الشمس
Ash-Shams
Translation: Kazakh - Khalifah Altai Charity Foundation · Open the surah
بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
وَٱلشَّمۡسِ وَضُحَىٰهَا
Open ayah 91:1Күн және оның жарығымен,
وَٱلۡقَمَرِ إِذَا تَلَىٰهَا
Open ayah 91:2әрі оның соңынан ілескен кездегі аймен,
وَٱلنَّهَارِ إِذَا جَلَّىٰهَا
Open ayah 91:3және оны / күнді / анық көрсеткен кездегі күндізбен,
وَٱلَّيۡلِ إِذَا يَغۡشَىٰهَا
Open ayah 91:4әрі оны жапқан кездегі түнмен.
وَٱلسَّمَآءِ وَمَا بَنَىٰهَا
Open ayah 91:5Аспан және оны тұрғызғанмен,
وَٱلۡأَرۡضِ وَمَا طَحَىٰهَا
Open ayah 91:6әрі жермен және оны Жайғанмен,
وَنَفۡسٖ وَمَا سَوَّىٰهَا
Open ayah 91:7және жанмен әрі оны лайықтап Жасағанмен,
فَأَلۡهَمَهَا فُجُورَهَا وَتَقۡوَىٰهَا
Open ayah 91:8сөйтіп оған / жанға / бұзықтықты әрі тақуалықты / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтануды / Білдірушімен ант етемін.
قَدۡ أَفۡلَحَ مَن زَكَّىٰهَا
Open ayah 91:9Оны / жанды / тазартқан мұратына жетті.
وَقَدۡ خَابَ مَن دَسَّىٰهَا
Open ayah 91:10Ал, оны / күнәға / батырған зиянға ұшырады.
كَذَّبَتۡ ثَمُودُ بِطَغۡوَىٰهَآ
Open ayah 91:11Шектен шығулары себепті Сәмұд елі / Елшіні / өтірікшіге шығарды.
إِذِ ٱنۢبَعَثَ أَشۡقَىٰهَا
Open ayah 91:12Сонда олардың ең бақытсызы қозғалғанда,
فَقَالَ لَهُمۡ رَسُولُ ٱللَّهِ نَاقَةَ ٱللَّهِ وَسُقۡيَٰهَا
Open ayah 91:13Аллаһтың елшісі / Салих / оларға: «Аллаһтың түйесіне әрі оның суарылуына / тиіспеңдер / », - деді.
فَكَذَّبُوهُ فَعَقَرُوهَا فَدَمۡدَمَ عَلَيۡهِمۡ رَبُّهُم بِذَنۢبِهِمۡ فَسَوَّىٰهَا
Open ayah 91:14Ал, олар болса оны / Елшіні / өтірікшіге шығарып, оның / түйенің / тірсегін кесті / өлтірді / . Сонда, Раббысы олардың қылмыстары үшін бәріне бірдей апат жіберді.
وَلَا يَخَافُ عُقۡبَٰهَا
Open ayah 91:15Әрі Ол / Аллаһ / оның салдарынан қауіптенбейді.