.

  35. قَالَ سَنَشُدُّ عَضُدَكَ بِأَخِيكَ وَنَجۡعَلُ لَكُمَا سُلۡطَٰنٗا فَلَا يَصِلُونَ إِلَيۡكُمَا بِـَٔايَٰتِنَآۚ أَنتُمَا وَمَنِ ٱتَّبَعَكُمَا ٱلۡغَٰلِبُونَ

    Open ayah 28:35

    / Аллаһ / айтты: «Біз сенің қолыңды бауырыңмен қуаттаймыз және олар екеуіңе жете алмайтындай сендерге мықты дәлел / үстемдік / береміз. Біздің белгілерімізбен екеуің әрі сендерге ергендер жеңіске жетушісіңдер», - деді.

  36. فَلَمَّا جَآءَهُم مُّوسَىٰ بِـَٔايَٰتِنَا بَيِّنَٰتٖ قَالُواْ مَا هَٰذَآ إِلَّا سِحۡرٞ مُّفۡتَرٗى وَمَا سَمِعۡنَا بِهَٰذَا فِيٓ ءَابَآئِنَا ٱلۡأَوَّلِينَ

    Open ayah 28:36

    Мұса оларға / фиръаундықтарға / анық белгілерімізбен келген кезде, олар: «Бұл - бар болғаны жасанды бір сиқыр ғана. Біз алдыңғы бабаларымыздан мұндайды естімеппіз», -деді.

  37. وَقَالَ مُوسَىٰ رَبِّيٓ أَعۡلَمُ بِمَن جَآءَ بِٱلۡهُدَىٰ مِنۡ عِندِهِۦ وَمَن تَكُونُ لَهُۥ عَٰقِبَةُ ٱلدَّارِۚ إِنَّهُۥ لَا يُفۡلِحُ ٱلظَّٰلِمُونَ

    Open ayah 28:37

    Әрі Мұса: «Раббым кімнің Оның Өзінен болған тура жолмен келгенін және көркем нәтиженің кімдікі болатынын жақсы біледі. Шын мәнінде, әділетсіздер мұратына жетпейді», - деді.

  38. وَقَالَ فِرۡعَوۡنُ يَٰٓأَيُّهَا ٱلۡمَلَأُ مَا عَلِمۡتُ لَكُم مِّنۡ إِلَٰهٍ غَيۡرِي فَأَوۡقِدۡ لِي يَٰهَٰمَٰنُ عَلَى ٱلطِّينِ فَٱجۡعَل لِّي صَرۡحٗا لَّعَلِّيٓ أَطَّلِعُ إِلَىٰٓ إِلَٰهِ مُوسَىٰ وَإِنِّي لَأَظُنُّهُۥ مِنَ ٱلۡكَٰذِبِينَ

    Open ayah 28:38

    Ал, Фиръаун: «Ей, уәзірлер! Мен сендер үшін өзімнен басқа құдай бар екенін білмеймін. Ей, Һаман! Лайды оттың үстіне салып / кірпіш құйып / , маған Мұсаның құдайына көтерілуім үшін биік мұнара тұрғыз. Анығында, мен оны өтірікшілерден деп ойлаймын»,- деді.

  39. وَٱسۡتَكۡبَرَ هُوَ وَجُنُودُهُۥ فِي ٱلۡأَرۡضِ بِغَيۡرِ ٱلۡحَقِّ وَظَنُّوٓاْ أَنَّهُمۡ إِلَيۡنَا لَا يُرۡجَعُونَ

    Open ayah 28:39

    Әрі ол және оның әскері ешқандай құқығы болмаса да өздерін жоғары санады әрі олар Бізге қайтарылмаймыз деп ойлады.

  40. فَأَخَذۡنَٰهُ وَجُنُودَهُۥ فَنَبَذۡنَٰهُمۡ فِي ٱلۡيَمِّۖ فَٱنظُرۡ كَيۡفَ كَانَ عَٰقِبَةُ ٱلظَّٰلِمِينَ 

    Open ayah 28:40

    Сонда Біз оны және оның әскерін ұстап / жазалап / , теңізге тастадық. Әділетсіздердің соңы не болғанына назар сал.

  41. وَجَعَلۡنَٰهُمۡ أَئِمَّةٗ يَدۡعُونَ إِلَى ٱلنَّارِۖ وَيَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ لَا يُنصَرُونَ

    Open ayah 28:41

    Әрі Біз оларды Отқа / тозаққа / шақырушы жетекшілер еттік, ал Қайта тірілу күні Оларға көмек берілмейді.

