الشورى

Ash-Shura

Consultation · Surah 42 · Ayahs: 53 · Meccan

Translation: Kazakh - Khalifah Altai Charity Foundation · Open the surah

بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

  1. Ха. Мим.

  2. عٓسٓقٓ

    Open ayah 42:2

    Ъайн, син, қаф.

  3. كَذَٰلِكَ يُوحِيٓ إِلَيۡكَ وَإِلَى ٱلَّذِينَ مِن قَبۡلِكَ ٱللَّهُ ٱلۡعَزِيزُ ٱلۡحَكِيمُ

    Open ayah 42:3

    / Ей, Мұхаммед! Бәрінен Үстем, аса Дана Аллаһ саған және сенен бұрын болғандарға / пайғамбарларға / осылай уахи етеді.

  4. لَهُۥ مَا فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَمَا فِي ٱلۡأَرۡضِۖ وَهُوَ ٱلۡعَلِيُّ ٱلۡعَظِيمُ

    Open ayah 42:4

    Аспандардағы және жердегі барлық нәрселер - Онікі. Әрі Ол өте Жоғары, аса Ұлы .

  5. تَكَادُ ٱلسَّمَٰوَٰتُ يَتَفَطَّرۡنَ مِن فَوۡقِهِنَّۚ وَٱلۡمَلَٰٓئِكَةُ يُسَبِّحُونَ بِحَمۡدِ رَبِّهِمۡ وَيَسۡتَغۡفِرُونَ لِمَن فِي ٱلۡأَرۡضِۗ أَلَآ إِنَّ ٱللَّهَ هُوَ ٱلۡغَفُورُ ٱلرَّحِيمُ

    Open ayah 42:5

    Аспандар / бір-бірінің / үсті жағынан жарылып / бөлшектеніп / кете жаздайды. Ал, періштелер өздерінің Раббысына мақтау айтып, / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріптейді және жердегілер үшін кешірім тілейді. Біліндер! Ақиқатында, Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді.

  6. وَٱلَّذِينَ ٱتَّخَذُواْ مِن دُونِهِۦٓ أَوۡلِيَآءَ ٱللَّهُ حَفِيظٌ عَلَيۡهِمۡ وَمَآ أَنتَ عَلَيۡهِم بِوَكِيلٖ

    Open ayah 42:6

    / Ей, Мұхаммед! / Одан өзгені қамқоршылар етіп алғандарды Аллаһ бақылаушы, ал сен олар үшін жауапкер емессің.

  7. وَكَذَٰلِكَ أَوۡحَيۡنَآ إِلَيۡكَ قُرۡءَانًا عَرَبِيّٗا لِّتُنذِرَ أُمَّ ٱلۡقُرَىٰ وَمَنۡ حَوۡلَهَا وَتُنذِرَ يَوۡمَ ٱلۡجَمۡعِ لَا رَيۡبَ فِيهِۚ فَرِيقٞ فِي ٱلۡجَنَّةِ وَفَرِيقٞ فِي ٱلسَّعِيرِ

    Open ayah 42:7

    Әрі осылай саған елді мекендердің анасын / «Уммул-Қура» / және оны айнала орналасқандарды насихаттауың үшін арабша Құранды уахи еттік. Әрі болуында күмән жоқ, Жиналу / Қайта тірілу / күні жайлы ескертуің үшін. Бір топ Жәннатта, ал бір топ Саъирда (Тозақта) / болады / .

  8. وَلَوۡ شَآءَ ٱللَّهُ لَجَعَلَهُمۡ أُمَّةٗ وَٰحِدَةٗ وَلَٰكِن يُدۡخِلُ مَن يَشَآءُ فِي رَحۡمَتِهِۦۚ وَٱلظَّٰلِمُونَ مَا لَهُم مِّن وَلِيّٖ وَلَا نَصِيرٍ

    Open ayah 42:8

    Ал, егер де Аллаһ қалағанда, оларды бір үммет етер еді. Бірақ Ол Өзі қалағанды мейіріміне бөлейді. Ал, әділетсіздерге ешбір қамқоршы да, көмектесуші де болмайды.

