فصلت
Fussilat
Translation: Kazakh - Khalifah Altai Charity Foundation · Open the surah
بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
حمٓ
Open ayah 41:1Ха. Мим.
تَنزِيلٞ مِّنَ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
Open ayah 41:2Аса Қайырымды, ерекше Мейірімдіден түсірілген.
كِتَٰبٞ فُصِّلَتۡ ءَايَٰتُهُۥ قُرۡءَانًا عَرَبِيّٗا لِّقَوۡمٖ يَعۡلَمُونَ
Open ayah 41:3Арабша Құран етіп, білетін адамдар үшін аяттары анық түсіндіріліп / түсірілген / бір Кітап, -
بَشِيرٗا وَنَذِيرٗا فَأَعۡرَضَ أَكۡثَرُهُمۡ فَهُمۡ لَا يَسۡمَعُونَ
Open ayah 41:4қуанышты хабар жеткізуші әрі ескертіп, сақтандырушы ретінде. Бірақ, олардың / адамдардың / көбі теріс бұрылады сөйтіп құлақ аспайды.
وَقَالُواْ قُلُوبُنَا فِيٓ أَكِنَّةٖ مِّمَّا تَدۡعُونَآ إِلَيۡهِ وَفِيٓ ءَاذَانِنَا وَقۡرٞ وَمِنۢ بَيۡنِنَا وَبَيۡنِكَ حِجَابٞ فَٱعۡمَلۡ إِنَّنَا عَٰمِلُونَ
Open ayah 41:5Әрі олар: «Сенің бізді шақырып жатқан нәрседен біздің жүректеріміз / перделеніп / тұмшаланған әрі құлақтарымызда кереңдік бар, ал біз бен сенің арамызда тосық бар. Сен өз амалыңды істе, біз де өз амалымызды істей береміз»,- деді.
قُلۡ إِنَّمَآ أَنَا۠ بَشَرٞ مِّثۡلُكُمۡ يُوحَىٰٓ إِلَيَّ أَنَّمَآ إِلَٰهُكُمۡ إِلَٰهٞ وَٰحِدٞ فَٱسۡتَقِيمُوٓاْ إِلَيۡهِ وَٱسۡتَغۡفِرُوهُۗ وَوَيۡلٞ لِّلۡمُشۡرِكِينَ
Open ayah 41:6/ Ей, Мұхаммед! / Айт: «Мен бар болғаны сендер сияқты ғана адаммын. Сендердің құдайларың бір ғана құдай екендігі маған уахи етілуде. Оған қарай тура барыңдар және Одан кешірім тілеңдер. Ал, серік қосушыларға үлкен қасірет бар,
ٱلَّذِينَ لَا يُؤۡتُونَ ٱلزَّكَوٰةَ وَهُم بِٱلۡأٓخِرَةِ هُمۡ كَٰفِرُونَ
Open ayah 41:7сондай тазартатынды / зекетті / бермейтіндерге және соңғы, мәңгілік өмірге / ақиретке / сенбейтіндерге»,- деп.
إِنَّ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّٰلِحَٰتِ لَهُمۡ أَجۡرٌ غَيۡرُ مَمۡنُونٖ
Open ayah 41:8Ақиқатында иманға келген және ізгі амал жасағандарға үзілмейтін сый бар.
۞قُلۡ أَئِنَّكُمۡ لَتَكۡفُرُونَ بِٱلَّذِي خَلَقَ ٱلۡأَرۡضَ فِي يَوۡمَيۡنِ وَتَجۡعَلُونَ لَهُۥٓ أَندَادٗاۚ ذَٰلِكَ رَبُّ ٱلۡعَٰلَمِينَ
Open ayah 41:9/ Ей, Мұхаммед! / Айт: «Сендер жерді екі күнде жаратқанға күпірлік танытып / сенбей, қарсы келіп / және Оған өзгелерді теңдес жасайсыңдар ма? Ол / Аллаһ / - бүкіл әлемдердің Раббысы», - деп.
