العنكبوت
Al-Ankaboot
Translation: Kazakh - Khalifah Altai Charity Foundation · Open the surah
بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
الٓمٓ
Open ayah 29:1Әлиф. Ләм. Мим.
أَحَسِبَ ٱلنَّاسُ أَن يُتۡرَكُوٓاْ أَن يَقُولُوٓاْ ءَامَنَّا وَهُمۡ لَا يُفۡتَنُونَ
Open ayah 29:2Адамдар: «Иманға келдік», - деп айтумен ғана сынаққа алынбай қалдырыламыз деп ойлай ма?
وَلَقَدۡ فَتَنَّا ٱلَّذِينَ مِن قَبۡلِهِمۡۖ فَلَيَعۡلَمَنَّ ٱللَّهُ ٱلَّذِينَ صَدَقُواْ وَلَيَعۡلَمَنَّ ٱلۡكَٰذِبِينَ
Open ayah 29:3Біз оларға дейінгілерді де сынағанбыз. Күмәнсіз, Аллаһ шын сөзділерді біледі әрі Ол өтірікшілерді де біледі.
أَمۡ حَسِبَ ٱلَّذِينَ يَعۡمَلُونَ ٱلسَّيِّـَٔاتِ أَن يَسۡبِقُونَاۚ سَآءَ مَا يَحۡكُمُونَ
Open ayah 29:4Әлде жамандық істейтіндер Бізден озып / құтылып / кетеміз деп ойлады ма? Олардың шешімдері қандай жаман!
مَن كَانَ يَرۡجُواْ لِقَآءَ ٱللَّهِ فَإِنَّ أَجَلَ ٱللَّهِ لَأٓتٖۚ وَهُوَ ٱلسَّمِيعُ ٱلۡعَلِيمُ
Open ayah 29:5Кім Аллаһпен жолығуды үміт етсе, сөзсіз, Аллаһтың белгілеген мерзімі келеді Ол барлық нәрсені Естуші , бәрін Білуші.
وَمَن جَٰهَدَ فَإِنَّمَا يُجَٰهِدُ لِنَفۡسِهِۦٓۚ إِنَّ ٱللَّهَ لَغَنِيٌّ عَنِ ٱلۡعَٰلَمِينَ
Open ayah 29:6Ал, кім ынта-жігерімен әрекет етсе, өзі үшін ынталанған болады. Ақиқатында, Аллаһ- әлемдерден Бай, мұқтажсыз / Ғани / .
وَٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّٰلِحَٰتِ لَنُكَفِّرَنَّ عَنۡهُمۡ سَيِّـَٔاتِهِمۡ وَلَنَجۡزِيَنَّهُمۡ أَحۡسَنَ ٱلَّذِي كَانُواْ يَعۡمَلُونَ
Open ayah 29:7Иманға келген әрі ізгі амал істегендердің жамандықтарын әлбетте, кетіреміз және оларға істеген жақсы амалдарының қайтарым сыйын береміз.
وَوَصَّيۡنَا ٱلۡإِنسَٰنَ بِوَٰلِدَيۡهِ حُسۡنٗاۖ وَإِن جَٰهَدَاكَ لِتُشۡرِكَ بِي مَا لَيۡسَ لَكَ بِهِۦ عِلۡمٞ فَلَا تُطِعۡهُمَآۚ إِلَيَّ مَرۡجِعُكُمۡ فَأُنَبِّئُكُم بِمَا كُنتُمۡ تَعۡمَلُونَ
Open ayah 29:8Әрі Біз адамға ата-анасына жақсылық істеуді өсиет етіп тапсырдық. Ал, егер ол екеуі өзің білмеген нәрсені Маған серік етіп қосуға күштесе, онда оларға бағынба. Қайтуларың Маған / Маған қайтасыңдар / . Сонда Мен сендерге не істеп өткендеріңнің хабарын беремін.
وَٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّٰلِحَٰتِ لَنُدۡخِلَنَّهُمۡ فِي ٱلصَّٰلِحِينَ
Open ayah 29:9Ал, иманға келген әрі ізгі амал істегендерді Біз ізгілердің қатарына кіргіземіз.
وَمِنَ ٱلنَّاسِ مَن يَقُولُ ءَامَنَّا بِٱللَّهِ فَإِذَآ أُوذِيَ فِي ٱللَّهِ جَعَلَ فِتۡنَةَ ٱلنَّاسِ كَعَذَابِ ٱللَّهِۖ وَلَئِن جَآءَ نَصۡرٞ مِّن رَّبِّكَ لَيَقُولُنَّ إِنَّا كُنَّا مَعَكُمۡۚ أَوَلَيۡسَ ٱللَّهُ بِأَعۡلَمَ بِمَا فِي صُدُورِ ٱلۡعَٰلَمِينَ
Open ayah 29:10Адамдардың ішінде: «Аллаһқа сендік» -деп айтатындар бар. Бірақ, қашан ол Аллаһ жолында зиян көрсе, адамдардың бүлігін / жамандығын / Аллаһтың азабындай көреді. Ал, егер Раббыңнан бір жеңіс келсе, олар міндетті түрде: «Шын мәнінде, біз сендермен бірге болдық»,- дейді. Аллаһ әлемдердің көкіректеріндегіні жақсы біледі емес пе?
