الأعلى
Al-A'laa
Translation: Kazakh - Khalifah Altai Charity Foundation · Open the surah
بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
سَبِّحِ ٱسۡمَ رَبِّكَ ٱلۡأَعۡلَى
Open ayah 87:1/ Ей, Мұхаммед! / Аса жоғары Раббыңның есімін пәк деп дәріпте.
ٱلَّذِي خَلَقَ فَسَوَّىٰ
Open ayah 87:2Ол жаратып, / орын-орнымен / теңестірген
وَٱلَّذِي قَدَّرَ فَهَدَىٰ
Open ayah 87:3және алдын ала белгілеп, бағыттаған,
وَٱلَّذِيٓ أَخۡرَجَ ٱلۡمَرۡعَىٰ
Open ayah 87:4әрі жайылымдарды шығарған,
فَجَعَلَهُۥ غُثَآءً أَحۡوَىٰ
Open ayah 87:5кейін оны қурап, қарайған қоқымға айналдырған.
سَنُقۡرِئُكَ فَلَا تَنسَىٰٓ
Open ayah 87:6/ Ей, Мұхаммед! / Біз саған / Құранды / оқытамыз, сен есіңнен шығармайсың,
إِلَّا مَا شَآءَ ٱللَّهُۚ إِنَّهُۥ يَعۡلَمُ ٱلۡجَهۡرَ وَمَا يَخۡفَىٰ
Open ayah 87:7тек Аллаһтың қалағанын ғана / ұмытасың / . Шын мәнінде, Ол жарияны да және жасырылғанды да біледі.
وَنُيَسِّرُكَ لِلۡيُسۡرَىٰ
Open ayah 87:8Әрі Біз саған ең жеңілін оңайластырамыз.
فَذَكِّرۡ إِن نَّفَعَتِ ٱلذِّكۡرَىٰ
Open ayah 87:9Естеріне салу пайда беретін болса, естеріне сал.
سَيَذَّكَّرُ مَن يَخۡشَىٰ
Open ayah 87:10/ Аллаһтың жазасынан / қорыққан есіне алады.
وَيَتَجَنَّبُهَا ٱلۡأَشۡقَى
Open ayah 87:11Ал, одан ең бақытсыз ғана өзін аулақ ұстайды -
ٱلَّذِي يَصۡلَى ٱلنَّارَ ٱلۡكُبۡرَىٰ
Open ayah 87:12үлкен отта жанатын.
ثُمَّ لَا يَمُوتُ فِيهَا وَلَا يَحۡيَىٰ
Open ayah 87:13Кейін ол онда өлмейді де, өмір де сүрмейді.
قَدۡ أَفۡلَحَ مَن تَزَكَّىٰ
Open ayah 87:14Сөзсіз, мұратына жетті - өзін тазартқан,
وَذَكَرَ ٱسۡمَ رَبِّهِۦ فَصَلَّىٰ
Open ayah 87:15әрі Раббысының есімін еске алған және намаз оқыған.
بَلۡ تُؤۡثِرُونَ ٱلۡحَيَوٰةَ ٱلدُّنۡيَا
Open ayah 87:16Алайда сендер осы өмірді артық көресіңдер.
وَٱلۡأٓخِرَةُ خَيۡرٞ وَأَبۡقَىٰٓ
Open ayah 87:17Ал, соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / қайырлы әрі тұрақты.
إِنَّ هَٰذَا لَفِي ٱلصُّحُفِ ٱلۡأُولَىٰ
Open ayah 87:18Анығында, бұл әуелгі жазбаларда бар,
صُحُفِ إِبۡرَٰهِيمَ وَمُوسَىٰ
Open ayah 87:19Ибраһим және Мұсаның жазбаларында / оларға түсірілген сухуфтарда / .