  9. أَمِ ٱتَّخَذُواْ مِن دُونِهِۦٓ أَوۡلِيَآءَۖ فَٱللَّهُ هُوَ ٱلۡوَلِيُّ وَهُوَ يُحۡيِ ٱلۡمَوۡتَىٰ وَهُوَ عَلَىٰ كُلِّ شَيۡءٖ قَدِيرٞ

    Open ayah 42:9

    Әлде олар Одан өзгені қамқоршылар етіп алды ма? Аллаһтың Өзі - әл-Уәли / анық Қамқоршы / . Ол өлілерді тірілтеді әрі Ол барлық нәрсені Жасай алушы.

  10. وَمَا ٱخۡتَلَفۡتُمۡ فِيهِ مِن شَيۡءٖ فَحُكۡمُهُۥٓ إِلَى ٱللَّهِۚ ذَٰلِكُمُ ٱللَّهُ رَبِّي عَلَيۡهِ تَوَكَّلۡتُ وَإِلَيۡهِ أُنِيبُ 

    Open ayah 42:10

    Сендер қайшылыққа түсіп, тартысқан нәрсенің шешімі Аллаһта. / Ей, Мұхаммед! / : «Міне, осы Аллаһ - менің Раббым. Мен Оған ісімді тапсырдым / тәуекел еттім / , әрі әрдайым Оған бойсұнып, жүгінем» - де.

  11. فَاطِرُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِۚ جَعَلَ لَكُم مِّنۡ أَنفُسِكُمۡ أَزۡوَٰجٗا وَمِنَ ٱلۡأَنۡعَٰمِ أَزۡوَٰجٗا يَذۡرَؤُكُمۡ فِيهِۚ لَيۡسَ كَمِثۡلِهِۦ شَيۡءٞۖ وَهُوَ ٱلسَّمِيعُ ٱلۡبَصِيرُ

    Open ayah 42:11

    Аспандардың және жердің Жаратушысы! Ол сендер үшін өздеріңнен жұптар жасады. Әрі малдардан да жұптар жасады. Ол сендерді осылай көбейтеді. Оған ұқсайтын ешбір нәрсе жоқ. Ол бәрін Естуші , бәрін Көруші.

  12. لَهُۥ مَقَالِيدُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِۖ يَبۡسُطُ ٱلرِّزۡقَ لِمَن يَشَآءُ وَيَقۡدِرُۚ إِنَّهُۥ بِكُلِّ شَيۡءٍ عَلِيمٞ

    Open ayah 42:12

    Аспандардың және жердің кілттері Оның иелігінде. Ол қалағанына ризықты кеңітеді не шектеп қояды. Ол барлық нәрсені Білуші.

  13. ۞شَرَعَ لَكُم مِّنَ ٱلدِّينِ مَا وَصَّىٰ بِهِۦ نُوحٗا وَٱلَّذِيٓ أَوۡحَيۡنَآ إِلَيۡكَ وَمَا وَصَّيۡنَا بِهِۦٓ إِبۡرَٰهِيمَ وَمُوسَىٰ وَعِيسَىٰٓۖ أَنۡ أَقِيمُواْ ٱلدِّينَ وَلَا تَتَفَرَّقُواْ فِيهِۚ كَبُرَ عَلَى ٱلۡمُشۡرِكِينَ مَا تَدۡعُوهُمۡ إِلَيۡهِۚ ٱللَّهُ يَجۡتَبِيٓ إِلَيۡهِ مَن يَشَآءُ وَيَهۡدِيٓ إِلَيۡهِ مَن يُنِيبُ

    Open ayah 42:13

    Ол сендерге діндерінде Нұхқа бұйырғанын әрі / ей, Мұхаммед! / саған уахи еткенімізді және Ибраһимге, Мұса мен Исағабұйырғанымызды: «Дінді толық орындаңдар және онда / дінде / бөлінбеңдер», - деп бекітті. Сенің шақырған нәрсең серік қосушыларға ауыр тиді. Аллаһ оған / дініне / Өзі қалағанды таңдайды әрі Өзіне бойсұнуға қайтушыны тура жолмен жүргізеді.

