المرسلات
Al-Mursalaat
Translation: Kazakh - Khalifah Altai · Open the surah
بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
وَٱلۡمُرۡسَلَٰتِ عُرۡفٗا
Open ayah 77:1Жалғасты жіберілгендерге,
فَٱلۡعَٰصِفَٰتِ عَصۡفٗا
Open ayah 77:2Қатты есіп, ұшырушыларға,
وَٱلنَّٰشِرَٰتِ نَشۡرٗا
Open ayah 77:3Тарқатқан сайын тарқатушыларға,
فَٱلۡفَٰرِقَٰتِ فَرۡقٗا
Open ayah 77:4Айырған сайын айырушыларға,
فَٱلۡمُلۡقِيَٰتِ ذِكۡرًا
Open ayah 77:5Сосын зікір тастаушыларға,
عُذۡرًا أَوۡ نُذۡرًا
Open ayah 77:6Сылтау түрінде мейлі ескерту түрінде болсын, осыларға серт. (Бұл аяттардағы ант етілген нәрселерді Алла (Т.) ашық баян етпеген. Мүфәссірлер бұл жөнде түрлі көз қарастар білдірген. Мысалы: 1-Періштелер, 2-Желдер, 3-Құран Кәрим, 4-Пайғамбарлар. Не бәрі жел, не бәрі періштелер...)
إِنَّمَا تُوعَدُونَ لَوَٰقِعٞ
Open ayah 77:7Шын мәнінде сендерге уәде етілген (қиямет) әлбетте болады.
فَإِذَا ٱلنُّجُومُ طُمِسَتۡ
Open ayah 77:8Жұлдыздар сөнген сәтте,
وَإِذَا ٱلسَّمَآءُ فُرِجَتۡ
Open ayah 77:9Көк жарылғанда,
وَإِذَا ٱلۡجِبَالُ نُسِفَتۡ
Open ayah 77:10Таулар үгітіліп, ұшырылғанда,
وَإِذَا ٱلرُّسُلُ أُقِّتَتۡ
Open ayah 77:11Пайғамбарлардың уақты жеткен кезде;
لِأَيِّ يَوۡمٍ أُجِّلَتۡ
Open ayah 77:12Қайсы күнге кешіктіріліп еді?
لِيَوۡمِ ٱلۡفَصۡلِ
Open ayah 77:13Шешім күніне.
وَمَآ أَدۡرَىٰكَ مَا يَوۡمُ ٱلۡفَصۡلِ
Open ayah 77:14Ол шешім күнін қайдан білесің?
وَيۡلٞ يَوۡمَئِذٖ لِّلۡمُكَذِّبِينَ
Open ayah 77:15Ол күні, жасынға шығарушыларға нендей өкініш!
أَلَمۡ نُهۡلِكِ ٱلۡأَوَّلِينَ
Open ayah 77:16Бұрынғыларды жоқ етпедік пе?
ثُمَّ نُتۡبِعُهُمُ ٱلۡأٓخِرِينَ
Open ayah 77:17Сосын кейінгілерді де. Солардың аяғын құштырамыз.
كَذَٰلِكَ نَفۡعَلُ بِٱلۡمُجۡرِمِينَ
Open ayah 77:18Күнәкарларға осылай істейміз.
وَيۡلٞ يَوۡمَئِذٖ لِّلۡمُكَذِّبِينَ
Open ayah 77:19Жасынға шығарушылар үшін сол күні нендей өкініш!
أَلَمۡ نَخۡلُقكُّم مِّن مَّآءٖ مَّهِينٖ
Open ayah 77:20Сендерді болымсыз судан жаратпадық па?
فَجَعَلۡنَٰهُ فِي قَرَارٖ مَّكِينٍ
Open ayah 77:21Сондай оны берік бір жерде (жатырда) етпедік пе?
إِلَىٰ قَدَرٖ مَّعۡلُومٖ
Open ayah 77:22Белгілі бір мерзімге дейін.
فَقَدَرۡنَا فَنِعۡمَ ٱلۡقَٰدِرُونَ
Open ayah 77:23Оның тағдырын мөлшерледік. Нендей толық күшке иеміз.
وَيۡلٞ يَوۡمَئِذٖ لِّلۡمُكَذِّبِينَ
Open ayah 77:24Жасынға шығарушыларға сол қүні нендей өкініш!
أَلَمۡ نَجۡعَلِ ٱلۡأَرۡضَ كِفَاتًا
Open ayah 77:25Жер жүзін бір жиналыс жері қылмадық па?
أَحۡيَآءٗ وَأَمۡوَٰتٗا
Open ayah 77:26Тірілерге де өлілерге де.
وَجَعَلۡنَا فِيهَا رَوَٰسِيَ شَٰمِخَٰتٖ وَأَسۡقَيۡنَٰكُم مَّآءٗ فُرَاتٗا
Open ayah 77:27Жер жүзінде асқар таулар жасап, сендерді дәмді сумен суардық.