وَجَعَلَ فِيهَا رَوَٰسِيَ مِن فَوۡقِهَا وَبَٰرَكَ فِيهَا وَقَدَّرَ فِيهَآ أَقۡوَٰتَهَا فِيٓ أَرۡبَعَةِ أَيَّامٖ سَوَآءٗ لِّلسَّآئِلِينَ
Open ayah 41:10Әрі Ол онда / жерде / , оның үстіне берік тұрғандарды / тауларды / орнатты әрі оған береке берді және онда / жердегі / ризық несібелерін толық төрт күнде мөлшерлеп белгіледі. Бүл сұраушылар үшін.
ثُمَّ ٱسۡتَوَىٰٓ إِلَى ٱلسَّمَآءِ وَهِيَ دُخَانٞ فَقَالَ لَهَا وَلِلۡأَرۡضِ ٱئۡتِيَا طَوۡعًا أَوۡ كَرۡهٗا قَالَتَآ أَتَيۡنَا طَآئِعِينَ
Open ayah 41:11Кейін, Ол түтін / бу / күйіндегі аспанға қарап, оған және жерге: «Ерікті немесе мәжбүрлі түрде келіңдер», - деді. Ол екеуі: «Біз ерікті түрде келдік», - деді.
فَقَضَىٰهُنَّ سَبۡعَ سَمَٰوَاتٖ فِي يَوۡمَيۡنِ وَأَوۡحَىٰ فِي كُلِّ سَمَآءٍ أَمۡرَهَاۚ وَزَيَّنَّا ٱلسَّمَآءَ ٱلدُّنۡيَا بِمَصَٰبِيحَ وَحِفۡظٗاۚ ذَٰلِكَ تَقۡدِيرُ ٱلۡعَزِيزِ ٱلۡعَلِيمِ
Open ayah 41:12Әрі Ол / Аллаһ / оларды екі күнде жеті аспан етіп жасады және әрбір аспанға оның өзіне қатысты ісін білдірді / реттеп бекітті / . Әрі Біз төменгі аспанды шамдармен безендірдік және онымен қорғадық. Бұл - бәрінен Үстем, бәрін Білушінің белгілеп бекітуі.
فَإِنۡ أَعۡرَضُواْ فَقُلۡ أَنذَرۡتُكُمۡ صَٰعِقَةٗ مِّثۡلَ صَٰعِقَةِ عَادٖ وَثَمُودَ
Open ayah 41:13/ Ей, Мұхаммед! / Егер де олар / кәпірлер / теріс бұрылса: «Мен сендерді Ад пен Сәмүд еліне келген саъиқа секілді саъиқаны ескерттім», - деп айт.
إِذۡ جَآءَتۡهُمُ ٱلرُّسُلُ مِنۢ بَيۡنِ أَيۡدِيهِمۡ وَمِنۡ خَلۡفِهِمۡ أَلَّا تَعۡبُدُوٓاْ إِلَّا ٱللَّهَۖ قَالُواْ لَوۡ شَآءَ رَبُّنَا لَأَنزَلَ مَلَٰٓئِكَةٗ فَإِنَّا بِمَآ أُرۡسِلۡتُم بِهِۦ كَٰفِرُونَ
Open ayah 41:14Оларға елшілері алдынан да, артынан да / жан-жағынан / келіп: «Аллаһтан басқаға Құлшылық етпеңдер»,- деген кезде, олар: «Егер де Раббымыз қалағанда, періштелерді түсіретін еді. Біз сендермен жіберілгенге сенбейміз», - деді.
فَأَمَّا عَادٞ فَٱسۡتَكۡبَرُواْ فِي ٱلۡأَرۡضِ بِغَيۡرِ ٱلۡحَقِّ وَقَالُواْ مَنۡ أَشَدُّ مِنَّا قُوَّةًۖ أَوَلَمۡ يَرَوۡاْ أَنَّ ٱللَّهَ ٱلَّذِي خَلَقَهُمۡ هُوَ أَشَدُّ مِنۡهُمۡ قُوَّةٗۖ وَكَانُواْ بِـَٔايَٰتِنَا يَجۡحَدُونَ
Open ayah 41:15Ад елі құқылары болмаса да жер бетінде менменсіп, өздерін жоғары санады және: «Бізден күшті кім бар?» - деді. Олар өздерін жаратқан Аллаһтың олардан күшті екенін көрмеді ме? Әрі олар Біздің аят-белгілерімізді теріске шығарды.
