الطارق
At-Taariq
Translation: Kazakh - Khalifah Altai Charity Foundation · Open the surah
بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
وَٱلسَّمَآءِ وَٱلطَّارِقِ
Open ayah 86:1Аспанмен және Тариқпен / жарық жұлдызбен / ант етемін.
وَمَآ أَدۡرَىٰكَ مَا ٱلطَّارِقُ
Open ayah 86:2/ Ей, Мұхаммед / / Тариқтың / жарық жұлдыздың / не екенін саған не білдірді?
ٱلنَّجۡمُ ٱلثَّاقِبُ
Open ayah 86:3Ол / жарығы / өткір жұлдыз.
إِن كُلُّ نَفۡسٖ لَّمَّا عَلَيۡهَا حَافِظٞ
Open ayah 86:4Анығында, әрбір жанның үстінде сақтаушы бар.
فَلۡيَنظُرِ ٱلۡإِنسَٰنُ مِمَّ خُلِقَ
Open ayah 86:5Ал енді адам / өзінің / не нәрседен жаратылғанына бір қарасын.
خُلِقَ مِن مَّآءٖ دَافِقٖ
Open ayah 86:6Ол атылып шыққан судан жаратылған.
يَخۡرُجُ مِنۢ بَيۡنِ ٱلصُّلۡبِ وَٱلتَّرَآئِبِ
Open ayah 86:7Бел / сүйегі / мен көкірек сүйегінің арасынан шығады.
إِنَّهُۥ عَلَىٰ رَجۡعِهِۦ لَقَادِرٞ
Open ayah 86:8Ақиқатында, Ол оны қайтаруға күші жетеді.
يَوۡمَ تُبۡلَى ٱلسَّرَآئِرُ
Open ayah 86:9Сырлар сынаққа тартылған сол күні,
فَمَا لَهُۥ مِن قُوَّةٖ وَلَا نَاصِرٖ
Open ayah 86:10оның / кәпірдің / күші-қуаты да, көмек берушісі де болмайды.
وَٱلسَّمَآءِ ذَاتِ ٱلرَّجۡعِ
Open ayah 86:11Қайталаушы / жаңбырлы / аспанмен ант етемін.
وَٱلۡأَرۡضِ ذَاتِ ٱلصَّدۡعِ
Open ayah 86:12Тілімденіп айырылушы жермен ант етемін.
إِنَّهُۥ لَقَوۡلٞ فَصۡلٞ
Open ayah 86:13Анығында ол / Құран / - айырушы Сөз,
وَمَا هُوَ بِٱلۡهَزۡلِ
Open ayah 86:14ол - әзіл емес.
إِنَّهُمۡ يَكِيدُونَ كَيۡدٗا
Open ayah 86:15Негізінде, олар / имансыздар / қулықпен айлакерлік түзуде,
وَأَكِيدُ كَيۡدٗا
Open ayah 86:16Мен де / айла-шарғыларынақарсы / шара қолданамын.
فَمَهِّلِ ٱلۡكَٰفِرِينَ أَمۡهِلۡهُمۡ رُوَيۡدَۢا
Open ayah 86:17/ Ей, Мұхаммед! / Кәпірлерге уақыт бер де оларды аз ғана кейінге қалдыр.