الروم
Ar-Room
Translation: Kazakh - Khalifah Altai Charity Foundation · Open the surah
بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
الٓمٓ
Open ayah 30:1Әлиф. Ләм. Мим
غُلِبَتِ ٱلرُّومُ
Open ayah 30:2Рұмдықтар жеңілді,
فِيٓ أَدۡنَى ٱلۡأَرۡضِ وَهُم مِّنۢ بَعۡدِ غَلَبِهِمۡ سَيَغۡلِبُونَ
Open ayah 30:3ең жақын / төменгі / жерде. Алайда олар жеңілгеннен кейін жеңіске жетеді,
فِي بِضۡعِ سِنِينَۗ لِلَّهِ ٱلۡأَمۡرُ مِن قَبۡلُ وَمِنۢ بَعۡدُۚ وَيَوۡمَئِذٖ يَفۡرَحُ ٱلۡمُؤۡمِنُونَ
Open ayah 30:4бірнеше жылдың ішінде. Бұдан бұрын да, бұдан кейін де / барлық / іс Аллаһтың билігінде. Сол күні имандылар қуанады,
بِنَصۡرِ ٱللَّهِۚ يَنصُرُ مَن يَشَآءُۖ وَهُوَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلرَّحِيمُ
Open ayah 30:5Аллаһтан болған көмекке. Ол қалағанына көмек береді. Ол -бәрінен Үстем, ерекше Мейірімді.
وَعۡدَ ٱللَّهِۖ لَا يُخۡلِفُ ٱللَّهُ وَعۡدَهُۥ وَلَٰكِنَّ أَكۡثَرَ ٱلنَّاسِ لَا يَعۡلَمُونَ
Open ayah 30:6Аллаһтың уәдесі / осы / . Аллаһ уәдесін бұзбайды. Бірақ адамдардың көбі білмейді.
يَعۡلَمُونَ ظَٰهِرٗا مِّنَ ٱلۡحَيَوٰةِ ٱلدُّنۡيَا وَهُمۡ عَنِ ٱلۡأٓخِرَةِ هُمۡ غَٰفِلُونَ
Open ayah 30:7Олар осы өмірдің сырттай көрініп тұрғанын ғана біліп, соңғы, мәңгілік өмірден / ақиреттен / қаперсіз.
أَوَلَمۡ يَتَفَكَّرُواْ فِيٓ أَنفُسِهِمۗ مَّا خَلَقَ ٱللَّهُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضَ وَمَا بَيۡنَهُمَآ إِلَّا بِٱلۡحَقِّ وَأَجَلٖ مُّسَمّٗىۗ وَإِنَّ كَثِيرٗا مِّنَ ٱلنَّاسِ بِلِقَآيِٕ رَبِّهِمۡ لَكَٰفِرُونَ
Open ayah 30:8Олар өздері жайлы ойланып көрмеді ме? Аллаһ аспандарды және жерді әрі екеуінің арасындағыларды ақиқат бойынша және белгілі мерзімге жаратқан. Анығында, адамдардың көбі / қайта тіріліп / өздерінің Раббысына жолығатындығына сенбейді.
أَوَلَمۡ يَسِيرُواْ فِي ٱلۡأَرۡضِ فَيَنظُرُواْ كَيۡفَ كَانَ عَٰقِبَةُ ٱلَّذِينَ مِن قَبۡلِهِمۡۚ كَانُوٓاْ أَشَدَّ مِنۡهُمۡ قُوَّةٗ وَأَثَارُواْ ٱلۡأَرۡضَ وَعَمَرُوهَآ أَكۡثَرَ مِمَّا عَمَرُوهَا وَجَآءَتۡهُمۡ رُسُلُهُم بِٱلۡبَيِّنَٰتِۖ فَمَا كَانَ ٱللَّهُ لِيَظۡلِمَهُمۡ وَلَٰكِن كَانُوٓاْ أَنفُسَهُمۡ يَظۡلِمُونَ
Open ayah 30:9Олар жер бетінде сапар шекпеді ме, сөйтіп өздерінен бұрынғылардың соңы қалай болғанын көрмеді ме? Олар күш-қуат жағынан бұлардан мықты еді, олар жерді жыртып, оны бұлардың игергенінен артық игерген еді. Оларға елшілер анық дәлелдермен келді. Аллаһ оларға әділетсіздік етпеді, бірақ олар өздеріне-өздері әділетсіздік етті.