  14. وَمَا تَفَرَّقُوٓاْ إِلَّا مِنۢ بَعۡدِ مَا جَآءَهُمُ ٱلۡعِلۡمُ بَغۡيَۢا بَيۡنَهُمۡۚ وَلَوۡلَا كَلِمَةٞ سَبَقَتۡ مِن رَّبِّكَ إِلَىٰٓ أَجَلٖ مُّسَمّٗى لَّقُضِيَ بَيۡنَهُمۡۚ وَإِنَّ ٱلَّذِينَ أُورِثُواْ ٱلۡكِتَٰبَ مِنۢ بَعۡدِهِمۡ لَفِي شَكّٖ مِّنۡهُ مُرِيبٖ

    Open ayah 42:14

    Олар өздеріне білім келгеннен кейін ғана өзара қызғаныштан бір-біріне іштарлықпен әділетсіздік етіп, жікке бөлінді. Егер де Раббыңнан белгіленген мерзімге дейінгі берілген Сөз болмағанда, олардың арасына үкім берілер еді. Ал, олардан кейін Кітапқа мұрагер етілгендер бұған қатысты қатты күмәнда.

  15. فَلِذَٰلِكَ فَٱدۡعُۖ وَٱسۡتَقِمۡ كَمَآ أُمِرۡتَۖ وَلَا تَتَّبِعۡ أَهۡوَآءَهُمۡۖ وَقُلۡ ءَامَنتُ بِمَآ أَنزَلَ ٱللَّهُ مِن كِتَٰبٖۖ وَأُمِرۡتُ لِأَعۡدِلَ بَيۡنَكُمُۖ ٱللَّهُ رَبُّنَا وَرَبُّكُمۡۖ لَنَآ أَعۡمَٰلُنَا وَلَكُمۡ أَعۡمَٰلُكُمۡۖ لَا حُجَّةَ بَيۡنَنَا وَبَيۡنَكُمُۖ ٱللَّهُ يَجۡمَعُ بَيۡنَنَاۖ وَإِلَيۡهِ ٱلۡمَصِيرُ

    Open ayah 42:15

    / Ей, Мұхаммед! / Міне, сен осыған шақыр да өзіңе бұйырылғандай туралықта бол. Олардың көңілқұмарлықтарына ерме және айт: «Мен Аллаһ түсірген кітаптарға сендім. Әрі сендердің араларыңа әділ болуға бұйырылдым. Аллаһ біздің Раббымыз әрі сендердің де Раббың. Бізге өзіміздің амалдарымыз, ал сендерге өздеріңнің амалдарың. Біз бен сендердің арамызда тартысқа негіз жоқ. Аллаһ бәрімізді жинайды. Баратын жер - Оның алды», - деп.

  16. وَٱلَّذِينَ يُحَآجُّونَ فِي ٱللَّهِ مِنۢ بَعۡدِ مَا ٱسۡتُجِيبَ لَهُۥ حُجَّتُهُمۡ دَاحِضَةٌ عِندَ رَبِّهِمۡ وَعَلَيۡهِمۡ غَضَبٞ وَلَهُمۡ عَذَابٞ شَدِيدٌ

    Open ayah 42:16

    Ал, Аллаһ жайында, Оған / Аллаһқа / жауап берілгеннен / адамдар дінді қабылдағаннан / кейін де тартысатындардың уәждері Раббысының алдында негізсіз. Оларға - / Аллаһтың / қаһары әрі оларға ауыр азап бар.

  17. ٱللَّهُ ٱلَّذِيٓ أَنزَلَ ٱلۡكِتَٰبَ بِٱلۡحَقِّ وَٱلۡمِيزَانَۗ وَمَا يُدۡرِيكَ لَعَلَّ ٱلسَّاعَةَ قَرِيبٞ

    Open ayah 42:17

    Аллаһ Кітапты ақиқатпен түсірді және Таразыны. Әрі қайдан білесің, бәлкім Сағат / Қайта тірілу күні / жақын болар.

  18. يَسۡتَعۡجِلُ بِهَا ٱلَّذِينَ لَا يُؤۡمِنُونَ بِهَاۖ وَٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ مُشۡفِقُونَ مِنۡهَا وَيَعۡلَمُونَ أَنَّهَا ٱلۡحَقُّۗ أَلَآ إِنَّ ٱلَّذِينَ يُمَارُونَ فِي ٱلسَّاعَةِ لَفِي ضَلَٰلِۭ بَعِيدٍ

    Open ayah 42:18

    Оған / Қайта тірілу күніне / сенбейтіндер оның болуын асықтырады. Ал иманға келгендер, одан қорқынышқа түседі және оның ақиқат екенін біледі. Біліндер! Сағат / Қайта тірілу күні / жөнінде сөз таластыратындар, анығында ұзақ адасуда.

