المجادلة

Al-Mujaadila

The Pleading Woman · Surah 58 · Ayahs: 22 · Medinan

Translation: Kazakh - Khalifah Altai Charity Foundation · Open the surah

بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

  1. قَدۡ سَمِعَ ٱللَّهُ قَوۡلَ ٱلَّتِي تُجَٰدِلُكَ فِي زَوۡجِهَا وَتَشۡتَكِيٓ إِلَى ٱللَّهِ وَٱللَّهُ يَسۡمَعُ تَحَاوُرَكُمَآۚ إِنَّ ٱللَّهَ سَمِيعُۢ بَصِيرٌ

    Open ayah 58:1

    / Ей, Мұхаммед! / Аллаһ сенімен өзінің күйеуі жайында тартысып, әрі / оның үстінен / Аллаһқа шағым жасап жатқан әйелдің сөзін естіді. Аллаһ екеуіңнің өзара әңгімелеріңді естиді. Сөзсіз, Аллаһ бәрін Естуші, барлық нәрсені Көруші.

  2. ٱلَّذِينَ يُظَٰهِرُونَ مِنكُم مِّن نِّسَآئِهِم مَّا هُنَّ أُمَّهَٰتِهِمۡۖ إِنۡ أُمَّهَٰتُهُمۡ إِلَّا ٱلَّٰٓـِٔي وَلَدۡنَهُمۡۚ وَإِنَّهُمۡ لَيَقُولُونَ مُنكَرٗا مِّنَ ٱلۡقَوۡلِ وَزُورٗاۚ وَإِنَّ ٱللَّهَ لَعَفُوٌّ غَفُورٞ

    Open ayah 58:2

    Сендердің араларындағы өз әйелдерін зиһар ететіндердің әйелдері олардың аналары емес. Олардың аналары өздерін туғандар ғана. Негізінде, олар теріс әрі өтірік сөзді айтады. Ақиқатында, Аллаһ жазаламай Кешіруші, өте Кешірімді.

  3. وَٱلَّذِينَ يُظَٰهِرُونَ مِن نِّسَآئِهِمۡ ثُمَّ يَعُودُونَ لِمَا قَالُواْ فَتَحۡرِيرُ رَقَبَةٖ مِّن قَبۡلِ أَن يَتَمَآسَّاۚ ذَٰلِكُمۡ تُوعَظُونَ بِهِۦۚ وَٱللَّهُ بِمَا تَعۡمَلُونَ خَبِيرٞ

    Open ayah 58:3

    Әйелдерін зиһар етіп, кейін айтқан сөздерінен қайтатындар, / жұбайы / екеуі жақындасудан бұрын бір құл азат етуі тиіс. Сендерге осы арқылы насихат етіледі. Аллаһ сендердің не істеп жатқандарыңнан Хабардар.

  4. فَمَن لَّمۡ يَجِدۡ فَصِيَامُ شَهۡرَيۡنِ مُتَتَابِعَيۡنِ مِن قَبۡلِ أَن يَتَمَآسَّاۖ فَمَن لَّمۡ يَسۡتَطِعۡ فَإِطۡعَامُ سِتِّينَ مِسۡكِينٗاۚ ذَٰلِكَ لِتُؤۡمِنُواْ بِٱللَّهِ وَرَسُولِهِۦۚ وَتِلۡكَ حُدُودُ ٱللَّهِۗ وَلِلۡكَٰفِرِينَ عَذَابٌ أَلِيمٌ

    Open ayah 58:4

    Сонда кім / азат ететін құл / таба алмаса, / жұбайы / екеуі жақындасудан бұрын екі ай үздіксіз ораза тұтуы тиіс. Кімнің / бұған / шамасы келмесе, алпыс кедейді тамақтандырсын. Бұл - сендердің Аллаһқа және Оның елшісіне сенгендіктерің үшін. Міне, осы - Аллаһтың шектері. Ал, кәпірлерге күйзелтуші азап бар.

