القمر
Al-Qamar
Translation: Kazakh - Khalifah Altai Charity Foundation · Open the surah
بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
ٱقۡتَرَبَتِ ٱلسَّاعَةُ وَٱنشَقَّ ٱلۡقَمَرُ
Open ayah 54:1Сағат / Қайта тірілу күні / жақындады және ай бөлінді.
وَإِن يَرَوۡاْ ءَايَةٗ يُعۡرِضُواْ وَيَقُولُواْ سِحۡرٞ مُّسۡتَمِرّٞ
Open ayah 54:2Егер олар Аллаһтың бір белгісін көрсе де, теріс бұрылады да: «Күшті сиқыр», - дейді.
وَكَذَّبُواْ وَٱتَّبَعُوٓاْ أَهۡوَآءَهُمۡۚ وَكُلُّ أَمۡرٖ مُّسۡتَقِرّٞ
Open ayah 54:3Әрі олар өтірікке шығарды және көңіл құмарлықтарына ерді. Әрбір істің өз орны / уақыты / бар.
وَلَقَدۡ جَآءَهُم مِّنَ ٱلۡأَنۢبَآءِ مَا فِيهِ مُزۡدَجَرٌ
Open ayah 54:4Ақиқатында, оларға тыйымдарды / ескертулерді / қамтыған хабарлар келді.
حِكۡمَةُۢ بَٰلِغَةٞۖ فَمَا تُغۡنِ ٱلنُّذُرُ
Open ayah 54:5Кемел, даналыққа толы / хабарлар / . Бірақ ескерту / имансызға / не пайда бермек?
فَتَوَلَّ عَنۡهُمۡۘ يَوۡمَ يَدۡعُ ٱلدَّاعِ إِلَىٰ شَيۡءٖ نُّكُرٍ
Open ayah 54:6/ Ей, Мұхаммед! / Енді олардан теріс бұрыл. Шақырушы / сүр үрлеуші / қиын бір нәрсеге шақырған күні,
خُشَّعًا أَبۡصَٰرُهُمۡ يَخۡرُجُونَ مِنَ ٱلۡأَجۡدَاثِ كَأَنَّهُمۡ جَرَادٞ مُّنتَشِرٞ
Open ayah 54:7олардың көздері қорлана жасыған күйде, бытырап жайылған шегірткелер секілді қабірлерден шығады,
مُّهۡطِعِينَ إِلَى ٱلدَّاعِۖ يَقُولُ ٱلۡكَٰفِرُونَ هَٰذَا يَوۡمٌ عَسِرٞ
Open ayah 54:8шақырушыға қарай асыққан күйлерінде. кәпірлер: «Бұл - ауыр күн!» - дейді.
۞كَذَّبَتۡ قَبۡلَهُمۡ قَوۡمُ نُوحٖ فَكَذَّبُواْ عَبۡدَنَا وَقَالُواْ مَجۡنُونٞ وَٱزۡدُجِرَ
Open ayah 54:9Олардан бұрын Нұхтың елі де өтірікке шығарған еді. Сөйтіп олар құлымызды / Нұхты / жалғаншыға шығарды және: «Жын қаққан», - деп жәбірлеп, тыйым салды.
فَدَعَا رَبَّهُۥٓ أَنِّي مَغۡلُوبٞ فَٱنتَصِرۡ
Open ayah 54:10Сонда ол Раббысына: «Мен жеңілдім, маған көмек бер!» - деп дұға қылды.
فَفَتَحۡنَآ أَبۡوَٰبَ ٱلسَّمَآءِ بِمَآءٖ مُّنۡهَمِرٖ
Open ayah 54:11Біз аспан қақпаларын құйылған сумен аштық,
وَفَجَّرۡنَا ٱلۡأَرۡضَ عُيُونٗا فَٱلۡتَقَى ٱلۡمَآءُ عَلَىٰٓ أَمۡرٖ قَدۡ قُدِرَ
Open ayah 54:12және жерді жарып, бұлақтарды шығардық. Солай етіп сулар белгіленген іс үшін қосылды.