فَأَرۡسَلۡنَا عَلَيۡهِمۡ رِيحٗا صَرۡصَرٗا فِيٓ أَيَّامٖ نَّحِسَاتٖ لِّنُذِيقَهُمۡ عَذَابَ ٱلۡخِزۡيِ فِي ٱلۡحَيَوٰةِ ٱلدُّنۡيَاۖ وَلَعَذَابُ ٱلۡأٓخِرَةِ أَخۡزَىٰۖ وَهُمۡ لَا يُنصَرُونَ
Open ayah 41:16Сонда осы өмірде қорлаушы азапты таттыру үшін Біз оларға қиын күндері, қатты ұйытқып соққан желді жібердік. Ал, соңғы, мәңгілік өмірдің / ақиреттің / азабы одан бетер қор етуші әрі оларға көмек көрсетілмейді.
وَأَمَّا ثَمُودُ فَهَدَيۡنَٰهُمۡ فَٱسۡتَحَبُّواْ ٱلۡعَمَىٰ عَلَى ٱلۡهُدَىٰ فَأَخَذَتۡهُمۡ صَٰعِقَةُ ٱلۡعَذَابِ ٱلۡهُونِ بِمَا كَانُواْ يَكۡسِبُونَ
Open ayah 41:17Ал, сәмудтықтарға келсек, Біз оларға тура жолды көрсеттік, бірақ олар тура жолдың орнына соқырлықты артық көрді. Сонда оларға істеп тапқандары / күнәлары / себебінен қорлаушы азаптың саъиқасы тиді.
وَنَجَّيۡنَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَكَانُواْ يَتَّقُونَ
Open ayah 41:18Ал, иманға келген және тақуалық еткендерді / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандарды / құтқардық.
وَيَوۡمَ يُحۡشَرُ أَعۡدَآءُ ٱللَّهِ إِلَى ٱلنَّارِ فَهُمۡ يُوزَعُونَ
Open ayah 41:19Ол күні Аллаһтың жаулары Оттың алдына жиналдырылып, тосылады.
حَتَّىٰٓ إِذَا مَا جَآءُوهَا شَهِدَ عَلَيۡهِمۡ سَمۡعُهُمۡ وَأَبۡصَٰرُهُمۡ وَجُلُودُهُم بِمَا كَانُواْ يَعۡمَلُونَ
Open ayah 41:20Ал, қашан олар оған / тозаққа / келген кезде есту, көру / мүшелері / және терілері істеген іс-әрекеттері жайлы олардың өздеріне қарсы куәлік береді.
وَقَالُواْ لِجُلُودِهِمۡ لِمَ شَهِدتُّمۡ عَلَيۡنَاۖ قَالُوٓاْ أَنطَقَنَا ٱللَّهُ ٱلَّذِيٓ أَنطَقَ كُلَّ شَيۡءٖۚ وَهُوَ خَلَقَكُمۡ أَوَّلَ مَرَّةٖ وَإِلَيۡهِ تُرۡجَعُونَ
Open ayah 41:21Сонда олар өздерінің терілеріне: «Не үшін бізге қарсы куәлік бердіңдер?» - дейді. / Терілері / : «Әрбір нәрсені сөйлеткен Аллаһ бізді де сөйлетті», - дейді. Ол сендерді алғашқы ретте / әуел баста / жаратты әрі сендер Оған қайтарыласыңдар.
وَمَا كُنتُمۡ تَسۡتَتِرُونَ أَن يَشۡهَدَ عَلَيۡكُمۡ سَمۡعُكُمۡ وَلَآ أَبۡصَٰرُكُمۡ وَلَا جُلُودُكُمۡ وَلَٰكِن ظَنَنتُمۡ أَنَّ ٱللَّهَ لَا يَعۡلَمُ كَثِيرٗا مِّمَّا تَعۡمَلُونَ
Open ayah 41:22Сендер естулеріңнің, көрулеріңнің / құлақ, көздеріңнің / және терілеріңнің өздеріңе қарсы куәлік беруінен жасырынбайтын едіңдер. Сендер өздерің істеген істердің көбін Аллаһ білмейді деп ойладыңдар.