  5. إِنَّ ٱلَّذِينَ يُحَآدُّونَ ٱللَّهَ وَرَسُولَهُۥ كُبِتُواْ كَمَا كُبِتَ ٱلَّذِينَ مِن قَبۡلِهِمۡۚ وَقَدۡ أَنزَلۡنَآ ءَايَٰتِۭ بَيِّنَٰتٖۚ وَلِلۡكَٰفِرِينَ عَذَابٞ مُّهِينٞ

    Open ayah 58:5

    Аллаһқа және Оның елшісіне қарсы шығатындар, өздерінен бұрынғылар қорлыққа ұшыратылғанындай, қорлыққа ұшыратылады. Біз анық аяттар түсірдік. Ал, кәпірлер үшін қорлаушы азап бар.

  6. يَوۡمَ يَبۡعَثُهُمُ ٱللَّهُ جَمِيعٗا فَيُنَبِّئُهُم بِمَا عَمِلُوٓاْۚ أَحۡصَىٰهُ ٱللَّهُ وَنَسُوهُۚ وَٱللَّهُ عَلَىٰ كُلِّ شَيۡءٖ شَهِيدٌ

    Open ayah 58:6

    Сол күні / қияметте / Аллаһ олардың барлығын қайта тірілтіп, оларға істеген іс-амалдарының хабарын береді. Аллаһ оны есептеп сақтады, ал олар ұмытып кетті. Әрі Аллаһ - әрбір нәрсеге Куә / Шаһид / .

  7. أَلَمۡ تَرَ أَنَّ ٱللَّهَ يَعۡلَمُ مَا فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَمَا فِي ٱلۡأَرۡضِۖ مَا يَكُونُ مِن نَّجۡوَىٰ ثَلَٰثَةٍ إِلَّا هُوَ رَابِعُهُمۡ وَلَا خَمۡسَةٍ إِلَّا هُوَ سَادِسُهُمۡ وَلَآ أَدۡنَىٰ مِن ذَٰلِكَ وَلَآ أَكۡثَرَ إِلَّا هُوَ مَعَهُمۡ أَيۡنَ مَا كَانُواْۖ ثُمَّ يُنَبِّئُهُم بِمَا عَمِلُواْ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِۚ إِنَّ ٱللَّهَ بِكُلِّ شَيۡءٍ عَلِيمٌ

    Open ayah 58:7

    / Ей, Мұхаммед! / Аллаһтың аспандардағы және жердегі нәрселерді білетінін көрмедің бе / білмедің бе / ? Үшеу құпия сөйлессе, Ол төртіншісі, бесеу сөйлессе, Ол алтыншысы болады. Әрі бұдан аз не көп болса да, олар қайда болмасын Ол әлбетте олармен бірге. Со­дан кейін Ол Қайта тірілу күні оларға істеген іс-амалдарының хабарын береді. Ақиқатында Аллаһ - барлық нәрсені Білуші.

  8. أَلَمۡ تَرَ إِلَى ٱلَّذِينَ نُهُواْ عَنِ ٱلنَّجۡوَىٰ ثُمَّ يَعُودُونَ لِمَا نُهُواْ عَنۡهُ وَيَتَنَٰجَوۡنَ بِٱلۡإِثۡمِ وَٱلۡعُدۡوَٰنِ وَمَعۡصِيَتِ ٱلرَّسُولِۖ وَإِذَا جَآءُوكَ حَيَّوۡكَ بِمَا لَمۡ يُحَيِّكَ بِهِ ٱللَّهُ وَيَقُولُونَ فِيٓ أَنفُسِهِمۡ لَوۡلَا يُعَذِّبُنَا ٱللَّهُ بِمَا نَقُولُۚ حَسۡبُهُمۡ جَهَنَّمُ يَصۡلَوۡنَهَاۖ فَبِئۡسَ ٱلۡمَصِيرُ

    Open ayah 58:8

    Өздеріне құпия сөйлесу тыйым салынғаннан кейін де, тыйылғанға қайта оралатындарды көрмедің бе? Олар күнә, дұшпандық және Елшіге бағынбау жайлы өзара құпия әңгімелеседі. Қашан олар алдыңа келсе, Аллаһ саған сәлем жолдамаған сөзбен сәлемдеседі. Әрі іштерінен: «Аллаһ бізді айтқан сөзіміз үшін неге азаптамайды?» - дейді. Оларға өздері ішінде жанатын Жаһаннам жеткілікті! Ол баратын орын неткен жаман!

