الأنفال
Al-Anfaal
Translation: Kazakh - Khalifah Altai Charity Foundation · Open the surah
بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
يَسۡـَٔلُونَكَ عَنِ ٱلۡأَنفَالِۖ قُلِ ٱلۡأَنفَالُ لِلَّهِ وَٱلرَّسُولِۖ فَٱتَّقُواْ ٱللَّهَ وَأَصۡلِحُواْ ذَاتَ بَيۡنِكُمۡۖ وَأَطِيعُواْ ٱللَّهَ وَرَسُولَهُۥٓ إِن كُنتُم مُّؤۡمِنِينَ
Open ayah 8:1/ Ей, Мұхаммед! / Олар / сақабалар / сенен олжалар туралы сұрайды. Айт: «Олжалар Аллаһқа және Оның Елшісіне тән. Тақуалық етіңдер / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтаныңдар / және араларыңдағыны түзетіңдер. Егер иманды / мүмін / болсаңдар, Аллаһқа және Оның Елшісіне бойсұныңдар»-деп.
إِنَّمَا ٱلۡمُؤۡمِنُونَ ٱلَّذِينَ إِذَا ذُكِرَ ٱللَّهُ وَجِلَتۡ قُلُوبُهُمۡ وَإِذَا تُلِيَتۡ عَلَيۡهِمۡ ءَايَٰتُهُۥ زَادَتۡهُمۡ إِيمَٰنٗا وَعَلَىٰ رَبِّهِمۡ يَتَوَكَّلُونَ
Open ayah 8:2Шын мәнінде, имандылар / мүміндер / - олар Аллаһ еске алынған кезде, жүректері / Раббысының жазасынан қорқып / діріл қағатындар, және Оның аяттары оқылғанда, ол / аяттар / оларда иманды арттырады әрі олар Раббысына жүгініп, Оған істерін тапсыратындар / тәуекел ететіндер / .
ٱلَّذِينَ يُقِيمُونَ ٱلصَّلَوٰةَ وَمِمَّا رَزَقۡنَٰهُمۡ يُنفِقُونَ
Open ayah 8:3Солар намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындайтындар және Біз ризық етіп бергендерден / тиісті орынға / жұмсайтындар.
أُوْلَٰٓئِكَ هُمُ ٱلۡمُؤۡمِنُونَ حَقّٗاۚ لَّهُمۡ دَرَجَٰتٌ عِندَ رَبِّهِمۡ وَمَغۡفِرَةٞ وَرِزۡقٞ كَرِيمٞ
Open ayah 8:4Міне, солар - шын имандылар / мүміндер / . Олар үшін олардың Раббысының алдында дәрежелер, кешірім және кең ризық бар.
كَمَآ أَخۡرَجَكَ رَبُّكَ مِنۢ بَيۡتِكَ بِٱلۡحَقِّ وَإِنَّ فَرِيقٗا مِّنَ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ لَكَٰرِهُونَ
Open ayah 8:5/ Ей, Мұхаммед! / Раббың сені үйіңнен ақиқатпен шығарғанда, имандылардың / мүміндердің / бір тобы / мұны / қаламаған еді.
يُجَٰدِلُونَكَ فِي ٱلۡحَقِّ بَعۡدَمَا تَبَيَّنَ كَأَنَّمَا يُسَاقُونَ إِلَى ٱلۡمَوۡتِ وَهُمۡ يَنظُرُونَ
Open ayah 8:6Олар сенімен ақиқат анықталғаннан кейін де ол жөнінде тартысқан еді, бейне бір өлімге айдалып бара жатқанын көріп тұрғандай.
وَإِذۡ يَعِدُكُمُ ٱللَّهُ إِحۡدَى ٱلطَّآئِفَتَيۡنِ أَنَّهَا لَكُمۡ وَتَوَدُّونَ أَنَّ غَيۡرَ ذَاتِ ٱلشَّوۡكَةِ تَكُونُ لَكُمۡ وَيُرِيدُ ٱللَّهُ أَن يُحِقَّ ٱلۡحَقَّ بِكَلِمَٰتِهِۦ وَيَقۡطَعَ دَابِرَ ٱلۡكَٰفِرِينَ
Open ayah 8:7Сонда, Аллаһ сендерге екі топтың / керуен мен әскер / бірі сендердікі болатынын уәде еткен еді. Сендер қарусыз топтың / керуеннің / өздеріңдікі болуын қаладыңдар. Ал, Аллаһ Өзінің сөздері арқылы ақиқатты шындыққа шығаруды және кәпірлердің соңын үзуді / жоюды / қалайды,
لِيُحِقَّ ٱلۡحَقَّ وَيُبۡطِلَ ٱلۡبَٰطِلَ وَلَوۡ كَرِهَ ٱلۡمُجۡرِمُونَ
Open ayah 8:8қылмыскерлер жек көрсе де ақиқатты шындыққа шығару және жалғанды бекер ету үшін.
إِذۡ تَسۡتَغِيثُونَ رَبَّكُمۡ فَٱسۡتَجَابَ لَكُمۡ أَنِّي مُمِدُّكُم بِأَلۡفٖ مِّنَ ٱلۡمَلَٰٓئِكَةِ مُرۡدِفِينَ
Open ayah 8:9Сол кезде, сендер өздеріңнің Раббыңнан жәрдем тілегендеріңде Ол: «Сендерге бірінен кейін бірі ерген мың періштемен көмек беремін», - деп жауап берді.
وَمَا جَعَلَهُ ٱللَّهُ إِلَّا بُشۡرَىٰ وَلِتَطۡمَئِنَّ بِهِۦ قُلُوبُكُمۡۚ وَمَا ٱلنَّصۡرُ إِلَّا مِنۡ عِندِ ٱللَّهِۚ إِنَّ ٱللَّهَ عَزِيزٌ حَكِيمٌ
Open ayah 8:10Аллаһ мұны сендерге қуанышты хабар ретінде әрі осы арқылы жүректеріңнің орнығуы үшін істеді. Көмек - тек қана Аллаһтан. Ақиқатында, Аллаһ - бәрінен Үстем, аса Дана.
