الفجر
Al-Fajr
Translation: Kazakh - Khalifah Altai Charity Foundation · Open the surah
بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
وَٱلۡفَجۡرِ
Open ayah 89:1Таңғы араймен ант етемін.
وَلَيَالٍ عَشۡرٖ
Open ayah 89:2Әрі он түнмен,
وَٱلشَّفۡعِ وَٱلۡوَتۡرِ
Open ayah 89:3және жұп әрі тақпен,
وَٱلَّيۡلِ إِذَا يَسۡرِ
Open ayah 89:4және өтіп бара жатқан түнмен ант етемін.
هَلۡ فِي ذَٰلِكَ قَسَمٞ لِّذِي حِجۡرٍ
Open ayah 89:5Міне осылар, ақылына иелік ететіндер үшін / жеткілікті / ант емес пе?
أَلَمۡ تَرَ كَيۡفَ فَعَلَ رَبُّكَ بِعَادٍ
Open ayah 89:6/ Ей, Мұхаммед! / Раббыңның адтықтармен не істегенін көрмедің бе, -
إِرَمَ ذَاتِ ٱلۡعِمَادِ
Open ayah 89:7ұзын бағаналары бар Ирамға?
ٱلَّتِي لَمۡ يُخۡلَقۡ مِثۡلُهَا فِي ٱلۡبِلَٰدِ
Open ayah 89:8Олардың ұқсасы басқа елдерде жасалмаған еді.
وَثَمُودَ ٱلَّذِينَ جَابُواْ ٱلصَّخۡرَ بِٱلۡوَادِ
Open ayah 89:9Әрі ойпаттарда жартастарды ойған сәмұдтықтарға,
وَفِرۡعَوۡنَ ذِي ٱلۡأَوۡتَادِ
Open ayah 89:10және қазықтар иесі Фиръаунға.
ٱلَّذِينَ طَغَوۡاْ فِي ٱلۡبِلَٰدِ
Open ayah 89:11Олар елдерде шектен шығып,
فَأَكۡثَرُواْ فِيهَا ٱلۡفَسَادَ
Open ayah 89:12әрі онда бұзықтықты көбейткен еді.
فَصَبَّ عَلَيۡهِمۡ رَبُّكَ سَوۡطَ عَذَابٍ
Open ayah 89:13Сонда Раббың Оларға азап қамшысын жаудырды
إِنَّ رَبَّكَ لَبِٱلۡمِرۡصَادِ
Open ayah 89:14Анығында, Раббың сөзсіз бақылап тұрушы.
فَأَمَّا ٱلۡإِنسَٰنُ إِذَا مَا ٱبۡتَلَىٰهُ رَبُّهُۥ فَأَكۡرَمَهُۥ وَنَعَّمَهُۥ فَيَقُولُ رَبِّيٓ أَكۡرَمَنِ
Open ayah 89:15Адамды Раббысы сынап, оны құрметтесе және игілікке бөлесе, ол: «Раббым мені кұрметтеді»,- дейді.
وَأَمَّآ إِذَا مَا ٱبۡتَلَىٰهُ فَقَدَرَ عَلَيۡهِ رِزۡقَهُۥ فَيَقُولُ رَبِّيٓ أَهَٰنَنِ
Open ayah 89:16Ал, қашан оны сынап, ризық-несбесін тарылтса, онда ол: «Раббым мені қорлады»,- дейді.
كَلَّاۖ بَل لَّا تُكۡرِمُونَ ٱلۡيَتِيمَ
Open ayah 89:17Жоқ, олай емес! Сендер жетімге ізет көрсетпейсіңдер,
وَلَا تَحَٰٓضُّونَ عَلَىٰ طَعَامِ ٱلۡمِسۡكِينِ
Open ayah 89:18және кедейді тамақтандыруға бір-біріңді қызықтырып, түрткіболмайсыңдар,
وَتَأۡكُلُونَ ٱلتُّرَاثَ أَكۡلٗا لَّمّٗا
Open ayah 89:19әрі мирасты бөлмей, өздерің жейсіңдер.
وَتُحِبُّونَ ٱلۡمَالَ حُبّٗا جَمّٗا
Open ayah 89:20Сондай-ақ дүние-мүлікті өте қатты жақсы көресіңдер.
كَلَّآۖ إِذَا دُكَّتِ ٱلۡأَرۡضُ دَكّٗا دَكّٗا
Open ayah 89:21Жоқ, олай емес! Жер / сілкініп / теп-тегіс болған кезде,
وَجَآءَ رَبُّكَ وَٱلۡمَلَكُ صَفّٗا صَفّٗا
Open ayah 89:22әрі Раббың және сап-сап болып періштелер келген кезде,
وَجِاْيٓءَ يَوۡمَئِذِۭ بِجَهَنَّمَۚ يَوۡمَئِذٖ يَتَذَكَّرُ ٱلۡإِنسَٰنُ وَأَنَّىٰ لَهُ ٱلذِّكۡرَىٰ
Open ayah 89:23және ол күні Жаһаннам келтірілген кезде - міне, сол күні адам еске түсіреді. Алайда, еске түсіруден оған не пайда?
يَقُولُ يَٰلَيۡتَنِي قَدَّمۡتُ لِحَيَاتِي
Open ayah 89:24Ол: «Әттең! Өмірім үшін / ізгі амалдар / жіберген болсам еді»,- дейді.
فَيَوۡمَئِذٖ لَّا يُعَذِّبُ عَذَابَهُۥٓ أَحَدٞ
Open ayah 89:25Сол күні Оның азабындай, ешкім де азаптай алмайды,
وَلَا يُوثِقُ وَثَاقَهُۥٓ أَحَدٞ
Open ayah 89:26әрі Оның бұғаулап байлағанындай ешкім байлай алмайды.
يَٰٓأَيَّتُهَا ٱلنَّفۡسُ ٱلۡمُطۡمَئِنَّةُ
Open ayah 89:27Ей, орнығып, тыныштық тапқан жан!
ٱرۡجِعِيٓ إِلَىٰ رَبِّكِ رَاضِيَةٗ مَّرۡضِيَّةٗ
Open ayah 89:28Раббыңа разы болған және разылығын алған күйде қайт!
فَٱدۡخُلِي فِي عِبَٰدِي
Open ayah 89:29Енді құлдарымның қатарына кір!
وَٱدۡخُلِي جَنَّتِي
Open ayah 89:30Әрі Менің жәннатыма кір!