سبإ
Saba
Translation: Kazakh - Khalifah Altai Charity Foundation · Open the surah
بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
ٱلۡحَمۡدُ لِلَّهِ ٱلَّذِي لَهُۥ مَا فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَمَا فِي ٱلۡأَرۡضِ وَلَهُ ٱلۡحَمۡدُ فِي ٱلۡأٓخِرَةِۚ وَهُوَ ٱلۡحَكِيمُ ٱلۡخَبِيرُ
Open ayah 34:1Барлық мақтау аспандардағы және жердегі / барлық / нәрселер бір Өзінікі болған Аллаһқа. Және соңғы мәңгілік өмірде де / ақиретте / барлық мақтау Оған. Олс аса Дана, бәрінен Хабардар.
يَعۡلَمُ مَا يَلِجُ فِي ٱلۡأَرۡضِ وَمَا يَخۡرُجُ مِنۡهَا وَمَا يَنزِلُ مِنَ ٱلسَّمَآءِ وَمَا يَعۡرُجُ فِيهَاۚ وَهُوَ ٱلرَّحِيمُ ٱلۡغَفُورُ
Open ayah 34:2Ол жерге кіретінді және одан шығатынды әрі аспаннан түсетінді әрі оған көтерілетінді де біледі. Әрі Олсерекше Мейірімді, өте Кешірімді.
وَقَالَ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ لَا تَأۡتِينَا ٱلسَّاعَةُۖ قُلۡ بَلَىٰ وَرَبِّي لَتَأۡتِيَنَّكُمۡ عَٰلِمِ ٱلۡغَيۡبِۖ لَا يَعۡزُبُ عَنۡهُ مِثۡقَالُ ذَرَّةٖ فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَلَا فِي ٱلۡأَرۡضِ وَلَآ أَصۡغَرُ مِن ذَٰلِكَ وَلَآ أَكۡبَرُ إِلَّا فِي كِتَٰبٖ مُّبِينٖ
Open ayah 34:3Ал, сондай күпірлік етушілер / Қайта тірілуді мойындамайтындар / : «Бізге Сағат / Қайта тірілу / келмейді», деді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Жоқ, олай емес, жасырын нәрсені / ғайыпты / білуші Раббыммен ант етемін! Ол / Қайта тірілу күні / сендерге міндетті түрде келеді», деп. Аспандардағы және жердегі заттың ең кішкентай бөлшегі әрі одан кіші не одан үлкен нәрсе Одан жасырын қалмайды, / бәрі де / анық Кітапта / жазулы / ,- деп.
لِّيَجۡزِيَ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّٰلِحَٰتِۚ أُوْلَٰٓئِكَ لَهُم مَّغۡفِرَةٞ وَرِزۡقٞ كَرِيمٞ
Open ayah 34:4/ Бұл / иманға келген және ізгі амал істегендерге қайтарым сыйын беруі үшін. Міне, соларға кешірім әрі көркем, мол ризық бар.
وَٱلَّذِينَ سَعَوۡ فِيٓ ءَايَٰتِنَا مُعَٰجِزِينَ أُوْلَٰٓئِكَ لَهُمۡ عَذَابٞ مِّن رِّجۡزٍ أَلِيمٞ
Open ayah 34:5Ал аят-белгілерімізді әлсіретуге ұмтылғандарға қинаушы азаптан қасірет бар.
وَيَرَى ٱلَّذِينَ أُوتُواْ ٱلۡعِلۡمَ ٱلَّذِيٓ أُنزِلَ إِلَيۡكَ مِن رَّبِّكَ هُوَ ٱلۡحَقَّ وَيَهۡدِيٓ إِلَىٰ صِرَٰطِ ٱلۡعَزِيزِ ٱلۡحَمِيدِ
Open ayah 34:6Әрі өздеріне білім берілгендер Раббыңнан саған түсірілгеннің ақиқат екенін және бәрінен Үстем,аса Мақтаулының жолына бастайтынын көреді.
وَقَالَ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ هَلۡ نَدُلُّكُمۡ عَلَىٰ رَجُلٖ يُنَبِّئُكُمۡ إِذَا مُزِّقۡتُمۡ كُلَّ مُمَزَّقٍ إِنَّكُمۡ لَفِي خَلۡقٖ جَدِيدٍ
Open ayah 34:7Ал күпірлік етушілер / Қайта тірілуді теріске шығаратындар / : «Сендерге өздерің әбден шіріп, ыдырап кеткен кездеріңде жаңа жаратылыста болатындарыңды / жаңадан қайта жаратылатындарыңды / хабарлайтын бір кісіні көрсетейік пе?
