الزمر
Az-Zumar
Translation: Kazakh - Khalifah Altai Charity Foundation · Open the surah
بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
تَنزِيلُ ٱلۡكِتَٰبِ مِنَ ٱللَّهِ ٱلۡعَزِيزِ ٱلۡحَكِيمِ
Open ayah 39:1Бұл Кітаптың / Құранның / түсірілуі, бәрінен Үстем , аса Дана Аллаһтан.
إِنَّآ أَنزَلۡنَآ إِلَيۡكَ ٱلۡكِتَٰبَ بِٱلۡحَقِّ فَٱعۡبُدِ ٱللَّهَ مُخۡلِصٗا لَّهُ ٱلدِّينَ
Open ayah 39:2/ Ей, Мұхаммед! / Шын мәнінде Біз, саған бұл Кітапты ақиқатпен түсірдік. Сондықтан дінді / бойсұну мен ғибадатты / кез келген қоспалардан / серік қосу, риядан / тазартып, Аллаһқа құлшылық ет.
أَلَا لِلَّهِ ٱلدِّينُ ٱلۡخَالِصُۚ وَٱلَّذِينَ ٱتَّخَذُواْ مِن دُونِهِۦٓ أَوۡلِيَآءَ مَا نَعۡبُدُهُمۡ إِلَّا لِيُقَرِّبُونَآ إِلَى ٱللَّهِ زُلۡفَىٰٓ إِنَّ ٱللَّهَ يَحۡكُمُ بَيۡنَهُمۡ فِي مَا هُمۡ فِيهِ يَخۡتَلِفُونَۗ إِنَّ ٱللَّهَ لَا يَهۡدِي مَنۡ هُوَ كَٰذِبٞ كَفَّارٞ
Open ayah 39:3Біліндер! Таза дін тек Аллаһтікі. Ал, Онымен қатар басқаны қамқоршы тұтқандар: «Біз бұларға, олардың бізді Аллаһқа жақындатулары үшін ғана табынамыз», - дейді. Ақиқатында, Аллаһ олардың тартысқан мәселелеріне қатысты араларына үкім шығарады. Анығында, өтірікшіні, қасарысқан күпірлік етушіні / Аллаһтың аяттарын, белгі-дәлелдерін теріске шығарушыны / Аллаһ тура жолға салмайды.
لَّوۡ أَرَادَ ٱللَّهُ أَن يَتَّخِذَ وَلَدٗا لَّٱصۡطَفَىٰ مِمَّا يَخۡلُقُ مَا يَشَآءُۚ سُبۡحَٰنَهُۥۖ هُوَ ٱللَّهُ ٱلۡوَٰحِدُ ٱلۡقَهَّارُ
Open ayah 39:4Егер де Аллаһ бала алуды қалағанда, онда Өзі жаратқандарының ішінен қалағанын таңдап алар еді. Ол - / барлық кемшіліктен / пәк. Ол Аллаһ Жалғыз, бәрін Бағындырушы .
خَلَقَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضَ بِٱلۡحَقِّۖ يُكَوِّرُ ٱلَّيۡلَ عَلَى ٱلنَّهَارِ وَيُكَوِّرُ ٱلنَّهَارَ عَلَى ٱلَّيۡلِۖ وَسَخَّرَ ٱلشَّمۡسَ وَٱلۡقَمَرَۖ كُلّٞ يَجۡرِي لِأَجَلٖ مُّسَمًّىۗ أَلَا هُوَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلۡغَفَّٰرُ
Open ayah 39:5Ол аспандар мен жерді ақиқатпен жаратты. Ол түнмен күндізді орайды, ал күндізбен түнді орайды. Әрі Ол күн мен айды бағындырды. Әрқайсысы белгіленген мерзімге дейін қозғалады. Біліңдер! Ол бәрінен Үстем, көп Кешіруші.
خَلَقَكُم مِّن نَّفۡسٖ وَٰحِدَةٖ ثُمَّ جَعَلَ مِنۡهَا زَوۡجَهَا وَأَنزَلَ لَكُم مِّنَ ٱلۡأَنۡعَٰمِ ثَمَٰنِيَةَ أَزۡوَٰجٖۚ يَخۡلُقُكُمۡ فِي بُطُونِ أُمَّهَٰتِكُمۡ خَلۡقٗا مِّنۢ بَعۡدِ خَلۡقٖ فِي ظُلُمَٰتٖ ثَلَٰثٖۚ ذَٰلِكُمُ ٱللَّهُ رَبُّكُمۡ لَهُ ٱلۡمُلۡكُۖ لَآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَۖ فَأَنَّىٰ تُصۡرَفُونَ
Open ayah 39:6Ол сендерді бір адамнан / Адам атадан / жаратты, кейін одан оның жұбын жасады. Әрі Ол сендерге малдардан сегізін жұбымен түсірді. Ол сендерді аналарыңның құрсағында үш қараңғылық ішінде бір жаратылыстан кейін бір жаратылыспен жаратады. Міне, осы Аллаһ - сендердің Раббың. Билік - Онікі. Одан басқа ешбір құдай жоқ. Сонда сендер қайда бет бұрып бармақсыңдар?!
إِن تَكۡفُرُواْ فَإِنَّ ٱللَّهَ غَنِيٌّ عَنكُمۡۖ وَلَا يَرۡضَىٰ لِعِبَادِهِ ٱلۡكُفۡرَۖ وَإِن تَشۡكُرُواْ يَرۡضَهُ لَكُمۡۗ وَلَا تَزِرُ وَازِرَةٞ وِزۡرَ أُخۡرَىٰۚ ثُمَّ إِلَىٰ رَبِّكُم مَّرۡجِعُكُمۡ فَيُنَبِّئُكُم بِمَا كُنتُمۡ تَعۡمَلُونَۚ إِنَّهُۥ عَلِيمُۢ بِذَاتِ ٱلصُّدُورِ
Open ayah 39:7Егер күпірлік етсеңдер / бір Аллаһқақұлшылық етпесеңдер / , Аллаһ сендерге мұқтаж емес. Ол құлдарының күпірліктеріне / берілген игіліктерін мойындамауларына / риза болмайды. Ал, шүкір етсеңдер / Оның берген игіліктеріне алғыс білдірсеңдер / , онда Ол сендерге разы болады. Ешбір көтеруші / күнә істеуші / басқа біреудің жүгін / күнәсін / көтермейді. Кейін өздеріңнің Раббыңа қайту бар. Сонда Ол сендерге не істеп өткендеріңнің хабарын береді. Ақиқатында, Ол - кеуделердегіні / жүректердегіні / жақсы Білуші.
