المعارج
Al-Ma'aarij
Translation: Kazakh - Khalifah Altai Charity Foundation · Open the surah
بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
سَأَلَ سَآئِلُۢ بِعَذَابٖ وَاقِعٖ
Open ayah 70:1Бір сұраушы, болатын азапты сұрады.
لِّلۡكَٰفِرِينَ لَيۡسَ لَهُۥ دَافِعٞ
Open ayah 70:2Кәпірлерге болатын. Оны қайтарушы жоқ.
مِّنَ ٱللَّهِ ذِي ٱلۡمَعَارِجِ
Open ayah 70:3Ол / азап / сатылар / дәрежелер / Иесі - Аллаһтан.
تَعۡرُجُ ٱلۡمَلَٰٓئِكَةُ وَٱلرُّوحُ إِلَيۡهِ فِي يَوۡمٖ كَانَ مِقۡدَارُهُۥ خَمۡسِينَ أَلۡفَ سَنَةٖ
Open ayah 70:4Періштелер мен Рух / Жәбірейіл / Оған / Аллаһқа / өлшемі елу мың жыл болған бір күнде көтеріледі.
فَٱصۡبِرۡ صَبۡرٗا جَمِيلًا
Open ayah 70:5/ Ей, Мұхаммед! / Көркем сабырмен сабыр ет.
إِنَّهُمۡ يَرَوۡنَهُۥ بَعِيدٗا
Open ayah 70:6Шын мәнінде олар оны алые көреді,
وَنَرَىٰهُ قَرِيبٗا
Open ayah 70:7ал, Біз оны жақын көреміз.
يَوۡمَ تَكُونُ ٱلسَّمَآءُ كَٱلۡمُهۡلِ
Open ayah 70:8Ол / қиямет / күні аспан еріген мыс сияқты болады,
وَتَكُونُ ٱلۡجِبَالُ كَٱلۡعِهۡنِ
Open ayah 70:9ал, таулар түтілген жүн секілді болады.
وَلَا يَسۡـَٔلُ حَمِيمٌ حَمِيمٗا
Open ayah 70:10Әрі жақын жақынынан сұрамайды,
يُبَصَّرُونَهُمۡۚ يَوَدُّ ٱلۡمُجۡرِمُ لَوۡ يَفۡتَدِي مِنۡ عَذَابِ يَوۡمِئِذِۭ بِبَنِيهِ
Open ayah 70:11олар бір-біріне көрсетілсе де. Қылмыскер сол күннің азабынан құтылу үшін өзінің перзенттерін өтемге беруді қалайды,
وَصَٰحِبَتِهِۦ وَأَخِيهِ
Open ayah 70:12және өзінің әйелін, өзінің аға-інісін,
وَفَصِيلَتِهِ ٱلَّتِي تُـٔۡوِيهِ
Open ayah 70:13әрі өзіне қамқор болып, паналатқан туыстарын да,
وَمَن فِي ٱلۡأَرۡضِ جَمِيعٗا ثُمَّ يُنجِيهِ
Open ayah 70:14және жер жүзіндегі адамдардың барлығын да, тек кейін өзі құтқарылса болды.
كَلَّآۖ إِنَّهَا لَظَىٰ
Open ayah 70:15Жоқ, олай емес! Шын мәнінде, ол - Ләзо.
نَزَّاعَةٗ لِّلشَّوَىٰ
Open ayah 70:16Бас терісін сыдырып алушы.
تَدۡعُواْ مَنۡ أَدۡبَرَ وَتَوَلَّىٰ
Open ayah 70:17Ол / тозақ / теріс айналғанды және бет бұрғанды өзіне шақырады,
وَجَمَعَ فَأَوۡعَىٰٓ
Open ayah 70:18әрі / дүние / жинап, жасырғанды.
۞إِنَّ ٱلۡإِنسَٰنَ خُلِقَ هَلُوعًا
Open ayah 70:19Негізінде, адам баласы / орнықсыз / етіп, тұрақсыз жаратылған.
إِذَا مَسَّهُ ٱلشَّرُّ جَزُوعٗا
Open ayah 70:20Қашан оған жамандық жетсе, ол тым мазасыз,
وَإِذَا مَسَّهُ ٱلۡخَيۡرُ مَنُوعًا
Open ayah 70:21ал, оған жақсылық келгенде өте сараң.
إِلَّا ٱلۡمُصَلِّينَ
Open ayah 70:22Тек намаз оқитындар ғана мұндай емес.
ٱلَّذِينَ هُمۡ عَلَىٰ صَلَاتِهِمۡ دَآئِمُونَ
Open ayah 70:23Олар - намаздарын әрқашан қалдырмай орындайтындар,
وَٱلَّذِينَ فِيٓ أَمۡوَٰلِهِمۡ حَقّٞ مَّعۡلُومٞ
Open ayah 70:24әрі мал-дүниелерінде белгілі бір үлес барлар -
لِّلسَّآئِلِ وَٱلۡمَحۡرُومِ
Open ayah 70:25сұраушыға және еш нәрсесі жоқтар үшін,
وَٱلَّذِينَ يُصَدِّقُونَ بِيَوۡمِ ٱلدِّينِ
Open ayah 70:26әрі олар - Есеп күнін шын деп білетіндер,
وَٱلَّذِينَ هُم مِّنۡ عَذَابِ رَبِّهِم مُّشۡفِقُونَ
Open ayah 70:27және олар - Раббысының азабынан зәресі ұшып қорқатындар -
إِنَّ عَذَابَ رَبِّهِمۡ غَيۡرُ مَأۡمُونٖ
Open ayah 70:28ақиқатында, Раббысының азабынан ешкім де қауіпсіз емес.
