الليل
Al-Lail
Translation: Kazakh - Khalifah Altai · Open the surah
بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
وَٱلَّيۡلِ إِذَا يَغۡشَىٰ
Open ayah 92:1Қараңғылығы басқан сәтте,түнге,
وَٱلنَّهَارِ إِذَا تَجَلَّىٰ
Open ayah 92:2Жарқыраған сәтте күндізге,
وَمَا خَلَقَ ٱلذَّكَرَ وَٱلۡأُنثَىٰٓ
Open ayah 92:3Және еркек,ұрғашыны жаратқанға серт.
إِنَّ سَعۡيَكُمۡ لَشَتَّىٰ
Open ayah 92:4Негізінен кәсіптерің түрлі-түрлі.
فَأَمَّا مَنۡ أَعۡطَىٰ وَٱتَّقَىٰ
Open ayah 92:5Ал енді әлде кім (Алла жолында) берсе,тақуалық қылса,
وَصَدَّقَ بِٱلۡحُسۡنَىٰ
Open ayah 92:6Жақсылықты дұрыс деп білсе;
فَسَنُيَسِّرُهُۥ لِلۡيُسۡرَىٰ
Open ayah 92:7Сонда оның жолын оңайластырамыз.
وَأَمَّا مَنۢ بَخِلَ وَٱسۡتَغۡنَىٰ
Open ayah 92:8Ал енді әлде кім сараңдық істесе,елемесе,
وَكَذَّبَ بِٱلۡحُسۡنَىٰ
Open ayah 92:9Жақсылықты жасынға шығарса;
فَسَنُيَسِّرُهُۥ لِلۡعُسۡرَىٰ
Open ayah 92:10Сонда оның ауырлыққа ұшырауын оңайластырамыз.
وَمَا يُغۡنِي عَنۡهُ مَالُهُۥٓ إِذَا تَرَدَّىٰٓ
Open ayah 92:11(Тозаққа) жығылған сәтте,оның малы оған пайда бермейді.
إِنَّ عَلَيۡنَا لَلۡهُدَىٰ
Open ayah 92:12Негізінде тура жол көрсету бізге тән.
وَإِنَّ لَنَا لَلۡأٓخِرَةَ وَٱلۡأُولَىٰ
Open ayah 92:13Сөз жоқ,ақирет те дүние де біздікі.
فَأَنذَرۡتُكُمۡ نَارٗا تَلَظَّىٰ
Open ayah 92:14Сондықтан сендерге жалындаған отты ескерттім.
لَا يَصۡلَىٰهَآ إِلَّا ٱلۡأَشۡقَى
Open ayah 92:15Оған жауыздар ғана кіреді.
ٱلَّذِي كَذَّبَ وَتَوَلَّىٰ
Open ayah 92:16Сондай өтірік деп жалтарғандар.
وَسَيُجَنَّبُهَا ٱلۡأَتۡقَى
Open ayah 92:17Тақуарақ болған одан ұзақтастырылады.
ٱلَّذِي يُؤۡتِي مَالَهُۥ يَتَزَكَّىٰ
Open ayah 92:18Сондай малын сарып қылып тазарғандар.
وَمَا لِأَحَدٍ عِندَهُۥ مِن نِّعۡمَةٖ تُجۡزَىٰٓ
Open ayah 92:19Оның онда ешкімге берер еселі сыйлығы жоқ. (Біреудің өзіне істегенінің бодауы үшін емес)
إِلَّا ٱبۡتِغَآءَ وَجۡهِ رَبِّهِ ٱلۡأَعۡلَىٰ
Open ayah 92:20Бірақ ұлы Раббының дидарына ғана іздейді.
وَلَسَوۡفَ يَرۡضَىٰ
Open ayah 92:21Сондай ақ ол,таяуда разы болады.