أَفۡتَرَىٰ عَلَى ٱللَّهِ كَذِبًا أَم بِهِۦ جِنَّةُۢۗ بَلِ ٱلَّذِينَ لَا يُؤۡمِنُونَ بِٱلۡأٓخِرَةِ فِي ٱلۡعَذَابِ وَٱلضَّلَٰلِ ٱلۡبَعِيدِ
Open ayah 34:8Ол Аллаһ туралы өтірікті құрастырды ма, әлде оны жын иектеп алды ма?» - деді. Жоқ, олай емес! Соңғы, мәңгілік өмірге / ақиретке / сенбейтіндер азапта және ұзақ адасуда.
أَفَلَمۡ يَرَوۡاْ إِلَىٰ مَا بَيۡنَ أَيۡدِيهِمۡ وَمَا خَلۡفَهُم مِّنَ ٱلسَّمَآءِ وَٱلۡأَرۡضِۚ إِن نَّشَأۡ نَخۡسِفۡ بِهِمُ ٱلۡأَرۡضَ أَوۡ نُسۡقِطۡ عَلَيۡهِمۡ كِسَفٗا مِّنَ ٱلسَّمَآءِۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَةٗ لِّكُلِّ عَبۡدٖ مُّنِيبٖ
Open ayah 34:9Олар алдарындағы әрі арттарындағыны - аспандағы мен жердегіні көрмеді ме? Егер қаласақ, оларды жерге жұтқызып жібереміз немесе олардың үстіне аспаннан бір бөлік түсіреміз. Ақиқатында, Мұнда / Аллаһқа әрдайым! қайтушы әрбір құлға белгі-ғибрат бар.
۞وَلَقَدۡ ءَاتَيۡنَا دَاوُۥدَ مِنَّا فَضۡلٗاۖ يَٰجِبَالُ أَوِّبِي مَعَهُۥ وَٱلطَّيۡرَۖ وَأَلَنَّا لَهُ ٱلۡحَدِيدَ
Open ayah 34:10Әрі Біз Дәуітке Өз тарапымыздан артықшылық бердік. «Ей, таулар! Онымен / Дәуітпен / бірге жаңғырық беріп / Аллаһты дәріптеуін / қайталаңдар. Ей, құстар / сендер де / қайталаңдар» - дедік. Әрі оған темірді жұмсартып:
أَنِ ٱعۡمَلۡ سَٰبِغَٰتٖ وَقَدِّرۡ فِي ٱلسَّرۡدِۖ وَٱعۡمَلُواْ صَٰلِحًاۖ إِنِّي بِمَا تَعۡمَلُونَ بَصِيرٞ
Open ayah 34:11«Ұзын сауыттар жаса және оның бөліктерін / шығыршықтарын / мөлшерлеп ал. Әрі ізгілік істеңдер. Ақиқатында, Мен не істеп жатқандарыңды Көрушімін»,- дедік,
وَلِسُلَيۡمَٰنَ ٱلرِّيحَ غُدُوُّهَا شَهۡرٞ وَرَوَاحُهَا شَهۡرٞۖ وَأَسَلۡنَا لَهُۥ عَيۡنَ ٱلۡقِطۡرِۖ وَمِنَ ٱلۡجِنِّ مَن يَعۡمَلُ بَيۡنَ يَدَيۡهِ بِإِذۡنِ رَبِّهِۦۖ وَمَن يَزِغۡ مِنۡهُمۡ عَنۡ أَمۡرِنَا نُذِقۡهُ مِنۡ عَذَابِ ٱلسَّعِيرِ
Open ayah 34:12Ал, Сүлейменге таңертеңгі шығуы бір айлық, кешке қайтуы бір айлық жолды басып өтетін желді / бағындырдық / . Біз оған мыстан бұлақ ағыздық. және Раббысының рұқсатымен оның алдында жындардан жұмыс істейтіндері болды. Әрі олардан кім әмірімізден шықса, оған Саъир (жалындаған от) азабын таттырамыз.