  19. ٱللَّهُ لَطِيفُۢ بِعِبَادِهِۦ يَرۡزُقُ مَن يَشَآءُۖ وَهُوَ ٱلۡقَوِيُّ ٱلۡعَزِيزُ

    Open ayah 42:19

    Аллаһ құлдарына мейірбан, бәрін толық Білуші. Ол қалағанына ризық береді. Әрі Ол өте Күшті, аса Үстем.

  20. مَن كَانَ يُرِيدُ حَرۡثَ ٱلۡأٓخِرَةِ نَزِدۡ لَهُۥ فِي حَرۡثِهِۦۖ وَمَن كَانَ يُرِيدُ حَرۡثَ ٱلدُّنۡيَا نُؤۡتِهِۦ مِنۡهَا وَمَا لَهُۥ فِي ٱلۡأٓخِرَةِ مِن نَّصِيبٍ 

    Open ayah 42:20

    Кім соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / жемісін қалайтын болса, оған өнімін арттырамыз. Ал, кім осы өмірдің жемісін қаласа, оған одан береміз, алайда ол үшін соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / ешбір үлес болмайды.

  21. أَمۡ لَهُمۡ شُرَكَٰٓؤُاْ شَرَعُواْ لَهُم مِّنَ ٱلدِّينِ مَا لَمۡ يَأۡذَنۢ بِهِ ٱللَّهُۚ وَلَوۡلَا كَلِمَةُ ٱلۡفَصۡلِ لَقُضِيَ بَيۡنَهُمۡۗ وَإِنَّ ٱلظَّٰلِمِينَ لَهُمۡ عَذَابٌ أَلِيمٞ

    Open ayah 42:21

    Әлде оларға дінде Аллаһ рұқсат етпегенді олар үшін заң етіп бекітетін серіктері / құдайлары / бар ма? Егер де шешуші Сөз болмағанда, олардың арасына үкім етілер еді. Шын мәнінде, әділетсіздер үшін күйзелтуші азап бар.

  22. تَرَى ٱلظَّٰلِمِينَ مُشۡفِقِينَ مِمَّا كَسَبُواْ وَهُوَ وَاقِعُۢ بِهِمۡۗ وَٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّٰلِحَٰتِ فِي رَوۡضَاتِ ٱلۡجَنَّاتِۖ لَهُم مَّا يَشَآءُونَ عِندَ رَبِّهِمۡۚ ذَٰلِكَ هُوَ ٱلۡفَضۡلُ ٱلۡكَبِيرُ

    Open ayah 42:22

    / Ей, Мұхаммед! / Сен әділетсіздердің / Қайта тірілу күні! өздерінің істеп тапқандарынан зәресі ұшып, қорыққанын көресің, әрі ол / амалдарының жазасы / оларға болады. Ал, иманға келген және ізгі амал істегендер жәннаттардың бақтарында болады. Оларға Раббысының алдында қалағандары бар. Міне, осы - үлкен кеңшілік.

  23. ذَٰلِكَ ٱلَّذِي يُبَشِّرُ ٱللَّهُ عِبَادَهُ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّٰلِحَٰتِۗ قُل لَّآ أَسۡـَٔلُكُمۡ عَلَيۡهِ أَجۡرًا إِلَّا ٱلۡمَوَدَّةَ فِي ٱلۡقُرۡبَىٰۗ وَمَن يَقۡتَرِفۡ حَسَنَةٗ نَّزِدۡ لَهُۥ فِيهَا حُسۡنًاۚ إِنَّ ٱللَّهَ غَفُورٞ شَكُورٌ

    Open ayah 42:23

    Бұл - Аллаһтың иманға келген және ізгі амал істеген құлдарына сүйінші хабары. I Ей, Мұхаммед! / Айт: «Сендерден бұл үшін ақы сұрамаймын, тек туысқандық жақсы көруді ғана болмаса», деп. Кім бір жақсылық істесе, Біз оған ондағы жақсылығын көбейтеміз. Ақиқатында, Аллаһ өте Кешірімді, бойсұнушы құлдарының аз амалына мол сауап беруші.

