النبإ
An-Naba
Translation: Kazakh - Khalifah Altai · Open the surah
بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
عَمَّ يَتَسَآءَلُونَ
Open ayah 78:1Олар не нәрседен сұрасады?
عَنِ ٱلنَّبَإِ ٱلۡعَظِيمِ
Open ayah 78:2Зор уақиғадан.
ٱلَّذِي هُمۡ فِيهِ مُخۡتَلِفُونَ
Open ayah 78:3Олар, ол жөнде таласуда.
كَلَّا سَيَعۡلَمُونَ
Open ayah 78:4Әсте олай емес, олар тез біледі.
ثُمَّ كَلَّا سَيَعۡلَمُونَ
Open ayah 78:5Тағы олай емес, олар тез біледі.
أَلَمۡ نَجۡعَلِ ٱلۡأَرۡضَ مِهَٰدٗا
Open ayah 78:6Жерді бір төсеніш қылмадық па?
وَٱلۡجِبَالَ أَوۡتَادٗا
Open ayah 78:7Тауларды қазық... (77-С. 27-А.)
وَخَلَقۡنَٰكُمۡ أَزۡوَٰجٗا
Open ayah 78:8Сендерді жүп-жүп жараттық.
وَجَعَلۡنَا نَوۡمَكُمۡ سُبَاتٗا
Open ayah 78:9Ұйқыларыңды дем алыс қылдық.
وَجَعَلۡنَا ٱلَّيۡلَ لِبَاسٗا
Open ayah 78:10Түнді жамылғы қылдық.
وَجَعَلۡنَا ٱلنَّهَارَ مَعَاشٗا
Open ayah 78:11Күндізді тіршілікке жараттық.
وَبَنَيۡنَا فَوۡقَكُمۡ سَبۡعٗا شِدَادٗا
Open ayah 78:12Үстеріңе жеті қат берік көк құрдық.
وَجَعَلۡنَا سِرَاجٗا وَهَّاجٗا
Open ayah 78:13Жарқыраған шырақ (күн) жараттық.
وَأَنزَلۡنَا مِنَ ٱلۡمُعۡصِرَٰتِ مَآءٗ ثَجَّاجٗا
Open ayah 78:14Сығылысқан бұлттардан мол жаңбыр жаудырдық.
لِّنُخۡرِجَ بِهِۦ حَبّٗا وَنَبَاتٗا
Open ayah 78:15Онымен дәнді дахылдарды, өсімдіктерді шығару үшін;
وَجَنَّٰتٍ أَلۡفَافًا
Open ayah 78:16Және ну бақшалар...
إِنَّ يَوۡمَ ٱلۡفَصۡلِ كَانَ مِيقَٰتٗا
Open ayah 78:17Расында билік күні, белгілі болған бір мерзім.
يَوۡمَ يُنفَخُ فِي ٱلصُّورِ فَتَأۡتُونَ أَفۡوَاجٗا
Open ayah 78:18ұрілген күні, топ-топ келесіңдер.
وَفُتِحَتِ ٱلسَّمَآءُ فَكَانَتۡ أَبۡوَٰبٗا
Open ayah 78:19Көктер сетінеп есіктер пайда болады.
وَسُيِّرَتِ ٱلۡجِبَالُ فَكَانَتۡ سَرَابًا
Open ayah 78:20Таулар жүргізіліп, сағым болады.
إِنَّ جَهَنَّمَ كَانَتۡ مِرۡصَادٗا
Open ayah 78:21Әлбетте тозақ күтіп тұрады;
لِّلطَّٰغِينَ مَـَٔابٗا
Open ayah 78:22Азғындардың барар жері.
لَّٰبِثِينَ فِيهَآ أَحۡقَابٗا
Open ayah 78:23Олар онда ғасырларша тұрады.
لَّا يَذُوقُونَ فِيهَا بَرۡدٗا وَلَا شَرَابًا
Open ayah 78:24Олар онда салқындамайды да сусын татпайды.