وَذَٰلِكُمۡ ظَنُّكُمُ ٱلَّذِي ظَنَنتُم بِرَبِّكُمۡ أَرۡدَىٰكُمۡ فَأَصۡبَحۡتُم مِّنَ ٱلۡخَٰسِرِينَ
Open ayah 41:23Өздеріңнің Раббың жайлы осы ойларың / жорамалдарың / сендерді кұртып, зиян шегушілерден болдыңдар.
فَإِن يَصۡبِرُواْ فَٱلنَّارُ مَثۡوٗى لَّهُمۡۖ وَإِن يَسۡتَعۡتِبُواْ فَمَا هُم مِّنَ ٱلۡمُعۡتَبِينَ
Open ayah 41:24Ал, енді олар шыдар болса, олардың тұрақтайтын мекені От болады. Олар қанша разылық / кешірім / сұраса да разылық / кешірім / алғандардан болмайды.
۞وَقَيَّضۡنَا لَهُمۡ قُرَنَآءَ فَزَيَّنُواْ لَهُم مَّا بَيۡنَ أَيۡدِيهِمۡ وَمَا خَلۡفَهُمۡ وَحَقَّ عَلَيۡهِمُ ٱلۡقَوۡلُ فِيٓ أُمَمٖ قَدۡ خَلَتۡ مِن قَبۡلِهِم مِّنَ ٱلۡجِنِّ وَٱلۡإِنسِۖ إِنَّهُمۡ كَانُواْ خَٰسِرِينَ
Open ayah 41:25Әрі Біз оларға «жолдастар» / серіктер / бекітіп қойдық. Оларға / ол серіктері / алдарындағы және арттарындағыны әдемі етіп көрсетті. Сөйтіп өздерінен бұрын өткен жындар мен адамдардың қауымдарына қатысты / жазаға тарту жайлы / Сөз бұларға да тиісті болды. Шын мәнінде, олар зиян шегушілерден болды.
وَقَالَ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ لَا تَسۡمَعُواْ لِهَٰذَا ٱلۡقُرۡءَانِ وَٱلۡغَوۡاْ فِيهِ لَعَلَّكُمۡ تَغۡلِبُونَ
Open ayah 41:26Әрі күпірлік етушілер / Құраннан теріс бұрылушылар! \ «Бұл Құранды тыңдамаңдар және оған байланысты бос сөзді сөйлеңдер. Сонда мүмкін жеңіске жетерсіңдер», - деді.
فَلَنُذِيقَنَّ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ عَذَابٗا شَدِيدٗا وَلَنَجۡزِيَنَّهُمۡ أَسۡوَأَ ٱلَّذِي كَانُواْ يَعۡمَلُونَ
Open ayah 41:27Біз күпірлік етушілерге / Аллаһқа қарсы келушілерге / міндетті түрде қатты азапты таттырамыз әрі оларға істеген істерінің ең жаманының қайтарым жазасын береміз.
ذَٰلِكَ جَزَآءُ أَعۡدَآءِ ٱللَّهِ ٱلنَّارُۖ لَهُمۡ فِيهَا دَارُ ٱلۡخُلۡدِ جَزَآءَۢ بِمَا كَانُواْ بِـَٔايَٰتِنَا يَجۡحَدُونَ
Open ayah 41:28Міне, Аллаһтың жауларының қайтарым жазасы От. Біздің аяттарымызды, белгілерімізді теріске шығарғандары үшін оларға ол жерде / тозақта / қайтарым жаза ретінде мәңгілік тұрақ бар.
وَقَالَ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ رَبَّنَآ أَرِنَا ٱلَّذَيۡنِ أَضَلَّانَا مِنَ ٱلۡجِنِّ وَٱلۡإِنسِ نَجۡعَلۡهُمَا تَحۡتَ أَقۡدَامِنَا لِيَكُونَا مِنَ ٱلۡأَسۡفَلِينَ
Open ayah 41:29Әрі сондай күпірлік еткендер / иманға келмегендер / : «Раббымыз! Бізді адастырған жындар мен адамдардан болған екеуін корсет, біз оларды ең төмендетілгендерден болулары үшін табандарымыздың астына тастайық», - дейді.