  42. وَأَتۡبَعۡنَٰهُمۡ فِي هَٰذِهِ ٱلدُّنۡيَا لَعۡنَةٗۖ وَيَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ هُم مِّنَ ٱلۡمَقۡبُوحِينَ

    Open ayah 28:42

    Әрі осы өмірде Біз олардың соңынан қарғыс еретін етіп қойдық, ал Қайта тірілу күні олар / Аллаһтың мейірімінен / шеттетілгендерден /ұсқынсыз, жиіркеніштілерден / болады.

  43. وَلَقَدۡ ءَاتَيۡنَا مُوسَى ٱلۡكِتَٰبَ مِنۢ بَعۡدِ مَآ أَهۡلَكۡنَا ٱلۡقُرُونَ ٱلۡأُولَىٰ بَصَآئِرَ لِلنَّاسِ وَهُدٗى وَرَحۡمَةٗ لَّعَلَّهُمۡ يَتَذَكَّرُونَ

    Open ayah 28:43

    Біз алдыңғы ұрпақтарды жойғанымыздан кейін, Мұсаға адамдар үшін көрнеу дәлелдер, жолбасшы / тура жолды ұстануға басшылық / және мейірім ретінде, олардың еске алулары үшін Кітапты бердік.

  44. وَمَا كُنتَ بِجَانِبِ ٱلۡغَرۡبِيِّ إِذۡ قَضَيۡنَآ إِلَىٰ مُوسَى ٱلۡأَمۡرَ وَمَا كُنتَ مِنَ ٱلشَّٰهِدِينَ

    Open ayah 28:44

    / Ей, Мұхаммед! / Біз Мұсаға істі әмір еткенімізде, сен / таудың / батыс жағында емес едің және көріп тұрушылардан да болған жоқсың.

  45. وَلَٰكِنَّآ أَنشَأۡنَا قُرُونٗا فَتَطَاوَلَ عَلَيۡهِمُ ٱلۡعُمُرُۚ وَمَا كُنتَ ثَاوِيٗا فِيٓ أَهۡلِ مَدۡيَنَ تَتۡلُواْ عَلَيۡهِمۡ ءَايَٰتِنَا وَلَٰكِنَّا كُنَّا مُرۡسِلِينَ

    Open ayah 28:45

    Алайда, Біз / Мұсадан кейін көптеген / ұрпақтарды пайда еттік әрі оларға ұзын өмірлер / замандар / өтті. Сен Мәдиянтұрғындары арасында тұрып, Оларға аяттарымызды оқыған жоқсың, бірақ Біз жіберушіміз.

  46. وَمَا كُنتَ بِجَانِبِ ٱلطُّورِ إِذۡ نَادَيۡنَا وَلَٰكِن رَّحۡمَةٗ مِّن رَّبِّكَ لِتُنذِرَ قَوۡمٗا مَّآ أَتَىٰهُم مِّن نَّذِيرٖ مِّن قَبۡلِكَ لَعَلَّهُمۡ يَتَذَكَّرُونَ

    Open ayah 28:46

    Біз / Мұсаға / үн қатқан кезде, сен сол таудың жанында болған жоқсың. Алайда, сенен бұрын ескертуші келмеген қауымға ескертуің үшін және олар еске алулары үшін Раббыңнан бір мейірім / ретінде сені жібердік / ?221

  47. وَلَوۡلَآ أَن تُصِيبَهُم مُّصِيبَةُۢ بِمَا قَدَّمَتۡ أَيۡدِيهِمۡ فَيَقُولُواْ رَبَّنَا لَوۡلَآ أَرۡسَلۡتَ إِلَيۡنَا رَسُولٗا فَنَتَّبِعَ ءَايَٰتِكَ وَنَكُونَ مِنَ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ

    Open ayah 28:47

    Оларға / Мекке мүшріктеріне / қолдарымен жасаған істеріне орай бастарына бір қасірет келгенде: «Раббымыз! Егер бізге бір Елші жібергеніңде, аяттарына ерер едік жәнеиманға келгендерден болар едік!» деп айтпауы үшін.