  9. يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓاْ إِذَا تَنَٰجَيۡتُمۡ فَلَا تَتَنَٰجَوۡاْ بِٱلۡإِثۡمِ وَٱلۡعُدۡوَٰنِ وَمَعۡصِيَتِ ٱلرَّسُولِ وَتَنَٰجَوۡاْ بِٱلۡبِرِّ وَٱلتَّقۡوَىٰۖ وَٱتَّقُواْ ٱللَّهَ ٱلَّذِيٓ إِلَيۡهِ تُحۡشَرُونَ

    Open ayah 58:9

    Ей, иманға келгендер! Егер құпия сөйлесетін болсаңдар күнә, дұшпандық және Елшіге бағынбау жайында емес, игілік және тақуалық / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтану / туралы құпиясөйлесіңдер әрі өздерің алдында жиналатын Аллаһтан қорқыңдар!

  10. إِنَّمَا ٱلنَّجۡوَىٰ مِنَ ٱلشَّيۡطَٰنِ لِيَحۡزُنَ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَلَيۡسَ بِضَآرِّهِمۡ شَيۡـًٔا إِلَّا بِإِذۡنِ ٱللَّهِۚ وَعَلَى ٱللَّهِ فَلۡيَتَوَكَّلِ ٱلۡمُؤۡمِنُونَ 

    Open ayah 58:10

    Анығында, құпия сұхбат - шайтаннан, иманға келгендерді қапаландыру үшін. Алайда, Аллаһтың рұқсатынсыз ол / шайтан / Оларға ешқандай зиян тигізе алмайды. Сондықтан иманға келгендер Аллаһқа жүгініп, істерін Оған тапсырсын / тәуекел етсін / .

  11. يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓاْ إِذَا قِيلَ لَكُمۡ تَفَسَّحُواْ فِي ٱلۡمَجَٰلِسِ فَٱفۡسَحُواْ يَفۡسَحِ ٱللَّهُ لَكُمۡۖ وَإِذَا قِيلَ ٱنشُزُواْ فَٱنشُزُواْ يَرۡفَعِ ٱللَّهُ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ مِنكُمۡ وَٱلَّذِينَ أُوتُواْ ٱلۡعِلۡمَ دَرَجَٰتٖۚ وَٱللَّهُ بِمَا تَعۡمَلُونَ خَبِيرٞ

    Open ayah 58:11

    Ей, иманға келгендер! Сендерге мәжілістерде кеңінен отырыңдар делінсе, араларыңды кеңейтіңдер. Аллаһ та сендерге кеңшілік етеді. Ал, қашан сендерге: «Орындарыңнан тұрындар», - делінсе, орындарыңнан тұрыңдар. Аллаһ сендерден иманға келгендердің және білім берілгендердің дәрежелерін көтереді. Аллаһ - сендердің істеп жатқандарыңнан Хабардар.

  12. يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓاْ إِذَا نَٰجَيۡتُمُ ٱلرَّسُولَ فَقَدِّمُواْ بَيۡنَ يَدَيۡ نَجۡوَىٰكُمۡ صَدَقَةٗۚ ذَٰلِكَ خَيۡرٞ لَّكُمۡ وَأَطۡهَرُۚ فَإِن لَّمۡ تَجِدُواْ فَإِنَّ ٱللَّهَ غَفُورٞ رَّحِيمٌ

    Open ayah 58:12

    Ей, иманға келгендер! Елшімен оңаша сөйлесетін болсаңдар, сөйлесулеріңнің алдында садақа беріңдер. Бұл сендер үшін қайырлы әрі тазарақ. Ал, егер / садақа / таба алмасаңдар, ақиқатында Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді.

