الحديد
Al-Hadid
Translation: Kazakh - Khalifah Altai Charity Foundation · Open the surah
بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
سَبَّحَ لِلَّهِ مَا فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِۖ وَهُوَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلۡحَكِيمُ
Open ayah 57:1Аспандағылар және жердегілер Аллаһты / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріптейді. Ол бәріненҮстем, аса Дана.
لَهُۥ مُلۡكُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِۖ يُحۡيِۦ وَيُمِيتُۖ وَهُوَ عَلَىٰ كُلِّ شَيۡءٖ قَدِيرٌ
Open ayah 57:2Аспандардың және жердің билігі Онікі. Ол тірілтеді және өлтіреді. Әрі Ол әрбір нәрсені Жасай алушы.
هُوَ ٱلۡأَوَّلُ وَٱلۡأٓخِرُ وَٱلظَّٰهِرُ وَٱلۡبَاطِنُۖ وَهُوَ بِكُلِّ شَيۡءٍ عَلِيمٌ
Open ayah 57:3Ол - әл-Әууәл / Өзінен бұрын еш нәрсе болмаған, ең Алғашқы / әрі әл-Ахир / Одан кейін ешнәрсе болмайтын, ең Соңғы / , әз-Зохир / өте Анық, барлық нәрсені Өзіне бағындырып тұрушы, бәрінен Жоғары / , әрі әл-Батин / өте Жасырын, жаратылғандарға көрінбей бәрін қамтып тұрушы, ең Жақын / . Әрі Ол - барлық нәрсені Білуші.
هُوَ ٱلَّذِي خَلَقَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضَ فِي سِتَّةِ أَيَّامٖ ثُمَّ ٱسۡتَوَىٰ عَلَى ٱلۡعَرۡشِۖ يَعۡلَمُ مَا يَلِجُ فِي ٱلۡأَرۡضِ وَمَا يَخۡرُجُ مِنۡهَا وَمَا يَنزِلُ مِنَ ٱلسَّمَآءِ وَمَا يَعۡرُجُ فِيهَاۖ وَهُوَ مَعَكُمۡ أَيۡنَ مَا كُنتُمۡۚ وَٱللَّهُ بِمَا تَعۡمَلُونَ بَصِيرٞ
Open ayah 57:4Ол сондай, аспандарды және жерді алты күнде жаратты, кейін Аршыға көтерілді. Ол жерге ненің кіретінін және одан ненің шығатынын әрі аспаннан ненің түсетінін және оған ненің көтерілетінін біледі. Әрі Ол қай жерде болсаңдар да сендермен бірге. Аллаһ не істеп жатқандарыңды Көруші.
لَّهُۥ مُلۡكُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِۚ وَإِلَى ٱللَّهِ تُرۡجَعُ ٱلۡأُمُورُ
Open ayah 57:5Аспандардың және жердің билігі Оған тән. Әрі / барлық / істер Аллаһқа қайтарылады.
يُولِجُ ٱلَّيۡلَ فِي ٱلنَّهَارِ وَيُولِجُ ٱلنَّهَارَ فِي ٱلَّيۡلِۚ وَهُوَ عَلِيمُۢ بِذَاتِ ٱلصُّدُورِ
Open ayah 57:6Ол түнді күндізге кіргізеді, ал күндізді түнге кіргізеді. Әрі Ол - кеуделердегіні / жүректердегіні / жақсы Білуші.
ءَامِنُواْ بِٱللَّهِ وَرَسُولِهِۦ وَأَنفِقُواْ مِمَّا جَعَلَكُم مُّسۡتَخۡلَفِينَ فِيهِۖ فَٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ مِنكُمۡ وَأَنفَقُواْ لَهُمۡ أَجۡرٞ كَبِيرٞ
Open ayah 57:7Аллаһқа және Оның Елшісіне сеніңдер әрі Ол сендердің қол астарыңа / иеліктеріңе / берген нәрселерден жұмсаңдар. Сендерден иманға келгендерге әрі жұмсағандарға үлкен сый бар.