  24. أَمۡ يَقُولُونَ ٱفۡتَرَىٰ عَلَى ٱللَّهِ كَذِبٗاۖ فَإِن يَشَإِ ٱللَّهُ يَخۡتِمۡ عَلَىٰ قَلۡبِكَۗ وَيَمۡحُ ٱللَّهُ ٱلۡبَٰطِلَ وَيُحِقُّ ٱلۡحَقَّ بِكَلِمَٰتِهِۦٓۚ إِنَّهُۥ عَلِيمُۢ بِذَاتِ ٱلصُّدُورِ

    Open ayah 42:24

    Олар әлде: «Ол Аллаһ жайында ойынан өтірік шығарды»,- дей ме? Егер Аллаһ қалағанда, жүрегінді мөрлеп қоятын еді. Аллаһ жалғанды өшіреді және ақиқатты Өзінің сөздерімен бекітіп, жүзеге асырады. Ақиқатында, Ол - көкіректегіні жақсы Білуші.

  25. وَهُوَ ٱلَّذِي يَقۡبَلُ ٱلتَّوۡبَةَ عَنۡ عِبَادِهِۦ وَيَعۡفُواْ عَنِ ٱلسَّيِّـَٔاتِ وَيَعۡلَمُ مَا تَفۡعَلُونَ

    Open ayah 42:25

    Ол / Аллаһ / сондай, құлдарының істеген күнәларына шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтуын / тәубесін / қабыл етеді және жамандықтарын кешіреді әрі Ол сендердің не істейтіндеріңді біледі.

  26. وَيَسۡتَجِيبُ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّٰلِحَٰتِ وَيَزِيدُهُم مِّن فَضۡلِهِۦۚ وَٱلۡكَٰفِرُونَ لَهُمۡ عَذَابٞ شَدِيدٞ

    Open ayah 42:26

    Әрі Ол иманға келген және ізгі амал істегендерге жауап береді / тілектерін қабылдайды / және оларға Өз кеңшілігінен арттырып береді. Ал, кәпірлерге қатты азап бар.

  27. ۞وَلَوۡ بَسَطَ ٱللَّهُ ٱلرِّزۡقَ لِعِبَادِهِۦ لَبَغَوۡاْ فِي ٱلۡأَرۡضِ وَلَٰكِن يُنَزِّلُ بِقَدَرٖ مَّا يَشَآءُۚ إِنَّهُۥ بِعِبَادِهِۦ خَبِيرُۢ بَصِيرٞ

    Open ayah 42:27

    Егер де Аллаһ құлдарына ризық-несібені жайып қойса, олар жер бетінде шектен шығар еді. Алайда Ол Өзі қалаған мөлшермен түсіреді. Анығында, Ол - құлдарынан Хабардар, оларды Көруші.

  28. وَهُوَ ٱلَّذِي يُنَزِّلُ ٱلۡغَيۡثَ مِنۢ بَعۡدِ مَا قَنَطُواْ وَيَنشُرُ رَحۡمَتَهُۥۚ وَهُوَ ٱلۡوَلِيُّ ٱلۡحَمِيدُ

    Open ayah 42:28

    Әрі Ол олар үмітсіздікке түскеннен кейін жаңбыр түсіреді және Өз мейірімін жаяды. Ол — анық Қамқоршы, Ие, аса Мақтаулы.

  29. وَمِنۡ ءَايَٰتِهِۦ خَلۡقُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ وَمَا بَثَّ فِيهِمَا مِن دَآبَّةٖۚ وَهُوَ عَلَىٰ جَمۡعِهِمۡ إِذَا يَشَآءُ قَدِيرٞ

    Open ayah 42:29

    Аспандардың және жердің жаратылуы әрі Оның оларда әрбір жандыны таратуы Оның белгілерінен Әрі Ол қалаған кезінде оларды жинап алуға Құдіреті жетуші.

  30. وَمَآ أَصَٰبَكُم مِّن مُّصِيبَةٖ فَبِمَا كَسَبَتۡ أَيۡدِيكُمۡ وَيَعۡفُواْ عَن كَثِيرٖ 

    Open ayah 42:30

    Ал, сендерге келген қайғы, қиыншылық қолдарыңның істегендері себебінен әрі Ол көбін кешіріп жібереді.

  31. وَمَآ أَنتُم بِمُعۡجِزِينَ فِي ٱلۡأَرۡضِۖ وَمَا لَكُم مِّن دُونِ ٱللَّهِ مِن وَلِيّٖ وَلَا نَصِيرٖ

    Open ayah 42:31

    Сендер жер бетінде / Аллаһты / әлсірете алмайсыңдар. Әрі сендерге Аллаһтан өзге қамқоршы да, көмек беруші де жоқ.