۞وَإِذَا مَسَّ ٱلۡإِنسَٰنَ ضُرّٞ دَعَا رَبَّهُۥ مُنِيبًا إِلَيۡهِ ثُمَّ إِذَا خَوَّلَهُۥ نِعۡمَةٗ مِّنۡهُ نَسِيَ مَا كَانَ يَدۡعُوٓاْ إِلَيۡهِ مِن قَبۡلُ وَجَعَلَ لِلَّهِ أَندَادٗا لِّيُضِلَّ عَن سَبِيلِهِۦۚ قُلۡ تَمَتَّعۡ بِكُفۡرِكَ قَلِيلًا إِنَّكَ مِنۡ أَصۡحَٰبِ ٱلنَّارِ
Open ayah 39:8Адамға бір зиян тисе, ол Раббысына бойсұна жүгініп, / Оны / көмекке шақырады. Содан кейін оған / зиянын кетіріп / Өзінен бір игілік берсе, ол Оны көмекке шақырғанын / жалбарынғанын / ұмытады әрі Аллаһтың жолынан / өзгелерді / адастыру үшін Оған теңдестер таңады. / Ей, Мұхаммед!! Айт: «Біраз уақыт күпірлігіңмен / қарсы келуіңмен / пайдалана тұр. Күмәнсіз, сен - Отқа түсетіндерденсің»,- деп.
أَمَّنۡ هُوَ قَٰنِتٌ ءَانَآءَ ٱلَّيۡلِ سَاجِدٗا وَقَآئِمٗا يَحۡذَرُ ٱلۡأٓخِرَةَ وَيَرۡجُواْ رَحۡمَةَ رَبِّهِۦۗ قُلۡ هَلۡ يَسۡتَوِي ٱلَّذِينَ يَعۡلَمُونَ وَٱلَّذِينَ لَا يَعۡلَمُونَۗ إِنَّمَا يَتَذَكَّرُ أُوْلُواْ ٱلۡأَلۡبَٰبِ
Open ayah 39:9Әлде түннің бір уақыттарында сәжде ете әрі тік тұрып / намаз оқып / , ақиреттен сақтана және Раббысының мейірімін үміт ете берілуші ме? / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Білетіндер мен білмейтіндер тең бола ма?» - деп. Негізінде ақыл иелері ғана естеріне алады.
قُلۡ يَٰعِبَادِ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ ٱتَّقُواْ رَبَّكُمۡۚ لِلَّذِينَ أَحۡسَنُواْ فِي هَٰذِهِ ٱلدُّنۡيَا حَسَنَةٞۗ وَأَرۡضُ ٱللَّهِ وَٰسِعَةٌۗ إِنَّمَا يُوَفَّى ٱلصَّٰبِرُونَ أَجۡرَهُم بِغَيۡرِ حِسَابٖ
Open ayah 39:10Айт! / Оларға Раббыңның / : «Ей, Менің иманға келген құлдарым! Өздеріңнің Раббыңнан / Оныңжазасынан / қорқып, сақтаныңдар / тақуалық етіңдер / ! бұл дүниеде жақсылық істегендерге жақсылық бар. Ал, Аллаһтың жері кең. Ақиқатында, сабыр етушілерге берілетін сыйлары - есепсіз», - дегенін.
قُلۡ إِنِّيٓ أُمِرۡتُ أَنۡ أَعۡبُدَ ٱللَّهَ مُخۡلِصٗا لَّهُ ٱلدِّينَ
Open ayah 39:11Айт: «Маған дінді түрлі қоспалардан / серік қосудан, риядан / тазартып, Аллаһқа ғана құлшылық ету бұйырылды.
وَأُمِرۡتُ لِأَنۡ أَكُونَ أَوَّلَ ٱلۡمُسۡلِمِينَ
Open ayah 39:12Әрі маған мұсылмандардың / бойсұнушылардың / алды болуым бұйырылды», - деп.
قُلۡ إِنِّيٓ أَخَافُ إِنۡ عَصَيۡتُ رَبِّي عَذَابَ يَوۡمٍ عَظِيمٖ
Open ayah 39:13Айт: «Егер Раббыма бойсұнбасам, ұлы Күннің азабынан қорқамын», - деп.
قُلِ ٱللَّهَ أَعۡبُدُ مُخۡلِصٗا لَّهُۥ دِينِي
Open ayah 39:14Айт: «Мен дінімді түрлі қоспалардан / серік қосудан, риядан / тазартып, Аллаһқа ғана құлшылық етемін.
فَٱعۡبُدُواْ مَا شِئۡتُم مِّن دُونِهِۦۗ قُلۡ إِنَّ ٱلۡخَٰسِرِينَ ٱلَّذِينَ خَسِرُوٓاْ أَنفُسَهُمۡ وَأَهۡلِيهِمۡ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِۗ أَلَا ذَٰلِكَ هُوَ ٱلۡخُسۡرَانُ ٱلۡمُبِينُ
Open ayah 39:15Ал, сендер Одан өзге қалағандарыңа табына беріңдер», - деп. Айт: «Шын мәнінде, зиян шегушілер - Қиямет күні өздеріне және үй іштеріне зиян шектіргендер. Біліңдер! Міне, осы - анық зиян.