وَمَا لَكُمۡ لَا تُؤۡمِنُونَ بِٱللَّهِ وَٱلرَّسُولُ يَدۡعُوكُمۡ لِتُؤۡمِنُواْ بِرَبِّكُمۡ وَقَدۡ أَخَذَ مِيثَٰقَكُمۡ إِن كُنتُم مُّؤۡمِنِينَ
Open ayah 57:8Елші сендерді өздеріңнің Раббыңа сенуге шақырса да Аллаһқа сенбейтіндей сендерге не болды? Егер сендер иманды / мүмін / болсаңдар, негізінде, Ол / Аллаһ / серттеріңді алған еді.
هُوَ ٱلَّذِي يُنَزِّلُ عَلَىٰ عَبۡدِهِۦٓ ءَايَٰتِۭ بَيِّنَٰتٖ لِّيُخۡرِجَكُم مِّنَ ٱلظُّلُمَٰتِ إِلَى ٱلنُّورِۚ وَإِنَّ ٱللَّهَ بِكُمۡ لَرَءُوفٞ رَّحِيمٞ
Open ayah 57:9Ол сендерді қараңғылықтардан жарыққа шығару үшін құлына анық аят-белгілер түсіреді. Ақиқатында, Аллаһ - сендерге аса Мейірбан, ерекше Мейірімді.
وَمَا لَكُمۡ أَلَّا تُنفِقُواْ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِ وَلِلَّهِ مِيرَٰثُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِۚ لَا يَسۡتَوِي مِنكُم مَّنۡ أَنفَقَ مِن قَبۡلِ ٱلۡفَتۡحِ وَقَٰتَلَۚ أُوْلَٰٓئِكَ أَعۡظَمُ دَرَجَةٗ مِّنَ ٱلَّذِينَ أَنفَقُواْ مِنۢ بَعۡدُ وَقَٰتَلُواْۚ وَكُلّٗا وَعَدَ ٱللَّهُ ٱلۡحُسۡنَىٰۚ وَٱللَّهُ بِمَا تَعۡمَلُونَ خَبِيرٞ
Open ayah 57:10Әрі аспандардың және жердің мирасы Аллаһтікі бола тұрып, Аллаһтың жолында / садақа / бермейтіндей сендерге не болды? Сендерден жеңіске дейін бергендер және соғысқандар / кейінгілермен / бірдей емес. Олардың дәрежесі / жеңістен / кейін берген және соғысқандарғақарағанда үлкенірек. Алайда Аллаһ әрбіріне ең жақсыны / Жәннатты / уәде етті. Аллаһ не істейтіндеріңнен Хабардар.
مَّن ذَا ٱلَّذِي يُقۡرِضُ ٱللَّهَ قَرۡضًا حَسَنٗا فَيُضَٰعِفَهُۥ لَهُۥ وَلَهُۥٓ أَجۡرٞ كَرِيمٞ
Open ayah 57:11Кім Аллаһқа көркем қарыз берсе, Ол оған оны еселеп арттырып қайтарады әрі оған құрметті сый бар.
يَوۡمَ تَرَى ٱلۡمُؤۡمِنِينَ وَٱلۡمُؤۡمِنَٰتِ يَسۡعَىٰ نُورُهُم بَيۡنَ أَيۡدِيهِمۡ وَبِأَيۡمَٰنِهِمۖ بُشۡرَىٰكُمُ ٱلۡيَوۡمَ جَنَّٰتٞ تَجۡرِي مِن تَحۡتِهَا ٱلۡأَنۡهَٰرُ خَٰلِدِينَ فِيهَاۚ ذَٰلِكَ هُوَ ٱلۡفَوۡزُ ٱلۡعَظِيمُ
Open ayah 57:12Сол / Қайта тірілу / күні иманды ерлер мен иманды әйелдердің нұрлары алдарында және оң жақтарында болғанын көресің. / Оларға: / «Бүгін сендер үшін қуаныш - астынан өзендер ағып жататын, сендер онда мәңгі қалатын / Жәннаттағы / бақтар бар. Міне, осы - ұлы жетістік.