إِذۡ يُغَشِّيكُمُ ٱلنُّعَاسَ أَمَنَةٗ مِّنۡهُ وَيُنَزِّلُ عَلَيۡكُم مِّنَ ٱلسَّمَآءِ مَآءٗ لِّيُطَهِّرَكُم بِهِۦ وَيُذۡهِبَ عَنكُمۡ رِجۡزَ ٱلشَّيۡطَٰنِ وَلِيَرۡبِطَ عَلَىٰ قُلُوبِكُمۡ وَيُثَبِّتَ بِهِ ٱلۡأَقۡدَامَ
Open ayah 8:11Сонда, Ол сендерге Өз тарапынан бір тыныштық ретінде қалғу / жеңіл ұшы! жіберді. Әрі сендерге өздеріңді тазарту және шайтанның азғыруын кетіру әрі жүректеріңді орнықтыру және табандарыңды бекіту үшін аспаннан су / жаңбыр / түсірген еді.
إِذۡ يُوحِي رَبُّكَ إِلَى ٱلۡمَلَٰٓئِكَةِ أَنِّي مَعَكُمۡ فَثَبِّتُواْ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْۚ سَأُلۡقِي فِي قُلُوبِ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ ٱلرُّعۡبَ فَٱضۡرِبُواْ فَوۡقَ ٱلۡأَعۡنَاقِ وَٱضۡرِبُواْ مِنۡهُمۡ كُلَّ بَنَانٖ
Open ayah 8:12Сол уақытта Раббың періштелерге: «Мен сендермен біргемін. Иманға келгендерді бекемдеңдер», - деп уахи еткен еді. Мен күпірлік еткендердің / имансыздардың / жүректеріне үрей тастаймын. Олардың мойындарынан ұрыңдар әрі оларды әрбір саусақтарынан / буынынан / ұрыңдар.
ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمۡ شَآقُّواْ ٱللَّهَ وَرَسُولَهُۥۚ وَمَن يُشَاقِقِ ٱللَّهَ وَرَسُولَهُۥ فَإِنَّ ٱللَّهَ شَدِيدُ ٱلۡعِقَابِ
Open ayah 8:13Бұл - олардың Аллаһқа және Оның Елшісіне қарсы келгендіктері себепті. Кім Аллаһқа және Оның Елшісіне қарсы шықса, шын мәнінде Аллаһ - жаза беруде қатты.
ذَٰلِكُمۡ فَذُوقُوهُ وَأَنَّ لِلۡكَٰفِرِينَ عَذَابَ ٱلنَّارِ
Open ayah 8:14Міне, бұл / жаза / - сендерге, енді оны татыңдар. Әрі күмәнсіз, кәпірлерге От / тозақ / азабы бар.
يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓاْ إِذَا لَقِيتُمُ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ زَحۡفٗا فَلَا تُوَلُّوهُمُ ٱلۡأَدۡبَارَ
Open ayah 8:15Ей, иманға келгендер! Қашан күпірлік етушілермен / кәпірлермен / әскери сап түзеп кездессеңдер, оларға ту сырттарыңды бермеңдер / қашпаңдар / .
وَمَن يُوَلِّهِمۡ يَوۡمَئِذٖ دُبُرَهُۥٓ إِلَّا مُتَحَرِّفٗا لِّقِتَالٍ أَوۡ مُتَحَيِّزًا إِلَىٰ فِئَةٖ فَقَدۡ بَآءَ بِغَضَبٖ مِّنَ ٱللَّهِ وَمَأۡوَىٰهُ جَهَنَّمُۖ وَبِئۡسَ ٱلۡمَصِيرُ
Open ayah 8:16Кім сол күні соғыс барысын өзгерту немесе өзге топқа қосылудан басқа түрде қашса, сол Аллаһтың ашуына ұшырап қайтады. Оның орны - Жаһаннам (Тозақ). Ол баратын орын қандай жаман.
فَلَمۡ تَقۡتُلُوهُمۡ وَلَٰكِنَّ ٱللَّهَ قَتَلَهُمۡۚ وَمَا رَمَيۡتَ إِذۡ رَمَيۡتَ وَلَٰكِنَّ ٱللَّهَ رَمَىٰ وَلِيُبۡلِيَ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ مِنۡهُ بَلَآءً حَسَنًاۚ إِنَّ ٱللَّهَ سَمِيعٌ عَلِيمٞ
Open ayah 8:17Оларды сендер өлтірмедіңдер, алайда оларды Аллаһ өлтірді. Сондай-ақ, / ей,Мұхаммед, топырақты! лақтырған кезінде, сен лақтырған жоқсың, оны имандыларды Өз жағынан жақсы бір сынақпен сынау үшін Аллаһ лақтырды. Аллаһ - бәрін Естуші, бәрін Білуші.
ذَٰلِكُمۡ وَأَنَّ ٱللَّهَ مُوهِنُ كَيۡدِ ٱلۡكَٰفِرِينَ
Open ayah 8:18Міне, бұл - сендерге. Ақиқатында, Аллаһ - кәпірлердің айла-шарғысын осалдатушы.
إِن تَسۡتَفۡتِحُواْ فَقَدۡ جَآءَكُمُ ٱلۡفَتۡحُۖ وَإِن تَنتَهُواْ فَهُوَ خَيۡرٞ لَّكُمۡۖ وَإِن تَعُودُواْ نَعُدۡ وَلَن تُغۡنِيَ عَنكُمۡ فِئَتُكُمۡ شَيۡـٔٗا وَلَوۡ كَثُرَتۡ وَأَنَّ ٱللَّهَ مَعَ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ
Open ayah 8:19/ Ей, мүшріктер, / егер сендер жеңіс / шешім шығарылуын / сұраған болсаңдар, міне сендерге жеңіс / шешім шығарылды / . Егер тыйылсаңдар, бұл өздерің үшін қайырлы. Ал, егер қайталасаңдар, Біз де қайталаймыз. Топтарың қанша көп болса да, сендерге ешқандай пайда бермейді. Анығында, Аллаһ имандылармен бірге.
يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓاْ أَطِيعُواْ ٱللَّهَ وَرَسُولَهُۥ وَلَا تَوَلَّوۡاْ عَنۡهُ وَأَنتُمۡ تَسۡمَعُونَ
Open ayah 8:20Ей, иманға келгендер! Аллаһқа және Оның Елшісіне бойсұныңдар. Әрі естіп тұрып одан теріс бұрылмаңдар.
وَلَا تَكُونُواْ كَٱلَّذِينَ قَالُواْ سَمِعۡنَا وَهُمۡ لَا يَسۡمَعُونَ
Open ayah 8:21Әрі өздері құлақ аспаса да, «естідік» дегендер тәрізді болмаңдар.
