النازعات
An-Naazi'aat
Translation: Kazakh - Khalifah Altai · Open the surah
بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
وَٱلنَّٰزِعَٰتِ غَرۡقٗا
Open ayah 79:1Сүңгіп шығарушы,
وَٱلنَّٰشِطَٰتِ نَشۡطٗا
Open ayah 79:2Баяу тартушы,
وَٱلسَّٰبِحَٰتِ سَبۡحٗا
Open ayah 79:3Малтап кетуші,
فَٱلسَّٰبِقَٰتِ سَبۡقٗا
Open ayah 79:4Жарысып озушы,
فَٱلۡمُدَبِّرَٰتِ أَمۡرٗا
Open ayah 79:5Сондай-ақ істі меңгеруші періштелерге серт.
يَوۡمَ تَرۡجُفُ ٱلرَّاجِفَةُ
Open ayah 79:6Ол күні қатты сілкініс болады.
تَتۡبَعُهَا ٱلرَّادِفَةُ
Open ayah 79:7Оның артынан тағы бір сілкінеді.
قُلُوبٞ يَوۡمَئِذٖ وَاجِفَةٌ
Open ayah 79:8Ол күні жүректер тітірейді.
أَبۡصَٰرُهَا خَٰشِعَةٞ
Open ayah 79:9Көздері төмен қарайды.
يَقُولُونَ أَءِنَّا لَمَرۡدُودُونَ فِي ٱلۡحَافِرَةِ
Open ayah 79:10(Олар): "Шын, қайта тірілеміз бе?",- дейді.
أَءِذَا كُنَّا عِظَٰمٗا نَّخِرَةٗ
Open ayah 79:11"Қоқым, сүйек болған сәтте де?"
قَالُواْ تِلۡكَ إِذٗا كَرَّةٌ خَاسِرَةٞ
Open ayah 79:12(Олар): "Ендеше ол қайғылы бір қайту екен" дейді.
فَإِنَّمَا هِيَ زَجۡرَةٞ وَٰحِدَةٞ
Open ayah 79:13Негізінен ол, бір айғай ғана.
فَإِذَا هُم بِٱلسَّاهِرَةِ
Open ayah 79:14Дереу сол уақытта олар майданда.
هَلۡ أَتَىٰكَ حَدِيثُ مُوسَىٰٓ
Open ayah 79:15Саған Мұсаның хабары келді ме?
إِذۡ نَادَىٰهُ رَبُّهُۥ بِٱلۡوَادِ ٱلۡمُقَدَّسِ طُوًى
Open ayah 79:16Сол уақытта, Раббы, оған қасиетгі "Тұуа" ойпатында дабыстады:
ٱذۡهَبۡ إِلَىٰ فِرۡعَوۡنَ إِنَّهُۥ طَغَىٰ
Open ayah 79:17"Перғауынға бар. Өйткені ол, азды."
فَقُلۡ هَل لَّكَ إِلَىٰٓ أَن تَزَكَّىٰ
Open ayah 79:18Сонда оган: "Тазарғың келе ме?",- де.
وَأَهۡدِيَكَ إِلَىٰ رَبِّكَ فَتَخۡشَىٰ
Open ayah 79:19"Саған Раббыңа баратын жолды көрсетейін. Одан қорқарсың"
فَأَرَىٰهُ ٱلۡأٓيَةَ ٱلۡكُبۡرَىٰ
Open ayah 79:20Мұса, Перғауынға ірі мұғжизаны көрсетті.
فَكَذَّبَ وَعَصَىٰ
Open ayah 79:21Сонда ол, жасынға шығарып, қарсы шықты.
ثُمَّ أَدۡبَرَ يَسۡعَىٰ
Open ayah 79:22Кейін теріс айналып, жүгірді.
فَحَشَرَ فَنَادَىٰ
Open ayah 79:23Адамдарды жинап, айғай салып:
فَقَالَ أَنَا۠ رَبُّكُمُ ٱلۡأَعۡلَىٰ
Open ayah 79:24"Мен сендердің ең ұлы раббыларың" деді.
فَأَخَذَهُ ٱللَّهُ نَكَالَ ٱلۡأٓخِرَةِ وَٱلۡأُولَىٰٓ
Open ayah 79:25Сондықтан Алла, оны ахирет, дүние азабымен қолға алды.
إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَعِبۡرَةٗ لِّمَن يَخۡشَىٰٓ
Open ayah 79:26Расында бұнда қорыққан кісі үшін әлбетте бір ғибрат бар.
ءَأَنتُمۡ أَشَدُّ خَلۡقًا أَمِ ٱلسَّمَآءُۚ بَنَىٰهَا
Open ayah 79:27Сендерді жарату қиын ба? Немесе аспанды? Алла, оны да жасады.
رَفَعَ سَمۡكَهَا فَسَوَّىٰهَا
Open ayah 79:28Оның биіктігін көтеріп, оны теңгерді.
وَأَغۡطَشَ لَيۡلَهَا وَأَخۡرَجَ ضُحَىٰهَا
Open ayah 79:29Оның түнін қараңғылатып, күндізін жарыққа шығарды.
وَٱلۡأَرۡضَ بَعۡدَ ذَٰلِكَ دَحَىٰهَآ
Open ayah 79:30Сосын жерді төседі.
أَخۡرَجَ مِنۡهَا مَآءَهَا وَمَرۡعَىٰهَا
Open ayah 79:31Одан су және жайылыс майданға келтірді.
وَٱلۡجِبَالَ أَرۡسَىٰهَا
Open ayah 79:32Оған таулар орналастырды.
مَتَٰعٗا لَّكُمۡ وَلِأَنۡعَٰمِكُمۡ
Open ayah 79:33Сендер және малдарың пайдалану үшін.
فَإِذَا جَآءَتِ ٱلطَّآمَّةُ ٱلۡكُبۡرَىٰ
Open ayah 79:34Бірақ ол ірі уақиға (қиямет) келген сәтте;
يَوۡمَ يَتَذَكَّرُ ٱلۡإِنسَٰنُ مَا سَعَىٰ
Open ayah 79:35Ол күні адамзат не нәрсеге тырысқанын есіне алады.
وَبُرِّزَتِ ٱلۡجَحِيمُ لِمَن يَرَىٰ
Open ayah 79:36Тозақ, көретіндерге көрсетіледі.
فَأَمَّا مَن طَغَىٰ
Open ayah 79:37Ал енді кім шектен шыққан болса,
وَءَاثَرَ ٱلۡحَيَوٰةَ ٱلدُّنۡيَا
Open ayah 79:38Оған дүние әсер еткен болса,
فَإِنَّ ٱلۡجَحِيمَ هِيَ ٱلۡمَأۡوَىٰ
Open ayah 79:39Сонда рас оның орны тозақ.
وَأَمَّا مَنۡ خَافَ مَقَامَ رَبِّهِۦ وَنَهَى ٱلنَّفۡسَ عَنِ ٱلۡهَوَىٰ
Open ayah 79:40Ал енді кім, Раббыны; алдына түрудан қорқып, нәпсісі соққан нәрседен тежеген болса,
فَإِنَّ ٱلۡجَنَّةَ هِيَ ٱلۡمَأۡوَىٰ
Open ayah 79:41Негізінде оның барар жері ұжмақ
يَسۡـَٔلُونَكَ عَنِ ٱلسَّاعَةِ أَيَّانَ مُرۡسَىٰهَا
Open ayah 79:42(Мұхаммед Ғ.С.) олар саған "Қиямет қашан болады?",- деп сұрақ қояды.
فِيمَ أَنتَ مِن ذِكۡرَىٰهَآ
Open ayah 79:43Ол жөнде түсіні беру сенің ісің бе?
إِلَىٰ رَبِّكَ مُنتَهَىٰهَآ
Open ayah 79:44Оны қортындысы, Раббыңа байланысты.
إِنَّمَآ أَنتَ مُنذِرُ مَن يَخۡشَىٰهَا
Open ayah 79:45Негізінен сен қияметте қорыққан кісілерге бір ескертуші ғанасың.
كَأَنَّهُمۡ يَوۡمَ يَرَوۡنَهَا لَمۡ يَلۡبَثُوٓاْ إِلَّا عَشِيَّةً أَوۡ ضُحَىٰهَا
Open ayah 79:46Олар қияметті көрге күні, дүниеде бір кеш немесе бір сәске тұрғандай ойлайды.