وَلَيَعۡلَمَنَّ ٱللَّهُ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَلَيَعۡلَمَنَّ ٱلۡمُنَٰفِقِينَ
Open ayah 29:11Әрі әлбетте, Аллаһ иманға келгендерді де біледі әрі күмәнсіз, мұнафиқтарды да біледі.
وَقَالَ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ لِلَّذِينَ ءَامَنُواْ ٱتَّبِعُواْ سَبِيلَنَا وَلۡنَحۡمِلۡ خَطَٰيَٰكُمۡ وَمَا هُم بِحَٰمِلِينَ مِنۡ خَطَٰيَٰهُم مِّن شَيۡءٍۖ إِنَّهُمۡ لَكَٰذِبُونَ
Open ayah 29:12Әрі күпірлік етушілер / имансыздар / имандыларға: «Біздің жолымызға еріқцер, сендердің күнәларыңды біз көтереміз», - деді. Бірақ олар бұлардың күнәларынан ешнәрсені де көтермейді. Шын мәнінде, олар - өтірікшілер.
وَلَيَحۡمِلُنَّ أَثۡقَالَهُمۡ وَأَثۡقَالٗا مَّعَ أَثۡقَالِهِمۡۖ وَلَيُسۡـَٔلُنَّ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ عَمَّا كَانُواْ يَفۡتَرُونَ
Open ayah 29:13Олар өз жүктерін / күнәларын / әрі өз жүктерімен бірге басқа жүктерді де міндетті түрде көтереді. Әрі Қайта тірілу күні ойдан шығарғандары / өтіріктері / туралы олар міндетті түрде сұраққа тартылады.
وَلَقَدۡ أَرۡسَلۡنَا نُوحًا إِلَىٰ قَوۡمِهِۦ فَلَبِثَ فِيهِمۡ أَلۡفَ سَنَةٍ إِلَّا خَمۡسِينَ عَامٗا فَأَخَذَهُمُ ٱلطُّوفَانُ وَهُمۡ ظَٰلِمُونَ
Open ayah 29:14Әрі Біз Нұхты өзінің еліне жіберген едік. Ол олардың арасында елу жылы кем мың жыл болды. Кейін оларды әділетсіз болған халдерінде топан су алды.
فَأَنجَيۡنَٰهُ وَأَصۡحَٰبَ ٱلسَّفِينَةِ وَجَعَلۡنَٰهَآ ءَايَةٗ لِّلۡعَٰلَمِينَ
Open ayah 29:15Сонда Біз оны әрі кемедегілерді құтқардық және мұны әлемдерге белгі-ғибрат еттік.
وَإِبۡرَٰهِيمَ إِذۡ قَالَ لِقَوۡمِهِ ٱعۡبُدُواْ ٱللَّهَ وَٱتَّقُوهُۖ ذَٰلِكُمۡ خَيۡرٞ لَّكُمۡ إِن كُنتُمۡ تَعۡلَمُونَ
Open ayah 29:16Әрі Ибраһимды да / жібердік / . Ол еліне: «Аллаһқа құлшылық етіңдер және тақуалық етіңдер / Оның жазасынан қорқып, сақтаныңдар / . Егер білсеңдер, бұл - / құлшылық пен тақуалық / сендер үшін қайырлы.
إِنَّمَا تَعۡبُدُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِ أَوۡثَٰنٗا وَتَخۡلُقُونَ إِفۡكًاۚ إِنَّ ٱلَّذِينَ تَعۡبُدُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِ لَا يَمۡلِكُونَ لَكُمۡ رِزۡقٗا فَٱبۡتَغُواْ عِندَ ٱللَّهِ ٱلرِّزۡقَ وَٱعۡبُدُوهُ وَٱشۡكُرُواْ لَهُۥٓۖ إِلَيۡهِ تُرۡجَعُونَ
Open ayah 29:17Анығында, сендер Аллаһтың орнына, пұттарға табынасыңдар әрі / оларды құдай деп ойдан І өтірікті құрастырасыңдар. Негізінде, сендердің Аллаһтың орнына табынғандарың сендерге ризық беруге шамасыз. Ризықты Аллаһтан іздеңдер, Оған ғана құлшылық етіңдер және шүкір етіңдер / Оның берген игіліктеріне алғыс білдіріңдер / . Сендер Оған қайтарыласыңдар»,- деді.
وَإِن تُكَذِّبُواْ فَقَدۡ كَذَّبَ أُمَمٞ مِّن قَبۡلِكُمۡۖ وَمَا عَلَى ٱلرَّسُولِ إِلَّا ٱلۡبَلَٰغُ ٱلۡمُبِينُ
Open ayah 29:18Егер сендер / мұны / өтірікке шығарсаңдар, сендерден бұрынғы үмметтер де өтірікке шығарған. Ал, Елшіге - анық түрде жеткізу ғана / жүктелген / .