۞إِنَّ شَرَّ ٱلدَّوَآبِّ عِندَ ٱللَّهِ ٱلصُّمُّ ٱلۡبُكۡمُ ٱلَّذِينَ لَا يَعۡقِلُونَ
Open ayah 8:22Шын мәнінде, Аллаһтың алдында / жерде / жүретіндердің ең нашары - ақылмен ұғынбайтын саңырау, мылқауы.
وَلَوۡ عَلِمَ ٱللَّهُ فِيهِمۡ خَيۡرٗا لَّأَسۡمَعَهُمۡۖ وَلَوۡ أَسۡمَعَهُمۡ لَتَوَلَّواْ وَّهُم مُّعۡرِضُونَ
Open ayah 8:23Егер оларда бір игілік бар болғанда, Аллаһ оларға міндетті түрде құлақ астыратын еді. Ал егер Оларға / осы жағдайында / естірткен күнде де олар бет бұрған күйде, теріс айналып кетер еді.
يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ ٱسۡتَجِيبُواْ لِلَّهِ وَلِلرَّسُولِ إِذَا دَعَاكُمۡ لِمَا يُحۡيِيكُمۡۖ وَٱعۡلَمُوٓاْ أَنَّ ٱللَّهَ يَحُولُ بَيۡنَ ٱلۡمَرۡءِ وَقَلۡبِهِۦ وَأَنَّهُۥٓ إِلَيۡهِ تُحۡشَرُونَ
Open ayah 8:24Ей, иманға келгендер! Сендерді тірілтетін / жандандыратын / нәрсеге шақырған кезде, Аллаһқа және Елшіге жауап беріңдер / бойсұныңдар / . Адам мен оның жүрегінің арасын Аллаһтың бөліп тұратынын және Оған жиналатындарыңды біліңдер.
وَٱتَّقُواْ فِتۡنَةٗ لَّا تُصِيبَنَّ ٱلَّذِينَ ظَلَمُواْ مِنكُمۡ خَآصَّةٗۖ وَٱعۡلَمُوٓاْ أَنَّ ٱللَّهَ شَدِيدُ ٱلۡعِقَابِ
Open ayah 8:25Араларыңдағы әділетсіздерге ғана тиіп қоймайтын бүліктен сақтаныңдар. Сондай-ақ, Аллаһтың жаза беруде қатты екенін біліңдер.
وَٱذۡكُرُوٓاْ إِذۡ أَنتُمۡ قَلِيلٞ مُّسۡتَضۡعَفُونَ فِي ٱلۡأَرۡضِ تَخَافُونَ أَن يَتَخَطَّفَكُمُ ٱلنَّاسُ فَـَٔاوَىٰكُمۡ وَأَيَّدَكُم بِنَصۡرِهِۦ وَرَزَقَكُم مِّنَ ٱلطَّيِّبَٰتِ لَعَلَّكُمۡ تَشۡكُرُونَ
Open ayah 8:26Сендер жер бетінде аз әрі әлсіз болып, адамдардың сендерді басып алуынан қорқып тұрған кездеріңде, Оның сендерге пана бергенін, Өз жәрдемімен қолдағанын және шүкір етулерің / берген игіліктеріне алғыс білдірулерің / үшін жақсы нәрселерден ризықтандырғанын естеріңе алыңдар.
يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ لَا تَخُونُواْ ٱللَّهَ وَٱلرَّسُولَ وَتَخُونُوٓاْ أَمَٰنَٰتِكُمۡ وَأَنتُمۡ تَعۡلَمُونَ
Open ayah 8:27Ей, иманға келгендер! Біле тұрып Аллаһқа және Елшіге опасыздық / сатқындық / жасамаңдар, сондай-ақ аманаттарыңа қиянат етпеңдер.
وَٱعۡلَمُوٓاْ أَنَّمَآ أَمۡوَٰلُكُمۡ وَأَوۡلَٰدُكُمۡ فِتۡنَةٞ وَأَنَّ ٱللَّهَ عِندَهُۥٓ أَجۡرٌ عَظِيمٞ
Open ayah 8:28Біліңдер! Шын мәнінде, мал-дүниелерің және балаларың - бір сынақ. Ал Аллаһта ұлы сый бар.
يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓاْ إِن تَتَّقُواْ ٱللَّهَ يَجۡعَل لَّكُمۡ فُرۡقَانٗا وَيُكَفِّرۡ عَنكُمۡ سَيِّـَٔاتِكُمۡ وَيَغۡفِرۡ لَكُمۡۗ وَٱللَّهُ ذُو ٱلۡفَضۡلِ ٱلۡعَظِيمِ
Open ayah 8:29Ей, иманға келгендер! Егер Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар / , Ол сендерге фурқанды береді, жамандықтарыңды өшіреді әрі сендерге кешірім етеді. Аллаһ - ұлы кеңшілік Иесі.
وَإِذۡ يَمۡكُرُ بِكَ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ لِيُثۡبِتُوكَ أَوۡ يَقۡتُلُوكَ أَوۡ يُخۡرِجُوكَۚ وَيَمۡكُرُونَ وَيَمۡكُرُ ٱللَّهُۖ وَٱللَّهُ خَيۡرُ ٱلۡمَٰكِرِينَ
Open ayah 8:30/ Ей, Мұхаммед! / Кезінде күпірлік еткендер / Аллаһқа серік қосушылар / сені ұстау не өлтіру немесе / Меккеден / шығарып жіберу үшін айла-шарғы жасады. Олар айла-шарғы жасады, сонда Аллаһ та амал-тәсіл жасады. Ал, Аллаһ - амал-тәсіл жасаушылардың ең қайырлысы.
وَإِذَا تُتۡلَىٰ عَلَيۡهِمۡ ءَايَٰتُنَا قَالُواْ قَدۡ سَمِعۡنَا لَوۡ نَشَآءُ لَقُلۡنَا مِثۡلَ هَٰذَآ إِنۡ هَٰذَآ إِلَّآ أَسَٰطِيرُ ٱلۡأَوَّلِينَ
Open ayah 8:31Оларға аяттарымыз оқылған кезде, олар: «Естідік, егер қаласақ, осы тәріздіні біз де айта алар едік. Бұл - бұрынғылардың аңыз-ертегілері ғана», - деді.