لَهُم مِّن فَوۡقِهِمۡ ظُلَلٞ مِّنَ ٱلنَّارِ وَمِن تَحۡتِهِمۡ ظُلَلٞۚ ذَٰلِكَ يُخَوِّفُ ٱللَّهُ بِهِۦ عِبَادَهُۥۚ يَٰعِبَادِ فَٱتَّقُونِ
Open ayah 39:16Оларға төбелерінен оттан болған қалқа және астарынан да қалқалар болады», деп. Аллаһ Өзінің құлдарын осыменен қорқытады. Ей, құлдарым, Менен қорқып, сақтаныңдар!
وَٱلَّذِينَ ٱجۡتَنَبُواْ ٱلطَّٰغُوتَ أَن يَعۡبُدُوهَا وَأَنَابُوٓاْ إِلَى ٱللَّهِ لَهُمُ ٱلۡبُشۡرَىٰۚ فَبَشِّرۡ عِبَادِ
Open ayah 39:17Тағуттан - оған табынудан аулақ болған және Аллаһқа әрдайым қайтушыларға / тәубе еткендерге / қуанышты хабар бар. Құлдарыма қуанышты хабарды жеткіз -
ٱلَّذِينَ يَسۡتَمِعُونَ ٱلۡقَوۡلَ فَيَتَّبِعُونَ أَحۡسَنَهُۥٓۚ أُوْلَٰٓئِكَ ٱلَّذِينَ هَدَىٰهُمُ ٱللَّهُۖ وَأُوْلَٰٓئِكَ هُمۡ أُوْلُواْ ٱلۡأَلۡبَٰبِ
Open ayah 39:18сондай, сөздерді тыңдап, оның ең жақсысына / Құран мен сүннетке / еретін. Міне, осылар - Аллаһтың Өзі тура жолмен жүргізгендері. Әрі дәл осылар - ақыл иелері.
أَفَمَنۡ حَقَّ عَلَيۡهِ كَلِمَةُ ٱلۡعَذَابِ أَفَأَنتَ تُنقِذُ مَن فِي ٱلنَّارِ
Open ayah 39:19/ Ей, Мұхаммед / / Өздеріне азап сөзі міндетті болған біреуді - Оттағы біреуді сен құтқара аласың ба?!
لَٰكِنِ ٱلَّذِينَ ٱتَّقَوۡاْ رَبَّهُمۡ لَهُمۡ غُرَفٞ مِّن فَوۡقِهَا غُرَفٞ مَّبۡنِيَّةٞ تَجۡرِي مِن تَحۡتِهَا ٱلۡأَنۡهَٰرُۖ وَعۡدَ ٱللَّهِ لَا يُخۡلِفُ ٱللَّهُ ٱلۡمِيعَادَ
Open ayah 39:20Бірақ, тақуаларға / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушыларға / биік жайлар бар, оның үстінен және биік жайлар тұрғызылған. Ал астынан өзендер ағып жатады. Аллаһтың уәде еткені осы. Аллаһ уәдені бұзбайды.
أَلَمۡ تَرَ أَنَّ ٱللَّهَ أَنزَلَ مِنَ ٱلسَّمَآءِ مَآءٗ فَسَلَكَهُۥ يَنَٰبِيعَ فِي ٱلۡأَرۡضِ ثُمَّ يُخۡرِجُ بِهِۦ زَرۡعٗا مُّخۡتَلِفًا أَلۡوَٰنُهُۥ ثُمَّ يَهِيجُ فَتَرَىٰهُ مُصۡفَرّٗا ثُمَّ يَجۡعَلُهُۥ حُطَٰمًاۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَذِكۡرَىٰ لِأُوْلِي ٱلۡأَلۡبَٰبِ
Open ayah 39:21/ Ей, Мұхаммед / / Аллаһтың аспаннан су түсіріп, оны жерге су көздері етіп ендіргенін сен көрмедің бе? Содан кейін Ол онымен түстері әралуан егіндер шығарады. Кейін олар солып, сен оның сарғайғанын көресің. Содан соң Ол оны үгінді, қоқым етеді. Ақиқатында мұнда ақыл иелері үшін еске салу, / ғибрат / бар.
أَفَمَن شَرَحَ ٱللَّهُ صَدۡرَهُۥ لِلۡإِسۡلَٰمِ فَهُوَ عَلَىٰ نُورٖ مِّن رَّبِّهِۦۚ فَوَيۡلٞ لِّلۡقَٰسِيَةِ قُلُوبُهُم مِّن ذِكۡرِ ٱللَّهِۚ أُوْلَٰٓئِكَ فِي ضَلَٰلٖ مُّبِينٍ
Open ayah 39:22Аллаһ көкірегін Исламға ашып, Раббысынан нұр үстінде болған біреу / жүректері қатқан біреулермен тең бе / ? Аллаһты еске алудан жүректері / жібімей / , қатып қалғандарға үлкен қасірет бар! Міне, солар анық адасуда.
ٱللَّهُ نَزَّلَ أَحۡسَنَ ٱلۡحَدِيثِ كِتَٰبٗا مُّتَشَٰبِهٗا مَّثَانِيَ تَقۡشَعِرُّ مِنۡهُ جُلُودُ ٱلَّذِينَ يَخۡشَوۡنَ رَبَّهُمۡ ثُمَّ تَلِينُ جُلُودُهُمۡ وَقُلُوبُهُمۡ إِلَىٰ ذِكۡرِ ٱللَّهِۚ ذَٰلِكَ هُدَى ٱللَّهِ يَهۡدِي بِهِۦ مَن يَشَآءُۚ وَمَن يُضۡلِلِ ٱللَّهُ فَمَا لَهُۥ مِنۡ هَادٍ
Open ayah 39:23Аллаһ сөздің ең жақсысын бір-біріне ұқсаған / мағынасы бір / әрі қайталанып айтылатын Кітап етіп түсірді. Өздерінің Раббысынан қорқатындардың одан терілері жиырылады. Ал, кейін олардың терілері мен жүректері Аллаһты еске алуға жұмсарады. Бұл / Құран / - Аллаһтың тура жолы. Ол қалағанын тура жолмен жүргізеді. Ал, кімді Аллаһ адастырса, оны тура жолға салушы жоқ.
