القيامة
Al-Qiyaama
Translation: Kazakh - Khalifah Altai · Open the surah
بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
لَآ أُقۡسِمُ بِيَوۡمِ ٱلۡقِيَٰمَةِ
Open ayah 75:1Жоқ, қиямет күніне ант етемін.
وَلَآ أُقۡسِمُ بِٱلنَّفۡسِ ٱللَّوَّامَةِ
Open ayah 75:2Жоқ, сөгіс беруші нәпсіге ант етемін.
أَيَحۡسَبُ ٱلۡإِنسَٰنُ أَلَّن نَّجۡمَعَ عِظَامَهُۥ
Open ayah 75:3Адам баласы, біз сүйектерді жинай алмайды деп ойлай ма?
بَلَىٰ قَٰدِرِينَ عَلَىٰٓ أَن نُّسَوِّيَ بَنَانَهُۥ
Open ayah 75:4Әрине оны саусақтарының үшіне дейін қайта жасай аламыз.
بَلۡ يُرِيدُ ٱلۡإِنسَٰنُ لِيَفۡجُرَ أَمَامَهُۥ
Open ayah 75:5Бірақ адам баласы, күнәны жалғастыра бергісі келеді
يَسۡـَٔلُ أَيَّانَ يَوۡمُ ٱلۡقِيَٰمَةِ
Open ayah 75:6"Қиямет күні қашан болады?',- деп, сұрайды.
فَإِذَا بَرِقَ ٱلۡبَصَرُ
Open ayah 75:7Қашан көз шағылысқан,
وَخَسَفَ ٱلۡقَمَرُ
Open ayah 75:8Ай тұтылған,
وَجُمِعَ ٱلشَّمۡسُ وَٱلۡقَمَرُ
Open ayah 75:9Күн мен ай бір араға келтірілген кезде.
يَقُولُ ٱلۡإِنسَٰنُ يَوۡمَئِذٍ أَيۡنَ ٱلۡمَفَرُّ
Open ayah 75:10Адамдар сол күн: "Қашар жер қайда?",- дейді.
كَلَّا لَا وَزَرَ
Open ayah 75:11Жоқ, әсте пана жоқ.
إِلَىٰ رَبِّكَ يَوۡمَئِذٍ ٱلۡمُسۡتَقَرُّ
Open ayah 75:12Ол күнгі тұрақ; Раббыңның алды.
يُنَبَّؤُاْ ٱلۡإِنسَٰنُ يَوۡمَئِذِۭ بِمَا قَدَّمَ وَأَخَّرَ
Open ayah 75:13Сол күні адам баласына ілгері кейін істегені білдіріледі. (36-С. 12-А.)
بَلِ ٱلۡإِنسَٰنُ عَلَىٰ نَفۡسِهِۦ بَصِيرَةٞ
Open ayah 75:14Әрине адам баласы өзіне-өзі көздеуші:
وَلَوۡ أَلۡقَىٰ مَعَاذِيرَهُۥ
Open ayah 75:15Егер барлық желеулерін ортаға қойса да. (Қанша сылтауратса да өз қылығы өзіне мәлім.)
لَا تُحَرِّكۡ بِهِۦ لِسَانَكَ لِتَعۡجَلَ بِهِۦٓ
Open ayah 75:16(Мұхаммед Ғ.С. Құран уахи етілген сәтте, тездетіп оқуға тырысқан. Б.Ж.Р.М.) (Әй Мұхаммед!) Құран түскенде оған асығып тіліңді қозғалтпа.
إِنَّ عَلَيۡنَا جَمۡعَهُۥ وَقُرۡءَانَهُۥ
Open ayah 75:17Шын мәнінде оны жинау, оқу Бізге міндет.
فَإِذَا قَرَأۡنَٰهُ فَٱتَّبِعۡ قُرۡءَانَهُۥ
Open ayah 75:18Ал оны Біз оқығанда, оның оқылуына ілес.