إِنَّ ٱلَّذِينَ قَالُواْ رَبُّنَا ٱللَّهُ ثُمَّ ٱسۡتَقَٰمُواْ تَتَنَزَّلُ عَلَيۡهِمُ ٱلۡمَلَٰٓئِكَةُ أَلَّا تَخَافُواْ وَلَا تَحۡزَنُواْ وَأَبۡشِرُواْ بِٱلۡجَنَّةِ ٱلَّتِي كُنتُمۡ تُوعَدُونَ
Open ayah 41:30Ақиқатында: «Раббымыз - Аллаһ» - деп, кейін туралықты ұстанғандарға періштелер түсіп: «Қорықпаңдар және қайғырмаңдар әрі сендерге уәде етілген жәннатқа қуаныңдар.
نَحۡنُ أَوۡلِيَآؤُكُمۡ فِي ٱلۡحَيَوٰةِ ٱلدُّنۡيَا وَفِي ٱلۡأٓخِرَةِۖ وَلَكُمۡ فِيهَا مَا تَشۡتَهِيٓ أَنفُسُكُمۡ وَلَكُمۡ فِيهَا مَا تَدَّعُونَ
Open ayah 41:31Біз - сендердің осы өмірдегі және соңғы, мәңгілік өмірдегі / ақиреттегі / достарыңбыз. Сендерге ол жерде жандарыңның қалағаны бар. Әрі сендерге ол жерде сұрағандарыңның бәрі бар -
نُزُلٗا مِّنۡ غَفُورٖ رَّحِيمٖ
Open ayah 41:32өте Кешірімді , ерекше Мейірімдіден сый-құрмет ретінде», - дейді.
وَمَنۡ أَحۡسَنُ قَوۡلٗا مِّمَّن دَعَآ إِلَى ٱللَّهِ وَعَمِلَ صَٰلِحٗا وَقَالَ إِنَّنِي مِنَ ٱلۡمُسۡلِمِينَ
Open ayah 41:33Аллаһқа шақырып, әрі ізгі амал істеп және: «Шын мәнінде, мен - мұсылмандарданмын», - деген адамның сөзінен кімнің сөзі жақсы бола алады?
وَلَا تَسۡتَوِي ٱلۡحَسَنَةُ وَلَا ٱلسَّيِّئَةُۚ ٱدۡفَعۡ بِٱلَّتِي هِيَ أَحۡسَنُ فَإِذَا ٱلَّذِي بَيۡنَكَ وَبَيۡنَهُۥ عَدَٰوَةٞ كَأَنَّهُۥ وَلِيٌّ حَمِيمٞ
Open ayah 41:34Жақсылық пен жамандық тең бола алмайды. / Жамандықты / ең жақсы нәрсемен қайтар. Сонда араларыңда дұшпандық болған біреу жақын достай болады.
وَمَا يُلَقَّىٰهَآ إِلَّا ٱلَّذِينَ صَبَرُواْ وَمَا يُلَقَّىٰهَآ إِلَّا ذُو حَظٍّ عَظِيمٖ
Open ayah 41:35Бұған / осы сипатқа / тек сабыр етушілер ғана жетеді, әрі бұған тек ұлы үлеске ие болғандар ғана жетеді.
وَإِمَّا يَنزَغَنَّكَ مِنَ ٱلشَّيۡطَٰنِ نَزۡغٞ فَٱسۡتَعِذۡ بِٱللَّهِۖ إِنَّهُۥ هُوَ ٱلسَّمِيعُ ٱلۡعَلِيمُ
Open ayah 41:36/ Ей, Мұхаммед! / Ал, қашан саған шайтаннан наз'г / азғыру, жамандыққа итермелеу / болса Аллаһқа жүгініп, өзінді қорғауын тіле. Өйткені, Ол әс-Самиъ / бәрін Естуші / , әл-’Алим / бәрін Білуші / .