أَفَمَن يَتَّقِي بِوَجۡهِهِۦ سُوٓءَ ٱلۡعَذَابِ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِۚ وَقِيلَ لِلظَّٰلِمِينَ ذُوقُواْ مَا كُنتُمۡ تَكۡسِبُونَ
Open ayah 39:24Қиямет күні азаптың жамандығынан бетімен қорғанатын біреу қандай? Әділетсіздерге: «Істегендеріңді татыңдар!» - делінеді.
كَذَّبَ ٱلَّذِينَ مِن قَبۡلِهِمۡ فَأَتَىٰهُمُ ٱلۡعَذَابُ مِنۡ حَيۡثُ لَا يَشۡعُرُونَ
Open ayah 39:25Олардан / Мекке мүшріктерінен / бұрынғылар да / елшілерді / өтірік санаған еді. Сонда оларға азап өздері сезбеген жақтан келді.
فَأَذَاقَهُمُ ٱللَّهُ ٱلۡخِزۡيَ فِي ٱلۡحَيَوٰةِ ٱلدُّنۡيَاۖ وَلَعَذَابُ ٱلۡأٓخِرَةِ أَكۡبَرُۚ لَوۡ كَانُواْ يَعۡلَمُونَ
Open ayah 39:26Әрі Аллаһ оларға осы өмірде қорлық таттырды. Ал соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / азабы одан да үлкен, егер де олар білсе.
وَلَقَدۡ ضَرَبۡنَا لِلنَّاسِ فِي هَٰذَا ٱلۡقُرۡءَانِ مِن كُلِّ مَثَلٖ لَّعَلَّهُمۡ يَتَذَكَّرُونَ
Open ayah 39:27Әрі Біз адамдарға еске алуы / ғибраттануы / үшін осы Құранда әрбір / түрлі / мысалдан келтірдік.
قُرۡءَانًا عَرَبِيًّا غَيۡرَ ذِي عِوَجٖ لَّعَلَّهُمۡ يَتَّقُونَ
Open ayah 39:28/ Бұл / олардың / адамдардың / тақуалық етулері / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанулары / үшін ешбір қисықтығы / қарама-қайшылығы, кемшілігі / жоқ, арабша Құран.
ضَرَبَ ٱللَّهُ مَثَلٗا رَّجُلٗا فِيهِ شُرَكَآءُ مُتَشَٰكِسُونَ وَرَجُلٗا سَلَمٗا لِّرَجُلٍ هَلۡ يَسۡتَوِيَانِ مَثَلًاۚ ٱلۡحَمۡدُ لِلَّهِۚ بَلۡ أَكۡثَرُهُمۡ لَا يَعۡلَمُونَ
Open ayah 39:29Аллаһ өзара келіспейтін бірнеше қожайыны бар бір кісі мен тек бір ғана қожайынға бағынышты басқа кісіні мысалға келтірді. Мысал тұрғысында бұл екеуі тең бе? Барлық мақтау - Аллаһқа. Бірақ олардың көпшілігі білмейді.
إِنَّكَ مَيِّتٞ وَإِنَّهُم مَّيِّتُونَ
Open ayah 39:30/ Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, сен өлушісің / бұл дүниеден өтушісің / , олар да өлуші.
ثُمَّ إِنَّكُمۡ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ عِندَ رَبِّكُمۡ تَخۡتَصِمُونَ
Open ayah 39:31Кейін сендер Қиямет күні өздеріңнің Раббыңның алдында тартысасыңдар.
۞فَمَنۡ أَظۡلَمُ مِمَّن كَذَبَ عَلَى ٱللَّهِ وَكَذَّبَ بِٱلصِّدۡقِ إِذۡ جَآءَهُۥٓۚ أَلَيۡسَ فِي جَهَنَّمَ مَثۡوٗى لِّلۡكَٰفِرِينَ
Open ayah 39:32Аллаһқа қатысты өтірік айтқаннан және өзіне шындық келген кезде оны жалғанға шығарғаннан өткен әділетсіз кім бар? кәпірлердің орны Жаһаннамда емес пе?
وَٱلَّذِي جَآءَ بِٱلصِّدۡقِ وَصَدَّقَ بِهِۦٓ أُوْلَٰٓئِكَ هُمُ ٱلۡمُتَّقُونَ
Open ayah 39:33Ал шындықты алып келген және оны хақ деп мойындағандар - міне, солар нағыз тақуалар / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандар / .
لَهُم مَّا يَشَآءُونَ عِندَ رَبِّهِمۡۚ ذَٰلِكَ جَزَآءُ ٱلۡمُحۡسِنِينَ
Open ayah 39:34Оларға өздерінің Раббысында - қалағандары бар. Бұл - ықыласпен жақсылық істеушілерге берілетін қайтарым сый.
لِيُكَفِّرَ ٱللَّهُ عَنۡهُمۡ أَسۡوَأَ ٱلَّذِي عَمِلُواْ وَيَجۡزِيَهُمۡ أَجۡرَهُم بِأَحۡسَنِ ٱلَّذِي كَانُواْ يَعۡمَلُونَ
Open ayah 39:35/ Бұл / - Аллаһ олардың істеген амалдарының ең жаманын кешіруі әрі қайтарым сыйларын олардың жасаған амалдарынан да жақсы етіп беруі үшін.
أَلَيۡسَ ٱللَّهُ بِكَافٍ عَبۡدَهُۥۖ وَيُخَوِّفُونَكَ بِٱلَّذِينَ مِن دُونِهِۦۚ وَمَن يُضۡلِلِ ٱللَّهُ فَمَا لَهُۥ مِنۡ هَادٖ
Open ayah 39:36Аллаһ Өзінің құлына жеткілікті емес пе? / Ей, Мұхаммед!! Ал, олар сені Одан өзгелермен қорқытады. Аллаһ кімді адастырса, оны тура жолға салушы жоқ.
وَمَن يَهۡدِ ٱللَّهُ فَمَا لَهُۥ مِن مُّضِلٍّۗ أَلَيۡسَ ٱللَّهُ بِعَزِيزٖ ذِي ٱنتِقَامٖ
Open ayah 39:37Ал кімді Аллаһ тура жолмен жүргізсе, оны адастырушы жоқ. Аллаһ бәрінен Үстем / ’Азиз / , жазалау күшіне ие емес пе?
