البينة
Al-Bayyina
Translation: Kazakh - Khalifah Altai Charity Foundation · Open the surah
بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
لَمۡ يَكُنِ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ مِنۡ أَهۡلِ ٱلۡكِتَٰبِ وَٱلۡمُشۡرِكِينَ مُنفَكِّينَ حَتَّىٰ تَأۡتِيَهُمُ ٱلۡبَيِّنَةُ
Open ayah 98:1Кітап берілген қауымнан күпірлік еткендер / Аллаһқақарсы келгендер / және мүшріктер / Аллаһқа серік қатушылар / ажырамаған еді, өздеріне бір ашық дәлел келгенге дейін, -
رَسُولٞ مِّنَ ٱللَّهِ يَتۡلُواْ صُحُفٗا مُّطَهَّرَةٗ
Open ayah 98:2пәк жазбаларды оқитын Аллаһ тарапынан жіберілген Елші.
فِيهَا كُتُبٞ قَيِّمَةٞ
Open ayah 98:3Оларда ең тура үкімдер бар.
وَمَا تَفَرَّقَ ٱلَّذِينَ أُوتُواْ ٱلۡكِتَٰبَ إِلَّا مِنۢ بَعۡدِ مَا جَآءَتۡهُمُ ٱلۡبَيِّنَةُ
Open ayah 98:4Кітап берілгендер, өздеріне ашық дәлел келгеннен кейін ғана бөлінді.
وَمَآ أُمِرُوٓاْ إِلَّا لِيَعۡبُدُواْ ٱللَّهَ مُخۡلِصِينَ لَهُ ٱلدِّينَ حُنَفَآءَ وَيُقِيمُواْ ٱلصَّلَوٰةَ وَيُؤۡتُواْ ٱلزَّكَوٰةَۚ وَذَٰلِكَ دِينُ ٱلۡقَيِّمَةِ
Open ayah 98:5Ал олар, ханиф болған / Аллаһты бірлеген / түрде Оған діндерін / серік қосудан / тазартып, құлшылық етуден, намазды орындаудан, зекетті беруден басқаға бұйырылмаған еді. Міне, осы - туралық діні.
إِنَّ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ مِنۡ أَهۡلِ ٱلۡكِتَٰبِ وَٱلۡمُشۡرِكِينَ فِي نَارِ جَهَنَّمَ خَٰلِدِينَ فِيهَآۚ أُوْلَٰٓئِكَ هُمۡ شَرُّ ٱلۡبَرِيَّةِ
Open ayah 98:6Ақиқатында, Кітап берілген қауымнан күпірлік еткендері / Аллаһтың Кітаптарын және Елшілерін мойындамағандар / және мүшріктер / Аллаһқа серік қосушылар / Жаһаннам отында мәңгілік қалады. Міне, солар - жаратылғандардың ең жаманы.
إِنَّ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّٰلِحَٰتِ أُوْلَٰٓئِكَ هُمۡ خَيۡرُ ٱلۡبَرِيَّةِ
Open ayah 98:7Анығында, иманға келген және ізгі амал жасағандар, міне, солар - жаратылғандардың қайырлысы.
جَزَآؤُهُمۡ عِندَ رَبِّهِمۡ جَنَّٰتُ عَدۡنٖ تَجۡرِي مِن تَحۡتِهَا ٱلۡأَنۡهَٰرُ خَٰلِدِينَ فِيهَآ أَبَدٗاۖ رَّضِيَ ٱللَّهُ عَنۡهُمۡ وَرَضُواْ عَنۡهُۚ ذَٰلِكَ لِمَنۡ خَشِيَ رَبَّهُۥ
Open ayah 98:8Раббысы алдындағы олардың сыйлары - астынан өзендер ағып жататын ’Адн бақтары. Олар онда мәңгі қалушылар. Аллаһ олардан разы, олар да Одан разы. Міне, бұл - Раббысынан қорыққандар үшін.