وَإِذۡ قَالُواْ ٱللَّهُمَّ إِن كَانَ هَٰذَا هُوَ ٱلۡحَقَّ مِنۡ عِندِكَ فَأَمۡطِرۡ عَلَيۡنَا حِجَارَةٗ مِّنَ ٱلسَّمَآءِ أَوِ ٱئۡتِنَا بِعَذَابٍ أَلِيمٖ
Open ayah 8:32Сол кезде олар: «Ей, Аллаһ! Егер бұл / Құран / Сенің қасыңнан түскен шындық болса, онда үстімізге аспаннан тас жаудыр немесе бізге күйзелтуші азап келтір», деді.
وَمَا كَانَ ٱللَّهُ لِيُعَذِّبَهُمۡ وَأَنتَ فِيهِمۡۚ وَمَا كَانَ ٱللَّهُ مُعَذِّبَهُمۡ وَهُمۡ يَسۡتَغۡفِرُونَ
Open ayah 8:33/ Ей, Мұхаммед! / Сен олардың арасында тұрған кезде, Аллаһ оларды азаптамайды. Әрі Аллаһ кешірім тілеп тұрған кездерінде де оларды азаптаушы емес.
وَمَا لَهُمۡ أَلَّا يُعَذِّبَهُمُ ٱللَّهُ وَهُمۡ يَصُدُّونَ عَنِ ٱلۡمَسۡجِدِ ٱلۡحَرَامِ وَمَا كَانُوٓاْ أَوۡلِيَآءَهُۥٓۚ إِنۡ أَوۡلِيَآؤُهُۥٓ إِلَّا ٱلۡمُتَّقُونَ وَلَٰكِنَّ أَكۡثَرَهُمۡ لَا يَعۡلَمُونَ
Open ayah 8:34Аллаһ оларды неге азаптамасын, олар әл-Харам мешітінен - оған жақын / құлшылық етуге лайықты / болмай тұрып, одан тосып тұрса. Анығында, оған / әл- Харамға / жақын / лайықтылар / - тақуалар / Аллаһқа бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушылар / ғана. Алайда, олардың көбі білмейді.
وَمَا كَانَ صَلَاتُهُمۡ عِندَ ٱلۡبَيۡتِ إِلَّا مُكَآءٗ وَتَصۡدِيَةٗۚ فَذُوقُواْ ٱلۡعَذَابَ بِمَا كُنتُمۡ تَكۡفُرُونَ
Open ayah 8:35Олардың Үйдің / Қағбаның / жанындағы намаздары / құлшылықтары / - ысқыру мен қол шапалақтау ғана еді. Енді күпір келтіргендерің / Бір Аллаһқа құлшы-лық етпегендерің / үшін азапты татыңдар.
إِنَّ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ يُنفِقُونَ أَمۡوَٰلَهُمۡ لِيَصُدُّواْ عَن سَبِيلِ ٱللَّهِۚ فَسَيُنفِقُونَهَا ثُمَّ تَكُونُ عَلَيۡهِمۡ حَسۡرَةٗ ثُمَّ يُغۡلَبُونَۗ وَٱلَّذِينَ كَفَرُوٓاْ إِلَىٰ جَهَنَّمَ يُحۡشَرُونَ
Open ayah 8:36Ақиқатында, күпірлік еткендер / Аллаһқа серік қосушылар / мал-дүниелерін Аллаһтың жолынан тосу үшін істетеді. Сөйтіп олар оны солай жұмсайды, ал кейін бұл олар үшін қасіретке айналады, содан кейін олар жеңіліске ұшырайды. Күпірлік еткендер / Аллаһқа қарсы келгендер / Жаһаннамға (Тозаққа) жиналдырылады.
لِيَمِيزَ ٱللَّهُ ٱلۡخَبِيثَ مِنَ ٱلطَّيِّبِ وَيَجۡعَلَ ٱلۡخَبِيثَ بَعۡضَهُۥ عَلَىٰ بَعۡضٖ فَيَرۡكُمَهُۥ جَمِيعٗا فَيَجۡعَلَهُۥ فِي جَهَنَّمَۚ أُوْلَٰٓئِكَ هُمُ ٱلۡخَٰسِرُونَ
Open ayah 8:37бұл - Аллаһтың жаманды жақсыдан бөлуі және жаманды бір-бірінің үстіне барлығын үйіп, Жаһаннамға салуы үшін. Міне, солар - нағыз жеңіліске ұшырағандар.
قُل لِّلَّذِينَ كَفَرُوٓاْ إِن يَنتَهُواْ يُغۡفَرۡ لَهُم مَّا قَدۡ سَلَفَ وَإِن يَعُودُواْ فَقَدۡ مَضَتۡ سُنَّتُ ٱلۡأَوَّلِينَ
Open ayah 8:38/ Ей, Мұхаммед! / Күпірлік еткендерге / Аллаһқа серік қосушыларға / айт, егер олар тыйылса, олардың бұрынғы істеріне кешірім жасалады. Ал, егер қайта оралса, онда бұрынғылардың да жолы / осылай / өткен.
وَقَٰتِلُوهُمۡ حَتَّىٰ لَا تَكُونَ فِتۡنَةٞ وَيَكُونَ ٱلدِّينُ كُلُّهُۥ لِلَّهِۚ فَإِنِ ٱنتَهَوۡاْ فَإِنَّ ٱللَّهَ بِمَا يَعۡمَلُونَ بَصِيرٞ
Open ayah 8:39Олармен бүлік қалмай және дін бүтіндей Аллаһқа арналғанға дейін соғысыңдар. Егер олар тыйылса, ақиқатында Аллаһ - олардың не істейтіндерін Көруші.
وَإِن تَوَلَّوۡاْ فَٱعۡلَمُوٓاْ أَنَّ ٱللَّهَ مَوۡلَىٰكُمۡۚ نِعۡمَ ٱلۡمَوۡلَىٰ وَنِعۡمَ ٱلنَّصِيرُ
Open ayah 8:40Ал, егер олар теріс бұрылса, қамқоршыларың Аллаһ екенін біліндер. Ол - қандай жақсы Қамқоршы әрі қандай жақсы көмек беруші!