وَلَئِن سَأَلۡتَهُم مَّنۡ خَلَقَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضَ لَيَقُولُنَّ ٱللَّهُۚ قُلۡ أَفَرَءَيۡتُم مَّا تَدۡعُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِ إِنۡ أَرَادَنِيَ ٱللَّهُ بِضُرٍّ هَلۡ هُنَّ كَٰشِفَٰتُ ضُرِّهِۦٓ أَوۡ أَرَادَنِي بِرَحۡمَةٍ هَلۡ هُنَّ مُمۡسِكَٰتُ رَحۡمَتِهِۦۚ قُلۡ حَسۡبِيَ ٱللَّهُۖ عَلَيۡهِ يَتَوَكَّلُ ٱلۡمُتَوَكِّلُونَ
Open ayah 39:38Егер олардан: «Аспандарды және жерді кім жаратты?» - деп сұрасаң, олар міндетті түрде: «Аллаһ», -деп айтады. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Сендер Аллаһтан өзге шақырғандарың / табынғандарың / жайлы ойладыңдар ма, егер Аллаһ маған бір зиян тигізуді қаласа, олар / Аллаһтан өзге табынғандарың / Оның зиянын кетіре ала ма? Әлде, Ол маған бір игілік қаласа, олар Оның игілігін тоса ала ма?» - деп. Айт: «Аллаһ маған жеткілікті. Сенім артып жүгінушілер / тәуекел етушілер / Оған жүгініп, істерін тапсырады / тәуекел етеді / », - деп.
قُلۡ يَٰقَوۡمِ ٱعۡمَلُواْ عَلَىٰ مَكَانَتِكُمۡ إِنِّي عَٰمِلٞۖ فَسَوۡفَ تَعۡلَمُونَ
Open ayah 39:39Айт: «Әй, елім! Өз әлдеріңше / қалауларыңша / амалдарыңды жасай беріңдер. Мен де амалымды жасаймын. Жақында білесіңдер,
مَن يَأۡتِيهِ عَذَابٞ يُخۡزِيهِ وَيَحِلُّ عَلَيۡهِ عَذَابٞ مُّقِيمٌ
Open ayah 39:40қорлайтын азаптың кімге келетінін әрі тұрақты / мәңгілік / азаптың да кімге түсетінін», - деп.
إِنَّآ أَنزَلۡنَا عَلَيۡكَ ٱلۡكِتَٰبَ لِلنَّاسِ بِٱلۡحَقِّۖ فَمَنِ ٱهۡتَدَىٰ فَلِنَفۡسِهِۦۖ وَمَن ضَلَّ فَإِنَّمَا يَضِلُّ عَلَيۡهَاۖ وَمَآ أَنتَ عَلَيۡهِم بِوَكِيلٍ
Open ayah 39:41/ Ей, Мұхаммед! / Күмәнсіз, Біз саған Кітапты адамдар / адамзат / үшін ақиқатпен түсірдік. Кім тура жолмен жүрсе, ол өз пайдасына. Ал, кім адасса, тек өз зиянына адасады. Сен оларға жауапты емессің.
ٱللَّهُ يَتَوَفَّى ٱلۡأَنفُسَ حِينَ مَوۡتِهَا وَٱلَّتِي لَمۡ تَمُتۡ فِي مَنَامِهَاۖ فَيُمۡسِكُ ٱلَّتِي قَضَىٰ عَلَيۡهَا ٱلۡمَوۡتَ وَيُرۡسِلُ ٱلۡأُخۡرَىٰٓ إِلَىٰٓ أَجَلٖ مُّسَمًّىۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَٰتٖ لِّقَوۡمٖ يَتَفَكَّرُونَ
Open ayah 39:42Аллаһ жанды / құлдарының жандарын / өлетін сәтінде алады, ал әлі өлмегенді / ол жанды / ұйқыда жатқан кездерінде / уақытша / алады. Сөйтіп / құлдарынан / өлуін үкім еткендерінікін ұстап қалады да, басқасын белгіленген мерзімге дейін жібереді. Ақиқатында, мұнда ойланатын адамдар үшін белгілер бар.
أَمِ ٱتَّخَذُواْ مِن دُونِ ٱللَّهِ شُفَعَآءَۚ قُلۡ أَوَلَوۡ كَانُواْ لَا يَمۡلِكُونَ شَيۡـٔٗا وَلَا يَعۡقِلُونَ
Open ayah 39:43Әлде олар Аллаһтан өзгелерді / өздеріне / араша түсушілер етіп алды ма? / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Олар ешнәрсеге ие болмаса да және ешнәрсе ұқпаса да ма?» - деп.
قُل لِّلَّهِ ٱلشَّفَٰعَةُ جَمِيعٗاۖ لَّهُۥ مُلۡكُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِۖ ثُمَّ إِلَيۡهِ تُرۡجَعُونَ
Open ayah 39:44Айт: «Араша түсу / шапағат ету / толығымен Аллаһтікі. Аспандар мен жердің билігі -Онікі. Кейін сендер Оған қайтарыласыңдар», - деп.
وَإِذَا ذُكِرَ ٱللَّهُ وَحۡدَهُ ٱشۡمَأَزَّتۡ قُلُوبُ ٱلَّذِينَ لَا يُؤۡمِنُونَ بِٱلۡأٓخِرَةِۖ وَإِذَا ذُكِرَ ٱلَّذِينَ مِن دُونِهِۦٓ إِذَا هُمۡ يَسۡتَبۡشِرُونَ
Open ayah 39:45Қашан Аллаһтың бір Өзі туралы айтылса, соңғы, мәңгілік өмірге / ақиретке / сенбейтіндердің жүректері жиренеді. Ал, Одан өзгелер туралы айтылған кезде, олар қуанады.