  13. ءَأَشۡفَقۡتُمۡ أَن تُقَدِّمُواْ بَيۡنَ يَدَيۡ نَجۡوَىٰكُمۡ صَدَقَٰتٖۚ فَإِذۡ لَمۡ تَفۡعَلُواْ وَتَابَ ٱللَّهُ عَلَيۡكُمۡ فَأَقِيمُواْ ٱلصَّلَوٰةَ وَءَاتُواْ ٱلزَّكَوٰةَ وَأَطِيعُواْ ٱللَّهَ وَرَسُولَهُۥۚ وَٱللَّهُ خَبِيرُۢ بِمَا تَعۡمَلُونَ

    Open ayah 58:13

    Сендер / Елшімен / оңаша сөйлесулеріңнен алдын садақа беруден қорықтыңдар ма? Егер сендер мұны істемесеңдер, ал Аллаһ істеген күнәләріңе шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтуларыңды / тәубелеріңді / қабыл етсе,онда намазды / барлық шарттарын сақтап,ықыласпен, толық / орындаңдар, зекетті беріңдер, Аллаһқа және Оның елшісіне бағыныңдар. Аллаһ - сендердің не істейтіндеріңнен Хабардар.

  14. ۞أَلَمۡ تَرَ إِلَى ٱلَّذِينَ تَوَلَّوۡاْ قَوۡمًا غَضِبَ ٱللَّهُ عَلَيۡهِم مَّا هُم مِّنكُمۡ وَلَا مِنۡهُمۡ وَيَحۡلِفُونَ عَلَى ٱلۡكَذِبِ وَهُمۡ يَعۡلَمُونَ

    Open ayah 58:14

    /Ей, Мұхаммед! / Аллаһтың қаһарына қалған адамдарды өздеріне дос / жақтас / тұтқандарды көрмедің бе? Негізінде, олар сендерден де емес, олардан да емес. Олар өздері біле тұра өтірікке ант ішеді.

  15. أَعَدَّ ٱللَّهُ لَهُمۡ عَذَابٗا شَدِيدًاۖ إِنَّهُمۡ سَآءَ مَا كَانُواْ يَعۡمَلُونَ

    Open ayah 58:15

    Аллаһ оларға қатты азап әзірлеген. күмәнсіз, олардың істеген амалдары өте жаман!

  16. ٱتَّخَذُوٓاْ أَيۡمَٰنَهُمۡ جُنَّةٗ فَصَدُّواْ عَن سَبِيلِ ٱللَّهِ فَلَهُمۡ عَذَابٞ مُّهِينٞ

    Open ayah 58:16

    Олар / мұнафиқтар / өздерінің анттарын қалқан қылып алып, / өзгелерді / Аллаһтың жолынан тосып, қайтарады. Енді оларға қорлаушы азап бар.

  17. لَّن تُغۡنِيَ عَنۡهُمۡ أَمۡوَٰلُهُمۡ وَلَآ أَوۡلَٰدُهُم مِّنَ ٱللَّهِ شَيۡـًٔاۚ أُوْلَٰٓئِكَ أَصۡحَٰبُ ٱلنَّارِۖ هُمۡ فِيهَا خَٰلِدُونَ

    Open ayah 58:17

    Оларға дүниелері де, балалары да Аллаһтан / келетін / ешнәрсені қайтара алмайды. Міне, солар - Отта болатындар. Олар онда мәңгі қалады.

  18. يَوۡمَ يَبۡعَثُهُمُ ٱللَّهُ جَمِيعٗا فَيَحۡلِفُونَ لَهُۥ كَمَا يَحۡلِفُونَ لَكُمۡ وَيَحۡسَبُونَ أَنَّهُمۡ عَلَىٰ شَيۡءٍۚ أَلَآ إِنَّهُمۡ هُمُ ٱلۡكَٰذِبُونَ

    Open ayah 58:18

    Сол / Есеп / күні Аллаһ олардың барлығын қайта тірілтеді де, олар сендердің алдарыңда ант ішкендей, Оның алдында да ант ішеді. Әрі олар өздерін пайда тигізетін нәрседеміз деп ойлайды. Біліндер! Ақиқатында, олар - өтірікшілер.