يَعۡمَلُونَ لَهُۥ مَا يَشَآءُ مِن مَّحَٰرِيبَ وَتَمَٰثِيلَ وَجِفَانٖ كَٱلۡجَوَابِ وَقُدُورٖ رَّاسِيَٰتٍۚ ٱعۡمَلُوٓاْ ءَالَ دَاوُۥدَ شُكۡرٗاۚ وَقَلِيلٞ مِّنۡ عِبَادِيَ ٱلشَّكُورُ
Open ayah 34:13Олар оған, ол қалаған құрылыстарды / сарайлар мен мешіттерді /, кескіндерді, әуіздей үлкен ыдыстарды және берік орнатылған қазандарды жасап беретін. / Оларға!: «Ей, Дәуіттің әулеті! Шүкір ету / Раббыңның берген игіліктеріне алғыс білдіру / үшін амал істеңдер»,- дедік. Құлдарымның азы ғана шүкір етуші / берген игіліктеріме разы болып, алғыс білдіруші / ,
فَلَمَّا قَضَيۡنَا عَلَيۡهِ ٱلۡمَوۡتَ مَا دَلَّهُمۡ عَلَىٰ مَوۡتِهِۦٓ إِلَّا دَآبَّةُ ٱلۡأَرۡضِ تَأۡكُلُ مِنسَأَتَهُۥۖ فَلَمَّا خَرَّ تَبَيَّنَتِ ٱلۡجِنُّ أَن لَّوۡ كَانُواْ يَعۡلَمُونَ ٱلۡغَيۡبَ مَا لَبِثُواْ فِي ٱلۡعَذَابِ ٱلۡمُهِينِ
Open ayah 34:14Біз оған / Сүлейменге / өлімді үкім еткен кезімізде, Оларға оның қайтыс болғанын таяғын жеген жәндіктен / құрттан / басқа ешнәрсе хабар бермеді. Ол құлаған кезде, жындар - егер өздері құпияны / ғайыпты / білгендерінде, онда мұндай қорлаушы азапта қалмаған боларын түсінді.
لَقَدۡ كَانَ لِسَبَإٖ فِي مَسۡكَنِهِمۡ ءَايَةٞۖ جَنَّتَانِ عَن يَمِينٖ وَشِمَالٖۖ كُلُواْ مِن رِّزۡقِ رَبِّكُمۡ وَٱشۡكُرُواْ لَهُۥۚ بَلۡدَةٞ طَيِّبَةٞ وَرَبٌّ غَفُورٞ
Open ayah 34:15Сәбалықтар үшін олардың тұратын жерлерінде белгі / нышан / - оң жақ және сол жақтарында / орналасқан / екі бағы - бар еді. / Оларға / : «Өздеріңнің Раббыңның ризығынан жеңдер және шүкір етіңдер / Оның берген игіліктеріне алғыс білдіріңдер / . Жақсы ел әрі аса кешірімді Раббы», - / делінген еді / .
فَأَعۡرَضُواْ فَأَرۡسَلۡنَا عَلَيۡهِمۡ سَيۡلَ ٱلۡعَرِمِ وَبَدَّلۡنَٰهُم بِجَنَّتَيۡهِمۡ جَنَّتَيۡنِ ذَوَاتَيۡ أُكُلٍ خَمۡطٖ وَأَثۡلٖ وَشَيۡءٖ مِّن سِدۡرٖ قَلِيلٖ
Open ayah 34:16Алайда олар / шүкірсіздік етіп, құлшылықтан / теріс бұрылды. Сонда Біз оларға тасқын суды жібердік әрі олардың бақтарын жыңғылды әрі аз ғана сидры / тікенекті ағашы / бар екі бақпен алмастырдық.
ذَٰلِكَ جَزَيۡنَٰهُم بِمَا كَفَرُواْۖ وَهَلۡ نُجَٰزِيٓ إِلَّا ٱلۡكَفُورَ
Open ayah 34:17Біз оларды күпірлік еткендіктері / Аллаһтың игіліктерін мойындамағандары / үшін осылай жазаладық. Біз күпірлік етушілерден басқаны жазалаймыз ба?
وَجَعَلۡنَا بَيۡنَهُمۡ وَبَيۡنَ ٱلۡقُرَى ٱلَّتِي بَٰرَكۡنَا فِيهَا قُرٗى ظَٰهِرَةٗ وَقَدَّرۡنَا فِيهَا ٱلسَّيۡرَۖ سِيرُواْ فِيهَا لَيَالِيَ وَأَيَّامًا ءَامِنِينَ
Open ayah 34:18Біз олармен Өзіміз берекелі еткен кенттердің арасында / жолай / көзге түсетін елді мекендер жасадық және олардың арасын өлшеулі еттік. / Оларға / : «Онда түндерде де, күндіз де қауіпсіз жүріңдер», - / дедік / .