  32. وَمِنۡ ءَايَٰتِهِ ٱلۡجَوَارِ فِي ٱلۡبَحۡرِ كَٱلۡأَعۡلَٰمِ

    Open ayah 42:32

    Теңізде таулар секілді жүзушілер / кемелер / - Оның белгілерінен.

  33. إِن يَشَأۡ يُسۡكِنِ ٱلرِّيحَ فَيَظۡلَلۡنَ رَوَاكِدَ عَلَىٰ ظَهۡرِهِۦٓۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَٰتٖ لِّكُلِّ صَبَّارٖ شَكُورٍ

    Open ayah 42:33

    Ол қаласа, желді тыныштандырып, олар оның / теңіздің / үстінде қозғалыссыз қалады. Анығында, мұнда әрбір әрдайым сабыр, шүкір етушіге / Раббысының берген игіліктеріне әрдайым алғыс білдірушіге / белгілер бар.

  34. أَوۡ يُوبِقۡهُنَّ بِمَا كَسَبُواْ وَيَعۡفُ عَن كَثِيرٖ

    Open ayah 42:34

    Немесе оларды істеген күнәлары үшін жойып жібереді, әрі Ол көбін кешіріп жібереді.

  35. وَيَعۡلَمَ ٱلَّذِينَ يُجَٰدِلُونَ فِيٓ ءَايَٰتِنَا مَا لَهُم مِّن مَّحِيصٖ

    Open ayah 42:35

    Біздің аят-белгілеріміз жайында сөз тартысатындар өздеріне құтылар жер жоқ екенін білсін.

  36. فَمَآ أُوتِيتُم مِّن شَيۡءٖ فَمَتَٰعُ ٱلۡحَيَوٰةِ ٱلدُّنۡيَاۚ وَمَا عِندَ ٱللَّهِ خَيۡرٞ وَأَبۡقَىٰ لِلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَلَىٰ رَبِّهِمۡ يَتَوَكَّلُونَ

    Open ayah 42:36

    Сендерге берілген барлық нәрсе осы өмірде ғана пайдаланылатын уақытша заттар. Ал Аллаһтағы нәрселер–иманға келген және өздерінің Раббысына жүгініп, Оған істерін тапсыратындар / тәуекел ететіндер / үшін қайырлы әрі тұрақты.

  37. وَٱلَّذِينَ يَجۡتَنِبُونَ كَبَٰٓئِرَ ٱلۡإِثۡمِ وَٱلۡفَوَٰحِشَ وَإِذَا مَا غَضِبُواْ هُمۡ يَغۡفِرُونَ

    Open ayah 42:37

    Солар - үлкен күнәлар мен жиіркенішті істерден өздерін алыс ұстайтын және ашуланған кездерінде кешіретіндер,

  38. وَٱلَّذِينَ ٱسۡتَجَابُواْ لِرَبِّهِمۡ وَأَقَامُواْ ٱلصَّلَوٰةَ وَأَمۡرُهُمۡ شُورَىٰ بَيۡنَهُمۡ وَمِمَّا رَزَقۡنَٰهُمۡ يُنفِقُونَ

    Open ayah 42:38

    әрі солар - өздерінің Раббысына жауап беретін, намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындайтын, істерінде өзара кеңесетін және Біз өздеріне ризық етіп нәсіп еткеннен беретіндер,

  39. وَٱلَّذِينَ إِذَآ أَصَابَهُمُ ٱلۡبَغۡيُ هُمۡ يَنتَصِرُونَ

    Open ayah 42:39

    және солар, өздеріне әділетсіздік етілсе, жауап қайтаратындар.

  40. وَجَزَٰٓؤُاْ سَيِّئَةٖ سَيِّئَةٞ مِّثۡلُهَاۖ فَمَنۡ عَفَا وَأَصۡلَحَ فَأَجۡرُهُۥ عَلَى ٱللَّهِۚ إِنَّهُۥ لَا يُحِبُّ ٱلظَّٰلِمِينَ 

    Open ayah 42:40

    Жамандықтың қайтарымы - дәл өзіндей ғана жамандық. Ал кім кешірсе және түзетсе, оның сыйы - Аллаһта. Ақиқатында, Ол әділетсіздерді жақсы көрмейді.

  41. وَلَمَنِ ٱنتَصَرَ بَعۡدَ ظُلۡمِهِۦ فَأُوْلَٰٓئِكَ مَا عَلَيۡهِم مِّن سَبِيلٍ

    Open ayah 42:41

    Ал, кім өзіне әділетсіздік етілгеннен кейін есесін қайтарса, оларға қарсы жол жоқ.