يَوۡمَ يَقُولُ ٱلۡمُنَٰفِقُونَ وَٱلۡمُنَٰفِقَٰتُ لِلَّذِينَ ءَامَنُواْ ٱنظُرُونَا نَقۡتَبِسۡ مِن نُّورِكُمۡ قِيلَ ٱرۡجِعُواْ وَرَآءَكُمۡ فَٱلۡتَمِسُواْ نُورٗاۖ فَضُرِبَ بَيۡنَهُم بِسُورٖ لَّهُۥ بَابُۢ بَاطِنُهُۥ فِيهِ ٱلرَّحۡمَةُ وَظَٰهِرُهُۥ مِن قِبَلِهِ ٱلۡعَذَابُ
Open ayah 57:13Ол күні мұнафиқ ерлер мен мүнафиқ әйелдер иманға келгендерге: «Бізді күте тұрыңдаршы, сендердің нұрларыңнан пайдаланайық», - дейді. / Оларға: / «Нұрды арттарыңа қайтып, іздеңдер», -делінеді. Кейін олардың арасына қақпасы бар қамал орнатылады. Оның ішінде игілік, ал сыртқы жағында азап болады.
يُنَادُونَهُمۡ أَلَمۡ نَكُن مَّعَكُمۡۖ قَالُواْ بَلَىٰ وَلَٰكِنَّكُمۡ فَتَنتُمۡ أَنفُسَكُمۡ وَتَرَبَّصۡتُمۡ وَٱرۡتَبۡتُمۡ وَغَرَّتۡكُمُ ٱلۡأَمَانِيُّ حَتَّىٰ جَآءَ أَمۡرُ ٱللَّهِ وَغَرَّكُم بِٱللَّهِ ٱلۡغَرُورُ
Open ayah 57:14Олар / мұнафиқтар / бұларға: «Біз сендермен бірге болмадық па?!» - деп дауыстайды. Бұлар / имандылар / : «Иә, бірақ сендер өздеріңді-өздерің азғырып бүлікке салдыңдар, не боларын күттіңдер, күмәндандыңдар, Аллаһтың әмірі / өлім / келгенге дейін сендерді бос армандар алдады. Әрі Аллаһ жайында сендерді алдаушы / шайтан / алдады», - дейді.
فَٱلۡيَوۡمَ لَا يُؤۡخَذُ مِنكُمۡ فِدۡيَةٞ وَلَا مِنَ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْۚ مَأۡوَىٰكُمُ ٱلنَّارُۖ هِيَ مَوۡلَىٰكُمۡۖ وَبِئۡسَ ٱلۡمَصِيرُ
Open ayah 57:15Енді бүгін сендерден де және сондай күпірлік еткендерден де / Аллаһқа ашық түрде қарсы шыққандардан да / ешқандай өтем алынбайды. Сендердің баратын орындарың - От. Ол -сендер үшін ең лайықтысы. Ол баратын орын өте жаман!
۞أَلَمۡ يَأۡنِ لِلَّذِينَ ءَامَنُوٓاْ أَن تَخۡشَعَ قُلُوبُهُمۡ لِذِكۡرِ ٱللَّهِ وَمَا نَزَلَ مِنَ ٱلۡحَقِّ وَلَا يَكُونُواْ كَٱلَّذِينَ أُوتُواْ ٱلۡكِتَٰبَ مِن قَبۡلُ فَطَالَ عَلَيۡهِمُ ٱلۡأَمَدُ فَقَسَتۡ قُلُوبُهُمۡۖ وَكَثِيرٞ مِّنۡهُمۡ فَٰسِقُونَ
Open ayah 57:16Иманға келгендерге, олардың жүректері Аллаһты және ақиқаттан түсірілгенді / Құранды / еске алғанда бойсұна берілуінің уақыты келмеді ме әрі олардың өздерінен бұрын Кітап берілгендей болмауларына? Олардың жүректері ұзақ уақыт өтуімен қатайған әрі олардың көбі - бұзықтар / бойсұнбаушылар / .