ثُمَّ كَانَ عَٰقِبَةَ ٱلَّذِينَ أَسَٰٓـُٔواْ ٱلسُّوٓأَىٰٓ أَن كَذَّبُواْ بِـَٔايَٰتِ ٱللَّهِ وَكَانُواْ بِهَا يَسۡتَهۡزِءُونَ
Open ayah 30:10Кейін жамандық қылғандардың соңы - Аллаһтың аяттарын өтірік санағандықтары және оларды келеке еткендіктері үшін жаман болды.
ٱللَّهُ يَبۡدَؤُاْ ٱلۡخَلۡقَ ثُمَّ يُعِيدُهُۥ ثُمَّ إِلَيۡهِ تُرۡجَعُونَ
Open ayah 30:11Аллаһ алғаш жаратады, кейін оны қайталайды / қайта жаратады!. Содан кейін сендер Оған қайтарыласыңдар.
وَيَوۡمَ تَقُومُ ٱلسَّاعَةُ يُبۡلِسُ ٱلۡمُجۡرِمُونَ
Open ayah 30:12Сағат / Қиямет / болған күні қылмыскерлердің үміттері үзіледі.
وَلَمۡ يَكُن لَّهُم مِّن شُرَكَآئِهِمۡ شُفَعَٰٓؤُاْ وَكَانُواْ بِشُرَكَآئِهِمۡ كَٰفِرِينَ
Open ayah 30:13Әрі олардың Аллаһқа серік етіп қосқандарынан ешқайсысы оларға ара түсіп болыспайды және олар серік етіп қосқандарын теріске шығарады.
وَيَوۡمَ تَقُومُ ٱلسَّاعَةُ يَوۡمَئِذٖ يَتَفَرَّقُونَ
Open ayah 30:14Әрі Сағат / Қиямет / болған сол күні олар / адамдар / бөлінеді.
فَأَمَّا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّٰلِحَٰتِ فَهُمۡ فِي رَوۡضَةٖ يُحۡبَرُونَ
Open ayah 30:15Сонда иманға келген және ізгі амал істегендер / Жәннаттағы бақтарда / қуанышқа бөленеді.
وَأَمَّا ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ وَكَذَّبُواْ بِـَٔايَٰتِنَا وَلِقَآيِٕ ٱلۡأٓخِرَةِ فَأُوْلَٰٓئِكَ فِي ٱلۡعَذَابِ مُحۡضَرُونَ
Open ayah 30:16Ал, сондай күпірлік еткендер / қарсы келгендер / және аят-белгілерімізді және ақиреттегі жолығуды өтірікке шығарғандар азапқа тартылады.
فَسُبۡحَٰنَ ٱللَّهِ حِينَ تُمۡسُونَ وَحِينَ تُصۡبِحُونَ
Open ayah 30:17/ Ей, мұсылмандар! / Сендер кештің кіретін уақыттарында және таңның ататын уақыттарында Аллаһты / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріптеңдер.
وَلَهُ ٱلۡحَمۡدُ فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ وَعَشِيّٗا وَحِينَ تُظۡهِرُونَ
Open ayah 30:18Әрі аспандардағы және жердегі барлық мақтау - Оған / Аллаһқа / . Әрі түнде және түскі уақыттарда да / Оны дәріптеңдер / ,
يُخۡرِجُ ٱلۡحَيَّ مِنَ ٱلۡمَيِّتِ وَيُخۡرِجُ ٱلۡمَيِّتَ مِنَ ٱلۡحَيِّ وَيُحۡيِ ٱلۡأَرۡضَ بَعۡدَ مَوۡتِهَاۚ وَكَذَٰلِكَ تُخۡرَجُونَ
Open ayah 30:19Ол өліден тіріні шығарады, тіріден өліні шығарады әрі жерді өлгенінен кейін / қайта жандандырып / тірілтеді. Сендер де осылай / қабірден қайта тірілтіліп / шығарыласыңдар.