۞وَٱعۡلَمُوٓاْ أَنَّمَا غَنِمۡتُم مِّن شَيۡءٖ فَأَنَّ لِلَّهِ خُمُسَهُۥ وَلِلرَّسُولِ وَلِذِي ٱلۡقُرۡبَىٰ وَٱلۡيَتَٰمَىٰ وَٱلۡمَسَٰكِينِ وَٱبۡنِ ٱلسَّبِيلِ إِن كُنتُمۡ ءَامَنتُم بِٱللَّهِ وَمَآ أَنزَلۡنَا عَلَىٰ عَبۡدِنَا يَوۡمَ ٱلۡفُرۡقَانِ يَوۡمَ ٱلۡتَقَى ٱلۡجَمۡعَانِۗ وَٱللَّهُ عَلَىٰ كُلِّ شَيۡءٖ قَدِيرٌ
Open ayah 8:41Егер сендер Аллаһқа сенген болсаңдар және Айыру күні - екі топ / Бәдірде / кездескен күні құлымызға түсіргенімізге сенсеңдер, онда біліңдер, олжалап алған заттарыңның бестен бірі Аллаһқа және Елшіге, сонымен бірге / Елшінің / жақын туыстарына, жетімдерге, кедейлер мен / жолда қалған / жолаушыға тиісті. Аллаһ - барлық нәрсені Жасай алушы.
إِذۡ أَنتُم بِٱلۡعُدۡوَةِ ٱلدُّنۡيَا وَهُم بِٱلۡعُدۡوَةِ ٱلۡقُصۡوَىٰ وَٱلرَّكۡبُ أَسۡفَلَ مِنكُمۡۚ وَلَوۡ تَوَاعَدتُّمۡ لَٱخۡتَلَفۡتُمۡ فِي ٱلۡمِيعَٰدِ وَلَٰكِن لِّيَقۡضِيَ ٱللَّهُ أَمۡرٗا كَانَ مَفۡعُولٗا لِّيَهۡلِكَ مَنۡ هَلَكَ عَنۢ بَيِّنَةٖ وَيَحۡيَىٰ مَنۡ حَيَّ عَنۢ بَيِّنَةٖۗ وَإِنَّ ٱللَّهَ لَسَمِيعٌ عَلِيمٌ
Open ayah 8:42Сол кезде сендер алқаптың / Мәдинаға / жақын жағында болсаңдар, олар / мүшріктер әскері / алыс жағында, ал керуен сендерден төмен жақта еді. Егер де уәделескендерінде де келіскен уақыт пен орында кездесе алмайтын едіңдер. Алайда, құрыған адам анық дәлелмен құруы үшін әрі өмір сүрген адам анық дәлелмен өмір сүруі үшін - Аллаһ орындалуы тиіс істі жүзеге асырды. Ақиқатында, Аллаһ - әрбір нәрсені Естуші, әрбірнәрсені Білуші.
إِذۡ يُرِيكَهُمُ ٱللَّهُ فِي مَنَامِكَ قَلِيلٗاۖ وَلَوۡ أَرَىٰكَهُمۡ كَثِيرٗا لَّفَشِلۡتُمۡ وَلَتَنَٰزَعۡتُمۡ فِي ٱلۡأَمۡرِ وَلَٰكِنَّ ٱللَّهَ سَلَّمَۚ إِنَّهُۥ عَلِيمُۢ بِذَاتِ ٱلصُّدُورِ
Open ayah 8:43/ Ей, Мұхаммед! / Сонда Аллаһ, түсінде саған оларды аз етіп көрсеткен еді. Егер оларды саған көп етіп көрсеткенде, әлсіздік танытып, іс жайында тартысар едіңдер. Алайда, Аллаһ сақтап қалды. Ақиқатында, Ол - кеуделердегіні / жүректердегіні / жақсы Білуші.
وَإِذۡ يُرِيكُمُوهُمۡ إِذِ ٱلۡتَقَيۡتُمۡ فِيٓ أَعۡيُنِكُمۡ قَلِيلٗا وَيُقَلِّلُكُمۡ فِيٓ أَعۡيُنِهِمۡ لِيَقۡضِيَ ٱللَّهُ أَمۡرٗا كَانَ مَفۡعُولٗاۗ وَإِلَى ٱللَّهِ تُرۡجَعُ ٱلۡأُمُورُ
Open ayah 8:44Сендер / жаумен / кездескен кезде, Аллаһ орындалуы тиіс істі жүзеге асыруы үшін оларды сендердің көздеріңе аз етіп көрсетті, сендерді де олардың көздеріне аз етіп көрсеткен еді. Барлық істер Аллаһқа қайтарылады.
يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓاْ إِذَا لَقِيتُمۡ فِئَةٗ فَٱثۡبُتُواْ وَٱذۡكُرُواْ ٱللَّهَ كَثِيرٗا لَّعَلَّكُمۡ تُفۡلِحُونَ
Open ayah 8:45Ей, иманға келгендер! Қашан бір / қарсы / топпен бетпе-бет келсеңдер, мақсатқа жету үшін берік болыңдар да Аллаһты көп еске алыңдар.
وَأَطِيعُواْ ٱللَّهَ وَرَسُولَهُۥ وَلَا تَنَٰزَعُواْ فَتَفۡشَلُواْ وَتَذۡهَبَ رِيحُكُمۡۖ وَٱصۡبِرُوٓاْۚ إِنَّ ٱللَّهَ مَعَ ٱلصَّٰبِرِينَ
Open ayah 8:46Әрі Аллаһқа және Оның Елшісіне бойсұныңдар және өзара тартыспаңдар. Олай болса рухтарың түсіп, күш-қуаттарың кетіп қалады / тастап кетеді / . Сабыр етіңдер! Ақиқатында, Аллаһ сабыр етушілермен бірге.
وَلَا تَكُونُواْ كَٱلَّذِينَ خَرَجُواْ مِن دِيَٰرِهِم بَطَرٗا وَرِئَآءَ ٱلنَّاسِ وَيَصُدُّونَ عَن سَبِيلِ ٱللَّهِۚ وَٱللَّهُ بِمَا يَعۡمَلُونَ مُحِيطٞ
Open ayah 8:47Үйлерінен менменсінген түрде және адамдар көруі үшін шығып, Аллаһтың жолынан тосатындар секілді болмаңдар! Аллаһ олардың не істеп жатқандарын толық Қамтушы.
