النازعات
An-Naazi'aat
Translation: Kazakh - Khalifah Altai Charity Foundation · Open the surah
بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
وَٱلنَّٰزِعَٰتِ غَرۡقٗا
Open ayah 79:1Қатты тартып, суырып алушылармен,
وَٱلنَّٰشِطَٰتِ نَشۡطٗا
Open ayah 79:2жеңіл етіп шығарып алушылармен,
وَٱلسَّٰبِحَٰتِ سَبۡحٗا
Open ayah 79:3және жылдам жүзушілермен,
فَٱلسَّٰبِقَٰتِ سَبۡقٗا
Open ayah 79:4солай, екпінді озушылармен,
فَٱلۡمُدَبِّرَٰتِ أَمۡرٗا
Open ayah 79:5бұйрықты орындаушылармен ант етемін!
يَوۡمَ تَرۡجُفُ ٱلرَّاجِفَةُ
Open ayah 79:6Ол күні сілкінуші сілкінеді,
تَتۡبَعُهَا ٱلرَّادِفَةُ
Open ayah 79:7оған артынан келесісі жалғасады.
قُلُوبٞ يَوۡمَئِذٖ وَاجِفَةٌ
Open ayah 79:8Ол күні жүректер тітірейді,
أَبۡصَٰرُهَا خَٰشِعَةٞ
Open ayah 79:9көздер қорлана бағынып, төмен қарайды.
يَقُولُونَ أَءِنَّا لَمَرۡدُودُونَ فِي ٱلۡحَافِرَةِ
Open ayah 79:10Олар / сенбеушілер / : «Біз артқа қайтарыламыз ба?
أَءِذَا كُنَّا عِظَٰمٗا نَّخِرَةٗ
Open ayah 79:11Егер біз үгітілген сүйекке айналсақ та ма?» - дейді.
قَالُواْ تِلۡكَ إِذٗا كَرَّةٌ خَاسِرَةٞ
Open ayah 79:12Олар: «Ендеше, ол тиімсіз бір қайту екен», - дейді.
فَإِنَّمَا هِيَ زَجۡرَةٞ وَٰحِدَةٞ
Open ayah 79:13Ақиқатында, ол - бар болғаны бір ғана қатты дауыс.
فَإِذَا هُم بِٱلسَّاهِرَةِ
Open ayah 79:14Сонда олар жер бетінде / тіріліп / тұрады.
هَلۡ أَتَىٰكَ حَدِيثُ مُوسَىٰٓ
Open ayah 79:15Саған Мұсаның хабары келді ме?
إِذۡ نَادَىٰهُ رَبُّهُۥ بِٱلۡوَادِ ٱلۡمُقَدَّسِ طُوًى
Open ayah 79:16Кезінде қасиетті Тууа алқабында оған Раббысы үндеді:
ٱذۡهَبۡ إِلَىٰ فِرۡعَوۡنَ إِنَّهُۥ طَغَىٰ
Open ayah 79:17«Фиръаунға бар, өйткені ол шектен шықты.
فَقُلۡ هَل لَّكَ إِلَىٰٓ أَن تَزَكَّىٰ
Open ayah 79:18Әрі оған айт: «Сен тазаруды қалайсың ба?
وَأَهۡدِيَكَ إِلَىٰ رَبِّكَ فَتَخۡشَىٰ
Open ayah 79:19Саған Раббыңа / апаратын / жолды көрсетейін. Сонда сен / Оның жазасынан / қорқатын боласың», - / деп / .
فَأَرَىٰهُ ٱلۡأٓيَةَ ٱلۡكُبۡرَىٰ
Open ayah 79:20Сөйтіп оған үлкен бір белгі-мұғжизаны көрсетті,
فَكَذَّبَ وَعَصَىٰ
Open ayah 79:21бірақ / Фиръаун / оны өтірікке шығарды және қарсы шықты.
ثُمَّ أَدۡبَرَ يَسۡعَىٰ
Open ayah 79:22Содан кейін ол теріс айналып, әрекетке кірісті.
فَحَشَرَ فَنَادَىٰ
Open ayah 79:23Әрі / халқын / жинап, жар салды:
فَقَالَ أَنَا۠ رَبُّكُمُ ٱلۡأَعۡلَىٰ
Open ayah 79:24«Мен сендердің ең жоғарғы иелеріңмін», - деп.
