النبإ
An-Naba
Translation: Kazakh - Khalifah Altai Charity Foundation · Open the surah
بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
عَمَّ يَتَسَآءَلُونَ
Open ayah 78:1Олар бір-бірінен не туралы сұрасып жатыр?
عَنِ ٱلنَّبَإِ ٱلۡعَظِيمِ
Open ayah 78:2Ұлы хабар туралы,
ٱلَّذِي هُمۡ فِيهِ مُخۡتَلِفُونَ
Open ayah 78:3өздері ол жөнінде қарама-қайшылықта.
كَلَّا سَيَعۡلَمُونَ
Open ayah 78:4Жоқ, олай емес! Олар жақында біледі.
ثُمَّ كَلَّا سَيَعۡلَمُونَ
Open ayah 78:5Кейін, тіпті олай емес! Олар әлі-ақ біледі
أَلَمۡ نَجۡعَلِ ٱلۡأَرۡضَ مِهَٰدٗا
Open ayah 78:6Біз жерді төсеніш етпедік пе,
وَٱلۡجِبَالَ أَوۡتَادٗا
Open ayah 78:7ал тауларды қазық?
وَخَلَقۡنَٰكُمۡ أَزۡوَٰجٗا
Open ayah 78:8Әрі Біз сендерді жұптар етіп жараттық.
وَجَعَلۡنَا نَوۡمَكُمۡ سُبَاتٗا
Open ayah 78:9Ал ұйқыларыңды тынығу еттік,
وَجَعَلۡنَا ٱلَّيۡلَ لِبَاسٗا
Open ayah 78:10әрі түнді жамылғы етіп жасадық,
وَجَعَلۡنَا ٱلنَّهَارَ مَعَاشٗا
Open ayah 78:11және күндізді тіршілік / уақыты / етіп жасадық.
وَبَنَيۡنَا فَوۡقَكُمۡ سَبۡعٗا شِدَادٗا
Open ayah 78:12Әрі үстеріңнен жеті берікті құрдық,
وَجَعَلۡنَا سِرَاجٗا وَهَّاجٗا
Open ayah 78:13және лаулаған шырақ жасадық.
وَأَنزَلۡنَا مِنَ ٱلۡمُعۡصِرَٰتِ مَآءٗ ثَجَّاجٗا
Open ayah 78:14Әрі сығылушылардан / бұлттардан / мол су түсірдік,
لِّنُخۡرِجَ بِهِۦ حَبّٗا وَنَبَاتٗا
Open ayah 78:15онымен дән және өсімдікті шығару үшін,
وَجَنَّٰتٍ أَلۡفَافًا
Open ayah 78:16және ну бақтарды да.
إِنَّ يَوۡمَ ٱلۡفَصۡلِ كَانَ مِيقَٰتٗا
Open ayah 78:17Ақиқатында, Айыру күні - белгіленген бір мерзім.
يَوۡمَ يُنفَخُ فِي ٱلصُّورِ فَتَأۡتُونَ أَفۡوَاجٗا
Open ayah 78:18Ол күні сүр үрленеді де сендер топ-топ болып келесіңдер.
وَفُتِحَتِ ٱلسَّمَآءُ فَكَانَتۡ أَبۡوَٰبٗا
Open ayah 78:19Әрі аспан ашылып, қақпаларға айналады,
وَسُيِّرَتِ ٱلۡجِبَالُ فَكَانَتۡ سَرَابًا
Open ayah 78:20ал таулар жүргізіліп, сағымға айналады.
إِنَّ جَهَنَّمَ كَانَتۡ مِرۡصَادٗا
Open ayah 78:21Ақиқатында, Жаһаннам - аңдып, күтіп тұрушы,
لِّلطَّٰغِينَ مَـَٔابٗا
Open ayah 78:22шектен шығушылар үшін қайтар орын.
لَّٰبِثِينَ فِيهَآ أَحۡقَابٗا
Open ayah 78:23Олар онда ғасырлар бойы қалады.