وَإِذۡ زَيَّنَ لَهُمُ ٱلشَّيۡطَٰنُ أَعۡمَٰلَهُمۡ وَقَالَ لَا غَالِبَ لَكُمُ ٱلۡيَوۡمَ مِنَ ٱلنَّاسِ وَإِنِّي جَارٞ لَّكُمۡۖ فَلَمَّا تَرَآءَتِ ٱلۡفِئَتَانِ نَكَصَ عَلَىٰ عَقِبَيۡهِ وَقَالَ إِنِّي بَرِيٓءٞ مِّنكُمۡ إِنِّيٓ أَرَىٰ مَا لَا تَرَوۡنَ إِنِّيٓ أَخَافُ ٱللَّهَۚ وَٱللَّهُ شَدِيدُ ٱلۡعِقَابِ
Open ayah 8:48Сол кезде шайтан оларға / мүшріктерге / : «Бүгін адамдардың ішінде сендерден үстем келуші жоқ. Шын мәнінде, мен сендер жақта боламын», - деп істерін көрікті етіп көрсетті. Екі топ бірін-бірі көрген кезде, / шайтан / теріс айналып: «Менің сендерге мүлдем қатысым жоқ. Мен сендер көрмейтінді көремін. Ақиқатында, мен Аллаһтан қорқамын. Аллаһ жаза беруде қатты», - деді.
إِذۡ يَقُولُ ٱلۡمُنَٰفِقُونَ وَٱلَّذِينَ فِي قُلُوبِهِم مَّرَضٌ غَرَّ هَٰٓؤُلَآءِ دِينُهُمۡۗ وَمَن يَتَوَكَّلۡ عَلَى ٱللَّهِ فَإِنَّ ٱللَّهَ عَزِيزٌ حَكِيمٞ
Open ayah 8:49Сол уақытта мұнафиқтар және жүректерінде дерті барлар / иманы әлсіздер / : «Оларды діндері алдап қойды», - деді. Негізінде, кім Аллаһқа жүгініп, Оған өзін тапсырса / тәуекел етсе / , ақиқатында, Аллаһ - бәрінен Үстем, аса Дана.
وَلَوۡ تَرَىٰٓ إِذۡ يَتَوَفَّى ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ ٱلۡمَلَٰٓئِكَةُ يَضۡرِبُونَ وُجُوهَهُمۡ وَأَدۡبَٰرَهُمۡ وَذُوقُواْ عَذَابَ ٱلۡحَرِيقِ
Open ayah 8:50Періштелер күпірлік еткендерді / Аллаһқа қарсы келгендерді / беттері мен арт жақтарынан ұрып: «Күйдіріп, жандырушы оттың азабын татыңдар!» - деп, жандарын алып жатқан кезде көрсең еді!
ذَٰلِكَ بِمَا قَدَّمَتۡ أَيۡدِيكُمۡ وَأَنَّ ٱللَّهَ لَيۡسَ بِظَلَّٰمٖ لِّلۡعَبِيدِ
Open ayah 8:51Бұл / азап / сендердің өз қолдарыңмен істегендеріңнің салдары, Аллаһ құлдарына әділетсіздік етуші емес.
كَدَأۡبِ ءَالِ فِرۡعَوۡنَ وَٱلَّذِينَ مِن قَبۡلِهِمۡۚ كَفَرُواْ بِـَٔايَٰتِ ٱللَّهِ فَأَخَذَهُمُ ٱللَّهُ بِذُنُوبِهِمۡۚ إِنَّ ٱللَّهَ قَوِيّٞ شَدِيدُ ٱلۡعِقَابِ
Open ayah 8:52олардың істері / Фиръаун әулеті мен олардан бұрынғы өткендердің істегендері секілді. Олар Аллаһтың белгілеріне күпірлік етті / сенбеді, теріске шығарды / . Сонда Аллаһ оларды күнәлары себепті ұстады. Аллаһ - өте Күшті, жаза беруде қатты.
ذَٰلِكَ بِأَنَّ ٱللَّهَ لَمۡ يَكُ مُغَيِّرٗا نِّعۡمَةً أَنۡعَمَهَا عَلَىٰ قَوۡمٍ حَتَّىٰ يُغَيِّرُواْ مَا بِأَنفُسِهِمۡ وَأَنَّ ٱللَّهَ سَمِيعٌ عَلِيمٞ
Open ayah 8:53Бұның себебі, Аллаһ адамдарға берген игілігін, ол адамдар өздеріңдегіні өзгертпейінше, өзгертуші еместігі және Аллаһ барлық нәрсені Естуші, әрбірнәрсені Білуші / ’Алим / болғандығынан.
كَدَأۡبِ ءَالِ فِرۡعَوۡنَ وَٱلَّذِينَ مِن قَبۡلِهِمۡۚ كَذَّبُواْ بِـَٔايَٰتِ رَبِّهِمۡ فَأَهۡلَكۡنَٰهُم بِذُنُوبِهِمۡ وَأَغۡرَقۡنَآ ءَالَ فِرۡعَوۡنَۚ وَكُلّٞ كَانُواْ ظَٰلِمِينَ
Open ayah 8:54Фиръаун әулеті мен олардан бұрынғы өткендердің де істері осы секілді болды. Олар өздерінің Раббысының аяттарын өтірікке шығарған еді. Біз оларды күнәлары себебінен құртып, Фиръаун тобын суға батырдық. Олардың барлығы да әділетсіздер еді.
إِنَّ شَرَّ ٱلدَّوَآبِّ عِندَ ٱللَّهِ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ فَهُمۡ لَا يُؤۡمِنُونَ
Open ayah 8:55Негізінде, Аллаһтың алдында, қозғалатын жаны барлардың ең жаманы - күпірлік етушілер / аманатқа қиянат етуші имансыздар / ', Олар иманға келмейді.
ٱلَّذِينَ عَٰهَدتَّ مِنۡهُمۡ ثُمَّ يَنقُضُونَ عَهۡدَهُمۡ فِي كُلِّ مَرَّةٖ وَهُمۡ لَا يَتَّقُونَ
Open ayah 8:56/ Ей, Мұхаммед! / Солар, сен олармен келісім жасасқаннан кейін, келісімдерін әрқашан бұзып отырады әрі олар Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанбайды.
فَإِمَّا تَثۡقَفَنَّهُمۡ فِي ٱلۡحَرۡبِ فَشَرِّدۡ بِهِم مَّنۡ خَلۡفَهُمۡ لَعَلَّهُمۡ يَذَّكَّرُونَ
Open ayah 8:57Сондықтан, олармен соғыста кездессең / соққы беріп / , олар арқылы артындағыларды да үрей салып ыдырат, мүмкін олар ескерту алар.
وَإِمَّا تَخَافَنَّ مِن قَوۡمٍ خِيَانَةٗ فَٱنۢبِذۡ إِلَيۡهِمۡ عَلَىٰ سَوَآءٍۚ إِنَّ ٱللَّهَ لَا يُحِبُّ ٱلۡخَآئِنِينَ
Open ayah 8:58Ап, егер бір елдің сатқындығынан қауіптенсең, / келісімді / олармен тең түрде таста / бұз / . Ақиқатында, Аллаһ опасыздарды жақсы көрмейді.
