الدخان
Ad-Dukhaan
Translation: Kazakh - Khalifah Altai Charity Foundation · Open the surah
بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
حمٓ
Open ayah 44:1Ха. Мим.
وَٱلۡكِتَٰبِ ٱلۡمُبِينِ
Open ayah 44:2Анық Кітаппен ант етемін!
إِنَّآ أَنزَلۡنَٰهُ فِي لَيۡلَةٖ مُّبَٰرَكَةٍۚ إِنَّا كُنَّا مُنذِرِينَ
Open ayah 44:3Ақиқатында, Біз оны берекелі түнде түсірдік. Шын мәнінде, Біз ескертіп, сақтандырамыз.
فِيهَا يُفۡرَقُ كُلُّ أَمۡرٍ حَكِيمٍ
Open ayah 44:4Ол түні әрбір хикметті бұйрықтар бөлінеді,
أَمۡرٗا مِّنۡ عِندِنَآۚ إِنَّا كُنَّا مُرۡسِلِينَ
Open ayah 44:5Біздің әміріміз бойынша. Анығында, Біз жіберуші болдық,
رَحۡمَةٗ مِّن رَّبِّكَۚ إِنَّهُۥ هُوَ ٱلسَّمِيعُ ٱلۡعَلِيمُ
Open ayah 44:6Раббыңнан бір мейірім етіп. Ақиқатында, Ол бәрін Естуші , барлық нәрсені Білуші.
رَبِّ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ وَمَا بَيۡنَهُمَآۖ إِن كُنتُم مُّوقِنِينَ
Open ayah 44:7Егер айқын сенуші болсаңдар, бұл / мейірім / - аспандардың және жердің әрі ол екеуінің арасындағылардың Раббысынан.
لَآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ يُحۡيِۦ وَيُمِيتُۖ رَبُّكُمۡ وَرَبُّ ءَابَآئِكُمُ ٱلۡأَوَّلِينَ
Open ayah 44:8Одан басқа ешбір құдай жоқ. Ол тірілтеді және өлтіреді. Ол - сендердің Раббың әрі бұрынғы ата-бабаларыңның да Раббысы.
بَلۡ هُمۡ فِي شَكّٖ يَلۡعَبُونَ
Open ayah 44:9Бірақ олар / сенбейтіндер / күмәнда болып, ойын етіп жүр.
فَٱرۡتَقِبۡ يَوۡمَ تَأۡتِي ٱلسَّمَآءُ بِدُخَانٖ مُّبِينٖ
Open ayah 44:10/ Ей, Мұхаммед! / Ал, сен аспан анық түтінді әкелетін Күнді күт.
يَغۡشَى ٱلنَّاسَۖ هَٰذَا عَذَابٌ أَلِيمٞ
Open ayah 44:11Ол адамдарды орап алады. Бұл - күйзелтуші азап.
رَّبَّنَا ٱكۡشِفۡ عَنَّا ٱلۡعَذَابَ إِنَّا مُؤۡمِنُونَ
Open ayah 44:12/ Олар / : «Раббымыз! Бізді азаптан айықтыр, біз иманға келеміз»,- дейді.
أَنَّىٰ لَهُمُ ٱلذِّكۡرَىٰ وَقَدۡ جَآءَهُمۡ رَسُولٞ مُّبِينٞ
Open ayah 44:13Оларда еске алу қалай болсын, анығында оларға анық түсіндіруші Елші келген еді ғой!
ثُمَّ تَوَلَّوۡاْ عَنۡهُ وَقَالُواْ مُعَلَّمٞ مَّجۡنُونٌ
Open ayah 44:14Кейін олар одан теріс бұрылды әрі: «Үйретілген, жын соққан», - деді.
إِنَّا كَاشِفُواْ ٱلۡعَذَابِ قَلِيلًاۚ إِنَّكُمۡ عَآئِدُونَ
Open ayah 44:15Негізінде, Біз азапты аз уақытқа арылта тұрамыз. Алайда сендер / имансыздьіща) қайта ораласыңдар.
