الضحى
Ad-Dhuhaa
Translation: Kazakh - Khalifah Altai Charity Foundation · Open the surah
بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
وَٱلضُّحَىٰ
Open ayah 93:1Сәскемен ант етемін,
وَٱلَّيۡلِ إِذَا سَجَىٰ
Open ayah 93:2және қоюланған түнмен ант етемін.
مَا وَدَّعَكَ رَبُّكَ وَمَا قَلَىٰ
Open ayah 93:3/ Ей, Мұхаммед! / Раббың сені тастап кетпеді және жеккөрген де жоқ.
وَلَلۡأٓخِرَةُ خَيۡرٞ لَّكَ مِنَ ٱلۡأُولَىٰ
Open ayah 93:4Әрі күмәнсіз, сен үшін соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / , алғашқысынан / осы өмірден / қайырлы.
وَلَسَوۡفَ يُعۡطِيكَ رَبُّكَ فَتَرۡضَىٰٓ
Open ayah 93:5Әрі сөзсіз, жақында Раббың саған береді де сен разы боласың.
أَلَمۡ يَجِدۡكَ يَتِيمٗا فَـَٔاوَىٰ
Open ayah 93:6Ол сені жетім күйде тауып, паналатпады ма?
وَوَجَدَكَ ضَآلّٗا فَهَدَىٰ
Open ayah 93:7Әрі адасқан түрде тауып, тура жолға салмады ма,
وَوَجَدَكَ عَآئِلٗا فَأَغۡنَىٰ
Open ayah 93:8және кедей халде тауып, байытпады ма?
فَأَمَّا ٱلۡيَتِيمَ فَلَا تَقۡهَرۡ
Open ayah 93:9Енді сен де жетімді қор санама,
وَأَمَّا ٱلسَّآئِلَ فَلَا تَنۡهَرۡ
Open ayah 93:10сұраушыны зекіп, қума.
وَأَمَّا بِنِعۡمَةِ رَبِّكَ فَحَدِّثۡ
Open ayah 93:11Әрі Раббыңның игілігі жайлы айт.