وَمِنۡ ءَايَٰتِهِۦٓ أَنۡ خَلَقَكُم مِّن تُرَابٖ ثُمَّ إِذَآ أَنتُم بَشَرٞ تَنتَشِرُونَ
Open ayah 30:20Әрі сендерді топырақтан жаратқаны және кейін сендердің адам / адамзат / болып таралуларың - Оның белгілерінің бірі.
وَمِنۡ ءَايَٰتِهِۦٓ أَنۡ خَلَقَ لَكُم مِّنۡ أَنفُسِكُمۡ أَزۡوَٰجٗا لِّتَسۡكُنُوٓاْ إِلَيۡهَا وَجَعَلَ بَيۡنَكُم مَّوَدَّةٗ وَرَحۡمَةًۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَٰتٖ لِّقَوۡمٖ يَتَفَكَّرُونَ
Open ayah 30:21Әрі сендердің тыныштық, тыным тауып орнығуларың үшін өздеріңнен жұбайлар жаратуы және араларында сүйіспеншілік пен мейірім-жанашырлық пайда етуі де Оның белгілерінен. Ақиқатында мұнда ойланып, ақылға салатын адамдар үшін дәлел-ғибраттар бар.
وَمِنۡ ءَايَٰتِهِۦ خَلۡقُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ وَٱخۡتِلَٰفُ أَلۡسِنَتِكُمۡ وَأَلۡوَٰنِكُمۡۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَٰتٖ لِّلۡعَٰلِمِينَ
Open ayah 30:22Әрі аспандар мен жердің жаратылуы және сендердің тілдерің мен түстеріңнің әртүрлі болуы да - Оның белгілерінен. Ақиқатында мұнда білетіндер үшін белгі-ғибраттар бар.
وَمِنۡ ءَايَٰتِهِۦ مَنَامُكُم بِٱلَّيۡلِ وَٱلنَّهَارِ وَٱبۡتِغَآؤُكُم مِّن فَضۡلِهِۦٓۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَٰتٖ لِّقَوۡمٖ يَسۡمَعُونَ
Open ayah 30:23Әрі түнгі және күндізгі ұйқыларың және Оның кеңшілігін / ризықтарыңды / іздеулерің де - Оның белгілерінен. Ақиқатында мұнда тыңдайтын адамдар үшін белгі-ғибраттар бар.
وَمِنۡ ءَايَٰتِهِۦ يُرِيكُمُ ٱلۡبَرۡقَ خَوۡفٗا وَطَمَعٗا وَيُنَزِّلُ مِنَ ٱلسَّمَآءِ مَآءٗ فَيُحۡيِۦ بِهِ ٱلۡأَرۡضَ بَعۡدَ مَوۡتِهَآۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَٰتٖ لِّقَوۡمٖ يَعۡقِلُونَ
Open ayah 30:24Әрі сендерге найзағайды қорқуларың және үміт етулерің үшін көрсетуі және аспаннан су түсіріп, онымен жерді өлгенінен / тіршіліксіз қалғанынан / кейін қайта тірілтуі де - Оның белгілерінен. Ақиқатында Мұнда ақылын істетіп, ұғынатын адамдар үшін дәлелдер бар.
وَمِنۡ ءَايَٰتِهِۦٓ أَن تَقُومَ ٱلسَّمَآءُ وَٱلۡأَرۡضُ بِأَمۡرِهِۦۚ ثُمَّ إِذَا دَعَاكُمۡ دَعۡوَةٗ مِّنَ ٱلۡأَرۡضِ إِذَآ أَنتُمۡ تَخۡرُجُونَ
Open ayah 30:25Әрі аспан және жердің Оның әмірімен тұруы - Оның белгілерінен. Кейін Ол сендерді / қиямет күні / шақырғанда, сендер сол сәтте жерден / қайта тіріліп / шығасыңдар.
وَلَهُۥ مَن فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِۖ كُلّٞ لَّهُۥ قَٰنِتُونَ
Open ayah 30:26Аспандардағы және жердегілердің бәрі - Онікі. Барлығы да Оған бағынады.