  48. فَلَمَّا جَآءَهُمُ ٱلۡحَقُّ مِنۡ عِندِنَا قَالُواْ لَوۡلَآ أُوتِيَ مِثۡلَ مَآ أُوتِيَ مُوسَىٰٓۚ أَوَلَمۡ يَكۡفُرُواْ بِمَآ أُوتِيَ مُوسَىٰ مِن قَبۡلُۖ قَالُواْ سِحۡرَانِ تَظَٰهَرَا وَقَالُوٓاْ إِنَّا بِكُلّٖ كَٰفِرُونَ

    Open ayah 28:48

    Оларға Бізден ақиқат келгенде, олар: «Егер Мұсаға берілгендер / мұғжизалар / оған да берілгенде еді?» - деді. Олар бұрын Мұсаға берілгенді теріске шығармаған ба еді? Олар / Мекке мүшріктері / : «Бұл - бірін-бірі қолдаған екі сиқыр», - деді. Әрі: «Біз / бұлардың / ешқайсысына сенбейміз», - деді.

  49. قُلۡ فَأۡتُواْ بِكِتَٰبٖ مِّنۡ عِندِ ٱللَّهِ هُوَ أَهۡدَىٰ مِنۡهُمَآ أَتَّبِعۡهُ إِن كُنتُمۡ صَٰدِقِينَ

    Open ayah 28:49

    / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Егер шын сөзді болсаңдар, Аллаһтан екеуінен де тура болған бір кітап келтіріңдерші, мен соған ерейін», -деп.

  50. فَإِن لَّمۡ يَسۡتَجِيبُواْ لَكَ فَٱعۡلَمۡ أَنَّمَا يَتَّبِعُونَ أَهۡوَآءَهُمۡۚ وَمَنۡ أَضَلُّ مِمَّنِ ٱتَّبَعَ هَوَىٰهُ بِغَيۡرِ هُدٗى مِّنَ ٱللَّهِۚ إِنَّ ٱللَّهَ لَا يَهۡدِي ٱلۡقَوۡمَ ٱلظَّٰلِمِينَ 

    Open ayah 28:50

    Егер олар саған жауап бермесе, біл, анығында олар көңілқұмарлығына ғана ереді. Аллаһтың тура жолынсыз көңілқұмарлығына ергеннен өткен адасушы бар ма? Ақиқатында, Аллаһ әділетсіз адамдарды тура жолға салмайды.

  51. ۞وَلَقَدۡ وَصَّلۡنَا لَهُمُ ٱلۡقَوۡلَ لَعَلَّهُمۡ يَتَذَكَّرُونَ

    Open ayah 28:51

    Біз Оларға еске алулары үшін Сөзді / Құранды / жеткіздік.

  52. ٱلَّذِينَ ءَاتَيۡنَٰهُمُ ٱلۡكِتَٰبَ مِن قَبۡلِهِۦ هُم بِهِۦ يُؤۡمِنُونَ

    Open ayah 28:52

    Бұдан бұрын Кітап бергендеріміз бұған сенеді.

  53. وَإِذَا يُتۡلَىٰ عَلَيۡهِمۡ قَالُوٓاْ ءَامَنَّا بِهِۦٓ إِنَّهُ ٱلۡحَقُّ مِن رَّبِّنَآ إِنَّا كُنَّا مِن قَبۡلِهِۦ مُسۡلِمِينَ

    Open ayah 28:53

    Оларға / Құран / оқылғанда, олар: «Біз бұған сендік. Шын мәнінде, бұл - Раббымыздан / келген / ақиқат. Негізінде, біз бұған дейін Мұсылман / бойсұнушы / болғанбыз», -дейді.

  54. أُوْلَٰٓئِكَ يُؤۡتَوۡنَ أَجۡرَهُم مَّرَّتَيۡنِ بِمَا صَبَرُواْ وَيَدۡرَءُونَ بِٱلۡحَسَنَةِ ٱلسَّيِّئَةَ وَمِمَّا رَزَقۡنَٰهُمۡ يُنفِقُونَ

    Open ayah 28:54

    Сабыр еткендіктері үшін Оларға сый екі есе беріледі. Олар жамандықты жақсылықпен кетіреді әрі Біз өздеріне ризық етіп бергендерімізден жұмсайды.

  55. وَإِذَا سَمِعُواْ ٱللَّغۡوَ أَعۡرَضُواْ عَنۡهُ وَقَالُواْ لَنَآ أَعۡمَٰلُنَا وَلَكُمۡ أَعۡمَٰلُكُمۡ سَلَٰمٌ عَلَيۡكُمۡ لَا نَبۡتَغِي ٱلۡجَٰهِلِينَ

    Open ayah 28:55

    Қашан олар бос сөз естісе, одантеріс бұрылып: «Біздің амалдарымыз өзімізге, ал сендердің амалдарың өздеріңе. Сендерге бейбітшілік болсын! Біз надандардан болуды қаламаймыз», - дейді.