وَلَا يَحۡسَبَنَّ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ سَبَقُوٓاْۚ إِنَّهُمۡ لَا يُعۡجِزُونَ
Open ayah 8:59Әрі күпірлік еткендер / иманға келуден бас тартқандар / өздерін құтылдық деп ойламасын. Олар әлсірете / Аллаһтың жазасынан қашып құтыла / алмайды.
وَأَعِدُّواْ لَهُم مَّا ٱسۡتَطَعۡتُم مِّن قُوَّةٖ وَمِن رِّبَاطِ ٱلۡخَيۡلِ تُرۡهِبُونَ بِهِۦ عَدُوَّ ٱللَّهِ وَعَدُوَّكُمۡ وَءَاخَرِينَ مِن دُونِهِمۡ لَا تَعۡلَمُونَهُمُ ٱللَّهُ يَعۡلَمُهُمۡۚ وَمَا تُنفِقُواْ مِن شَيۡءٖ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِ يُوَفَّ إِلَيۡكُمۡ وَأَنتُمۡ لَا تُظۡلَمُونَ
Open ayah 8:60Оларға қарсы шамаларың келгенше күш-қуат және атты әскер әзірлеңдер, онымен Аллаһтың жауын және өз жауларынды әрі өзгелерді де сескендіру үшін. Оларды сендер білмейсіңдер, Аллаһ біледі. Аллаһ жолында не нәрсе жұмсасаңдар да өздеріңе толық қайтарылады әрі сендерге әділетсіздік жасалмайды.
۞وَإِن جَنَحُواْ لِلسَّلۡمِ فَٱجۡنَحۡ لَهَا وَتَوَكَّلۡ عَلَى ٱللَّهِۚ إِنَّهُۥ هُوَ ٱلسَّمِيعُ ٱلۡعَلِيمُ
Open ayah 8:61/ Ей, Мұхаммед! / Егер олар бейбіт келісімге бейімділік танытса, сен де бұрыл әрі Аллаһқа жүгініп, Оған ісіңді тапсыр / тәуекел ет / . Ақиқатында, Ол - бәрін Естуші, бәрін Білуші .
وَإِن يُرِيدُوٓاْ أَن يَخۡدَعُوكَ فَإِنَّ حَسۡبَكَ ٱللَّهُۚ هُوَ ٱلَّذِيٓ أَيَّدَكَ بِنَصۡرِهِۦ وَبِٱلۡمُؤۡمِنِينَ
Open ayah 8:62Егер олар сені алдамақшы болса, негізінде, саған Аллаһтың Өзі жеткілікті. Ол сені Өз жәрдемі және имандылар / мүміндер / арқылы қолдады,
وَأَلَّفَ بَيۡنَ قُلُوبِهِمۡۚ لَوۡ أَنفَقۡتَ مَا فِي ٱلۡأَرۡضِ جَمِيعٗا مَّآ أَلَّفۡتَ بَيۡنَ قُلُوبِهِمۡ وَلَٰكِنَّ ٱللَّهَ أَلَّفَ بَيۡنَهُمۡۚ إِنَّهُۥ عَزِيزٌ حَكِيمٞ
Open ayah 8:63әрі олардың жүректерін біріктірді. Егер / сен / жердегі барлық нәрселерді жұмсасаң да олардың жүректерін қоса алмас едің. Алайда, Аллаһ олардың араларын біріктірді. Ақиқатында, Ол - барлығынан Үстем , аса Дана.
يَٰٓأَيُّهَا ٱلنَّبِيُّ حَسۡبُكَ ٱللَّهُ وَمَنِ ٱتَّبَعَكَ مِنَ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ
Open ayah 8:64Ей, Пайғамбар! Саған және өзіңе ерген имандыларға / мүміндерге / Аллаһ жетіп асады.
يَٰٓأَيُّهَا ٱلنَّبِيُّ حَرِّضِ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ عَلَى ٱلۡقِتَالِۚ إِن يَكُن مِّنكُمۡ عِشۡرُونَ صَٰبِرُونَ يَغۡلِبُواْ مِاْئَتَيۡنِۚ وَإِن يَكُن مِّنكُم مِّاْئَةٞ يَغۡلِبُوٓاْ أَلۡفٗا مِّنَ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ بِأَنَّهُمۡ قَوۡمٞ لَّا يَفۡقَهُونَ
Open ayah 8:65Ей, Пайғамбар! Имандыларды / мүміндерді / шайқасқа үнде. Егер сендерден сабырлы жиырма кісі болса, екі жүз кісіні жеңеді. Ал егер сендерден жүз кісі болса, күпірлік етушілердің / Аллаһқа қарсы келушілердің / мыңын жеңеді. Өйткені олар – түсінбейтін адамдар.
ٱلۡـَٰٔنَ خَفَّفَ ٱللَّهُ عَنكُمۡ وَعَلِمَ أَنَّ فِيكُمۡ ضَعۡفٗاۚ فَإِن يَكُن مِّنكُم مِّاْئَةٞ صَابِرَةٞ يَغۡلِبُواْ مِاْئَتَيۡنِۚ وَإِن يَكُن مِّنكُمۡ أَلۡفٞ يَغۡلِبُوٓاْ أَلۡفَيۡنِ بِإِذۡنِ ٱللَّهِۗ وَٱللَّهُ مَعَ ٱلصَّٰبِرِينَ
Open ayah 8:66Енді Аллаһ сендерге жеңілдік жасады, өйткені сендерде әлсіздік бар екені Оған белгілі. Егер сендерден сабырлы жүз кісі болса, екі жүз кісіні жеңеді. Ал егер сендерден мың болса, Аллаһтың рұқсатымен екі мыңды жеңеді. Негізінде, Аллаһ сабырлылармен бірге.
مَا كَانَ لِنَبِيٍّ أَن يَكُونَ لَهُۥٓ أَسۡرَىٰ حَتَّىٰ يُثۡخِنَ فِي ٱلۡأَرۡضِۚ تُرِيدُونَ عَرَضَ ٱلدُّنۡيَا وَٱللَّهُ يُرِيدُ ٱلۡأٓخِرَةَۗ وَٱللَّهُ عَزِيزٌ حَكِيمٞ
Open ayah 8:67Бірде-бір пайғамбарға жерде / өз жерінде / басымдылыққа жеткенге дейін тұтқын ұстау жөн емес. Сендер дүниенің өткінші нәрсесін қалайсыңдар. Ал, Аллаһ - соңғы, мәңгілік өмірді / ақиретті / қалайды. Әрі Аллаһ - бәрінен Үстем, аса Дана.