إِلَّا حَمِيمٗا وَغَسَّاقٗا
Open ayah 78:25Бірақ қайнап тұрған су және ірің ішеді.
جَزَآءٗ وِفَاقًا
Open ayah 78:26Қылмыстарына сай бір жаза.
إِنَّهُمۡ كَانُواْ لَا يَرۡجُونَ حِسَابٗا
Open ayah 78:27Өйткені олар, есепке тартылуды ойламаған еді.
وَكَذَّبُواْ بِـَٔايَٰتِنَا كِذَّابٗا
Open ayah 78:28Аяттарымызды мүлде жасынға шығарған еді.
وَكُلَّ شَيۡءٍ أَحۡصَيۡنَٰهُ كِتَٰبٗا
Open ayah 78:29Әр нәрсені жазып, сақтадық.
فَذُوقُواْ فَلَن نَّزِيدَكُمۡ إِلَّا عَذَابًا
Open ayah 78:30"Енді татыңдар; ал енді сендерге азаптан басқа еш нәрсе таттырмаймыз" (делінеді.)
إِنَّ لِلۡمُتَّقِينَ مَفَازًا
Open ayah 78:31Негізінде тақуалар үшін құтылу бар.
حَدَآئِقَ وَأَعۡنَٰبٗا
Open ayah 78:32Бақшалар, жүзімдер бар.
وَكَوَاعِبَ أَتۡرَابٗا
Open ayah 78:33Жас өспірім құрдас қыздар бар. (38-С. 52-А., 56-С. 37-А.)
وَكَأۡسٗا دِهَاقٗا
Open ayah 78:34Толып, тасыған кәсе бар.
لَّا يَسۡمَعُونَ فِيهَا لَغۡوٗا وَلَا كِذَّٰبٗا
Open ayah 78:35Олар онда бос сөз және өтірік естімейді;
جَزَآءٗ مِّن رَّبِّكَ عَطَآءً حِسَابٗا
Open ayah 78:36Раббыңнан толық бір сыйлық.
رَّبِّ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ وَمَا بَيۡنَهُمَا ٱلرَّحۡمَٰنِۖ لَا يَمۡلِكُونَ مِنۡهُ خِطَابٗا
Open ayah 78:37Көктер мен жердің әрі арасындағылардың Раббы; аса есіркеуші, Оған ешкім тіл қата алмайды.
يَوۡمَ يَقُومُ ٱلرُّوحُ وَٱلۡمَلَٰٓئِكَةُ صَفّٗاۖ لَّا يَتَكَلَّمُونَ إِلَّا مَنۡ أَذِنَ لَهُ ٱلرَّحۡمَٰنُ وَقَالَ صَوَابٗا
Open ayah 78:38Ол күні Жебрейіл (Ғ.С.) және періштелер, тізіліп тұрады. Алланың рұхсатынсыз ешкім сөйлемейді әрі дұрысын ғана сөйлейді.
ذَٰلِكَ ٱلۡيَوۡمُ ٱلۡحَقُّۖ فَمَن شَآءَ ٱتَّخَذَ إِلَىٰ رَبِّهِۦ مَـَٔابًا
Open ayah 78:39Сол күн хақ. Ендеше кім қаласа, Раббына барар жол тұтсын.
إِنَّآ أَنذَرۡنَٰكُمۡ عَذَابٗا قَرِيبٗا يَوۡمَ يَنظُرُ ٱلۡمَرۡءُ مَا قَدَّمَتۡ يَدَاهُ وَيَقُولُ ٱلۡكَافِرُ يَٰلَيۡتَنِي كُنتُ تُرَٰبَۢا
Open ayah 78:40Негізінде жақын бір азапты ескерттік. Ол күні алдын ала не істегеніне қарайды. Кәпір: "Әттең! Топырақ болып кеткен болсам" дейді.