أَوَلَمۡ يَرَوۡاْ كَيۡفَ يُبۡدِئُ ٱللَّهُ ٱلۡخَلۡقَ ثُمَّ يُعِيدُهُۥٓۚ إِنَّ ذَٰلِكَ عَلَى ٱللَّهِ يَسِيرٞ
Open ayah 29:19Олар Аллаһтың / жоқтан бар етіп! жаратуын, кейін оны / жаратуды / қайталайтынын көрмеді ме? Анығында, бұл - Аллаһ үшін өте жеңіл.
قُلۡ سِيرُواْ فِي ٱلۡأَرۡضِ فَٱنظُرُواْ كَيۡفَ بَدَأَ ٱلۡخَلۡقَۚ ثُمَّ ٱللَّهُ يُنشِئُ ٱلنَّشۡأَةَ ٱلۡأٓخِرَةَۚ إِنَّ ٱللَّهَ عَلَىٰ كُلِّ شَيۡءٖ قَدِيرٞ
Open ayah 29:20/ Ей, Мұхаммед! / Айт: «Жер бетін аралап, Оның жаратылысты қалай бастағанына назар салыңдар. Ал кейін, Аллаһ соңғы жаратуды жасайды / Қияметте қайта тірілтеді / . Ақиқатында, Аллаһ барлық нәрсені Жасай алушы .
يُعَذِّبُ مَن يَشَآءُ وَيَرۡحَمُ مَن يَشَآءُۖ وَإِلَيۡهِ تُقۡلَبُونَ
Open ayah 29:21Ол қалағанын азаптайды және қалағанына рахым етеді. Әрі сендер Оған қайтарыласыңдар.
وَمَآ أَنتُم بِمُعۡجِزِينَ فِي ٱلۡأَرۡضِ وَلَا فِي ٱلسَّمَآءِۖ وَمَا لَكُم مِّن دُونِ ٱللَّهِ مِن وَلِيّٖ وَلَا نَصِيرٖ
Open ayah 29:22Әрі сендер жерде де, аспанда да / Аллаһтың жазасын / әлсірете алмайсыңдар және сендерге Аллаһтан басқа қамқоршы да, көмек беруші де жоқ»,- деп.
وَٱلَّذِينَ كَفَرُواْ بِـَٔايَٰتِ ٱللَّهِ وَلِقَآئِهِۦٓ أُوْلَٰٓئِكَ يَئِسُواْ مِن رَّحۡمَتِي وَأُوْلَٰٓئِكَ لَهُمۡ عَذَابٌ أَلِيمٞ
Open ayah 29:23Аллаһтың белгілеріне және Онымен жолығуға / ақиретке / күпірлік етушілер / сенбеушілер, теріске шығарушылар / , міне, солар - Менің мейірімімнен үмітсіз болады. Әрі соларға күйзелтуші азап бар.
فَمَا كَانَ جَوَابَ قَوۡمِهِۦٓ إِلَّآ أَن قَالُواْ ٱقۡتُلُوهُ أَوۡ حَرِّقُوهُ فَأَنجَىٰهُ ٱللَّهُ مِنَ ٱلنَّارِۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَٰتٖ لِّقَوۡمٖ يُؤۡمِنُونَ
Open ayah 29:24/ Ибраһимнің шақыруына / оның елінің жауабы: «Оны өлтіріңдер немесе өртеңдер», - деу ғана болды. Ал, Аллаһ оны оттан құтқарды. Ақиқатында, мұнда сенетін адамдар үшін белгі-ғибраттар бар.
وَقَالَ إِنَّمَا ٱتَّخَذۡتُم مِّن دُونِ ٱللَّهِ أَوۡثَٰنٗا مَّوَدَّةَ بَيۡنِكُمۡ فِي ٱلۡحَيَوٰةِ ٱلدُّنۡيَاۖ ثُمَّ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ يَكۡفُرُ بَعۡضُكُم بِبَعۡضٖ وَيَلۡعَنُ بَعۡضُكُم بَعۡضٗا وَمَأۡوَىٰكُمُ ٱلنَّارُ وَمَا لَكُم مِّن نَّٰصِرِينَ
Open ayah 29:25/ Ибраһим / : «Негізінде, сендер осы өмірдегі өзара жақсы көрулеріңнен Аллаһтан өзгелерді табынатын нәрсе етіп алдыңдар. Кейін Қайта тірілу күні бір-біріңе қарсы шығып, бір-біріңді қарғайсыңдар. Сендердің баратын орындарың - От әрі сендерге көмекшілер болмайды.
۞فَـَٔامَنَ لَهُۥ لُوطٞۘ وَقَالَ إِنِّي مُهَاجِرٌ إِلَىٰ رَبِّيٓۖ إِنَّهُۥ هُوَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلۡحَكِيمُ
Open ayah 29:26Сонда оған / Ибраһимге / Лұт сенді. / Ибраһим / : «Мен Раббыма / Оның жолында / қоныс аударамын. Ақиқатында, Ол - бәрінен Үстем , өте Дана »,- деді.