فَقَالُواْ رَبَّنَا بَٰعِدۡ بَيۡنَ أَسۡفَارِنَا وَظَلَمُوٓاْ أَنفُسَهُمۡ فَجَعَلۡنَٰهُمۡ أَحَادِيثَ وَمَزَّقۡنَٰهُمۡ كُلَّ مُمَزَّقٍۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَٰتٖ لِّكُلِّ صَبَّارٖ شَكُورٖ
Open ayah 34:19Сонда олар: «Раббымыз! Сапарларымыз арасын ұзақ ет», деді. Сөйтіп өздеріне-өздері әділетсіздік істеді. Сонда Біз оларды / ел аузында қалған / аңыз-әңгімеге айналдырдық және оларды бөліп, ыдыратып тастадық. Ақиқатында Мұнда әрбір әрдайым сабыр, көп шүкір етушілер / Раббысының берген игіліктеріне алғыс білдірушілер / үшін белгі-ғибраттар бар.
وَلَقَدۡ صَدَّقَ عَلَيۡهِمۡ إِبۡلِيسُ ظَنَّهُۥ فَٱتَّبَعُوهُ إِلَّا فَرِيقٗا مِّنَ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ
Open ayah 34:20Сөйтіп, Ібілістің оларға қатысты болжамы шынға айналып, олардың бір топ имандыларынан / мүміндерінен / басқасы оған ерді.
وَمَا كَانَ لَهُۥ عَلَيۡهِم مِّن سُلۡطَٰنٍ إِلَّا لِنَعۡلَمَ مَن يُؤۡمِنُ بِٱلۡأٓخِرَةِ مِمَّنۡ هُوَ مِنۡهَا فِي شَكّٖۗ وَرَبُّكَ عَلَىٰ كُلِّ شَيۡءٍ حَفِيظٞ
Open ayah 34:21Негізінде оның / Ібілістің / оларға ешқандай билігі жоқ еді. Бірақ, / бұл / соңғы, мәңгілік өмірге / ақиретке / сенетіндерді, оған күмәнда болғандардан айырып анықтауымыз үшін. Раббың әрбір нәрсені Сақтаушы.
قُلِ ٱدۡعُواْ ٱلَّذِينَ زَعَمۡتُم مِّن دُونِ ٱللَّهِ لَا يَمۡلِكُونَ مِثۡقَالَ ذَرَّةٖ فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَلَا فِي ٱلۡأَرۡضِ وَمَا لَهُمۡ فِيهِمَا مِن شِرۡكٖ وَمَا لَهُۥ مِنۡهُم مِّن ظَهِيرٖ
Open ayah 34:22/ Ей, Мұхаммед! / Айт: «Аллаһпен қатар / құдай деп / есептегендеріңді шақырыңдар», деп. Олар аспандар мен жерде заттың ең кішкене бөлшегіңдей нәрсеге де не емес және олардың осы екеуіндегі / аспандар мен жердегі / ешбір нәрсеге үлесі жоқ. Әрі олардың ішінен Оған көмек беруші де жоқ.
وَلَا تَنفَعُ ٱلشَّفَٰعَةُ عِندَهُۥٓ إِلَّا لِمَنۡ أَذِنَ لَهُۥۚ حَتَّىٰٓ إِذَا فُزِّعَ عَن قُلُوبِهِمۡ قَالُواْ مَاذَا قَالَ رَبُّكُمۡۖ قَالُواْ ٱلۡحَقَّۖ وَهُوَ ٱلۡعَلِيُّ ٱلۡكَبِيرُ
Open ayah 34:23Әрі Оның алдында Өзі рұқсат бергеннен басқа ешкімге араша түсу / шапағат / пайда бермейді. Жүректерінен қорқыныш кетірілген кезде, / шапағат етілгендер!2ш: «Раббың не айтты?» - дейді, олар / періштелер / : «Ақиқатты. Ол аса Жоғары, өте Үлкен », - дейді.
۞قُلۡ مَن يَرۡزُقُكُم مِّنَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِۖ قُلِ ٱللَّهُۖ وَإِنَّآ أَوۡ إِيَّاكُمۡ لَعَلَىٰ هُدًى أَوۡ فِي ضَلَٰلٖ مُّبِينٖ
Open ayah 34:24/ Ей, Мұхаммед!! Айт: «Сендерге аспандар мен жерден кім ризық береді?» - деп. Айт: «Аллаһ»- деп, әрі: «Негізінде біз бен сендерден біріміз туралық үстіндеміз, / ал / біріміз анық адасудамыз», - де.