ٱعۡلَمُوٓاْ أَنَّ ٱللَّهَ يُحۡيِ ٱلۡأَرۡضَ بَعۡدَ مَوۡتِهَاۚ قَدۡ بَيَّنَّا لَكُمُ ٱلۡأٓيَٰتِ لَعَلَّكُمۡ تَعۡقِلُونَ
Open ayah 57:17Біліндер, Аллаһ жерді тіршіліксіз қалғаннан кейін қайта тірілтеді. Біз сендерге ақылдарыңды істетіп, ұғынуларың үшін аят-белгілерді анықтап түсіндірдік.
إِنَّ ٱلۡمُصَّدِّقِينَ وَٱلۡمُصَّدِّقَٰتِ وَأَقۡرَضُواْ ٱللَّهَ قَرۡضًا حَسَنٗا يُضَٰعَفُ لَهُمۡ وَلَهُمۡ أَجۡرٞ كَرِيمٞ
Open ayah 57:18Шын мәнінде, садақа беруші ерлер мен садақа беруші әйелдерге және Аллаһқа көркем қарыз бергендерге еселеп көбейтіледі әрі оларға құрметті сый / Жәннат / болады.
وَٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ بِٱللَّهِ وَرُسُلِهِۦٓ أُوْلَٰٓئِكَ هُمُ ٱلصِّدِّيقُونَۖ وَٱلشُّهَدَآءُ عِندَ رَبِّهِمۡ لَهُمۡ أَجۡرُهُمۡ وَنُورُهُمۡۖ وَٱلَّذِينَ كَفَرُواْ وَكَذَّبُواْ بِـَٔايَٰتِنَآ أُوْلَٰٓئِكَ أَصۡحَٰبُ ٱلۡجَحِيمِ
Open ayah 57:19Аллаһқа және Оның елшілеріне сенгендер, солар шыншылдар. Ал, шәһидтер - олардың сыйлары және нұрларыөздерінің Раббысында. Ал, сондай күпірлік еткендер / Аллаһқа қарсы келгендер / және Біздің аяттарымызды өтірік санағандар болса, олар Жахимда (Тозақ) - болатындар.
ٱعۡلَمُوٓاْ أَنَّمَا ٱلۡحَيَوٰةُ ٱلدُّنۡيَا لَعِبٞ وَلَهۡوٞ وَزِينَةٞ وَتَفَاخُرُۢ بَيۡنَكُمۡ وَتَكَاثُرٞ فِي ٱلۡأَمۡوَٰلِ وَٱلۡأَوۡلَٰدِۖ كَمَثَلِ غَيۡثٍ أَعۡجَبَ ٱلۡكُفَّارَ نَبَاتُهُۥ ثُمَّ يَهِيجُ فَتَرَىٰهُ مُصۡفَرّٗا ثُمَّ يَكُونُ حُطَٰمٗاۖ وَفِي ٱلۡأٓخِرَةِ عَذَابٞ شَدِيدٞ وَمَغۡفِرَةٞ مِّنَ ٱللَّهِ وَرِضۡوَٰنٞۚ وَمَا ٱلۡحَيَوٰةُ ٱلدُّنۡيَآ إِلَّا مَتَٰعُ ٱلۡغُرُورِ
Open ayah 57:20Біліңдер, бұл өмір - бар болғаны бір ойын әрі ермек және сән-салтанат, өзара мақтанысу және дүние-мүлік пен балаларды арттыра түсу ғана. Ол - жауып өткеннен кейін, өсіп шыққан өсімдіктері дән себушілерді таңқалдырған бір жаңбыр секілді. Кейін ол / өсімдіктер / қурайды, сонда сен оның сарғайғанын көресің. Сонан соң ол қоқымға айналады. Ал, соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / қатты азап және Аллаһтан кешірім мен ризалық бар. Бұл дүниедегі өмір - бар болғаны алдамшы рахат / өткінші пайдалану / ғана.