وَٱلَّذِينَ هُمۡ لِفُرُوجِهِمۡ حَٰفِظُونَ
Open ayah 70:29Әрі олар - өзінің әурет мүшесін сақтаушылар,
إِلَّا عَلَىٰٓ أَزۡوَٰجِهِمۡ أَوۡ مَا مَلَكَتۡ أَيۡمَٰنُهُمۡ فَإِنَّهُمۡ غَيۡرُ مَلُومِينَ
Open ayah 70:30жұбайлары мен қол астарындағы күңдерінен басқалардан, оларға бұл күнә емес.
فَمَنِ ٱبۡتَغَىٰ وَرَآءَ ذَٰلِكَ فَأُوْلَٰٓئِكَ هُمُ ٱلۡعَادُونَ
Open ayah 70:31ал, бұдан өзгені қалағандар - шектен шығушылар.
وَٱلَّذِينَ هُمۡ لِأَمَٰنَٰتِهِمۡ وَعَهۡدِهِمۡ رَٰعُونَ
Open ayah 70:32Әрі олар - аманаттары мен серттерін сақтайтындар,
وَٱلَّذِينَ هُم بِشَهَٰدَٰتِهِمۡ قَآئِمُونَ
Open ayah 70:33және олар - куәліктерін әділ орындайтындар,
وَٱلَّذِينَ هُمۡ عَلَىٰ صَلَاتِهِمۡ يُحَافِظُونَ
Open ayah 70:34әрі олар - намаздарына мұқият қарайтындар-
أُوْلَٰٓئِكَ فِي جَنَّٰتٖ مُّكۡرَمُونَ
Open ayah 70:35міне, осылар - жәннаттарда сый-құрметке бөленетіндер.
فَمَالِ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ قِبَلَكَ مُهۡطِعِينَ
Open ayah 70:36/ Ей, Мұхаммед! / Сондай күпірлік етушілерге / Раббыңның игіліктерін мойындамағандарға / не болды, алдында асығыс-үсігіс жүгіріскен,
عَنِ ٱلۡيَمِينِ وَعَنِ ٱلشِّمَالِ عِزِينَ
Open ayah 70:37оң жақтан және сол жақтан топ-топ болып?!
أَيَطۡمَعُ كُلُّ ٱمۡرِيٕٖ مِّنۡهُمۡ أَن يُدۡخَلَ جَنَّةَ نَعِيمٖ
Open ayah 70:38Олардан әрбірі Наъим(Жәннаттың аты. Мағнасы - көптеген нығмет, игілік) бағына кіргізілуін шынымен дәмете ме?
كَلَّآۖ إِنَّا خَلَقۡنَٰهُم مِّمَّا يَعۡلَمُونَ
Open ayah 70:39Жоқ, олай емес! Анығында, Біз оларды өздеріне мәлім болған нәрседен жараттық.
فَلَآ أُقۡسِمُ بِرَبِّ ٱلۡمَشَٰرِقِ وَٱلۡمَغَٰرِبِ إِنَّا لَقَٰدِرُونَ
Open ayah 70:40Шығыстар мен батыстардың Раббысымен ант етемін! Күмәнсіз, Біз жасай аламыз,
عَلَىٰٓ أَن نُّبَدِّلَ خَيۡرٗا مِّنۡهُمۡ وَمَا نَحۡنُ بِمَسۡبُوقِينَ
Open ayah 70:41олардың орындарына олардан да жақсыны алмастыруды. Әрі Бізден ешкім озушы емес.
فَذَرۡهُمۡ يَخُوضُواْ وَيَلۡعَبُواْ حَتَّىٰ يُلَٰقُواْ يَوۡمَهُمُ ٱلَّذِي يُوعَدُونَ
Open ayah 70:42Оларды жөніне қалдыр. Олар өздеріне уәде етілген Күнге жолыққанға дейін бос сөз, жалғанға сүңгіп, ойнап-күле тұрсын.
يَوۡمَ يَخۡرُجُونَ مِنَ ٱلۡأَجۡدَاثِ سِرَاعٗا كَأَنَّهُمۡ إِلَىٰ نُصُبٖ يُوفِضُونَ
Open ayah 70:43Ол күні олар орнатылған белгілерге жүгіргендей қабірлерден асыға шығады,
خَٰشِعَةً أَبۡصَٰرُهُمۡ تَرۡهَقُهُمۡ ذِلَّةٞۚ ذَٰلِكَ ٱلۡيَوۡمُ ٱلَّذِي كَانُواْ يُوعَدُونَ
Open ayah 70:44олардың көздері жуасып, өздерін қорлық басқан күйде болады. Міне, оларға уәде етілген Күн - осы.