الرحمن
Ar-Rahmaan
Translation: Kazakh - Khalifah Altai · Open the surah
بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
ٱلرَّحۡمَٰنُ
Open ayah 55:1Аса қамқор Алла.
عَلَّمَ ٱلۡقُرۡءَانَ
Open ayah 55:2Құранды үйретті.
خَلَقَ ٱلۡإِنسَٰنَ
Open ayah 55:3Адамзатты жаратты.
عَلَّمَهُ ٱلۡبَيَانَ
Open ayah 55:4Оған сөйлеуді үйретті.
ٱلشَّمۡسُ وَٱلۡقَمَرُ بِحُسۡبَانٖ
Open ayah 55:5Күн мен ай есеппен жүреді.
وَٱلنَّجۡمُ وَٱلشَّجَرُ يَسۡجُدَانِ
Open ayah 55:6Өсімдік, (жұлдыз), ағаш Оған бас иеді.
وَٱلسَّمَآءَ رَفَعَهَا وَوَضَعَ ٱلۡمِيزَانَ
Open ayah 55:7Ол, аспанды биіктетіп, оған тең бір өлшеу қойды.
أَلَّا تَطۡغَوۡاْ فِي ٱلۡمِيزَانِ
Open ayah 55:8Өлшеуде шектен шықпаңдар.
وَأَقِيمُواْ ٱلۡوَزۡنَ بِٱلۡقِسۡطِ وَلَا تُخۡسِرُواْ ٱلۡمِيزَانَ
Open ayah 55:9Сондай-ақ тартуды әділетпен орындаңдар, таразыда кемітпеңдер.
وَٱلۡأَرۡضَ وَضَعَهَا لِلۡأَنَامِ
Open ayah 55:10Алла, жерді жәндіктер үшін жасады.
فِيهَا فَٰكِهَةٞ وَٱلنَّخۡلُ ذَاتُ ٱلۡأَكۡمَامِ
Open ayah 55:11Жерде жемістер және шоқты құрмалар бар.
وَٱلۡحَبُّ ذُو ٱلۡعَصۡفِ وَٱلرَّيۡحَانُ
Open ayah 55:12Онда қабықты ұрық және аңқыған өсімдіктер өседі.
فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Open ayah 55:13Ендеше, (әй адамзат пен жын!) Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
خَلَقَ ٱلۡإِنسَٰنَ مِن صَلۡصَٰلٖ كَٱلۡفَخَّارِ
Open ayah 55:14Ол, адамзатты құмырадай сыңырлаған құрғақ топырақтан жаратты.
وَخَلَقَ ٱلۡجَآنَّ مِن مَّارِجٖ مِّن نَّارٖ
Open ayah 55:15Жындарды оттың жалынынан жаратты.
فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Open ayah 55:16Ендеше, (әй адамзат пен жын!) Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер.
رَبُّ ٱلۡمَشۡرِقَيۡنِ وَرَبُّ ٱلۡمَغۡرِبَيۡنِ
Open ayah 55:17Ол, (жазғы-қысқы) екі шығыстың Раббы әрі екі күн батыстың Раббы.
فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Open ayah 55:18Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
مَرَجَ ٱلۡبَحۡرَيۡنِ يَلۡتَقِيَانِ
Open ayah 55:19Ағызған екі теңіз қосылады.
بَيۡنَهُمَا بَرۡزَخٞ لَّا يَبۡغِيَانِ
Open ayah 55:20Екі арасында бөгет бар. Бір-біріне араласпайды.
فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Open ayah 55:21Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін жасынға айналдырасыңдар?
يَخۡرُجُ مِنۡهُمَا ٱللُّؤۡلُؤُ وَٱلۡمَرۡجَانُ
Open ayah 55:22Екі теңізден де інжу-маржан шығады.
فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Open ayah 55:23Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
وَلَهُ ٱلۡجَوَارِ ٱلۡمُنشَـَٔاتُ فِي ٱلۡبَحۡرِ كَٱلۡأَعۡلَٰمِ
Open ayah 55:24Теңізде таулар құсап жүрген кемелер Оған тән.
فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Open ayah 55:25Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
كُلُّ مَنۡ عَلَيۡهَا فَانٖ
Open ayah 55:26Бүкіл жер жүзіндегілер түгейді.
وَيَبۡقَىٰ وَجۡهُ رَبِّكَ ذُو ٱلۡجَلَٰلِ وَٱلۡإِكۡرَامِ
Open ayah 55:27Ұлы дәрежеге ие әрі жомарт Раббыңның дидары мәңгі қалады.
فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Open ayah 55:28Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
يَسۡـَٔلُهُۥ مَن فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِۚ كُلَّ يَوۡمٍ هُوَ فِي شَأۡنٖ
Open ayah 55:29Көктердегі әрі жердегі әркім Одан сұрайды, Ол, әр күні шұғылдануда.
فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Open ayah 55:30Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
سَنَفۡرُغُ لَكُمۡ أَيُّهَ ٱلثَّقَلَانِ
Open ayah 55:31Әй екі топ! (Адамзат пен жын.) Есептеріңді көреміз.
فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Open ayah 55:32Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
يَٰمَعۡشَرَ ٱلۡجِنِّ وَٱلۡإِنسِ إِنِ ٱسۡتَطَعۡتُمۡ أَن تَنفُذُواْ مِنۡ أَقۡطَارِ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ فَٱنفُذُواْۚ لَا تَنفُذُونَ إِلَّا بِسُلۡطَٰنٖ
Open ayah 55:33Әй жын мен адамзат тобы! Көктер мен жердің шектерінен өтуге шамаларың келсе, өтіңдер. Өте алмайсыңдар! Бірақ бір қуатпен өте аласындар.
فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Open ayah 55:34Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
يُرۡسَلُ عَلَيۡكُمَا شُوَاظٞ مِّن نَّارٖ وَنُحَاسٞ فَلَا تَنتَصِرَانِ
Open ayah 55:35Сендерге түтінсіз жалын, отсыз түтін жіберіледі. Өздеріңді құтқара алмайсыңдар.
فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Open ayah 55:36Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
فَإِذَا ٱنشَقَّتِ ٱلسَّمَآءُ فَكَانَتۡ وَرۡدَةٗ كَٱلدِّهَانِ
Open ayah 55:37Көк жарылып, майдай еріп, гүлдей қызарған кезде.
فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Open ayah 55:38Ендеше Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
فَيَوۡمَئِذٖ لَّا يُسۡـَٔلُ عَن ذَنۢبِهِۦٓ إِنسٞ وَلَا جَآنّٞ
Open ayah 55:39Сонда ол күні, адамзат пен жындар күнәсынан сұралмайды. (Өйткені, Аллаға мәлік.)
فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Open ayah 55:40Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
يُعۡرَفُ ٱلۡمُجۡرِمُونَ بِسِيمَٰهُمۡ فَيُؤۡخَذُ بِٱلنَّوَٰصِي وَٱلۡأَقۡدَامِ
Open ayah 55:41Күнәкарлар кескіндерінен танылады да кекілдері мен аяқтарынан ұсталады.
فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Open ayah 55:42Ендеше, Раббыларықның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
هَٰذِهِۦ جَهَنَّمُ ٱلَّتِي يُكَذِّبُ بِهَا ٱلۡمُجۡرِمُونَ
Open ayah 55:43Міне осы күнәкарлардың жасынға шығарған тозағы.
يَطُوفُونَ بَيۡنَهَا وَبَيۡنَ حَمِيمٍ ءَانٖ
Open ayah 55:44Олар тозақ пен қайнар судың арасында айналып жүреді.
فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Open ayah 55:45Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
وَلِمَنۡ خَافَ مَقَامَ رَبِّهِۦ جَنَّتَانِ
Open ayah 55:46Раббының хұзырына шығудан қорыққан кісіге екі бейіш бар.
فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Open ayah 55:47Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
ذَوَاتَآ أَفۡنَانٖ
Open ayah 55:48Екеуі де түрлі жемісті.
فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Open ayah 55:49Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
فِيهِمَا عَيۡنَانِ تَجۡرِيَانِ
Open ayah 55:50Ол екеуінде ағатын екі бұлақ бар.
فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Open ayah 55:51Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
فِيهِمَا مِن كُلِّ فَٰكِهَةٖ زَوۡجَانِ
Open ayah 55:52Ол екеуінде жемістер пар-парымен.
فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Open ayah 55:53Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
مُتَّكِـِٔينَ عَلَىٰ فُرُشِۭ بَطَآئِنُهَا مِنۡ إِسۡتَبۡرَقٖۚ وَجَنَى ٱلۡجَنَّتَيۡنِ دَانٖ
Open ayah 55:54Олар астары қалың жібек төсектерге сүйеніп отырады. Екі бақшаның жемістері жақын тұрады.
فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Open ayah 55:55Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
فِيهِنَّ قَٰصِرَٰتُ ٱلطَّرۡفِ لَمۡ يَطۡمِثۡهُنَّ إِنسٞ قَبۡلَهُمۡ وَلَا جَآنّٞ
Open ayah 55:56Бейіштерде өз ерлеріне телмірген сондай-ақ өздеріне олардан бұрын адамдар да жындар да соқтықпаған жұбайлар бар.
فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Open ayah 55:57Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
كَأَنَّهُنَّ ٱلۡيَاقُوتُ وَٱلۡمَرۡجَانُ
Open ayah 55:58Ол жұбайлар; яқұт, маржан сияқты.
فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Open ayah 55:59Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
هَلۡ جَزَآءُ ٱلۡإِحۡسَٰنِ إِلَّا ٱلۡإِحۡسَٰنُ
Open ayah 55:60Жақсылықтың сыйлығы жақсылық қана.
فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Open ayah 55:61Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
وَمِن دُونِهِمَا جَنَّتَانِ
Open ayah 55:62Бұл екі бақшадан өзге бақша бар.
فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Open ayah 55:63Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіқдер?
مُدۡهَآمَّتَانِ
Open ayah 55:64Екеуі де жап-жасыл.
فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Open ayah 55:65Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
فِيهِمَا عَيۡنَانِ نَضَّاخَتَانِ
Open ayah 55:66Екі бақшада атылып қайнаған екі бастау бар.
فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Open ayah 55:67Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
فِيهِمَا فَٰكِهَةٞ وَنَخۡلٞ وَرُمَّانٞ
Open ayah 55:68Ол екі бақша да түрлі жемістер және құрма, анар бар.
فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Open ayah 55:69Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
فِيهِنَّ خَيۡرَٰتٌ حِسَانٞ
Open ayah 55:70Ол ұжмақтарда қөркем мінезді, сұлу жұбайлар бар.
فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Open ayah 55:71Ендеше Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
حُورٞ مَّقۡصُورَٰتٞ فِي ٱلۡخِيَامِ
Open ayah 55:72Шатырларда тұратын хұрлар бар.
فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Open ayah 55:73Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
لَمۡ يَطۡمِثۡهُنَّ إِنسٞ قَبۡلَهُمۡ وَلَا جَآنّٞ
Open ayah 55:74Ол хұрларға олардан бұрын адамдар да жындар да жуымаған.
فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Open ayah 55:75Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
مُتَّكِـِٔينَ عَلَىٰ رَفۡرَفٍ خُضۡرٖ وَعَبۡقَرِيٍّ حِسَانٖ
Open ayah 55:76Бейіштегілер, жасыл дивандарға, көркем төсеніштерге жастанып отырады.
فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Open ayah 55:77Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
تَبَٰرَكَ ٱسۡمُ رَبِّكَ ذِي ٱلۡجَلَٰلِ وَٱلۡإِكۡرَامِ
Open ayah 55:78(Мұхаммед Ғ.С.) Аса ардақты, жомарт Раббыңның аты өте жоғары.