لَّوۡلَا كِتَٰبٞ مِّنَ ٱللَّهِ سَبَقَ لَمَسَّكُمۡ فِيمَآ أَخَذۡتُمۡ عَذَابٌ عَظِيمٞ
Open ayah 8:68Егер Аллаһтың алдын ала жазып бекіткені болмағанда, сендерге / олжа / алғандарың үшін өте үлкен азап болар еді.
فَكُلُواْ مِمَّا غَنِمۡتُمۡ حَلَٰلٗا طَيِّبٗاۚ وَٱتَّقُواْ ٱللَّهَۚ إِنَّ ٱللَّهَ غَفُورٞ رَّحِيمٞ
Open ayah 8:69Олжа ретінде алған нәрселеріңнің халалын / рұқсат етілгенін / , жақсысын жеңдер / пайдаланыңдар әрі Аллаһтан / Оның жазасынан! қорқып, сақтаныңдар / . Ақиқатында, Аллаһ - өте Кешірімді / , ерекше Мейірімді.
يَٰٓأَيُّهَا ٱلنَّبِيُّ قُل لِّمَن فِيٓ أَيۡدِيكُم مِّنَ ٱلۡأَسۡرَىٰٓ إِن يَعۡلَمِ ٱللَّهُ فِي قُلُوبِكُمۡ خَيۡرٗا يُؤۡتِكُمۡ خَيۡرٗا مِّمَّآ أُخِذَ مِنكُمۡ وَيَغۡفِرۡ لَكُمۡۚ وَٱللَّهُ غَفُورٞ رَّحِيمٞ
Open ayah 8:70Ей, Пайғамбар! Қолдарыңдағы тұтқындарға: «Егер де жүректеріңде бір қайыр болса, Аллаһ оны біледі және сендерге өздеріңнен алынғаннан қайырлысын береді әрі сендерді кешіреді. Аллаһ - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді » - деп айт.
وَإِن يُرِيدُواْ خِيَانَتَكَ فَقَدۡ خَانُواْ ٱللَّهَ مِن قَبۡلُ فَأَمۡكَنَ مِنۡهُمۡۗ وَٱللَّهُ عَلِيمٌ حَكِيمٌ
Open ayah 8:71Егер олар саған қиянат істегісі келсе, олар бұрын Аллаһқа қиянат істеген еді. Сонда Ол / сендерді / олардан үстем етті. Аллаһ - бәрін Білуші / , аса Дана.
إِنَّ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَهَاجَرُواْ وَجَٰهَدُواْ بِأَمۡوَٰلِهِمۡ وَأَنفُسِهِمۡ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِ وَٱلَّذِينَ ءَاوَواْ وَّنَصَرُوٓاْ أُوْلَٰٓئِكَ بَعۡضُهُمۡ أَوۡلِيَآءُ بَعۡضٖۚ وَٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَلَمۡ يُهَاجِرُواْ مَا لَكُم مِّن وَلَٰيَتِهِم مِّن شَيۡءٍ حَتَّىٰ يُهَاجِرُواْۚ وَإِنِ ٱسۡتَنصَرُوكُمۡ فِي ٱلدِّينِ فَعَلَيۡكُمُ ٱلنَّصۡرُ إِلَّا عَلَىٰ قَوۡمِۭ بَيۡنَكُمۡ وَبَيۡنَهُم مِّيثَٰقٞۗ وَٱللَّهُ بِمَا تَعۡمَلُونَ بَصِيرٞ
Open ayah 8:72Ақиқатында иманға келгендер, қоныс аударғандар, Аллаһтың жолында малдары әрі жандарымен күрескендер және пана бергендер мен көмектескендер, міне, бұлар - бір-бірінің жақыны. Ал, иманға келген, бірақ қоныс аудармағандар болса, қоныс аудармайынша, сендер олармен ешбір жақын бола алмайсыңдар. Егер олар сендерден дін үшін көмек сұраса, тек сендермен араларыңда келісімі бар елге қарсы болмаса, көмектесуге міндеттісіңдер. Аллаһ - не істеп жатқандарыңды Көруші.
وَٱلَّذِينَ كَفَرُواْ بَعۡضُهُمۡ أَوۡلِيَآءُ بَعۡضٍۚ إِلَّا تَفۡعَلُوهُ تَكُن فِتۡنَةٞ فِي ٱلۡأَرۡضِ وَفَسَادٞ كَبِيرٞ
Open ayah 8:73Әрі күпірлік етушілер / имансыздар / - бір-біріне дос, жақтас. Егер сендер осыны орындамасаңдар жер жүзінде бүлік / фитна / және зор бүлініс / бәрі астаң-кестең / болады.
وَٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَهَاجَرُواْ وَجَٰهَدُواْ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِ وَٱلَّذِينَ ءَاوَواْ وَّنَصَرُوٓاْ أُوْلَٰٓئِكَ هُمُ ٱلۡمُؤۡمِنُونَ حَقّٗاۚ لَّهُم مَّغۡفِرَةٞ وَرِزۡقٞ كَرِيمٞ
Open ayah 8:74Ал, иманға келгендер әрі қоныс аударғандар және Аллаһтың жолында күрескендер әрі пана беріп және көмектескендер, міне, солар - шын имандылар / мүміндер / . Оларға кешірім және мол ризық бар.
وَٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ مِنۢ بَعۡدُ وَهَاجَرُواْ وَجَٰهَدُواْ مَعَكُمۡ فَأُوْلَٰٓئِكَ مِنكُمۡۚ وَأُوْلُواْ ٱلۡأَرۡحَامِ بَعۡضُهُمۡ أَوۡلَىٰ بِبَعۡضٖ فِي كِتَٰبِ ٱللَّهِۚ إِنَّ ٱللَّهَ بِكُلِّ شَيۡءٍ عَلِيمُۢ
Open ayah 8:75Әрі иманға келген, кейін қоныс аударған және сендермен бірге соғысқандар - өздеріңнен. Содай-ақ, туысқандар - Аллаһтың Кітабы бойынша бір-біріне жақынырақ. Ақиқатында, Аллаһ - барлық нәрсені Білуші.