لَّا يَذُوقُونَ فِيهَا بَرۡدٗا وَلَا شَرَابًا
Open ayah 78:24Ол жерде олар салқындықты да, су сын да татпайды,
إِلَّا حَمِيمٗا وَغَسَّاقٗا
Open ayah 78:25тек қайнап тұрған су мен іріңнен басқа, -
جَزَآءٗ وِفَاقًا
Open ayah 78:26істеріне лайықты қайтарым ретінде.
إِنَّهُمۡ كَانُواْ لَا يَرۡجُونَ حِسَابٗا
Open ayah 78:27Анығында, олар, есепке тартылуды «үміт» етпеген / қорықпаған / еді,
وَكَذَّبُواْ بِـَٔايَٰتِنَا كِذَّابٗا
Open ayah 78:28әрі аяттарымызды мүлде өтірікке шығарған еді.
وَكُلَّ شَيۡءٍ أَحۡصَيۡنَٰهُ كِتَٰبٗا
Open ayah 78:29Ал, Біз барлық нәрсені жазып, есептеп қойдық.
فَذُوقُواْ فَلَن نَّزِيدَكُمۡ إِلَّا عَذَابًا
Open ayah 78:30Енді, татыңдар. Сендерге азаптан басқа ешнәрсені арттырмаймыз.
إِنَّ لِلۡمُتَّقِينَ مَفَازًا
Open ayah 78:31Күмәнсіз, тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар / үшін - игілік мекені:
حَدَآئِقَ وَأَعۡنَٰبٗا
Open ayah 78:32бақтар мен жүзімдіктер,
وَكَوَاعِبَ أَتۡرَابٗا
Open ayah 78:33әрі құрбылас, толық омыраулы қыздар,
وَكَأۡسٗا دِهَاقٗا
Open ayah 78:34және толы кеселер.
لَّا يَسۡمَعُونَ فِيهَا لَغۡوٗا وَلَا كِذَّٰبٗا
Open ayah 78:35Олар онда / Жәннатта / бос сөзді де, өтірікті де естімейді.
جَزَآءٗ مِّن رَّبِّكَ عَطَآءً حِسَابٗا
Open ayah 78:36Бұл - Раббыңнан қайтарым ретінде берілген толық сый,
رَّبِّ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ وَمَا بَيۡنَهُمَا ٱلرَّحۡمَٰنِۖ لَا يَمۡلِكُونَ مِنۡهُ خِطَابٗا
Open ayah 78:37аспандардың және жердің әрі олардың арасындағыларының Раббысы - ар-Рахманнан. Одан / рұқсатсыз / тіл қатуға ие болмайды.
يَوۡمَ يَقُومُ ٱلرُّوحُ وَٱلۡمَلَٰٓئِكَةُ صَفّٗاۖ لَّا يَتَكَلَّمُونَ إِلَّا مَنۡ أَذِنَ لَهُ ٱلرَّحۡمَٰنُ وَقَالَ صَوَابٗا
Open ayah 78:38Ол күні Рух / Жәбірейіл / және періштелер тізіліп тұрады. Ар-Рахманның рұхсат еткенінен басқа ешкім сөйлемейді. Әрі / рұқсат берілгенде / дұрысты ғана сөйлейді.
ذَٰلِكَ ٱلۡيَوۡمُ ٱلۡحَقُّۖ فَمَن شَآءَ ٱتَّخَذَ إِلَىٰ رَبِّهِۦ مَـَٔابًا
Open ayah 78:39Сол күн - ақиқат. Кім қаласа, Раббысына қайтатын жолды ұстанады.
إِنَّآ أَنذَرۡنَٰكُمۡ عَذَابٗا قَرِيبٗا يَوۡمَ يَنظُرُ ٱلۡمَرۡءُ مَا قَدَّمَتۡ يَدَاهُ وَيَقُولُ ٱلۡكَافِرُ يَٰلَيۡتَنِي كُنتُ تُرَٰبَۢا
Open ayah 78:40Ақиқатында, Біз сендерді жақын бір азаптан сақтандырып, ескерттік. Ол күні адам екі қолы алдын-ала дайындағанына қарайды. Сонда кәпір: «Әттең! Топырақ болып кетсем еді», - дейді.