  19. ٱسۡتَحۡوَذَ عَلَيۡهِمُ ٱلشَّيۡطَٰنُ فَأَنسَىٰهُمۡ ذِكۡرَ ٱللَّهِۚ أُوْلَٰٓئِكَ حِزۡبُ ٱلشَّيۡطَٰنِۚ أَلَآ إِنَّ حِزۡبَ ٱلشَّيۡطَٰنِ هُمُ ٱلۡخَٰسِرُونَ

    Open ayah 58:19

    Шайтан оларды иектеп, билеп алып, оларға Аллаһты еске алуды ұмыттырды. Олар -шайтанның жақтастары. Біліңдер! Негізінде, шайтанның жақтастары нағыз зиян шегушілер.

  20. إِنَّ ٱلَّذِينَ يُحَآدُّونَ ٱللَّهَ وَرَسُولَهُۥٓ أُوْلَٰٓئِكَ فِي ٱلۡأَذَلِّينَ 

    Open ayah 58:20

    Анығында, Аллаһқа және Оның елшісіне қарсы шығып жатқандар - ең қор болғандардың қатарында болады.

  21. كَتَبَ ٱللَّهُ لَأَغۡلِبَنَّ أَنَا۠ وَرُسُلِيٓۚ إِنَّ ٱللَّهَ قَوِيٌّ عَزِيزٞ

    Open ayah 58:21

    Аллаһ / Ләухул-махфузда / : «Мен міндетті түрде жеңемін және елшілерім де», - деп жазған. Ақиқатында, Аллаһ өте Күшті , бәрінен Үстем.

  22. لَّا تَجِدُ قَوۡمٗا يُؤۡمِنُونَ بِٱللَّهِ وَٱلۡيَوۡمِ ٱلۡأٓخِرِ يُوَآدُّونَ مَنۡ حَآدَّ ٱللَّهَ وَرَسُولَهُۥ وَلَوۡ كَانُوٓاْ ءَابَآءَهُمۡ أَوۡ أَبۡنَآءَهُمۡ أَوۡ إِخۡوَٰنَهُمۡ أَوۡ عَشِيرَتَهُمۡۚ أُوْلَٰٓئِكَ كَتَبَ فِي قُلُوبِهِمُ ٱلۡإِيمَٰنَ وَأَيَّدَهُم بِرُوحٖ مِّنۡهُۖ وَيُدۡخِلُهُمۡ جَنَّٰتٖ تَجۡرِي مِن تَحۡتِهَا ٱلۡأَنۡهَٰرُ خَٰلِدِينَ فِيهَاۚ رَضِيَ ٱللَّهُ عَنۡهُمۡ وَرَضُواْ عَنۡهُۚ أُوْلَٰٓئِكَ حِزۡبُ ٱللَّهِۚ أَلَآ إِنَّ حِزۡبَ ٱللَّهِ هُمُ ٱلۡمُفۡلِحُونَ

    Open ayah 58:22

    20. Аллаһқа және Ақирет күніне сенетін адамдардың Аллаһқа және Оның елшісіне қарсы келгендерді ұнатқанын көрмейсің, мейлі ол әкелері, не балалары, не бауырлары немесе туыстары болса да. Міне, солардың жүректеріне Ол иман жазған және оларды Өзінен болған бір рухпен / Өзінің көмегі, мейірімі және білімімен / қолдаған. Әрі Ол / Аллаһ / оларды астынан өзендер ағып жататын және олар онда мәңгі қалатын / Жәннаттағы / бақтарға кіргізеді. Аллаһ оларға разы, олар Оған разы болды. Міне, солар - Аллаһтың жақтастары. Біліңдер! Ақиқатында Аллаһтың жақтастары мұратына / бақытына / жетушілер.