  56. إِنَّكَ لَا تَهۡدِي مَنۡ أَحۡبَبۡتَ وَلَٰكِنَّ ٱللَّهَ يَهۡدِي مَن يَشَآءُۚ وَهُوَ أَعۡلَمُ بِٱلۡمُهۡتَدِينَ

    Open ayah 28:56

    / Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, сен жақсы көргеніңді тура жолға сала алмайсың, ал Аллаһ қалағанын тура жолға салады. Әрі Ол тура жолмен жүрушілерді жақсы біледі.

  57. وَقَالُوٓاْ إِن نَّتَّبِعِ ٱلۡهُدَىٰ مَعَكَ نُتَخَطَّفۡ مِنۡ أَرۡضِنَآۚ أَوَلَمۡ نُمَكِّن لَّهُمۡ حَرَمًا ءَامِنٗا يُجۡبَىٰٓ إِلَيۡهِ ثَمَرَٰتُ كُلِّ شَيۡءٖ رِّزۡقٗا مِّن لَّدُنَّا وَلَٰكِنَّ أَكۡثَرَهُمۡ لَا يَعۡلَمُونَ

    Open ayah 28:57

    Әрі олар / меккеліктер / : «Егер біз сенімен бірге тура жолға ерсек, онда жерімізден ұсталып әкетілеміз», дейді. Біз оларды Бізден ризық ретінде әрбір нәрсенің өнімдері жиналатын осы қасиетті әрі қауіпсіз орынға орналастырып бекітпедік пе? Бірақ олардың көбі білмейді.

  58. وَكَمۡ أَهۡلَكۡنَا مِن قَرۡيَةِۭ بَطِرَتۡ مَعِيشَتَهَاۖ فَتِلۡكَ مَسَٰكِنُهُمۡ لَمۡ تُسۡكَن مِّنۢ بَعۡدِهِمۡ إِلَّا قَلِيلٗاۖ وَكُنَّا نَحۡنُ ٱلۡوَٰرِثِينَ

    Open ayah 28:58

    Өздеріне берілген тіршілікке масайраған қаншама елді мекендерді жойып жібердік. Міне, олардың қоныстары, - олардан кейін онда ешкім тұрмайды, тек олардың азы ғана болмаса. Әрі / соңында бәрі / Бізге қалады.

  59. وَمَا كَانَ رَبُّكَ مُهۡلِكَ ٱلۡقُرَىٰ حَتَّىٰ يَبۡعَثَ فِيٓ أُمِّهَا رَسُولٗا يَتۡلُواْ عَلَيۡهِمۡ ءَايَٰتِنَاۚ وَمَا كُنَّا مُهۡلِكِي ٱلۡقُرَىٰٓ إِلَّا وَأَهۡلُهَا ظَٰلِمُونَ

    Open ayah 28:59

    / Ей, Мұхаммед! / Раббың елді мекендердің анасына / Меккеге / , аяттарымызды оқитын Елші жібермейінше, оларды жоюшы емес. Біз тек халқы әділетсіз болған елді мекендерді ғана жойдық.

  60. وَمَآ أُوتِيتُم مِّن شَيۡءٖ فَمَتَٰعُ ٱلۡحَيَوٰةِ ٱلدُّنۡيَا وَزِينَتُهَاۚ وَمَا عِندَ ٱللَّهِ خَيۡرٞ وَأَبۡقَىٰٓۚ أَفَلَا تَعۡقِلُونَ 

    Open ayah 28:60

    Сендерге берілгендердің барлығы бар болғаны осы өмірде пайдаланатын нәрселер әрі оның сәні ғана. Ал Аллаһтағы қайырлы әрі тұрақты. Ақылдарыңды істетіп ұғынбайсыңдар ма?

  61. أَفَمَن وَعَدۡنَٰهُ وَعۡدًا حَسَنٗا فَهُوَ لَٰقِيهِ كَمَن مَّتَّعۡنَٰهُ مَتَٰعَ ٱلۡحَيَوٰةِ ٱلدُّنۡيَا ثُمَّ هُوَ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ مِنَ ٱلۡمُحۡضَرِينَ

    Open ayah 28:61

    Біз өзіне көркем уәде беріп, әрі оған кездесетін бір адам, Біз оны осы өмірдің қызығына кенелтіп, ал кейін Қайта тірілу күні / жазаға / келтірілетіндердің қатарындағы біреумен тең бе?

