الجمعة
Al-Jumu'a
Translation: Kazakh - Khalifah Altai Charity Foundation · Open the surah
بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
يُسَبِّحُ لِلَّهِ مَا فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَمَا فِي ٱلۡأَرۡضِ ٱلۡمَلِكِ ٱلۡقُدُّوسِ ٱلۡعَزِيزِ ٱلۡحَكِيمِ
Open ayah 62:1Аспандардағы және жердегілер барлық нәрсенің шын Билеушісі, өте пәк, бәрінен Үстем, әрі өте Дана / Аллаһты / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріптейді.
هُوَ ٱلَّذِي بَعَثَ فِي ٱلۡأُمِّيِّـۧنَ رَسُولٗا مِّنۡهُمۡ يَتۡلُواْ عَلَيۡهِمۡ ءَايَٰتِهِۦ وَيُزَكِّيهِمۡ وَيُعَلِّمُهُمُ ٱلۡكِتَٰبَ وَٱلۡحِكۡمَةَ وَإِن كَانُواْ مِن قَبۡلُ لَفِي ضَلَٰلٖ مُّبِينٖ
Open ayah 62:2Ол сауатсыздарға өздерінің арасынан Елші жіберді. Ол оларға Оның аяттарын оқиды, оларды тазартады және оларға Кітап пен даналықты үйретеді, олар бұрын анық адасуда болса да.
وَءَاخَرِينَ مِنۡهُمۡ لَمَّا يَلۡحَقُواْ بِهِمۡۚ وَهُوَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلۡحَكِيمُ
Open ayah 62:3Әрі оларға әлі қосылмаған басқаларға да. Ол бәрінен Үстем, өте Дана.
ذَٰلِكَ فَضۡلُ ٱللَّهِ يُؤۡتِيهِ مَن يَشَآءُۚ وَٱللَّهُ ذُو ٱلۡفَضۡلِ ٱلۡعَظِيمِ
Open ayah 62:4Міне, осы - Аллаһтың кеңшілігі, Ол оны Өзі қалағанға береді. Аллаһ - ұлы кеңшілік Иесі.
مَثَلُ ٱلَّذِينَ حُمِّلُواْ ٱلتَّوۡرَىٰةَ ثُمَّ لَمۡ يَحۡمِلُوهَا كَمَثَلِ ٱلۡحِمَارِ يَحۡمِلُ أَسۡفَارَۢاۚ بِئۡسَ مَثَلُ ٱلۡقَوۡمِ ٱلَّذِينَ كَذَّبُواْ بِـَٔايَٰتِ ٱللَّهِۚ وَٱللَّهُ لَا يَهۡدِي ٱلۡقَوۡمَ ٱلظَّٰلِمِينَ
Open ayah 62:5Өздеріне Тәурат міндеттеліп, кейін оны алып жүрмегендердің / орындамағандардың / мысалы - кітаптар артылған есек сияқты. Аллаһтың аят-белгілерін өтірік санаған адамдардың мысалы қандай жаман! Аллаһ әділетсіз адамдарды тура жолға салмайды.
قُلۡ يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ هَادُوٓاْ إِن زَعَمۡتُمۡ أَنَّكُمۡ أَوۡلِيَآءُ لِلَّهِ مِن دُونِ ٱلنَّاسِ فَتَمَنَّوُاْ ٱلۡمَوۡتَ إِن كُنتُمۡ صَٰدِقِينَ
Open ayah 62:6/ Ей, Мұхаммед! / Айт: «Ей, иудейлікті ұстанушылар! Егер өздеріңді адамдардың ішінде өзгелерден Аллаһқа жақынбыз деп ойласаңдар / өздеріңе / өлімді тілеңдерші, егер шын сөзді болсаңдар», - деп.
وَلَا يَتَمَنَّوۡنَهُۥٓ أَبَدَۢا بِمَا قَدَّمَتۡ أَيۡدِيهِمۡۚ وَٱللَّهُ عَلِيمُۢ بِٱلظَّٰلِمِينَ
Open ayah 62:7Олар өз қолдарымен бұрын істегені / күнәлары / себепті ешқашан оны тілемейді. Аллаһ - әділетсіздерді жақсы Білуші.
قُلۡ إِنَّ ٱلۡمَوۡتَ ٱلَّذِي تَفِرُّونَ مِنۡهُ فَإِنَّهُۥ مُلَٰقِيكُمۡۖ ثُمَّ تُرَدُّونَ إِلَىٰ عَٰلِمِ ٱلۡغَيۡبِ وَٱلشَّهَٰدَةِ فَيُنَبِّئُكُم بِمَا كُنتُمۡ تَعۡمَلُونَ
Open ayah 62:8/ Ей, Мұхаммед!! Айт: «Ақиқатында өздерің қашатын өлім, күмәнсіз, сендерге кездеседі. Содан кейін сендер құпия мен айқын нәрсені Білушіге қайтарыласыңдар да, Ол сендерге не істегендеріңнің хабарын береді», деп.
يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓاْ إِذَا نُودِيَ لِلصَّلَوٰةِ مِن يَوۡمِ ٱلۡجُمُعَةِ فَٱسۡعَوۡاْ إِلَىٰ ذِكۡرِ ٱللَّهِ وَذَرُواْ ٱلۡبَيۡعَۚ ذَٰلِكُمۡ خَيۡرٞ لَّكُمۡ إِن كُنتُمۡ تَعۡلَمُونَ
Open ayah 62:9Ей, иманға келгендер! Қашан жұма күнгі намазға шақырса / азан айтылса / , Аллаһты еске алуға ұмтылыңдар да сауда-саттықты қойыңдар. Білсеңдер, бұл - сендер үшін қайырлы.
فَإِذَا قُضِيَتِ ٱلصَّلَوٰةُ فَٱنتَشِرُواْ فِي ٱلۡأَرۡضِ وَٱبۡتَغُواْ مِن فَضۡلِ ٱللَّهِ وَٱذۡكُرُواْ ٱللَّهَ كَثِيرٗا لَّعَلَّكُمۡ تُفۡلِحُونَ
Open ayah 62:10Ал, намаз аяқталғанда, жер бетіне / баратын жерлеріңе / тарқалыңдар да Аллаһтың кеңшілігін іздеңдер әрі мұраттарыңа жетулерің үшін Аллаһты көп еске алыңдар.
وَإِذَا رَأَوۡاْ تِجَٰرَةً أَوۡ لَهۡوًا ٱنفَضُّوٓاْ إِلَيۡهَا وَتَرَكُوكَ قَآئِمٗاۚ قُلۡ مَا عِندَ ٱللَّهِ خَيۡرٞ مِّنَ ٱللَّهۡوِ وَمِنَ ٱلتِّجَٰرَةِۚ وَٱللَّهُ خَيۡرُ ٱلرَّٰزِقِينَ
Open ayah 62:11Олар сауданы не бір бос нәрсені көрген кезде, сол жаққа бет алды да, сені тұрған күйіңде қалдырып кетті. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Аллаһтағы / сый /- бос нәрседен де, саудадан да қайырлы. Аллаһ - ризық берушілердің ең қайырлысы», - деп.