وَهُوَ ٱلَّذِي يَبۡدَؤُاْ ٱلۡخَلۡقَ ثُمَّ يُعِيدُهُۥ وَهُوَ أَهۡوَنُ عَلَيۡهِۚ وَلَهُ ٱلۡمَثَلُ ٱلۡأَعۡلَىٰ فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِۚ وَهُوَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلۡحَكِيمُ
Open ayah 30:27Әрі Ол алғаш / жоқтан / пайда етеді, кейін оны қайталайды / қайта жаратады / .Бұл, Ол үшін өте жеңіл. Аспандар мен жердегі ең жоғары сипаттар Оған тән. Ол бәрінен Үстем , аса Дана .
ضَرَبَ لَكُم مَّثَلٗا مِّنۡ أَنفُسِكُمۡۖ هَل لَّكُم مِّن مَّا مَلَكَتۡ أَيۡمَٰنُكُم مِّن شُرَكَآءَ فِي مَا رَزَقۡنَٰكُمۡ فَأَنتُمۡ فِيهِ سَوَآءٞ تَخَافُونَهُمۡ كَخِيفَتِكُمۡ أَنفُسَكُمۡۚ كَذَٰلِكَ نُفَصِّلُ ٱلۡأٓيَٰتِ لِقَوۡمٖ يَعۡقِلُونَ
Open ayah 30:28Ол сендерге өздерің туралы мысал келтірді. Біз сендерге ризық етіп бергенімізге сендердің қол астарыңдағылардан / құлдарыңнан / серік болатындар бар ма? Әрі сендер олармен оған / меншіктеріңе / қатысты / құқық тұрғысынан / тең болып, олардан өздеріңнен / өздерің секілді меншікке үлесі бардан / қорыққандай қорқасындар ма? Біз ақылдарын істетіп, үғынатын адамдарға аяттарымызды осылай анық етіп түсіндіреміз.
بَلِ ٱتَّبَعَ ٱلَّذِينَ ظَلَمُوٓاْ أَهۡوَآءَهُم بِغَيۡرِ عِلۡمٖۖ فَمَن يَهۡدِي مَنۡ أَضَلَّ ٱللَّهُۖ وَمَا لَهُم مِّن نَّٰصِرِينَ
Open ayah 30:29Негізінде, әділетсіздік еткендер ешқандай білімі болмаса да көңілі құмарлығына ерді. Аллаһ адастырғанды кім тура жолға сала алады? Әрі оларға көмек берушілер болмайды.
فَأَقِمۡ وَجۡهَكَ لِلدِّينِ حَنِيفٗاۚ فِطۡرَتَ ٱللَّهِ ٱلَّتِي فَطَرَ ٱلنَّاسَ عَلَيۡهَاۚ لَا تَبۡدِيلَ لِخَلۡقِ ٱللَّهِۚ ذَٰلِكَ ٱلدِّينُ ٱلۡقَيِّمُ وَلَٰكِنَّ أَكۡثَرَ ٱلنَّاسِ لَا يَعۡلَمُونَ
Open ayah 30:30/ Ей, Мұхаммед! / Жүзіңді дінге ханиф болған түрде қарат. Аллаһ адамдарды осы фитрамен / табиғи болмыспен / жаратты. Аллаһтың жаратқанын / фитраны / өзгертуге болмайды. Міне, осы - тұп-тура дін. Бірақ адамдардың көбі білмейді.
۞مُنِيبِينَ إِلَيۡهِ وَٱتَّقُوهُ وَأَقِيمُواْ ٱلصَّلَوٰةَ وَلَا تَكُونُواْ مِنَ ٱلۡمُشۡرِكِينَ
Open ayah 30:31Оған бойсұнған күйде қайтып, тақуалық етіңдер / жазасынан қорқып, сақтаныңдар / және намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле, / толық орындаңдар және Аллаһқа серік қосушылардан болмаңдар,
مِنَ ٱلَّذِينَ فَرَّقُواْ دِينَهُمۡ وَكَانُواْ شِيَعٗاۖ كُلُّ حِزۡبِۭ بِمَا لَدَيۡهِمۡ فَرِحُونَ
Open ayah 30:32сондай діндерін жікке бөлшектеп және топтарға бөлініп, әрбір тобы өздеріндегіге мәз болып жүргендердің қатарынан / болмаңдар / .
