الغاشية
Al-Ghaashiya
Translation: Kazakh - Khalifah Altai Charity Foundation · Open the surah
بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
هَلۡ أَتَىٰكَ حَدِيثُ ٱلۡغَٰشِيَةِ
Open ayah 88:1/ Ей, Мұхаммед! / Саған Fашияның хабары келді ме?
وُجُوهٞ يَوۡمَئِذٍ خَٰشِعَةٌ
Open ayah 88:2Ол күні / кейбір / жүздер қорланған болады,
عَامِلَةٞ نَّاصِبَةٞ
Open ayah 88:3амал етуші, шаршаған,
تَصۡلَىٰ نَارًا حَامِيَةٗ
Open ayah 88:4/ олар / ыстығы қатты отқа жанады,
تُسۡقَىٰ مِنۡ عَيۡنٍ ءَانِيَةٖ
Open ayah 88:5қатты қайнап тұрған бастаудан ішкізіледі.
لَّيۡسَ لَهُمۡ طَعَامٌ إِلَّا مِن ضَرِيعٖ
Open ayah 88:6Оларға «дариъден» / ұлы тікеннен / басқа ешбір тамақ жоқ,
لَّا يُسۡمِنُ وَلَا يُغۡنِي مِن جُوعٖ
Open ayah 88:7ол оңалтпайды да, аштықты да баспайды.
وُجُوهٞ يَوۡمَئِذٖ نَّاعِمَةٞ
Open ayah 88:8Сол күні / кейбір / жүздер шаттықта,
لِّسَعۡيِهَا رَاضِيَةٞ
Open ayah 88:9амал, әрекеттеріне разы,
فِي جَنَّةٍ عَالِيَةٖ
Open ayah 88:10биік бақтарда болады.
لَّا تَسۡمَعُ فِيهَا لَٰغِيَةٗ
Open ayah 88:11Олар ол жерде бос сөз естімейді.
فِيهَا عَيۡنٞ جَارِيَةٞ
Open ayah 88:12Ол жерде ағып жатқан бұлақ бар.
فِيهَا سُرُرٞ مَّرۡفُوعَةٞ
Open ayah 88:13Онда жоғары көтерілген жайлы орындар,
وَأَكۡوَابٞ مَّوۡضُوعَةٞ
Open ayah 88:14әрі қойылған кеселер,
وَنَمَارِقُ مَصۡفُوفَةٞ
Open ayah 88:15және тізілген жастықтар,
وَزَرَابِيُّ مَبۡثُوثَةٌ
Open ayah 88:16жайылған кілемдер бар.
أَفَلَا يَنظُرُونَ إِلَى ٱلۡإِبِلِ كَيۡفَ خُلِقَتۡ
Open ayah 88:17Олар түйеге, оның қалай жаратылғанына назар салмай ма,
وَإِلَى ٱلسَّمَآءِ كَيۡفَ رُفِعَتۡ
Open ayah 88:18әрі аспанға, оның қалай көтерілгеніне,
وَإِلَى ٱلۡجِبَالِ كَيۡفَ نُصِبَتۡ
Open ayah 88:19және тауларға, оның қалай тұрғызылғанына,
وَإِلَى ٱلۡأَرۡضِ كَيۡفَ سُطِحَتۡ
Open ayah 88:20әрі жерге, оның қалай төселгеніне?
فَذَكِّرۡ إِنَّمَآ أَنتَ مُذَكِّرٞ
Open ayah 88:21/ Ей, Мұхаммед! / Еске сал, анығында сен тек еске салушысың.
لَّسۡتَ عَلَيۡهِم بِمُصَيۡطِرٍ
Open ayah 88:22Сен оларға күшпен үстемдік етуші емессің.
إِلَّا مَن تَوَلَّىٰ وَكَفَرَ
Open ayah 88:23Алайда кім теріс бұрылса және күпірлік етсе / қарсы келсе / ,
فَيُعَذِّبُهُ ٱللَّهُ ٱلۡعَذَابَ ٱلۡأَكۡبَرَ
Open ayah 88:24онда Аллаһ оны ең үлкен азаппен қинайды.
إِنَّ إِلَيۡنَآ إِيَابَهُمۡ
Open ayah 88:25Ақиқатында, олардың қайтуы - Бізге.
ثُمَّ إِنَّ عَلَيۡنَا حِسَابَهُم
Open ayah 88:26Содан кейін, күмәнсіз, олардың есебі - Бізде.