  62. وَيَوۡمَ يُنَادِيهِمۡ فَيَقُولُ أَيۡنَ شُرَكَآءِيَ ٱلَّذِينَ كُنتُمۡ تَزۡعُمُونَ

    Open ayah 28:62

    Әрі сол / қайта тірілу / күні / Аллаһ / оларды шақырғанда:«Маған серік деп есептегендерің қайда?» - дейді.

  63. قَالَ ٱلَّذِينَ حَقَّ عَلَيۡهِمُ ٱلۡقَوۡلُ رَبَّنَا هَٰٓؤُلَآءِ ٱلَّذِينَ أَغۡوَيۡنَآ أَغۡوَيۡنَٰهُمۡ كَمَا غَوَيۡنَاۖ تَبَرَّأۡنَآ إِلَيۡكَۖ مَا كَانُوٓاْ إِيَّانَا يَعۡبُدُونَ

    Open ayah 28:63

    Өздеріне / жаза туралы / Сөз орындалғандар: «Раббымыз! Мыналар - біздің адастырғандарымыз. Біз оларды өзіміз адасқандай адастырдық. Олардан бас тартып, саған бет бұрамыз. Олардың табынғаны біз емес», - дейді.

  64. وَقِيلَ ٱدۡعُواْ شُرَكَآءَكُمۡ فَدَعَوۡهُمۡ فَلَمۡ يَسۡتَجِيبُواْ لَهُمۡ وَرَأَوُاْ ٱلۡعَذَابَۚ لَوۡ أَنَّهُمۡ كَانُواْ يَهۡتَدُونَ

    Open ayah 28:64

    Әрі, оларға / серік қосушыларға / : «Серік етіп қосқандарыңды шақырыңдар», -делінеді. Сонда олар шақырады, алайда олар / серік етіп қосқандары / жауап бермейді және олар азапты көреді. Егер олар тура жолда болғанда.

  65. وَيَوۡمَ يُنَادِيهِمۡ فَيَقُولُ مَاذَآ أَجَبۡتُمُ ٱلۡمُرۡسَلِينَ

    Open ayah 28:65

    Әрі, сол күні Ол / Аллаһ / оларға: «Елшілерге не жауап бердіңдер?» - деп үндейді.

  66. فَعَمِيَتۡ عَلَيۡهِمُ ٱلۡأَنۢبَآءُ يَوۡمَئِذٖ فَهُمۡ لَا يَتَسَآءَلُونَ

    Open ayah 28:66

    Сол күні Оларға хабарлар жасырын болады және олар бір-бірінен ешнәрсе сұрамайды.

  67. فَأَمَّا مَن تَابَ وَءَامَنَ وَعَمِلَ صَٰلِحٗا فَعَسَىٰٓ أَن يَكُونَ مِنَ ٱلۡمُفۡلِحِينَ

    Open ayah 28:67

    Ал, кім істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтса / тәубеге келсе / және иманға келсе әрі ізгі амал істесе, сол мұратына жетушілерден болады.

  68. وَرَبُّكَ يَخۡلُقُ مَا يَشَآءُ وَيَخۡتَارُۗ مَا كَانَ لَهُمُ ٱلۡخِيَرَةُۚ سُبۡحَٰنَ ٱللَّهِ وَتَعَٰلَىٰ عَمَّا يُشۡرِكُونَ

    Open ayah 28:68

    Әрі Раббың қалағанын жаратады және таңдайды. Оларда таңдау жоқ. Аллаһ - пәк және олардың серік етіп қосқандарынан жоғары.

  69. وَرَبُّكَ يَعۡلَمُ مَا تُكِنُّ صُدُورُهُمۡ وَمَا يُعۡلِنُونَ

    Open ayah 28:69

    Әрі Раббың олардың көкіректері нені жасыратынын және олардың нені әшкере істейтіндерін біледі.

  70. وَهُوَ ٱللَّهُ لَآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَۖ لَهُ ٱلۡحَمۡدُ فِي ٱلۡأُولَىٰ وَٱلۡأٓخِرَةِۖ وَلَهُ ٱلۡحُكۡمُ وَإِلَيۡهِ تُرۡجَعُونَ 

    Open ayah 28:70

    Ол - Аллаһ, Одан басқа ешбір құдай жоқ. Алдыңғы әрі соңғы, мәңгілік өмірдегі барлық мақтау Оған. Үкім шығару билігі - Онікі. Әрі сендер Оған қайтарыласыңдар.