وَوَهَبۡنَا لَهُۥٓ إِسۡحَٰقَ وَيَعۡقُوبَ وَجَعَلۡنَا فِي ذُرِّيَّتِهِ ٱلنُّبُوَّةَ وَٱلۡكِتَٰبَ وَءَاتَيۡنَٰهُ أَجۡرَهُۥ فِي ٱلدُّنۡيَاۖ وَإِنَّهُۥ فِي ٱلۡأٓخِرَةِ لَمِنَ ٱلصَّٰلِحِينَ
Open ayah 29:27Әрі Біз оған Исхақты және Йаъқубты тарту еттік, ал оның ұрпақтарына пайғамбарлық пен Кітапты / бердік / . Біз оның сыйын осы дүниеде бердік, ал соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / ол әлбетте ізгілерден болады.
وَلُوطًا إِذۡ قَالَ لِقَوۡمِهِۦٓ إِنَّكُمۡ لَتَأۡتُونَ ٱلۡفَٰحِشَةَ مَا سَبَقَكُم بِهَا مِنۡ أَحَدٖ مِّنَ ٱلۡعَٰلَمِينَ
Open ayah 29:28Әрі Лұтты да / жібердік / . Сонда ол еліне: «Негізінде, сендер әлемдердің ішінде өздеріңнен бұрын ешкім істемеген жиіркенішті нәрсені істеудесіңдер.
أَئِنَّكُمۡ لَتَأۡتُونَ ٱلرِّجَالَ وَتَقۡطَعُونَ ٱلسَّبِيلَ وَتَأۡتُونَ فِي نَادِيكُمُ ٱلۡمُنكَرَۖ فَمَا كَانَ جَوَابَ قَوۡمِهِۦٓ إِلَّآ أَن قَالُواْ ٱئۡتِنَا بِعَذَابِ ٱللَّهِ إِن كُنتَ مِنَ ٱلصَّٰدِقِينَ
Open ayah 29:29Анығында, еркектерге келетін / жақындасатын / және жол кесетін / жолаушыларды тонайтын / әрі отырыстарыңда айыпталған іс жасайтындар сендер емессіңдер ме?» - деді. Сонда оның елінің жауабы тек: «Егер шын сөзділерден болсаң, бізге Аллаһтың азабын келтір», - деу ғана болды.
قَالَ رَبِّ ٱنصُرۡنِي عَلَى ٱلۡقَوۡمِ ٱلۡمُفۡسِدِينَ
Open ayah 29:30Ол / Лұт / : «Раббым! Маған бүлдіруші / бұзылған / елге қарсы көмек бер», - деді.
وَلَمَّا جَآءَتۡ رُسُلُنَآ إِبۡرَٰهِيمَ بِٱلۡبُشۡرَىٰ قَالُوٓاْ إِنَّا مُهۡلِكُوٓاْ أَهۡلِ هَٰذِهِ ٱلۡقَرۡيَةِۖ إِنَّ أَهۡلَهَا كَانُواْ ظَٰلِمِينَ
Open ayah 29:31Біздің елшілеріміз Ибраһимге қуанышты хабар әкелген кезде олар: «Шын мәнінде, біз мына кент тұрғындарын жоямыз. Ақиқатында, оның тұрғындары әділетсіздер», -деді.
قَالَ إِنَّ فِيهَا لُوطٗاۚ قَالُواْ نَحۡنُ أَعۡلَمُ بِمَن فِيهَاۖ لَنُنَجِّيَنَّهُۥ وَأَهۡلَهُۥٓ إِلَّا ٱمۡرَأَتَهُۥ كَانَتۡ مِنَ ٱلۡغَٰبِرِينَ
Open ayah 29:32Ол / Ибраһим / : «Онда Лұт бар ғой!» деді. Олар: «Ол жерде кімнің бар екенін жақсы білеміз. Біз оны және үй ішін міндетті түрде құтқарамыз, тек қалушылардан болған әйелінен басқа»,- деді.
وَلَمَّآ أَن جَآءَتۡ رُسُلُنَا لُوطٗا سِيٓءَ بِهِمۡ وَضَاقَ بِهِمۡ ذَرۡعٗاۖ وَقَالُواْ لَا تَخَفۡ وَلَا تَحۡزَنۡ إِنَّا مُنَجُّوكَ وَأَهۡلَكَ إِلَّا ٱمۡرَأَتَكَ كَانَتۡ مِنَ ٱلۡغَٰبِرِينَ
Open ayah 29:33Әрі Елшілеріміз Лұтқа келгенде, ол олар үшін қамығып, өзінің әлсіздігіне қысылды. Сонда олар: «Қорықпа және қайғырма! Анығында Біз сені және қалушылардан болған әйеліңнен басқа үй ішіңді құтқарамыз».
إِنَّا مُنزِلُونَ عَلَىٰٓ أَهۡلِ هَٰذِهِ ٱلۡقَرۡيَةِ رِجۡزٗا مِّنَ ٱلسَّمَآءِ بِمَا كَانُواْ يَفۡسُقُونَ
Open ayah 29:34Әлбетте, Біз бұл кенттің тұрғындарына бұзықтықтары / бойсұнбағандықтары / үшін аспаннан азап түсіреміз»,- деді.
وَلَقَد تَّرَكۡنَا مِنۡهَآ ءَايَةَۢ بَيِّنَةٗ لِّقَوۡمٖ يَعۡقِلُونَ
Open ayah 29:35Біз одан / ол мекеннен / ақылын істетіп ұғынатын адамдар үшін анық белгі-ғибрат қалдырдық.