وَمِنۡ ءَايَٰتِهِ ٱلَّيۡلُ وَٱلنَّهَارُ وَٱلشَّمۡسُ وَٱلۡقَمَرُۚ لَا تَسۡجُدُواْ لِلشَّمۡسِ وَلَا لِلۡقَمَرِ وَٱسۡجُدُواْۤ لِلَّهِۤ ٱلَّذِي خَلَقَهُنَّ إِن كُنتُمۡ إِيَّاهُ تَعۡبُدُونَ
Open ayah 41:37Әрі түн мен күндіз және күн мен ай Оның белгілерінен. Күнге де, айға да сәжде жасамаңдар, оларды жаратқан Аллаһтың Өзіне ғана сәжде жасаңдар, егер құлшылықты Оған арнап істейтін болсаңдар.
فَإِنِ ٱسۡتَكۡبَرُواْ فَٱلَّذِينَ عِندَ رَبِّكَ يُسَبِّحُونَ لَهُۥ بِٱلَّيۡلِ وَٱلنَّهَارِ وَهُمۡ لَا يَسۡـَٔمُونَ۩
Open ayah 41:38Ал, егер олар / кәпірлер / өздерін жоғары қойып, тәкаппарланса, біліңдер Раббыңның қасындағылар / періштелер / түнде және күндіз Оны / барлық кемшіліктен / пәк деп ұлықтайды әрі олар / құлшылық етуден / жалықпайды.
وَمِنۡ ءَايَٰتِهِۦٓ أَنَّكَ تَرَى ٱلۡأَرۡضَ خَٰشِعَةٗ فَإِذَآ أَنزَلۡنَا عَلَيۡهَا ٱلۡمَآءَ ٱهۡتَزَّتۡ وَرَبَتۡۚ إِنَّ ٱلَّذِيٓ أَحۡيَاهَا لَمُحۡيِ ٱلۡمَوۡتَىٰٓۚ إِنَّهُۥ عَلَىٰ كُلِّ شَيۡءٖ قَدِيرٌ
Open ayah 41:39Оның белгілерінің бірі - сен жерді кеуіп кеткен күйінде көріп, ал, сонда оның үстіне су түсірсек, ол қозғалысқа түсіп, көпсіп / тіршілік бітіп / шыға келуі. Шын мәнінде, оны тірілткен, әлбетте, өлілерді де тірілтеді. Ақиқатында, Ол - әрбір нәрсені Жасай алушы.
إِنَّ ٱلَّذِينَ يُلۡحِدُونَ فِيٓ ءَايَٰتِنَا لَا يَخۡفَوۡنَ عَلَيۡنَآۗ أَفَمَن يُلۡقَىٰ فِي ٱلنَّارِ خَيۡرٌ أَم مَّن يَأۡتِيٓ ءَامِنٗا يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِۚ ٱعۡمَلُواْ مَا شِئۡتُمۡ إِنَّهُۥ بِمَا تَعۡمَلُونَ بَصِيرٌ
Open ayah 41:40Біздің аяттарымызға қатысты / ақиқаттан / ауытқығандар Бізден жасырын қалмайды. Отқа тасталатын біреу жақсы ма, әлде Қайта тірілу күні аман болып, қауіпсіз күйде келетін біреу ме? Қалағандарыңды істеңдер. Шын мәнінде, Ол - не істеп жатқандарыңды Көруші.
إِنَّ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ بِٱلذِّكۡرِ لَمَّا جَآءَهُمۡۖ وَإِنَّهُۥ لَكِتَٰبٌ عَزِيزٞ
Open ayah 41:41Ақиқатында, өздеріне Еске салатын / Құран / келген кезде, оған сондай күпірлік етушілер / теріске шығарып мойындамайтындар / бар.Шын мәнінде, ол - ұлы Кітап.
لَّا يَأۡتِيهِ ٱلۡبَٰطِلُ مِنۢ بَيۡنِ يَدَيۡهِ وَلَا مِنۡ خَلۡفِهِۦۖ تَنزِيلٞ مِّنۡ حَكِيمٍ حَمِيدٖ
Open ayah 41:42Оған / Құранға / өтірік алдынан да, артынан да келе алмайды, ол аса Дана , өте Мақтаулыдан түсірілген.
مَّا يُقَالُ لَكَ إِلَّا مَا قَدۡ قِيلَ لِلرُّسُلِ مِن قَبۡلِكَۚ إِنَّ رَبَّكَ لَذُو مَغۡفِرَةٖ وَذُو عِقَابٍ أَلِيمٖ
Open ayah 41:43/ Ей, Мұхаммед! / Саған өзіңнен бұрынғы елшілерге айтылған ғана айтылуда. Ақиқатында, Раббың - кешірім Иесі әрі Ол күйзелтуші жазаның Иесі.