قُلِ ٱللَّهُمَّ فَاطِرَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ عَٰلِمَ ٱلۡغَيۡبِ وَٱلشَّهَٰدَةِ أَنتَ تَحۡكُمُ بَيۡنَ عِبَادِكَ فِي مَا كَانُواْ فِيهِ يَخۡتَلِفُونَ
Open ayah 39:46Айт: «Аллаһым, аспандар мен жердің Жаратушысы, құпия мен айқын нәрсені Білуші! Сен құлдарыңның қайшылыққа түскен мәселелері жайлы олардың арасына үкім шығарасың», — деп.
وَلَوۡ أَنَّ لِلَّذِينَ ظَلَمُواْ مَا فِي ٱلۡأَرۡضِ جَمِيعٗا وَمِثۡلَهُۥ مَعَهُۥ لَٱفۡتَدَوۡاْ بِهِۦ مِن سُوٓءِ ٱلۡعَذَابِ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِۚ وَبَدَا لَهُم مِّنَ ٱللَّهِ مَا لَمۡ يَكُونُواْ يَحۡتَسِبُونَ
Open ayah 39:47Егер де әділетсіздерде жер жүзіндегі барлық нәрселер және онымен бірге тағы соншалық нәрселер болғанда, олар Қайта тірілу күні азаптың жаманынан құтылу үшін оны / Оның барлығын / төлемге берер еді. Оларға / ол күні! Аллаһ тарапынан, өздері ойларына да келтірмеген нәрселер көрінеді.
وَبَدَا لَهُمۡ سَيِّـَٔاتُ مَا كَسَبُواْ وَحَاقَ بِهِم مَّا كَانُواْ بِهِۦ يَسۡتَهۡزِءُونَ
Open ayah 39:48Әрі істеп тапқандарының жамандықтары олардың алдынан шығады және мазақ еткендері өздерін орап алады.
فَإِذَا مَسَّ ٱلۡإِنسَٰنَ ضُرّٞ دَعَانَا ثُمَّ إِذَا خَوَّلۡنَٰهُ نِعۡمَةٗ مِّنَّا قَالَ إِنَّمَآ أُوتِيتُهُۥ عَلَىٰ عِلۡمِۭۚ بَلۡ هِيَ فِتۡنَةٞ وَلَٰكِنَّ أَكۡثَرَهُمۡ لَا يَعۡلَمُونَ
Open ayah 39:49Қашан адамға бір зиян тиген кезде, ол Бізге жалбарынады. Содан кейін оған Өзімізден бір игілік берсек, сонда ол: «Шын мәнінде бүл маған білім негізінде берілді», - дейді. Жоқ, олай емес, бұл бір сынақ, алайда олардың көпшілігі білмейді.
قَدۡ قَالَهَا ٱلَّذِينَ مِن قَبۡلِهِمۡ فَمَآ أَغۡنَىٰ عَنۡهُم مَّا كَانُواْ يَكۡسِبُونَ
Open ayah 39:50Мұны / осындай сөздерді / олардан бұрынғылар да айтқан еді. Сонда оларды істеп тапқандары құтқармады.
فَأَصَابَهُمۡ سَيِّـَٔاتُ مَا كَسَبُواْۚ وَٱلَّذِينَ ظَلَمُواْ مِنۡ هَٰٓؤُلَآءِ سَيُصِيبُهُمۡ سَيِّـَٔاتُ مَا كَسَبُواْ وَمَا هُم بِمُعۡجِزِينَ
Open ayah 39:51Оларға / алдыңғыларға / істеп тапқандарының жамандықтары тиді. Бұлардың ішіндегі әділетсіздерге де істеп тапқандарының жамандықтары тиеді. Әрі олар / Аллаһтың жазасын, азабын / әлсірете алмайды.
أَوَلَمۡ يَعۡلَمُوٓاْ أَنَّ ٱللَّهَ يَبۡسُطُ ٱلرِّزۡقَ لِمَن يَشَآءُ وَيَقۡدِرُۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَٰتٖ لِّقَوۡمٖ يُؤۡمِنُونَ
Open ayah 39:52Олар Аллаһтың ризықты Өзі қалағанға жаятынын әрі шектеп қоятынын білмеді ме? Ақиқатында, мұнда иманды адамдар үшін белгі-ғибраттар бар.
۞قُلۡ يَٰعِبَادِيَ ٱلَّذِينَ أَسۡرَفُواْ عَلَىٰٓ أَنفُسِهِمۡ لَا تَقۡنَطُواْ مِن رَّحۡمَةِ ٱللَّهِۚ إِنَّ ٱللَّهَ يَغۡفِرُ ٱلذُّنُوبَ جَمِيعًاۚ إِنَّهُۥ هُوَ ٱلۡغَفُورُ ٱلرَّحِيمُ
Open ayah 39:53/ Ей, Мұхаммед! / Айт / Оларға Аллаһтың сөзін / : «Шектен шығып, өздеріне-өздері зиян келтірген, ей, Менің құлдарым! Аллаһтың мейірімінен үміт үзбеңдер. Ақиқатында Аллаһ күнәлардың барлығын кешіреді. Өйткені Ол өте Кешірімді, ерекше Мейірімді », - деп.
وَأَنِيبُوٓاْ إِلَىٰ رَبِّكُمۡ وَأَسۡلِمُواْ لَهُۥ مِن قَبۡلِ أَن يَأۡتِيَكُمُ ٱلۡعَذَابُ ثُمَّ لَا تُنصَرُونَ
Open ayah 39:54Әрі сендерге азап келуден бұрын өздеріңнің Раббыңа / күнәдан бас тартқан күйде / қайтыңдар және Оған бағыныңдар. Одан кейін сендерге көмек берілмейді.