وَحَمَلۡنَٰهُ عَلَىٰ ذَاتِ أَلۡوَٰحٖ وَدُسُرٖ
Open ayah 54:13Сонда оны тақтайлар мен дусурдан құралғанға / кемеге / мінгіздік.
تَجۡرِي بِأَعۡيُنِنَا جَزَآءٗ لِّمَن كَانَ كُفِرَ
Open ayah 54:14Ол / кеме / Біздің көз алдымызда жүзеді, / елі / күпірлік еткенге / теріске шығарғанға / қайтарым сый ретінде.
وَلَقَد تَّرَكۡنَٰهَآ ءَايَةٗ فَهَلۡ مِن مُّدَّكِرٖ
Open ayah 54:15Біз оны белгі-ғибрат етіп қалдырдық. Енді еске алушы бар ма?
فَكَيۡفَ كَانَ عَذَابِي وَنُذُرِ
Open ayah 54:16Менің азабым әрі ескертуім қалай болды?
وَلَقَدۡ يَسَّرۡنَا ٱلۡقُرۡءَانَ لِلذِّكۡرِ فَهَلۡ مِن مُّدَّكِرٖ
Open ayah 54:17Біз Құранды еске алуға жеңіл еттік. Енді еске алушы бар ма?
كَذَّبَتۡ عَادٞ فَكَيۡفَ كَانَ عَذَابِي وَنُذُرِ
Open ayah 54:18Ад елі / елшілерді / өтірікші санады. Сонда Менің азабым мен ескертуім қалай болды?
إِنَّآ أَرۡسَلۡنَا عَلَيۡهِمۡ رِيحٗا صَرۡصَرٗا فِي يَوۡمِ نَحۡسٖ مُّسۡتَمِرّٖ
Open ayah 54:19Біз оларға жамандығы жалғасқан күні суық жел жібердік.
تَنزِعُ ٱلنَّاسَ كَأَنَّهُمۡ أَعۡجَازُ نَخۡلٖ مُّنقَعِرٖ
Open ayah 54:20Ол адамдарды опырылған құрма ағаштарындай жұлып әкетеді.
فَكَيۡفَ كَانَ عَذَابِي وَنُذُرِ
Open ayah 54:21Менің азабым мен ескертуім қалай болды?
وَلَقَدۡ يَسَّرۡنَا ٱلۡقُرۡءَانَ لِلذِّكۡرِ فَهَلۡ مِن مُّدَّكِرٖ
Open ayah 54:22Біз Құранды еске алуға жеңіл еттік. Енді еске алушы бар ма?
كَذَّبَتۡ ثَمُودُ بِٱلنُّذُرِ
Open ayah 54:23Сәмұд елі ескертуді өтірік санады.
فَقَالُوٓاْ أَبَشَرٗا مِّنَّا وَٰحِدٗا نَّتَّبِعُهُۥٓ إِنَّآ إِذٗا لَّفِي ضَلَٰلٖ وَسُعُرٍ
Open ayah 54:24Олар: «Біз өз арамыздағы бір адамға ереміз бе? Онда біз әлбетте адасуда және ессіздікте боламыз.
أَءُلۡقِيَ ٱلذِّكۡرُ عَلَيۡهِ مِنۢ بَيۡنِنَا بَلۡ هُوَ كَذَّابٌ أَشِرٞ
Open ayah 54:25Ескерту / уахи / біздің арамыздан тек соған ғана түсірілді ме? Негізінде, ол менменсінген өтірікші», - деді.
سَيَعۡلَمُونَ غَدٗا مَّنِ ٱلۡكَذَّابُ ٱلۡأَشِرُ
Open ayah 54:26Олар ертең-ақ шектен шыққан өтірікшінің кім екенін біледі.
إِنَّا مُرۡسِلُواْ ٱلنَّاقَةِ فِتۡنَةٗ لَّهُمۡ فَٱرۡتَقِبۡهُمۡ وَٱصۡطَبِرۡ
Open ayah 54:27«Біз оларға сынақ ретінде түйені жібереміз. Сен оларды байқа да / не істейтіндерін күтіп / сабыр ет.