وَإِلَىٰ مَدۡيَنَ أَخَاهُمۡ شُعَيۡبٗا فَقَالَ يَٰقَوۡمِ ٱعۡبُدُواْ ٱللَّهَ وَٱرۡجُواْ ٱلۡيَوۡمَ ٱلۡأٓخِرَ وَلَا تَعۡثَوۡاْ فِي ٱلۡأَرۡضِ مُفۡسِدِينَ
Open ayah 29:36Әрі Мәдиян еліне ағайындары Шұғайыпты / жібердік / . Ол: «Әй, халқым! Аллаһқа Құлшылық етіңдер әрі Ақирет күніне үміт артыңдар және жер бетінде бұзу-бүлдірушілік жасап жүрмеңдер», - деді.
فَكَذَّبُوهُ فَأَخَذَتۡهُمُ ٱلرَّجۡفَةُ فَأَصۡبَحُواْ فِي دَارِهِمۡ جَٰثِمِينَ
Open ayah 29:37Олар оны өтірікшіге шығарды. Сонда оларды бір сілкініс ұстады да олар үйлерінде етпеттеп жатқан күйлерінде қалды.
وَعَادٗا وَثَمُودَاْ وَقَد تَّبَيَّنَ لَكُم مِّن مَّسَٰكِنِهِمۡۖ وَزَيَّنَ لَهُمُ ٱلشَّيۡطَٰنُ أَعۡمَٰلَهُمۡ فَصَدَّهُمۡ عَنِ ٱلسَّبِيلِ وَكَانُواْ مُسۡتَبۡصِرِينَ
Open ayah 29:38Сондай-ақ Ад елі мен Сәмұд елін де / жазаладың / , Сендерге олардың мекен еткен тұрақтары белгілі. Шайтан оларға амалдарын әдемі етіп көрсетіп, олардың зеректігіне қарамастан жолдан бұрды.
وَقَٰرُونَ وَفِرۡعَوۡنَ وَهَٰمَٰنَۖ وَلَقَدۡ جَآءَهُم مُّوسَىٰ بِٱلۡبَيِّنَٰتِ فَٱسۡتَكۡبَرُواْ فِي ٱلۡأَرۡضِ وَمَا كَانُواْ سَٰبِقِينَ
Open ayah 29:39Әрі Қарун, Фиръаун және Һаманды да. Мұса оларға анық дәлелдермен келген еді. Бірақ олар жерде / елдерінде / менменсіп, өздерін жоғары санады әрі / жазадан / озып кете алмады.
فَكُلًّا أَخَذۡنَا بِذَنۢبِهِۦۖ فَمِنۡهُم مَّنۡ أَرۡسَلۡنَا عَلَيۡهِ حَاصِبٗا وَمِنۡهُم مَّنۡ أَخَذَتۡهُ ٱلصَّيۡحَةُ وَمِنۡهُم مَّنۡ خَسَفۡنَا بِهِ ٱلۡأَرۡضَ وَمِنۡهُم مَّنۡ أَغۡرَقۡنَاۚ وَمَا كَانَ ٱللَّهُ لِيَظۡلِمَهُمۡ وَلَٰكِن كَانُوٓاْ أَنفُسَهُمۡ يَظۡلِمُونَ
Open ayah 29:40Әрқайсысын күнәларына сай ұстадық / жазаладық / . Олардың біріне Біз тасты құйын жібердік, бірін сайха алды, ал бірін жерге жұтқыздық және бірін суға батырдық. Аллаһ оларға әділетсіздік етпеді, бірақ олар өздеріне-өздеріәділетсіздік жасады.
مَثَلُ ٱلَّذِينَ ٱتَّخَذُواْ مِن دُونِ ٱللَّهِ أَوۡلِيَآءَ كَمَثَلِ ٱلۡعَنكَبُوتِ ٱتَّخَذَتۡ بَيۡتٗاۖ وَإِنَّ أَوۡهَنَ ٱلۡبُيُوتِ لَبَيۡتُ ٱلۡعَنكَبُوتِۚ لَوۡ كَانُواْ يَعۡلَمُونَ
Open ayah 29:41Аллаһтан өзге біреулерді қамқоршы етіп алғандардың мысалы - өзіне тұратын жай жасап алған өрмекшінің мысалына ұқсайды. Шын мәнінде, үйлердің ең осалы - өрмекшінің үйі. Егер де олар білетін болса.
إِنَّ ٱللَّهَ يَعۡلَمُ مَا يَدۡعُونَ مِن دُونِهِۦ مِن شَيۡءٖۚ وَهُوَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلۡحَكِيمُ
Open ayah 29:42Ақиқатында, Аллаһ олардың Оның Өзінен басқа шақыратындарын / табынатындарын / біледі, олар ешнәрсе емес. Ал, Ол бәрінен Үстем, аса Дана .
وَتِلۡكَ ٱلۡأَمۡثَٰلُ نَضۡرِبُهَا لِلنَّاسِۖ وَمَا يَعۡقِلُهَآ إِلَّا ٱلۡعَٰلِمُونَ
Open ayah 29:43Біз бұл мысалдарды адамдар үшін келтіреміз. Бірақ мұны білетіндер ғана ұғынады.