وَإِذَا مَسَّ ٱلنَّاسَ ضُرّٞ دَعَوۡاْ رَبَّهُم مُّنِيبِينَ إِلَيۡهِ ثُمَّ إِذَآ أَذَاقَهُم مِّنۡهُ رَحۡمَةً إِذَا فَرِيقٞ مِّنۡهُم بِرَبِّهِمۡ يُشۡرِكُونَ
Open ayah 30:33Егер адамдарға бір зиян тисе, олар Раббысына бойсұна жүгініп, Оған жалбарынады. Ал, кейін Ол оларға Өз тарапынан бір мейірім татқызса, олардың бір бөлігі Раббысына серік қосады,
لِيَكۡفُرُواْ بِمَآ ءَاتَيۡنَٰهُمۡۚ فَتَمَتَّعُواْ فَسَوۡفَ تَعۡلَمُونَ
Open ayah 30:34/ сөйтіп / Біздің оларға бергенімізге күпірлік ету / мойындамау, теріске шығару / үшін. Пайдалана тұрыңдар, жақын арада білесіңдер.
أَمۡ أَنزَلۡنَا عَلَيۡهِمۡ سُلۡطَٰنٗا فَهُوَ يَتَكَلَّمُ بِمَا كَانُواْ بِهِۦ يُشۡرِكُونَ
Open ayah 30:35Әлде Біз оларға олардың серік етіп қосатындары жайлы айтатын бір дәлел түсірдік пе?
وَإِذَآ أَذَقۡنَا ٱلنَّاسَ رَحۡمَةٗ فَرِحُواْ بِهَاۖ وَإِن تُصِبۡهُمۡ سَيِّئَةُۢ بِمَا قَدَّمَتۡ أَيۡدِيهِمۡ إِذَا هُمۡ يَقۡنَطُونَ
Open ayah 30:36Қашан адамдарға мейірім таттырсақ, олар оған қуанады. Ал егер оларға қолдарымен істегендері салдарынан бір жамандық келсе, олар сол бойда үмітсіздікке түседі.
أَوَلَمۡ يَرَوۡاْ أَنَّ ٱللَّهَ يَبۡسُطُ ٱلرِّزۡقَ لِمَن يَشَآءُ وَيَقۡدِرُۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَٰتٖ لِّقَوۡمٖ يُؤۡمِنُونَ
Open ayah 30:37Олар Аллаһтың ризықты кімге қаласа кеңітіп не тарылтатынын көрмеді ме? Ақиқатында Мұнда сенетін адамдар үшін белгі-ғибраттар бар.
فَـَٔاتِ ذَا ٱلۡقُرۡبَىٰ حَقَّهُۥ وَٱلۡمِسۡكِينَ وَٱبۡنَ ٱلسَّبِيلِۚ ذَٰلِكَ خَيۡرٞ لِّلَّذِينَ يُرِيدُونَ وَجۡهَ ٱللَّهِۖ وَأُوْلَٰٓئِكَ هُمُ ٱلۡمُفۡلِحُونَ
Open ayah 30:38Туысқанға өз хақысын бер әрі жарлыға да және жолда қалып қойғанға да. Аллаһтың дидарын / ақиретте көруді / қалағандар үшін осы қайырлы. Міне, солар -мұратына жететіндер.
وَمَآ ءَاتَيۡتُم مِّن رِّبٗا لِّيَرۡبُوَاْ فِيٓ أَمۡوَٰلِ ٱلنَّاسِ فَلَا يَرۡبُواْ عِندَ ٱللَّهِۖ وَمَآ ءَاتَيۡتُم مِّن زَكَوٰةٖ تُرِيدُونَ وَجۡهَ ٱللَّهِ فَأُوْلَٰٓئِكَ هُمُ ٱلۡمُضۡعِفُونَ
Open ayah 30:39Сендер адамдардың мал-дүниелері ішінде көбейсін деп, өсім үшін бергендерің, Аллаһтың алдында көбеймейді. Ал, Аллаһтың дидарын қалап берген зекеттерің / еселенеді / - міне, солар сауабы еселеніп артатындар.