قُل لَّا تُسۡـَٔلُونَ عَمَّآ أَجۡرَمۡنَا وَلَا نُسۡـَٔلُ عَمَّا تَعۡمَلُونَ
Open ayah 34:25Айт: «Сендер біздің қылмысымыз жайлы сұралмайсыңдар әрі біз де сендердің істегендерің жайлы сұралмаймыз»,- деп.
قُلۡ يَجۡمَعُ بَيۡنَنَا رَبُّنَا ثُمَّ يَفۡتَحُ بَيۡنَنَا بِٱلۡحَقِّ وَهُوَ ٱلۡفَتَّاحُ ٱلۡعَلِيمُ
Open ayah 34:26Айт: «Раббымыз бізді / Қайта тірілу күні / бірге жинап, содан кейін арамызға ақиқат бойынша үкім етеді. Ол әділ үкім етуші, бәрін Білуші», - деп.
قُلۡ أَرُونِيَ ٱلَّذِينَ أَلۡحَقۡتُم بِهِۦ شُرَكَآءَۖ كَلَّاۚ بَلۡ هُوَ ٱللَّهُ ٱلۡعَزِيزُ ٱلۡحَكِيمُ
Open ayah 34:27Айт: «Оған серік етіп қосқандарыңды маған көрсетіңдерші. Жоқ, мүмкін емес! Ол Аллаһ бәрінен Үстем, аса Дана», - деп.
وَمَآ أَرۡسَلۡنَٰكَ إِلَّا كَآفَّةٗ لِّلنَّاسِ بَشِيرٗا وَنَذِيرٗا وَلَٰكِنَّ أَكۡثَرَ ٱلنَّاسِ لَا يَعۡلَمُونَ
Open ayah 34:28Біз сені бүкіл адамзатқа қуанышты хабар жеткізуші және ескертіп сақтандырушы етіп жібердік. Бірақ адамдардың көбі мұны білмейді.
وَيَقُولُونَ مَتَىٰ هَٰذَا ٱلۡوَعۡدُ إِن كُنتُمۡ صَٰدِقِينَ
Open ayah 34:29Олар: «Егер шын сөзді болсаңдар, бүл уәделерің қашан / болады / ?» - дейді.
قُل لَّكُم مِّيعَادُ يَوۡمٖ لَّا تَسۡتَـٔۡخِرُونَ عَنۡهُ سَاعَةٗ وَلَا تَسۡتَقۡدِمُونَ
Open ayah 34:30Айт: «Сендерге Күннің / Есеп күнінің / уәдесі бар, сендер оны бір сәтке де кешіктіре не ілгерілете алмайсыңдар»,- деп.
وَقَالَ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ لَن نُّؤۡمِنَ بِهَٰذَا ٱلۡقُرۡءَانِ وَلَا بِٱلَّذِي بَيۡنَ يَدَيۡهِۗ وَلَوۡ تَرَىٰٓ إِذِ ٱلظَّٰلِمُونَ مَوۡقُوفُونَ عِندَ رَبِّهِمۡ يَرۡجِعُ بَعۡضُهُمۡ إِلَىٰ بَعۡضٍ ٱلۡقَوۡلَ يَقُولُ ٱلَّذِينَ ٱسۡتُضۡعِفُواْ لِلَّذِينَ ٱسۡتَكۡبَرُواْ لَوۡلَآ أَنتُمۡ لَكُنَّا مُؤۡمِنِينَ
Open ayah 34:31Әрі сондай күпірлік етушілер / Аллаһқа серік қосушылар / : «Біз бұл Құранға да, оның алдындағы түскенге де сенбейміз», деді. Егер сен әділетсіздердің өздерінің Раббысы алдында тұрғызылып, бір-біріне сөз қайтарғанын көрсең еді. Әлсіз есептелгендері / ерушілері / өздерін жоғары санағандарға / басшыларға / : «Сендер болмағанда, біз иманға келер едік», - дейді.
قَالَ ٱلَّذِينَ ٱسۡتَكۡبَرُواْ لِلَّذِينَ ٱسۡتُضۡعِفُوٓاْ أَنَحۡنُ صَدَدۡنَٰكُمۡ عَنِ ٱلۡهُدَىٰ بَعۡدَ إِذۡ جَآءَكُمۖ بَلۡ كُنتُم مُّجۡرِمِينَ
Open ayah 34:32Өздерін жоғары санағандар әлсіз саналғандарға: «Біз сендерге тура жол келгеннен кейін өздеріңді одан тостық па? Жоқ! Сендер өздерің қылмыскер болдыңдар», -дейді.