وَلَوۡ جَعَلۡنَٰهُ قُرۡءَانًا أَعۡجَمِيّٗا لَّقَالُواْ لَوۡلَا فُصِّلَتۡ ءَايَٰتُهُۥٓۖ ءَا۬عۡجَمِيّٞ وَعَرَبِيّٞۗ قُلۡ هُوَ لِلَّذِينَ ءَامَنُواْ هُدٗى وَشِفَآءٞۚ وَٱلَّذِينَ لَا يُؤۡمِنُونَ فِيٓ ءَاذَانِهِمۡ وَقۡرٞ وَهُوَ عَلَيۡهِمۡ عَمًىۚ أُوْلَٰٓئِكَ يُنَادَوۡنَ مِن مَّكَانِۭ بَعِيدٖ
Open ayah 41:44Егер де оны араб тілінен басқа тілдегі Құран еткенімізде, олар / құрайыш мүшріктері / : «Араб тілдіге басқа тілде ме? Оның аяттары неге анықтап түсіндірілмеді?» - дейтін еді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Бұл / Құран / - иманға келгендер үшін жолбасшы / тура жолдыұстануға басшылық / әрі шипа. Ал, иманға келмейтіндердің құлақтарында керендік бар әрі бұл / Құран / олар үшін соқырлық. Бұлар - бір алыстан шақырылғандар / секілді / », - деп.
وَلَقَدۡ ءَاتَيۡنَا مُوسَى ٱلۡكِتَٰبَ فَٱخۡتُلِفَ فِيهِۚ وَلَوۡلَا كَلِمَةٞ سَبَقَتۡ مِن رَّبِّكَ لَقُضِيَ بَيۡنَهُمۡۚ وَإِنَّهُمۡ لَفِي شَكّٖ مِّنۡهُ مُرِيبٖ
Open ayah 41:45Әрі Біз Мұсаға Кітапты бердік, сонда ол / Тәурат / туралы тартыс болды. Раббыңнан алдын бекітілген бір Сөз болмағанда, олардың арасына үкім етілген болар еді. Негізінде, олар ол жайында күмән-күдікте.
مَّنۡ عَمِلَ صَٰلِحٗا فَلِنَفۡسِهِۦۖ وَمَنۡ أَسَآءَ فَعَلَيۡهَاۗ وَمَا رَبُّكَ بِظَلَّٰمٖ لِّلۡعَبِيدِ
Open ayah 41:46Кім ізгі амал істесе, ол өзі үшін. Ал, кім жамандық істесе, ол да өзіне қарсы / өз зиянына / . Сенің Раббың құлдарға әділетсіздік жасаушы емес.
۞إِلَيۡهِ يُرَدُّ عِلۡمُ ٱلسَّاعَةِۚ وَمَا تَخۡرُجُ مِن ثَمَرَٰتٖ مِّنۡ أَكۡمَامِهَا وَمَا تَحۡمِلُ مِنۡ أُنثَىٰ وَلَا تَضَعُ إِلَّا بِعِلۡمِهِۦۚ وَيَوۡمَ يُنَادِيهِمۡ أَيۡنَ شُرَكَآءِي قَالُوٓاْ ءَاذَنَّٰكَ مَا مِنَّا مِن شَهِيدٖ
Open ayah 41:47Сағат / Қайта тірілу күні / туралы білім Оған қайтарылады. Барлық жемістердің қауашақтарынан шығуы әрі әрбірұрғашының жүкті болуы және тууы Оның білімімен ғана. Сол күні Ол: «Менің «серіктерім» / Маған таңғандарың / қайда?» - деп оларға үндейді. Олар / серік қосушылар / : «Біз Өзіңе арамызда куә болушы жоқ екенін білдірдік», - дейді.
وَضَلَّ عَنۡهُم مَّا كَانُواْ يَدۡعُونَ مِن قَبۡلُۖ وَظَنُّواْ مَا لَهُم مِّن مَّحِيصٖ
Open ayah 41:48Әрі бұрын жалбарынып келгендері олардан жоқ болады. Сондай-ақ, олар өздеріне құтылар жер жоқ екендігін түсінеді.