ٱللَّهُ ٱلَّذِي خَلَقَكُمۡ ثُمَّ رَزَقَكُمۡ ثُمَّ يُمِيتُكُمۡ ثُمَّ يُحۡيِيكُمۡۖ هَلۡ مِن شُرَكَآئِكُم مَّن يَفۡعَلُ مِن ذَٰلِكُم مِّن شَيۡءٖۚ سُبۡحَٰنَهُۥ وَتَعَٰلَىٰ عَمَّا يُشۡرِكُونَ
Open ayah 30:40Аллаһ, Ол - сендерді жаратты, кейін ризық берді, содан кейін сендерді өлтіреді / жандарыңды алады / , кейін сендерді / Есеп күні қайта / тірілтеді. Сендердің Оған серік етіп қосқандарыңның ішінде осы істердің бірін жасай алатын біреу бар ма? Ол - / барлық кемшіліктен / пәк әрі олардың серік етіп қосқандарынан жоғары.
ظَهَرَ ٱلۡفَسَادُ فِي ٱلۡبَرِّ وَٱلۡبَحۡرِ بِمَا كَسَبَتۡ أَيۡدِي ٱلنَّاسِ لِيُذِيقَهُم بَعۡضَ ٱلَّذِي عَمِلُواْ لَعَلَّهُمۡ يَرۡجِعُونَ
Open ayah 30:41Адамдардың өз қолдарымен жасағандарының / күнә, қылмыстарының / себебінен құрлықта және теңізде бүліншілік пайда болды. / Бұл / олардың істеген күнәларының кейбірінің жазасын татуы әрі олардың / күнәлардан / қайтулары үшін.
قُلۡ سِيرُواْ فِي ٱلۡأَرۡضِ فَٱنظُرُواْ كَيۡفَ كَانَ عَٰقِبَةُ ٱلَّذِينَ مِن قَبۡلُۚ كَانَ أَكۡثَرُهُم مُّشۡرِكِينَ
Open ayah 30:42/ Ей, Мұхаммед!! Айт: «Жер жүзін аралап, бұрынғылардың соңы қалай болғанын көріңдер. Олардың көбі мүшріктер / Аллаһқа серік қосушылар / еді», - деп.
فَأَقِمۡ وَجۡهَكَ لِلدِّينِ ٱلۡقَيِّمِ مِن قَبۡلِ أَن يَأۡتِيَ يَوۡمٞ لَّا مَرَدَّ لَهُۥ مِنَ ٱللَّهِۖ يَوۡمَئِذٖ يَصَّدَّعُونَ
Open ayah 30:43Аллаһ тарапынан қайтарылмайтын күн келуден бұрын жүзіңді тура дінге қарат. Сол күні олар / топтарға / бөлінеді.
مَن كَفَرَ فَعَلَيۡهِ كُفۡرُهُۥۖ وَمَنۡ عَمِلَ صَٰلِحٗا فَلِأَنفُسِهِمۡ يَمۡهَدُونَ
Open ayah 30:44Кім күпірлік етсе / иманға келмесе / , онда күпірлігі / қарсылығы / өзіне зиян. Ал, кім ізгі амал істесе, өздері үшін / игілік / дайындайды.
لِيَجۡزِيَ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّٰلِحَٰتِ مِن فَضۡلِهِۦٓۚ إِنَّهُۥ لَا يُحِبُّ ٱلۡكَٰفِرِينَ
Open ayah 30:45/ Бұл / Оның иманға келген және ізгі амал істегендерге Өз кеңшілігінен қайтарым сый беруі үшін. Ақиқатында, Ол кәпірлерді жақсы көрмейді.
وَمِنۡ ءَايَٰتِهِۦٓ أَن يُرۡسِلَ ٱلرِّيَاحَ مُبَشِّرَٰتٖ وَلِيُذِيقَكُم مِّن رَّحۡمَتِهِۦ وَلِتَجۡرِيَ ٱلۡفُلۡكُ بِأَمۡرِهِۦ وَلِتَبۡتَغُواْ مِن فَضۡلِهِۦ وَلَعَلَّكُمۡ تَشۡكُرُونَ
Open ayah 30:46Оның белгілерінің бірі - сендерге Өзінің мейірімінен таттыруы үшін желдерді игі хабаршы етіп жіберуі және Оның кеңшілігін / ризық-несібелеріңді / 2Ш іздеп, игіліктеріне алғыс білдірулерің үшін кемелердің Оның әмірі бойынша жүзуі.
