البروج
Al-Burooj
Translation: Kazakh - Khalifah Altai · Open the surah
بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
وَٱلسَّمَآءِ ذَاتِ ٱلۡبُرُوجِ
Open ayah 85:1Жұлдызды аспанға ант,
وَٱلۡيَوۡمِ ٱلۡمَوۡعُودِ
Open ayah 85:2Уәделі күнге,
وَشَاهِدٖ وَمَشۡهُودٖ
Open ayah 85:3Куәлік берушіге куәлік берілгенге серт.
قُتِلَ أَصۡحَٰبُ ٱلۡأُخۡدُودِ
Open ayah 85:4Жер ошақшылардың жаны шықсын!
ٱلنَّارِ ذَاتِ ٱلۡوَقُودِ
Open ayah 85:5Отынмен жанған от.
إِذۡ هُمۡ عَلَيۡهَا قُعُودٞ
Open ayah 85:6Ол уақытта олар оның маңында отырған;
وَهُمۡ عَلَىٰ مَا يَفۡعَلُونَ بِٱلۡمُؤۡمِنِينَ شُهُودٞ
Open ayah 85:7Олар,мүміндерге істегендерін көрген.
وَمَا نَقَمُواْ مِنۡهُمۡ إِلَّآ أَن يُؤۡمِنُواْ بِٱللَّهِ ٱلۡعَزِيزِ ٱلۡحَمِيدِ
Open ayah 85:8Олардың мүміндерге өшігулерінің себебі; үстем,мақтаулы Аллаға сенулреі ғана еді. (Бір дәуірдегі кәпір патша,Мұсылмандарды ор қазып ішіне,жаққан отқа салады екен.Б.М. басқа рауаяттар да бар.)
ٱلَّذِي لَهُۥ مُلۡكُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِۚ وَٱللَّهُ عَلَىٰ كُلِّ شَيۡءٖ شَهِيدٌ
Open ayah 85:9Ол сондай Алла,аспандар мен жердің иелігі Оған тән. Ол Алла.әр нәрсені көруші.
إِنَّ ٱلَّذِينَ فَتَنُواْ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ وَٱلۡمُؤۡمِنَٰتِ ثُمَّ لَمۡ يَتُوبُواْ فَلَهُمۡ عَذَابُ جَهَنَّمَ وَلَهُمۡ عَذَابُ ٱلۡحَرِيقِ
Open ayah 85:10Негізінде мүмін ерлер,мүмін әйелдерге жапа беріп.сосын тәубе қылмағандар,оларға тозақтың азабы; жандыратын азап бар.
إِنَّ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّٰلِحَٰتِ لَهُمۡ جَنَّٰتٞ تَجۡرِي مِن تَحۡتِهَا ٱلۡأَنۡهَٰرُۚ ذَٰلِكَ ٱلۡفَوۡزُ ٱلۡكَبِيرُ
Open ayah 85:11Негізінен иман келтіріп,ізгі іс істегендер,оларға астарынан өзендер ағатын бейіштер бар. Осы,зор мұратқа жетушілік.
إِنَّ بَطۡشَ رَبِّكَ لَشَدِيدٌ
Open ayah 85:12Негізінен Раббыңның қолға алуы орасан қатты.
إِنَّهُۥ هُوَ يُبۡدِئُ وَيُعِيدُ
Open ayah 85:13Өйткені Ол,бастапта жаратып,әрі қайта тірілтеді.
وَهُوَ ٱلۡغَفُورُ ٱلۡوَدُودُ
Open ayah 85:14Ол,тым жарылқаушы,өте сүюші.
ذُو ٱلۡعَرۡشِ ٱلۡمَجِيدُ
Open ayah 85:15Ғаршының иесі,аса ұлы.
فَعَّالٞ لِّمَا يُرِيدُ
Open ayah 85:16Ол,қалағанын бұлжытпай істеуші.
هَلۡ أَتَىٰكَ حَدِيثُ ٱلۡجُنُودِ
Open ayah 85:17(Мұхаммед Ғ.С) саған ләшкерлердің хабары келді ме?
فِرۡعَوۡنَ وَثَمُودَ
Open ayah 85:18Перғауын және Сәмүд ләшкерлерінің ?
بَلِ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ فِي تَكۡذِيبٖ
Open ayah 85:19Дегенмен қарсы болғандар,өтіріксінуде.
وَٱللَّهُ مِن وَرَآئِهِم مُّحِيطُۢ
Open ayah 85:20Алла,оларды сырттай орап алған.
بَلۡ هُوَ قُرۡءَانٞ مَّجِيدٞ
Open ayah 85:21Әрине ол,ұлы бір Құран.
فِي لَوۡحٖ مَّحۡفُوظِۭ
Open ayah 85:22Лаухы Махфұзда сақтаулы.