يَوۡمَ نَبۡطِشُ ٱلۡبَطۡشَةَ ٱلۡكُبۡرَىٰٓ إِنَّا مُنتَقِمُونَ
Open ayah 44:16Сол / қиямет / күні Біз / имансыздарды / қатты ұстаумен ұстаймыз, сонда, Біз сөзсіз, жазалаймыз.
۞وَلَقَدۡ فَتَنَّا قَبۡلَهُمۡ قَوۡمَ فِرۡعَوۡنَ وَجَآءَهُمۡ رَسُولٞ كَرِيمٌ
Open ayah 44:17Әрі Біз олардан бұрын Фиръаунның елін сынаған едік. Әрі оларға бір ардақты Елші келді.
أَنۡ أَدُّوٓاْ إِلَيَّ عِبَادَ ٱللَّهِۖ إِنِّي لَكُمۡ رَسُولٌ أَمِينٞ
Open ayah 44:18/ Ол / : «Аллаһтың құлдарын маған тапсырыңдар. Ақиқатында мен - сендерге / жіберілген / сенімді Елшімін.
وَأَن لَّا تَعۡلُواْ عَلَى ٱللَّهِۖ إِنِّيٓ ءَاتِيكُم بِسُلۡطَٰنٖ مُّبِينٖ
Open ayah 44:19Аллаһқа қарсы менмендік етпеңдер, мен сендерге анық дәлелмен келдім.
وَإِنِّي عُذۡتُ بِرَبِّي وَرَبِّكُمۡ أَن تَرۡجُمُونِ
Open ayah 44:20Әрі мен сендердің таспен ұруларыңнан өзімнің Раббым әрі сендердің Раббыңа / Аллаһқа / сиынып, Оның қорғауына жүгіндім.
وَإِن لَّمۡ تُؤۡمِنُواْ لِي فَٱعۡتَزِلُونِ
Open ayah 44:21Егер маған сенбесеңдер, онда менен аулақ болыңдар», - деді?
فَدَعَا رَبَّهُۥٓ أَنَّ هَٰٓؤُلَآءِ قَوۡمٞ مُّجۡرِمُونَ
Open ayah 44:22Сөйтіп / кейін / ол: «Негізінде, бұлар - қылмыскер ел», - деп, Раббысына жалбарынды.
فَأَسۡرِ بِعِبَادِي لَيۡلًا إِنَّكُم مُّتَّبَعُونَ
Open ayah 44:23Сонда: «Құлдарымды алып, түнде жолға шық. Олар сендердің соңдарыңнан түседі.
وَٱتۡرُكِ ٱلۡبَحۡرَ رَهۡوًاۖ إِنَّهُمۡ جُندٞ مُّغۡرَقُونَ
Open ayah 44:24Әрі теңізді тыныш күйінде қалдыр, өйткені олар / фиръаундықтар / суға батырылатын әскер»,- / деген уахи келді / .
كَمۡ تَرَكُواْ مِن جَنَّٰتٖ وَعُيُونٖ
Open ayah 44:25Олар қаншама бақтар мен бұлақтарды қалдырды,
وَزُرُوعٖ وَمَقَامٖ كَرِيمٖ
Open ayah 44:26егіндер мен кең салтанатты орын жайларды,
وَنَعۡمَةٖ كَانُواْ فِيهَا فَٰكِهِينَ
Open ayah 44:27әрі өздері рахатын көрген игіліктерді.
كَذَٰلِكَۖ وَأَوۡرَثۡنَٰهَا قَوۡمًا ءَاخَرِينَ
Open ayah 44:28Міне осылай! Біз бұлардың барлығын басқа елге мұра етіп бердік.
فَمَا بَكَتۡ عَلَيۡهِمُ ٱلسَّمَآءُ وَٱلۡأَرۡضُ وَمَا كَانُواْ مُنظَرِينَ
Open ayah 44:29Оларға / фиръаундықтарға / аспан да, жер де жыламады әрі оларға ұзартылмады / мұрсат берілмеді / .