وَيۡلٞ يَوۡمَئِذٖ لِّلۡمُكَذِّبِينَ
Open ayah 77:28Жасынға шығарушыларға ол күні нендей өкініш!
ٱنطَلِقُوٓاْ إِلَىٰ مَا كُنتُم بِهِۦ تُكَذِّبُونَ
Open ayah 77:29(Ол күні оларға): "Өтірік деген нәрселеріңе қарай жүріңдер;"
ٱنطَلِقُوٓاْ إِلَىٰ ظِلّٖ ذِي ثَلَٰثِ شُعَبٖ
Open ayah 77:30"Үш бунақты түнекке қарай кетіңдер" (делінеді.)
لَّا ظَلِيلٖ وَلَا يُغۡنِي مِنَ ٱللَّهَبِ
Open ayah 77:31Ол, көлеңке болмайды да жалыннан қорғамайды.
إِنَّهَا تَرۡمِي بِشَرَرٖ كَٱلۡقَصۡرِ
Open ayah 77:32Өйткені тозақ сарайдай ұшқын атады.
كَأَنَّهُۥ جِمَٰلَتٞ صُفۡرٞ
Open ayah 77:33Сары түйелердей.
وَيۡلٞ يَوۡمَئِذٖ لِّلۡمُكَذِّبِينَ
Open ayah 77:34Жасынға шығарушыларға ол күні нендей өкініш!
هَٰذَا يَوۡمُ لَا يَنطِقُونَ
Open ayah 77:35Ол күні олар сөйлемейді.
وَلَا يُؤۡذَنُ لَهُمۡ فَيَعۡتَذِرُونَ
Open ayah 77:36Сондай-ақ олардың желеулетулеріне рұхсат берілмейді.
وَيۡلٞ يَوۡمَئِذٖ لِّلۡمُكَذِّبِينَ
Open ayah 77:37Жасынға шығарушыларға ол күні нендей өкініш!
هَٰذَا يَوۡمُ ٱلۡفَصۡلِۖ جَمَعۡنَٰكُمۡ وَٱلۡأَوَّلِينَ
Open ayah 77:38Ол шешім күні, сендерді де бұрынғыларды да жинаймыз.
فَإِن كَانَ لَكُمۡ كَيۡدٞ فَكِيدُونِ
Open ayah 77:39Бір әдістерің бар болса, Маған қолданыңдар.
وَيۡلٞ يَوۡمَئِذٖ لِّلۡمُكَذِّبِينَ
Open ayah 77:40Жасынға шығарушыларға ол күні нендей өкініш!
إِنَّ ٱلۡمُتَّقِينَ فِي ظِلَٰلٖ وَعُيُونٖ
Open ayah 77:41Расында тақуалар, саяларда, бастауларда болады.
وَفَوَٰكِهَ مِمَّا يَشۡتَهُونَ
Open ayah 77:42Көңілдері соққан жемістерде.
كُلُواْ وَٱشۡرَبُواْ هَنِيٓـَٔۢا بِمَا كُنتُمۡ تَعۡمَلُونَ
Open ayah 77:43(Оларға): "Істеген ғамалдарың арқасында жеңдер, ішіңдер; сіңімді болсын" (делінеді.)
إِنَّا كَذَٰلِكَ نَجۡزِي ٱلۡمُحۡسِنِينَ
Open ayah 77:44Расында жақсылық істеушілерді осылайша сыйлаймыз.
وَيۡلٞ يَوۡمَئِذٖ لِّلۡمُكَذِّبِينَ
Open ayah 77:45Жасынға шығарушыларға ол күні нендей өкініш!
كُلُواْ وَتَمَتَّعُواْ قَلِيلًا إِنَّكُم مُّجۡرِمُونَ
Open ayah 77:46(Әй кәпірлер!) Жеңдер, аздап пайдаланыңдар. Расында күнәкарсыңдар.
وَيۡلٞ يَوۡمَئِذٖ لِّلۡمُكَذِّبِينَ
Open ayah 77:47Жалғанға саюшыларға ол күні нендей өкініш!
وَإِذَا قِيلَ لَهُمُ ٱرۡكَعُواْ لَا يَرۡكَعُونَ
Open ayah 77:48Оларға: "Иіліңдер" делінсе, иілмейді.
وَيۡلٞ يَوۡمَئِذٖ لِّلۡمُكَذِّبِينَ
Open ayah 77:49Жасынға шығарушыларға, ол күні нендей өкініш!
فَبِأَيِّ حَدِيثِۭ بَعۡدَهُۥ يُؤۡمِنُونَ
Open ayah 77:50Ал енді олар, бүл Құраннан кейін қайсы сөзге сенеді?