  42. إِنَّمَا ٱلسَّبِيلُ عَلَى ٱلَّذِينَ يَظۡلِمُونَ ٱلنَّاسَ وَيَبۡغُونَ فِي ٱلۡأَرۡضِ بِغَيۡرِ ٱلۡحَقِّۚ أُوْلَٰٓئِكَ لَهُمۡ عَذَابٌ أَلِيمٞ

    Open ayah 42:42

    Адамдарға әділетсіздік ететіндер және жер жүзінде ешбір хақысы болмаса да шектен шығатындар ғана айыпқа лайықты. Оларға күйзелтуші азап бар.

  43. وَلَمَن صَبَرَ وَغَفَرَ إِنَّ ذَٰلِكَ لَمِنۡ عَزۡمِ ٱلۡأُمُورِ

    Open ayah 42:43

    Ал, кім сабыр сақтаса және кешірім етсе, ақиқатында бұл - қатты көңіл бөлетін / жігерлілік танытатын / істердің бірі.

  44. وَمَن يُضۡلِلِ ٱللَّهُ فَمَا لَهُۥ مِن وَلِيّٖ مِّنۢ بَعۡدِهِۦۗ وَتَرَى ٱلظَّٰلِمِينَ لَمَّا رَأَوُاْ ٱلۡعَذَابَ يَقُولُونَ هَلۡ إِلَىٰ مَرَدّٖ مِّن سَبِيلٖ

    Open ayah 42:44

    Аллаһ кімді адастырса, бұдан кейін оған ешбір қамқоршы жоқ. / Ей, Мұхаммед! / Сен әділетсіздердің / Есеп күні / азапты көрген кездерінде: «Қайтуға жол бар ма?» - деп айтатындарын көресің.

  45. وَتَرَىٰهُمۡ يُعۡرَضُونَ عَلَيۡهَا خَٰشِعِينَ مِنَ ٱلذُّلِّ يَنظُرُونَ مِن طَرۡفٍ خَفِيّٖۗ وَقَالَ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓاْ إِنَّ ٱلۡخَٰسِرِينَ ٱلَّذِينَ خَسِرُوٓاْ أَنفُسَهُمۡ وَأَهۡلِيهِمۡ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِۗ أَلَآ إِنَّ ٱلظَّٰلِمِينَ فِي عَذَابٖ مُّقِيمٖ

    Open ayah 42:45

    Әрі сен олардың оған / тозаққа / келтірілгенінде, қорлықтан төменшіктеп, көздерін жасыра / ұрлана / қарағанын көресің. Сонда иманға келгендер: «Анығында, зиян шегушілер - олар Қайта тірілу күні өздерін және үй ішін зиянға ұшыратқандар», - дейді. Біліңдер! Шын мәнінде әділетсіздер тұрақты / мәңгі / азапта болады.

  46. وَمَا كَانَ لَهُم مِّنۡ أَوۡلِيَآءَ يَنصُرُونَهُم مِّن دُونِ ٱللَّهِۗ وَمَن يُضۡلِلِ ٱللَّهُ فَمَا لَهُۥ مِن سَبِيلٍ

    Open ayah 42:46

    Әрі олар да Аллаһтан басқа өздеріне көмектесетін қамқоршылар болмайды. Аллаһ кімді адастырса, ол үшін ешбір жол жоқ.

  47. ٱسۡتَجِيبُواْ لِرَبِّكُم مِّن قَبۡلِ أَن يَأۡتِيَ يَوۡمٞ لَّا مَرَدَّ لَهُۥ مِنَ ٱللَّهِۚ مَا لَكُم مِّن مَّلۡجَإٖ يَوۡمَئِذٖ وَمَا لَكُم مِّن نَّكِيرٖ

    Open ayah 42:47

    Аллаһ тарапынан кері қайтарылмайтын бір күн келуден бұрын өздеріңнің Раббыңа жауап беріңдер / бойсұныңдар / . Ол күні сендерге паналайтын ешбір орын болмайды әрі сендерде / күнәларыңды / мойындамай теріске шығару да болмайды.