  71. قُلۡ أَرَءَيۡتُمۡ إِن جَعَلَ ٱللَّهُ عَلَيۡكُمُ ٱلَّيۡلَ سَرۡمَدًا إِلَىٰ يَوۡمِ ٱلۡقِيَٰمَةِ مَنۡ إِلَٰهٌ غَيۡرُ ٱللَّهِ يَأۡتِيكُم بِضِيَآءٍۚ أَفَلَا تَسۡمَعُونَ

    Open ayah 28:71

    / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Айтыңдаршы, егер Аллаһ сендерге түнді Қайта тірілу күніне дейін ұзартып қойса, сендерге жарықты Аллаһтан басқа қандай құдай әкеле алады? Сендер естімейсіңдер ме?»- деп.

  72. قُلۡ أَرَءَيۡتُمۡ إِن جَعَلَ ٱللَّهُ عَلَيۡكُمُ ٱلنَّهَارَ سَرۡمَدًا إِلَىٰ يَوۡمِ ٱلۡقِيَٰمَةِ مَنۡ إِلَٰهٌ غَيۡرُ ٱللَّهِ يَأۡتِيكُم بِلَيۡلٖ تَسۡكُنُونَ فِيهِۚ أَفَلَا تُبۡصِرُونَ

    Open ayah 28:72

    Айт: «Айтыңдаршы, егер Аллаһ сен­дерге күндізді Қайта тірілу күніне дейін ұзартып қойса, сендерге тынығатын түнді Аллаһтан басқа қандай құдай әкеле алады? Сендер көрмейсіңдер ме?» - деп.

  73. وَمِن رَّحۡمَتِهِۦ جَعَلَ لَكُمُ ٱلَّيۡلَ وَٱلنَّهَارَ لِتَسۡكُنُواْ فِيهِ وَلِتَبۡتَغُواْ مِن فَضۡلِهِۦ وَلَعَلَّكُمۡ تَشۡكُرُونَ

    Open ayah 28:73

    Ол сендерге түн мен күндізді, онда / түнде / тынығуларың және / күндіз / Оның игілігін / ризық, несібесін / іздеулерің әрі игіліктеріне алғыс білдірулерің үшін беруі - Оның мейірімінен.

  74. وَيَوۡمَ يُنَادِيهِمۡ فَيَقُولُ أَيۡنَ شُرَكَآءِيَ ٱلَّذِينَ كُنتُمۡ تَزۡعُمُونَ

    Open ayah 28:74

    Сол / қайта тірілу / күні / Аллаһ / оларға: «Маған серік деп есептегендерің қайда?» -деп үндейді.

  75. وَنَزَعۡنَا مِن كُلِّ أُمَّةٖ شَهِيدٗا فَقُلۡنَا هَاتُواْ بُرۡهَٰنَكُمۡ فَعَلِمُوٓاْ أَنَّ ٱلۡحَقَّ لِلَّهِ وَضَلَّ عَنۡهُم مَّا كَانُواْ يَفۡتَرُونَ

    Open ayah 28:75

    Біз / ол күні / әрбір қауымнан бір куәні шығарып: «Дәлелдеріңді келтіріңдер», - дейміз. Сонда олар ақиқаттың Аллаһ жағында екенін біледі және ойдан шығарғандары / құдайлары / олардан жоғалады.

  76. ۞إِنَّ قَٰرُونَ كَانَ مِن قَوۡمِ مُوسَىٰ فَبَغَىٰ عَلَيۡهِمۡۖ وَءَاتَيۡنَٰهُ مِنَ ٱلۡكُنُوزِ مَآ إِنَّ مَفَاتِحَهُۥ لَتَنُوٓأُ بِٱلۡعُصۡبَةِ أُوْلِي ٱلۡقُوَّةِ إِذۡ قَالَ لَهُۥ قَوۡمُهُۥ لَا تَفۡرَحۡۖ إِنَّ ٱللَّهَ لَا يُحِبُّ ٱلۡفَرِحِينَ

    Open ayah 28:76

    Ақиқатында, Қарун Мұсаның елінен болып, оларға тәкаппарлық танытты. Біз оған күш-қуаты мол бір топ адамға кілттері ауыр жүк болатындай қазыналар бердік. Сол кезде елі оған: «Масаттанба, анығында, Аллаһ масаттанушыларды ұнатпайды.