وَلَقَدۡ أَرۡسَلۡنَا مِن قَبۡلِكَ رُسُلًا إِلَىٰ قَوۡمِهِمۡ فَجَآءُوهُم بِٱلۡبَيِّنَٰتِ فَٱنتَقَمۡنَا مِنَ ٱلَّذِينَ أَجۡرَمُواْۖ وَكَانَ حَقًّا عَلَيۡنَا نَصۡرُ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ
Open ayah 30:47/ Ей, Мұхаммед! / Біз сенен бұрын да елшілерді елдеріне жібердік. Сонда олар елдеріне анық дәлелдермен келді. Кейін, Біз қылмыс істегендерді жазаладық. Өйткені имандыларға көмек беру - Бізге міндет.
ٱللَّهُ ٱلَّذِي يُرۡسِلُ ٱلرِّيَٰحَ فَتُثِيرُ سَحَابٗا فَيَبۡسُطُهُۥ فِي ٱلسَّمَآءِ كَيۡفَ يَشَآءُ وَيَجۡعَلُهُۥ كِسَفٗا فَتَرَى ٱلۡوَدۡقَ يَخۡرُجُ مِنۡ خِلَٰلِهِۦۖ فَإِذَآ أَصَابَ بِهِۦ مَن يَشَآءُ مِنۡ عِبَادِهِۦٓ إِذَا هُمۡ يَسۡتَبۡشِرُونَ
Open ayah 30:48Аллаһ, Ол сондай, желдерді жіберіп, ол / желдер / бұлттарды / теңіздерден / 2Шқозғап / көтеріп / , содан оны / бұлттарды / аспанда Өзі қалағандай жаяды және бөлек-бөлек етеді. Сонда сен олардың арасынан жаңбыр тамшыларының шыққанын көресің. Қашан Ол оны Өз құлдарынан қалағандарына жіберсе / жаудырса / , сонда олар қуанады.
وَإِن كَانُواْ مِن قَبۡلِ أَن يُنَزَّلَ عَلَيۡهِم مِّن قَبۡلِهِۦ لَمُبۡلِسِينَ
Open ayah 30:49Ал, оған дейін олар өздеріне / жаңбыр / жіберілуден алдын үмітсіз күйде болғанмен.
فَٱنظُرۡ إِلَىٰٓ ءَاثَٰرِ رَحۡمَتِ ٱللَّهِ كَيۡفَ يُحۡيِ ٱلۡأَرۡضَ بَعۡدَ مَوۡتِهَآۚ إِنَّ ذَٰلِكَ لَمُحۡيِ ٱلۡمَوۡتَىٰۖ وَهُوَ عَلَىٰ كُلِّ شَيۡءٖ قَدِيرٞ
Open ayah 30:50Аллаһ мейірімінің іздеріне / нәтижесіне / Оның жерді өлгенінен кейін қалай тірілтетініне қара. Негізінде Ол - өлілерді де тірілтуші, әрі Ол - барлық нәрсені Жасай алушы.
وَلَئِنۡ أَرۡسَلۡنَا رِيحٗا فَرَأَوۡهُ مُصۡفَرّٗا لَّظَلُّواْ مِنۢ بَعۡدِهِۦ يَكۡفُرُونَ
Open ayah 30:51Егер Біз / егінді құртатын / жел жіберіп, олар оның сарғайғанын көрсе, олар одан кейін де күпірлік етеді / берілген игіліктерді теріске шығарады / .
فَإِنَّكَ لَا تُسۡمِعُ ٱلۡمَوۡتَىٰ وَلَا تُسۡمِعُ ٱلصُّمَّ ٱلدُّعَآءَ إِذَا وَلَّوۡاْ مُدۡبِرِينَ
Open ayah 30:52/ Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, сен өліктерге естірте алмайсың және кереңдерге де олар кері бұрылған кезде үндеуіңді естірте алмайсың.
وَمَآ أَنتَ بِهَٰدِ ٱلۡعُمۡيِ عَن ضَلَٰلَتِهِمۡۖ إِن تُسۡمِعُ إِلَّا مَن يُؤۡمِنُ بِـَٔايَٰتِنَا فَهُم مُّسۡلِمُونَ
Open ayah 30:53Әрі сен соқырларды адасуларынан тура жолға салушы емессің. Сен тек аяттарымызға сенгендерге ғана естірте аласың. Міне, солар Мұсылмандар.