  48. فَإِنۡ أَعۡرَضُواْ فَمَآ أَرۡسَلۡنَٰكَ عَلَيۡهِمۡ حَفِيظًاۖ إِنۡ عَلَيۡكَ إِلَّا ٱلۡبَلَٰغُۗ وَإِنَّآ إِذَآ أَذَقۡنَا ٱلۡإِنسَٰنَ مِنَّا رَحۡمَةٗ فَرِحَ بِهَاۖ وَإِن تُصِبۡهُمۡ سَيِّئَةُۢ بِمَا قَدَّمَتۡ أَيۡدِيهِمۡ فَإِنَّ ٱلۡإِنسَٰنَ كَفُورٞ

    Open ayah 42:48

    / Ей, Мұхаммед! / Егер олар теріс бұрылса, Біз сені оларға күзетші етіп жіберген жоқпыз. Сенің міндетің жеткізу ғана. Қашан Біз адамға Өз тарапымыздан бір жақсылық берсек, ол бұған қуанады. Ал, егер қолдарымен жасаған / күнәлі / істері үшін бастарына бір жамандық келсе, адам / берілген / игіліктерді мойындамай, жоққа шығарады.

  49. لِّلَّهِ مُلۡكُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِۚ يَخۡلُقُ مَا يَشَآءُۚ يَهَبُ لِمَن يَشَآءُ إِنَٰثٗا وَيَهَبُ لِمَن يَشَآءُ ٱلذُّكُورَ

    Open ayah 42:49

    Аспандардың және жердің билігі - Аллаһта. Ол қалаған нәрсесін жаратады. Кімге қаласа қыздарды сыйлайды әрі кімге қаласа ұлдарды сыйлайды.

  50. أَوۡ يُزَوِّجُهُمۡ ذُكۡرَانٗا وَإِنَٰثٗاۖ وَيَجۡعَلُ مَن يَشَآءُ عَقِيمًاۚ إِنَّهُۥ عَلِيمٞ قَدِيرٞ 

    Open ayah 42:50

    Немесе оларға ұлдар мен қыздарды қосып береді, ал қалағанын бедеу / перзентсіз / етеді. Ақиқатында, Ол бәрін Білуші , барлық нәрсені, қалағаны Жасай алушы.

  51. ۞وَمَا كَانَ لِبَشَرٍ أَن يُكَلِّمَهُ ٱللَّهُ إِلَّا وَحۡيًا أَوۡ مِن وَرَآيِٕ حِجَابٍ أَوۡ يُرۡسِلَ رَسُولٗا فَيُوحِيَ بِإِذۡنِهِۦ مَا يَشَآءُۚ إِنَّهُۥ عَلِيٌّ حَكِيمٞ

    Open ayah 42:51

    Аллаһ тек уахи арқылы не тосық артынан болмаса, ешбір адаммен сөйлеспейді. Не Ол бір елші / періште / жіберіп, ол / періште / Оның бұйрығымен Оның қалағанына уахи етеді. Ақиқатында, Ол өте Жоғары, аса Дана.

  52. وَكَذَٰلِكَ أَوۡحَيۡنَآ إِلَيۡكَ رُوحٗا مِّنۡ أَمۡرِنَاۚ مَا كُنتَ تَدۡرِي مَا ٱلۡكِتَٰبُ وَلَا ٱلۡإِيمَٰنُ وَلَٰكِن جَعَلۡنَٰهُ نُورٗا نَّهۡدِي بِهِۦ مَن نَّشَآءُ مِنۡ عِبَادِنَاۚ وَإِنَّكَ لَتَهۡدِيٓ إِلَىٰ صِرَٰطٖ مُّسۡتَقِيمٖ

    Open ayah 42:52

    / Ей, Мұхаммед! / Біз осылай етіп саған Өз әмірімізден бір Рухты / Құранды / * уахи еттік. Сен / ол кезде / Кітаптың да, иманның да не екенін білмейтін едің. Алайда, Біз оны / Құранды / құлдарымыздан қалағандарымызды тура жолмен жүргізетін нұр еттік. Әрі шын мәнінде, сен, тура жолға бастайсың,

  53. صِرَٰطِ ٱللَّهِ ٱلَّذِي لَهُۥ مَا فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَمَا فِي ٱلۡأَرۡضِۗ أَلَآ إِلَى ٱللَّهِ تَصِيرُ ٱلۡأُمُورُ

    Open ayah 42:53

    аспандардағы және жердегілер Өзінікі болған Аллаһтың жолына! Біліңдер, / барлық / істер Аллаһқа қайтады.