خَلَقَ ٱللَّهُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضَ بِٱلۡحَقِّۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَةٗ لِّلۡمُؤۡمِنِينَ
Open ayah 29:44Аллаһ аспандар мен жерді ақиқатпен жаратты. Ақиқатында, Мұнда имандылар / мүміндер / үшін белгі-дәлелдер бар.
ٱتۡلُ مَآ أُوحِيَ إِلَيۡكَ مِنَ ٱلۡكِتَٰبِ وَأَقِمِ ٱلصَّلَوٰةَۖ إِنَّ ٱلصَّلَوٰةَ تَنۡهَىٰ عَنِ ٱلۡفَحۡشَآءِ وَٱلۡمُنكَرِۗ وَلَذِكۡرُ ٱللَّهِ أَكۡبَرُۗ وَٱللَّهُ يَعۡلَمُ مَا تَصۡنَعُونَ
Open ayah 29:45/ Ей, Мұхаммед! / Өзіңе Кітаптан уахи етілгенді оқы әрі намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орында. Анығында, намаз жеккөрінішті / бұзық / істерден және қайтарылған нәрселерден тыяды. Ал, Аллаһтың еске алуы өте үлкен, Аллаһ сендердің не істеп жатқандарыңды біледі.
۞وَلَا تُجَٰدِلُوٓاْ أَهۡلَ ٱلۡكِتَٰبِ إِلَّا بِٱلَّتِي هِيَ أَحۡسَنُ إِلَّا ٱلَّذِينَ ظَلَمُواْ مِنۡهُمۡۖ وَقُولُوٓاْ ءَامَنَّا بِٱلَّذِيٓ أُنزِلَ إِلَيۡنَا وَأُنزِلَ إِلَيۡكُمۡ وَإِلَٰهُنَا وَإِلَٰهُكُمۡ وَٰحِدٞ وَنَحۡنُ لَهُۥ مُسۡلِمُونَ
Open ayah 29:46Кітап берілген қауымның әділетсіздік жасағандарынан басқасымен тек жақсы нәрсемен болмаса пікір таластырмаңдар. Әрі айтыңдар: «Біз өзімізге түсірілгенге және сендерге түсірілгенге сендік. Біздің құдайымыз бен сендердің құдайың- біреу әрі біз - Оған бойсұнушымыз», - деп.
وَكَذَٰلِكَ أَنزَلۡنَآ إِلَيۡكَ ٱلۡكِتَٰبَۚ فَٱلَّذِينَ ءَاتَيۡنَٰهُمُ ٱلۡكِتَٰبَ يُؤۡمِنُونَ بِهِۦۖ وَمِنۡ هَٰٓؤُلَآءِ مَن يُؤۡمِنُ بِهِۦۚ وَمَا يَجۡحَدُ بِـَٔايَٰتِنَآ إِلَّا ٱلۡكَٰفِرُونَ
Open ayah 29:47/ Ей, Мұхаммед! / Міне, осылай саған Кітап түсірдік. Ал, өздеріне Кітап бергендеріміз оған / Құранға / сенеді. Әрі бұлардан да оған сенетіндер бар. Біздің аяттарымызды тек кәпірлер ғана теріске шығарады.
وَمَا كُنتَ تَتۡلُواْ مِن قَبۡلِهِۦ مِن كِتَٰبٖ وَلَا تَخُطُّهُۥ بِيَمِينِكَۖ إِذٗا لَّٱرۡتَابَ ٱلۡمُبۡطِلُونَ
Open ayah 29:48Сен бұған дейін ешқандай жазбаны оқыған жоқсың және оны қолыңмен жазған жоқсың. Олай болғанда өтірік санаушылар күмәнданған болар еді.
بَلۡ هُوَ ءَايَٰتُۢ بَيِّنَٰتٞ فِي صُدُورِ ٱلَّذِينَ أُوتُواْ ٱلۡعِلۡمَۚ وَمَا يَجۡحَدُ بِـَٔايَٰتِنَآ إِلَّا ٱلظَّٰلِمُونَ
Open ayah 29:49Жоқ! Олай емес, бұл / Құран / - өздеріне білім берілгендердің кеуделеріндегі анық аяттар. Біздің аяттарымызды әділетсіздер ғана теріске шығарады.
وَقَالُواْ لَوۡلَآ أُنزِلَ عَلَيۡهِ ءَايَٰتٞ مِّن رَّبِّهِۦۚ قُلۡ إِنَّمَا ٱلۡأٓيَٰتُ عِندَ ٱللَّهِ وَإِنَّمَآ أَنَا۠ نَذِيرٞ مُّبِينٌ
Open ayah 29:50Олар: «Оған Раббысынан белгі-мұғжизалар неге түсірілмейді?» - деді. Айт: «Мұғжизалар - тек Аллаһта, ал мен - анық ескертуші ғанамын», - деп.