۞ٱللَّهُ ٱلَّذِي خَلَقَكُم مِّن ضَعۡفٖ ثُمَّ جَعَلَ مِنۢ بَعۡدِ ضَعۡفٖ قُوَّةٗ ثُمَّ جَعَلَ مِنۢ بَعۡدِ قُوَّةٖ ضَعۡفٗا وَشَيۡبَةٗۚ يَخۡلُقُ مَا يَشَآءُۚ وَهُوَ ٱلۡعَلِيمُ ٱلۡقَدِيرُ
Open ayah 30:54Аллаһ, Ол сондай, сендерді әлсізден жаратты, одан соң әлсіздіктен кейін қуат берді, одан кейін күш-қуаттан соң әлсіздік беріп, сақал-шашқа ақ түсіреді. Ол Өзі қалаған нәрсесін жаратады. Ол бәрін Білуші, барлық нәрсені Жасай алушы.
وَيَوۡمَ تَقُومُ ٱلسَّاعَةُ يُقۡسِمُ ٱلۡمُجۡرِمُونَ مَا لَبِثُواْ غَيۡرَ سَاعَةٖۚ كَذَٰلِكَ كَانُواْ يُؤۡفَكُونَ
Open ayah 30:55Әрі Сағат / қайта тірілу күні / болған күні қылмыскерлер / бұл дүниеде / бір аз уақыт қана болдық деп ант ішеді. Олар міне осылай / өткен дүниеде де ақиқаттан / бұрылып кеткен еді.
وَقَالَ ٱلَّذِينَ أُوتُواْ ٱلۡعِلۡمَ وَٱلۡإِيمَٰنَ لَقَدۡ لَبِثۡتُمۡ فِي كِتَٰبِ ٱللَّهِ إِلَىٰ يَوۡمِ ٱلۡبَعۡثِۖ فَهَٰذَا يَوۡمُ ٱلۡبَعۡثِ وَلَٰكِنَّكُمۡ كُنتُمۡ لَا تَعۡلَمُونَ
Open ayah 30:56Ал білім мен иман берілгендер болса: «Негізінде сендер Аллаһтың жазуы бойынша қайта тірілтілетін күнге дейін болдыңдар. Қайта тірілтілетін күн - осы. Бірақ сендер білмедіңдер», - дейді.
فَيَوۡمَئِذٖ لَّا يَنفَعُ ٱلَّذِينَ ظَلَمُواْ مَعۡذِرَتُهُمۡ وَلَا هُمۡ يُسۡتَعۡتَبُونَ
Open ayah 30:57Сол күні әділетсіздік істегендерге ақталулары пайда бермейді әрі олардан талап етілмейді.
وَلَقَدۡ ضَرَبۡنَا لِلنَّاسِ فِي هَٰذَا ٱلۡقُرۡءَانِ مِن كُلِّ مَثَلٖۚ وَلَئِن جِئۡتَهُم بِـَٔايَةٖ لَّيَقُولَنَّ ٱلَّذِينَ كَفَرُوٓاْ إِنۡ أَنتُمۡ إِلَّا مُبۡطِلُونَ
Open ayah 30:58Біз осы Құранда адамдарға әртүрлі мысалдардан келтірдік. Егер оларға бір белгі, мұғжиза келтірсең де күпір келтірушілер / мойындамаушылар / сөзсіз: «Сендер - тек жалғанды әкелушісіңдер», - дейді.
كَذَٰلِكَ يَطۡبَعُ ٱللَّهُ عَلَىٰ قُلُوبِ ٱلَّذِينَ لَا يَعۡلَمُونَ
Open ayah 30:59Аллаһ білмейтіндердің жүректерін осылай мөрлеп / бітеп / қояды.
فَٱصۡبِرۡ إِنَّ وَعۡدَ ٱللَّهِ حَقّٞۖ وَلَا يَسۡتَخِفَّنَّكَ ٱلَّذِينَ لَا يُوقِنُونَ
Open ayah 30:60/ Ей, Мұхаммед! / Сабыр ет. Аллаһтың уәдесі ақиқат. Айқын сенімі болмағандар сенен босаңсу көрмесін.