وَٱتَّبِعُوٓاْ أَحۡسَنَ مَآ أُنزِلَ إِلَيۡكُم مِّن رَّبِّكُم مِّن قَبۡلِ أَن يَأۡتِيَكُمُ ٱلۡعَذَابُ بَغۡتَةٗ وَأَنتُمۡ لَا تَشۡعُرُونَ
Open ayah 39:55Әрі сендерге азап кенеттен және оны өздерің сезбеген хәлде келуден бұрын, өздеріңнің Раббыңнан түсірілген ең жақсыға / Құранға / еріндер:
أَن تَقُولَ نَفۡسٞ يَٰحَسۡرَتَىٰ عَلَىٰ مَا فَرَّطتُ فِي جَنۢبِ ٱللَّهِ وَإِن كُنتُ لَمِنَ ٱلسَّٰخِرِينَ
Open ayah 39:56«Аллаһқа қатысты қаперсіз болып, жеңіл қарағаным, мен үшін қандай өкініш! Мен мазақ етушілердің бірі болдым!» - деп, жанның айтпауы үшін;
أَوۡ تَقُولَ لَوۡ أَنَّ ٱللَّهَ هَدَىٰنِي لَكُنتُ مِنَ ٱلۡمُتَّقِينَ
Open ayah 39:57немесе: «Егер де Аллаһ мені тура жолғасалғанда, онда / мен де / тақуалардан / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандардан! болар едім», - демеуі үшін;
أَوۡ تَقُولَ حِينَ تَرَى ٱلۡعَذَابَ لَوۡ أَنَّ لِي كَرَّةٗ فَأَكُونَ مِنَ ٱلۡمُحۡسِنِينَ
Open ayah 39:58не болмаса, ол азапты көрген кезде: «Егер менде артқа қайту / мүмкіндігі / болғанда, жақсылық істеушілерден болар едім», - деп айтпауы үшін / өздеріңе жаза келуден бұрын аса ұлыАллаһқабағыныңдар / .
بَلَىٰ قَدۡ جَآءَتۡكَ ءَايَٰتِي فَكَذَّبۡتَ بِهَا وَٱسۡتَكۡبَرۡتَ وَكُنتَ مِنَ ٱلۡكَٰفِرِينَ
Open ayah 39:59/ Сонда ондай күнәһарларға / : «Жоқ, олай емес! Саған Менің аят-белгілерім келген кезде, сен оларды өтірік дедің әрі өзіңді жоғары санадың және кәпірлерден болдың», - делінеді.
وَيَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ تَرَى ٱلَّذِينَ كَذَبُواْ عَلَى ٱللَّهِ وُجُوهُهُم مُّسۡوَدَّةٌۚ أَلَيۡسَ فِي جَهَنَّمَ مَثۡوٗى لِّلۡمُتَكَبِّرِينَ
Open ayah 39:60/ Ей, Мұхаммед! / Қайта тірілу күні Аллаһ туралы өтірік айтқандардың беттері қарайғанын көресің. Өздерін жоғары санайтындардың орны Жаһаннамда емес пе?
وَيُنَجِّي ٱللَّهُ ٱلَّذِينَ ٱتَّقَوۡاْ بِمَفَازَتِهِمۡ لَا يَمَسُّهُمُ ٱلسُّوٓءُ وَلَا هُمۡ يَحۡزَنُونَ
Open ayah 39:61Аллаһ тақуаларды / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандарды / жетістіктері / тақуалықтары / арқылы құтқарады. Оларға жамандық тимейді әрі олар қайғырмайды.
ٱللَّهُ خَٰلِقُ كُلِّ شَيۡءٖۖ وَهُوَ عَلَىٰ كُلِّ شَيۡءٖ وَكِيلٞ
Open ayah 39:62Аллаһ - барлық нәрсенің Жаратушысы әрі Ол әрбір нәрсенің үстінен кепіл, Сақтаушы.
لَّهُۥ مَقَالِيدُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِۗ وَٱلَّذِينَ كَفَرُواْ بِـَٔايَٰتِ ٱللَّهِ أُوْلَٰٓئِكَ هُمُ ٱلۡخَٰسِرُونَ
Open ayah 39:63Аспандардың және жердің қазыналары - Онікі. Аллаһтың аят-белгілеріне күпірлік ететіндер / сенбейтіндер / , міне солар - шын зиян шегушілер.
قُلۡ أَفَغَيۡرَ ٱللَّهِ تَأۡمُرُوٓنِّيٓ أَعۡبُدُ أَيُّهَا ٱلۡجَٰهِلُونَ
Open ayah 39:64/ Ей, Мұхаммед!! Айт: «Ей, надандар! Сендер маған Аллаһтан басқаға құлшылық жасауды бұйырасыңдар ма?» - деп.
وَلَقَدۡ أُوحِيَ إِلَيۡكَ وَإِلَى ٱلَّذِينَ مِن قَبۡلِكَ لَئِنۡ أَشۡرَكۡتَ لَيَحۡبَطَنَّ عَمَلُكَ وَلَتَكُونَنَّ مِنَ ٱلۡخَٰسِرِينَ
Open ayah 39:65Ақиқатында, саған және сенен алдыңғыларға / алдын өткен әрбір пайғамбарға / : «Егер Аллаһқа біреуді серік етіп қоссаң, амалың жойылып кетеді әрі анық зиян шегушілерден боласың», - деп уахи етілді.
بَلِ ٱللَّهَ فَٱعۡبُدۡ وَكُن مِّنَ ٱلشَّٰكِرِينَ
Open ayah 39:66Сен Аллаһқа ғана құлшылық ет әрі шүкір етушілерден / Оның берген игіліктеріне алғыс білдірушілерден! бол.
وَمَا قَدَرُواْ ٱللَّهَ حَقَّ قَدۡرِهِۦ وَٱلۡأَرۡضُ جَمِيعٗا قَبۡضَتُهُۥ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ وَٱلسَّمَٰوَٰتُ مَطۡوِيَّٰتُۢ بِيَمِينِهِۦۚ سُبۡحَٰنَهُۥ وَتَعَٰلَىٰ عَمَّا يُشۡرِكُونَ
Open ayah 39:67Ал, олар / кәпірлер / Аллаһты Оның қадіріне сай бағалаған жоқ. Қайта тірілу күні жер бүтіндей Оның уысында, ал аспандар оралған түрде Оның оң қолында / болады / . Ол - олардың серік етіп қосқандарынан пәк әрі жоғары.