وَقَالَ ٱلَّذِينَ ٱسۡتُضۡعِفُواْ لِلَّذِينَ ٱسۡتَكۡبَرُواْ بَلۡ مَكۡرُ ٱلَّيۡلِ وَٱلنَّهَارِ إِذۡ تَأۡمُرُونَنَآ أَن نَّكۡفُرَ بِٱللَّهِ وَنَجۡعَلَ لَهُۥٓ أَندَادٗاۚ وَأَسَرُّواْ ٱلنَّدَامَةَ لَمَّا رَأَوُاْ ٱلۡعَذَابَۚ وَجَعَلۡنَا ٱلۡأَغۡلَٰلَ فِيٓ أَعۡنَاقِ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْۖ هَلۡ يُجۡزَوۡنَ إِلَّا مَا كَانُواْ يَعۡمَلُونَ
Open ayah 34:33Сонда әлсіздері өздерін жоғары санағандарға: «Жоқ! Түнде де, күндіз де айла-шарғы қолданып, бізді Аллаһқа сенбеуге және Оған өзгелерді теңдес етуге бұйыратын едіндер»,- дейді. Олар азапты көргендерінде, өкініштерін / іштеріне / жасырды. Әрі Біз күпірлік етушілердің / Аллаһқақарсы келушілердің / мойындарына бұғаулар салдық. Оларға істегендерінен басқасына / істемегендеріне / қайтарым жаза беріле ме?
وَمَآ أَرۡسَلۡنَا فِي قَرۡيَةٖ مِّن نَّذِيرٍ إِلَّا قَالَ مُتۡرَفُوهَآ إِنَّا بِمَآ أُرۡسِلۡتُم بِهِۦ كَٰفِرُونَ
Open ayah 34:34Біз қайсыбір елді мекенге ескертуші жіберсек, оның сән-салтанат, рахатқа шалқығандары / дәулетке мастанғандары / : «Біз сендер арқылы жіберілгенге сенбейміз», - деді.
وَقَالُواْ نَحۡنُ أَكۡثَرُ أَمۡوَٰلٗا وَأَوۡلَٰدٗا وَمَا نَحۡنُ بِمُعَذَّبِينَ
Open ayah 34:35Әрі олар: «Біздің дүниелеріміз де, балаларымыз да көп, / сондықтан / біз азапқа тартылмаймыз», - деді.
قُلۡ إِنَّ رَبِّي يَبۡسُطُ ٱلرِّزۡقَ لِمَن يَشَآءُ وَيَقۡدِرُ وَلَٰكِنَّ أَكۡثَرَ ٱلنَّاسِ لَا يَعۡلَمُونَ
Open ayah 34:36/ Ей, Мұхаммед! / Айт: «Ақиқатында Раббым қалағанының ризығын кеңітіп, қалағанының ризығын шектеп қояды. Бірақ адамдардың көбі білмейді»,- деп.
وَمَآ أَمۡوَٰلُكُمۡ وَلَآ أَوۡلَٰدُكُم بِٱلَّتِي تُقَرِّبُكُمۡ عِندَنَا زُلۡفَىٰٓ إِلَّا مَنۡ ءَامَنَ وَعَمِلَ صَٰلِحٗا فَأُوْلَٰٓئِكَ لَهُمۡ جَزَآءُ ٱلضِّعۡفِ بِمَا عَمِلُواْ وَهُمۡ فِي ٱلۡغُرُفَٰتِ ءَامِنُونَ
Open ayah 34:37Сендердің дүниелерің де, балаларың да өздеріңді Бізге жақындатушы нәрсе бола алмайды. Тек кім иманға келген және ізгі амал істеген болса ғана, міне, соларға істеген амалдары үшін еселенген қайтарым сый бар әрі олар / Жәннаттағы / жоғарғы орындарда амандықта болады.
وَٱلَّذِينَ يَسۡعَوۡنَ فِيٓ ءَايَٰتِنَا مُعَٰجِزِينَ أُوْلَٰٓئِكَ فِي ٱلۡعَذَابِ مُحۡضَرُونَ
Open ayah 34:38Ал, аят-белгілерімізді әлсірету үшін әрекет еткендер болса, азапқа тасталынады.