وَنَبِّئۡهُمۡ أَنَّ ٱلۡمَآءَ قِسۡمَةُۢ بَيۡنَهُمۡۖ كُلُّ شِرۡبٖ مُّحۡتَضَرٞ
Open ayah 54:28Оларға судың араларында бөлінгенін хабарла. Әркімге су алу / кезегі / белгіленген».
فَنَادَوۡاْ صَاحِبَهُمۡ فَتَعَاطَىٰ فَعَقَرَ
Open ayah 54:29Сонда олар серіктерін шақырып, ол оны / түйені / ұстап тірсегін қиды, / сойып өлтірді /.
فَكَيۡفَ كَانَ عَذَابِي وَنُذُرِ
Open ayah 54:30Сонда Менің азабым әрі ескертуім қалай болды?
إِنَّآ أَرۡسَلۡنَا عَلَيۡهِمۡ صَيۡحَةٗ وَٰحِدَةٗ فَكَانُواْ كَهَشِيمِ ٱلۡمُحۡتَظِرِ
Open ayah 54:31Біз оларға бір ғана сайха жібердік те, олар қора салушының кепкен қоқым шөбі секілді жапырылып қалды.
وَلَقَدۡ يَسَّرۡنَا ٱلۡقُرۡءَانَ لِلذِّكۡرِ فَهَلۡ مِن مُّدَّكِرٖ
Open ayah 54:32Біз Құранды еске алуға жеңіл еттік. Енді еске алушы бар ма?
كَذَّبَتۡ قَوۡمُ لُوطِۭ بِٱلنُّذُرِ
Open ayah 54:33Лұттың елі насихат, ескертуді өтірік санады.
إِنَّآ أَرۡسَلۡنَا عَلَيۡهِمۡ حَاصِبًا إِلَّآ ءَالَ لُوطٖۖ نَّجَّيۡنَٰهُم بِسَحَرٖ
Open ayah 54:34Біз оларға, тас жаудырған қатты жел жібердік. Тек Лұттың үй-ішінен басқасына. Ал, оларды сахарда / таң алдында / құтқардық,
نِّعۡمَةٗ مِّنۡ عِندِنَاۚ كَذَٰلِكَ نَجۡزِي مَن شَكَرَ
Open ayah 54:35Бізден болған игілікпен. Біз игіліктерімізге алғыс білдіргеннің / шүкір еткеннің / қайтарым сыйын осылай береміз.
وَلَقَدۡ أَنذَرَهُم بَطۡشَتَنَا فَتَمَارَوۡاْ بِٱلنُّذُرِ
Open ayah 54:36Ол / Лұт / оларға Біздің ұстауымызды / азапқа тартуымызды / ескерткен еді, бірақ олар ескертуден күмәнданды.
وَلَقَدۡ رَٰوَدُوهُ عَن ضَيۡفِهِۦ فَطَمَسۡنَآ أَعۡيُنَهُمۡ فَذُوقُواْ عَذَابِي وَنُذُرِ
Open ayah 54:37Олар одан қонақтарын / беруді / талап етті, сонда Біз олардың көздерін тегіс еттік. Енді Менің азабым мен ескертуімді татыңдар!
وَلَقَدۡ صَبَّحَهُم بُكۡرَةً عَذَابٞ مُّسۡتَقِرّٞ
Open ayah 54:38Оларға ерте таңда бекітілген азап келді.
فَذُوقُواْ عَذَابِي وَنُذُرِ
Open ayah 54:39/ Оларға: / «Енді Менің азабым мен ескерткенімді көріңдер!» - делінді.
وَلَقَدۡ يَسَّرۡنَا ٱلۡقُرۡءَانَ لِلذِّكۡرِ فَهَلۡ مِن مُّدَّكِرٖ
Open ayah 54:40Біз Құранды еске алуға жеңіл еттік. Енді еске алушы бар ма?