وَنُفِخَ فِي ٱلصُّورِ فَصَعِقَ مَن فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَمَن فِي ٱلۡأَرۡضِ إِلَّا مَن شَآءَ ٱللَّهُۖ ثُمَّ نُفِخَ فِيهِ أُخۡرَىٰ فَإِذَا هُمۡ قِيَامٞ يَنظُرُونَ
Open ayah 39:68Әрі сүр үріледі де, аспандардағы және жердегі Аллаһ қалағаннан басқа барлығы да құлайды / өледі / . Содан кейін ол тағы бір рет үріледі, сонда олар түрегеп, қарап тұрады.
وَأَشۡرَقَتِ ٱلۡأَرۡضُ بِنُورِ رَبِّهَا وَوُضِعَ ٱلۡكِتَٰبُ وَجِاْيٓءَ بِٱلنَّبِيِّـۧنَ وَٱلشُّهَدَآءِ وَقُضِيَ بَيۡنَهُم بِٱلۡحَقِّ وَهُمۡ لَا يُظۡلَمُونَ
Open ayah 39:69Әрі жер жүзі Раббысының нұрымен жарық болады. Кітап қойылады және пайғамбарлар мен куәлар келтіріледі. және олардың арасына әділдікпен үкім етіліп, оларға әділетсіздік жасалмайды.
وَوُفِّيَتۡ كُلُّ نَفۡسٖ مَّا عَمِلَتۡ وَهُوَ أَعۡلَمُ بِمَا يَفۡعَلُونَ
Open ayah 39:70Әрі әрбір жанға істегені толық беріледі. Ол - олардың не істегендерін жақсы біледі.
وَسِيقَ ٱلَّذِينَ كَفَرُوٓاْ إِلَىٰ جَهَنَّمَ زُمَرًاۖ حَتَّىٰٓ إِذَا جَآءُوهَا فُتِحَتۡ أَبۡوَٰبُهَا وَقَالَ لَهُمۡ خَزَنَتُهَآ أَلَمۡ يَأۡتِكُمۡ رُسُلٞ مِّنكُمۡ يَتۡلُونَ عَلَيۡكُمۡ ءَايَٰتِ رَبِّكُمۡ وَيُنذِرُونَكُمۡ لِقَآءَ يَوۡمِكُمۡ هَٰذَاۚ قَالُواْ بَلَىٰ وَلَٰكِنۡ حَقَّتۡ كَلِمَةُ ٱلۡعَذَابِ عَلَى ٱلۡكَٰفِرِينَ
Open ayah 39:71Әрі күпірлік етушілер / Аллаһқақарсы келушілер / Жаһаннамға топ-тобымен айдалады. Олар оған келіп, қақпалары ашылған кезде, оның күзетшілері оларға: «Сендерге өз іштеріңнен өздеріңнің Раббыңның аяттарын оқитын және сендерді осы күндеріңе жолығуды ескертіп, сақтандыратын елшілер келмеген бе еді?» - деген кезде, олар: «Иә», - дейді. Алайда, кәпірлерге қатысты азап туралы Сөз шындыққа айналды.
قِيلَ ٱدۡخُلُوٓاْ أَبۡوَٰبَ جَهَنَّمَ خَٰلِدِينَ فِيهَاۖ فَبِئۡسَ مَثۡوَى ٱلۡمُتَكَبِّرِينَ
Open ayah 39:72/ Оларға / : «Жаһаннамның қақпаларынан онда мәңгі қалатын болып кіріңдер!» -делінеді. Өздерін жоғары санағандардың тұрағы қандай жаман!
وَسِيقَ ٱلَّذِينَ ٱتَّقَوۡاْ رَبَّهُمۡ إِلَى ٱلۡجَنَّةِ زُمَرًاۖ حَتَّىٰٓ إِذَا جَآءُوهَا وَفُتِحَتۡ أَبۡوَٰبُهَا وَقَالَ لَهُمۡ خَزَنَتُهَا سَلَٰمٌ عَلَيۡكُمۡ طِبۡتُمۡ فَٱدۡخُلُوهَا خَٰلِدِينَ
Open ayah 39:73Ал, тақуалар / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандар / Жәннатқа топ-тобымен алып барылады. Олар оған келіп, қақпалары ашылған кезде, оның күзетшілері оларға: «Сендерге сәлем / амандық болсын / ! Сендер жақсы болдыңдар. Енді оған / жәннатқа / мәңгі тұратын болып кіріндер!» - дейді.
وَقَالُواْ ٱلۡحَمۡدُ لِلَّهِ ٱلَّذِي صَدَقَنَا وَعۡدَهُۥ وَأَوۡرَثَنَا ٱلۡأَرۡضَ نَتَبَوَّأُ مِنَ ٱلۡجَنَّةِ حَيۡثُ نَشَآءُۖ فَنِعۡمَ أَجۡرُ ٱلۡعَٰمِلِينَ
Open ayah 39:74Сонда олар / жәннаттағылар / : «Барлық мақтаулар бізге берген уәдесін шындыққа шығарған және бүл / жәннаттағы / жерге мұрагер еткен Аллаһқа! Біз Жәннатта өзіміз қалаған орынға жайғасамыз!» - дейді. Амал етушілердің сыйы қандай жақсы!
وَتَرَى ٱلۡمَلَٰٓئِكَةَ حَآفِّينَ مِنۡ حَوۡلِ ٱلۡعَرۡشِ يُسَبِّحُونَ بِحَمۡدِ رَبِّهِمۡۚ وَقُضِيَ بَيۡنَهُم بِٱلۡحَقِّۚ وَقِيلَ ٱلۡحَمۡدُ لِلَّهِ رَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ
Open ayah 39:75/ Ей, Мұхаммед!I Сен Аршының айналасын қоршаған періштелердің өздерінің Раббысын / барлық кемшіліктерден / пәк деп дәріптей мақтағанын көресің. Олардың арасына ақиқатпен үкім шығарылады әрі: «Барлық мақтаулар - әлемдердің Раббысы Аллаһқа!» -делінеді.