قُلۡ إِنَّ رَبِّي يَبۡسُطُ ٱلرِّزۡقَ لِمَن يَشَآءُ مِنۡ عِبَادِهِۦ وَيَقۡدِرُ لَهُۥۚ وَمَآ أَنفَقۡتُم مِّن شَيۡءٖ فَهُوَ يُخۡلِفُهُۥۖ وَهُوَ خَيۡرُ ٱلرَّٰزِقِينَ
Open ayah 34:39/ Ей, Мұхаммед! / Айт: «Ақиқатында, Раббым құлдарының арасынан қалағанының ризығын кеңітіп және қалағанының / ризығын / шектеп қояды. Сендер не жұмсасаңдар да Ол оның / жұмсағандарыңның / орнын қайта толтырады. Ол - ризық берушілердің ең қайырлысы», - деп.
وَيَوۡمَ يَحۡشُرُهُمۡ جَمِيعٗا ثُمَّ يَقُولُ لِلۡمَلَٰٓئِكَةِ أَهَٰٓؤُلَآءِ إِيَّاكُمۡ كَانُواْ يَعۡبُدُونَ
Open ayah 34:40Әрі сол / қайта тірілу / күні Ол / Аллаһ / олардың барлығын жинайды да кейін періштелерге: «Сендерге табынған мыналар ма?» - дейді.
قَالُواْ سُبۡحَٰنَكَ أَنتَ وَلِيُّنَا مِن دُونِهِمۖ بَلۡ كَانُواْ يَعۡبُدُونَ ٱلۡجِنَّۖ أَكۡثَرُهُم بِهِم مُّؤۡمِنُونَ
Open ayah 34:41/ Періштелер / : «Сен / барлық кемшіліктен / пәксің! Біздің қамқоршымыз олар емес, Сенсің. Негізінде, олар жындарға табынатын, олардың көбі соларға сенуші еді», - дейді.
فَٱلۡيَوۡمَ لَا يَمۡلِكُ بَعۡضُكُمۡ لِبَعۡضٖ نَّفۡعٗا وَلَا ضَرّٗا وَنَقُولُ لِلَّذِينَ ظَلَمُواْ ذُوقُواْ عَذَابَ ٱلنَّارِ ٱلَّتِي كُنتُم بِهَا تُكَذِّبُونَ
Open ayah 34:42Ол күні сендер бір-бірлеріңе не пайда, не зиян келтіре алмайсыңдар. Біз әділетсіздерге: «Өздерің өтірік деп есептеген Оттың азабын татыңдар», - дейміз.
وَإِذَا تُتۡلَىٰ عَلَيۡهِمۡ ءَايَٰتُنَا بَيِّنَٰتٖ قَالُواْ مَا هَٰذَآ إِلَّا رَجُلٞ يُرِيدُ أَن يَصُدَّكُمۡ عَمَّا كَانَ يَعۡبُدُ ءَابَآؤُكُمۡ وَقَالُواْ مَا هَٰذَآ إِلَّآ إِفۡكٞ مُّفۡتَرٗىۚ وَقَالَ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ لِلۡحَقِّ لَمَّا جَآءَهُمۡ إِنۡ هَٰذَآ إِلَّا سِحۡرٞ مُّبِينٞ
Open ayah 34:43Ал оларға / мүшріктерге / анық аяттарымыз оқылған кезде, олар: «Бұл адам сендерді аталарыңның табынғанынан тосуды қалайтын кісі ғана», - деді. Әрі олар: «Бұл - бар болғаны ойдан шығарылған өтірік», - деді. Әрі, өздеріне ақиқат келген кезде, оған күпірлік еткендер / сенбегендер / : «Бұл - анық сиқыр ғана», - деді.
وَمَآ ءَاتَيۡنَٰهُم مِّن كُتُبٖ يَدۡرُسُونَهَاۖ وَمَآ أَرۡسَلۡنَآ إِلَيۡهِمۡ قَبۡلَكَ مِن نَّذِيرٖ
Open ayah 34:44Біз оларға / араб мүшріктеріне / өздері оқып-үйренетін кітаптар бермедік әрі оларға сенен бұрын ескертуші де жібермедік.
وَكَذَّبَ ٱلَّذِينَ مِن قَبۡلِهِمۡ وَمَا بَلَغُواْ مِعۡشَارَ مَآ ءَاتَيۡنَٰهُمۡ فَكَذَّبُواْ رُسُلِيۖ فَكَيۡفَ كَانَ نَكِيرِ
Open ayah 34:45Олардан бұрын өткендер де / елшілерді / жалғанға шығарды. Бұлар / Мекке мүшріктері / оларға бергеніміздің оннан біріне де жеткен жоқ. Ал олар сонда да елшілерімді жалғанға шығарды. Сонда Менің қаһарым / жазам / қалай болды?!