وَلَقَدۡ نَجَّيۡنَا بَنِيٓ إِسۡرَٰٓءِيلَ مِنَ ٱلۡعَذَابِ ٱلۡمُهِينِ
Open ayah 44:30Әрі Біз Исраил ұрпақтарын қорлаушы азаптан құтқардық -
مِن فِرۡعَوۡنَۚ إِنَّهُۥ كَانَ عَالِيٗا مِّنَ ٱلۡمُسۡرِفِينَ
Open ayah 44:31Фиръауннан. Анығында, ол өзін жоғары санап, менменсіген әрі шектен шығушылардан еді.
وَلَقَدِ ٱخۡتَرۡنَٰهُمۡ عَلَىٰ عِلۡمٍ عَلَى ٱلۡعَٰلَمِينَ
Open ayah 44:32Әрі Біз оларды білімімізбен әлемдерден таңдадық.
وَءَاتَيۡنَٰهُم مِّنَ ٱلۡأٓيَٰتِ مَا فِيهِ بَلَٰٓؤٞاْ مُّبِينٌ
Open ayah 44:33Біз оларға белгі-мұғжизаларды бердік. Оларда анық сынақтар бар еді.
إِنَّ هَٰٓؤُلَآءِ لَيَقُولُونَ
Open ayah 44:34Ақиқатында, бұлар / мүшріктер / әлбетте былай деп айтады:
إِنۡ هِيَ إِلَّا مَوۡتَتُنَا ٱلۡأُولَىٰ وَمَا نَحۡنُ بِمُنشَرِينَ
Open ayah 44:35«Біздің тек бірінші өлуіміз ғана / бар / әрі біз қайта тірілтілмейміз.
فَأۡتُواْ بِـَٔابَآئِنَآ إِن كُنتُمۡ صَٰدِقِينَ
Open ayah 44:36Егер шын сөзді болсаңдар, аталарымызды келтіріңдер», - деп.
أَهُمۡ خَيۡرٌ أَمۡ قَوۡمُ تُبَّعٖ وَٱلَّذِينَ مِن قَبۡلِهِمۡ أَهۡلَكۡنَٰهُمۡۚ إِنَّهُمۡ كَانُواْ مُجۡرِمِينَ
Open ayah 44:37Олар артық па, әлде Туббаъның елі және олардан бұрын өткендер ме? Біз оларды жойып жібердік. Өйткені олар қылмыскер еді.
وَمَا خَلَقۡنَا ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضَ وَمَا بَيۡنَهُمَا لَٰعِبِينَ
Open ayah 44:38Біз аспандарды және жерді әрі екеуінің арасындағыларын ермек етіп, / бостан-бос / жаратқан жоқпыз.
مَا خَلَقۡنَٰهُمَآ إِلَّا بِٱلۡحَقِّ وَلَٰكِنَّ أَكۡثَرَهُمۡ لَا يَعۡلَمُونَ
Open ayah 44:39Біз екеуін ақиқатпен ғана жараттық. Бірақ олардың көбі білмейді.
إِنَّ يَوۡمَ ٱلۡفَصۡلِ مِيقَٰتُهُمۡ أَجۡمَعِينَ
Open ayah 44:40Шын мәнінде, Айыру Күні - олардың барлығы үшін белгіленген мерзім.
يَوۡمَ لَا يُغۡنِي مَوۡلًى عَن مَّوۡلٗى شَيۡـٔٗا وَلَا هُمۡ يُنصَرُونَ
Open ayah 44:41Ол күні ешбір жақын жақынына пайда бермейді әрі оларға көмек те көрсетілмейді,
إِلَّا مَن رَّحِمَ ٱللَّهُۚ إِنَّهُۥ هُوَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلرَّحِيمُ
Open ayah 44:42тек Аллаһ мейіріміне бөлегендер ғана басқа. Ақиқатында, Ол бәрінен Үстем, ерекше Мейірімді.