سَابِقُوٓاْ إِلَىٰ مَغۡفِرَةٖ مِّن رَّبِّكُمۡ وَجَنَّةٍ عَرۡضُهَا كَعَرۡضِ ٱلسَّمَآءِ وَٱلۡأَرۡضِ أُعِدَّتۡ لِلَّذِينَ ءَامَنُواْ بِٱللَّهِ وَرُسُلِهِۦۚ ذَٰلِكَ فَضۡلُ ٱللَّهِ يُؤۡتِيهِ مَن يَشَآءُۚ وَٱللَّهُ ذُو ٱلۡفَضۡلِ ٱلۡعَظِيمِ
Open ayah 57:21Өздеріңнің Раббыңның кешіріміне және Аллаһ пен Оның елшілеріне сенгендер үшін әзірленген, ені -аспан мен жердің еніндей жәннатқа жарысыңдар. Міне, осы - Аллаһтың Өзі қалағанына беретін кеңшілігі. Аллаһ - ұлы кеңшілік Иесі.
مَآ أَصَابَ مِن مُّصِيبَةٖ فِي ٱلۡأَرۡضِ وَلَا فِيٓ أَنفُسِكُمۡ إِلَّا فِي كِتَٰبٖ مِّن قَبۡلِ أَن نَّبۡرَأَهَآۚ إِنَّ ذَٰلِكَ عَلَى ٱللَّهِ يَسِيرٞ
Open ayah 57:22Жер бетіне және сендердің өздеріңе болатын әрбір қиыншылық - Біз оны пайда етуден бұрын Кітапта / жазылып қойылған / Ақиқатында, бұл Аллаһқа жеңіл.
لِّكَيۡلَا تَأۡسَوۡاْ عَلَىٰ مَا فَاتَكُمۡ وَلَا تَفۡرَحُواْ بِمَآ ءَاتَىٰكُمۡۗ وَٱللَّهُ لَا يُحِبُّ كُلَّ مُخۡتَالٖ فَخُورٍ
Open ayah 57:23/ Бұл / болып өткенге өкініп, қайғырмауларың және Оның сендерге бергеніне масаттана қуанбауларың үшін. Аллаһ әрбір өзін өзгеден жоғары санаушыны, мақтаншақты ұнатпайды, -
ٱلَّذِينَ يَبۡخَلُونَ وَيَأۡمُرُونَ ٱلنَّاسَ بِٱلۡبُخۡلِۗ وَمَن يَتَوَلَّ فَإِنَّ ٱللَّهَ هُوَ ٱلۡغَنِيُّ ٱلۡحَمِيدُ
Open ayah 57:24сараңдық ететін және адамдарға да сарандықты бұйыратындарды. Ал, кім теріс бұрылса, ақиқатында Аллаһ Бай, Мұқтажсыз, аса Мақтаулы.
لَقَدۡ أَرۡسَلۡنَا رُسُلَنَا بِٱلۡبَيِّنَٰتِ وَأَنزَلۡنَا مَعَهُمُ ٱلۡكِتَٰبَ وَٱلۡمِيزَانَ لِيَقُومَ ٱلنَّاسُ بِٱلۡقِسۡطِۖ وَأَنزَلۡنَا ٱلۡحَدِيدَ فِيهِ بَأۡسٞ شَدِيدٞ وَمَنَٰفِعُ لِلنَّاسِ وَلِيَعۡلَمَ ٱللَّهُ مَن يَنصُرُهُۥ وَرُسُلَهُۥ بِٱلۡغَيۡبِۚ إِنَّ ٱللَّهَ قَوِيٌّ عَزِيزٞ
Open ayah 57:25Біз елшілерімізді анық дәлелдермен жібердік әрі олармен бірге Кітапты және адамдардың туралықта тұрулары үшін Таразыны / Әділдікті / түсірдік. Әрі темірді Біз түсірдік, онда адамдар үшін үлкен қауіп және пайдалар бар. Ал, бұл - Аллаһ Өзіне / дініне / және елшілеріне көрмей тұрып-ақ көмектескендерді айқындауы үшін. Ақиқатында, Аллаһ өте Күшті, бәрінен Үстем.