  77. وَٱبۡتَغِ فِيمَآ ءَاتَىٰكَ ٱللَّهُ ٱلدَّارَ ٱلۡأٓخِرَةَۖ وَلَا تَنسَ نَصِيبَكَ مِنَ ٱلدُّنۡيَاۖ وَأَحۡسِن كَمَآ أَحۡسَنَ ٱللَّهُ إِلَيۡكَۖ وَلَا تَبۡغِ ٱلۡفَسَادَ فِي ٱلۡأَرۡضِۖ إِنَّ ٱللَّهَ لَا يُحِبُّ ٱلۡمُفۡسِدِينَ

    Open ayah 28:77

    Аллаһтың өзіңе бергенімен / жақсылықтарымен / мәңгілік тұрақ мекенін ізде әрі осы өмірдегі үлесіңді де ұмытпа. Аллаһтың саған жақсылық жасағаны секілді, сен де жақсылық ет. Жер бетінде бүлдірушілікке ұмтылма, күмәнсіз Аллаһ бұзушы-бүлдірушілерді ұнатпайды», - деді.

  78. قَالَ إِنَّمَآ أُوتِيتُهُۥ عَلَىٰ عِلۡمٍ عِندِيٓۚ أَوَلَمۡ يَعۡلَمۡ أَنَّ ٱللَّهَ قَدۡ أَهۡلَكَ مِن قَبۡلِهِۦ مِنَ ٱلۡقُرُونِ مَنۡ هُوَ أَشَدُّ مِنۡهُ قُوَّةٗ وَأَكۡثَرُ جَمۡعٗاۚ وَلَا يُسۡـَٔلُ عَن ذُنُوبِهِمُ ٱلۡمُجۡرِمُونَ

    Open ayah 28:78

    Ол / Қарун / : «Бұл / мал-дәулет / маған білімім үшін берілді», - деді. Ол білмеді ме, Аллаһтың одан бұрынғыұрпақтардан күш-қуаты одан мықты әрі жинағаны да көбірек болғандарды жойып жібергенін? Қылмыскерлер күнәлары жайлы сұралмайды.

  79. فَخَرَجَ عَلَىٰ قَوۡمِهِۦ فِي زِينَتِهِۦۖ قَالَ ٱلَّذِينَ يُرِيدُونَ ٱلۡحَيَوٰةَ ٱلدُّنۡيَا يَٰلَيۡتَ لَنَا مِثۡلَ مَآ أُوتِيَ قَٰرُونُ إِنَّهُۥ لَذُو حَظٍّ عَظِيمٖ

    Open ayah 28:79

    Сонда ол елінің алдына сән-салтанатымен көріктеніп шықты. Әрі осы дүние тіршілігін қалағандар: «Әттең! Қарунға берілгендей нәрсе бізге де берілгенде еді! Ол - сөзсіз, үлкен үлес иесі», - деді.

  80. وَقَالَ ٱلَّذِينَ أُوتُواْ ٱلۡعِلۡمَ وَيۡلَكُمۡ ثَوَابُ ٱللَّهِ خَيۡرٞ لِّمَنۡ ءَامَنَ وَعَمِلَ صَٰلِحٗاۚ وَلَا يُلَقَّىٰهَآ إِلَّا ٱلصَّٰبِرُونَ 

    Open ayah 28:80

    Ал, өздеріне білім берілгендер: «Сорларың бар болғыр! Иманға келген және ізгі амал жасағандар үшін Аллаһтың сыйы қайырлы әрі ол сабыр етушілерге ғана бұйырады»,- деді.

  81. فَخَسَفۡنَا بِهِۦ وَبِدَارِهِ ٱلۡأَرۡضَ فَمَا كَانَ لَهُۥ مِن فِئَةٖ يَنصُرُونَهُۥ مِن دُونِ ٱللَّهِ وَمَا كَانَ مِنَ ٱلۡمُنتَصِرِينَ

    Open ayah 28:81

    Сонда Біз оны және оның үй-жайын жерге жұтқыздық. Оны Аллаһтан құтқаратын ешбір топ болмады әрі ол өз-өзін де құтқара алмады.