إِنَّ شَجَرَتَ ٱلزَّقُّومِ
Open ayah 44:43Күдіксіз, заққұм ағашы -
طَعَامُ ٱلۡأَثِيمِ
Open ayah 44:44күнәһардың тамағы.
كَٱلۡمُهۡلِ يَغۡلِي فِي ٱلۡبُطُونِ
Open ayah 44:45Ол қарындарда балқыған мыс секілді қайнайды,
كَغَلۡيِ ٱلۡحَمِيمِ
Open ayah 44:46қайнап тұрғаны судың / бұрқылдап / қайнағанындай.
خُذُوهُ فَٱعۡتِلُوهُ إِلَىٰ سَوَآءِ ٱلۡجَحِيمِ
Open ayah 44:47Оны ұстаңдар да Жахимнің ортасына сүйретіп апарыңдар.
ثُمَّ صُبُّواْ فَوۡقَ رَأۡسِهِۦ مِنۡ عَذَابِ ٱلۡحَمِيمِ
Open ayah 44:48Содан кейін оның басының үстінен қайнап тұрған судың азабынан құйыңдар.
ذُقۡ إِنَّكَ أَنتَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلۡكَرِيمُ
Open ayah 44:49/ Сонда сенбеушілерге / : «Татып көр, сен «күшті, құрметтісің» ғой.
إِنَّ هَٰذَا مَا كُنتُم بِهِۦ تَمۡتَرُونَ
Open ayah 44:50Анығында, бұл - сендердің күмәнданып келгендерің.
إِنَّ ٱلۡمُتَّقِينَ فِي مَقَامٍ أَمِينٖ
Open ayah 44:51Ақиқатында, тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар / бейбіт орындарда -
فِي جَنَّٰتٖ وَعُيُونٖ
Open ayah 44:52Жәннат бақтары мен бұлақтарында.
يَلۡبَسُونَ مِن سُندُسٖ وَإِسۡتَبۡرَقٖ مُّتَقَٰبِلِينَ
Open ayah 44:53Олар жұқа және қалың жібектен киімдер киіп, бір-біріне жүзбе-жүз халде отырады.
كَذَٰلِكَ وَزَوَّجۡنَٰهُم بِحُورٍ عِينٖ
Open ayah 44:54Осылай! Әрі оларды аппақ, көздері үлкен де әдемілермен / хурлармен / үйлендіреміз.
يَدۡعُونَ فِيهَا بِكُلِّ فَٰكِهَةٍ ءَامِنِينَ
Open ayah 44:55Олар ол жерде амандықта болып, кез келген жемісті алдыра алады.
لَا يَذُوقُونَ فِيهَا ٱلۡمَوۡتَ إِلَّا ٱلۡمَوۡتَةَ ٱلۡأُولَىٰۖ وَوَقَىٰهُمۡ عَذَابَ ٱلۡجَحِيمِ
Open ayah 44:56Алғашқы өлімнен кейін ол жерде олар өлімді татпайды. Әрі Ол - оларды Жахим азабынан сақтаған.
فَضۡلٗا مِّن رَّبِّكَۚ ذَٰلِكَ هُوَ ٱلۡفَوۡزُ ٱلۡعَظِيمُ
Open ayah 44:57/ Ей, Мұхаммед! / Бұл - сенің Раббыңның кеңшілігімен. Міне, осы - ұлы жетістік.
فَإِنَّمَا يَسَّرۡنَٰهُ بِلِسَانِكَ لَعَلَّهُمۡ يَتَذَكَّرُونَ
Open ayah 44:58Шын мәнінде, Біз оны / Құранды / олардың еске алулары үшін сенің тіліңде жеңілдеттік.
فَٱرۡتَقِبۡ إِنَّهُم مُّرۡتَقِبُونَ
Open ayah 44:59Енді күт, негізінде олар да күтуде.