أَوَلَمۡ يَكۡفِهِمۡ أَنَّآ أَنزَلۡنَا عَلَيۡكَ ٱلۡكِتَٰبَ يُتۡلَىٰ عَلَيۡهِمۡۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَرَحۡمَةٗ وَذِكۡرَىٰ لِقَوۡمٖ يُؤۡمِنُونَ
Open ayah 29:51/ Ей, Мұхаммед! / Оларға оқылып жатқан Кітапты саған түсіргеніміз, олар үшін жеткілікті емес пе? Ақиқатында онда / Құранда / сенетін ел үшін мейірім әрі еске салу бар.
قُلۡ كَفَىٰ بِٱللَّهِ بَيۡنِي وَبَيۡنَكُمۡ شَهِيدٗاۖ يَعۡلَمُ مَا فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِۗ وَٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ بِٱلۡبَٰطِلِ وَكَفَرُواْ بِٱللَّهِ أُوْلَٰٓئِكَ هُمُ ٱلۡخَٰسِرُونَ
Open ayah 29:52Айт: «Мені мен сендердің араларыңа куәлік етуде Аллаһтың Өзі жеткілікті. Ол аспандардағы және жердегіні біледі. Ал жалғанға сеніп, Аллаһқа күпірлік етушілер / сенбейтіндер / - нағыз зиян көрушілер», - деп.
وَيَسۡتَعۡجِلُونَكَ بِٱلۡعَذَابِ وَلَوۡلَآ أَجَلٞ مُّسَمّٗى لَّجَآءَهُمُ ٱلۡعَذَابُۚ وَلَيَأۡتِيَنَّهُم بَغۡتَةٗ وَهُمۡ لَا يَشۡعُرُونَ
Open ayah 29:53Олар сенен азапты тездетуді талап етеді. Егер белгіленген мерзім болмағанда, оларға азап міндетті түрде келген болар еді. Негізінде ол оларға күмәнсіз, кенеттен келіп, олар оны сезбей де қалады.
يَسۡتَعۡجِلُونَكَ بِٱلۡعَذَابِ وَإِنَّ جَهَنَّمَ لَمُحِيطَةُۢ بِٱلۡكَٰفِرِينَ
Open ayah 29:54Олар сенен азапты тездетуді талап етеді. Күдіксіз, Жаһаннам кәпірлерді міндетті түрде қоршап алушы.
يَوۡمَ يَغۡشَىٰهُمُ ٱلۡعَذَابُ مِن فَوۡقِهِمۡ وَمِن تَحۡتِ أَرۡجُلِهِمۡ وَيَقُولُ ذُوقُواْ مَا كُنتُمۡ تَعۡمَلُونَ
Open ayah 29:55Сол Қайта тірілу күні азап оларды үстерінен және аяқтарының астынан орап алады. / Аллаһ Оларға / : «Істеген амалдарыңның / дәмін / татыңдар», - дейді.
يَٰعِبَادِيَ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓاْ إِنَّ أَرۡضِي وَٰسِعَةٞ فَإِيَّٰيَ فَٱعۡبُدُونِ
Open ayah 29:56Ей, иманға келген құлдарым! Ақиқатында Менің жерім кең, Маған ғана құлшылық етіңдер.
كُلُّ نَفۡسٖ ذَآئِقَةُ ٱلۡمَوۡتِۖ ثُمَّ إِلَيۡنَا تُرۡجَعُونَ
Open ayah 29:57Әрбір жан өлімді татады. Содан кейін сендер Бізге қайтарыласыңдар.
وَٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّٰلِحَٰتِ لَنُبَوِّئَنَّهُم مِّنَ ٱلۡجَنَّةِ غُرَفٗا تَجۡرِي مِن تَحۡتِهَا ٱلۡأَنۡهَٰرُ خَٰلِدِينَ فِيهَاۚ نِعۡمَ أَجۡرُ ٱلۡعَٰمِلِينَ
Open ayah 29:58Біз иманға келген және ізгі амал істегендерді астынан өзендер ағып жататын Жәннаттағы биік орындарға орналастырамыз. Олар онда мәңгі қалады. Амал істеушілердің сыйы қандай жақсы,
ٱلَّذِينَ صَبَرُواْ وَعَلَىٰ رَبِّهِمۡ يَتَوَكَّلُونَ
Open ayah 29:59Солар - сабыр етушілер және өздерінің Раббысына жүгініп, Оған істерін тапсырушылар / тәуекел етушілер / .
وَكَأَيِّن مِّن دَآبَّةٖ لَّا تَحۡمِلُ رِزۡقَهَا ٱللَّهُ يَرۡزُقُهَا وَإِيَّاكُمۡۚ وَهُوَ ٱلسَّمِيعُ ٱلۡعَلِيمُ
Open ayah 29:60Өз қорегін көтеріп жүрмейтін қаншамажан-жануар бар. Оларға және сендерге ризықты Аллаһ береді. Ол бәрін Естуші , барлық нәрсені Білуші .
وَلَئِن سَأَلۡتَهُم مَّنۡ خَلَقَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضَ وَسَخَّرَ ٱلشَّمۡسَ وَٱلۡقَمَرَ لَيَقُولُنَّ ٱللَّهُۖ فَأَنَّىٰ يُؤۡفَكُونَ
Open ayah 29:61Егер олардан / серік қосушылардан / : «Аспандарды және жерді жаратқан әрі күн мен айды бағынышты етіп қойған кім?» деп сұрасаң, олар міндетті түрде: «Аллаһ», - дейді. Олар қаншалықты теріс кеткендер?!