وَلَقَدۡ أَرۡسَلۡنَا نُوحٗا وَإِبۡرَٰهِيمَ وَجَعَلۡنَا فِي ذُرِّيَّتِهِمَا ٱلنُّبُوَّةَ وَٱلۡكِتَٰبَۖ فَمِنۡهُم مُّهۡتَدٖۖ وَكَثِيرٞ مِّنۡهُمۡ فَٰسِقُونَ
Open ayah 57:26Әрі Біз Нұхты және Ибраһимді жібердік әрі екеуінің ұрпағына пайғамбарлық пен Кітап бердік. Олардың ішінде тура жолды ұстанғандар бар, алайда олардың көбі - бұзықтар / бойсұнбаушылар / .
ثُمَّ قَفَّيۡنَا عَلَىٰٓ ءَاثَٰرِهِم بِرُسُلِنَا وَقَفَّيۡنَا بِعِيسَى ٱبۡنِ مَرۡيَمَ وَءَاتَيۡنَٰهُ ٱلۡإِنجِيلَۖ وَجَعَلۡنَا فِي قُلُوبِ ٱلَّذِينَ ٱتَّبَعُوهُ رَأۡفَةٗ وَرَحۡمَةٗۚ وَرَهۡبَانِيَّةً ٱبۡتَدَعُوهَا مَا كَتَبۡنَٰهَا عَلَيۡهِمۡ إِلَّا ٱبۡتِغَآءَ رِضۡوَٰنِ ٱللَّهِ فَمَا رَعَوۡهَا حَقَّ رِعَايَتِهَاۖ فَـَٔاتَيۡنَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ مِنۡهُمۡ أَجۡرَهُمۡۖ وَكَثِيرٞ مِّنۡهُمۡ فَٰسِقُونَ
Open ayah 57:27Кейін олардың соңынан елшілерімізді жібердік. Әрі Мәриямның ұлы Исаны жіберіп, оған Інжілді бердік және оған ілескендердің жүректеріне жанашырлық және мейірім салдық. Ал, монахтықты олардың өздері ойлап тапты, Біз оларға оны белгілеп бекіткен жоқпыз. Алайда олар оны Аллаһтың ризалығын іздеу үшін шығарды. Бірақ олар оны / өздеріне-өздері міндет еткендей / лайықты түрде ұстай алмады. Біз олардың іштерінен иманға келіп сенгендеріне сыйларын бердік, алайда олардың көбі - бұзықтар / бойсұнбаушылар / .
يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ ٱتَّقُواْ ٱللَّهَ وَءَامِنُواْ بِرَسُولِهِۦ يُؤۡتِكُمۡ كِفۡلَيۡنِ مِن رَّحۡمَتِهِۦ وَيَجۡعَل لَّكُمۡ نُورٗا تَمۡشُونَ بِهِۦ وَيَغۡفِرۡ لَكُمۡۚ وَٱللَّهُ غَفُورٞ رَّحِيمٞ
Open ayah 57:28Ей, иманға келгендер! Аллаһқа тақуалық етіңдер / Оған бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтаныңдар / және Оның елшісіне сеніңдер, сонда Ол сендерге Өзінің мейірімінен екі есе береді және сендерге, өздерің онымен жүретін нұр / жарық / жасайды әрі сендерді кешіреді. Өйткені Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді.
لِّئَلَّا يَعۡلَمَ أَهۡلُ ٱلۡكِتَٰبِ أَلَّا يَقۡدِرُونَ عَلَىٰ شَيۡءٖ مِّن فَضۡلِ ٱللَّهِ وَأَنَّ ٱلۡفَضۡلَ بِيَدِ ٱللَّهِ يُؤۡتِيهِ مَن يَشَآءُۚ وَٱللَّهُ ذُو ٱلۡفَضۡلِ ٱلۡعَظِيمِ
Open ayah 57:29Кітап берілген қауым, өздерінің Аллаһтың кеңшілігінен ешнәрсеге шамалары жетпейтіндігін әрі кеңшілік Аллаһтың қолында екенін, Ол оны Өзі қалағанға беретінін білсін, әрі Аллаһ - ұлы кеңшілік Иесі.