ثُمَّ إِنَّ عَلَيۡنَا بَيَانَهُۥ
Open ayah 75:19Сосын оны түсіндіру Бізге міндет.
كَلَّا بَلۡ تُحِبُّونَ ٱلۡعَاجِلَةَ
Open ayah 75:20Жоқ, олай емес. Сендер тез кететін дүниені жақсы көресіңдер.
وَتَذَرُونَ ٱلۡأٓخِرَةَ
Open ayah 75:21Ақиретті тастап, қоясыңдар.
وُجُوهٞ يَوۡمَئِذٖ نَّاضِرَةٌ
Open ayah 75:22Қиямет күні, кейбір жүздер жарқылдап;
إِلَىٰ رَبِّهَا نَاظِرَةٞ
Open ayah 75:23Раббына қарайды.
وَوُجُوهٞ يَوۡمَئِذِۭ بَاسِرَةٞ
Open ayah 75:24Ол күні, кейбір жүздер томсаруда болады.
تَظُنُّ أَن يُفۡعَلَ بِهَا فَاقِرَةٞ
Open ayah 75:25Өзіне бел үзетін қинау жасалады деп ойлайды.
كَلَّآ إِذَا بَلَغَتِ ٱلتَّرَاقِيَ
Open ayah 75:26Жоқ олай емес. Жан алқымға келген кезде;
وَقِيلَ مَنۡۜ رَاقٖ
Open ayah 75:27"Кім шара көреді?",- делінеді.
وَظَنَّ أَنَّهُ ٱلۡفِرَاقُ
Open ayah 75:28Ол шын мәнінде айрылу екенін сезеді.
وَٱلۡتَفَّتِ ٱلسَّاقُ بِٱلسَّاقِ
Open ayah 75:29Балтыры, балтырына оралады.
إِلَىٰ رَبِّكَ يَوۡمَئِذٍ ٱلۡمَسَاقُ
Open ayah 75:30Ол күні Раббы жаққа айдалады.
فَلَا صَدَّقَ وَلَا صَلَّىٰ
Open ayah 75:31Сонда ол, мойындамады да намаз оқымады.
وَلَٰكِن كَذَّبَ وَتَوَلَّىٰ
Open ayah 75:32Бірақ, жасынға шығарып бет бұрды.
ثُمَّ ذَهَبَ إِلَىٰٓ أَهۡلِهِۦ يَتَمَطَّىٰٓ
Open ayah 75:33Сосын ол, кердеңдей басып, үйіне кетті.
أَوۡلَىٰ لَكَ فَأَوۡلَىٰ
Open ayah 75:34Саған пәле келсін,
ثُمَّ أَوۡلَىٰ لَكَ فَأَوۡلَىٰٓ
Open ayah 75:35Сосын сені пәле басқыр!
أَيَحۡسَبُ ٱلۡإِنسَٰنُ أَن يُتۡرَكَ سُدًى
Open ayah 75:36Адам баласы бос қоя берілеміз деп ойлай ма?
أَلَمۡ يَكُ نُطۡفَةٗ مِّن مَّنِيّٖ يُمۡنَىٰ
Open ayah 75:37Ол, (жатырға) тамызылган бір тамшы мәни емес пе?
ثُمَّ كَانَ عَلَقَةٗ فَخَلَقَ فَسَوَّىٰ
Open ayah 75:38Сосын ол, ұйыған қан болды. Сонда Алла жаратып бейнеледі.
فَجَعَلَ مِنۡهُ ٱلزَّوۡجَيۡنِ ٱلذَّكَرَ وَٱلۡأُنثَىٰٓ
Open ayah 75:39Сонда одан ер, әйел екі жыныс жаратты.
أَلَيۡسَ ذَٰلِكَ بِقَٰدِرٍ عَلَىٰٓ أَن يُحۡـِۧيَ ٱلۡمَوۡتَىٰ
Open ayah 75:40Бұларды жасаған Алланың, өліктерді қайта тірілтуге югші жетпей ме?