۞قُلۡ إِنَّمَآ أَعِظُكُم بِوَٰحِدَةٍۖ أَن تَقُومُواْ لِلَّهِ مَثۡنَىٰ وَفُرَٰدَىٰ ثُمَّ تَتَفَكَّرُواْۚ مَا بِصَاحِبِكُم مِّن جِنَّةٍۚ إِنۡ هُوَ إِلَّا نَذِيرٞ لَّكُم بَيۡنَ يَدَيۡ عَذَابٖ شَدِيدٖ
Open ayah 34:46/ Ей, Мұхаммед! / Айт: «Мен сендерге бір нәрсеге кеңес беремін. Аллаһтың алдында екі-екіден / бірлесіп / және бір-бірден / жеке / тұрып, содан кейін ойланыңдар. Сендердің жолдастарыңа жын тиген жоқ. Ол - бар болғаны, келетін қатты азаптың алдында сендерге ескерту жасаушы ғана»,- деп.
قُلۡ مَا سَأَلۡتُكُم مِّنۡ أَجۡرٖ فَهُوَ لَكُمۡۖ إِنۡ أَجۡرِيَ إِلَّا عَلَى ٱللَّهِۖ وَهُوَ عَلَىٰ كُلِّ شَيۡءٖ شَهِيدٞ
Open ayah 34:47Айт: «Мен сендерден бір ақы сұрамаймын, ол / ақы / өздеріңе. Менің сыйым тек Аллаһта. Ол - барлық нәрсеге Куә»,- деп.
قُلۡ إِنَّ رَبِّي يَقۡذِفُ بِٱلۡحَقِّ عَلَّٰمُ ٱلۡغُيُوبِ
Open ayah 34:48Айт: «Анығында, Раббым ақиқатты түсіреді. Ол - жасырын нәрселерді / ғайыптарды / Білуші», - де.
قُلۡ جَآءَ ٱلۡحَقُّ وَمَا يُبۡدِئُ ٱلۡبَٰطِلُ وَمَا يُعِيدُ
Open ayah 34:49Айт: «Ақиқат келді, енді өтірік / оны / шығара алмайды және қайтара да алмайды»,- деп.
قُلۡ إِن ضَلَلۡتُ فَإِنَّمَآ أَضِلُّ عَلَىٰ نَفۡسِيۖ وَإِنِ ٱهۡتَدَيۡتُ فَبِمَا يُوحِيٓ إِلَيَّ رَبِّيٓۚ إِنَّهُۥ سَمِيعٞ قَرِيبٞ
Open ayah 34:50Айт: «Егер мен адассам, оз зияныма ғана адасамын. Ал егер тура жолмен жүрсем, ол тек Раббымныңмаған уахи етуімен. Ақиқатында, Ол бәрін Естуші, өте Жақын »,- деп.
وَلَوۡ تَرَىٰٓ إِذۡ فَزِعُواْ فَلَا فَوۡتَ وَأُخِذُواْ مِن مَّكَانٖ قَرِيبٖ
Open ayah 34:51Әрі сен олардың қатты үрейленіп, қашуға мүмкіндік болмай әрі жақын бір жерден ұсталғанын көрсең.
وَقَالُوٓاْ ءَامَنَّا بِهِۦ وَأَنَّىٰ لَهُمُ ٱلتَّنَاوُشُ مِن مَّكَانِۭ بَعِيدٖ
Open ayah 34:52Сонда олар: «Оған сендік», - дейді. Алайда, енді алыс орыннан олар қайдан жетсін?!
وَقَدۡ كَفَرُواْ بِهِۦ مِن قَبۡلُۖ وَيَقۡذِفُونَ بِٱلۡغَيۡبِ مِن مَّكَانِۭ بَعِيدٖ
Open ayah 34:53Әрі олар оған бұрын күпірлік еткен / сенбеген / еді және / ақиқаттан / алыс тұрып құпия жайлы жорамалдап, айыптады.
وَحِيلَ بَيۡنَهُمۡ وَبَيۡنَ مَا يَشۡتَهُونَ كَمَا فُعِلَ بِأَشۡيَاعِهِم مِّن قَبۡلُۚ إِنَّهُمۡ كَانُواْ فِي شَكّٖ مُّرِيبِۭ
Open ayah 34:54Олар мен олардың қалаған нәрселерінің / иманға, тәубеге келудің / арасына бөгет қойылады. Дәл өздері секілділерге бұрын жасалғаны сияқты. Негізінде, олар шиеленген күмәнда еді.