لَّا يَسۡـَٔمُ ٱلۡإِنسَٰنُ مِن دُعَآءِ ٱلۡخَيۡرِ وَإِن مَّسَّهُ ٱلشَّرُّ فَيَـُٔوسٞ قَنُوطٞ
Open ayah 41:49Адам баласы жақсылықты тілеуден жалықпайды. Ал, егер оған жамандық тисе, күдерін үзіп, үмітсіздікке түседі.
وَلَئِنۡ أَذَقۡنَٰهُ رَحۡمَةٗ مِّنَّا مِنۢ بَعۡدِ ضَرَّآءَ مَسَّتۡهُ لَيَقُولَنَّ هَٰذَا لِي وَمَآ أَظُنُّ ٱلسَّاعَةَ قَآئِمَةٗ وَلَئِن رُّجِعۡتُ إِلَىٰ رَبِّيٓ إِنَّ لِي عِندَهُۥ لَلۡحُسۡنَىٰۚ فَلَنُنَبِّئَنَّ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ بِمَا عَمِلُواْ وَلَنُذِيقَنَّهُم مِّنۡ عَذَابٍ غَلِيظٖ
Open ayah 41:50Ал, егер өзіне тиген жамандықтан кейін оған Өзімізден бір рахым көрсетсек, ол: «Бұл - мен үшін. Мен Сағатты / Қайта тірілу күнін / болады деп ойламаймын. Ал, егер Раббымның алдына қайтарылсам, Оның алдында маған әлбетте, ең жақсысы болады» , - дейді. Сөзсіз, Біз күпірлік еткендерге / Аллаһқақарсы келгендерге / не істегендерінің хабарын береміз әрі оларға ауыр азапты таттырамыз.
وَإِذَآ أَنۡعَمۡنَا عَلَى ٱلۡإِنسَٰنِ أَعۡرَضَ وَنَـَٔا بِجَانِبِهِۦ وَإِذَا مَسَّهُ ٱلشَّرُّ فَذُو دُعَآءٍ عَرِيضٖ
Open ayah 41:51Ал, қашан Біз адамға бір игілік берсек, ол теріс бұрылып, қырын қарайды. Ал, оған жамандық келсе, ол тілегін ұзартады.
قُلۡ أَرَءَيۡتُمۡ إِن كَانَ مِنۡ عِندِ ٱللَّهِ ثُمَّ كَفَرۡتُم بِهِۦ مَنۡ أَضَلُّ مِمَّنۡ هُوَ فِي شِقَاقِۭ بَعِيدٖ
Open ayah 41:52/ Ей, Мұхаммеді / Айт: «Айтыңдаршы, егер бұл / Құран / Аллаһтан болса, ал кейін сендер оған күпірлік етсеңдер / сенбесеңдер, қарсы келсеңдер / , сонда үлкен қарама-қайшылықта болған біреуден өткен адасушы кім бар?» - деп.
سَنُرِيهِمۡ ءَايَٰتِنَا فِي ٱلۡأٓفَاقِ وَفِيٓ أَنفُسِهِمۡ حَتَّىٰ يَتَبَيَّنَ لَهُمۡ أَنَّهُ ٱلۡحَقُّۗ أَوَلَمۡ يَكۡفِ بِرَبِّكَ أَنَّهُۥ عَلَىٰ كُلِّ شَيۡءٖ شَهِيدٌ
Open ayah 41:53Біз оларға оның / Құранның / ақиқат екені анық болғанға дейін шартараптағы / әлемдегі / және олардың өздеріндегі белгілерімізді көрсетеміз. Раббыңның әрбір нәрсеге куә екені жеткілікті емес пе?
أَلَآ إِنَّهُمۡ فِي مِرۡيَةٖ مِّن لِّقَآءِ رَبِّهِمۡۗ أَلَآ إِنَّهُۥ بِكُلِّ شَيۡءٖ مُّحِيطُۢ
Open ayah 41:54Біліндер! Олар өздерінің Раббысына жолығудан күмәндануда. Естеріңде болсын! Ол -барлық нәрсені толық Қамтушы.