فَأَخَذَهُ ٱللَّهُ نَكَالَ ٱلۡأٓخِرَةِ وَٱلۡأُولَىٰٓ
Open ayah 79:25Сондықтан Аллаһ, оны соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / және осы өмір азабымен жазалады.
إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَعِبۡرَةٗ لِّمَن يَخۡشَىٰٓ
Open ayah 79:26Күмәнсіз, мұнда қорқатындар үшін бір ғибрат бар.
ءَأَنتُمۡ أَشَدُّ خَلۡقًا أَمِ ٱلسَّمَآءُۚ بَنَىٰهَا
Open ayah 79:27/ Жаратуда / сендерді жарату қиын ба, әлде аспанды ма? Ол оны құрды,
رَفَعَ سَمۡكَهَا فَسَوَّىٰهَا
Open ayah 79:28оның төбесін көтеріп, оны теңестірді,
وَأَغۡطَشَ لَيۡلَهَا وَأَخۡرَجَ ضُحَىٰهَا
Open ayah 79:29және оның түнін қараңғы етіп, / күндіз / жарығын шығарды.
وَٱلۡأَرۡضَ بَعۡدَ ذَٰلِكَ دَحَىٰهَآ
Open ayah 79:30Әрі одан кейін жерді жайды.
أَخۡرَجَ مِنۡهَا مَآءَهَا وَمَرۡعَىٰهَا
Open ayah 79:31Одан / жерден / оның суы мен жайылымдарын шығарды,
وَٱلۡجِبَالَ أَرۡسَىٰهَا
Open ayah 79:32және тауларды бекітіп орнықтырды,-
مَتَٰعٗا لَّكُمۡ وَلِأَنۡعَٰمِكُمۡ
Open ayah 79:33сендердің пайдалануларың әрі малдарың үшін.
فَإِذَا جَآءَتِ ٱلطَّآمَّةُ ٱلۡكُبۡرَىٰ
Open ayah 79:34Ал, өте үлкен бір қасірет келген кезде,
يَوۡمَ يَتَذَكَّرُ ٱلۡإِنسَٰنُ مَا سَعَىٰ
Open ayah 79:35сол күні адам не нәрсеге талпынғанын есіне алады,
وَبُرِّزَتِ ٱلۡجَحِيمُ لِمَن يَرَىٰ
Open ayah 79:36және көрушілерге Жахим анық көрсетіледі.
فَأَمَّا مَن طَغَىٰ
Open ayah 79:37Сонда кім шектен шыққан болса,
وَءَاثَرَ ٱلۡحَيَوٰةَ ٱلدُّنۡيَا
Open ayah 79:38әрі бұл өмірді артық көрген болса,
فَإِنَّ ٱلۡجَحِيمَ هِيَ ٱلۡمَأۡوَىٰ
Open ayah 79:39онда күмәнсіз, оның баратын орны - Жахим (Тозақ).
وَأَمَّا مَنۡ خَافَ مَقَامَ رَبِّهِۦ وَنَهَى ٱلنَّفۡسَ عَنِ ٱلۡهَوَىٰ
Open ayah 79:40Ал, кім Раббысының алдына тұрудан қорқып, өзін құмарлықтан қайтарса,
فَإِنَّ ٱلۡجَنَّةَ هِيَ ٱلۡمَأۡوَىٰ
Open ayah 79:41онда күмәнсіз, оның баратын орны - жәннат.
يَسۡـَٔلُونَكَ عَنِ ٱلسَّاعَةِ أَيَّانَ مُرۡسَىٰهَا
Open ayah 79:42/ Ей, Мұхаммед! / Олар сенен Сағат / Қиямет / туралы: «Ол қашан болады?», - деп сұрайды.
فِيمَ أَنتَ مِن ذِكۡرَىٰهَآ
Open ayah 79:43Ол туралы сен не айта аласың?
إِلَىٰ رَبِّكَ مُنتَهَىٰهَآ
Open ayah 79:44Оның / ол жайлы толық мағлұматтың / шегі Раббыңда,
إِنَّمَآ أَنتَ مُنذِرُ مَن يَخۡشَىٰهَا
Open ayah 79:45сен тек одан / Есеп күнінен / қорыққандарды ғана ескерте аласың.
كَأَنَّهُمۡ يَوۡمَ يَرَوۡنَهَا لَمۡ يَلۡبَثُوٓاْ إِلَّا عَشِيَّةً أَوۡ ضُحَىٰهَا
Open ayah 79:46Олар оны / қияметті / көрген күні, / дүниеде / бір кеш немесе бір сәске уақыты тұрғандай болады.