ٱللَّهُ يَبۡسُطُ ٱلرِّزۡقَ لِمَن يَشَآءُ مِنۡ عِبَادِهِۦ وَيَقۡدِرُ لَهُۥٓۚ إِنَّ ٱللَّهَ بِكُلِّ شَيۡءٍ عَلِيمٞ
Open ayah 29:62Аллаһ құлдарының ішінен қалағанының ризығын кеңітіп және қалағанының ризығын шектеп қояды. Ақиқатында, Аллаһ барлық нәрсені Білуші
وَلَئِن سَأَلۡتَهُم مَّن نَّزَّلَ مِنَ ٱلسَّمَآءِ مَآءٗ فَأَحۡيَا بِهِ ٱلۡأَرۡضَ مِنۢ بَعۡدِ مَوۡتِهَا لَيَقُولُنَّ ٱللَّهُۚ قُلِ ٱلۡحَمۡدُ لِلَّهِۚ بَلۡ أَكۡثَرُهُمۡ لَا يَعۡقِلُونَ
Open ayah 29:63Егер олардан: «Аспаннан су түсіріп, ол арқылы тіршіліксіз қалған / өлген / жерді тірілткен кім?» - деп сұрасаң: «Аллаһ»,- дейді. Сен: «Барлық мақтау Аллаһқа», - де. Алайда олардың көпшілігі ақылдарын істетіп ұғынбайды.
وَمَا هَٰذِهِ ٱلۡحَيَوٰةُ ٱلدُّنۡيَآ إِلَّا لَهۡوٞ وَلَعِبٞۚ وَإِنَّ ٱلدَّارَ ٱلۡأٓخِرَةَ لَهِيَ ٱلۡحَيَوَانُۚ لَوۡ كَانُواْ يَعۡلَمُونَ
Open ayah 29:64Әрі бұл өмір - тек бос ермек және ойыннан басқа ешнәрсе емес. Егер де олар білетін болса, анығында, соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / тұрағы - шын, нағыз өмір.
فَإِذَا رَكِبُواْ فِي ٱلۡفُلۡكِ دَعَوُاْ ٱللَّهَ مُخۡلِصِينَ لَهُ ٱلدِّينَ فَلَمَّا نَجَّىٰهُمۡ إِلَى ٱلۡبَرِّ إِذَا هُمۡ يُشۡرِكُونَ
Open ayah 29:65Ал, қашан олар кемеге мінгендерінде дінін / құлшылықтарын / шын ықыласпен / серік қосу, риядан тазартып / тек Оған арнаған күйде Аллаһқа дұға етеді / Одан тілеп, жалбарынады / . Ал, оларды құрлыққа / шығарып / құтқарған соң, олар Оғанөзгелерді серік етіп қосады.
لِيَكۡفُرُواْ بِمَآ ءَاتَيۡنَٰهُمۡ وَلِيَتَمَتَّعُواْۚ فَسَوۡفَ يَعۡلَمُونَ
Open ayah 29:66Олар өздеріне бергендерімізге күпірлік ете / игіліктерімізді теріске шығара / тұрсын әрі пайдалансын. Жақында олар біледі.
أَوَلَمۡ يَرَوۡاْ أَنَّا جَعَلۡنَا حَرَمًا ءَامِنٗا وَيُتَخَطَّفُ ٱلنَّاسُ مِنۡ حَوۡلِهِمۡۚ أَفَبِٱلۡبَٰطِلِ يُؤۡمِنُونَ وَبِنِعۡمَةِ ٱللَّهِ يَكۡفُرُونَ
Open ayah 29:67Олар / Мекке мүшріктері / маңайларындағы адамдардың ұсталып, таланып жатқанында, Біз / Меккені/ қасиетті әрі қауіпсіз еткенімізді көрмеді ме? Сонда олар жалғанға сеніп, Аллаһтың игілігін теріске шығара ма?
وَمَنۡ أَظۡلَمُ مِمَّنِ ٱفۡتَرَىٰ عَلَى ٱللَّهِ كَذِبًا أَوۡ كَذَّبَ بِٱلۡحَقِّ لَمَّا جَآءَهُۥٓۚ أَلَيۡسَ فِي جَهَنَّمَ مَثۡوٗى لِّلۡكَٰفِرِينَ
Open ayah 29:68Аллаһ жайында ойынан өтірік шығарғаннан немесе өзіне ақиқат келген кезде оны жалған санағаннан өткен әділетсіз бар ма? Кәпірлердің орны Жаһаннам емес пе?
وَٱلَّذِينَ جَٰهَدُواْ فِينَا لَنَهۡدِيَنَّهُمۡ سُبُلَنَاۚ وَإِنَّ ٱللَّهَ لَمَعَ ٱلۡمُحۡسِنِينَ
Open ayah 29:69Ал Біз үшін ынта-жігер мен әрекет еткендерді - Өз жолдарымызбен жүргіземіз. Ақиқатында, Аллаһ жақсылықты ықыласпен істеушілермен бірге.