وَلَقَدۡ جَآءَ ءَالَ فِرۡعَوۡنَ ٱلنُّذُرُ
Open ayah 54:41Әрі фиръаундықтарға да ескерту келген еді.
كَذَّبُواْ بِـَٔايَٰتِنَا كُلِّهَا فَأَخَذۡنَٰهُمۡ أَخۡذَ عَزِيزٖ مُّقۡتَدِرٍ
Open ayah 54:42Олар Біздің белгілеріміздің барлығын өтірік санады. Сонда Біз оларды бәрінен Үстем, бәріне Күші жетушінің ұстауымен ұстадық.
أَكُفَّارُكُمۡ خَيۡرٞ مِّنۡ أُوْلَٰٓئِكُمۡ أَمۡ لَكُم بَرَآءَةٞ فِي ٱلزُّبُرِ
Open ayah 54:43Сендердің кәпірлерің солардан артық па? әлде сендер үшін кітаптарда кепілдік бар ма?
أَمۡ يَقُولُونَ نَحۡنُ جَمِيعٞ مُّنتَصِرٞ
Open ayah 54:44Әлде олар: «Біз - үстем бір топпыз», дей ме?
سَيُهۡزَمُ ٱلۡجَمۡعُ وَيُوَلُّونَ ٱلدُّبُرَ
Open ayah 54:45Жақында бұл топ / мүшріктер / жеңіледі де арттарына бұрылып қашады.
بَلِ ٱلسَّاعَةُ مَوۡعِدُهُمۡ وَٱلسَّاعَةُ أَدۡهَىٰ وَأَمَرُّ
Open ayah 54:46Күмәнсіз, Сағат / Қайта тірілу / - оларға белгіленген бір уәделі мерзім. Әрі ол Сағат - өте ауыр, мүлдем ащы.
إِنَّ ٱلۡمُجۡرِمِينَ فِي ضَلَٰلٖ وَسُعُرٖ
Open ayah 54:47Анығында, қылмыскерлер адасуда және ессіздікте.
يَوۡمَ يُسۡحَبُونَ فِي ٱلنَّارِ عَلَىٰ وُجُوهِهِمۡ ذُوقُواْ مَسَّ سَقَرَ
Open ayah 54:48Сол күні олар Отқа беттерімен сүйретіледі. / Оларға: / «Сақардың ұстауын татыңдар!» - делінеді.
إِنَّا كُلَّ شَيۡءٍ خَلَقۡنَٰهُ بِقَدَرٖ
Open ayah 54:49Ақиқатында, Біз әрбір нәрсені алдын ала белгілегеніміз бойынша жараттық.
وَمَآ أَمۡرُنَآ إِلَّا وَٰحِدَةٞ كَلَمۡحِۭ بِٱلۡبَصَرِ
Open ayah 54:50Біздің бұйрығымыз көздің бір нәрсеге түскен сәтіндей ғана.
وَلَقَدۡ أَهۡلَكۡنَآ أَشۡيَاعَكُمۡ فَهَلۡ مِن مُّدَّكِرٖ
Open ayah 54:51Әрі Біз өздерің секілділерді жойып жібердік. Енді еске алушы бар ма?
وَكُلُّ شَيۡءٖ فَعَلُوهُ فِي ٱلزُّبُرِ
Open ayah 54:52Олардың істеген барлық нәрселері кітаптарда -
وَكُلُّ صَغِيرٖ وَكَبِيرٖ مُّسۡتَطَرٌ
Open ayah 54:53әрбір кішісі де, үлкені де - жазулы.
إِنَّ ٱلۡمُتَّقِينَ فِي جَنَّٰتٖ وَنَهَرٖ
Open ayah 54:54Анығында, тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар / / Жәннаттағы / бақтар мен өзендер арасында,
فِي مَقۡعَدِ صِدۡقٍ عِندَ مَلِيكٖ مُّقۡتَدِرِۭ
Open ayah 54:55барлық нәрсені Жасай алушы Үкім иесінің алдындағы ақиқат мекенінде.