  82. وَأَصۡبَحَ ٱلَّذِينَ تَمَنَّوۡاْ مَكَانَهُۥ بِٱلۡأَمۡسِ يَقُولُونَ وَيۡكَأَنَّ ٱللَّهَ يَبۡسُطُ ٱلرِّزۡقَ لِمَن يَشَآءُ مِنۡ عِبَادِهِۦ وَيَقۡدِرُۖ لَوۡلَآ أَن مَّنَّ ٱللَّهُ عَلَيۡنَا لَخَسَفَ بِنَاۖ وَيۡكَأَنَّهُۥ لَا يُفۡلِحُ ٱلۡكَٰفِرُونَ

    Open ayah 28:82

    Кеше ғана оның орнында болуды көксегендер ертесіне: «Міне, ғажап! Аллаһ ризықты құлдарынан қалағанына кеңітіп және тарылтып қояды екен. Егер Аллаһ бізге игілік етпегенде, бізді де жерге жұтқызар еді. Иә, солай, кәпірлер мұратқа жетпейді екен»,- деді.

  83. تِلۡكَ ٱلدَّارُ ٱلۡأٓخِرَةُ نَجۡعَلُهَا لِلَّذِينَ لَا يُرِيدُونَ عُلُوّٗا فِي ٱلۡأَرۡضِ وَلَا فَسَادٗاۚ وَٱلۡعَٰقِبَةُ لِلۡمُتَّقِينَ

    Open ayah 28:83

    Міне, бұл - соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / тұрағы. Біз оны жер бетінде өзін жоғары қоюды және бұзу-бүлдірушілікті қаламайтындарға береміз. Ал, нәтиже - тақуалардікі /Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандардікі!,

  84. مَن جَآءَ بِٱلۡحَسَنَةِ فَلَهُۥ خَيۡرٞ مِّنۡهَاۖ وَمَن جَآءَ بِٱلسَّيِّئَةِ فَلَا يُجۡزَى ٱلَّذِينَ عَمِلُواْ ٱلسَّيِّـَٔاتِ إِلَّا مَا كَانُواْ يَعۡمَلُونَ

    Open ayah 28:84

    Кім жақсылықпен келсе, ол үшін одан да қайырлысы бар. Ал кім жамандықпен келсе, жамандық істегендерге жасаған істерінің ғана қайтарымы беріледі.

  85. إِنَّ ٱلَّذِي فَرَضَ عَلَيۡكَ ٱلۡقُرۡءَانَ لَرَآدُّكَ إِلَىٰ مَعَادٖۚ قُل رَّبِّيٓ أَعۡلَمُ مَن جَآءَ بِٱلۡهُدَىٰ وَمَنۡ هُوَ فِي ضَلَٰلٖ مُّبِينٖ

    Open ayah 28:85

    / Ей, Мұхаммед! / Кім саған Құранды / жеткізуді / міндеттесе, Сол сені қайтар орынға қайтарады. Айт: «Раббым кімнің / тура жолды көрсететін / басшылықпенкелгенін және кімнің анық адасуда екенін жақсы біледі», - деп.

  86. وَمَا كُنتَ تَرۡجُوٓاْ أَن يُلۡقَىٰٓ إِلَيۡكَ ٱلۡكِتَٰبُ إِلَّا رَحۡمَةٗ مِّن رَّبِّكَۖ فَلَا تَكُونَنَّ ظَهِيرٗا لِّلۡكَٰفِرِينَ

    Open ayah 28:86

    Сен өзіңе Кітаптың түсуін үміт етпеген, күтпеген едің. Алайда, ол Раббыңнан бір мейірім ретінде / түсірілді / . Сондықтан кәпірлерге болысушы / көмек беруші / болма.

  87. وَلَا يَصُدُّنَّكَ عَنۡ ءَايَٰتِ ٱللَّهِ بَعۡدَ إِذۡ أُنزِلَتۡ إِلَيۡكَۖ وَٱدۡعُ إِلَىٰ رَبِّكَۖ وَلَا تَكُونَنَّ مِنَ ٱلۡمُشۡرِكِينَ

    Open ayah 28:87

    Өзіңе Аллаһтың аяттары түсірілгеннен кейін, олар сені одан тоспасын, Раббыңа шақыр және Оған серік қосушылардан болма.

  88. وَلَا تَدۡعُ مَعَ ٱللَّهِ إِلَٰهًا ءَاخَرَۘ لَآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَۚ كُلُّ شَيۡءٍ هَالِكٌ إِلَّا وَجۡهَهُۥۚ لَهُ ٱلۡحُكۡمُ وَإِلَيۡهِ تُرۡجَعُونَ

    Open ayah 28:88

    Аллаһпен қатар басқа құдай шақырма / Одан өзгеге құлшылық етпе / ,Одан басқа ешбір құдай жоқ. Оның дидарынан / Өзінен / басқа барлық нәрсе жоқ болады. Үкім ету -Оған тән әрі сендер Оған қайтарыласыңдар.